Парақорлықтың қылмыстық-құқықтық және криминалистикалық мінездемесі


1бөлім. Парақорлықтың түсінігі және оның криминологиялық мінездемесі.

1. 1. Парақорлықтың түсінігі

Парақорлық сыбайлас жемқорлықтың құрамдас бөлігі болып табылады. Парақорлықтың түсінігін берер алдында сыбайлас жемқорлықтың түсінігін берейік.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес нәтижелі болу үшін сыбайлас жемқорлықтың нақты түсінігін шығару қажет. Егер сыбайлас жемқорлықтың түсінігін білетін болсақ, ұлттық және халықаралық дәрежеде сол зұлымдықпен күресудің нәтижелерін игеруге көмектесетін. Көптеген жылдары бойы халықаралық ғылыми форумдарда сыбайлас жемқорлықтың түсінігі талқыланды. Сыбайлас жемқорлықтың дәстүрлі құқықтық анықтамасы сол зұлымдықтың салмақтылығын нақты ашып бере алмады және халықаралық талқылануға душар болған [1] .

Қылмыстылықтың алдын алу және қылмыскерлерге әсер ету сұрақтары бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының 8 Конгресінде (Гавана, 1990 жыл), ал одан соң Біріккен Ұлттар Ұйымының 9 Конгресінде (Каир, 1995 жыл) сыбайлас жемқорлыққа концептуалдық тұрғыдан анықтама беруі орын алды. Соған орай сыбайлас жемқорлыққа келесідегідей түсінік берілген: «Жеке мақсатта мемлекеттік билікті теріс пайдалану жолымен пайда табу» [2] .

Сыбайлас жемқорлықтың ішіне: парақорлық, непотизм (жеке байланыстар негізінде қамқоршылық жасау), жария қаражатты жеке ысырап ету мақсатымен иемденіп алу және мемлекет лауазымды тұлғаларының мемлекеттік билікті теріс пайдалануын кіргізеді. [3] .

Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлықтың тәртіптік тобы (GMS) сыбайлас жемқорлыққа одан да кеңейтілген анықтама берген: «Жеке өзіне немесе басқа адамдарға заңсыз пайда алу мақсатындағы мемлекет органдарында немесе жеке секторда белгілі бір міндеттерді орындауға тапсырылған лауазымды тұлғаның, жеке кәсіпкердің, тәуелсіз агенттің парақорлығы немесе басқа да қоғамға қауіпті іс - әрекеті болып табылады» [4] .

Ашықтылық, есеп беру, және бақылаудың жоқтылығына және де мемлекет лауазымды тұлғалардың басқару монополиясының дискрециондық өкілеттіктерінің кең болуына байланысты сыбайлас жемқорлық олигархия мен авторитаризмге әкеп соқтырады [5, 30 бет] .

Парақорлық - ең қоғамдық-қауіпті лауазымды қылмыстардың бірі болып табылады. Парақорлық өзіндік үш қылмыс құрамын қамтиды: пара алу (Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 311 бабы), пара беру (Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 312 бабы), парақорлыққа делдал болу (Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 313 бабы) . Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 41 бабының бірінші ескертуіне сәйкес Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 311, 312, 313 баптары сыбайлас жемқорлық қылмыстар болып танылады. Сондықтан олардың мелекеттің келтіретін залалы зор.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 311 бабына сәйкес пара алу - мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның немесе оған теңестірілген адамның өзі немесе делдал арқылы пара берушінің немесе немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс - әрекеті (әрекетсіздігі) үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, мүлікке құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алуы, егер, мұндай іс-әрекет (әрекетсіздік) мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның немесе оған теңестірілген адамның қызметтік өкілеттігіне кіретін болса не ол қызметтік жағдайына байланысты осындай іс - әрекетке (әрекетсіздікке) мүмкіндік жасаса, сол сияқты жалпы қамқоршылығы немесе қызметі бойынша жол берсе түсінігі кіреді [6] .

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 312 бабына сәйкес пара беру - мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамға немесе оған теңестірілген адамға тікелей немесе делдал арқылы пара беру түсінігі кіреді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 313 бабына сәйкес парақорлыққа делдал болу - пара алушыға және пара берушіге пара алу мен беру туралы олардың келісімге жол жеткізуге немесе іске асыруға жәрдемдесу түсінігі кіреді.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 2 бабында: «осы Заңда мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай - ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады» делінуі біздерге сыбайлас жемқорлық түсінігі Заңда тек парақорлық ретінде танылатындығы туралы ұйғарымға келуге мүмкіндік береді, алайда, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі 41 бабының бірінші ескертуіне жүгінетін болсақ, сыбайлас жемқорлық қылмыстар болып Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 311, 312, 313 баптары ғана танылмайды, ал мұндай барлығы он екі қылмыс құрамдары көзделінген [7] .

Пара беру, яғни Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 311 бабымен көзделген қылмыс құрамын Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 224 бабы «Заңсыз сыйақы алу» мен 231 бабы «Коммерциялық сатып алу» қылмыс құрамдарынан ажырата білу керек, себебі мағынасына қарай бұл үш қылмыс құрамы ұқсас болып келед, үш жерде де сатқындықтың орны бар, бірақ айырмашылықтың бірі болып субъектілерде болып табылады. Егер парақорлық қылмыстар бойынша жауапқа тартылатын субъектілер тізімі Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 307 бабының ескертуінде көзделген және Қазақстан Республикасының «Сыбайас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңында ашылған болса, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 224 бабы «Заңсыз сыйақы алу» мен 231 бабы «Коммерциялық сатып алу» қылмыс құрамдарының субъектілері болып Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 307 бабының ескертуінде көзделген субъектілерінен басқа субъектілер жатады.

1. 2. Парақорлықтың криминологиялық мінездемесі.

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2030» жолдауында: «Тұлғалар мен лауазымдарға қарамай сыбайлас жемқорлықпен қатігез түрде күресу қажет» деп айтқан [8]

Парақорлық қылмыстарының криминологиялық мінездемесіне көшер алдында келесідегідей құқықтық статистиканы келтірейік.

Егер парақорлықтың қоғамға әкелетін зардаптарына келіп тоқталатын болсақ, онда біз Генералды Прокуратура Құқықтық статистика және арнайы тіркелімдер Комитетінің мәліметтеріне сүйенуіміз керекпіз.

Ең біріншіден, сыбайлас жемқорлық қылмыстар және олардың динамикасы жайлы (6 айға) бүкіл құқыққорғау органдары бойынша тоқталайық. [9]

Сыбайлас жемқорлық қылмыстар және олардың динамикасы жайлы (6 айға) бүкіл құқыққорғау органдары бойынша.

Тіркелінген: Тіркелінген
2004ж.: 2004ж.
2005ж.: 2005ж.
2006ж.: 2006ж.
Тіркелінген: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары тірккелгеннің барлығы
2004ж.: 655
2005ж.: 915
2006ж.: 1091
Тіркелінген: Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі 311 бабы.
2004ж.: 114
2005ж.: 152
2006ж.: 178
Тіркелінген: Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі 312 бабы.
2004ж.: 23
2005ж.: 61
2006ж.: 116
Тіркелінген: Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі 313 бабы.
2004ж.: 4
2005ж.: 17
2006ж.: 4

Бұдан мынадай қорытынды жасауға болады:

1) Сыбайлас жемқорлық қылмыстары тірккелгеннің барлығынан Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексімен көзделген 311 бабы «Пара алу» 2004 жылы - 17, 4%, 2005 жылы - 16, 61%, 2006 жылы - 16, 32% құрайды.

2) Сыбайлас жемқорлық қылмыстары тірккелгеннің барлығынан Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексімен көзделген 312 бабы «Пара беру» 2004 жылы - 3, 5%, 2005 жылы - 6, 67%, 2006 жылы - 10, 63% құрайды.

3) Сыбайлас жемқорлық қылмыстары тірккелгеннің барлығынан Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексімен көзделген 313 бабы «Парақорлыққа делдал болу» 2004 жылы - 0, 61%, 2005 жылы - 1, 86%, 2006 жылы - 0, 37% құрайды.

Оған қоса айта кететін жайт, сыбайлас жемқорлық қылмыстардың бүкіл тіркелген қылмыстардың ішінен мөлшер - салмағы: 2005 жылы - 1, 3%, ал 2006 жылы - 1, 6%. Көбінесе бұл сол қылыстардың үлкен латенттілігімен және пара беруші де, пара алушы да жеке қызығушылығымен байланысты болады.

Егер біз қаржы полициясының сыбайлас жемқорлық қылмыстарын тірккелуіне келіп тоқталсақ, келесігідей кесте сызуға болады.

Қаржы полициясы органдарында сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы

Тіркелінген: Тіркелінген
2004ж.: 2004ж.
2005ж.: 2005ж.
2006ж.: 2006ж.
Тіркелінген: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары тірккелгеннің барлығы
2004ж.: 386
2005ж.: 731
2006ж.: 867
Тіркелінген: Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі 311 бабы.
2004ж.: 52
2005ж.: 93
2006ж.: 94
Тіркелінген: Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі 312 бабы.
2004ж.: 10
2005ж.: 42
2006ж.: 88
Тіркелінген: Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі 313 бабы.
2004ж.: 3
2005ж.: 5
2006ж.: 2

Бұл статистика бізге келесі жайды куәландырады: тіркелінген сыбайлас жемқорлық қылмыстардың сандық мөлшері 2004 жылдан 2006 жылға дейін 481 қылмысқа өсті. Егер бұл сан 2004 жылы 386 тең болса, ал 2006 жылы бұл сан 867 болды.

Егер біз сыбайлас жемқорлықтың субъектілеріне көшетін болсақ, Қазақстан Респубикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылған субъектілердің тізімін атап өту қажет.

Қазақстан Респубикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылған субъектілер тізімі.

Тіркелінген: Тіркелінген
30. 06. 2005 жылына: 30. 06. 2005 жылына
30. 06. 2006 жылына: 30. 06. 2006 жылына
Тіркелінген: Барлығы
30. 06. 2005 жылына: 4918
30. 06. 2006 жылына: 6065
Тіркелінген: Ішкі істер Министрлігі
30. 06. 2005 жылына: 812
30. 06. 2006 жылына: 1143
Тіркелінген: Ұлттық қауіпсіздік Комитеті
30. 06. 2005 жылына: 0
30. 06. 2006 жылына: 0
Тіркелінген: Прокуратура органдары
30. 06. 2005 жылына: 3
30. 06. 2006 жылына: 6
Тіркелінген: Әділет органдары
30. 06. 2005 жылына: 24
30. 06. 2006 жылына: 75
Тіркелінген: Қаржы полициясы
30. 06. 2005 жылына: 20
30. 06. 2006 жылына: 32
Тіркелінген: Салық комитеті
30. 06. 2005 жылына: 73
30. 06. 2006 жылына: 80
Тіркелінген: Қаржы Министрлігінің Кедендік бақылау Комитеті
30. 06. 2005 жылына: 74
30. 06. 2006 жылына: 99
Тіркелінген: Қоғаныс Министрлігінің Қарулы күштері
30. 06. 2005 жылына: 642
30. 06. 2006 жылына: 352
Тіркелінген: Ішкі істер Министрлігінің ішкі әскерлері
30. 06. 2005 жылына: 64
30. 06. 2006 жылына: 69
Тіркелінген: ҰҚК шекаралық қызметі
30. 06. 2005 жылына: 47
30. 06. 2006 жылына: 56
Тіркелінген: Республикалық Гвардия
30. 06. 2005 жылына: 0
30. 06. 2006 жылына: 0
Тіркелінген: ТЖМ (төтенше)
30. 06. 2005 жылына: 133
30. 06. 2006 жылына: 112
Тіркелінген: Судьялар
30. 06. 2005 жылына: 0
30. 06. 2006 жылына: 2
Тіркелінген: Әкімдер
30. 06. 2005 жылына: 287
30. 06. 2006 жылына: 330
Тіркелінген: Депутаттар
30. 06. 2005 жылына: 3
30. 06. 2006 жылына: 5
Тіркелінген: президенттікке, депутаттыққа кандидаттар
30. 06. 2005 жылына: 0
30. 06. 2006 жылына: 0
Тіркелінген: Соттық атқарушылар.
30. 06. 2005 жылына: 35
30. 06. 2006 жылына: 35
Тіркелінген: Басқа мемлекеттік органдардың қызметкерлері.
30. 06. 2005 жылына: 2701
30. 06. 2006 жылына: 3669

Жоғары аталып өтілген статистикаға сүйене мынадай қорытынды жасауға болады

Біріншіден, құқыққорғау органдары жылдан жылға парақорлық қылмыстарды ашу мен алдын алу деңгейі өсіп келуде

Екіншіден, сыбайлас жемқорлық қылмытарын ашу мен тергеу функцияларын экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агентігіне бергеннен соң қаржы полициясының парақорлық қылмыстарды ашу мен тергеудің деңгейі өсуде.

Үшіншіден, құқыққорғау органдарында және мемлекеттің басқа да органдарында жылдан жылға Қазақстан Респубикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңың бұзуы байқалып тұр.

Төртіншіден, бұл қылмыстардың бүкіл қылмыстар арасындағы ара салмағы төмен деңгейде болуын көрсетеді.

Құқыққорғау органдарының және мемлекеттің басқа да органдарының лауазымды тұлғаларының сатқындылыққа барудың, яғни мемлекет органдарында парақорлықтың өсуі келесі криминологиялық себептерге байланысты:

Біріншіден, мемлекет органдары лауазымды тұлғаларының жалақысының және әлеуметтік көмек деңгейінің төмен болуында.

Екіншіден, бұл қылмыстардың түрлері жоғары латентті қылмыстар түрлеріне жатуында, яғни пара беруші де, пара алушы да, парақорлыққа делдал болушы да параның берілуі мен параның алуында мүдделі болады және де соны жасыруға тырысады.

Үшіншіден, бұрыннан келіп жатқан халық менталитеті әрбір істің құны бар деп есептеуінде.

Сол парақорлық қылмыстарын алдын алу үшін мемлекет тарапынан Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 23 тамызынан № 453-1 «Мемлекеттік қызмет туралы» заңының 24 бабы «Мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік қамсыздандырылуы» мен 25 бабына сай келесі шарттар көзделген:

-мемлекеттік қызметкерлер заңнама көздеген тәртіппен тұрғын үймен қамсыздандырады.

-мемлекеттік қызметкерлердің зинақорлық және әлеуметтік қамсыздандырылуы Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша жүзеге асырылады [10] .

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары «2001 - 2005 жылдар бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы мемлекеттік бағдарлама туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің 2001 жылғы 5 ақпанында шыққан үкімінің 5. 4. тармақшасында жазылған: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекет саясатын пропагандасы:

-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаның орындалуы туралы қоғамды хабарлау.

-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекет саясатын пропагандалау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының негіздерін түсіндіру,

-Республиканың жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы бойынша лекциялар курсын еңгізу.

-Құқық қорғау органдарының бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыс орнату.

- Құқық қорғау органдарының абыройы мен даңқын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көтеру, азаматтардың отан сүйгіш сезімдерін ояту, қылмыскерлерді жазалау.

-Басқа мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдармаларын попуяризациялау» [11] .

Жоғарыда аталып өтілген статистикаға сүйене біз парақорлық қылмыстарының даму тенденциясын көрдік және де құқыққорғау органдарының қызметкерлерінің өздері сыбайлас жемқорлықпен күресе отырып, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңын бұзады. Тағы да айта кететін жәйт, құқыққорғау мен басқа мемлекет органдарындағы қызметкерлерінің парақорлық белгілерімен күресудің алғышарттары туралы айтылып өтілді.

2бөлім. Парақорлықтың қылмыстық-құқықтық және криминалистикалық мінездемесі.

2. 1. Парақорлықтың қылмыстық-құқықтық мінездемесі.

Парақорлық сыбайлас жемқорлықтың құрамдас бөлігі ретінде өз құрамына үш қылмыс құрамын енгізеді:

  1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 311 бабымен көзделген «Пара алу» қылмыс құрамы.
  2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 312 бабымен көзделген «Пара беру» қылмыс құрамы.
  3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 313 бабымен көзделген «Парақорлыққа делдал болу» қылмыс құрамы.

Енді осы жоғары атап өткен парақорлықтың үш қылмыстық құрамының объектілерін және объективтік жақтарын ашып өтуіміз қажет.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 311 бабымен көзделген «Пара алу» қылмыс құрамының, 312 бабымен көзделген «Пара беру» қылмыс құрамының, 313 бабымен көзделген «Парақорлыққа делдал болу» қылмыс құрамының тікелей объектісі ретінде мемлекет қызметі мен мемлекет басқарудың мүдделері болып табылады.

Парақорлықтың заты ретінде ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, мүлікке құқығы немесе мүлік сипатындағыпайда болып табылады [12] .

Ақша пара заты ретінде Қазақстан Республикасының ақшалай белгілерімен қоса басқа мемлекеттердің ақшалай белгілері шыға алады. Ақшалай белгілердің параның затына жатқызудың ең басты белгісі болып белгілі бір мемлекеттің қаржылық айналымында сол ақшалай белгілердің болуы табылады. Айналымнан шығып кеткен ақша, тиындар да, ассигнациялар да, егер олар нумизматикалық құндылықты иеленсе немесе егер тиындардың материалдарының құндылығы болса (мысалы, күміс, алтын және тағы да басқа), онда жоғары аталып өткен тиындар мен ассигнацияларды пара затына жатқызуға болады. Бұл жағдайда айналымнан шығып кеткен ақшалай белгілер «өзге де мүлік» ретіндегі пара заты болып табылады.

Пара заты ретіндегі бағалы қағаздар ретінде мүліктік құқықтарды куәландыратын құжаттар түсініледі (акциялар, облигациялар, векселдер, чектер, депозиттік сертификаттар, коносаменттер және де тағы да басқа) .

Пара заты ретіндегі өзге де мүлік ретінде материалдық құндылығы бар заттар шығады (зергерлік бұйымдар, авто транспорттық көліктер, тұрмыстық және басқа техника, киім - кешек, азық - түлік, жиһаз және тағы да басқа) .

Пара заты ретіндегі мүлікке құқығы ретінде белгілі бір тұлғаны мүлікті иелену, иемдену, басқару құқықтары қамтамасыз ету болып таылады. Мысалы, автотранспорттық көлікті жүргізу құқығына сенім хат беру және тағы да басқа.

Пара заты ретіндегі мүлік сипатындағы пайда ретінде өтелімсіз негізінде немесе айғақты төмендетілген баға негізінде пара алушыға материалдық сипатындағы қызметтер істеуді жатқызады.

Жалпы ережелер бойынша лауазымды тұлғаның іс - қимылында парақорлыққа жатқызылатын қылмыс құрамының барын немесе жоғын шешу үшін пара алған пара мөлшерінің маңызы жоқ. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 9 бабы екінші бөліміндегі көрсетілген ережелер Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 311 бабы мен 312 бабының іс- әрекеттеріне жатқызуға болады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 9 бабында келесі көзделген: «Осы Кодекстің Ерекше бөлімінде көзделген қасыбір әрекеттің белгілері формальды болса да, бірақ елеулі маңызы болмағандықтан қоғамдық қауіпті емес, яғни жеке адамға, қоғамға және мемлекетке зиян келтірмеген және зиян келтіру қаупін туғызбаған іс - әрекет немесе әрекетсіздік қылмыс болып табылмайды». Соған байланысты заң шығарушы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 311 бабының екінші ескертуінде және де 312 бабының бірінші ескертуінде ескерткен: «Егер сыйлықтың құны екі айлық есептік көрсеткіштен аспаса, мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның бірінші рет сыйлық ретінде мүлік, мүлікке немесе өзге де мүліктік пайдаға құқық алуы (беруі) бұрын жасалған заңды әрекеті (әрекетсіздігі) үшін алдын ала уағдаластық болмаған жағдайда маңызы аз екендігіне байланысты қылмыс болып табылмайды және тәртіптік ретпен қудаланады.

Бұл жерде Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 311 бабының екінші ескертуі және де 312 бабының бірінші ескертуінде көрсетілген сыйлық мөлшері мен Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 510 бабында көрсетілген сыйлық мөлшерінің арасындағы қарама - қайшылықтарды көреміз. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің «Сыйға тартуды шектеу» атты 510 бабында келесідегідей жазылған: «Заты шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығына жататын заңды тұлға, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, меншік иесінің келісімімен өзінің затын сатуға құқылы. Бұл шектеу құны заң актілерінде белгіленген он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын әдеттегі сыйлықтарға қолданылмайды» [13] .

Бұл жерде Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 311 бабымен көзделген қылмыс құрамының объективтік жағы мемелекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның немесе оған теңестірілген адамның өзі немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс - әрекеті (әрекетсіздігі) үшін, егер мұндай іс - әрекет (әрекетсіздік) мемелекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның немесе оған теңестірілген адамның қызметтік өкілеттігіне кіретін болса не ол қызметтік жағдайына байланысты осындай іс - әрекетке (әрекетсіздікке) мүмкіндік жасаса, сол сияқты жалпы қамқоршылығы немесе қызметі бойынша жол берсе болып табылады.

Пара алу әртүрлі нысанда жасалына алады: заттай, ақшалай немесе мүлікке құқығы, не мүлік сипатындағы пайда түрінде алуы және тағы да басқа.

Аталған қылмыс құрамының міндетті белгісі ретінде мемелекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның немесе оған теңестірілген адамның әрекетімен, пара берушінің немесе оған делдал адамның арасындағы келісімдік байланысы болуы қажет. Соның ішінде бұл әрекет (әрекетсіздік), пара алушы лауазымды адамның қызмет жағдайымен байланысты (мысалы, тергеуші өзінің жүргізуіндегі қылмыстық ісін тоқтатуы) болатындығында. Кейбір жағдайда қызметтің лауазымдық жағдайымен байланыссыз тұрғыдағы пара алуы орын алады (мысалы, аудан әкімі өзінің дәрежесін пайдаланып субъектінің салық төлеу жауаптылығынан босатуы) .

Пара алу тек нақты келісімді әрекеттермен ғана емес, сонымен қатар қамқоршылық немесе қызметі бойынша жол беру (еңбектік тәртіп бұзғандығын ескермеу, жасырып қалуы және тағы да басқа) арқылы жасалынады.

Пара алу қылмыстың формальды құрамына жатады. Қылмыс пара алушының пара алған сәтінен, яғни сол пара алғандығы үшін пара берушіге қажетті жағдайларды жасауы немесе толық орындалуына қарамастан аяқталады.

Осыған сәйкес пара алушы, параның толық немесе жартылай алғандығының маңыздылығының жоқ екендігін біле алмауы мүмкін. Демек, заң бойынша ешқандай маңыздылығы жоқ.

Егер пара жартылай алынып, бірақ ірі мөлшерде деп танылса, онда мұндай жағдайда ол ірі мөлшердегі пара алуға оқталу деп ескеріленеді. Сол сияқты жалған ақша, не болмаса адамға байланысты емес мән - жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, пара алуға оқталу деп ескеріленеді (мысалы, әрекеттің құқық қорғау органдарымен тоқтатылуы) [14, 11 тармақшасы] .

Мүлікке немесе өзге мүліктік пайдаға құқық алуы бұрын жағдайда, оның қылмыстық жауаптылыққа маңыздылығы болмайды.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 312 бабымен көзделген «Пара беру» қылмыс құрамының объектісі Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 311 бабының объектісімен толықтай ұқсас болып келеді.

Жоғарыда атап өткеніміздей Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 312 бабының бірінші ескертуінде белгілінгендей, мемлекеттік қызметер атқаруға уәкілетті адамға немесе оған теңестірілген адамға оның бұрын жасаған іс - әрекеті (әрекетсіздігі) үшін екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада немесе құны сондай алғаш рет сыйлық беру, егер лауазымды адам жасаған іс - әрекет (әрекетсіздік) алдын ала уағдаластықпен байланысты болмаса, қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырмайды.

Қылмыстың объективтік жағы болып мемлекеттік қызметер атқаруға уәкілетті адамға немесе оған теңестірілген тікелей немесе делдал арқылы пара беруі танылады. Аталған қылмыс құрамы формальды болып табылады. Пара беру лауазымды адамның параны толық немесе жарым - жартылай алғанына қарамастан немесе сол пара берушіге қажетті жағдайларды толық түрде орындалуына байланысты болмаса да, яғни сол параны берген сәттен қылмыс аяқталған болып саналады.

Егер мемлекеттік қызметер атқаруға уәкілетті адамның немесе оған теңестірілген адамның пара берушімен пара алуы туралы келісім жоқ болса немесе параны қабыл алмаса, мұндай жағдайда пара беруге оқталу, не Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 349 бабымен көзделген параға немесе сатып алуға арандату болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Парақорлықты тергеу әдістемесі
Парақорлықтағы делдалдық
Пара берудің криминологиялық сипаттамасы
Парақорлық делдалдығының қылмысты - құқықтық сипаттамасы
Сыбайлас жемқорлықтың ұғымы мен мәні
Парақорлыққа қатысты әр түрлі қайнар көздерін бір ауызға келтіріп нақты түсінік беру
Парақорлық қылмыстар
Қылмыстарды тергеудегі іздеу тактикасының теориялық және қолданбалық мәселелері
Тонау қылмыстарын тергеу
Денсаулыққа қасақана зардап келтіруді тергеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz