Инвестициялар есебі жайлы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ОӨЖ
Инвестициялар есебі
Орындаған: Қадырова Ж. Р.
Тобы: УА-303
Тексерген: Искакова М. С.
Семей 2015 жыл
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Инвестиция мәні және оның қызметі
- Еншілес шаруашылық серіктестіктерінің инвестициясының есебі
Қорытынды
Пайдалынған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Инвестиция (латынша іnvestіre - киіндіру) - табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат. Инвестициялар нақты және қаржылық болып бөлінеді. Нақты инвестициялар - өндірістік негізгі капиталға, шаруашылық қызметтің объектілеріне күрделі қаржы салу. Қаржылық инвестициялар - мемлекеттің, кәсіпорындардың, инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарына салымдар. Нақты инвестицияларды іске асырғанда салымшы өзінің өндірістік капиталын кеңейтеді, ал, қаржылық инвестициялар салатын болса қаржылық капиталын өсіреді. Нақты инвестициялар қозғалмайтын мүлікпен байланысты. Қозғалмайтын мүлік - заңды және жеке тұлғалардың меншігіндегі жер және табиғи ресурстар, жерге бекітілген және соған байланысты мүліктер. Бұған қоса тікелей және жанама инвестицияларды ажыратуға болады. Жер учаскелерін сатып алу, өндірістік құпиялардың құқығы, жаңа технологияларға куәліктер де инвестицияның бір формасы болып табылады.
Инвестицияның күрделі қаржыдан өзгешелігі бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және бейматериалдық активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық және әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады. Инвестиция өзінің құрамы жағынан біртекті емес, инвестициялау нысандарына, айналыс өрісіне, негізгі капиталдың ұдайы өндірісіндегі мақсатына, рөліне, қаржыландыру көздеріне қарай негізгі капиталға салынатын инвестиция, шетелдік инвестиция, қоржындық инвестиция түрлеріне бөлінеді. Негізгі капиталға салынатын инвестиция - құрылысқа, материалдық, бейматериалдық негізгі капиталды салуға, ұлғайтуға, қайта жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуден өткізуге, сатып алуға, сондай-ақ, материалдық айналыс құралдарының қорларын толықтыруға жұмсалатын қаражат. Негізгі капиталды инвестициялау нысандарына үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, мал, екпе ағаштар, жер қойнауын барлау, компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз ету, көркем және әдеби шығармалардың түпнұсқалары, жаңа үйлер және жаңа ақпарат жатады.
- Инвестиция мәні және оның қызметі
Инвестициялар - өнеркәсіптің, кұрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың баска да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығы.
Жалпылай алғанда, инвестиция дегеніміз бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады. Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі-уақыт, ал екіншісі-тәуекелділік (тәуекелге бару) . Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып, елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады. Инвестицияның көзі болып жаңадан жасалған қосымша құнның, яғни таза табыстың пайдаланылмай сақталған бір бөлігі саналады. Басқаша айтатын болсақ, инвестиция көзі-жаңадан жасалынған құн немесе таза табыстың сақталатын бөлігі болып табылады. Шаруашылық субьектілері немесе кәсіпкерлер инвестицияны өзінің таза табысының есебінен, өзін-өзі қаржыландыру немесе ол үшін сырттан несие алу арқылы жасайды. Тағайындалу түрлері бойынша инвестициялар нақты және қаржылық инвестиция болып екі түрге бөлінеді. Нақты инвестиция дегеніміз - шаруашылық субьектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық, құрылыс) өсуіне, дамуына жұмсалыну үшін салынатын салымдар болып табылады.
Нақты инвестициялар - бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және материалдық-өндірістік корын өсіруге салынатын салымдар.
Жылжымайтын мүлікке инвестициялар - (қаржылық жалдау шарты бойынша иеленушінің немесе жалға алушының) қарауындағы жылжымайтын мүлік.
Қаржылық инвестициялар - бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивидендтер және жалға ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын баска да олжалар (мысалға, коммерциялық мәміленің нәтижесі) . Сондай-ак, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Каржылық инвестицияның бір түрі болып бағалы (кұнды) кағаздар да саналады. Барлық бағалы (құнды) кағаздар екі топка бөлінеді - ақшалай және күрделі (капиталды) болып. Акшалай бағалы қағаздарды алған кезде акшалай қарыздарды алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық бағалы қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер және жинак сертификаттар және т. б. жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар өзінің номиналдык (атаулы) кұнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен калыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар, әдетте, кысқа мерзімге (бір жылдан аспайтын уакытқа) беріледі.
Инвестиция мыналарға бөлінеді:
• үлестік - жай және артықшылықты акциялар ;
•борышқорлық -облигациялар, қазыналы вексель, депозиттік сертификаттар және т. б.
Инвестиция көздері:
а) жаңадан жасалған құн (таза табыстың жиналған бөлігі ) ;
ә) амортизацияның қорлануы (накапливаемая амортизация) ;
б) кредиттік ресурстар.
Инвестицияны мына топтарға жіктеуге болады:
1. Жұмсау мерзімі бойынша:
• қысқа мерзімді -бір жылға дейін иемдену мерзімі (бұл еркін ақшалай қаражатты уақытша орналастыру мақсатында оңай өткізілетін бағалы қағаздардағы компанияның инвестициясы) ;
• ұзақ мерзімді -бір жылдан көп иемдену мерзімі;
• мерзімсіз инвестициялар.
Ұзақ мерзімді және мерзімсіз инвестициялар- бұл қосымша пайда алу мақсатында немесе құнды қағаздары сатып алынатын компанияға ықпал етуге ие болу мақсатында немесе бұл салада өз операцияларын жүргізетін ұйыммен салыстырғанда қаражаттың мұндай жұмсамалы әлдеқайда пайдалы болғандықтан қаражатты орналастыру.
2. Тағайындалуы бойынша:
• қаржылық-құнды қағаздарға жұмсау;
• нақты (мүліктік жұмсау) - субьектінің негізгі капиталына жұмсау және материалдық-өндірістік қордың өсуіне жұмсау.
3. Шығу тегі бойынша- бірінші, екінші.
4. Болу формасы бойынша- құжаттық, құжатсыз.
5. Ұлттық тегі бойынша- отандық, шетелдік.
6. Қолдану түрі бойынша-инвестициялық (капиталдық), инвестициялық емес.
7. Иемдену қатары бойынша- жеке, жалпы.
8. Шығарылым формасы бойынша- эмиссиондық, эмиссиондық емес.
9. Меншік формасы бойынша- мемлекеттік, корпоративтік.
10. Айналыс сипаты бойынша- нарықтық, нарықтық емес.
11. Тәуекелдік деңгейі бойынша- аз тәуекелдікпен, мүмкін үлкен тәуекелдікпен.
Тәуекелдік түрлерін мынаған бөлуге болады:
• капиталды тәуекелдік - бұл барлық жұмсалымға арналған жалпы тәуекелдік, инвестор өзінің инвестициясын ысырапсыз қайтара алмайтын, толық босатып ала алмайтын тәуекелдік;
• уақытша тәуекелдік- міндетті түрде ысырапқа ұшырататын қолайсыз уақыттағы инвестицияны сату және сатып алуға байланысты тәуекелділік;
• заңдық өзгерістер тәуекелділігі- шығын мен ысырапқа ұрындыруы мүмкін тәуекелдік;
• өтімділік тәуекелділігі(риск ликвидности) - инвестицияны өткізу барсындағы болуы мүмкін ысырапқа ұрындыратын тәуекелдік;
• нарықтық тәуекелдік- нарықтың жалпы құлдырауы мен байланысты инвестиция құнының төмендеуінен ысырапқа ұрындыратын тәуекелдік;
• кредиттік және іскерлік тәуекелдік- борыштық құнды қағаздар шығарушы (эмитент) негізгі қарыз сомасын немесе сол бойынша сыйақы төлеуге жағдайын болдырмайтын тәуекелдік;
• пайыздық тәуекелдік- нарықтағы пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне байланысты инвесторға ысырап әкелуі мүмкін тәуекелдік;
• валюталық тәуекелдік- шет елдік валютадағы инвестициямен байланысты тәуекелдік.
12. Қолма-қол табыс бойынша- табыстық, табыссыз.
13. Қаражатты жұмсау формасы бойынша:
• борыштық - құнды қағаздардағы немесе міндеттердегі инвестиция;
• иелі үлестік (владельческие долевые) - нарықты субьектінің капиталындағы үлестер немесе уақытша шектеулермен байланысы жоқ (еншілес және тәуелді компаниялардағы инвестиция) мүліктегі үлес;
• жеке жобалар (кенішті игеру) .
14. Экономикалық мәні (құқық түрі) бойынша- мүліктік, міндеттік.
15. Халықаралық стандарт бойынша бухгалтерлік есепте инвестиция мыналарға бөлінеді:
• №27 ХҚЕС « Бірлескен қаржылық есеп және еншілес компанияларға инвестицияның есебі»;
• №28 ХҚЕС «Қаумдастырылған компанияларға берілген инвестицияларды есепке алу»;
• №39 ХҚЕС « Қаржы құралдарды: тану және бағалау»;
• № 40 ХҚЕС «Жылжымайтын мүлік инвестициясы».
Бұған қоса, инвестиция мыналарға бөлінеді:
-тікелей- басқа субьектілердің жарғылық капиталындағы инвестициялар;
-портфельдік- субьект иелігіндегі құнды қағаздар жиынтығы;
-венчурлік (тәуекелшіл) - жаңадан пайда болған субьектілердегі (мұнай және газ компаниялары, ғылыми-техникалық жобалар) тәуекелді және тез өтелімді инвестициялық салым ақшалар.
- Еншілес шаруашылық серіктестіктерінің инвестициясының есебі
Еншілес шаруашылық серіктестік - негізгі серіктестіктің бақылауында болатын серіктесті. Бұндай бақылау қаржыландыратын обьтектінің 50% астам акциясын тікелей немесе жанама емденсе жүзеге асуы мүмкін. Еншілес серіктестіктің көрсеткіштері негізгі серіктестіктің қаржылық есеп беруінде, біріктірілген (консолидалынған) есеп беруінде көрстеіледі., бірақ онда қабылданған есептік саясаты ескеріледі, сондықт ан олар мына екі әдістің бірін пайдалануы мүмкін:
- үлестік қатысу әдісі;
- ұзақ мерзімді инвестицияны есептеу әдісі.
Негізгі серіктестік өзінің еншілес серіктестігіне инвестициясын бөліп, біріктірілген (консолидалынған) қаржылық есеп беруін жасайды, ол кезде барлық жергілікті және шетелдік еншілес серіктестіктерді өзіне енгізеді, те ондағы мына жағдайларды қоспағанда:
- егер де еншіліс серіктестік жақын келешекте сату мақсатында алынған болса, онда олар оның уақытша бақылауында;
- егер де еншілес серіктестік ұзақ мерзімді қатаң шектелген жағдайында әрекет ететін болса, бірақ бұл соңғы жағдай негізгі серіктестіктің қаражатын қайтару қабілетін төмендетеді.
Негізгі серіктестіктің біріктірілген (консолидалынған) есебіне енбей қалған жағдайда қаржылық инвестициясының есебі бойынша ескеріледі (8 -БЕС) . Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктің инвестициясының есебі. Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктің инвестицияны жүзеге асыруы - бірлесіп жасайтын қызметтің бір нысаны, онда бірлескен бақылау қызметін бекіткен кезде әрбір қатысушы шаруашылық серіктестікте өзінің қатысу үлесі бойынша топшыланған келісім - шартын жасайды.
Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалар активтерді бірігіп алады, жасалған шығындарды таниды және алынған табысты анықтайды. Олардың әрқайсысы өз атынан мәміле жасай алады, өз қызметін қаржыландыру үшін капиталдарды тарта алады. Бұл кезде бірлескен қызметке қатысушылардың әрқайсысы қызмет нәтижесінде алынған олжадан өз үлесін алуға құқылы. Бірлесіп бақыланатын заңды тұлға басқа да бірлескен қызметтерді келесі нысанда жүзеге асыруына болады;
- бірлесіп бақылайтын активтер;
- бірлесіп бақылайтын өндіріс.
Бірлесіп бақылайтын өндіріс - заңды тұлғаны құрмай тұрып, қатысушылар өздерінің жалпы шаруашылық мақсатына жету үшін активтерді пайдалануын топшылайды.
Әрбір қатысушы бірлесіп бақыланатын өндіріс бойынша өзіне тиесілі шығындарын алады және олар алдын -ала өнімді сатудан алынған табысты таратудың тәсілін қарастырып қояды. Осы процесстің барысында пайдаланған негізгі құралдардың, тауарлы - материалдық запастардың және т. б. активтердің құнын, әр қатысушы өз балансында ескереді.
Бірлесіп бақылайтын активтер - жалпы мақсат үшін алынған немесе салынған активтерді қатысушылар бірлесіп иелік етуді топшылайды. Бұл арада олардың негізгі қызметі үшін салынған активті барлық қатысушылар теңдей пайдаланады. Әрбір қатысушының табысы олардың кәсіпорын экономикасына қосқан үлесі арқылы анықталады. Әрбір қатысушы өзінің қосқан үлесін басқа қатысушыларға сатуға, тегін беруге құқылы.
Төменде еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатрын серіктестіктерге салынған инвестициялар бойынша шоттар корреспонденциясы келтірілген.
Шоттар корреспонденциясы
Қатар саны
Шаруашылық операцияларының мазмұны
Сомасы,
теңге
Шоттар корреспонденциясы
Еншілес, тәуелді бірлесіп бақыланатын серіктестіктердің мына игіліктерді салу арықылы инвестицияларды жасалынды.
- тауарлар, негізгі құралдар, материалдық емес активтер
- ақша қаражаттары
- есеп беретін адамдарға берілген соманың есебінен,
- еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын серіктестіктерден
- заңды және жеке тұлғалардан
200 000
300 000
50 000
600 000
450 000
141-144
141-144
141-144
141-144
222, 223, 121, 125,
101-104,
106, 431-452
333
641-643
671-687
Тәуелді немесе еншілес серіктестіктер активтерін қайта бағалаудың нәтижемінде үлестік қатысу сомасын инвестицияның құнын төмендеткен
- бұрындары жасалған қайта бағалау сомасының шегінде
- бұрындары жасалған қайта бағалаудың артық жасалған сомасына
300 000
150 000
542
845
141-144
141-144
Еншілес, тәуелді бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің инвестициясы сатылады:
- инвестицияның баланстық құнына
- инвестицияның сатылған бағасы бойынша
700 000
141-144
723
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz