Іргетастар мен негіздерді жобалау


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ және ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар факультеті
Геодезия және құрылыс кафедрасы
«5В072900 Құрылыс» мамандығы
«Жобалық іс» пәні бойынша
СӨЖ
Тақырыбы: Іргетастар мен негіздерді жобалау
Орындаған: Тынысбеков С. Е.
СТ-217
Тексерген: Окасов А. Р
Семей
2015
Мазмұны
1. Іргетастар мен негіздер туралы түсінік
Кез келген үйдің немесе ғимараттың бойындағы салмақ пен түрлі жүктер оның іргетасы орнатылған грунтты негіздерге түседі.
Негіздер деп салынатын уйлердің іргетасының табаны арқылы түсіп таралған күшті көтеретін грунт қабаттарын /немесе қабатын/ атайды.
Іргетас деп үйдің бойындағы салмақ пен жүктерді жер бетінен белгілі бір тереңдікте орналасқан грунтты негіздерге жеткізіп, таратып түсіруге арналған конструкцияны атайды.
Грунт деп пішіні мен ірілігі әр түрлі қатты түйіршіктерден тұратын жер қабығында болатын құбылыстардың әсерінен мүжіліп ұсақталынған тау жыныстарын атайды. Жалпы грунттарды олардың табиғи қасиеттеріне байланысты сусымалы /құмды/ және иленгіш /балшықты/ деп екі топқа бөледі. Сусымалы грунттардың иленгіш грунттарға қарағанда қатты түйіршіктерінің арасындағы байланыс жоқ. Керісінше, иленгіш грунттарда мұндай байланыс әжептәуір мықты болады, бірақ та оның шамасы қатты түйіршіктердің беріктігінен бірнеше есе төмен болады.
Көптеген құрылыс материалдарымен салыстырғанда грунттар өздерінің жоғары кеуектілігімен, су өткізгіштігімен, жоғарғы сығымдылығымен, осалдығымен т. б. ерекшеленеді. Сондықтан грунттарды құрылыс мақсатына пайдаланғанда олардың қасиеттерінің ерекшеліктерін ескерген жөн.
Іргетас (1. - сурет) көбінесе жер бетінен 2 төмен орналасады. Іргетастың қабырға немесе тіреу 3 сүйенетін жоғарғы бетін оның жиегі 4 деп атайды. Іргетастың табаны 3 оның грунтты негізді басып тұрған астыңғы беті.
Егер де салынатын үйдің іргетастары тек біp ғана грунт қабатының үстіне орнатылатын болса, онда біртекті негіздер /негіз/ қарастырылады. Қабатты негіздерді /негізді/ 6 әр түрлі қабаттардан тұратын грунттар қүрайды. Мұндай. жағдайда іргетастың табанындағы грунт қабатын - көтергіш қабат 7 деп, ал одан төмен қарай орналасқан қабаттарды - төсеніш кабаттар 8 деп атайды.
Іргетастың биіктігі оның жоғарғы бетімен табанының ара қашықтығына тең. Іргетастың салу тереңдігі d деп жер бетінен оның табанының ара қашыктығын атайды.
1- сурет. Ғимараттың іргетасы мен негізі
2. Іргетастар мен негіздерді жобалау
Іргетастар және негіздер - құрылыс инженерлерін дайындаудағы ең қажетті арнаулы пәндердің бірі. Бұл пәннің басты мақсаты әр түрлі инженерлік - геологялық және гидрогеологиялық жағдайларда салынатын үйлердің іргетастары мен негіздерін жобалау мен орнатудың тиімді шешімдерін қабылдауды қамтамасыз ету. Жалпы құрылыс үшін іргетастар мен негіздерді дұрыс жобалап орнатудың маңызы өте зор. Өйткені салынған үйлердің пайдалану мерзімі көбінесе олардың іргетастары мен негіздерінің сапасына байланысты болады,
Іргетастар мен негіздерді жобалау деп салынатын уйлердің берік тұғыры /негізі/ болатын грунттардың қурылыска қажетті қасиеттерін ескере отырып орнататын іргетастардың түрін, табандарының өлшемде- рін, конструкциясын анықтауды атайды.
Іргетас үйдін ең жауапты бөліктерінің бірі болып табылады. Өйт- кені ол бүтіндей қатқыл материалдардан /кірпіш, бетон, темірбетон, темір т. б. / құрылған уйді жүмсақ күйдегі ортамен - грунтты негіздермен жалғастырып жоғарыдан тусетін жүктерді таратады. Сондьщтан іргетастың катқылдығы бірдей емес екі ортаның бір жүйенің құрамында үйлесімді және берік жұмыс атқаруын, яғни уйлердің ұзақ мерзімде қауіпсіз пайдаланылуын камтамасыз етуде атқаратын ролі үлкен.
. Профессор Б. И. Далматов іргетастар мен негіздерді жобалау барысында үш принципті ұстауды усынады:
Бірінші принцип . Іргетастардың грунтты негіздерін олардың шекті күйлері бойынша есептеу.
Екінші принцип . Үйдің жер үстіндегі бөлігінің, іргетасының, грунтты негіздерінің бірге бүтіндей бір жүйенің құрамында үйлесімді және берік жұмыс атқаруының қажеттілігін ескеру.
Үшінші принцип . Мынадай деректерге сүйене отырып, іргетастар мен негіздерді жобалауды комплексті /жинақты/ түрде шешу: а) құрылыс алаңының инженерлік-геологиялык және гидрогеологиялық жағдайлары; б) салынатын үйдің грунтты негізінің әркелкі шөгуінің жер бетінен жоғары орналаскан конструкцияларға /үйдің қаңқасына/ тигізетін әсерін бағалау; в) жер казу жүмыстарын жүргізу мен іргетас орнатудың тиімді тәсілдерін қолдану.
Сөйтіп, іргетастар мен негіздерді жобалау ғылыми негізде шешуді қажет ететін күрделі инженерлік мәселелер қатарына жатады. Сон- дықтан мұндай жоба жүргізгенде бірнеше альтернативті варианттар қарастырылып, олардың техника-экономикалық көрсеткіштерін салыстыру арқылы іргетастардьң ең тиімді конструкциясы таңдалынып алынады. Содан кейін қаланатын үйдің іргетастары астындағы грунтты негіздерімен коса есептелініп олардың табандарының қажетті өлшемдері анықталынады. Есептеу барысында салынатын үйлердің іргетастарының шөгуі оның мүмкін болатын шекті мәнінен төмен, іргетастардың грунтты негізі орнықты және олардың конструкциясы берік деген тұжырымдардың орындалуын қамтамасыз етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz