Биологиялық активті қоспалардын алынуы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БАӨЖ

Тақырыбы: " Биологиялық активті қоспалардын алынуы"

Орындаған :Садуан С.

Семей 2015ж


Жоспар

Кіріспе

1 Биологиялық активті қоспаларды түзуші микроорганизмдер

2 Биологиялық активті қоспаларды алу

3 Тамаққа биологиялық активті қоспалар айналымының тәртібі

4 Биологиялық активті қосылыс

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе

БАҚ (биологиялық белсенді қоспалар) - қазіргі заманғы медицинаға салыстырмалы түрде айтқанда жақын уақытта енген термин. Дегенмен, жаңа дәуірге дейін Египетте, Қытайда, Тибетте, Индия мен Шығыстың басқа да елдерінде көбінесе табиғи түрінде қолданылатын өсімдік, жануарлар ұлпаларынан, минералды шикізаттан дайындалған арнайы өнімдерді адамның әр түрлі ауруларын алдын-алу мен емдеу жүйелері қалыптасқан.

Адам ауруларын емдеу үшін арнайы фармокогиялық формалар өндірісінің тарихы шамамен біздің ғасырымыздан бұрын 130-200 жылдарға жатқызылады. К. Гален алғашқы рет табиғи шикізаттан емдік заттарды (ерітінді, экстракт, ұнтақтар) технологиялық әдістерін құрастырды. Алайда ХIХ соңы мен ХХ ғасырдағы химия ғылымының жетістіктеріне сәйкес, соған байланысты көптеген ғалым-дәрігерлер бұрынғы фитотерапевтикалық заттардан бас тартты.

Құрылымы мен қасиеттері белгілі таза химиялық қосылыстарды алуда органикалық химияның шексіз мүмкіндіктері, олардың тиімділігінің жоғарылығы мен дәл мөлшерлеу мүмкіншілігі, әрекет етуінің тездігі сияқты дәлелдемелер дәстүрлі медицина облысына жағымды болжамдарды қарастыруға мүмкіндік береді. Дегенмен мұндай көзқарастар қателік болып саналды. БАҚ-ды тағам өнеркәсібінде қолдану. Соңғы жылдары тамақтану ғылымы мен фармакология обылысында жедел түрде дамыған жаңа ғылым -фармаконтуциология қалыптасты.

Танымал ғылым А. А Токровский өзінің «Фармакология мен тағам токсикологиясының метаболиттік аспектілері» кітабында «тамақ - біздің түсінігімізге қарағанда айтарлықтай кең ұғым. Бұл көптеген жүз мың (миллиондаған) заттардың бірігуі, олардың әрқайсысы белгілі бір биологиялық белсенді заттарға жатады және тағам өнімдерінде бірдей, кейде жоғарғы мөлшерде болады. Тағамды тек қана энергия мен заттар ретінде емес, сонымен бірге күрделі фармакологиялық бірлік ретінде қарастыру қажет» деп сипаттаған.

Биологиялық активті қоспаларды түзуші микроорганизмдер

Микроорганизмдердің амин қышқылдарын, витаминдерді, антиобиотиктерді, ферменттерді, гибберелинді, гармондарды жә»е басқа да әр түрлі бағалы биологиялық активті заттарды түзетіні біраздан бері белгілі болды. Соңғы жылдары белок синтезіне қажетті амия қышқылдарын өндіруге баса назар аударылуда. Бұрын оларды қүрамында белогы мол бағалы шикі заттардан гидролиздеу жолымен өндіретін еді және ол еңбекті көп қажет етеді. Соңғы он жыл ішінде амин қышкылдарын микробиологиялық жолмен өндіру зерттеліп, табылды. Амин қышқылдарының ішінде ен, алғаш өндірілген - глютамин. Жапония ғалымы Киносита табиғаттан ерекше микрококкус глютамикус деп аталатын микробты тауып, одан осы қышқылды ендірді. Бұл микроб қоректік ортаға қосылған глюкозаның 50%-не жуығын глютамин қышқылын түзуге жүмсай алады екен. Қазір Жапонияда, Америка Қүрама Штаттарында арнаулы заводтарда бүл қышқылды жылына жүздеген мың тоннадай өндіреді. Глюта-мин қышқылы тамақ өнеркәсібінде азық-түлікке қосылады, оның сапасын жақсартады. Глютамин кышқылын медицинада иервтік ауруларды емдеуге де қолданады. Белок молекуласындағы маңызды амин қышкылдарының бірі - лизин. 2, 1 кг жасанды лизинді бір тонна азыіққа қосып шошқаны сырағанда, оның қосқан салмағы орта есеппен 13, 6%, ал протеин шығынын 20-25%-ке дейін кемітеді. Бұл амин қышқылы рацион-нын ең құнды, қажетті құрам бөлігі болып есептеледі. Ал лизинді қосқанда нанның кұнарлылығы артады. Лизинді көп мөлшерде - бактериум аэрогенес, бактериум протеус, спора түзу-шілерден - бациллус субтилис, ашытқы саңырауқұлақтарынан - торула утилистен өндіреді. Егер де ультракүлгін сәулемен әсер етсе микрококкус глютами-кус едәуір мөлшерде лизин түзе алады. Қазір бүдан өнеркәсіптік жолмен лизин өндіру қолға алынды. Лизинді қазіргі кезде Жапонияда, Америка Қүрама Штаттарын-да және басқа да елдерде жылына ондаған мың тоннадай мөлшерде өндіреді. Бүкіл одақтыіқ өнеркәсіптік микроорганизмдер генетикасы мен селөкциясы ғылыми-зерттеу институтында лизинді мол беретін микроорганизмдер табылды. Осының негізінде Арменияда жылына 1000 т кристалл лизин өндіретін завод іске косылды.

Соңғы жылдардағы зерттеулер басқа амин қышіқылдарын -валинді, метионинді, триптофанды және аланинді түзетін микроорга-низмдер барлығын анықтады. Алдағы мақсат - олардың өндіріске жарамды топтарын таңдап алу және амин қышқылдарын өндіруді жолға қою. Белок тіршіліктің тірегі екені жүртка мәлім. Бірақтагосы белок-тың жер бетіндегі тіршілікке жетіспейтіндігі анықталып отыр. Сондықтан белокты молайтуда микроорганизмдердің зор практика-лық маңызы барлығы дәлелденді. Осы мақсатта ашытқы саңырауқүлақтарды көптеп өсіру біздің елімізде Ұлы Отан соғысы жылдарында қолға алынды. Бірақ оны көптеп өндіру кымбатқа түсті. Мәселен, 1 т ашытқы саңырауқүлақтар белогы 350 сом шамасынан айналды. Соңғы жылдардағы зерттеулердің нәтижесінде бүл мақсатта тым арзан шикі зат - мүнай өнімдерінің қалдығы - парафинді қолдануға болатыны анықталды. Осындай қоректік ортада ашытқы саңырауқүлақтарын өсіріп, белокты-витаминді концентраттарды көптеп өндіруге болады. Оның қүрамында 45-50% белок, 50-55% май, углеводтар, түрлі минерал түздар болады. Мәселен, кандида туысына жататын ашытқы саңырауқүлақтар сыйымдылығы 300 ж3 ыдыста тәулігіне 1 т-ға дейін сіңімді белок жинай алады. Ал осындай протеинді өндіру үшін белокты өсімдік-терді 3000 га жерге өсіруге тура келеді. Оған қоса бүл өсімдіктер-дің белогы микроб белогынан сапасы жағынан әлде қайда кем болады. Мал азығына осындай микробтар белогын косқанда олар-дың өнімділігі артады және одан алынатын өнімнің өзіндік қүны өсімдік белогын азықтандырғандығымен салыстырғанда әлдеқай-да төмен.

Көптеген микроорганизмдер өздеріне кажетті витаминдерді син-тездей алады, ал қалғандары қоректік ортада кажетті витаминдар болмаса мүлде тіршілік ете алмайды. Белгілі бір витаминді немесе соған ұқсас заттарды кажет ететін микроорганизмдерді ауксотрофты, ал оған мұқтаж еместерін - аук-соавтотрофты микроорганизмдер деп атайды. Қоректік ортада көп мөлшерде витаминдер түзе алатын микро-оргаиизмдер табылды. Осының негізінде витаминдерді өндірістік жолмен алу көзделіп отыр. Осындай витаминдердің ішінде тиаминді (Ві витамині) ашытқы саңырауқұлақтары көп мөлшерде түзе алады. Ал кейбір микроор-ганизмдер, әсіресе сүт қышқылы баіктериялары В2 витаминіне (рибофлавин) тым мұқтаж. Ал еремотециум эшби, клостридиум ацетобутиликум және кандида мен миксобактериум микроорганизм-дерінің бірқатары осы витаминді мол түзеді. Соңғы жылдары дүние жүзі мемлекеттерінде Ві2 витаминін өндіру қолға алыньгп отыр. Ол іс жүзінде жоғары сатыдағы өсімдіктерде кездеспейді, тек микроорганизмдердің ғана оны түзе алатын қабілеті бар. Бүл витаминді медицинада, мал шаруашылығында кеңінен қолданады. Ві2 витаминін қоректік ортада актиномицес оливацус, актиномицес гризеус, бактериялардан бациллус мегатериум, лакто-бактериум казеи және пропион қышқылы бактериялары - пропио-ни-бактериум шерманші көптеп түзе алады. Адам мен жануарларға аса қажетті витаминдердің біріне А витамині жатады. Оны да түзетін микроорганизмдер бар. Өндірістік жағдайда блаксела саңыраукүлағын қолданып жүр. Биологиялық активті заттарды микроорганизмдердің басқа топтары да түзе алады. Микробтар түзетін заттардың ішіндегі маңыздыларының біріне гетероауксин жатады. Ол алғаш рет ризофус деген саңырауқұлақтан алынды. Сонымен бірге, ол жоғары сатыдағы өсімдіктердің де клеткаларында кездесетіні анықталды.

1950 жылдарда өсімдіктердің өсуімен дамуына зор әсер ететін физиологиялық активті зат - гиберелинге көп назар аударылды. Оны өсімдікті зақымдайтын саңырауқұлақ гиберелла фуфикори түзеді. Оны алғаш рет зерттеген жапония ғалымы Куросава. Ол күріш өсімдігінің осы саңырауқұлақтың әсерінен ауыратынын анықтады. Күріштің сабағы шамадан тыс үзарып, сарғайыіп, ақыр аяғында, оның елетінін байқады. Осы кезде гиберелинді микроор-ганизмдерден алуға болатыны аньиқталды. Қазір халық шаруашылығында микробтардан өндірілетін басқа да бағалы заттар - ферменттерді колдану етөк алып отыр. Бүл үшін аспергиллус, пенициллум микроскоптық саңыраукұлактары қолданылады. Олар ағаш үгінділерінде жақсы өседі. Бүл үшін ағаш үгіндісіне қоректік заттар қосып зарарсыздандырады да, оған жоғарыдағы саңырауқүлақтарды егеді. Осы ортада саңырауқүлақтар біраз мәлшерде ферменттер түзеді. Ферменттерді таза күйінде арнаулы технологияны қолдану арқылы бөліп алады. Осындай әдіопен инвертаза, авоморин, оризин ферменттерін ендіреді. Соңғы жылдары ферменттерді бактериялардан да алуға болатыны анықталды. Оған бациллус субтилистен алынатын субтлин жатады.

Биологиялық активті қоспаларды алу

Соңғы жылдарда ересектер мен балаларда көптеген витаминдер, сонымен қоса С, Е, А және биокаротин сияқты витамин антиоксиданттарынң жетіспеуі ерекше үрей туғызады. Балалар жүкті және емізетін әйелдер тамақтануының құрамында кальций, темір, йод, фтор жетіспеушіліктері де анықталып отыр.

  • Адам денсаулығы үшін тамақтану құрлысының бұзылуы себептері:
  • Соңғы жылдарда ересектердің дене салмақтарының төмендеуі мен ерте жастағы балалардың антропометриялық көрсеткіштерінің төмендеуі (12-14%)
  • Ересектер ішінде майланудың әр түрлі формаларының кең түрде таралуы (30 жастан асқандар арасында дене салмағының артуы мен майлану 55% адамдар кездеседі)
  • Адамдар арасында иммунды жүйелерінің бұзылуының жиеленуі, әсіресе жұқпалы аурулар мен қоршаған ортаның басқа факторларына резистенттілігінің төмен өртүрлі имлеундефицит формалары;
  • Ересектер мен балаларда йод жетіспеуіне байланысты темір дефицитті анемия, мен ұйқы аурулары сияқты алименттар-тәуелді аурулар, ал кальций жетіспеуіне байланысты қарсы-қозғалған аппаратты аурулары және жоғарлауы.

БАҚ-бұл тек дәрі емес, сонымен бірге өсімдіктен, жануар және минералды шикізаттан алынатын табиғи және табиғи ұқсас белсенді заттар.

  • Ауру мен сау адамдардың күнделікті тамақтануында БАҚ-ды пайдалану мүмкіндік береді.
  • Алмастырылмайтын тағам заттарының жетіспеушілігін оңай және ту толтыру, ең бірінші микронутрменттерді;
  • Жеке заттардың, көбінесе токсиканттардың митоболизімін өзгерту;
  • Қоршаған ортаның жағымсыз факторларына организмі мамандандырылмаған резстехитілігін жоғарлату;
  • Денсаулығын жоғарылтумен, ауруға шалдығуын төмендетумен, адам өмірін ұзартумен адам ағзасы және жеке органдарының қызметтерін реттейтін медикаменттерін алу.

Тамақтануға арналған БАҚ төмендегіше болуға болады:

  1. Нутрицевтиктер;
  2. Парафармацевтиктер:

Нутрицевтиктер - алмастырылмайтын тағамдық заттар немесе олардың жақын алғышарттары (мысалға 3-мен басқа полиқанықпаған майқышқылдарының кейбір микроэлементтер-кальций мен магний, жеке алмастырылмайтын аминқышқылдары мен олардың жиынтықтары, кейбір моно және дисахаридтер, тамақ талшықтары және т. б) .

Нутрицевтиктерді қолдану мыналарға мүмкіндік береді:

  • Ересектер мен балаларда көп жағдайда кездесетін эссенциальді (алмастырылмайтын) заттардың дефицитін оңай және тез толтыру;
  • Жасы мен жынысы бойынша ажыратылатын қажеттіліктеріне, физикалық ауыртпалығының қарқындылығына, жеке адамның биохимиялық конституцисының генетикасы ерекшеліктерімен енгізделген, оның биоритмдері, физикалық жағдайына (жүктілік, лактация, эмоциялы стресс және т. с. с. ), сонымен бірге мекен-ету ортасының экологилық жағдайларына қарай нақты бір сау адам тамақтануын максимал түрде жекелендіру;
  • Ауру адамның тамақ затының өзгерген физикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру, соған қоса метоболиттік конвейердің зақымдалған бөлігі.
  • Экологиясы нашар аумақтарда тұратын адамдарды қоршаған ортаның жағымсыз әсеріне ағзаның мамандандырылмаған резистентілігін клетканың ферментті қорғаныс элементтерін күшейту есебінен жоғарылату;
  • Ағзадан бөгде және токсинді заттарды тежеу мен бөліп шығаруды күшейту мен жылдамдату;
  • Ксенобиотиктермен өсер ету жолымен метоболизмінің ферментті жүйелерін, жеке заттардың метоболизмдерін, әсіресе токсиканттарды өзгерту;

Басқаша сөзбен айтқанда, БАҚ-нутрицевтиктерді қолдану біріншілік және екіншілік профилактиканың тиімді формасы, сонымен қатар майлану, атеросклероз бен басқа да жүрек-тамыр аурулары, қатерлі ісік, иммунодефицитті жағдайлар секілді кең таралған саналуан ауру түрлерін қосымша емдеу үшін комплексті профилактика формасы болып табылады.

Парафармацевтикалар - бұл құрамында органикалық қышқылдар, биофлавоноидтар, дубильді, фенолды қосылыстар, гликозидтер, кофеин, биогенді аминдер, және табиғиөнім деп аталынатын заттары бар өнімдер. Олардың әрекеті физологиялық шектеулердегі жеке органдар жүйелердің қарқындығын белсендіруге бағытталған (мысалы үшін, тамқ талшықтары арқылы ішектің секреторлы, матор - эвакуаторлы қызметтерін қарқындату, адаптогендермен жұмыс жасаудың ой-өрістік және физикалық қабілеттілігін қарқындату, липца-олестеринді зат алмасу, ЦНЕ, жүрек-тамыр жүйелері мен т. б. реттеу) .

Парафармацевтиктер дәрі-дәрмекке жатпайды және оларды алмастыра алмайды.

Парафармацевтиктердің дәрі-дәрмектерден негізгі айырмашылықтары:

  • Егер ол дәрі-дәрмек ретінде таза химиялық түрде қолданса, бұл заттың бір емдік мөлшерінен тәуліктік мөлшері аспауы керек;
  • Парафармацевтиктер тек қана ішке қолданады. ;
  • Парафармацевтиктерді қолдану кезіндегі ағзаның жүйелері мен органдары қызметтерін параметрлерінің сандық өзгеруі олардың физиологиялық нормаларына байланысты;
  • Парафармацевтиктердің қолдану мөлшерінің диапазоны мен ағзаның функцияларына қалыпты немесе түзетуші әрекет еткенде токсинді және зиянды заттардың байқалуының, емдік заттарға қарағанда төмен.

Парафармацевтиктерді қодануда оларды адам ағзасы оның жеке компоненттерін қабылдай алмайтын жағдайларда кездеседі, бұл кейбір тағам өнімдеріне, әсіресе дәрілік заттарға тән. Бұл әртүрлі созылмалы аурумен ауыратын адамдарда байқалады.

Тамаққа биологиялық активті қоспалар айналымының тәртібі

Тамаққа биологиялық активті қоспалар "Балалар тағамы өнімдерін, тағамдық және тамаққа биологиялық активті қоспаларды (нутрицевтиктерді), генетикалық модификацияланған көздерді, бояғыштарды, сумен және тамақ өнiмдерiмен араласатын материалдар мен бұйымдарды және тамақ өнімдерін, химиялық заттарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттiк тiркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 27 ақпандағы N 142 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 5 сәуірде N 4603 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінде жарияланған, 2007 жылғы маусым, N 6, 264-құжат) белгіленген тәртіппен оларды мемлекеттік тіркегеннен кейін Қазақстан Республикасының аумағында айналымға жіберіледі.

1. Тамаққа биологиялық активті қоспалар диеталық өнімдерді сататын арнайы дүкендер, азық-түлік дүкендер мен дәріханалар арқылы өткізіледі. 2. Тамаққа биологиялық активті қоспаларды саудада сату тек тұтыну орамында ғана жүзеге асырылады.

3. Тамаққа биологиялық активті қоспалардың айналымы тұтыну тарасында, тамаққа биологиялық активті қоспалардың тұтыну тарасының әрбір бірлігіне қоса берілетін заттаңбасында, қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда немесе ұсынымдарда мемлекеттік және орыс тілдеріндегі тұтынушыға арналған қажетті ақпарат болғанда жүзеге асырылады, оларда мыналар қамтылады:

1) өнімнің атауы, шығару нысаны;

2) шығарушының тауарлық белгісі (болғанда) ;

3) олардың құрамына кіретін компоненттердің, тағамдық құндылықтардың (энергетикалық құндылығы, физиологиялық тәуліктік қажеттілікке шаққандағы процентті көрсете отырып, белоктардың, майлардың, көміртегілердің, витаминдер мен микроэлементтердің болуы, амин қышқылдарының құрамы, биологиялық активті заттардың болуы) нақты мөлшерін (грамм, миллиграмм, миллилитр, проценттік арасалмағы) көрсете отырып, ингредиенттік құрамы туралы мәліметтер;

4) тамаққа биологиялық активті қоспалардың қасиеттері туралы мәліметтер;

5) талаптарына тамаққа биологиялық активті қоспалар сәйкес келуге тиіс нормативтік құжаттың атауы;

6) шығарушының, бөлшектеп салушының және ораушының (егер шығарушы ораушы да, бөлшектеп салушы да болса) атауы (фирмалық атауы), орналасқан жері (заңды мекенжайы) ;

7) оралған бірліктердің (салмағы немесе көлемі) номиналдық саны, дозаларының мөлшері мен олардың номиналдық саны (салмағының немесе көлемінің) ;

8) партиясының нөмірі, шығарылған күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары;

9) тамаққа биологиялық активті қоспаның дәрі еместігін көрсету;

10) нөмірі мен күнін көрсете отырып, тамаққа қойылатын биологиялық активті қоспаны мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауаны талдау әдістері және ерекшеліктері
Майлардың адам организмінде атқаратын физиологиялық рөлі
Биологиялық активті заттар биотехнологиясы
Жемдік қоспалар өндірісі
Сүт қышқылы туралы түсінік
Мұнай өңдеу зауыттарындағы ақаба суларын өңдеудің кешенді схемалары
Өнім сапасының көрсеткіші
Дәнді қоспалардан тазалау
Микробалдырлар негізіндегі биологиялық белсенді жемдік қоспалардың ауылшаруашылық жануарлардың ішек микрофлорасына әсерін зерттеу
Биологиялық белсенді қоспалардың технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz