Әлеуметтік психологияның мақсаты мен міндеттері жайлы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақста Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университіті

Пән:Жас ерекшелік психологиясы

Тақырыбы:Әлеуметтік психологияның мақсаты мен міндеттері

Орындаған:Дуйсенова Е. Х

Группа:ПХ-415

Тексерген: Бураханова А. Т

Семей2015-11-13

Әлеуметтік психологияның мақсаты мен міндеттері.

1. Әлеумет- . . .

2. Әлеуметтік психология мақсаты

3. Әлеуметтік психологияның міндеттері

4. Қорытынды:

Әлеуметтік психология

Әлеуметтік немесе қоғамдық психология (гр. psyche - жан және logos - сөз, түсінік, ілім) - әлеуметтік топтарға қосылуымен байланысты адамдардың қызметі мен пәнінің заңдылықтарын, сонымен қоса ол топтардың өздерінің рухани ерекшеліктерін зерттейтін жантану ғылымдарының саласы.

Әлеуметтік психология отбасының, ұжымның, таптың, ұлттың, тағы да басқа адамдардың тұрған жеріне, кәсібіне, қоғамдағы алатын орнына қарай жіктелетін топтарының психологиясын зерттейді. Әлеуметтік психология қоғамда болып жатқан саяси-әлеуметтік құбылыстардың сырын түсінуге, олардан қорытынды шығарып, қоғамның даму бағытын айқындауға, ірі топтарды және тұтас қоғамды басқаруға, бағыттарды, шараларды айқындай отырып, оны стратегиялы дұрыс жолға салып отыруға көмектеседі. Сондықтан ғалымдар бұл ғылымның болашағы зор, XXI ғасырда жетекші орындарға шығады деп есептейді.

Әлеуметтік психологияның негізгі бөлімдеріне мыналар жатады:

324352_derflagl.jpg *Социология қоғамның, топтың және жеке адамның құндылықтары мен нормаларының сипатын қарастырады.

*Әлеуметтік психология сол адамдар өмір сүретін микро және макроортаның әсерін ескере отырып, олардың қалыптасуының нақты механизмдерін және тұлғаның дара ерекшеліктерін зерттейді.

Әлеуметтік психологияның пайда болу тарихы:

Әлеуметтік психологияның философия құрамында ұзаққа созылған даму тарихы бар. Батыста XVIII ғасырдағы ағартушылық кезеңде оған көбірек көңіл бөліне бастады.

Әлеуметтік пснхологияның дербес ғылым ретінде пайда болуын

1908 жыл деп санайды, осы жылы ағылшын психологы

В. Макдугалдьщ (1871-1938) “Әлеуметтік психологияға кіріспе”

еңбегі Европада басылып шықса, Америкада социолог Э. Росстың

“Әлеуметтік психология” деген еңбегі де жарық көрді.

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында әлеуметтік психология жеке ғылым саласы ретінде орнықты.

XX ғасырдың 20-жылдарынан бастап әлеуметтік психология АҚШ, Англия, Германия, Франция, Жапония сияқты дамыған елдердегі психология ғылымының жетекші бағытына айналды.

Әлеуметтік психология бұрынғы Кеңес Одағында да көп көңіл

бөлінген. Кеңес билігі тұсында бұл ғылым жетекші салаға айналды. Кеңестік әлеуметтік психологтардың зерттеулерінде тұлға және ұжым мәселелері Батыстағыдай топ динамикасы заңдылықтарынан өзгеше бағдарда алынып, ерекше теориялық құрылғыда қарастырылды. Ұлттардың және өзге ірі әлеуметтік топтардың психологиясы зерттелді.

Әлеуметтік психологияның зерттеу объектісі:

Ғылым саласы ретіндегі әлеуметтік психологияның зерттеу объектісіне мыналар жатады :

i.jpg *адамдар арасындағы ақпарат алмасу

өзара әрекеттесу заңдылықтары

* атап айтқанда, қоғамдық және тұлғааралық қатынастар құрылымындағы жүздесудің рөлі, оның құрылымы, атқаратын қызметі, жүздесу үдерісінде әсер ету амалдары ;

KTS_7085.jpg aliamkoza4.jpg

*таптар мен ұлттар сияқты ірі және еңбек ұжымы мен отбасы сияқты шағын әлеуметтік топтардың психологиялық мінездемелерін ажыратып зерттейді .

*Қоғамдық зандылықтар, адамдар іс әрекеті, адамдардың мінез-құлқы,

психологиялық ерекшеліктеріне байланысты болса, екіншіден

адамдардың қарым-қатынасында, іс-әрекетінің барысыда ерекше

байланыс, өзара әсерлесу, ерекше қарым-қатынас типтері пайда

болады, ал оларды талдау психология білімінің жүйесін білмейінше

мүмкін емес екені анық.

Әлеуметтік психологияның екіжақтылығы, бұл пәннің осы екі

ғылымның - психология мен социологияның қойнауынан дамып,

жеке пәнге айналуымен байланысты.

Әлеуметтік психологияньң жеке түлға психологиясымен де

түйісетін жерлері бар.

Екеуінің де негізгі қарастыратын міндеті - иңдивид, жеке тұлғаны

зерттейтін психологтар индивидтердің ішінара жекедаралық

механизмдері мен олардың бір-бірінен ерекшеліктеріне көңіл

аударса, әлеуметтік психология индивидтерден тұратын адамдар

тобы тұтастай алғанда бір-бірін қалай бағалайды, біріне бірі қалай

әсер етеді деген мәселемен айналысады.

Адамның социумдағы мінез-құлқы зерттеуге де, болжауға да күрделі құбылыс болғандықган, элі де болса ондай теория жасалыну үстінде.

Қазіргі таңда толығымен мақұлданған элеуметтік психология

пэнінің анықгамасы жасалына қойған жоқ. Көбінесе, элеуметтік

психологияның пэні әртүрлі элеуметтік топтарға кіріктірілген

адамдардың қарым-қатынасьгаың заңдылықтарын, жэне де сол

топтардың өзінің психологиялық сипаттамаларын зерттейтін ғылым

деген көзқарас басым.

«Әлеуметтік психология» міндеттерге бөлінуі:

1. Әлеуметтік психологияның пәні және әдістері

Жалпы психология және әлеуметтану - әлеуметтік психологияның «ата-анасы». әлеуметтік психологияның пәні туралы революциялық ойлар. Әлеуметтік психологияның зерттеу аймағы. Әлеуметтік психологияның басқа пәндермен байланысы және гуманитарлы ғылымдар жүйесінде алатын орны. Адамның және қоғамның қазіргі мәселелерін қарастыратын әлеуметтік психология.

Әлеуметтік-психологиялық зерттеу әдістерінің жалпы сипаттамасы: сұрақтама, бақылау, документтерді талдау. Әлеуметтік психологиядағы эксперименттің негізгі түрлері және спецификасы. Әлеуметтік-психологиялық әсер етудің белсенді әдістері: мазмұны, түрлері, мүмкіншіліктері мен шектеулері. Әлеуметтік-психологиялық тренинг және оның түрлері. Топтық дискуссия.

Соның ішінде кең таралған спецификациясы яғни кеңес беру .

images.jpg

Кеңес беру әлеуметтік жұмыстардың маңызды әдісі мен технологиясы болып табылады.

Кеңес беру - бұл іс барысында маманның өтініш жасаған адамға пайда болған мәселелердің мәнін түсіндіріп және ұғындыратын, сондай-ақ оны шешу үшін қолдануға болатын түрлі амалдарды ұсынатын әлеуметтік жұмыс түрі.

Мақсаты бойынша бірі-біріне ұқсас және кіәсіптік қызмет түрлерінің техникасы- консалтинг, психотерапия, психокоррекция сияқты бір-біріне жақын кеңес беру түрлерін бөліп қарау қажет.

Әлеуметтік қызметтте, әсіресе отбасымен жұмыс жүргізгенде, психологиялық кеңес беру пайдаланылады, яғни «адамдарға ықпал етудің негізгі жолы - әғгіме-дүкен құру қажет болып табылатын,

index.jpg

тұлғалар арасындағы қатынастардың қиыншылықтарына байланысты әрқилы психологиялық мәселелерді шешуге бағытталған тікелей жұмыстар жүргізу». Психологиялық кеңес беру өтініш иесіне ең алдымен оның тұлғааралық қатынастарын қайта құруға, ал психокоррекциялық немесе психотерапиялық ықпал ету негізінен өмірі қиындықтары мен шиеленістері негізіне жататын адамның ішкі мәселелерін шешуге бағытталған.

Кез келген кеңестік көмек көрсету өтініш берушінің қажеттілігіне негізделуі тиіс. Бұл тұрғыдан алғанда екі негізгі мақсат туралы айтуға болады:

1) өтініш иесінің жеке өмір сүруіне ие болуының тиімділігін арттыру;

2) өтініш иесінің проблемалық жағдайды және қолдағы мүмкіндігін молайту қабілетін дамыта түсу.

Кеңес беру мақсатының қорытындысы - өтініш берушіні өзіне-өзі көмектесуіне үйрету және осылайша оны өзіне-өзі кеңесші бола білуіне баулу.

Сұраныстың сипатына немесе мәселенің түріне қарамастан негізіне өзгерту идеясы жататын кеңес беру өткізудің 4 негізгі стратегиясы бар:

1) жағдайдың өзін өзгерту; 2) жағдайға бейімделу үшін өзін өзгерту;

3) оның жағдайдан шығуы; 4) сол жағдайда өмір сүру жолдарын таба білу.

Қазіргі әлеуметтік қызметте кеңес берудің Дж. Иген моделі кеңірек тараған. Дж. Иген кеңес беруді «мәселелердің менеджементі» ретінде, яғни мәселелерді басқарушы ретінде (нақ «шешім» емес, проблемалардың бәрі бірдей толығымен шешіле қоймауы мүмкін) қарастырып және кеңес алушыға көмек көрсетудің негізгісі үшеу болып табылатын 9 сатыға бөледі:

мәселелерді анықтау мен айқындау:

кеңес алушының өзінің тарихын мазмсұндауға көмектесу;

орнықтыру шоғырландыру мақсаттарды қалыптастыру жаңа көріністер мен мақсаттар жиынтығын жасау мақсаттарды бағалау нақты бір әрекеттер үшін мақсат таңдау әрекеттерді жүзеге асыру әрекеттердің стратегиясын жасау стратегияны таңдау; стратегияны жүзеге асыру.

2. Әлеуметтік психологиядағы қарым-қатынас түсінігі, оның құрылымы, түрлері мен қызметтері

Қарым-қатынастың құрылымы, мазмұны, формалары мен механизмдері. Қарым-қатынастың негізгі жақтары: коммуникативті (вербалды және вербалды емес қарым-қатынас), интерактивті, перцептивті.

Қарым-қатынас кезінде болатын қиындықтар мен кедергілер. Деструктивті қарым-қатынас туралы ұғым. Сәтті қарым-қатынастың негізгі факторы.

Тұлғааралық қарым-қатынасты зерттеудің негізгі бағыттары (В. Н. Куницына) . Қарым-қатынас және тұлғааралық қатынас.

3. Кіші топтың әлеуметтік-психологиялық феномені (лидерлік, шешім қабылдау, конформизм, адаптация) .

Кіші топ туралы ұғым және оның жіктемесі.

Тұлға мен қоғам қатынасы тұтастығы кіші топты әлеуметтік-психологиялық зерттеу мәселесі ретінде (Н. Триплет, В. Меде, В. М. Бехтеров және т. б. ) . Топтағы тәртіп қалыптастыру мәселесі (М. Шериф, Т. Ньюком және т. б. ) . Топтық әсер етулердің механизмдері мен тәсілдері. «Конформизм» феномені (С. Аш, Р. Крачфилд және т. б. ) . Ұйымдастырушы құрылымдардағы тұлға: авторитетке бағыну феномені (Ст. Милгрэм) .

Тұлғаның топқа бейімделу кезіндегі әлеуметтік-психологиялық заңдылықтар. Лидерлік және басшыдық топ өмір сүру барысын басқарушы феномен ретінде. Лидер тұлғасын әлеуметтік-психологиялық зерттеудегі негізгі теориялық подходтар. Топтық шешім қабылдау процесі. «Топтық өрістендіру» құбылысы. Топтық дискуссия, «брейнсторминг» топтық шешімдердің тиімділігін арттыру әдісі ретінде.

4. Кіші топтың әлеуметтік-психологиялық құрылымы.

Кіші топ ұғымы және оның құрылымы (құрамына байланысты) . Кіші топ жіктелетін құрылымдар: билік құрылымы, коммуникация, қарым-қатынас. Топ дамушы жүйе ретінде.

5. Үлкен топтың әлеуметтік-психологиялық құрылымы. Психикалық құбылыстың массалылығы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Индивидуалды айырмашылық психологиясы
Психика обьективті дүниенің субьективті бейнесі
Психология пәні, оның міндеттері, даму тарихы
Психология ғылымы және оның зерттейтін пәні мен міндеттері
Қазіргі заман психологиясы және міндеттері
Психолог тәжірибешілер жұмыс істеу процесі
Менеджмент психологиясы жайлы лекциялар
Эксперименталды психология. ДӘРІСТІК КЕШЕН
Психология ғылымының салалары, әдістері
Психология ғылымының зерттеу әдістері мен салаларын анықтау әдістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz