Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың мәні


Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
Тақырыбы: Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың мәні
Орындаған: Кадирбекова Мадина
Тобы: УА-405
Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың мәні
- Жиынтық сұраныс.
- Жиынтық ұсыныс.
- Экономикадағы тепе-теңдік өндіріс көлемі мен бағалар деңгейі.
1. Жиынтық сұраныс.
Макроэкономика жағынан ұлттық экономика бір жиынтық тұтынушыдан және жеке өндірістік тұтыну үшін қажетті бір ғана өнім өндіретін бір жиынтық фирмадан тұратын бүтін нарық түрінде болады. Бұл өнім бір жиынтық бағамен сатылуы керек.
Осы нарықтың талдауын жиынтық сұраныстан АD бастаймыз.
Жиынтық сұраныс қалыптасқан бағалар деңгейі кезінде тауарлар мен қызметтердің белгілі бір көлемін сатып алуға халықтың, фирмалардың, мемлекеттің және шетелдің қалауы мен мүмкіндігін сипаттайды.
Жиынтық сұраныс қисығы дегеніміз - сатып алушының сұранысы өндірілген өнім саны мен бағаның жалпы деңгейінің арасындағы тәуелділік.
Басқа сөзбен айтқанда, жиынтық сұраныс қисығы әрбір берілген баға деңгейінде сатып алатын тауарлар мен көрсетілген қызметтер санын көрсетеді.
Жиынтық сұраныс графигінде абсцисс өсі бойынша номиналды емес, базистік жылдың бағасындағы нарықта сатып алушыға ұсынылған нақты өнім алынады.
Жиынтық сұраныс нарықтық сұранысқа қарағанда күрделірек категория болып табылады және қоғам ауқымында негізгі төрт құрамдас бөліктерден тұрады:
1-шісі - бұл тауарлар мен қызметтерге тұтынушы сұранысы
С
;
2-шісі - бұл фирмалардың инвестициялық сұранысы
І;
3-шісі - мемлекеттік сатып алулар
G
( оған әскерге, қару-жараққа, тегін медициналық қызметкөрсетуге және білім беруге, мемлекеттік инвестициялық бағдарламаларға, тұрғын үй мен жолдар салуға және т. б. жұмсалатын республикалық және жергілікті шығындар жатады) ;
4-ші құрамдас бөлігі - таза экспорт
Хп
, яғни экспорт пен импорттың арасындағы айырмасы;
С 1. Жиынтық сұраныс қисығы АD
АD қисығы үй шаруашылықтар, фирмалар, өкімет шетел шығыстарының жиынтық деңгейінің бағалар деңгейі өзгерісіне тәуелділігін көрсетеді. Бағалар деңгейі төмендеген кезде тұтынушылар сатып алалатын нақты ЖІӨ көлемі өседі.
АD қисығының кері иілуі экономикадағы үш маңызды эффектерімен түсіндіріледі:
а) пайыздық мөлшерлемелердің эффектісімен;
б) нақты байлық эффектісімен;
в) импорттық сатып алулардың эффектісімен;
(Микроэкономикада нақты бір тауарға сұраныс қисығының кері иілуі шекті пайдалылықтың кему заңы мен түсіндірілетінін еске түсірейік) .
Пайыздық мөлшерлеменің эффекті бағалар деңгейі өндіріс көлеміне пайыздық мөлшерлеме арқылы әсер ететінін көрсетеді. Бұл мынаны білдіреді: егерде елде бағалар деңгейі өсетін болса, онда ақша массасы өзгеріссіз қалғанда пайыздық мөлшерлеменің өсуі байқалады ( өйткені трансакциондық операцияларды жүзеге асыру үшін ақшаға сұраныс өседі) . Пайыздық мөлшерлеме жоғары болған сайын инвестиция деңгейі төмен болады, яғни өндіріс көлеміде төмен болады. сонымен қатар, пайыздық мөлшерлеме жоғары болған сайын тұтыну сұранысы төмен болады, өйткені тұтыну несиесі қымбат болады. Яғни жоғарырақ бағалар деңгейіне төменірек нақты ЖІӨ көлемі сәйкес келеді және керісінше.
Нақты байлық эффекті келесі түрде байқалады. Нарықтық экономикада үй шаруашылықтардың байлықтары көбінесе әр түрлі қаржылық активтер ( акциялар, облигациялар) түрінде болады. Бір индивидтің номиналды бағасы 1 теңге болатын облигациясы бар делік. Бағалар деңгейі 2 есе өскенде осы облигация түріндегі нақты байлық 2 есе кемиді. Нақты байлықтың төмендеуі тұтыну сұранысын төмендетеді.
Импорттық сатып алулардың эффекті - бұл қымбаттаған отандық тауарлармен бағасы өзгеріссіз қалған импорттық тауарлары арасындағы сатып алушының таңдауына бағалар өсуінің әсері. Бұл жағдайда тұтынушылар импорттық тауарларды таңдайды, осыған байланысты отандық тауарларына жиынтық сұраныс көлемі кемиді.
Жиынтық сұраныс АD қисығының жылжуы макроэкономикалық саясаттың (ақша айналымының, мемлекеттік шығындардың немесе салық салудың) өзгеруі немесе экзогенді айналымдардың (экспорт көлеміне әсер ететін шетелдік өндіріс көлемі немесе инвестиция көлеміне әсер ететін бизнесмендер-дің сенімділігі) өзгерісі нәтижесінде болуы мүмкін.
2. Жиынтық ұсыныс.
Бүтін бір нарықтың басқа элементі жиынтық ұсыныс болып табылады.
Жиынтық ұсыныс
- белгілі бағалар деңгейі кезінде экономикалық жүйеде барлық өндірушілердің нақты өндірілген өнім көлемі.
Микроэкономикада ұсыныс S қисығы оң иілген, ол бағалар өскенде өндірушілер осы тауар өндірісін ұлғайтатынын білдіреді. Макроэкономикада жиынтық ұсыныс АS қисығының формасы сәл басқаша болады ( С. 2. )
С. 2. Жиынтық ұсыныс АS қисығы.
АS қисығының осындай конфигурациясы қалай түсіндіріледі? Бүкіл экономика масштабында үш түрлі жағдай қалыптасуы мүмкін: толық емес жұмысбастылық; толық жұмысбастылыққа жақын; толық жұмысбастылық. АS қисығында үш кесіндіні бөлуге болады:
а) көлденең немесе кейнсияндық;
б) аралық;
в) тік немесе классикалық;
Көлденең немесе кейнсияндық кесінді ол жерде барлық өндіріс факторлары толық емес пайдаланылатынын сипаттайды. Өндіріс процесіне тартылмаған қуаттар, шикізат, жұмысшы күші бар.
Өндіріс көлемін өсірген сайын бос факторлар өндіріс процесіне тартылып бағалар деңгейіне айтарлықтай әсер етпейді, ол тұрақты болады. Мұндай жағдай ЖІӨ-нің белгілі бір деңгейіне дайын сақталады ( С. 2. ол У1) . У1-ге тең өндіріс көлемінен кейін экономика жағдайы өзгере бастайды.
Аралық кесінді. Белгілі бір шегі бар бос факторлардың өндіріске біртіндеп тартылуына сәйкес келеді. Әрі қарай оларды өндіріске тарту шығындарды өсіреді, бұл өз кезегінде өнім көлеміне әсер етеді. Тауарлар мен қызметтердің бағалары біртіндеп өсе бастайды, ал өндіріс көлемі алдындағыдай тез өспейді.
Тік немесе классикалық кесінді мектеп өкілдерінің негізгі алғы шарттарына сүйеніп түсіндіріледі: экономикада барлық факторлар өндіріс процесіне тартылуы тиіс. Бұл экономикалық жүйеде толық жұмысбастылық кезіндегі қол жеткізілуі мүмкін ЖІӨ мәніне сәйкес келетін өндіріс көлемінің максималды мүмкін деңгейіне У* жетеді.
Сонымен, АS қисығы бағалар деңгейінің өзгеруімен байланысты өндіріс шығындарының динамикасын көрсетеді. Сондықтан АS қисығының оңға немесе солға жылжуы келесі факторлардың әсерінен болады:
а) өндіріс факторлар бағасының өзгерісі;
б) салықтар өзгерісі;
3. Экономикадағы тепе-теңдік өндіріс көлемі мен бағалар деңгейі.
АS және АD қисықтарының қиылысуы экономикада тепе-теңдік өндіріс көлемі мен бағалар деңгейін белгілейді. Жиынтық ұсыныс қисығының күрделі конфигурациясын ескеріп тепе-теңдік жағдайы кез-келген үш кесіндіде (кейнсияндық, аралық және классикалық) болуы мүмкін екенін болжауға болады. Ең өзгермелі жиынтық сұраныс болып табылады. Ол экономикада болып жатқан өзгерістерді тезірек қабылдайды.
Жиынтық сұраныс өсіп тепе-теңдік нүктесін өзгерте отырып, ұлттық өндіріс көлеміне, яғни жұмысбастылыққа, сонымен бірге бағалар деңгейіне әсер етеді (С. 3) .
С. 3. Жиынтық сұрансының өсу салдары: а) кейнсияндық кесіндіде; б) аралық кесіндіде;
в) классикалық кесіндіде;
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz