ГОСТ және ОСТ,олардың су,ауа,топырақ,сүт,ет және мал шаруашылығы өнімдерін микробиологиялық және вирусологиялық бағалауға қажеттілігі



 ГОСТ және ОСТ,олардың су,ауа,топырақ,сүт,ет және мал шаруашылығы өнімдерін микробиологиялық және вирусологиялық бағалауға қажеттілігі
 Дезинфекция тиімділігін бақылау
 Қорытынды
 Пайдаланылған әдебиеттер
Өнімнің бәсекегеқабілеттілігін арттыруда стандарттау мен сертификаттаудың маңыздылығы
Өнім мен қызметтерді сертификаттаудың негізгі мақсаты – адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, өнім мен оған жасалатын қызметтің сапасын бағалап, тұтынушының мүддесін қорғау.
Республикамызда өндірілетін және шет елдерден әкелінетін азық-түлік пен тағамдық өнімдердің, шикізаттардың адам өмірі үшін қауіпсіз, сапасы да сұраныс деңгейінде болуы тиіс. Өндірілетін өнімнің және көрсетілетін қызметтің сапасы тұтынушылардың сұраныс талабына сай болуы үшін, өндірілетін сапа көрсеткіштерін және өнім мен қызмет сапасын сертификаттап, жоғары сапалы тауар шығаруға және ол өнімдердің сапасы ішкі және халықаралық бәсекелестікке лайық қамтамасыз етілуі қажет.
ҚР – ның мемлекеттік сертификаттау жүйесінде сертификаттау мына принципте жүргізіледі:
• өнім туралы мәліметтің дұрыстығын қамтамасыз ету;
• өндіруші мен тұтынушының тәуелсіздігі;
• сынақтың кәсіби түрде өтуі;
• шетелдік өтініш берушілерге қысым жасамау;
• өтініш берушінің сертификаттау органын, сынақ зертханасын таңдап алуға еріктілігі және сертификаттауға қатысатын адамдардың жауапкершілігі;
• сертификаттау туралы ақпарат ашықтығы немесе сертификат уақытының біткендігі, жойылғандығы жөніндегі ақпарат;
• сертификаттау объектілерінің ерекшелігін ескере отырып, өндіру және тұтынуды сараптауға қажетті сынақ тәсілінің көп түрлілігі;
• сертификаттау жұмысында ИСО/ХЭК аймақтық ұйымдардың, халықаралық құжаттардың нұсқаулары мен ережелерін пайдалану;
• ҚР қатынасатын көп жақты және екі жақты келісімдері бар шетелдік сертификаттау органдарының аккредитацияланған сынақ зертханаларының сертификатталатын және сәйкестік белгісін ҚР-да тану.
ҚР – ның мемлекеттік стандарттау комитетінің мәліметі бойынша еліміздегі өндірілетін өнімнің 70%-ы сертификатталады. Қазақстанда міндетті түрде сертификаттауға жататын, қауіпті деп есептелетін өнімнің үлесі 85%-ды құрайды. Сондықтан өнімді сертификаттау қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің біріне айналды.
1 Толысбаев Б. және басқалар. Мал дәрігерлік микробиология.-Алматы, 1999.
2 М.Х. Шығаева, Ә.Т. Канаев. Микробиология және вирусо-логия. -Алматы, 2008. – 376 б.
3 Сайдулдин Т.С. Ветеринариялық індеттану. Алматы, 1999.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
Факультет:аграрлық
Кафедра:ветеринариялық санитария

БӨЖ
Тақырыбы: 1)ГОСТ және ОСТ,олардың су,ауа,топырақ,сүт,ет және мал шаруашылығы өнімдерін микробиологиялық және вирусологиялық бағалауға қажеттілігі
2)Дезинфекция тиімділігін бақылау

Орындаған:Бейсенова Айна
Тексерген:Омарбеков Е.О
Тобы:ВС-303

Семей 2015 ж.

Жоспары:
:: ГОСТ және ОСТ,олардың су,ауа,топырақ,сүт,ет және мал шаруашылығы өнімдерін микробиологиялық және вирусологиялық бағалауға қажеттілігі
:: Дезинфекция тиімділігін бақылау
:: Қорытынды
:: Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда стандарттау мен сертификаттаудың маңыздылығы
Өнім мен қызметтерді сертификаттаудың негізгі мақсаты - адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, өнім мен оған жасалатын қызметтің сапасын бағалап, тұтынушының мүддесін қорғау.
Республикамызда өндірілетін және шет елдерден әкелінетін азық-түлік пен тағамдық өнімдердің, шикізаттардың адам өмірі үшін қауіпсіз, сапасы да сұраныс деңгейінде болуы тиіс. Өндірілетін өнімнің және көрсетілетін қызметтің сапасы тұтынушылардың сұраныс талабына сай болуы үшін, өндірілетін сапа көрсеткіштерін және өнім мен қызмет сапасын сертификаттап, жоғары сапалы тауар шығаруға және ол өнімдердің сапасы ішкі және халықаралық бәсекелестікке лайық қамтамасыз етілуі қажет.
ҚР - ның мемлекеттік сертификаттау жүйесінде сертификаттау мына принципте жүргізіледі:
* өнім туралы мәліметтің дұрыстығын қамтамасыз ету;
* өндіруші мен тұтынушының тәуелсіздігі;
* сынақтың кәсіби түрде өтуі;
* шетелдік өтініш берушілерге қысым жасамау;
* өтініш берушінің сертификаттау органын, сынақ зертханасын таңдап алуға еріктілігі және сертификаттауға қатысатын адамдардың жауапкершілігі;
* сертификаттау туралы ақпарат ашықтығы немесе сертификат уақытының біткендігі, жойылғандығы жөніндегі ақпарат;
* сертификаттау объектілерінің ерекшелігін ескере отырып, өндіру және тұтынуды сараптауға қажетті сынақ тәсілінің көп түрлілігі;
* сертификаттау жұмысында ИСОХЭК аймақтық ұйымдардың, халықаралық құжаттардың нұсқаулары мен ережелерін пайдалану;
* ҚР қатынасатын көп жақты және екі жақты келісімдері бар шетелдік сертификаттау органдарының аккредитацияланған сынақ зертханаларының сертификатталатын және сәйкестік белгісін ҚР-да тану.
ҚР - ның мемлекеттік стандарттау комитетінің мәліметі бойынша еліміздегі өндірілетін өнімнің 70%-ы сертификатталады. Қазақстанда міндетті түрде сертификаттауға жататын, қауіпті деп есептелетін өнімнің үлесі 85%-ды құрайды. Сондықтан өнімді сертификаттау қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің біріне айналды.
ИСО Халықаралық Ұйымының сертификаттау саласындағы негізгі қызметі - ұйымдастырушылық-әдістемелігімен қамтамасыз ету. Қазіргі таңда бұл аумақта сапа және сертификаттау комитеті (ССК) жұмыс жасайды. Бұл ұйым халықаралық электр комитеті (ХЭК), халықаралық сауда орталығы (ХСО), БҰҰ, сауда және өркендеу конфедерациясы ұйымдарымен бірігіп жасаған Сертификаттау принципі мен тәжірибесі жасаған зерттеулері нәтижесінде құрылды.
Су құрамының ластану деңгейі үнемі бақыланып отырады. Судың құрамындағы еріген әр түрлі химиялық элементтер мен бөлшектер судың ластану деңгейін арттырса, температураның ауытқуы да судың бұзылуына себепші.
Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (БДҰ) тарапынан ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткіші ұсынылған. Ал қазақстанда ауыз су сапасы мемлекеттік стандарт (2874-82) бойынша 30 түрлі міндетті көрсеткішпен анықталады.
Қазақстан Республикассының су пайдалану мәселелері 2003 жылғы 9шілдеде қабылданған су кодексімен реттеледі. Сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құқықтық қатынастарды, сондай-ақ өкілетті мемлекеттік органдардың сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құзіреттерін айқындау мақсатында әзірленген ҚР Су кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы 2009 жылы 2 қыркүйекте қабылданды. Бұл құжаттар бізге қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық негіздерін қалыптастыруға және экология мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік берді.
Бір қала тұрғынына тәулігіне қажетті судың мөлшері мекен ету ортасының климаттық ерекшкліктері мен тұрғындардың тіршілік ету деңгейіне тәуеді. Осы көрсеткіштерге сүйене отырып СНиПА-ға судың қолдану нормалары енгізілген. Бұл нормаларға тұрғын үйлер, тұрмытық-коммуникалдық қызмет көрсету және тамақтану мекемелерінің суды қолдану нормалары кіреді. Кейбір ірі қалалардың сумен қамтамасыз ету жүйелері 2 есе жоғары нормалармен шектеледі ( Алматы, Қарағанды, Астана.). Мұндай ірі қалаларда суды қолданудың жоғары көрсеткіші 300-500 л (бір тәулікте).
Ауыз су әрқашан орнатылған ГОСТ мен стандарттарға сай болуы қажет. Ауыз суға арналған бірнеше стандарттар бар:
-- ГОСТ және арнайы анықталған нормаға сәйкес келетін Қазақстандық стандарт;
-- Ресей стандарты;
-- Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұжымының стандарты;
-- АҚШ және Еуропалық одаққа кіретін елдердің стандарты.
Ауыз суға қатысты Қазақстандық ГОСТ 1982 жылдан бастап өз күшіне енген болатын. Бүгінде ол жаңа нормалар толықтырылды. Ауыз су. Ауыз сумен қамтамасыз ететін су құбырларының орталықтандырылған жүйелеріндегі су сапасына деген гигиеналық талаптар. Сапаны қадағалау атты 3.02.002.04 СанПиН нормасы мен санитарлық ережелер жаңадан енгізілген.
Аталмыш стандарттар мен нормаларға сәйкес жоғары сапалы ауыз су терминінің астарында төмендегідей мағыны жатыр:
-- органолептикалық көрсеткіштерге сай келетін су: мөлдір., иіссіз және жағымды дәммен;
-- рН, 0-7,5 және тығыздылығы 7 мг-эквдм3 су;
-- еселенген пайдалы минералдардың саны 1грл;
-- құрамында ауру тудыратын бактериялар мен вирустар мүлде жоқ су;
Осы күнгі су сапасына деген талаптар өте қатал және біздің пайдаланып отырған суымыздың таза әрі зиянсызекендігіне кепілдік беруге бағытталған.
.
Мал шаруашылығы өнімдерінің сынамаларын іріктеу
Жалпы талаптар
ҚР СТ 1510-2006

1 Қолдану саласы
Осы стандарт мал шаруашылығы өнімдеріне (ет, май, ішек-қарын мен тереңсіз өңдеудің басқа өнімдеріне) таралады және гамма-және бета-сәйулеленетін радионуклидтар бойынша радиациялық бақылауды жүргізу үшін сынамаларын іріктеуге қойылатын жалпы талаптарды белгілейді.
Стандарт мал шаруашылыгы өнімдерін шыгаруды, қайта өңдеуді, өткізуді, тасымалдау, сақтау, сынамаларын іріктеу мен сапасын бақылауды, сонымен қатар радиациялық көрсеткіштер бойынша кауіпсіздік талаптарына өнімнің сәйкестігін растауды жүзеге асыратын, ұйымдастыру-құқықтық пішініне және ведомстволық бағыныстылыгына тәуелсіз Қазақстан Республикасының аумагында қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлгалармен қолданылады.
2 Нормативтік сілтемелер
Осы стандартта келесі стандарттарға сілтемелер пайдаланылған:
ҚР СТ 3.4-2003 ГСС РК. Өнімнің сәйкестігін растау жүргізу тәртібі. Жалпы талаптар.
ҚР СТ 3.58-2005 Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесі. Өнімнің сәйкестігін растау жүргізу кезінде пайдаланатын, улгілерді қолдану тәртібі.
ҚР СТ ГОСТ Р 50779.10-2003 Статистикалық әдістер. Статистика негіздері мен ықтималдығы. Терминдер мен анықтамалар.
ҚР СТ ГОСТ Р 50779.11-2003 Статистикалық әдістер. Сапамен статистикалық басқару Терминдер мен анықтамалар.
ГОСТ 8285-91 Мал еріткен майлар. Қабылдау ережелері мен сынау әдістері.
ГОСТ18158-72 Ет өнімдерін өндіру. Терминдер мен анықтамалар.
ГОСТ18447-91 Құс етінен өнімдер. Терминдер мен анықтамалар.
ГОСТ19708-74 Өсімдік майларын өңдеу. Терминдер мен анықтамалар.
ГОСТ27583-88 Тауық тамақ жумыртқалары. Техникалық шарттар.
3 Терминдер мен анықтамалар
Осы стандартта [1], ҚР СТ ГОСТ Р 50779.10, ҚР СТ ГОСТ Р 50779.11, ГОСТ 18158, ГОСТ 18447, ГОСТ 19708
Микотоксиндерді анықтау әдістері мен тағам өнімдерінің ластануын бақылау. Лабораториялық диагностика жатады Тағам өнімдерінде және культуральды сұйықтықта энтеротоксиндерді табу. Қоздырғышты табу және оның бүкіл сыналатын материалынан көлемін алады.
Өндірістік өнімнің сапасын бақылау әртүрлі деңгейде жүреді:
* Өндірістік деңгейде
* Ведомствалық Мемлекеттік деңгейде
* Қоғамдық деңгейде
Өндірістік деңгейде бақылау үшін көңіл аудару:
- Стандарттардың сақталуына
- Медициналық-биологиялық талаптардың сақталуына
- Өндірістің барлық сатыларында санитарлық нормалардың сақталуы, сонымен қатар мына жағдайлар ескеріледі:
- шикізаттың қолданылуы
- техникалық өңделуі
- дайын өнімнің сақталуы мен халыққа таратылуы.
Өндірістік бақылауда ең негізгі орынды сынақ лабораториясының маңызы жоғары. Ол зертхана міндетті түрде аттестацияланған, сертификатталған болуы керек және тағамдық өнімдердің бактериологиялық сапасына жауап беруі қажет. Мемлекеттік және ведомствалық бақылау жүргізіледі сапаға. Бұл жерде сапаны бірнеше мекеме жүргізеді:
* СЭС (санитарлық-эпидемиологиялық станция);
* Мемлекеттік сауда инспекциясы;
* Мемлекеттік кеден;
* Ішкі істер министрлігі;
* Мемлекеттік ветеринарлық инспекция;
* Стандартизациялау комитеті;
Әрбір осы мекемелердің өндірістік өнімнің ережесі мен тәртібіне жауап беретін ведомствалық құжаттары бар.

Базарларда ветеринариялық санитариялық сараптау жүргiзгенде қолданылатын стандартты тестердің
Тiзбесi
1. Ет. Сынама алу әдiсi және органолептикалық әдiспен жастығын анықтау ГОСТ 7269-79.
2. Ет. Еттiң жастығын микроскопиялық және химиялық зерттеу ГОСТ 23392-78.
3. Жылқының ұлттық өнiмдер. ТЖ (қарта, шұжық қазақстандық, қазы, және қос қазы, жал, жая, сүрленген ет) ТЖ РСТ.КазССР 74-84.
1) Органолептикалық көрсеткiштерiн тексеру ГОСТ 9959-91 стандарты бойынша жүргізiледi;
2) қабылдау тәртiбi - Сынама алу партиясын анықтау ГОСТ 9792-73.
4. Қоян етi. Сынама алу әдiсi, органолептикалық әдiспен жастығын анықтау ГОСТ 20235.0-74.
5. Қоян етi. Жастығын микроскопиялық, химиялық жолмен анықтау ГОСТ 20235-74.
6. Құс етi. Сынама алу әдiсi органолептикалық әдiспен сапасын тексеру ГОСТ 7702.0-74.
7. Құс етi. Жастығын микроскопиялық, химиялық жолмен анықтау ГОСТ 7702.1-74.
8. Сүт және сүт тағамдары. Қабылдау тәртiбi. Сынама алу әдiсi, сынаманы анализге дайындау ГОСТ 26809-86.
9. Сүт және сүт тағамдары. Майлылығын анықтау әдiсi ГОСТ 5867-90
10. Сүт және сүт тағамдары. Тазалығын анықтау әдiсi ГОСТ 8218-89.
11. Сүт және сүт тағамдары. Тығыздығын анықтау әдiсi ГОСТ 8218-89.
12. Сүт және сүт тағамдары. Қышқылдығын анықтау әдiсi ГОСТ 8218-89.
13. Сүт және сүт тағамдары. Ас тұзын анықтау әдiсi ГОСТ 3627-81.
14. Сүт және сүт тағамдары. Спирттi (алкогольдi) анықтау әдiсi ГОСТ 3629-47.
15. Сүт және сүт тағамдары. Ылғалдылығын және құрғақ заттарды анықтау әдiстерi ГОСТ 3626-73.
16. Сүт және сүт тағамдары. Микробиологиялық анализ әдiстерi ГОСТ 9225-84.
17. Сүт. Соданы анықтау әдiсi ГОСТ 24065-80.
18. Сүт. Аммиакты анықтау әдiсi ГOCT 24066-80.
19. Сүт. Сутегi қостотығын анықтау әдiсi ГОСТ 24067-89.
20. Сиырдың сүтi. Дәмiн, иiсiн органолептикалық анықтау әдiсi ГОСТ 28283-
21. Сүттi бруцеллезге тексеру.
22. Құрт. Техникалық жасау жағдайы СТ РК 44-97.
23. Iрiмшiк ТЖ СИ РК 84-98.
24. Творог ТЖ СТ РК 94-95.
25. Шубат ТЖ СТ РК 117-97.
26. Сиыр сүтiнен дайындалған кiлегей СТ РК 142-97.
27. Түйе сүтi шұбат өңдеу СТ РК 166-97.
28. Қатық ТЖ СТ РК 230-87.
29. Айран ТЖ СТ РК 982-95.
30. Қымыз ТЖ СТ РК 1004-98.
31. Биенiң сүтi. Сатылғандағы қойылатын талап СТ РК 1005-98.
32. Қаймақ ТЖ СТ РК 1006-98.
33. Балық, теңiз сүт қоректiлерi, теңiз омыртқасыздары және олардан алынатын өнiмдер. Қабылдау тәртiбi. Органолептикалық әдiспен сапасын зерттеу, лабораториялық зерттеулерге сынама алу әдiстемелерi ГОСТ 7631-85.
34. Тауық жұмыртқасы. ТЖ ГOCT 27583-88.
35. Бал арасы. ТЖ ГОСT 9792-87.

"Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар"
техникалық регламенті 1. Қолдану саласы
1. Осы "Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексін және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы "Техникалық реттеу туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" заңдарын іске асыру мақсатында әзірленді.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.28 N 451 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. Осы Техникалық регламент осы Техникалық регламентке 2-қосымшаға сәйкес Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес өндірілетін (дайындалатын) және әкелінетін (импортталатын) жануарлар және құс етінің барлық түрлеріне, қосымша тамақ өнімдеріне, шұжық өнімдеріне, жартылай фабрикаттарға және кулинарлық өнімдерге, тамақ концентраттарына, қаннан қайта өңделген тамақ өнімдеріне, қосымша өнімдерге және өзге де құрамында ет бар тағамдарға қолданылады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.28 N 451 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
3. Осы Техникалық регламент мынадай ет өнімдерін:
1) балалар тағамын;
2) май өнімдерін;
3) жануарлардан алынатын шикізаттан өндірілетін (дайындалатын) медициналық препараттарды;
4) емдік, алдын алу және диеталық мақсаттағы;
5) жеке пайдалануға арналған үйде дайындалатын өнімдерді;
6) генді түрлендірілген жануарлардан алынатын шикізатты пайдалану арқылы алынған тағамдық өнімдерді;
7) консервіленген тағамдарды;
8) тағамдық желатинді өндіруге (дайындауға), айналымына және жоюға қолданылмайды.
2. Терминдер мен анықтамалар
4. Осы Техникалық регламентте Қазақстан Республикасының " Техникалық реттеу туралы", "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы","Ветеринария туралы" заңдарына сәйкес терминдер мен анықтамалар пайдаланылады, сондай-ақ мыналар:
ет тағамдары - етті пісіру, кептіру, тұздау, майлау немесе қақтау жолымен етті өңдеу нәтижесінде алынған тағамдар;
ет және ет өнімдерін өндіру (дайындау), айналымы субъектісі (бұдан әрі - субъект) - ет және ет өнімдерін өндіру (дайындау), айналымы жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлға;
ет және ет өнімдерін өндіру (дайындау) объектісі (бұдан әрі - объект) - ет және ет өнімдерін өндіретін (дайындайтын) кәсіпорынұйым;
залалсыздандырғыш тосқауыл - республика немесе ұйым аумағына кіру және олардың аумақтарынан шығу алдында көлік құралдарын, ал персонал үшін ұйым цехының үй-жайына кіру және одан шығу алдындағы залалсыздандыру пункті;
зиянды зат - кез келген биологиялық немесе химиялық зат, сондай-ақ оны өндіру кезінде етте жиналған немесе ет өніміне қосылған және адам денсаулығына зиян келтіруге немесе қоршаған ортаны ластауға қабілетті олардың метаболиттері;
конфискат - мемлекеттік ветеринарлық қадағалау органдары тағамдық мақсат үшін жарамсыз деп таныған малдың ұшалары, ұшаларының бөліктері мен мүшелері;
жануарлардың (құстардың) партиясы - ұйымға бір шаруашылықтан бір жеткізгенде бір тауар-көлік жүкқұжатымен және белгіленген нысандағы бір ветеринарлық құжатпен бірге келетін бір түрлі жануардың (құстың) кез келген саны;
мұздатылған ет - ұшалар мен ұшалар бөлшектерін сою желісінде бұлшық ет қабатында минус 8 0 С-тан - минус 18 0 С-қа дейінгі температураға дейін мұздатылғаннан кейінгі ет;
нитриттік тұздау қоспасы - дайын өнімде натрий нитритінің қауіпсіз концентрациясын қамтамасыз ететін қатынастағы натрий нитритінің ас тұзымен қоспасы;
сүйектен айырылған ет - сүйектен айырылған ұшаның бұлшық, майлы және қосылыс тінінен жасалған ет өнімі;
тоңазытылған ет - сойылғаннан кейін тікелей бұлшық ет қабатында минус 2 0 С-тан минус 3 0 С-қа дейінгі температураға дейін тоңазытылғаннан кейінгі алынған жас ет;
терең мұздатылған ет - бұлшық ет қабаты минус 18 0 С-тан аспайтын температураға дейін мұздатылғаннан кейінгі ет;
салқындатылған ет - жануарды немесе құсты сойғаннан кейін бұлшық ет қабатында 0 0 С-тан плюс 4 [0] С температураға дейін салқындатылғаннан кейін тікелей алынған жас ет;
шартты-жарамды ет - залалсыздандырудан кейін (пісіру, шұжық өнімдерін дайындау, финнозды етті тұздап немесе майлап залалсыздандыру) тағамға қолдануға рұқсат берілетін ауру жануар ұшасының еті.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.28 N 451 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
3. Ет және ет өнімдерінің базардағы айналым шарттары
5. Ет және ет өнімдері осы Техникалық регламентте белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс.
6. Ет және ет өнімдері базарға, егер олар мақсатына қарай тиісті қолданылған кезде адам денсаулығы немесе қауіпсіздігі үшін қауіп тудырмайтын жағдайда ғана жеткізілуі және сатылуы мүмкін.
Нақты сапасыз белгісі бар, қауіпсіздігін, шыққан жерін және сапасын растайтын ілеспе құжаттары жоқ, сондай-ақ қасиеті мен таңбалануы қолданыстағы заңнаманың талаптарына және белгіленген жарамдылық мерзіміне сәйкес келмеген кезде ет және ет тағамдары аккредиттелген (аттестатталған) ветеринарлық зертханада ветеринарлық-санитарлық сараптама жасау үшін алынып қойылады.
Пайдалануға жарамсыз және адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті ет және ет өнімдерін жою Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

"Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті 1. Қолдану саласы
1. "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - техникалық регламент) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі, "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы және "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді және сүт және сүт өнімдерінің (бұдан әрі - сүт және сүт өнімдері) қауіпсіздігіне қойылатын ең аз қажетті талаптарды белгілейді.
Осы техникалық регламент Қазақстан Республикасының аумағында айналымдағы сүт және сүт өнімдеріне қолданылады, олар өнімдердің мынадай түрлерін қамтиды:
1) сүт шикізаты және кілегей шикізаты;
2) ішетін сүт және ішетін кілегей;
3) сүт қышқылды өнімдер;
4) сүзбе және сүзбе енімдері;
5) қаймақ;
6) сиыр сүтінен жасалған май;
7) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.11.15 N 1201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен;
8) майлы паста;
9) сары май-өсімдік спреді және ерітілген сары май-өсімдік қоспасы;
10) ірімшік және ірімшік өнімдері;
11) сүтті қайта өңдеудің қайталама өнімдері.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.03.20 N 371 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2010.11.15 N 1201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
2. Осы техникалық регламенттің қолданысына түсетін сүт және сүт өнімдерінің түрлері Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес осы техникалық регламентке қосымшада келтірілген.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.04.28 N 451 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
3. Осы техникалық регламенттің талаптары, сүт және сүт өнімдерін әзірлеумен (жасаумен), өндірумен (дайындаумен) қайта өңдеумен, сақтаумен және өткізумен айналысатын барлық жеке және заңды тұлғалардың қызметіне қолданылады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ГОСТ және ОСТ,олардың су,ауа,топырақ,сүт,ет және мал шаруашылығы өнімдерін микробиологиялық және вирусологиялық бағалауға қажеттілігі.Дезинфекция тиімділігін бақылау
Мемлекеттік стандарт
ГОСТ және ОСТ,олардың су,ауа,топырақ,сүт,ет және басқа мал шаруашылығы өнімдерін микробиологиялық және вирусологиялық бағалауға қажеттілігі
ГОСТ және ОСТ оларлың су,ауа,топырақ,сүт,ет және басқа мал шаруашылығы өнімдерін микробиологиялық және вирусологиялық бағалауға қажеттілігі. Дезинфекция тиімділігін бақылау
Тамақ өнімдерінің құжаттары мен үлгілерін тексеру
Дайындайтын сиыр сүтіне үйлестірілген гост стандартының ерекшеліктері
Мал шаруашылық өнімдерін ветеринериялық санитариялық сараптау
Картоптан жартылай фабрикаттарды орталықтандырылған өндіру
Тексеру және кәсіпорынды бағалау
Тұздалған және ашытылған көкөніс өнімдерінің құрамындағы микроағзалардың түрлерін анықтау
Пәндер