Қорқыт ата күйлері және ерекшелігі


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Филология факультеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Жоба жұмысы
Тақырыбы: «Қорқыт ата күйлері және ерекшелігі»
Орындағандар : Задаева Айгерім
Қонысбекова Жадыра
Құрманғажы Ерсін
Мусабекова Арайлым
Семей 2015
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. ҚОРҚЫТ АТА КҮЙЛЕРІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІГІ
2. 1. Қорқыт - күй өнерінің негізін қалаушы
2. 2. Қорқыт күйлерінің ерекшеліктері
2. 3. Күйлердің шығу тарихы туралы аңыз - әңгімелер
ІІІ. Тұжырым
ІV. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Келімбетов Н., Атамұра 2005, - 336б.
2. Bigox. kz
3. Википедия
4. Referat. kz
5. "Қазақ энциклопедиясы", VI-том
6. «Аңыз адам» журналы «Қорқыт», №6(18) 2011ж.
7. Жұбанов А. «Қазақ композиторларының өмірі мен творчествосы», Алматы, 1942, - 236-293б.
8. Stud. kz
9. ZauZa. kz
10. Айдосов А. Х. «Қорқытнама», Алматы: Бастау, 1997. 68 бет.
11. Марғұлан Ә. Х. Қорқыт туралы жазбалар « Қазақ әдебиеті»
12. «Телқоңыр» хабары «Қорқыт күйлерінің шығу тарихы мен орындаушылары» 07. 07. 2014ж.
Қосымшалар
КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі :Қорқыт есімі XIII ғасыр бойы халықтың мұңы мен зарын, қуанышы мен қайғысын, үміті мен арманын баяндап, үні мен сарынын сақтап келген қобызы, оның әуені де киелі. Аңыз-әңгімелерде Қорқыт Ата өзінің желмаясына мініп, халыққа мәңгілік бақыт әкелетін жерұйықты іздеген данагөй ойшыл. Ғалым-филолог Е. Тұрсыновтың пікірі бойынша, Қорқыт тұлғасы аңыздарда қобыз күйімен көз жұмып, артындағы ұрпақтарына өлмес күйлерін қалдырады. Фольклор үлгілерінде адам өлсе де әуен, өнер өлмейді деген мағына бар. Ол музыка күшімен қасиетті қобыз үнімен өлімге қарсы тұрған абыздың тірлігі арқылы көрініс табады. Абыздың өміріне қатысты деректерде, Қорқыт әпсаналары қазақ жерінде өте көп кездеседі.
«Қорқыт» жырларының тегі туралы кейбір қорытындыларда филология ғылымының докторы, профессор Ә. Қоңыратбаев былай деп жазады:- «Қорқыттың екінші аңызында оның қобызшылық өнері жөнінде айтылады. Қорқыт тұңғыш рет қобыз ойлап шығарып, жалғыз түйесін сойып, терісін соған шанақ етіпті, ат бәйгесіне қобызды қосыпты. Қорқыт қобызының нар түйедей боздаған сиқырлы дауысын аңсап, қырық қыз Сырға жаяу кетіп, бәрі де шөлдеп өліпті, озып келгені- Ақсақ қыз болған екен дейді. Сол 40 қыздың мазары Қарақұмда дейді. [1, 56] .
Қорқыт-қазақ үшін ең алдымен күй атасы, қобызда күй шалу дәстүрін алғаш орнықтырушы. « Қазақ философиясы тарихында Қорқыт Ата - ел бірлігін нығайтқан кемеңгер қайраткер, түркі дүниетанымның негізін жасаған ғұлама ойшыл, әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өзіндік орны бар философ-гуманист ретінде де көрінеді. Қорқыт Ата жайындағы аңыздардан оның бойындағы үш түрлі өнер ерекше айқындалады. Бірінші ол, оғыз қыпшақ ұлысынан шыққан айтулы бақсы, абыз. Екіншіден - күйші, қобыз сарынын алғаш туындатушы өнерпаз. Үшіншіден - әйгілі жырау, оның жырлары оғыз - қыпшақ өмірін бейнелеген әдеби -тарихи мұра»
Бұрынғы бақсылар өздеріне ұлы ұстаз ретінде пір тұтып, Қорқыт бабамыздың күйлерін аңырата тартып оның аруағына сиынып отырған екен. Ал, бақсыны Тәңірімен тілдестіретін аспабы - қобыз еді. Ғасырлар бойы қылқобыздың қолдануы тек қана бақсылардың ортасында адамдарды емдейтін, тәуіптік функциясымен ғана шектелмеген, солармен қатар бұл аспапта музыканы эстетикалық тағылымы жағынан түсініп ойнайтын. Қылқобыз халықтық орындаушылар мен шаман - бақсылардың аясымен шектелген. Бұл орайда Ш. Уәлихановтың айтқан сөзі дәлел болады: «Қорқыт - қазақтың тұңғыш бақсысы, шаманист, бақсы - моңғол сөзі, ол ойшыл, ақын, емші болған. Қобыз өнері, бақсылар сарыны, содан қалған дейді». Жалпы Қорқыт өмір сүрген кез - ол бақсының жын - перімен тікелей араласатын сәті, қобызбен күй тартып, бақсылық шырғаланға түсетін кезі десе болады. Халықтық орындаушылар бұл аспапты пайдалана отырып, оның негізінде өзінің жеке ойларын, толғаныстарын, басынан кешкен қайғы-мұңын, сезімдерін, қуанышы мен қасіретін жеткізе білді. Bigox. kz [2]
Қобыз аспабының өзін ескінің көзі деп қарағанда, аңыздардың арасында ең ерекше орын алатыны - Қорқыт атаның елге жайылып, күй атасы атануы. Бұл аңыздардан біз қобыз аспабы мен қобызда ойнау өнерінің қай заманда қалыптасып, аспаптың музыка саласының қай дәуірден бері белгілі болып келгені аңғарылады. Қорқыт өмір сүрген дәуірде қобызда күй тарту, ол аспап үшін шығармалар шығару - бұл өнердің сол кездің өзінде өркендеп кең құлаш жайып, дәстүрге айналғаны. Сол кездегі сарындарды, күйлерді орындау әдістерінен байқағанда, бұл күйлер орындаушылардан белгілі шеберлікті қажет етеді. Көркем күйлерді кемеліне келтіре ойнау, оны халық сүйіп, тыңдайтын дәрежеге жеткізу үшін де қобыздың мүмкіншілігі мол болуы керек. [3]
Қорқыт күйлері алғашында бақсының зікір салғанда қолданылатын сарындары болса керек. Мазмұны мен құрылымы күрделі, әртүрлі логикалық иірімдерге толы келеді. «Бақсының сүйенері - қобыз. Қобыз күйлерінің мың жылдық үзілісінің негізгі себепшісі деп осынау идеологиялық текетіресті айтуға болады» - деп жазады Илья Жақанов. Қорқыттың қай күйін алсақ та, олардың барлығы да мазмұнды. Күй аңызын бір бөлек жанр деп, оның аясындағы мифтік, әпсаналық сюжеттер мен әуендерді өз алдына бөлек жыр ретінде қарастыруға болмайды. Күй аңызы жанырының мифтік және аңыз түрде айтылуы оның өмірлік формасы. Басқаша айтқанда, күйдің шығу себебі миф, аңыз түрінде айтылады да, мұның өзі күй аңызының жанрлық төл сипатын айғақтайды.
Қорқыт күйлерінің музыкалық арқау жүйесі қарапайым болып келеді. Күйші өз туындыларында өмір жайлы толғанып, даналық ақыл - өсиет айтады. Қазіргі кезде Қорқыт туындылары байырғы музыка мәдениетінің теңдесң, і жоқ мұраларымыздың біріне айналып отыр. Бұған көне заманнан бергі ғасырларда да, дәуірлерде де күйшілік өнердің үзілмей жалғасқаны айқын. [2, 4]
Сыр бойында сақталған Қорқыт күйлері мен сарындарының бүгінге дейін қолданыста болуы ерекше назар аудартады. Бізге Қорқыттың 20-дан астам күйлерінің аты белгілі болғанымен, нотаға түскені 11 шығарма. Олар: «Қорқыт» (үш нұсқасы бар), «Қоңыр», «Башпай», «Әуіпбай», «Желмая», «Елім-ай, халқым-ай», «Сарын» (екі нұсқасы бар), «Ұшардың ұлуы», «Тарғыл тана», «Байлаулы киіктің зары». Қысқа сарынды болып келетін күйлер пішіні жағынан шағын, қарапайым.
Қобыздың атасы Қорқыттың мұрасын ғасырлар бойы халқымыз құрметтеп, қорғап келеді. Қорқыт күйлерінде өмірдің мәні мен элегиялық көңіл-күй, терең философиялық тебіреніс бар.
Қорқыт күйлері қазақ халқында ғана сақталған. Ал түрікмен, әзірбайжан, Анадолы түріктерінде жоқ. 1987 жылы «Өнер» баспасынан Қорқыттың авторлығымен «Елім-ай» атты кітапша жарық көріп, оған 1979 жылы қызылордалық Нышан абыздан жазылып алынған 11 күй енген болатын. Қобызға арналған бұл күйлердің иесі ретінде тікелей Қорқытты тану қиын. Қорқыт IX-X ғасырлар тұлғасы болса, Нышан абыз - ХХ ғасырдың аяқ шенінде ғұмыр кешкен адам. Арадағы 10 ғасырға жуық мерзімде Сыр бойында Қорқыттан қалған дәстүр жалғастығы болды дейтін дәлелдер тағы жоқ. Байқап отырсақ, қобыз күйлері кейіннен Сарысу, Арқа жағында ерекше дамыған. Екіншіден, аталған жинаққа енген 11 күйдің көпшілігі көркемдігі солғын, аяқталмаған фрагменттерге көбірек ұқсайды. Сондай-ақ ол күйлердің барлығы дерлік диатоникалық жүйеде жазбаға түскен. Сондықтан Нышан абыздан гөрі Ықылас Дүкенұлы арқылы жеткен қобыз сарындарының архаикалық сипаты үстем. Ықылас орындаған күйлердің Қорқыт дәстүріне жақындығы басым. Оны Ықылас күйшінің орындауында жазылып алынған «Қорқыт», «Қазан», «Ерден», «Айрауықтың ащы күйі» атты сарындардың атауынан-ақ аңғаруға болады. Мұндағы Қазан - Қорқыт жырларының бас кейіпкері. "Қазақ энциклопедиясы", VI-том, [1, 45] [5]
Сан ғасырдан бері талай қобызшылардың, түрлі дарын иелерінің қолынан өткен Қорқыт күйлері бізге ешбір өзгеріссіз, сол қалпында жетті деу қиын. Әрбір қобызшы Қорқыт күйлеріне өз дүниетанымына, күйшілік шеберлігіне орай, бірде тың өрнектер қосып, байытып, бірде алып, елеп-ешкен отырғаны хақ. Қазіргі кезде, дәстүр бойынша, Қорқыт күйлері саналып жүрген шығармалардың саны жиырмаға жуық.
Алайда, Қорқыттың басқа да күйлері туралы да деректер баршылық. Мәселен, Жамбыл облысы жуалы ауданындағы Талапты селосында тұрған марқұм Дәуіт Жанұзақов Қорқыттың «Аққу», «Кілем жайған» күйлерімен бірге «Көк бұқа» деген күйін білген екен. Қызылордалық Бәйімбет деген кісі ағасы Сәйімбеттің Қорқыттың «Сарын», «Маңқылдақ» күйлерін тартқанын еске алады.
Аты аңызға айналған күй атасы Қорқыттың мұрасын халқымыз ғасырлар бойы қадірлеп-қастерлеп, көзінің қарашығындай сақтап келеді. Соның арқасында Қорқыт күйлері біздің заманымызға жарқырай жетіп, бүгінгі бақытты ұрпағымен табысты. Бүгінде ол қобыз музыкасындағы бүтіндей бір мектепке айналды. Ұлттық музыка мұрамыздың алтын қорына асыл қазына болып қосылған Қорқыт шығармалары осылай өркенді өнеріміздің өресін тағы бір биікке көтерді. Енді міне, нотаға түсіріліп, күйтабақтарға жазылған, қылқобызда қайта жаңғыртылған Қорқыт күйлері өзінің жаңа да жарқын ғұмырын бастап отыр.
Қазақ халқының төл аспабының бірі-қобызда ойнаушылар қатары бір кезде сиреп кетсе, қазір ұлттық мәдениеттен қобыз өнері де өз орнын тауып, қайта түрленіп, дамып келеді. [6]
Зерттеу нысаны: Қорқыт ата күйлерінің философиялық мәні, бізге жеткен күйлері, олардың танымдық болмысы, келешек ұрпаққа қалдырған асыл мұрасының маңызы - шағын ғылыми жобаның негізгі зерттеу нысаны болып табылады.
Зерттеудің мақсаты: Қорқыт атаның бізге жеткен күйлері, олардың шығу тарихы, күйлерінің негізгі ерекшеліктері туралы жан-жақты зерттеу жүргізу.
Зерттеу пәні: Ежелгі дәуір әдебиеті
Зерттеудің міндеттері:
- Қорқыт күйлеріндегі ұлттық көріністерді дәйектеу;
- Қорқыт күйлерінің халықтық маңызын талдау;
- Қазақтың ұлттық тарихында ізі қалған Қорқыт күйлерін қазіргі тәрбиеде пайдалану жолдарын сипаттау;
- Қорқыт күйлерінің философиялық мәнін ашып көрсету;
- Қорқыт күйлеріні шығу тарихына көз жүгірту;
-Қорқыт күйлерінің ерекшеліктеріне сараптама жасау.
Зерттеу әдістері: Зерттеу барысында қозғалған мәселелер аясында тарихи, әдеби, мәдени әдебиеттерді пайдаланудың нәтижесінде негізгі бағыты анықталып, сұрыпталды.
Зерттеудің әдіснамалық негізі: Зерттеу жұмысында әдебиет ғылымының іргелі зерттеулері, «Аңыз адам» жураналының мәліметтері негізге алынды. Жұмыстың ғылыми негіздері ретінде шетел ғалымдарынан В. М. Жирмунский, қазақ ғалымдарынанШ. Уәлиханов, Ә. Марғұлан, М. Әуезов, С. Қасқабасов, Қ. Жұбанов, М. Жарқымбеков, Б. Оспанов, Т. Қоңыратбай еңбектері басшылыққа алынды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:
Қорқыт күйлері жан-жақты кешенді түрде қарастырылып, талданды. Қобыз дәстүрінің тарихи-теориялық, музыкалық орындаушылық сұрақтарын қарастыру барысында Қорқыттың күй мұрасы толымды қарастырылып, талдау, күйші бейнесі қалыптасуының алғышарттары, оның қоғамдағы тарихи-саяси, мәдени-экономикалық ахуалға байланысты өршуі мен өрлеу себептері, ұрпақ сабақтастығы нәтижесінде осы күнге жетіп, жаңа заман белесінде өз орнын тауып, ұлттық қазынаға айналуын ғылыми тұрғыдан дәлелдеу.
Қорқыт мұрасын терең, жан-жақты ғылыми түрде зерттеу, ол сомдаған бейнелерді алуан түрлі қырынан танып, ұғыну ниетінен туындаған. Қорқыт мұрасын жүйелі түрде қарастыру арқылы күйлерінің рухани азық ретінде халық игілігіне айналу жолдары кешенді түрде зерттелді. Әр күйдің аңыздық, сюжеттік, этимологиялық және музыкалық семантикасы арнайы, жеке талданып, пайда болу, қалыптасу және даму түсініктері аясында әлеуметтік, мәдени ахуалды ескере зерттелді.
«Қорқыт», «Қоңыр», «Башпай», «Әуіпбай», «Желмая», «Елім-ай, халқым-ай», «Сарын», «Ұшардың ұлуы», «Тарғыл тана», «Байлаулы киіктің зары» атты күйлерінің сарын-сазы, әуендік-әуездік құрылымы, мақамы, жанр және стиль тарапына байланыстыра зерттелді. Сонымен қатар, аңыздық сюжеттерге сүйенген күйлердің типологиясы қобыз үнінде көне сарын үнінен сусындаған толымды көркем шығарма ретінде пайымдалғаны ғылыми түрде дәлелденген.
Зерттеу жұмысының практикалық мәні: Қорқыт күйлері жайында көптеген мәліметтерді әдебиет және музыка, психология мен медицинада, бейнелеу өнері саласында қолдануға болады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
- Қорқыт шығармашылығын қазақ музыкалық мәдениетінде күйшілік, орындаушылық өнермен қатар, ғылыми түрде зерттеу нысанасы бола алатындай тұғыр ретінде қабылдау;
- Қорқыт күйлерін толыққанды шығарма ретінде жанр және стиль мәселелері тарапынан зерттеп, ғылыми айналымға ұсыну;
- Қорқыт күйлерінің этимологиялық, сюжеттік, музыкалық, әуендік-интонациялық сипаты анықталды. Күйші мұрасын болашақ ұрпаққа насихаттау арқылы ұлттық мәдениеттің даму бағытын көркейтіп, нығайту;
- Қорқыт күйлерін тарихи-мәдени, музыкалық стиль, этноаспаптану тұрғысынан қарастыру.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Ғылыми жоба кіріспеден, екі тараудан, тұжырымнан және қорытындыдан, тақырып бойынша алынған сауалнамадан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ІІ. ҚОРҚЫТ АТА КҮЙЛЕРІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІГІ
2. 1. Қорқыт- күй өнерінің негізін қалаушы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz