Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері жайлы



I.Кіріспе:
1.Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері
2. Статикалық электр тоғы. Жайтартқыштарды есептеу
3. Электр тоғы зақымынан қорғанудың техникалық әдістері
II.Қортынды
III.Пайдаланған әдебиеттер.
Шуыл, діріл, олардың адамға әсері. Қорғаныстық шаралар. Нормалануы
Шуыл мен дірілден қорғану. Өндірістік процестерді автоматтандыру және механизмдеу құралдарының дамуы жабдықтарды пайдаланумен байланысты болады, олар жұмыс барысында механикалық тербелістерді жасайды, зияндылық әсері жиілігінен, қарқындылығынан және ортадан байланысты әртүрлі болады. Бұл тербелістер шуылға және дірілге бөлінеді. Естілетін жиіліктер ауқымында таратылатын тербелістерді адам дыбыс ретінде қабылдайды.
Шуыл – қатты, сұйық және газ-тәрізді орталарда пайда болатын механикалық тербелістер кезіндегі әртүрлі жиіліктер мен қарқындылықты (күшті) дыбыстардың ретсіз тіркесуі. Ұзақ шуылдың әсері құлақтың есітуін және көздің көруін төмендетеді, қан қысымын көтереді, орта жүйке және жүрек-сауыт жүйелерін шаршатады, нәтижесінде жұмысшының жұмысында қателер саны көбейеді, еңбек өнімділігі төмендейді. Адамның есту органдары 16...20 000 Гц жиілікті дыбыс толқындарын қабылдайды. 20 Гц-тен төмен (инфрадыбыс) және 20 000Гц-тен жоғары (ультрадыбыс) тербелістер құлаққа әсер етпейді, бірақ толық ағзаға биологиялық әсерін тигізедіДыбыс қысымының деңгейін өлшейтін бірлігі үшін децибел (дБ) қабылданған. Адамның есітитін органдары қабылдайтын дыбыстар ауқымы - 0 ...140 дБ шектерінде болады. 130дБ дыбыс деңгейі ауыртатын сезімді шақырады, ал 150 дБ әр жиілікте есіту қабілетін зақымдайды.
Дыбыс қарқындылығының деңгейі мына формула бойынша анықталады
lg(I/I ) (2.8)
мұнда I – берілген нүктедегі дыбыс қарқындылығы, Вт/м ;
I - 1000 Гц жиілік кезінде 10 Вт/м тең естілу табалдырығына сәйкес болатын дыбыс қарқындылығы.
1.Еңбеккті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі < Алматы, 2012>
2. ‘‘Қазақ Энциклопедиясы” IV-том
3. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Сәулет және құрылыс

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі Семей қаласының
Шәкәрім атындығы мемлекеттік университеті.
Сөж
Тақырыбы:1. Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері 2. Статикалық электр тоғы. Жайтартқыштарды есептеу 3. Электр тоғы зақымынан қорғанудың техникалық әдістері

Тобы:АГ- - 413
Орындаған:Гымңқазы Таңнұр
Тексерген: Бейсебаев Ш.Т.

Семей 2015ж

Жоспар
I.Кіріспе:
1. Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері
2. Статикалық электр тоғы. Жайтартқыштарды есептеу
3. Электр тоғы зақымынан қорғанудың техникалық әдістері
II.Қортынды
III.Пайдаланған әдебиеттер.

Шу көзі
Дыбыс денгейі, дБ
1
2
Қалыпты тыныс алу
10
Жапрақ сыбыры
20
Сөйлесу
30
Үй ішшндегі күндізгі шу
40
Орташа дауысты радио
50
10м қашықтықта жұмыс істеп тұрған автокөлік,
Шаңсорғыш
60

1
2
Қарбаласты көше
70
Көпір бойымен теміржол көлігінің қозғалысы
80
Мотцикл
90
Вагон ішіндегі ,цехтағы дискотекадағы шу
100
Найзағай
110
100M Қашықтықтағы ұшақ
120
Дабыл, сирена
140
Шу көздері және олардың дбыс деңгейі

Шуыл, діріл, олардың адамға әсері. Қорғаныстық шаралар. Нормалануы
Шуыл мен дірілден қорғану. Өндірістік процестерді автоматтандыру және механизмдеу құралдарының дамуы жабдықтарды пайдаланумен байланысты болады, олар жұмыс барысында механикалық тербелістерді жасайды, зияндылық әсері жиілігінен, қарқындылығынан және ортадан байланысты әртүрлі болады. Бұл тербелістер шуылға және дірілге бөлінеді. Естілетін жиіліктер ауқымында таратылатын тербелістерді адам дыбыс ретінде қабылдайды.
Шуыл - қатты, сұйық және газ-тәрізді орталарда пайда болатын механикалық тербелістер кезіндегі әртүрлі жиіліктер мен қарқындылықты (күшті) дыбыстардың ретсіз тіркесуі. Ұзақ шуылдың әсері құлақтың есітуін және көздің көруін төмендетеді, қан қысымын көтереді, орта жүйке және жүрек-сауыт жүйелерін шаршатады, нәтижесінде жұмысшының жұмысында қателер саны көбейеді, еңбек өнімділігі төмендейді. Адамның есту органдары 16...20 000 Гц жиілікті дыбыс толқындарын қабылдайды. 20 Гц-тен төмен (инфрадыбыс) және 20 000Гц-тен жоғары (ультрадыбыс) тербелістер құлаққа әсер етпейді, бірақ толық ағзаға биологиялық әсерін тигізедіДыбыс қысымының деңгейін өлшейтін бірлігі үшін децибел (дБ) қабылданған. Адамның есітитін органдары қабылдайтын дыбыстар ауқымы - 0 ...140 дБ шектерінде болады. 130дБ дыбыс деңгейі ауыртатын сезімді шақырады, ал 150 дБ әр жиілікте есіту қабілетін зақымдайды.
Дыбыс қарқындылығының деңгейі мына формула бойынша анықталады
lg(II ) (2.8)
мұнда I - берілген нүктедегі дыбыс қарқындылығы, Втм ;
I - 1000 Гц жиілік кезінде 10 Втм тең естілу табалдырығына сәйкес болатын дыбыс қарқындылығы.
Дыбыс қысымының деңгейі келесі формула бойынша анықталады
L = 20 lg (P P ) (2.9)
мұнда P - берілген нүктедегі дыбыс қысымы, Па;
P - 2 Па тең табалдырықтық дыбыс қысымы.
Дыбыс қысымының деңгейі бірдей болған кезде түрлі жиіліктердің дыбыстық тербелістері адамның есіту органына әртүрлі әсер етеді. Жоғары жиіліктер дыбысының әсері ең жайлы болып табылады. Шуылдар жиілігі бойынша төмен жиілікті (400 Гц төмен жиіліктер ауқымындағы дыбыс қысымының максимумы) және жоғары жиілікті (1000 Гц жоғары) болып бөлінеді.
Шуылдың жиіліктік сипаттамасын анықтау үшін дыбыс ауқымы жиілігі бойынша октавтік жиіліктер жолағы деп бөледі, мұнда шектік f жоғарғы жиілігі қосарланған f төменгі жиілігіне тең, яғни
f f = 2. (2.10)
Октавтік жолақ ортагеометриялық жиілікпен сипатталынады
f = . (2.11)
Спектрінің сипаты бойынша шуылды бір октавадан астам енді үззіксіз спектрі бар кеңжолақты және анық дискреттік үні болатын үнді спектр деп бөледі. Уақыты бойынша шуыл тұрақты және тұрақсызға (уақыты ауысып тұратын, үздіксіз, импульстік) бөлінеді. Нормаландыруы 63, 125, 250, 500, 1000, 2000, 4000, 8000 Гц ортагеометриялық жиіліктері бар октавтық жиіліктер жолағында жүргізіледі.
Жұмыс орындарында шуылдың жалпы деңгейі мен октавтік жиіліктер жолағындағы шуылдың деңгейін өлшеу үшін әртүрлі шуылөлшеуіш аппараттарын пайдаланады.
Денсаулыққа қауіпсіз шуылдың деңгейі 80 дБ, осындай жағдайда адам 8 сағат жұмыс істей алады, яғни толық жұмыс уақытын өтейді.
Діріл қатты денедегі механикалық тербелісті білдіреді. Үлкен амплитудасы бар (0,500,003 мм) төмен жиіліктегі (3-100 Гц) тербелістерді адам діріл немесе сілкіну ретінде қабылдайды. Дірілдің әсері болған кезде адам ағзасына орта жүйке жүйеснің талдауыштары - вестибулярлық, тері және басқа аппараттар маңызды роль ойнайды. Дірілдің ұзақ әсер етуі кәсіби дірілдейтін аурудың дамуына әкеледі.
Діріл ауытқу жиілігімен және амплитудасымен, жылдамдықпен және үдемесімен сипатталынады. Әсіресе адам денесінің немесе жеке органдарының (адам денесі үшін 6...9 Гц, басы 6 Гц, асқазаны 8 Гц, басқа органдары үшін - 25 Гц шектерінде) тербелістер жиілігімен сәйкес келетін еріксіз жиілікті дірілдер зиян болады. Көру қабілетін бұзатын жиіліктік ауқым 60 және 90 Гц арасында жатады, ол көз қарашығының резонансына сәйкес келеді. 35...250 Гц жиіліктер ауқымы дірілдейтін аурудың дамуына ең шекті болып табылады.
Шуыл мен дірілді өлшеу үшін микрофонның орнына орнатылатын қосымша аспап - күшейткіші бар шуылөлшегіштер мен виброметрлер пайдаланылады. Шуыл мен дірілді өлшейтіндер - ВШВ - МММ2 аспаптары кеңінен таралды.
Діріл мен шуылдан қорғанудың шаралары және құралдары. Қалқаларды, қыртыстарын, кабиналарды және т.б. экран түрінде дыбысты оқшаулайтын және дыбысты жұтатын қондырғыларды орнату арқылы шуылды төмендетудің тәсілдері кең таралым алды.
Шуылдан жеке қорғанудың құралдары (ЖҚҚ) құлақ жапсырмалары, құлаққаптар және шлемофондар болып табылады. ЖҚҚ тиімділігі пайдаланылатын материалдардың құрылымынан, тығыздық күшінен, дұрыс тағып ұстағаннан байланысты болады..
Өндірістегі шумның әсері адамдарғы есту органы арқылы қабылданады. Шум кезінде тіке есту қаблеті төмендейді де, тек қана адамның құлағында бірнеше қоспалы дыбыстар тұрады. Бұл дегеніміз - қан айналымды, жұмысқа деген қаблеттілікті азайтып, шаршатады. Осындай жағдайларда өндірісте бақытсыз жағдайлар тууы мүмкін. Сондықтан көп өндірістерде ауысымды (сменный) жұмыс бағыты қалыптасқан.
Шум 2 түрге бөлінеді:
1. Механикалық
2. Аэродинамикалық
а) Механикалық дыбыс - дегеніміз үзіліссіз машиналар мен жабдықтардың қоспалы дыбысы.
б) Аэродинамикалық - дегеніміз белгілі бір уақытта болатын және механикалық жабдықтарсыз жеңіл бір ноталы дыбыс. Мысалы желдеткіш, судың ағуы, т.б.
Сондықтан ең үлкен дыбыс механикалық жабдықтарда болғандықтан олардың бір-бірімен жанасатын элементтерінің арасына және қырқаяқшаларының тістерін үнемі майлап, қатты материалдың түрін қосады.
Құрал - жабдықтардың дыбысын азайту үшін сыртынан қорап кигізіледі. Қораптың түрлері өте көп: алынбалы - салынбалы, смотровые окна және қатты желдеткіш дыбыс арқылы сыртқа шығару. Жабдықтың қорап пен ара қашықтығы бекітілген нормаға сай болу керек. Қораптың ішкі қабаты 50 мм материалмен жабдықталады. Ол да жабдықтың дыбысын азайтуға күш қосады.
Өндірісте шум мен бірге адам организіміне кері әсерін туғызатын зиянды дыбыстардың бір түрі - діріл (вибрация). Ол да құрал жабдықтардың түрлеріне байланысты стандарт бойынша қабылданады.
Көшеде тоқтап, құлақ салсаңыз МАЗ және ЗИЛ сияқты автокөліктердің дарылдаған дауысын және серіппелі темір есіктердің жабылған дауысын, ауладағы бала-шаға айқайын естисіз. Магнитофондар және теледидарлар, зауыттардағы цех станоктарының және машиналардың гүрсілі құлақ тұндырады. Осының барлығы күнделікті көрініс.
Уақыт ағымына, ғылым жетістігіне байланысты жаңа дыбыс құралдары жасалып, олардың күші өсті .
Ғылым және техника табыстарымен, қарқынымен урбанизациямен бірге шудың деңгейі де тоқтаусыз өсті.
Зерттеу мақсаты : адам ағзасына шудың әсерінің қасиетін анықтау . Осы зерттеу мақсатына сәйкес келесі міндеттерді ұсынамын:
1) Шудың қайнар көздерін анықтау ;
2) Адам ағзасындағы шудың әсерін зерттеу ;
3) Адам ағзасындағы транспорттық шудың әсерін зерттеу ;
4) Халық денсаулығына қалалық көшедегі шудың ықпал жасауына талдау жүргізу.
5) Шумен күрес негізгі іс-шараларын ұйымдастыру.
Адамның қоршаған ортаға әсері ғылыми - техникалық алға басудың салдары. Ғасыр басынан дүниежүзілік өндірістік өнеркәсіптер 16 есе өсті, ол ғасыр аяғына қарай 1,5-3 есеге дейін өседі, бұл бұған дейінгі адамзат тарихындағы пайдаланылған шикізат шамасынан асады.
Шу мәселесі қазігі заманда төтенше де маңызды мағынаға ие болды. Ұзақ уақыт шу өркениеттің шарасыз жауыздығымен, техниканың қарқынды дамуының, автоматтандырудың, механикаландырудың, көлік өсу шегінің, техникалық алға басудың қосымша өнімі деп есептелді.
Шу тұрғын үйлерде сырттан кіретін шудан және ішкі шудан, санитарлық - техникалық, инженерлік - технологиялық құралдарда, тұрмыс құралдарында,музыкалық аспаптарда ойнағанда, адамдардың жылжуынан және жиһазды жылжытудан, әңгімелескенде, балалардың айқайларынан құралады.
Қаладағы шу " симфониясы " көптеген факторлардан түзіледі : темір жолдардың гүрсілінен және ұшақтардың гуілінен , құрылыс техникасының гүрілінен, зауыт цехтарының шуынан және тіпті тұрмыстық құралдарының шуынан - бір сөзбен айтқанда адамды қоршайтын барлық заттан тарайды.
Шудың ең қуатты аккордтары автокөлік қозғалысының дыбысы, оған жалпы фонда шудың 80% береді.
Қала тұрғындарын, әсіресе ірі қалаларда қалалық көліктердің шуы қатты алаңдатады: трамвайлар, автомобильдер, автобустар, мотоциклдер, мотороллерлер. Көп мөлшердегі шу, әсіресе, дизельді және жүк таситын машиналардан шығады.
Қалалық көлік саны толассыз өседі және өсуде . Таза техникалық проблемалардың шешімі туралы тек қана айтып кана қоймай, қазіргі заманға сай гүрсілі аз автомобильдерді таңдау қажетті деп санауымыз керек.
Соңғы он жылдықта шудың зиянды ықпалы жұмыс істеушілерге, дәл осылай халықтың басқа топтарына әсері өсті. Бұның себебі, техникалық алға басуындағы өндіріс процестерінің механикалануы, көліктің қуаттылығының артуында.
Тербелмелі қозғалыс көздерінің дыбыстық энергиясы қоршаған ортаға үзіліссіз түсуі мүмкін, мысалы , тоқыма станок жұмысы кезінде немесе оқтын-оқтын импульстер түрінде, пневматикалық аспапты қолданған жағдайда орын алады. Осыған байланысты шудың тұрақты және импульстік түрлерін ажыратады. Ағза үшін импульстік шу қауіпті.
Шудың адам ағзасына тигізетін әсері өзге өндірістік факторлармен үйлеседі: қанағатсыз микроклимат, улы заттар, ультродыбыстар, әсіресе, вибрациямен үйлесіп отырып шудың зиянды әсері: есту қабілетінің нашарлауына,жүйке жүйесіне, жүрек тамыр жүйесіне және т.б. жүйелерге кері әсер етеді.Бұл еңбек өнімділігінің төмендеуіне, өндірістік ақауларға алып келеді.
ультрадыбыс - Бұл дыбыстарды адамдар арнайы құралдардың көмегімен естиді және қабылдай алады.
Ультрадыбыс толқындарының басты ерекшелігі -- оларды дыбыс көзінен белгілі бір бағытта таралатындай етіп бағыттауға болады.ультрадыбыстар жіберіледі. Бұл дыбыстар теңіз түбінен немесе ізделінді нысанадан шағылып, бір мезеттен кейін кемеге қайта оралады. Кемедегі өте сезімтал аспаптардың көмегімен тіркелетін бұл толқындар электр импульстеріне түрлендіріледі де, экранда, мысалы, сүңгуір кайықтың кескіні пайда болады. Теңіз суындағы дыбыс жылдамдығын және дыбыстың жіберілген мезеті мен қабылданған мезеті арасында өткен уақытты біле отырып, теңіз тереңдігі немесе су астындағы нысанаға дейінгі кашықтық анықталады.Ультрадыбыстық тексеру жолымен сырқат адамның денесіндегі әртүрлі ауытқулар -- қатерлі ісіктер, дене мүшелері пішінінің өзгерулері анықталады.Ультрадыбыстың көмегімен тастар ұнтакталады, металдарды және аса қатты материалдарды кесу және дәнекерлеу жүзеге асырылады.Алайда ультрадыбысты адамның ұзақ уақыт бойы қабылдауы жүйке жүйесіне әсер етеді, қанның құрамының, сапасының және қысымының өзгеруін, бас ауруын тудырады, құлақ та естімей қалуы мүмкін.Ультрадыбыстарды дельфиндер, иттер, жарқанаттар және басқа да тіршілік иелері шығарады. Мысалы, жарқанаттың ультрадыбыстық гидролокаторлары адам жасаған ең күшті деп есептелетін радио және гидролокаторлармен салыстырғанда мүлтіксіз жетілген.Оларультрадыбыстарды шығару арқылы өзінің, ұшу бағытын және қажетті қорегін таба алады. Ультрадыбыстың әсері. Ультрадыбыс дегеніміз 2 х 104 нен 1013 Гц жиілік толқынды айтады. әдетте 20 КГц жиіліктегі механикалық тербелістер адам құлағымен қабылданбайды. Ол дыбыс қысымының бірлігі децибелмен өлшенеді. Ультрадыбыс табиғатта кеңінен таралған. өндірісте ол шудың қосымшасы болып, мысалы реактивті двигателдер жұмысында, газ трубалары және басқада процестерде. Ультрадыбыстар механикалық және электромеханикалық әдістермен алынады. өндірісте магнитострикциялық және пьезоэлектрлік сәулелерді қолданады. Біріншісі төмен жиіліктегі ультрдыбыстарды алу үшін алу үшін (200 КГц), екіншісі 50 МГц дейінгі жиіліктегі ультрадыбыстарды алуға қолданады. Төмен жиіліктегі ультрадыбыстар ауауда жақсы таралады. Ол жоғарлаған сайын ауадан таралу жиіліктері төмендейді. Қысқа толқынды жоғары жиіліктегі ультрадыбыстар ауада мүлдем таралмайды. Газды сұйықтыққа қарағанда ультрадыбыстар аз жұтады. Ультрдыбыстардың тесуші әсері медицинада және өндірісте кеңінен қолданады. Ультрадыбыстың көмегімен сварка, пайка, бөлшектерді тазалау, сұйықтықтарды стерилдеу, бұрғылау, кесу, шлифовка және полировка жүзеге асады. Сонымен қатар ультрадыбысты молекулярлы физикада, биологияда және медицинада әртүрлі химиялық реакцияларды жүргізу кезінде еру процестерін жеделдету үшін қолданылады. Жұмыс орындарындағы дыбыс қысымдарының жиілік деңгейі 18, 20, 22, 24 КГц - тен 80-нен 120 дБ және одан жоғары деңгейде тербеледі. Санитарлық талаптар мен ережелерге сәйкес кәсіпорындарындағы дыбыс қысымының өндірістік орындарындағы ультрадыбыстардың рұқсат етілетін жиіліктері 20 КГц дыбыс қысымы 100 дБ-де, 40 КГц - 110 дБ құрайды. Ультрадыбыстар жүйке жүйесіне әсер етіп, жүрек тамыр, эндокриндік жүйедегі зат алмасу процестерінің бұзылыстарына әкеледі. Сонымен қатар жасуша мембраналарының өтімділігінің бұзылыстарына әкеледі. Кавитирлеуші сұйықтықпен қатынаста болған қол қолдың кәсіптік ауруларына әкелуі мүмкін. Церебралды микроорганикалық симптоматика болуы мүмкін. Клиникалық ағымына байланысты 3 кезеңін бөледі: 1) алғашында - вегетатамырлы дистонияның аяқтардағы вегетативті невралгиялық синдромдары басымырақ болады; 2) шамалы айқындықта - астеновегетативті синдромдар мен қолдағы вегетативті полиневропатия симтомы; 3) айқын - таламиялық гипоталамиялық көріністермен диэнцефалды патология. Аз энергия мен жоғары жиіліктегі ультрадыбыстармен байланыстары бар еңбек гигиенасы сұрақтарының маңызы зор. Ультрадыбыстардың әсеріне жүйелі түрде әсер ететін жұмыспен әсері бар мамандарда қолдардың вегетативті полиневриті дамуы мүмкін. Негізгі шағымдары - алақанның тершеңдігі, қол саусақтарының жансыздануы. Қолдардағы гипестезия түріндегі полиневрит анықталынады, тырнақ капилляроскопиясы кезінде капиллярлардың спазмдары немесе спастикалық атониясы дамиды. Емі. Вегетативті полиневрит кезінде емдік шаралар қолданылады. Процестердің айқындылық деңгейлеріне байланысты қолдың вегетативті полиневриттері кезінде еңбек ету қабілетінің сараптамасының сұрақтары шешіледі. Ол болмаған кезде немесе ауырсыну синдромы аз айқындылықта болса, жұмыс қабілеті сақталынады. Жиі парестезия немесе ауырсыну сезімдерімен жүретін вегетативті тамырлар немесе сезімталдықтың бұзылуларының айқындылығы кезінде, науқастар ультрадыбыспен байланыстары бар жұмыстардан шектелінеді. Алдын алу шаралары дыбыс қысымының адам ағзасына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері туралы мәлімет
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері. Статикалық электр тоғы. Жайтартқыштарды есептеу. Электр тоғы зақымынан қорғанудың техникалық әдістері туралы ақпарат
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері. Статикалық электр тоғы. Жайтартқыштарды есептеу. Электр тоғы зақымынан қорғанудың техникалық әдістері
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері жайлы ақпарат
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері. Статикалық электр тоғы. Жайтартқыштарды есептеу туралы
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері. Статикалық электр тоғы
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері 2. статикалық электр тоғы. жайтартқыштарды есептеу 3. электр тоғы зақымынан қорғанудың техникалық әдістері
Акустикалық ластану
Шу мен дірілдің,ультрадыбыстың адам организіміне әсері туралы ақпарат
Пәндер