Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия жайлы мәлімет


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

Аграрлық Факультеті «Ветеринарлық Медицина» Кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия. 1. Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану. 2. Әлемдегі және қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі (2014-2015 ж. ) 3. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу.

Орындаған: Ахмадиева А. Ж.

Тексерген: Мурзалимова А. К.

Тобы: ВМ - 401.

Семей, 2015 жыл.

Жоспары:

Кіріспе.

Негізгі бөлім.

1. Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия.

2. Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану.

3. Әлемдегі және қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі (2014-2015 ж. )

4. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1. Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия.

Синэкология (грек тілінен аударғанда syn - бірге) - әр түрге жататын өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизм популяцияларының ассоциацияларын (биоценоздар), олардың калыптасу жолдары мен қоршаған ортамен өзара әсерін зерттейтін экологияның бөлімі. Жеке ғылыми бағыт ретінде синэкология 1910 жылы Халықаралық ботаникалық конгресте бөлініп шықты. «Синэкология» ұғымын ғылымға енгізген швейцар ботанигі К. Шретер болып есептеледі.

Әр түрдің популяцияларының макрожүйелерге бірігуінен - бірлестіктер немесе биоценоздар түзіледі.

Биоценоз (грек тілінен bios - өмір, koinos - жалпы орган) - қоршаған ортаның бірдей жағдайында бірге тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдер популяцияларының жиынтығы. «Биоценоз» ұғымын 1877 жылы неміс зоологы К. Мебиус (1825-1908) ұсынды. Ешқандай биоценоз қоршаған ортадан тәуелсіз, не одан тыс өздігінен дами алмайды. Нәтижесінде жеке бөліктерінің күрделі өзара әсерлері қалыптасқан, тірі және өлі компоненттерінің жиынтығынан тұратын белгілі бір комплекстер түзіледі. Белгілі бір дәрежеде бір текті жағдайлармен сипатталатын, ағзалардың белгілі бір бірлестігімен (биоценоз) қоныстандырылған кеңістік - биотоп (грек тілінен аударғанда topos - орын) деп аталады. Егер биотопты биоценоз өмір сүретін орын ретінде сипаттасақ онда биоценозды белгілі бір нақты биотопқа тән, тарихи қалыптасқан ағзалар комплексі деп қарастыруга болады.

Кез келген биоценоз биотопнен бірігіп, одан да жоғары деңгейдегі биологиялық жүйе - биогеоценозды түзеді. «Биогеоценоз» ұғымын 1940 жылы Н. Сукачев ұсынған. В. И. Сукачев (1880- 1967) биогеоценозға мынадай анықтама берген. «Жер бетінің белгілі бір бөлігінде табиғи жағдайлары белгілі бір бөлігінде біртекті (атмосфера, тау жыныстары, өсімдіктер, жануарлар әлемі, микроорганизмдер дүниесі, топырақ және гидрологиялық жағдайлар) бірлестік, ол өзін құрайтын компоненттердің өзара әсерлесу ерекшеліктерімен, белгілі бір зат және энергия алмасуымен, басқа да табиғат құбылыстарымен, ішкі қарама-қайшылықты біртұтастықпен сипатталатын, үнемі қозғалыста, дамуда болатын жиынтық». «Биогеоценоз» ұғымы шет елдерде кеңінен таралған, 1935 жылы А. Тенсли ұсынған «экожүйе» ұғымына жақын. Экожүйе дегеніміз - зат, энергия және ақпараттар алмасу нәтижесінде біртұтас ретінде тіршілік ететін кез келген өзара әрекеттесуші тірі ағзалар мен қоршаған орта жағдайларының жиынтығы.

Кейбір ғалымдардың көзқарасы бойынша «биогеоценоз» ұғымының мазмұны негізінен зерттеліп отырған макрожүйенің кұрылымдық сипаттамасын берсе, ал «экожүйе» ұғымы ең алдымен оның функционалдық мәнін көрсетеді. Экожүйеге құмырсқа илеуі, орманның бір бөлігі, тұтас орман, космос кораблінің кабинасы, ландшафт және бүкіл биосфераның өзі мысал бола алады. Жалпы алғанда биогеоценоз экожүйеге қатысты жекеден жалпыға карай қатынаста болады. Табиғи экожүйелер көлемі бойынша әр түрлі болуы мүмкін: су қоймасы, мұхит, шалғындық орман, тайга, дала.

Экожүйе - ағзалар мен абиотикалық ортадан, олардың әрқайсысы бір-біріне әсер ететін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі. Экожүйенің тіршілік етуі тірі ағзалар жиынтығы мен ортаның арасында зат, энергия және ақпарат алмасуымен байланысты.

Ағзалар бейорганикалық ортадан химиялық элементтер мен олардың қосылыстарының таралуының ерекшеліктері туралы ақпарат алады. Бейорганикалық орта тірі ағзалардан олардың метаболизмінің (зат алмасуы) өнімдері туралы ақпарат алады. Tipi ағзалар да бір-бірімен, азық қорының болуы, жыныстык әріптесіне, агрессия және ақпарат береді. Табиғаттағы ақпараттық байланыстар кеңістік және уақытпен шектеледі. Зат немесе құбылыстың ақпараттың бағалылығы ондағы ақпараттың санына емес, кім немесе ненің бұл ақпаратты пайдалануына байланысты. Кейбір зерттеушілер тірі жүйелердің ұйымдасуын бақылау үшін ақпараттың математикалық ілім әрпін шығаруға талпынған. Бірақ академик В. А. Энгельгард атап көрсеткендей, акпараттар ілімнің математикалық аспектілері тіршілік құбылыстарының элементарлық негіздерін анализдеуге әлі де болса сәйкес келмейді.

Биоценоздың түрлік құрылымы . Әрбір биоценоздың өзіндік түрлік құрамы қалыптасқан. Сондықтан биоценозда бір түрдің популяциялары өте көп болса, екіншілері керісінше аз болуы мүмкін. Осыған байланысты биоценоз ондағы түрлердің санымен және сапасымен сипатталады.

Биоценоздың түрлік құрылымы деп ондағы түрлердің алуан-түрлілігін және олардың салмақтары мен сандық мөлшерінің арақатынасын айтады. Түрге бай және кедей биоценоз түрлері бар. Жылуы аз полярлық арктикалық шөлдерде және солтүстік туындыраларда, ылғалы жеткіліксіз ыстық шөлді аймақтарда, қатты ластанған ақба суларда - бір немессе бірнеше факторлардың орташа оптималды мөлшерден ауытқыған орталарда қауымдастықтар түрге жұтаң, кедей болады. Мұндай ортаның қолайсыз жағдайында тек аз ғана түрлер тірішлік ете алады. Сондай-ақ жиі-жиі өзгерістерге ұшырап тұартын, мысалы, жыл сайын өзендердің арнасынан шығып су басып қалатын, гербицидтер қолданылып, жер жыртылатын егістіктерде немесе басқа да антропогендік әсерлерге ұшырап отыратын биоценоздарда да түрлік құрам төмен болады. Керісінше, ортаның абиотикалық факторлары оптималға жақын жерлердің бәрінде биоценоздар түрлік құрамға бай болады. Бұларға мысал ретінде тропикалық ормандарды, маржанды рифтерді, шөлді аймақтардағы өзен аңғарларын айтуға болады.

Микроскопиялық организмдер болуына және көптеген топтардың систематикасының толық құрастырылмағанына байланысты биоценоздағы түрлердің санын білу өте қиын. Биоценоз құрамына кіретін түрлердің санымен қатар, түрлік құрылымына сипаттама беру үшін олардың сандық мөлшерін де білген дұрыс. Саны жағынан көп түрлер доминантты болып есептеледі. Мысалы, біздің шыршалы ормандарда шырша доминант, сол сияқты шөптесін өсімдіктер жамылғысының өз доминант түрі, құстар мен кемірушілер арасында да өз доминанттары болады.

Қауымдастықта доминанттар «түрлік негізін» құрайды. Алайда барлық доминант түрлер биоценозға әсер ете бермейді. Осы түрлердің ішінде тіршілігі барысында қауымдастық үшін негізінен орта құрайтын, ол болмаса басқа түрлердің тіршілік етуі қиын болатын түрлер болады. Мұндай түрлерді эдификаторлар деп атайды. Биоценоздан эдификатор-түр алынса, ортаның физикалық өзгеруіне, бірінші кезекте биотоптың микроклиматына әсер етіледі.

Биоценоздың түрлік құрамындағы жеке бір түрдің рөлін білу үшін сандық есепке негізделген әртүрлі көрсеткіштерді пайдаланады. Белгілі бір көлемдегі немесе кеңістіктегі бір түрге жататын особьтардың санын - түрдің молдығы деп атайды. Кейде түрдің молдығын есептеу үшін особьтар санының орнына олардың жалпы салмағының мәнін есептейді. Биоценоздағы түрлердің бірқалыпты немесе әрқалай таралуын кез болудың жиілігі деп атайды. Ол алаңқайдағы есептелген санның пайыздық қатынасы ретінде есептеледі.

Биоценоздың кеңістіктегі құрылымы . Биоценоздың кеңістіктегі құрылымы ондағы өсімдіктер жабынымен (фитоценоз) - өсімдіктердің жер асты және жер үсті мүшелері салмақтарының бөлінуі бойынша анықталады.

Биоценоздарға организмдер алғаш рет қоныстанғаннан бастап көптеген экологиялық факторлаға байланысты орналасады. Организмдер жердің рельефіне қарай горизонтальды (көлденең) немесе вертикальды (тігінен) бағытта орналасуы мүмкін. Ол үшін әрбір жеке түр бір-біріне кедергі келтірмеуі тиіс. Соның биоценоздағы бір көрінісі - ярустылық (қатарлық) . Ярустылық - биоценоздардың биіктік бойынша жиіктелуі. Тіпті ярустылық жер асты бөлімдерінде де байқалады. Әрбір ярусқа тән оның микроклиматы, түрлік құрамы, бейімделу белгілері жіктелген.

Орманды биогеоценоздың ярустылығы. Биіктігі әртүрлі өсімдіктер өсетін фитоценоздан анық білінетін ярустылық бөлінуді байқауға болады: ассимиляция жүретін өсімдіктердің жер үсті мүшелері және олардың жер асты бөліктері бірнеше қабат болып орналасады.

Жалпақ жапырақты ормандарда 5-6 ярусты ажыратуға болады: І немесе жоғарғы ярус үлкен ағаштардан (емен, жөке, үйеңкі т. б. ) құралған; II ярус - басқа ағаштардан (шетен, алма, алмұрт, тал, т. б. ) құралған; III яросты бұталар (шие, итмұрын, т. б. ) құраса; IV ярус - биік шөптесін өсімдіктерден (тобылғы, сасыр) ; V ярус - олардан аласа өсімдіктерден (қымыздық, шайқурай) ; ал VI ярусты өте аласа өсімдіктер (қына, мүктер) құрайды. Тіпті ярустылықты жер асты бөлімдерінде айқындауға болады. Әрбір ярусқа тән оның микроклиматы, түрлік құрамы, бейімделу белгілері жіктелген.

Топырақтағы, судағы организмдерден де өзіне тән ярустылықты байқауға болады. Бірақ, мұңдағы экологиялық факторлар мен талаптар әр түрлі болуы мүмкін. Сол сияқты ярустылық заңына бағынбайтын түрлер де бар. Мәселен, олардың қатарына көптеген паразиттерді, ірі аңдар мен құстарды жатқызуға болады.

Биоценоздың экологиялық құрылымы . Әрбір биоценоз организмдердің белгілі бір экологиялық топтарынан тұрады. Олар көбінесе ылғал, жарық, қореқ т. б. факторларға байланысты жіктеліп отырады және өзіндік қызмет атқарады. Экологиялық құрылым - биоценоздағы түрлерді, жиынтығы мен кеңістігі арқылы ситтталады. Биоценоз - уақыт пен кеңістікке қатысты және антропогендік факторларға байланысты өзгеріп отырады. Сондықтан биоценоздардың жәй және күрделі типтерін ажыратуға болады. Мәселен, тропика биоценоздары мен Қазақстанның орманды -дала биоценоздарын ешбір салыстыруға болмайды. Олар бір-бірімен түрдің көптүрлілігімен де, биомассамен де ерекшеленеді. Атап айтқанда, шөл-шелейтті, тұндыра биоценоздары жәй биоценоздар қатарына жатады, ал орман, орманды дала, тропикалық биоценоздары күрделі биоценоздар болып есептеледі. Су биоценоздары құрлықпен салыстырғанда қарапайым болып келеді. Ол көбінесе су жүйесінде құрлықтағыдай атмосфера мен топырақтың болмауы, әрі жетекші факторлардың (жарық, температура, қорек, қысым, оттегі, т. б) бірегей болмауы үлкен роль атқаратыны белгілі.

Ұқсас биоценоздарда бірдей қызмет атқаратын түрлерді орнын басатын (викарирующие) түрлері деп атайды. Құрғақ аридті аймақта өсімдіктер жамылғысында склерофиттер мен суккуленттердің, ал ылғалы мол биотоптарда гигрофиттердің, тіиті гигрофиттердің басым болуы - табиғи заңдылық.

Биотикалык қарым-қатынастардың түрлері . Биоценозда әр түрлі түрлер арасында белгілі бір қарым-қатынастар қалыптасады. Оның негізі қоректік тізбектерге байланысты екені белгілі. Десе де, организмдер арасындағы кеңістік қарым-қатынастар да негізгі роль атқарады.

Бәсекелестік - бір немесе бірнеше түрге жататын организмдердің өзара қореқ тұрағы, т. б. ресурстардың жетіспеушілік жағдайындағы қарым-қатынастарының көрінісі. Кезінде Ч. Дарвин түр ішіндегі бәсекелестікті тіршілік үшін күрестің маңызды әрі жоғарғы формасы ретінде бағалаған. Бұл көрініс өсімдіктер мен жануарлар арасында жиі байқалады. Мәселен, кәдімгі шыршалардың өздігінен сиреуі немесе құмырсқалардың қырылу популяциясын реттеуі жатады.

Түраралық бәсекелестік әр түрге жататын түрлер арасында болады. Ол бірде айқын білінсе, бірде пассивті көрінеді. Сондықтан эколог Г. Ф. Гаузенің зерттеулері бойынша екі түрге жататын популяциялар еш уақытта бір жерде өмір сүре алмайды. Оның біреуі активті түр ретінде басымдылық көрсетіп, екіншісін ығыстырады немесе жойып жібереді. Бұл, әрине, қоректік ресурсқа тәуелді болған жағдайда іске асады. Кейбір жағдайда бәсекелестік қоректік фактор арқылы емес басқа да (мінез-құлық, тұрағы үшін, территория, т. б. ) факторлардың жетіспейтінінен де болады.

Жыртқыштық - қорек, аумақ, т. б. ресурстар үшін бірін-бірі өлтіру, қуу, жеу арқылы көрініс береді. Жыртқыштық түрлер арасында болатын қарым-қатынастардың ең жоғарғы формасы. Қорегін тауып жеуі бойынша олар бірнеше категорияларға бөлінеді: 1) нағыз жыртқыштық; 2) жинап жеу; 3) жайылып қоректену. Қоректену әдістерінің әртүрлі болуына қарамастан организмдер бір- бірімен көптеген ауыспалы түрлері арқылы да байланыста болады. Жыртқыштық организмдер үшін оңайға түспейді. Ол үшін жыртқыш жемтігін алдымен іздеп тауып ұстауы қажет. Ал, жемтік өз кезегінде жауына деген қорғаныс қабілеті немесе жоғары бейімделушілік қасиетке ие болады. Бұл құбылыстар ғасырлар бойы дамып, организм бойыңда морфологиялық, физиология, биохимиялық т. б. өзгерістер болуы мүмкін. Олар өсімдіктерде тікен, қабық, жағымсыз иіс түрінде білінсе, ал жануарлар дүниесінде улы бездер, панцирлер, қорғаныс түстер, мінез-құлқының өзгеруі, түрін өзгерту, денесінің кейбір мүшесін бөліп тастау, қашып кету, жасырыну, т. б. құбылыстар арқылы жүзеге асады. Тіпті құстар, түз тағылары сес көрсетіп, қарсы шабу, қатты дыбыс шығаруға дейін бейімделген. Эволюция барысында кейбір жыртқыштар жемтігін таңдап жеуге, екіншілері көп қоректілерге айналған. Мәселен, қасқыр көп қоректі болса, ал кейбір құстар тек балықпен қоректенуге бейімделген. Тіпті кейбір ірі жыртқыштар қорегін таңдаумен қатар өзіне тән агрессивті, баяу, кейбірде пассивті (өлекселермен көректенетіндер) формалары келіп шыққан.

Адам баласы жыртқыш андар мен құстарды байқап олардың мінез-құлқына қарай ат қойып, қолға үйретіп мәдени формаларын шығаруға ұмтылып отырған. Кейбір кезендерде жыртқыш аң мен құстарды «зиянды», «қас жау», «құбыжық» санап, көпе-көрнеу қырып-жойып отырған. XIX ғасырдың басқы кездерінде жыртқыштарды (қасқыр, жыртқыш құстар, т. б. ) адам баласы жойып тарихта күтпеген экологиялық апаттарға ұшырап отырған. Мәселен, қасқырларды қырып түз тағыларының арасындағы жұқпалы аурулардың тез таралып аңдардың қырылуы немесе жыртқыш құстарды қырып керісінше ауру таратқан кеміргіштердің қаптап кетуі (Қытай жерінде) т. б. көптеген факторлар осының айғағы болса керек. Шын мәнінде, жыртқыш жануарлар - өте пайдалы организмдер екені қазір баршамызға мәлім. Олар «дала санитары» ретінде биоценоздағы түрлер арасындағы тепе-теңдікті сақтап, оның даму ырғағын реттеп отырады. Яғни, жыртқыш табиғи сұрыптаудағы негізгі жетекші фактор. Нәтижесінде, популяциялардың сапалық құрамы прогрессивті түрде дамып отырады. Ал, өз кезегінде жемтік те жыртқышқа тікелей әсер ете отырып, оның прогрессивті дамуына ықпал етеді. Осылайша қарама-қарсылықтың әсері эволюцияның қозғаушы күшіне айналып жыртқыш пен жемтіктің ара салмағын дисбаланс жағдайда реттеп отыратыны анық.

Паразитизм - бір түрдің өкілінің екінші бір түр өкілін қорек немесе тіршілік ортасы ретінде пайдалану арқылы тіршілік ету. Паразиттік құбылыс организмдер арасында тікелей жанасу арқылы бірте-бірте пайда болған. Бұл процестер бактериядан бастап, жоғары сатыдағы организмдер арасында болады. Әсіресе, вирус, бактерия, саңырауқұлақ, қарапайымдылар, құрттар арасында жиі кездеседі. Сол сияқты өсімдікпен өсімдік, жануарлармен жануар және өсімдікпен жануар арасында да паразиттік құбылыс жақсы дамыған. Паразиттердің қоректі пайдалануына, бейімделуіне қарай монопаразиттер, олигополипаразиттер болып жіктеледі. Кейбіреулері сыртқы (эктопаразиттер) және ішкі (эндопаразиттер) паразиттер болып бейімделген. Олардың ішінде пайдалы да немесе өте қауіпті ауру тарататын түрлері де баршылық. Бірақ, олардың кай түрі болмасын табиғатта орны толмас ролі бар. Мәселен, біздің жерімізде кездесетін зиянкес жәндіктердің паразиттері олардың табиғаттағы санын реттеп ауыл шаруашылығына мол пайда әкеледі. Бір ғана құм тышқанының үстінен немесе ішкі мүшелерінен паразиттің 19 түрі табылған. Ал, адамның ішек-қарын, өкпе, бауырларында кездесетін аскарида, эхинококк, т. б. организмдер паразиттер қатарына жатады.

Паразиттердің көптеген түрлері жұқпалы тіптен қатерлі аурулар (сүзек, тырысқақ, безгек, энцефалит, оба, т. б. ) таратады. Олардың қатарына Қазақстан территориясында жиі кездесетін маса, сона, құмыты, бұрге, кенелер жатады. Әсіресе, республикамыздың шөл-шөлейтті зоналарында кездесетін маса, бүрге, кенелердің биологиясын білу, олармен күресті, сақтануды жеңілдетері сөзсіз. Көптеген жануарлар (түлкі, қоян, жыртқыш құстар, карсақ, т. б. ) паразиттерді таратушылар ретінде роль атқарады. Ал, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының таулы алқаптарында кең таралып отырған жапон энцифалитінің қауіпті паразит екенін білгеніміз жөн.

Организмдерге теріс ықпалын тигізу арқылы карым-катынас жасаудың тағы бір түрін - амменсализм деп атайды.

Комменсализм - бір түрдің тіршілігі арқасында екінші түрдің қорек немесе қорғаныс табуы. Немесе арамтамақтық құбылыс. Бұл симбиоздың бір формасы ретінде белгілі. Яғни, бір түрдің қоректік қалдығымен екінші организм қоректене отырып оған ешбір зиян келтірмейді. Ал, кейде екінші организм біріншісін қозғау құралы немесе қорғанысы ретінде де пайдаланады. Мәселен, ірі балықтардың желбезегінде ұсақ балықтар еркін тіршілік етуге бейімделген. Егерде комменсалдар бір-біріне зиян келтіре бастаса оның біреуі паразиттік немесе бәсекелестік жолға түседі.

Аллеопатия - организмдердің денесінен өзіне тән химиялық өнімдер шығару аркылы қарым-қатынас жасау жолы. Яғни, өсімдіктерден бөлінген заттар басқа жануарларға теріс немесе жағымды әсерін тигізетін қасиетке ие болады. Мәселен, кәдімгі жусан иісі көптеген өсімдіктерге (жүгері, картоп, томат, т. б. ) теріс әсерін тигізсе, ал лобия өсімдігі бидайдың өсуін тежейтін көрінеді.

Өсімдіктерден бөлінетін заттар жануарларға еліктіргіш (аттрактивті) немесе жиркендіргіш (репеллентті) түрінде әсер етеді. Бұл қасиеттер, әсіресе, біртекті қоректілер және паразиттер үшін өте маңызды. Жануарлар да өзінен жағымды кейде жағымсыз келетін әр түрлі активті заттар бөліп өзінің жауына қарсы немесе еліктіргіш, сигнал беру қасиетіне ие болады. Биологиялық активті заттарды көп организмдер бөледі. Мәселен, көпке белгілі антибиотиктер: пеницилин, стрептомицин, гибберилин медицинада жиі қолданылады.

Симбиоз - екі түрге жататын организмдердің кеңістікте бір-біріне ешбір зиянын тигізбей керісінше селбесіп пайдалы тіршілік етуі. Мәселен, құмырсқа мен өсімдік биті, отшельник шаяны мен актиния арасындағы селбесіп тірішілік ету осы қарым-қатынасқа жатады. Өсімдіктер арасындағы қыналар - балдыр мен саңырауқұлақ арасындағы селбесіп тіршілік етудің көрінісі болып табылады.

Мутуализм - әр түрге жататын организмдер бір-біріне қолайлы жағдай туғыза отырып, селбесіп тіршілік етуі . Мәселен, отшельник шаяны мен актиния арасындағы қарым-қатынас немесе кұмырсқа мен өсімдік биті арасындағы байланыс осының жарқын мысалы.

Зоохория - жануарлардың орын ауыстыруы арқылы өсімдіктер тұқымдарын кеңістікке тарату құбылысы. Зоохория - өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің бір тобының ұзақ жылдар бойы бірлестікте тіршілік етуінің жемісі нәтижесінде өсмдіктер тұқымында жабысқыш ілгектер, қылшықтар пайда болып олар құстар, сүт қоректілердің, басқа да жәндіктердің денесіне жабысуға бейімделіп осы арқылы алыс кеңістіктерге тарап отырған. Өсімдік тұқымдарының бұл жол мен таралуын-эктозоохория дейді. Ал, кейбір өсімдіктердің тұқымдары жануарлардың нәжістері арқылы таралады. Оларды - эндозоохориялық таралу жолы деп атайды.

Нейтрализ - бір териториядағы екі түрдің бірге тіршілік етуі оларға пайда да, зиян да әкелмейді. Кейбір организмдер екіншілер үшін шектен тыс агрессивті болып келеді. Мәселен, кейбір құмырскалар көршілес құмырска илеулерінен жұмыртка мен личинкаларды тартып әкеліп иелік жасайды. Бұл құбылыс организмдерде болатын инстинктің жоғарғы деңгейдегі көрінісі болса керек.

Экожүйедегі энергия.

Энергия - материяның барлық түрлерінің өзара әсері мен қозғалысының жалпы сандық өлшемі. Ол табиғат құбылыстарын біріктіреді. Жүйедегі энергияның өзгеруі жұмыс орындалған кезде жүреді.

Термодинамиканың бірінші заңы - энергияның сақталу заңы - табиғаттағы энергия жоқтан пайда болмайды, жоғалып кетпейді. Ол тек бір түрден екінші түрге айналады. Ал энергияның мөлшері тұрақты болып қалады. Бұл заңға табиғатта белгілі барлық процестер бағынады.

Термодинамиканың екінші заңы бойынша энергияның өзгерісімен байланысты процестер тек энергия концентрленген түрден таралған күйге өткенде ғана өздігінен жүре алады (мысалы, ыстық заттың жылуы сулы ортада өздігінен таралады) . Энергияның қандай да бір бөлігін пайдалануға болмайтын түрде таралғандықтан энергияның өздігінен өзгеруінің тиімділігі барлық уақытта 100%-дан кем болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биоценез, биогеоценоз туралы түсініктер
Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы
Әлемдегі және Қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі (2014-2015 ж.)
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия жайлы
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия туралы мәлімет
Бірлестіктер экологиясы мен экожүйедегі энергия
Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу. Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия. Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану
Бірлестіктер экологиясы мен экожүйедегі энергия жайлы ақпарат
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия. 1 табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану. 2 әлемдегі және Қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі (2014-2015 ж.) 3 өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz