Негізгі тыныс алу шулары. Амфорикалық тыныс алу жайлы мәлімет



I. Кіріспе
Жалпы тыныс алу жүйесі
II. Негізгі бөлім
2.1 Негізгі тыныс алу шулары
2.2 Амфорикалық тыныс алу
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Тыныс алу деп организм мен сыртқы орта арасындағы оттек түсіп, көмірқышқыл газының шығарылуымен байланысты жүретін газ алмасу процесін айтады. Адам үнемі сыртқы ортадан қоректік заттарды, суды және оттегін алады. Оттегі адам өмірі үшін аса маңызды. Оттегі ұлпалардағы тотығуға қатысады. Тотығу кезінде заттардың ыдырауынан көмір қышқыл газы пайда болып, денеден сыртқа шығарылады. Дем алғанда организм мен сыртқы орта өздерінің құрамындағы газдарымен алмасады. Бұл оттегінің үнемі денеге кіріп және көмір қышқыл газының денеден сыртқа айдалып тұруын қамтамасыз етеді. Бұл қызметті кеуде қуысында орналасқан өкпе орындайды. Оттегінің қысымының ең көбі біз дем алғанда жұтатын сыртқы ауада, өкпе альвеолаларында төмендейді, қан тамырларында мүлде азаяды. Сондықтан ауадағы оттегі организмге қарай диффузды түрде қозғалады, бірақ бұл өте әлсіз қозғалыс. Бұл қозғалысты тыныс мүшелері күшейтеді. Тынысалу деп мүшелер мен қоршаған ортаның арасындағы газ алмасуды айтады.Тыныс алуға қатысатын мүшелер тыныс алу жүйесін құрайды. Бұл жүйенің мүшелерін екіге бөледі: тыныс жолдары және басты тыныс алу мүшесі – өкпе. Ауа сырттан өкпеге және өкпеден сыртқа қозғалатын қуыстар – тыныс жолдарына мұрын қуысы, көмей, кеңірдек, жөне бронхылар жатады. Мұрын қуысының құрылысы – ауа танау арқылы мұрын қуысына кіреді. Мұрын қуысы кеңсірік шеміршегі арқылы оң және сол жақ бөліктерге бөлініп, жұп танау тесіктері арқылы сыртқа ашылады да ішкі жағы жұтқыншақпен қосылады. Көмекей – мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші қуыс шеміршекті мүше. Кеңірдек – көмекейдің жалғасы, іші қуыс түтік пішінді шеміршекті мүше. Ол өңештің алдыңғы жағында орналасқан, ұзындығы шамамен 9 – 12 см, диаметрі 15 – 18 мм. Өкпе – кеуде қуысының қабырғасына жанаса орналасқан серпімді, кеуекті мүше. Дем алғанда ағза мен сыртқы орта газдармен алмасады, ішке оттегі кіріп, сыртқа көмірқышқыл газыайдалып тұрады. Бұл процесс кеуде қуысында орналасқан өкпенің альвеоларында (лат. - ойма қуыс, науа) жүреді. Тыныс алу кезінде өкпені атмосфермалық ауамен және одан газбен қаныққан ауаны тасымалдау тыныс алу жолдары арқылы жасалады. Дем алу және дем шығару қан айналым жүйесіарқылы ағзаның барлық мүшелеріне әсер етеді. Ересек мал қалыпты күйінде дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді және бір минутта 16-18 тыныс алу қозғалыстарын жасап, өкпесінен 6-7 литр ауа өткізеді. Ауаның мөлшері адамның салмағына және бойына байланысты, бойы ұзын және салмақты болса, соғұрлым көп ауа өтеді. Ересек адамға қарағанда балаға ауа көбірек қажет. 2-3 жастағы баланың өкпесі арқылы 5-6 л., кейде 7 л. ауа өтеді, бұл баланың дем алу ерекшелігіне жатады, сондықтан баланың денесінен бу ретінде су көптеп шығып, тершең болады.
Кеуде қуысын кеңейту тәсіліне қарай дем алудің екі түрі бар:
• қабырғаларды көтеріп кеуде қуысын кеңейту арқылы дему алу - кеудемен дем алу (жас сәби мен әйел адамдар дем алысы) деп аталады;
• диафрагманың көмегімен кеуде қуысын кеңейту арқылы дем алу - ішпен дем алу (ер адамдардың тыныс алуы) деп аталады.
1. Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы : Оку қуралы / Айтбембет, Бегалы Нурманулы. - Алматы : Кітап, 2005.
2. Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің клиникалық дәрістері : оқу құралы / Қ. Ж. Ахметов. - [б. м.], 2009.
3. Пропедевтика внутренних болезней : учебник / Н. А. Мухин, В. С. Моисеев. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2009.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті Аграрлық факультет Ветеринарлық санитария кафедрасы

БӨЖ
Тақырыбы: Негізгі тыныс алу шулары. Амфорикалық тыныс алу

Орындаған: Тусупбекова А.А. Тобы: ВС - 303 Тексерген: Мұратбаев Д.М.

Семей қ. 2015 ж. Жоспары:
I. Кіріспе
Жалпы тыныс алу жүйесі
II. Негізгі бөлім
2.1 Негізгі тыныс алу шулары
2.2 Амфорикалық тыныс алу
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Тыныс алу деп организм мен сыртқы орта арасындағы оттек түсіп, көмірқышқыл газының шығарылуымен байланысты жүретін газ алмасу процесін айтады. Адам үнемі сыртқы ортадан қоректік заттарды, суды және оттегін алады. Оттегі адам өмірі үшін аса маңызды. Оттегі ұлпалардағы тотығуға қатысады. Тотығу кезінде заттардың ыдырауынан көмір қышқыл газы пайда болып, денеден сыртқа шығарылады. Дем алғанда организм мен сыртқы орта өздерінің құрамындағы газдарымен алмасады. Бұл оттегінің үнемі денеге кіріп және көмір қышқыл газының денеден сыртқа айдалып тұруын қамтамасыз етеді. Бұл қызметті кеуде қуысында орналасқан өкпе орындайды. Оттегінің қысымының ең көбі біз дем алғанда жұтатын сыртқы ауада, өкпе альвеолаларында төмендейді, қан тамырларында мүлде азаяды. Сондықтан ауадағы оттегі организмге қарай диффузды түрде қозғалады, бірақ бұл өте әлсіз қозғалыс. Бұл қозғалысты тыныс мүшелері күшейтеді. Тынысалу деп мүшелер мен қоршаған ортаның арасындағы газ алмасуды айтады.Тыныс алуға қатысатын мүшелер тыныс алу жүйесін құрайды. Бұл жүйенің мүшелерін екіге бөледі: тыныс жолдары және басты тыныс алу мүшесі - өкпе. Ауа сырттан өкпеге және өкпеден сыртқа қозғалатын қуыстар - тыныс жолдарына мұрын қуысы, көмей, кеңірдек, жөне бронхылар жатады. Мұрын қуысының құрылысы - ауа танау арқылы мұрын қуысына кіреді. Мұрын қуысы кеңсірік шеміршегі арқылы оң және сол жақ бөліктерге бөлініп, жұп танау тесіктері арқылы сыртқа ашылады да ішкі жағы жұтқыншақпен қосылады. Көмекей - мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші қуыс шеміршекті мүше. Кеңірдек - көмекейдің жалғасы, іші қуыс түтік пішінді шеміршекті мүше. Ол өңештің алдыңғы жағында орналасқан, ұзындығы шамамен 9 - 12 см, диаметрі 15 - 18 мм. Өкпе - кеуде қуысының қабырғасына жанаса орналасқан серпімді, кеуекті мүше. Дем алғанда ағза мен сыртқы орта газдармен алмасады, ішке оттегі кіріп, сыртқа көмірқышқыл газыайдалып тұрады. Бұл процесс кеуде қуысында орналасқан өкпенің альвеоларында (лат. - ойма қуыс, науа) жүреді. Тыныс алу кезінде өкпені атмосфермалық ауамен және одан газбен қаныққан ауаны тасымалдау тыныс алу жолдары арқылы жасалады. Дем алу және дем шығару қан айналым жүйесіарқылы ағзаның барлық мүшелеріне әсер етеді. Ересек мал қалыпты күйінде дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді және бір минутта 16-18 тыныс алу қозғалыстарын жасап, өкпесінен 6-7 литр ауа өткізеді. Ауаның мөлшері адамның салмағына және бойына байланысты, бойы ұзын және салмақты болса, соғұрлым көп ауа өтеді. Ересек адамға қарағанда балаға ауа көбірек қажет. 2-3 жастағы баланың өкпесі арқылы 5-6 л., кейде 7 л. ауа өтеді, бұл баланың дем алу ерекшелігіне жатады, сондықтан баланың денесінен бу ретінде су көптеп шығып, тершең болады.
Кеуде қуысын кеңейту тәсіліне қарай дем алудің екі түрі бар:
* қабырғаларды көтеріп кеуде қуысын кеңейту арқылы дему алу - кеудемен дем алу (жас сәби мен әйел адамдар дем алысы) деп аталады;
* диафрагманың көмегімен кеуде қуысын кеңейту арқылы дем алу - ішпен дем алу (ер адамдардың тыныс алуы) деп аталады.
2.1 Негізгі тыныс шулары.

Негізгі тыныс шулары пациент тыныштықта мұрынмен дем алғанда естіледі (ауыз жабық) , жанама - ауызбен терең дем алғанда .Бірінші тыныс типін ,сосын жанама тыныс шуларын анықтайды. Сау адамда екі негізгі тыныс шуы естіледі, (тыныстың 2 типі ): везикулярлы ( альвеолярлы ) тыныс, бронхиальды, ларинготрахеальды тыныс. Везикулярлы тыныстың даму орны альвеолалар. Ол тыныс алғанда альвеолдардың қабырғаларының тез ашылуынан пайда болады. Альвеолдардың қабырғалары керіліп , тербеледі және везикулярлы тыныс деп аталатын шуды береді.
Везикулярлы тыныс жұмсақ үрлемелі шумен сипатталады ,ол дем алғанда "Ф" дыбыс береді. Везикулярлы тыныс дем алудың өн бойында және дем шығарудың алғашқы бөлігінде естіледі.Дем алу дем шығаруға қарағанда ұзақтау және интенсивті .Графикалық түрде дем шығару дем алудың 1∕ 3- 1∕4 бөлігін құрайды .Дем шығару қысқа ,өйткені дем шығарғанда альвеола қабырғалары тез жабылып , кернеу мен тербеліс өніп ,оның дыбыс белгілері төмендейді. Везикулярлы тыныс кеуде клеткасының беткейіне жақын орналасқан өкпе ұлпасы бар жерде , эталон 2 қабырға аралықта бұғана ортаңғы сызықпен , аксиллярлы облыс , жауырынның төменгі бұрыштарында жақсы естіледі.
Везикулярлы тыныстың өзгерістері:
Везикулярлы тыныс патологиялық ,кейде бірқатар физиологиялық жағдайларда өзгеруі мүмкін, сонымен бірге өзгерістер сандық немесе сапалық болуы мүмкін.
Сандық өзгерістер ( әлсізденуі) физиологиялық жағдайда кездеседі. Тері асты клетчатканың ісігінде, кеуде қабырғасының семіру қалыңдауы кезінде мускулатураның күшті дамуынан , өкпенің патологиясынсыз әлсіреген адамдарда ,ауырсыну кезінде - мысалы , қабырға сынғанда, ауырған кезде науқас беткей дем алғанда диафрагманың жоғары көтерілуінен - асцит , метеоризм. Везикулярлы тыныстың патологиялық өзгерістері кездеседі. Көмей, трахея, ірі бронхтардың шырышты қабатының ісінумен , қуыстың бөгде денемен бітеліп қалуында ,ісікпен қосылғанда, үлкейген лимфа түйіндерімен бітелгенде және т.б. Ауа өткізу жолдары тарылғанда аз керіледі ,ал аз керілгенде альвеола қабырғасының күші төмендейді.
Өкпе эмфиземасында - альвеола қабырғасының эластикалық кішірейгенде және де өкпенің бүкіл беткейінде естіледі. Өкпенің қабынуында аурудың бастапқы және соңғы кезеңдерінде. Әлсіреу альвеола қабырғасының экссудатпен толуынан эластикалық қасиетінің жоғалуынан пайда болады және альвеолалардың қабырғасын зақымдалуын қабыну процесіндегі нәтижесінде.
Плевра қуысына сұйықтықтың жиналуы ( плеврит ,гидроторокста) және ауаның жиналуы тіпті жоғалып кетуі мумкін.
Плевра жапырақшаларының қалыңдауы мен қысқаруында ( Плеврит нәтижесінде ) Плевра жапырақшалары қалыңдағанда дыбыс өткізбейді.
Қабырғаның сынуы нәтижесінде бір жағының тыныстық жылжымалылығының рефлекторлы төмендеуі , құрғақ плевритпен қабырғааралық невралгияда ауырсыну сезімі. Әлсіз везикулярлы тыныс кейде " аускультативті сферада " Қалыпты өкпе ұлпаларымен бірге тығыздалған аймақтарды тыңдағанда байқалуы мүмкін.Тығыздалға\н ұлпалар везикулярлы тыныс түзуге қатыспайды. Везикулярлы тыныстың физиологиялық жағдайларда күшеюі. Бір жақта патологиялық процесс дамып, өкпе немесе оның бір бөлігі істен шықса, сау жері істен шыққан өкпенің қызметін өзіне алады (викарлы немесе компенсаторлы күшею)
Везикулярлы тыныстың сапалық өзгерістері қатты везикулярлы тыныс және ұзақ дем шығарумен сипатталатын тыныс түрінде көрінуі мүмкін. Қатты везикулярлы тыныс жұмсақ везикулярлы тыныстан біртекті еместігімен ажыратылады. Қатты везикулярлы тыныс бронхиттерде кездеседі. Бронхтардағы қабыну процестері шырышты қабаттардың ісінуіне әкеліп, ал ол біртекті емес бронх қуысының тарылуына әкеледі. Дем алғандағы ауа бірқатар тарылған жерлерден өтеді, ол стенотикалық шу туғызады. Бұл кезде бронхтардың тарылуы шамалы ғана - пайда болатын шулар интенсивтілігі төмен. Бірақ қалыпты везикулярлы тыныспен қабаттасып ,оларға қаттылық береді. Қатты везикулярлы тыныс - везикулярлы тыныстың сапалық, күшейген везикулярлы тыныс - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі тыныс алу шулары. Амфорикалық тыныс алу туралы мәлімет
Негізгі тыныс алу шулары. Амфорикалық тыныс алу туралы ақпарат
Кеуде клеткасының аускультациясы. везикулярлық тыныс алу, бронхиальды, физиологиялық, бронхиальды патологиялық, амфорикалық бронховизикулярлық, құрғақ сырылдар, ылғалды сырылдар
Негізгі тыныс алу шулары. Амфорикалық тыныс алу жайлы ақпарат
Негізгі тыныс алу шулары. Амфорикалық тыныс алу туралы
Тыныс жүйесін зерттеу
Негізгі тыныс алу шулары. Амфорикалық тыныс алу жайлы
Өкпеге перкуссия, аускультация жасау техникалары
Негізгі тыныс алу шулары. Жанама тыныс шулары
Өкпе қабының ауруы
Пәндер