Қан топтарының түрлері және оның сипаттамалары



I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1 Қан айналым жүйесіне жалпы сипаттама
2.2. Қан
2.3. Қан топтары
2.4. Қан топтарын анықтау
III.Пайдаланған әдебиет
Қан өзіне тән физиологиялық қызметтерді бір ғана жағдайда -тоқтаусыз айналымда болғанда атқарады. Ал оның қан тамырларымен толассыз ағуы қан айналым жүйесі мүшелерінің қызметіне байланысты. Сондықтан барлық мүшелер мен жалпы организмнің әрекеті қан айналым жүйесі мүшелерінің қызметіне тікелей байланысты.
Қан айналым жүйесін организмде сорап (насос) қызметін атқаратын жүрек пен қан тамырлары – артериялар (қызыл тамырлар), веналар (көк тамырлар) және капиллярлар (қыл тамырлар) құрайды. Қанды жүректен ұлпалар мен мүшелерге тарататын тамырларды артериялар, ал олардан жүрекке алып келетін тамырларды – веналар деп атайды. Ұлпалар мен мүшелерде жіңішке артериолалар мен венулалар бір-бірімен капиллярлар арқылы жалғасады.
Барлық омырқалыларда қан айналым жүйесі тұйық жүйе. Ол үлкен (жүйелік) және кіші (тыныстық) қан айналым шеңберлерінен түрады.
Қан айналым жүйесінің сол қарыншадан қолқамен басталып, оң жүрекшеде қос қуыс венамен аяқталған бөлігін үлкен (жуйелік) қан айналым шеңберідеп атайды. Жүректен басталған қолқа артерия тамырларына тармақтала келіп, ұсақ тамырларға – артериолалар мен тек микроскоппен ғана көрінетін капиллярлар түзеді. Капиллярға келген артерия қаны өзінің құрамындағы оттегіні Ұлпалар береді де, зат алмасу процесі нәтижесінде ұлпаларда түзілген көмір қышқылгазды сіңіріп, вена қанына айналады.
С.А.Мухина, И.И.Тарновская «Основы сестринского дела» Учебное пособие.-М; Родник, Москва. 2002-352 стр.
Галкин Р.А., Двойников С.И. Сестринское дело в хирургии.-Самара, 1998-360стр.
Кузнецова А.В. Сестринское дело в хирургии, М., 2000
Шевченко А.А. Клинический уход за хирургическими больными. Учебное пособие.-М., 2008-412 стр.
Левитэ Е.М. Введение в анемтезиологи-реаниматологию. Учебное пособие/под редакцией И.Г.Бобринской.-М., 2007-256 стр.
Мухина С.А., Тарновская И.И. Общий уход за больными.-М.: Медицина, 1989.
Мухина С.А., Тарновская И.И. Атлас по манипуляционной технике сестринского ухода.-М.: АНМИ, 1995.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СОӨЖ
Тақырыбы: Қан топтарының түрлері және оның сипаттамалары.

Орындаған: Мұратбекова А.
ВС-403

Семей 2015
ЖОСПАР
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1 Қан айналым жүйесіне жалпы сипаттама
2.2. Қан
2.3. Қан топтары
2.4. Қан топтарын анықтау
III.Пайдаланған әдебиет

Қан айналым жүйесіне жалпы сипаттама

Қан өзіне тән физиологиялық қызметтерді бір ғана жағдайда -тоқтаусыз
айналымда болғанда атқарады. Ал оның қан тамырларымен толассыз ағуы қан
айналым жүйесі мүшелерінің қызметіне байланысты. Сондықтан барлық мүшелер
мен жалпы организмнің әрекеті қан айналым жүйесі мүшелерінің қызметіне
тікелей байланысты.
Қан айналым жүйесін организмде сорап (насос) қызметін атқаратын жүрек
пен қан тамырлары – артериялар (қызыл тамырлар), веналар (көк тамырлар)
және капиллярлар (қыл тамырлар) құрайды. Қанды жүректен ұлпалар мен
мүшелерге тарататын тамырларды артериялар, ал олардан жүрекке алып келетін
тамырларды – веналар деп атайды. Ұлпалар мен мүшелерде жіңішке артериолалар
мен венулалар бір-бірімен капиллярлар арқылы жалғасады.
Барлық омырқалыларда қан айналым жүйесі тұйық жүйе. Ол үлкен (жүйелік)
және кіші (тыныстық) қан айналым шеңберлерінен түрады.
Қан айналым жүйесінің сол қарыншадан қолқамен басталып, оң жүрекшеде
қос қуыс венамен аяқталған бөлігін үлкен (жуйелік) қан айналым шеңберідеп
атайды. Жүректен басталған қолқа артерия тамырларына тармақтала келіп, ұсақ
тамырларға – артериолалар мен тек микроскоппен ғана көрінетін капиллярлар
түзеді. Капиллярға келген артерия қаны өзінің құрамындағы оттегіні Ұлпалар
береді де, зат алмасу процесі нәтижесінде ұлпаларда түзілген көмір
қышқылгазды сіңіріп, вена қанына айналады.
Қан Топтары
Қан Топтары – бір биологиялық түр дарабастары қанының иммуногенетикалық
белгілері. Адамның қан тобы ұрықтың жатырда даму барысында қалыптасып, өмір
бойы өзгермейді. Қан белогының құрамында агглютинин деп аталатын ерекше
заттар болады. Олар a және b әріптерімен таңбал. Барлық адамдардың қаны 4
топқа бөлінеді: I, II, III, IV. Қан беретін адамды
- донор (латынша donore – сыйлаушы), қабылдайтын адамды
– реципиент (латынша recepiens -қабылдаушы) дейді. Қаны I топка жататын
адамдардың қанын барлық топқа (I, II, III, IV) аз мөлшерде (200-300 мл)
құюға болады. II топқа жататындардың қанын II және IV топқа береді. III
топтағылардың қанын III, IV топқа, ал IV топтағылардікін тек IV топқа құюға
болады (10-кесте). Егер қан топтары сәйкес келмесе, эритроциттер желімденіп
қалады да, аяғы сәтсіздікке ұшырайды. Қазіргі кезде қан құюда тек өз тобына
сәйкес қан құйылады.

Қан тобын анықтау.
 Қан тобын анықтау. Қан, қан компоненттерін, препараттарын құю
трансфузиология деп аталады. Қазіргі таңда қан құю ағзаларда алып салу
шарасына теңіліп, қан құюға қөрсетпелер ретінде қатаң қойылады. Қан тобы
эритроциттерде және плазмада топтық антиген мен антиденелердің барлығына
байланысты, яғни агглютиногендер А және В, агглютининдер α және β. І (0)
топ қаны бар кісілердің эритроциттерінде А және В агглютиногендер жоқ,
плазмасында β агглютининдер бар. (ІІ) А тобында эритроциттерде А
агглютиноген, плазмасында β агглютинин бар. (ІІІ) В тобында эритроциттерде
В агглютиноген, плазмасында α аглютинин бар. (IV) АВ тобында эритроциттарда
А және В агглютиногендер бар, плазмасында α және β агглютининдер жоқ.
Антигендер біратты агглютинендермен агглютинация реакциясына кіріседі. Бұл
кезде эритроциттер жабысып гемолиз жағдайы дамиды. Сондықтан организмде бір
атты, яғни А мен α және В мен β кездеспейді. Қан тобын анықтауға керекті
құрал-жабдықтар.

1. Стандартты изогемагглютинациялаушы сарысулар: О (І) (мөлдір түсті), А
(ІІ) (көк түсті), В (ІІІ) (қызыл түсті) екі сериялы. 2. Стандартты сарысу
АВ (IV) (сары түсті) қосымша бақылау үшін қолданылады. 3. О (І), А (ІІ), В
(ІІІ) қан топтарының стандартты эритроциттері. 4. Ақ фарфорды қан тобын
анықтауға арналған 7 ойықшасы бар Петри тарелкасы. 5. Пипеткалар 7 дана. 6.
Шыны таяқшалар және предметті шынылар. 7. Натрий хлоридының изотониялық
ерітіндісі. 8. Зарасыздандырылған скарификаторлар. 9. Құмсағат. 10. Спирт.
11. Зарасыздандырылған мақта шариктар. 12. Йод тұнбасы. 13. 3 % хлорамин
ерітіндісі. Ыдыс № 1 және 2. Қан тобын анықтау ережесі. 1. Қолдарды жуып,
қолғаптар киіңіз. 2. Қан тобын анықтайтын тарелкаға науқастың аты жөнін
жазыңыз. 3. Науқастың 4-саусағын спиртпен өңдеп, зарасыздандырылған
скарификатор мен тесіңіз. Бірінші тамшысын сүртіп тастаңыз. 4. Резиналы
грушасы бар шиша капиллярмен саусақтан қан алып 1 кіші тамшыдан тарелкаға 1
санының астына 1 тамшы, 2 санының астына 1 тамшы және 3 санның астына 1
тамшы тамызыңыз. Барлығы болып үш тамшы болады. 5. Әр топқа арналған бөлек
пипеткамен 1 қан тамшысының жанына І топ сарысуын, 2 тамшының жанына ІІ топ
сарысуын, 3 тамшының жанына ІІІ топ сарысуын 1:10 есебінде тамызыңыз, яғни,
сарысу мөлшері қан мөлшеріне қарағанда 10 есе көп болуы керек. 6. Әрбір
топқа бөлек шиша таяқша алып араластырыңыз. 7. Сағатқа қарап 5 минут
күтіңіз. Сол кезде тарелканы қолыңызға алып шамалы қайқап тұрыңыз. 8. Сонан
соң әр қайсы топқа 1 тамшыдан натрий хлоридының изотониялық ерітіндісін
тамызыңыз. 9. Егер агглютинация реакциясы (агглютинация реакциясы бұл
эритроциттердің жабысып тарелкада тұнба, жапырақша, құм тәрізді болып
байқалуы) еш қайсысы тамшыда жүрмесе бұл қанда А және В агглютиногендер жоқ
және О топ болып табылады. 10. Егер агглютинация реакциясы 1 және 3 тамшыда
байқалып, 2 тамшыда болмаса, бұл қанда А агглютиногены бар және А (ІІ) топ
болып табылады. 11. Егер агглютинация реакциясы 1 және 2 тамшыда жүріп, 3
тамшыда байқалмаса, бұл қанда В агглютиногены бар және В (ІІІ) топ болып
табылады. 12. Егер агглютинация барлық үш топтағы сарысулармен жүрсе, бұл
қанда А және В агглютиногендер бар. АВ (IV) топ болып табылады. Бірақ бұл
кезде АВО (IV) топ сарысуымен реакция жүргізу керек. Бұл кезде агглютинация
реакциясы АВО (IV) топ сарысуымен жүрмейді. Қан тобын анықтағанда болатын
қателер. 1. Аглютинация реакциясы жоқ болған кезде оны бар деп санау. Бұл
жағдай сарысумен қан тамшысының кеуіп кетуінде, бөлмеде салқын болса
(температура 12 С төмен болса) байқалады. 2. Аглютинация реакциясы бар
болған кезде оны жоқ деп санау. Бұл жағдай үлкен қан тамшысы алынса,
сарысулардың титрі мен белсенділігі төмен болса (нормада 1:32 немесе 1:65
болуы керек), бөлмеде ыстық болса (температура 28 С жоғары болса)
байқалады. Қателіктердің алдын алу. 1. Жаңадан дайындалған сарысуларды
қолдану, жарамдылық мерзімін тексеру.

2. Қан мен сарысулардың бір біріне болған 1:10 есебінде қатынасуын
қадағалау. 3. Сарысуларды дұрыс сақтау (тоңазытқыштарда), бөлмеде
температураның 15-25 С болуын қадағалау. 4. Агглютинация реакциясын 5 минут
бойы күту. 5. Медициналық құрал жабдықтарды, мақталы шариктарды № 408
бұйрыққа сәйкес залалсыздандыру. 9. Резус-факторды анықтау. Керекті құрал
жабдықтар. 1. Универсалды антирезус реагент. 2. Пробиркалар. 3. Пастер
пипеткасы. Натрий хлоридының изотониялық ерітіндісі (физ р-р). Анықтау
техникасы. 1. Пробирканың түбіне пипеткамен 2 тамшы стандартты антирезус
реагент және 1 тамшы тексерілетін қанды тамызыңыз. 2. Екеуін араластырыңыз,
пробирканы сілкуге болмайды. Пробирканы жайлап горизонталды қалыпқа дейін
келтіріп, ішіндегін қабырғалар бойы ағызу керек. 3. 3 минут бойы пробирканы
осылай қозғап тұрамыз. 4. Сонан соң пробиркаға 2-3 мл натрий хлоридының
физиологиялық ерітіндісін құямыз. 5. Егер пробиркада агглютинация реакциясы
жүріп, түбінде жапырақша тәріздес тұнба пайда болса және бетіндегі ерітінді
мөлдір болып келсе, бұл қан резус оң мәнді болып саналады. Егер пробиркада
агглютинация реакциясы байқалмай, ерітінді сары-қызғыштау түске боялса
(тұман тәрізді), бұл қан резус теріс мәнді болып саналады. 10.
Гемотрансфузия алдында жеке сәйкестікке сынама жүргізу. Гемотрансфузияға
дайындалу барысында қан тобымен резус факторды анықтап болған соң жеке
сәйкестікке байқау өткізіледі. Екі реакция жасалады: А) АВО жүйесімен жеке
сәйкестікке байқау өткізу. В) резус фактор бойынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қан топтарын мінезімен байланыстыру
ӨДТ құралдары - дене шынықтырудың қарапайым құралдары
Зерттелген белгілердің барлық жұптары бойынша доминантты және рецессивті белгілері
Эволюциялық ілім негіздері
Қан топтарының түрлері және сипаттамасы
Қан құрамындағы ақуыздың мыс ионымен комплекс түзуін зерттеу
Қой цитогенетикасының маңызды саласы - асыл тұқымды қойлардың хромосомаларын зерттеу
Тұлғаны дамыту, қалыптастыру формаларын ашып көрсететін жағдаяттарды таңдау және талдау
«ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТАРИХИ АНТРОПОЛОГИЯСЫ»
Популяция сипаттамалары
Пәндер