Жылу реттеу жүйесі


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
БӨЖ
Тақырыбы: Жылу реттеу жүйесі
Орындаған :Әбілова А. Қ.
Тексерген: Нуркенова М. К
Тобы :ВС-303
Семей 2015 ж.
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
2. 1 Жылу реттеу
2. 2 Жануарлар денесінің жылу реттеу бейімділігі
2. 3 Дене температурасының реттелуі
2. 4 Қызба және пайда болу себептері
2. 5 Қызбаның сатылары
2. 6 Қызба кезінде ағзалар мен жүйелердің өзгерістері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Жылу реттеу, терморегуляция (гр. therme - жылу және гр. regulo - реттеу) - қоршаған орта температурасының ауытқуына қарамастан адам, сүтқоректілер және құстардың дене температурасын тұрақты деңгейде сақтау қабілеті.Дене температурасының тұрақтылығы - жылу түзілу және жылу шығару және олардың өзгеруіне байланысты болады. Жылу реттеу процесіне аралық мидағы (гипоталамус) жылу орталығы, орталық жүйке жүйесінің әр түрлі бөлімдеріндегі жылу сезетін жүйке жасушалары, ішкі органдар мен шырышты қабаттың жылу рецепторлары, терідегі арнайы жүйке өткізгіш жолдары, эндокринді және тері бездері, бұлшықеттер қатысады. Дене қыза бастаса, қан тамырлары кеңейіп, тер бөлініп, тыныс алу жиілейді, жылуды сыртқа шығару үдейді. Ал ағза салқындай бастаса, қан тамырлары тарылып, тер шығу тоқтайды, сыртқа жылу аз бөлінеді. Осылайша ағза жылу түзу мен жылу шығарудың тепе-теңдігін реттеп отырады. Жылу реттеу нәтижесінде ағзаның температурасы тұрақты болады (мысалы, құстарда 40 - 41, 5˚С, сүтқоректілерде 32 - 39˚С, адамда 36˚С) . Сыртқы ортаның температурасының айтарлықтай ауытқуынан немесе жылу түзілудің жылдам өзгеруінен адам мен жануарлардың жылу температурасы қалыпты жағдайда 0, 2 - 0, 3-тен 1 - 2 С-қа ауытқуы мүмкін.
Денедегі жылудың тұрақтылығын реттеу механизмі адам мен жоғары сатыдағы жануарларда ғана жақсы дамыған. Мысалы, терлеу тек адам мен маймылға, сондай-ақ тақ тұяқты жануарларға ғана тән. Құстар терлемейді. Жәндік қоректілер, кемірушілер, т. б. аз терлейді. Ал төм. сатыдағы жануарларда (мысалы, бақа, кесіртке) жылу реттеу механизмі дамып жетілмеген. Сондықтан олардың дене температурасы сыртқы орта температурасына тәуелді болады. Адам қалыпты жағдайда жылудың 70%-ін ішкі органдардың қызметінің, ал 30%-ін бұлшық еттердің жиырылуы нәтижесінде алады. Адамның дене қимылы арқылы түзілген жылуы тері арқылы, тыныс алғанда, зәр шығарғанда және дефекация кезінде шығарылады
Ағза ішкі ортаның тұрақтылығын ғана емес, температурасын (жылуын) да сақтайды. Бұл ферменттердің көпшілігі тек оңтайлы жылуда ғана тиімді жұмыс істейтіндіктен, биосинтез және ыдыраудың, яғниметаболизмнің (зат алмасудың) қалыпты өтуі үшін қажет. Сондықтан ағзалардың әрқайсысы эволюция барысында өз денесінің температурасын реттеуге бейімделді.
Ағзалар метаболизм үдерісінде жылу өндіреді. Жылықанды жануарларда (сүтқоректілер және құстар) ағзада метаболизм жоғары жылдамдықта жүреді. Сондықтан дене температурасының жоғары болуына мүмкіндік туады. Зат және энергия алмасу жылдамдығы жасушаның тынысалуында пайдаланылатын оттегі концентрациясының артуымен қамтамасыз етіледі. Құстарда және сүтқоректілерде жасушаларды оттегімен тез қамтамасыз ететін бейімділіктер пайда болды. Олар: өкпенің тынысалу бетінің ұлғаюы, эритроциттер мөлшерінің көп болуы, ұсақ қылтамырларға қанның түсуін камтамасыз ететін жоғары кан қысымы.
Егер ағзада өндірілген жылу мөлшері жеткіліксіз болса, онда орталық жүйке жүйесінің дабылы бойынша бұлшықеттер жиырылады да дене суықтан қалтырай бастайды. Бұдан өз кезегінде метаболизмніңқарқыны артып, жылу бөлініп шығады. Сүтқоректілер мен құстардың көпшілігі дене жылуын арнаулы жылу оқшаулағыш жабындардың (үлбір, қауырсын) және тері астындағы майдың көмегімен сақтайды. Солтүстік ендіктерді мекендейтін теңіз сүтқоректілер терісінің астында қалың қабатты май болады. Пингвиндердің денесі жылу оқшаулайтын қалың қауырсындар қабатымен қапталған. Адамда түкті жабын дене жылуын сақтай алмайды, сондықтан суық маусымда біз жылы киінеміз.
Ағзаның жылу реттелуіне жүйке жүйесі де қатысады. Ағза салқын тартқан кезде ми терінің қантарату тамырларының тарылуына дабыл береді. Бұдан дене бетіндегі қан ағымы төмендейді, сондықтан қоршаған ортаға жылудың бөлініп шығуы азаяды. Дене температурасы қалыптан артқан кезде жылу беруді ұлғайтатын әр түрлі физиологиялық тетіктер іске қосылады. Бұл денеден тердің көп бөлінуінен іске асады. Өйткені суды буландыруға көп мөлшерде жылу жұмсалады. Жазғы ыстықта адам денесінен ылғал көп буланады, сондықтан дене температурасының тұрақтылығы сақталады. Өзге жағдайларда терідегі қан ағымының мөлшері артады; соның нәтижесінде жылу шығару арқылы жылу беру шамасы ұлғаяды.
Көптеген сүтқоректілер және құстар денесін үстіртін жиі тынысалу арқылы салқындатады. Мысалы, итте тер бөліп шығаратын без болмағандықтан, ауа райы ыстық болғанда сілемейлі тынысалу жолы мен тілінің үстіңгі бетінде күшті булану жүреді.
Жануарлар денесі жылу реттеу бейімділігі бойынша екі топқа бөлінеді. Гомойотермді (жылықанды) жануарлар қоршаған орта температурасы өзгерген кезде дене температурасын біршама тұрақты сақтайды. Оған құстар мен сүтқоректілер жатады. Пойкилотермді (салқынқанды) жануарлар дене температурасы қоршаған ортаға тәуелді жануарлар. Омыртқасыздар, балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылар салқынқанды жануарлар болып есептеледі.
Дене температурасының реттелу жолы бойынша тірі ағзалар (жануарлар) эктотермді және эндотермді жануарлар болып бөлінеді. Тіршілік әрекеті сыртқы жылу көздеріне тәуелді салқынқанды жануарлар эктотермді (сыртқабықтық) ағзаларға жатады. Эктотермді (гр. ektos - сыртқы, сырт жағында) жануарлар дене жылуы тұрақтылығын негізінен алғанда сыртқы ортаға бөлінетін жылу мөлшерін реттеу арқылы мінез-қылық бейімділігі жәрдемімен сақтайды. Мысалы, жорғалаушылардың көпшілігі күнге жылынуды ұнатады, ал кейбір балықтар түрі суық суда мекендейді. Сыртқабықтық (эктодермді) жануарлар дене температурасын физиологиялық және жүріс-тұрыстық тетіктермен реттейді. Мәселен, адам, ит және көптеген жануарлар ауа райы ыстық болған кезде көлеңкеде болуды ұнатады. Қоректік заттарда қарқынды тотықтыру есебінен құс денесінің температурасы 41°С-қа дейін жетеді.
Денесінде жоғары температура заттар алмасу нәтижесінде іштегі жылудың сақталуы арқылы түзілетін жануарлар эндотермді (гр. endon - ішкі жағында, ішінде) ағзалар болып саналады. Сүтқоректілер және құстар, денесінің сыртқы беті арқылы жылуды көп жоғалтады. Өйткені олардың температурасы қоршаған орта температурасынан жоғары болады. Әсіресе ұсақ эндотермді жануарлардың жылу беруі қарқынды өтеді. Шала-жансарлық кезенде дене температурасының төмендеуінен жылу бөлу кемиді. Мәселен, кіп-кішкене құс колибриге қажетті мөлшерде жылу өндіру үшін күнделікті көп мөлшерде азықтанады. Оны қорытуына тура келеді. Сонымен бірге қоректену аралығындағы үзіліс бірнеше сағаттан аспауы қажет. Олай болмаған жағдайда ол аштықтан өліп қалады. Мәселен, көптеген құрлықомыртқасыздары, қосмекенділер, жорғалаушылар және кейбір ұсақ сүтқоректілер жылу беру шамасын азайту үшін дене температурасын шала-жансар күйдегі кезеңде (анабиоз) өткізіп, төмендете алады. Олардың дене температурасы қоршаған орта температурасына сәйкес келеді.
Қысқы ұйқыға тән ерекшелік - дене температурасының қоршаған орта температурасының деңгейіне, кейде тіпті судың қату нүктесіне дейін төмендету. Ұйқыға жатқан кезде дене температурасының шұғыл төмендеуі алмасу үдерісінің төмендеуіне байланысты. Ұйықтағанда қан құрамындағы оттегі аздап төмендегенімен, ұйықтап жаткан кезде өте аз тұтынылады. Сондықтан ағза жасушаларында тотығу үдерісі өте баяу жүреді. Қысқы ұйқы кезіндегі негізгі энергия көзі - липидті алмасу
Дене температурасының реттелуі
Дене температурасының тұрақтылығы тек жылу түзу және оны бөлу процестері тепе-тең болған жағдайда ғана сақталады. Бұл тепе-теңдік арнаулы физиологиялық тетіктер - химиялық және физикалық жылу реттеу механизмдері, - арқылы реттелінеді. Осы тетіктер арқылы денеде түзілген жылу шығын болған жылудың орнын толтырып отырады.
Химиялық жылу реттеу, немесе жылу өндіру, организмдегі зат алмасу процесін күшейту не бәсендету арқылы жүреді. Жылу қызмет әрекеті күшті органдарда - ет талшығында, бауырда, мида, бүйректе, ішкі секреция бездерінде, жүректе - көбірек түзіледі. Тыныштық жағдайында организмде түзілетін жылудың 25 пайызы бұлшық етте, 20% - бауырда, 13% - мида, 11% жүректе, 7% бүйректе, 5% теріде, ал қалған 19% басқа мүшелерде түзіледі. Дене жұмысы кезінде жылудың 70-75% бұлшық етте түзіледі. Дене еттерінің жәй ширығуының өзі жылу өндіруді 10 пайызға, ал қимыл-қозғалыс - 60-80 пайызға арттырады.
Жылудың түзілуіне қоршаған орта темлературасы зор әсер етеді. Ол жоғарыласа жылу түзу азаяды, ал төмендесе - артады. Суық ауа әсерімең бұлшық еттер еріксіз жиырылып, дене дірілдей бастайды. Осыған байланысты бұлшық еттердегі зат алмасу процесі күшейіп, жылу өндіру артады.
Қазіргі кезде жылу түзуде өкпенің маңызды рөл атқаратыны жайлы пікірлер айтылуда. Өкпенің арнаулы жасушалары - гистиоциттер, Қан құрамынан сүзіп алған майлар осы жерде тотығып, ыдырайды.
Осының нәтижесінде түзілген жылу бір жағынан өкпеге келген ауаны жылытады, екіншіден, қан арқылы бүкіл денеге тарайды. Сондықтан кейбір зерттеушілер өкпені химиялық жылу реттеу тетітінің негізгі мүшесі, ал бұлшық ет бұл процесте тек қосымша қызмет атқарады деген пікір айтуда.
Сыртқы орта температурасының өзгеруіне байланысты денеден жылу бөлу процесі де өзгеріп отырады ауа температурасы төмендесе жылудың сыртқа берілуі азайып, ал ол жоғарыласа - көбейіп отыра-ды. Дене жылуын сыртқа беруді күшейтіп, не азайтып отыратын физиологиялық процестер жиынтығын физикалық жылу реттеу деп атайды. Денеден жылу шығару қарқыны тері тамырларының, тер бездерінің, терінің бірыңғай салалы ет талшықтарының күйіне, дененің кеңістікгегі жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Денеден жылу өткізу, конвекция, радиация (сәуле шашу) және булану сияқты фи-зикалық процестердің арқасында бөлінеді.
Өткізу деп жылудың денемен жанасқан температурасы төмен зат-тарға берілуін айтады (мысалы, құс денесінен жылудың ұяға берілуі) . Конвекция деп жылудың денемен жанасқан ауа ағынына берілуін ай-тады. Ауа ағыны жылдамдаса, конвекция күшейеді. Сәуле шашу деп денеден жылудың инфрақызыл сәулелермен таралуын айтады. Булану деп сұйықтың (тердің) газ тәрізді күйге айналуын айтады. Жылудың белгілі бір бөлігі зәр және нәжіс арқылы да бөлінеді. Жалпы денеден бөлінетін жылудың 70 пайызы конвекциялық және радиациялық жолмен шығарылады. Қоршаған орта мен тері температурасының айырмасы неғүрлым көп болса, соғүрлым жылу тез бөлініп шығады. Тері тамырларының кеңеюі жылу шығаруды арттырады. Денеден бөлінген тердің әр грамы 2, 42 кДж жылу шығарады. Тері тамырларының тарылуы, тері шелінің қалындауы жылудың бөлінуін азайтады.
Дене температурасын реттейтін орталық аралық мидың гипотала-мус аймағында орналасқан. Гипоталамустың алдыңғы бөлімінің тор-шалары қан температурасының жоғарынауына реакция береді де, жылу бөлу орталығын, ал артқы бөлімінің жасушалары қанның салқындауына реакция беріп, жылу түзу (өндіру) орталығын құрайды. Жылу реттеу орталыгы не рефлекстік жолмен, не гуморальды түрде қозады.
Жылуды рефлекстік жолмен реттеуде тері рецепторлары маңызды қызмет атқарады. Терінің жылылықты не суықтықты қабылдайтын рецепторы қозғанда тітіркеніс нерв орталығына беріліп, одан әрі вегетативтік нервтер немесе ішкі секреция бездері арқылы зат алмасу процесінің қарқынын өзгертеді. Сонымен қатар мұндай кезде еттердің әрекеті, тамырлар арнасы, тер бөлу процесі, тынысты реттейтін орта-лық қызметі өзгереді.
Жылуды гуморальды реттеу қан температурасының қан тамырларындағы немесе гипоталамустағы терморецепторларға әсері нәтижесіңде атқарылады.
Жылуды реттеу процесіне үлкен ми жарты шарларының (маңдай бөлігінің) жасушалары да қатысады. Ми қыртысын сылып тастаса, жылуды реттеу процесі нашарлайды. Сыртқы орта температурасының ауытқуларына шартты рефлекстер оңай қалыптасады.
Дене қызымы организмнің тіршілігін сипаттайтын белгілі тұрақты физиологиялық көрсеткіштің бірі болып келеді. Ол организмнің күрделі термореттеу механизмдерімен қамтамасыз етіледі және қалыпты жағдайда 36, 5-37°С деңгейінде ұсталып түрады. Организмнің термореттеу механизмдері жогары деңгейге көтерілгенде дене қызуы пайда болады.
Қызба деп әрі бүліндіргіш, әрі қорғаныстык, компенсациялық қүбылыстармен сипатталатын біртектес дерттік үрдістерді айтады. Бұл кезде пирогендік (грек. ругеіоз - ыстық, … ген-туындататын) заттардың әсерлерінен термореттеу орталықта-рының әрекеттерінің өзгеруі дене қызымының көтерілуіне әкеледі. Қызба кезінде термореттеу механизмдері бұзылмай сақталып, жогары деңгейге көтеріледі.
Қызба пайда болу себептеріне қарай инфекциялық жөне бейинфекциялық болып екіге бөлінеді.
Иифекциялық қызба бактериялардың, вирустардың, қарапайым жануарлардың, мгійда саңырауқүлақтардың әсерлерінен дамиды. Бейинфекциялық қызба тіндердің бүлінуіне әкелетін сыртқы және ішкі ықпалдардың әсерлерінен пайда болады. Бұларға: күйік, жарақат, инфаркт, қан қүю, ішке қан құйылу, аллергия, ісік өсу, цирроз т. б. жатады.
Қызбаның даму жолдарында пирогендік заттар маңызды орын алады. Олар экзогендік және эндогендік (лейкоциттік) болып екіге бөлінеді. Экзогендік пирогендер деп микробтардың тіршілігінен немесе олардың ыдырауынан пайда болатын заттарды айтады.
Қызба дамуында жоғарыда келтірілген пирогендермен бірге организмнің даралық реактивтілігі мен иммундық жүйесінің маңызы үлкен. Кейбір аурулар кездерінде температураның көтерілмеуі, ал кейде тым қатты көтерілуі мүмкін. Мысалы, қарттарда және қатты жүдеген адамдарда крупозды пневмония қызбасыз және ауыр түрде өтеді. Бұл организмнің жалпы тезімділігі төмендеуімен, энергия түзуге қажетті заттардың жеткіліксіздігімен, зат алмасу қарқынының төмендеуімен және эндогендік пирогендердің түзілуі бүзылуына байланысты. Қызба дамуында пирогендерден басқа заттардың да, әсіресе гормондардың, маңызы үлкен. Тиреотоксикоз кезінде жүқпалы аурулар тым қатты ет ысуымен қабаттасады. Гипотиреоз кезінде қызба сирек дамиды. Глюкокортикоидтар ет ысуын азайтады.
Дене қызымының бір деңгейде ұсталып тұруы денеде орталық нерв жүйесінің әрекеттерімен қадағаланатын жылу өндіру мен оны сыртқа шығару процестерінің тепе-теңдігімен қамтамасыз етіледі.
Жылу өндіру мен оны сыртқа шығару орталықтары алдыңғы және артқы гипоталамуста бөлек орналасқанына қарамай, олар өзара тығыз байланыста болады.
Қызбаның сатылары
1. температураның көтерілуі сатысы (stadium incrementum)
2. температураның жоғары деңгейде тұрақтану сатысы (stadium decrementum)
Қызбаның әрсатысынды организмде дене қызымының реттелуі әртүрлі болады.
Температураның көтерілу сатысы. Қызба кейде температураның жоғары деңгейге кенет, бірнеше сағаттың ішінде, тез (крупнозды пневмония, грипп, безгек, бөртпе сүзек т. б. ), кейдке біртіндеп, бірнеше күннің ішінде (іш сүзегі, қызылша т. б. ) көтерілуімен басталады. Бұл кезде организмнен жылудың сыртқа шығарылуы шектеледі де, денеде жылу өндірілу одан басым болады. Шеткі қан тамыр тамырларының жиырылуынан және тер шығудың тежелуінен жылудың сыртқа берілуі төмендейді. Бұлшық еттерде, бауырда және ішкі ағзаларда тотығу-тотықсыздану үрдістерінің артуына байланысты организмде жылу өндірілуі күшейеді. Жиырылған қылтамырдарда қан айналымы баяулауына байланысты тері бозарып, суыйды. Арқаның, қолдардың, кейде жалпы қаңқа еттерінің талщықтарының еріксіз жиырылулары болады. Бұл кезде жиырылған еттер пайдалы жұмыс атқармайды, тоңу сезімімен, дененің қалтырауымен қабаттасады.
Температураның жоғары деңгейде тұрақтану сатысы. Қызбаның 1-сатысынан кейін дене қызымы белгілі деңгейге көтеріліп, сол деңгейде біршама уақыт тұрақтанып тұрады. Бұл кезде жылудаң сыртқа шығарылуы да жоғарлайды; тері қызарып, ысыйды, тыныс алу жиілейді. Бұл сатыда қызбаның келесі түрлерін ажыратады:
1. шамалы (субфебрильдік) қызба -дене қызымының 38 0 С-ға дейін көтерілуі
2. орташа қызба -38-39 0 С
3. қатты қызба -39-40 0 С
4. асқын (гиперпиреттік) қызба -41 0 С-тен астам көтерілуі.
Температураның қалыпты деңгейге түсу сатысы . Қызбаның бұл сатысы жылудың сыртқа шығарылуының жылу өндірілуден басым болуымен сипатталады. Осының нәтижесінде дене қызымы қалыпты деңгейге дейін төмендейді. Организмде жиналған жылу тері тамырларының кеңуі, терлеу мен тыныстың жиілеуі арқылы сыртқа шығарылады. Температураның түсуі екі жолмен болуы ықтимал:1. біртіндеп, лизистік (бірнеше тәулік ішінде) түсуі; 2. күрт (кризистік) түсуі.
Қызба мен асқын қызынудың айырмашылығы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz