Баға және баға жасау жайлы мәлімет



І Кіріспе
Баға жайлы жалпы түсінік
ІІ Негізгі бөлім
1. Баға жасау методолгиясы мен әдістері

2. Баға функциясы

3. Баға жасаудың әртүрлі нарық түрлерінде ерекшеліктері.

4. Баға қалыптастыру стратегиясының түсінігі және түрлері

ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер
Баға – күрделі экономикалық категория. Баға негізінде тауарлар өндірісі. өткізілуі, олардың құнын анықтау мәселесі, ұлттық жалпы өнімді шығару, тарату және қолдану және т.с.с. сұрақтар шешіледі.
Бағаның екі негізгі теориясы бар. Бірінші теория бойынша тауар бағасы оның құнын (ұсыныс) айқындайды (бағаның шығынды теориясы). Негізін қалаушылар Вильям Петти, Адам Смит, Давид Рикардо. Олардың ойларынша тауар құны оны өңдіруге кеткен еңбек мөлшерімен анықталады. Бұл теорияның әрі қарай дамытқан К.Маркс болатын (абстрактты еңбек), оның ойынша тауардың құны және бағасы болады. Құн – қоғамға пайдалы еңбек шығындары (орташа). Әртүрлі тауарлар құндарының ара-қатысы оларға кеткен абстрактты еңбек мөлшерлерінің ара-қатысы болып табылады. Ал тауар бағасы осы тауар құнының ақшалай көрінісі болып табылады. Ол әртүрлі кездейсоқ нарықтық факторларға байланысты өзгеруі мүмкін.
Басқа теория бойынша тауар бағасы деп өндірістік қорларды ең тиімді пайдалану жағдайында болған ақшалай шығындар мөлшерін айтады. Яғни, бұл жағдайда тауар бағасы өңдірушінің шығындарын сипаттамай, сатып алушының осы тауардың пайдалылығын бағалау деңгейіне (сұраныс) тәуелді болады. Мұнда баға тауар құнынан «босатылады» және оның қажеті жоқ.
Қазіргі заманғы экономикалық теория осы екі теорияны біріктіруге тырысуда.
Қанша айтқанмен, тауарды өңдіруге және өткізуге кеткен шығындарды анықтау объективті қажеттілік ретінде қалды, өйткені кез келген фирма өзінің шығындарын қайтарып, қалыпты пайда алуға мәжбүр.
Тарифтер және сауда бойынша генеральды агентство (ГАТТ) қалыпты құнның анықтамасын келесі түрде береді: қалыпты құн деп сауда арқылы орны толтырылатын тауар пайда болған елдегі тауарға кеткен материалдар және жасау құны мен жалпы шығындар және қалыпты пайда мөлшерінің қосындысын атайды.
Нарықтың өзі тауарлы-ақшалай қарым-қатынастарын және құндық категорияларды (қаржы, несие, еңбек ақы, өзіндік құн, пайда, баға) іске асырудың негізгі формасы болып табылады. Егер де сұраныс және ұсыныс бар болса мұнда міндетті түрде нарықтық қарым-қатынас пайда болады. Олардың мүдделері қарама-қайшы болады. Сондықтан да оларды үйлестіретін тек баға ғана болады. Солымен, нарық деп сатушылардың және сатып алушылардың мүдделерін қақтығысу арқылы бағаның пайда болуына мүмкіндік жасайтын экономикалық процесті атайды. Яғни баға нарықтық қарым-қатынастарда орталық орын алады.
1. Әбдікерімова, Г.И. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы .-Алматы: Экономика, 2008.- 367 б.

2. Кайкен, Ж.Б. Кәсіпорын экономикасы: ОӘК мамандықтары 050506, 050507, 050508, 050509, 050510 студенттеріне арналған- Семей, 2008.- 92 б.

3. Калдыбаев, М.М. Кәсіпорын экономикасы: пәнінен ОӘК 050712 мамандығы бойынша оқитын студенттер үшін.- Семей, 2006.- 75 б.

4. Мейірбеков, А.Қ. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы.- Алматы: Экономика, 2003.- 252б.

5. Ниязбекова, Р.Қ. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы / Р.Қ. Ниязбекова; Б.А.Рахметов, П.Т.Байнеева.- Алматы: Экономика, 2008.- 791 б.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Баға және баға жасау

Орындаған: Бекболатов Қ.Б.
Группа: ТО-207
Тексерген: Нуралина Қ.Т.

Семей 2015 ж
Жоспар

І Кіріспе
Баға жайлы жалпы түсінік
ІІ Негізгі бөлім
1. Баға жасау методолгиясы мен әдістері

2. Баға функциясы

3. Баға жасаудың әртүрлі нарық түрлерінде ерекшеліктері.

4. Баға қалыптастыру стратегиясының түсінігі және түрлері

ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер

Баға - күрделі экономикалық категория. Баға негізінде тауарлар өндірісі. өткізілуі, олардың құнын анықтау мәселесі, ұлттық жалпы өнімді шығару, тарату және қолдану және т.с.с. сұрақтар шешіледі.
Бағаның екі негізгі теориясы бар. Бірінші теория бойынша тауар бағасы оның құнын (ұсыныс) айқындайды (бағаның шығынды теориясы). Негізін қалаушылар Вильям Петти, Адам Смит, Давид Рикардо. Олардың ойларынша тауар құны оны өңдіруге кеткен еңбек мөлшерімен анықталады. Бұл теорияның әрі қарай дамытқан К.Маркс болатын (абстрактты еңбек), оның ойынша тауардың құны және бағасы болады. Құн - қоғамға пайдалы еңбек шығындары (орташа). Әртүрлі тауарлар құндарының ара-қатысы оларға кеткен абстрактты еңбек мөлшерлерінің ара-қатысы болып табылады. Ал тауар бағасы осы тауар құнының ақшалай көрінісі болып табылады. Ол әртүрлі кездейсоқ нарықтық факторларға байланысты өзгеруі мүмкін.
Басқа теория бойынша тауар бағасы деп өндірістік қорларды ең тиімді пайдалану жағдайында болған ақшалай шығындар мөлшерін айтады. Яғни, бұл жағдайда тауар бағасы өңдірушінің шығындарын сипаттамай, сатып алушының осы тауардың пайдалылығын бағалау деңгейіне (сұраныс) тәуелді болады. Мұнда баға тауар құнынан босатылады және оның қажеті жоқ.
Қазіргі заманғы экономикалық теория осы екі теорияны біріктіруге тырысуда.
Қанша айтқанмен, тауарды өңдіруге және өткізуге кеткен шығындарды анықтау объективті қажеттілік ретінде қалды, өйткені кез келген фирма өзінің шығындарын қайтарып, қалыпты пайда алуға мәжбүр.
Тарифтер және сауда бойынша генеральды агентство (ГАТТ) қалыпты құнның анықтамасын келесі түрде береді: қалыпты құн деп сауда арқылы орны толтырылатын тауар пайда болған елдегі тауарға кеткен материалдар және жасау құны мен жалпы шығындар және қалыпты пайда мөлшерінің қосындысын атайды.
Нарықтың өзі тауарлы-ақшалай қарым-қатынастарын және құндық категорияларды (қаржы, несие, еңбек ақы, өзіндік құн, пайда, баға) іске асырудың негізгі формасы болып табылады. Егер де сұраныс және ұсыныс бар болса мұнда міндетті түрде нарықтық қарым-қатынас пайда болады. Олардың мүдделері қарама-қайшы болады. Сондықтан да оларды үйлестіретін тек баға ғана болады. Солымен, нарық деп сатушылардың және сатып алушылардың мүдделерін қақтығысу арқылы бағаның пайда болуына мүмкіндік жасайтын экономикалық процесті атайды. Яғни баға нарықтық қарым-қатынастарда орталық орын алады.
Мемлекеттің әсер етуі мен реттеуіне нарықтағы бәсеке деңгейіне байланысты келесі баға түрлері ерекшеленеді:
Еркін бағалар (нарықтқк бағалар) - осы нарықтағы қалыптасқан сұраныс пен ұсыныс негізінде өнімдер мен қызмет көрсетуге өндірушілердің орнататын бағалары. Еркін бағаға жататындар:
-- сұраныс бағасы - сатып алушы нарығында қалыптасатын бағалар;
-- ұсыныс бағасы - сатушылардың ресми ұсынысында көрсетілетін шегерімсіз нарыктық баға;
-- өндіріс базасы - барлық авансыланған капиталға орташа пайданы қосу арқылы өндіріс шығындары негізінде анықталатын баға;
-- реттелетін бағалар - мемлекеттік басқару органдары ор - нататын бағалар. Реттелетін бағалар кепілді және кепілдемелі, ұсынылатын, шектеулі, төменгі қорғаныс болады. Реттелетін бағалардың арасынан шектелуі бағалар мен бекітілген бағаларды бөліп көрсетіледі:
-- шектеулі бағалар - кәсіпорындар, белгіленген бағадан жоғары деңгейде баға белгілей алмайтын бағалар;
-- бекітілген бағалар - белгілі деңгейде қойылатын бағалар. Олардың өзгеруі бекіткен нарық субъектісінің немесе органының шешімімен ғана болуы мүмкін.
Тағайындау және бекіту әдісі бойынша. Бұл бағалар шарттарда, келісім-шарттарда анықталады. Олардың арасынан мыналарды бөліп көрсетуге болады:
қатаң баға (тұрақты) - шартқа қол қойылған кезде, қойылатын және осы шарт, келісім-шарт, келісім бойынша өнімді жеткізу мерзімі аяқталғанша өзгертілмейді.
Тұрақты баға келесі мәмлелерде қолданылады:
-- өнімді жедел жеткізу;
-- өнімді қысқа мерзімде жеткізу;
-- ұзақ мерзімде тоқтаусыз жеткізу.
-- жылжымалы баға - егер шартта айтылғандай, оны орындау кезінде нарықтық баға өзгерсе (жоғарыласа немесе төмендесе), онда келісілген баға деңгейі қайта қаралуы мүмкін болады;
-- сырғымалы баға - ұзақ дайындау мерзімін талап ететін бұйым дарға қойылатын баға. Өнімді дайындауға қажет уақыт кезеңіндегі өндіріс шығындарындағы өзгерісті есепке ала отырып, бастапқы шарт бағасын қайта қарау арқылы шарт орындала бастаған кезден бастап есептеледі.
Уақыт факторын есепке алу бойынша келесі баға түрлері анықталады:
-- тұрақты баға -- әрекет ету мерзімі алдын-ала анықталмаған баға түрі.
-- маусымдық баға - маусымдық тауарлардың сипаттағы сатып алу немесе бөлшек бағаларының түрлері;
-- белгілі бір уақыт ішінде әрекет етеді және бастапқы сату бағасына жеңілдіктер қолдану арқылы анықталады;
-- сатылы баға - белгілі уакыт мерзімдерінде алдын-ала анықталған тәртіп бойынша біртіндеп төмендетілетін баға түрі.
Баға деңгейі туралы аппарат алу тәсілі бойынша:
-- аныктамалық бағалар - каталогтарда, прейскуранттарда, экономикалық журналдарда, анықтамалар мен арнаулы экономикалық шолуларда жарияланады;
-- ұқсас өнімге баға қою кезінде бағдарлық ақпарат ретінде немесе бағалардың деңгейлері мен арақатынастарын талдау үшін пайдаланады;
-- прейскуранттық баға - сатушы фирмалардың прейскурантарында жарияланатын аныктамалық баға түрі.
-- есеп айырысу бағасы - жеке тапсырыс бойынша өндірі стандартты емес құрал-жабдықты дайындау туралы шарттарда, келісім-шарттарда қолданылады;
-- жеткізуші әрбір жеке тапсырыс бойынша, оның техникалық және коммерциялыкқ жағдайына есептеп дәлелдейді.
Нарық түріне байланысты:
-- аукциондық баға -- тауарлар партиясын (лотын) сатып алушы алдын ала қарау арқылы ашык сауда кезінде ұсынылған ең жоғарғы баға деңгейі;
-- биржалық баға белгіленімі - биржа арқылы сатылатын бір стандартталған тауарлардың (оның ішінде бағалы қағаздар бағасы;
-- сауда-саттық бағасы - алдын-ала ерекше құжатта (тендер де) жарияланған шарттар бойынша белгілі бір жұмысты орын мердігерлікті жеңіп алу, немесе тауарларды жеткізуге тапсырыс беруге негізделген арнаулы сауданың ерекше нысанының бағасы.
Ішкі фирма немесе трансферттік бағалар - кәсіп (фирма) бөлімшелерінің немесе бір ассоциацияға ұйымдастырылған санына кіретін түрлі кәсіпорындардың арасында өнімді өткізуінде кәсіпорын (фирма) ішінде қолданылатын баға. Трансферттік бағалар дайын өнімдерге, жартылай дайын өнімдерге, шикізатқа, сонымен қатар қызметтерге, оның ішінде, басқару қызметтеріне тағайындалады.

Баға жасау методологиясы мен әдістері

Баға жасау деп тауарға бағаны қалыптастыру процесін атайды. Жалпы алғанда баға жасаудың екі жүйесі бар: орталықтандырылған және нарықтық
Баға жасау методологиясы - баға жасау тұжырымдамасын құрастырудың, бағаларды анықтау және дәлелдеудің, бағалар жүйесін қалыптастырудың, баға жасауды басқарудың жалпы ережелерінің, қағидаларының, әдістерінің жиынтығы болып табылады. Методология баға белгілеудің барлық деңгейлеріне бірдей болады. Методология мен әдістемені шатыстырмау керек, өйткені методология бұл баға жасаудың стратегиясы болса, әдістеме нақты баға құрастырудың нақты әдістерін, ұсыныстарын, құралдарын қарастырады. Яғни әдістемелер методологияның құрамдас элементтері болып табылады.
Методологияның екінші құрамдас элементі ретінде баға жасаудың қағидалары болады. Қағидалар мен әдістемелер бір-бірімен тығыз байланыста болады және бірігіп методологияны құрайды. Баға жасау қағидалары деп үздіксіз қызмет ететін негізгі ережелер, бүкіл бағалар жүйесіне тән болып, оның негізінде жатады. Қағидалар: бағаларды ғылыми тұрғыдан дәлелдеу, бағалардың мақсатты бағытталуы, баға жасау процесінің үздіксіздігі, баға жасау процесінің және олардың орындалуына бақылау жүргізудің біріктірілуі. Бақылау мақсаты - баға жасау қағидаларын және ережелерін қолдану деңгейін тексеру. Екі түрі бар: мемлекеттік және қоғамдық.. Баға жасау қағидалары сондай-ақ үш заңдылыққа бағынып бөлінеді: сұраныс, ұсыныс заңдары, елдегі бағаның әлемдік бағамен байланысу заңы, барлық салалардағы бағаның өзгеру бірегейлігін сақтау заңы.
Фирма жай баға орнатпай, барлық шығаратын тауар ассортиментіне бағалар жүйесін белгілейді. Бастапқы бағаны белгілеп, фирма оны әртүрлі факторлардың әсеріне байланысты түзетіп отырады. Фирма келесі бағалар түрлерін және оларды жасау әдістерін қолданады:
1) жаңа тауарға бағаны белгілеу: ол өз кезегінде патентпен қорғалған нарық үшін шын мәнінде жаңа болатын тауар үшін бағаны анықтау (қаймақты алу және нарыққа ену әдістері қолданылады), нарықта бар тауарларға ұқсас болатын тауар-имитаторға бағаны анықтау. Тауар-имитатор бойынша фирма оның нарықтағы орнын дұрыс анықтау қажет. Ол үшін баға және сапа көрсеткіштерінің ара-қатыстары қарастырылады.

Сапа\Баға
Жоғары
Орташа
Төмен
Жоғары
Сыйлықты қосылымдар стратегиясы
Нарыққа терең ену стратегиясы
Құндылық мәнін жоғарлату стратегиясы
Орташа
Артық қойылған баға стратегиясы
Орташа деңгейлі баға стратегиясы
Жақсы сапа стратегиясы
Төмен
Ұрлау стратегиясы
Көркемділігі өтірік стратегиясы
Құндылық мәнін төмендету стратегиясы
2) Тауар номенклатурасы шеңберінде баға жасау. Мұнда фирма өзі шығаратын тауар номенклатурасы бойынша бағалар жүйесін құрып максимальды пайда алуға тырысады. 4 типтік жағдай болуы мүмкін:
а) тауар ассортименті шеңберінде бағаны жасау. Әртүрлі тауарларға әртүрлі деңгейлі бағалар орнатылады (барлық факторлар, әсіресе шығындар деңгейі, бәсекелестер бағалары, тұтынушылардың көзқарасы, есебке алыну керек)
б) толықтырғыш тауарларға баға орнату. Негізгі тауарға фирмалар кейде қосымша толықтырғыш тауарлар ұсынады. Негізгі мәселе: стандартты тізімге және қосымша, толықтырғыш тізімге нені қосу қажет деген сұрақты шешу.
в) Міндетті қосылымдарға бағаларды орнату. Бұл қосылымдар негізгі тауармен қоса қолданылу қажет. Кейде оларға фирмалар асыра бағаларды қояды.
г) Өндірістің қосалқы өнімдеріне бағаны орнату. Оларды өткізу нәтижесінде негізгі тауардың бағасы кемиді [6].

Баға функциясы

Баға функциясы деп оның ішкі құрамының (қасиеттерінің) сыртынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУДЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН ҚАҒИДАТТАРЫ
Формативті бағалаудың әдістері. Топтық жұмыстың бағалануы
Электрондық сауда – саттық жүргізуді ұйымдастыру технологиясы
Ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік беделді қорғаудың жалпы сипаттамасы
Суммативті бағалау құрылымы
Жaңapтылғaн бaғдapлaмa негізінде бaстaуыш сыныптa кpитеpиaлды бaғaлaу жүйесін ұйымдaстыpу
Программалау жүйесі маңызы
Құрылыс нарығын қаржыландырудың теориялық-әдістемелік негізі
Оқушылардың маңызды оқу жұмыстарын және нәтижелерін бағалауға көңіл аудару
Кәсіпорынның бизнес-жоспары
Пәндер