Жүйелік программалаудың негізгі ұғымдары мен анықтамалары жайлы мәлімет


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Жаратылыстану -математика факультеті
Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы
СӨЖ№1
Тақырыбы: «Жүйелік программалаудың негізгі ұғымдары мен анықтамалары».
Орындаған: Альханова М. С
Тобы: Т-241
Тексерген: Аргынгазина Ж. Н
Семей қаласы 2015жыл.
Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлімЖүйелік программалау негізгі ұғымдары мен анықтамалары. Жүйелік программалаудың функциялары. Жүйелік программалық қамтамасыз етудің негізгі компоненттері.
- Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.
I. Кіріспе
ДК-дегі кез келген программалық жабдықтардың ажырамас екінші бір бөлігі болып саналады. Әрбір адамға ЭЕМ-нің барлық құрылғыларын басқару мүмкіншілігін беретін, сол себепті басқа программаларды аппаратурамен байланыс жасаудан босататын, компьютерде жұмыс істегісі келетін әрбір адамға өте қажет операциялық жүйенің алатын орны ерекше болып есептеледі.
Жүйелік программалау (Системное программирование; system programming) - программалауды жөне компьютер пайдалануды едәуір жеңіл- дететін кызмет көрсеткіш программалар жүйесі; ортақ программалық жасақтаманы: операциялық жүйелерді, программалау жүйелерін, сондай-ақ ортақ міндет жүктелген қолданбалы программалар дестелерін әзірлеу.
Жүйелік программалар компьютерлік жүйенің аппараттық жасақтамасымен, программалық жасақтамасымен өзара қарым-қатынасын камтамасыз етеді. Нақты бір құрылғымен байланысты жүзеге асыратын программа драйвер деп аталады. Жүйелік сатыға енетін программалардың екінші бір тобы қолданушымен өзара қарым-қатынасты орнатады. Мұндай программалық кұралдар қолданушы интерфейсін қамтамасыз ету құралдары деп аталады.
Программалау жүйелері шыққанға дейін өр адам өзі қолданатын программа мәтінін программалау тілінде жазып, оны ЭЕМ-ге арнаулы мәтін редакторы арқылы енгізіп, сонан соң тағы бір арнайы ирограмма - компилятор (транслятор) көмегімен өз мэтінін машина тіліне аударатын. Ен соңында үшінші бір арнаулы жинақтаушы программаның арқасында бөлек модульдерден орындалатын программалық файл алынатын.
Негізгі бөлім.
- Жүйелік программалаунегізгі ұғымдары мен анықтамалары.
Жүйелік программалау (Системное программирование; system programming) - программалауды жөне компьютер пайдалануды едәуір жеңіл- дететін кызмет көрсеткіш программалар жүйесі; ортақ программалық жасақтаманы: операциялық жүйелерді, программалау жүйелерін, сондай-ақ ортақ міндет жүктелген қолданбалы программалар дестелерін әзірлеу.
Негізгі ұғымдар мен анықтамалар.
Транслятор - бағдарламалу тілінен ЭЕМ-тіліне аудармашы, яғни ЭЕМ-кодтарынан тұратын командалар. Транслятордың негізгі түрлері: интерпретаторлар және компиляторлар.
Интерпретаторлар - машиналық кодтарға командалық аударма және дәл сол уақытта әр команданың орындалуын қамтамасыз етуші транслятор. Интерпретатордың ерекшелігі дербес компьютерді қолданушы сұхбаттық режимде жұмысты ұйымдастыратын мүмкіндігі бар. Ал, кемшілігі бағдарламаның орындалу жылдамдығы баяу жүреді.
Компилятор - барлық бағдарламаны машиналық командаға оның орындалуынсыз аударатын транслятор. Компилятор жұмысының нәтижесінде жұмыс жасауға дайын емес жеке модуль пайда болады.
Қолданбалы бағдарламалық жабдықтау - әртүрлі ақпаратты өңдеуді автоматтандыру үшін және ғылым мен техникадағы есептеулерді орындау үшін әр түрлі негіздегі бағдарламалар жиынтығы.
Қолданбалы бағдарламалар - арнайы бір қолданушыға арналып жасалынған немесе қолданушылардың өз қажеттері үшін жасаған бағдарламалар.
Қолданбалы бағдарламалардың арнайы пакеті - нақты бір мәселеге, есептердің анықталған класына арналған бағдарламалар. Қолданушылар программалаушылардың көмегінсіз пайдалана алатын бағдарламалар. Мұндай пакеттерге: редакторлар (лексикон, Word), электрондық кестелер (Super Calc), мәліметтер қоры (dBase), механизмдерді проектілеу пакеті (AutoCad), математикалық есептеулер пакеті (NortonUtilite) және басқалар жатады.
Жүйелік программалардың түрлері:
- операциялық жүйелер (ОЖ)
- утилиттер
- сервистік программалар.
Жүйелік программалар компьютерлік жүйенің аппараттық жасақтамасымен, программалық жасақтамасымен өзара қарым-қатынасын камтамасыз етеді. Нақты бір құрылғымен байланысты жүзеге асыратын программа драйвер деп аталады. Жүйелік сатыға енетін программалардың екінші бір тобы қолданушымен өзара қарым-қатынасты орнатады. Мұндай программалық кұралдар қолданушы интерфейсін қамтамасыз ету құралдары деп аталады.
1. 3 Жүйелік программалаудың функцияларына кіреді:
- Қолданушымен сұқбатты жүзеге асыру;
- Еңгізу-шығару және деректермен басқару;
- Бағдарламалардың өндеу процесін жоспарлау және ұйымдастыру; Ресурстарды орналастыру (оперативтік жадпен кэш жадты, процессорді, сыртқы құрылымды) ;
- Бағдарламаларды орындалуға еңгізу;
- Бірнеше көмекші операцияларды қамтамасыз ету;
- Әр түрлі сыртқы құрылымдар арасында ақпараттарды беру;
Перифериялық құрылымдарды бағдарламалық қолдау жұмыстары (дисплей, пернетақта, диск жинақтауыш, принтержәне т. б. ) .
Жүйелік программалау компьютердің құрылымдарың басқару бағдарламасының жалғасы дейміз.
Жүйелік программалау көптеген функцияларды орыңдайды: информацияны дискіге жазу-оқуды жүзеге асырады, мәліметтер сақтауды ұйымдастырады, компьютер құрылғыларының өзара байланыста жұмыс істеуін, барлық қолданбалы программалар жұмысының орындалуын қамтамасыз етеді. Бүл жүйе ЭЕМ іске қосылғаннан кейін иілгіш не қатты дискіден алғашқы жүктелетін кещенді программа болып табылады. Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар тобы утилиттер болып табылады. Оларға мысал ретінде антивирустік (вирустерге қарсы) программаларды, мәліметтерді архивтеу (кысу) программаларын, компыотердің: жұмыс істеу қабілетін (диагностика) тексеретін программаларды (тест ирограммалары) айтуға болады.
1. 3 Жүйелік программалық қамтамасыз етудің
негізгі компоненттері:
Жүйелік программалық қамтамасыз етудің негізгі компоненттері болып:
- операциондық жүйелер (ОЖ) ;
- файлдарды басқару жүйелері (ФБЖ) ;
- пайдаланушының ОЖ-мен өзара әрекеттесу үшін интерфейстік
қабаттар мен программалық орталар;
- программалау жүйелері;
- утилиттер болып табылады.
1. ОЖ деп әдетте бір жағынан дербес компьютер (ДК) аппаратурасы
мен пайдаланушы арасындағы интерфейс сияқты болатын, ал екінші
жағынан - есептеуіш машинаның ресурстарын ыңғайлы пайдалану мен
сенімді есептеулерді ұштастыру үшін арналған программалар комплексін
түсінеді. Программалық қамтамасыз ету компоненттерінің бірде біреуі
компьютер аппаратурасына (ОЖ-нің өзінен басқа) тікелей ене алмайды.
Пайдаланушылардың өздері де программаларымен ОЖ интерфейсі арқылы
өзара әрекеттеседі. Программалық қамтамасыз етудің кез келген компоненті
ОЖ-ні басқарумен айналысады.
2 . Файдарды басқару жүйелерінің міндеті - файл тәрізді ұйымдастырылған мәліметтерге енуді ыңғайлы етіп ұйымдастыру. Қазіргі ОЖ-лер барлығы бірнеше файлды жүйелермен жұмыс жасауға мүмкіндік береді (бірнешеуінің біреуімен немесе бірнешеуімен бірге) . Оларсыз да жұмыс істей алатын қарапайым ОЖ-лер де бар. Бірақ, кез келген ФБЖ өз бетінше өмір сүре алмайтындығын түсінк керек - ол арнайы ОЖ мен арнайы файлды жүйемен жұмыс істеу үшін жасалған. Бәріне әйгілі FAT файлды жүйесі файлдарды басқару жүйесі сияқты көптеген түрлендірілімдерге ие, мысалы MS-DOS үшін FAT-16, OS/2 үшін super-FAT, Windows NT үшін FAT және т. б.
3. ОЖ өзара әрекеттесу кезінде ыңғайлы болу үшін интерфейстік қабаттар қолданылады. Олардың негізгі міндеті - не ОЖ басқару мүмкіндіктерін арттыру, не жүйеге енгізілген мүмкіндіктерді өзгерту. Мысал: ретінде UNIX жүйелерінде X Windows, OS/2-де Object Desktop немесе PM Shell графикалық интерфейсінің түрлі варианттарын атауға болады. Операциондық орта программалық интерфейстермен анықталады, яғни API (application program interface) . Қолданбалы программалау интерфейсі (API) өзінің құрамына процесстермен, жадымен және енгізу/шығаруды басқаруды қосады. Бірнеше ОЖ басқа ОЖ-лер үшін жасалған программаларды орындауды ұйымдастыра алады. Мысалы, Windows NT ОЖ-де MS-DOS, OS/2 1. x, Windows 3. x үшін жасалған программалар орындалады. Бірақ Windows XP ОЖ-лерінің ақырғысында өндірушілер DOS-программаларды орындау мүмкіндіктерінен бас тартты.
Жүйелік программалық қамтамасыз етудің бұл класына бір ОЖ ішінде
басқа кез келген машинаны немесе ОЖ-ні модельдеуге мүмкіндік беретін
эмуляторларды да жатқызуға болады. Осылайша, Linux ортасына кез келген
басқа ОЖ, мысалы Windows-ты жүктеуге мүмкіндік беретін WMWARE
эмуляция жүйесі әйгілі. Сонымен, операциондық орта термині арнайы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz