Поли және моно этностық ортадағы мәдениеттің психологиялық ерекшеліктері



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

1 БӨЛІМ. ПОЛИ ЖӘНЕ МОНО ЭТНОСТЫҚ ОРТАДАҒЫ МӘДЕНИЕТТІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1 Этномәдени орта және оның рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Этнопсихологияда кездесетін категориялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.3 Этнопсихологиядағы өзіндік сананың және мәдениеттің психологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

2 БӨЛІМ. ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
2.1 Зерттеудің мақсаты,міндеті,болжамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
2.2 Зерттелетін әдістемелерінің сипаттамасы мен зерттеу барысы сипаты ... ..32
2.3 Зерттеу мәліметтерінің сандық және сапалық өңдеу сандық өңдеу ... ... ...37

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..45

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .46

ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ

Қазіргі уақытта Қазақстанда мәденитке, тілге,ұлтқа ұлттық мінез-құлыққа көп көңіл аударылып жатыр.Сонымен қоса, Қазақстанда поли және моно ұлт топтары тұрады.Моноға біз бір ұлт адамдарын жатқызамыз олардың салт-дәстүрі,әдет-ғұрпы,мінез-құлқы,қабілеттері,мәдениттері тағы басқаларды жатқызамыз.Поли топтарға көптеген ұлттардың қосындысын айтамыз олардың да,әдет- ғұрпы, салт-дәстүрі мәдениеті тағы басқаларды жатқызамыз
Полиэтникалық жағдайда этникалық толеранттылық мәселесі де мәнді.Басқа этникалық мәдениеттерді қабылдау,силау үшін ең алдымен өзіңнің мәдениетіңді қабылдау,силау,оның позитивті құнды екенін ұғыну,оған деген сенімділік,басқа мәдениетпен жиі байланысқа түсу міне осы жағдайлар мәдени аралық толеранттылықтың негізін құрайды.Мәдениет адам творчествосының өнімі. Мәдениет жеке әлеуметтік-экономикалық формацияда этникалық,ұлттық,таптық,топтық мәдениет ретінде дамиды.Мінез құлықтағы өзгеріс міндетті түрде мәдениеттегі өзгерісті білдіреді.
Этномәдениеттің сондай-ақ бұл бағыттымен Қазақстанда айналысып жүрген ғалымдарымыз Б.Ә.Әмірованың этностық жансақ нанымдардың оқыту процесіне әсер ететіні туралы зерттеулері С.М.Жақыпов, Қ.Б.Жарықбаев А.Т.Малаева, Л.К.Көмекбаева, ғылыми еңбектерінің маңызы зор.
Біздің зерттеу жұмысымыз поли және моно этностық топтардың мәдени айырмашылықтарын зерттеу. Біздің елімізде ұлттардың мәдени этникасын зерттеу кең өріс алған емес, бұл тақырыптағы еңбектер ізденістер де жеткіліксіз.Зерттеулер өте аз деп айтуға болады.Этникалық мәдениет ең маңызды факторлардың бірі болып табылады.
Зерттеудің мақсаты:поли және моноэтностық ортадағы мәдениеттің психологиялық ерекшеліктерін эмпирикалық зерттеу.
Зерттеу пәні:поли және моноэтностық топ өкілдерінің психологиялық ерекшеліктерінің көріну жағдайлары.
Зерттеу өзектілігі:Жұмыстың өзектілігі, қазіргі уақытта Қазақстан мәдениетті,әдет-ғұрыпты, мінез-құлықты дамытудан алдыңғы қатарда тұр.Поли және моноэтностық топтардың ерекшеліктерін анықтау,олардың поли топтар мен моно топтардың этностық мәдениетін салыстырып олардың айырмашылықтарын көз жеткізіп,ерекшеліктері табу. Поли және моноэтностық топтардың мәдениетіндегі ерекшеліктердің бар екенін дәлелдеу.
Тәжірибелік маңыздылығы:Зерттеуден алынған мәдениетке тәрбиелеу және дамыту мақсатындаарнайы тренингтер және дамыту жаттығуларын қарастыруда қолдану.
Болжам:Поли және моно этностық ортаның психологиялық ерекшелігі бар болса, онда осы екі ортадағы этностық өзіндік сананың да ерекшелігі бар.

Зерттеу міндеттері:1.Этнопсихология мәселесіне арналған әдебиттерді талдау.
2.Әдістемелер мен талдауларды жасау.
3.Әдістемелерді эксперименталды поли және моно топтарға өткізу.
4.Зерттеу нәтижелері бойынша салыстырмалы талдау.
5.Салыстырмалы талдау негізінде қорытынды жасау.
Кілттік сөздер:ұлт,ұлттық мінез, этоиднтифиация,этноцетризм,бірдейлік,
таптаурыдар,өзідік сана,ұлттық өзідік сана,этномәдениет
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.Гумилев Л.Н. Этногенез и биосфере Земли. М.,1995г.-450с.
2.Национальное и интернациональное в воспитании// Сб научных
трудов АГУ им Абая./Под ред.Шабельникова В.К.,Алматы,1994г.-355с
3.Коул М. Культурно- историческая психология:наука будушего.-
М.:Когито-Центр,ИП РАН,1997г.-351с.
4.Джакупов С.М. Этнопсихологические проблемы социализация
личности//Этнопсихология и этнопедагогика.Вып. Х.
Алматы,1998г.-285с.
5.Слободчиков В.И.,Исаев Е.И. Антропологический принцип в
психологии развития//Вопр.психол.1998г. №6. С.3-17.
6.Жарықбаев Қ.Б. Аймағанбетова О.Х. Этнопсихология курсының
типтік бағдарламасы.Қазқстан Республикасының жоғарғы оқу
орындарының студенттеріне арналған.Алматы:Қазақ унивеситеті
2001ж.-220б.
7. Баронин А.С.Этническая психология.Киев:Тандем 2000г.-267с.
8.Крыско В.Г. Этнопсихология.Издателььский центр Академия 2002г.-
264с.
9.Павленко В.Н. Таглин С.А. Введение в этническую психологию-Харьков,
1992г.-235с.
10.Бромлей Ю.В. Этнос и этнография.-М:Наука 1973г.-285с.
11.Саракуев Э.А. Крисько В.Г. Введение в этнопсихологию.
М:Наука 1996г.-334с.
12.Галустова О.В. Этнопсихология конспект лекция.М:2005г.-255 с.
13.Жарықбаев Қ.Б.Нүкежанов Ж.С. Қазақ этнопсихологиясының
әдіснамасын жасаудың кейбір өзекті мәселелері\\Этнопсихология
– этнопедагогика екінші жинақ.Ғылыми-әдістемелік басылым-
Алматы:тәлім-тәрбие қоғамдастығы 1996 ж.-189б.
14.Вяткин Б.А. Этническое самосознание как фактор развития
индивидуальности\\Психологический журнал 1996г. Т 17 №5- C.69-76.
15.Спиркин А.Г. Сознание и самосознание-М: Политиздат 1972г.-
303с.
16.Жарықбаев Қ.Сангилов О. Жантану атауларының түсіндірме
сөздігі.Алматы: «Сөздік-словарь» 2006ж.-410б.
17.Солдатова Г.У. Этническая идентичность и этнополотическая
мобилизация.М:Мысль,1996г.-341с.
18.Левович В.П. Андрущах И.Б. Этноцентризм как социольно-
психологический феномен\\Психологический журнал.1995-№2-С.70-82.
19.Стефаненко Т.Г. Социальные стереотипы и межэтнические
отношения.Под ред Г.М.Андрееевой.Я.Янаушека-М: изд
Московский университета 1987г.-300с.
20.Солдатова Г.У.Психология межэтнической напряженности и смысл 1998 г.-
387с.
21.Елікбаева Н. Ұлттық психология:көмекші оқу құралы-Алматы
«Қазақ университеті»1992ж.-96 б.
22.Кон И.С. К. проблема национального харктера.Социологическая
психология М:1999г.-250с.
23.Казлов В.И. Проблема этнического самасознания и ее место в
теории этноса\\ Советская этнография.-1974 г. №2-С. 250.
24.Левковин В.П. Соционально-психологические аспекты
этнического самосознания\Сов этнография-1983 г. №4 С. 300.
25.Мухамметбердиев О.Б. Национальное самосознание
народов.Средней Азии на современном этапе их развития:Дис
канд психолог наук-М 1992 г.-140с.
26.Гнатенко П.И. Национальный характер-Диспро1992г.-131с.
27. Агеев В.С. Психологическое исследование социольных
стереотип\\Вопросы психологий 1986 №1-С.50-53.
28. Аймауытов Ж Псиқология-Алматы: «Рауан»1995ж.-225 б.
29. Бромлей Ю.В. Очерки теория этноса.М.Наук,1983г.-412с.
30.Вяткин Б.А. Этническое самосознание как фактор развития
индивидуальности\\Психологический журнал 1996 г. Т 17 №5- C 69-76
32.Галустова О.В. Этнопсихология конспект лекция.М:2005г.-250с.
33.Гнатенко П.И. Национальный характер-Диспро1992г.-131с
34.Левковин В.П. Соционально-психологические аспекты
этнического самосознания\Сов этнография-1983 №4 С.298-300.
35.Спиркин А.Г. Сознание и самосознание-М: Политиздат 1972г-
303с.
36.Дробижева А.М.Национальное самосознание и динамика
культуры\\Нация и культура-Таллин 1985г.- 462с.
37.Кушпер П.И.Национальное самосазнание как этнический
определить 1949г. Т 8 С.3-35.
38.Латишев А.К.Этническая идентичность\\Сов этнография 1989г.
№5.С.10-12.
39.Левкович В.П.Панкова Г.Социально психологические аспекты
проблема этнического сознания социольная психология и
общественная практика\Под ред С.В.Шороховой В.П.Левкович
М:Наука 1985г.-425с.
40.Лурье С.В.Историческая этнология.М 1998г.-308с.
41.Мухина В.С. Этнопсихология:настоящая и
будушая\\Психологический журнал-1994 т15-№3.
42.Поуменно Л.И. Этническая идентичность Проблема
трансформации в постсоветский период\\Этническая психологии
общество\под ред К.М.Лебедевой-М: старый сод 1997г.-255с.
43.Сусоколов А.А. «Структурные факторы самоорганизации
этноса»\Расы и народы.М:Наука 1990 Вып 20. С.5-39.
44.Тәжибаев Т.Т. «О национальном характере казакского народа»
Алматы-Ак КазССР ност 1-1958-с 62-74.
45.Хабаршы \ Вестник. Алматы: №2 (11) 2003ж 65 бет.
46.Хотипец В.Ю. Этническое самосазнание и его роль в развитии
индивидуальности человека:Учеб пособижван:Изд-во удм
университета 1996г.-334с.
47.Этническая психология(этнические процессы и образ жизни
людей)сборник научных трудов.М: Мин вышего и средного
образование ссс 1984г.-458с.
48.Этнопсихологический словарь.Под ред В.Г.Крыско
М:Московский психолого социальный институт 1999г.-343с.
49.Этнопсихология Учебное пособие-Алматы: «Қазақ
университеті»,1998г.-180с.
50.Дайнер Х. Фрейда Н. Национальных стереотип-в кн: современная
зарубежная этнопсихология 1979г.-300с.
51.Түңлікбаева Э.М. Психологиялық зерттеулерде қолданатын негізгі
ықтималды-статистикалық әдістер. Алматы, 1999г.-42с.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1 БӨЛІМ. ПОЛИ ЖӘНЕ МОНО ЭТНОСТЫҚ ОРТАДАҒЫ МӘДЕНИЕТТІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ
ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..6
1.1 Этномәдени орта және оның
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Этнопсихологияда кездесетін
категориялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3 Этнопсихологиядағы өзіндік сананың және мәдениеттің психологиялық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
2 БӨЛІМ. ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ
БӨЛІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 31
2.1 Зерттеудің
мақсаты,міндеті,болжамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 31
2.2 Зерттелетін әдістемелерінің сипаттамасы мен зерттеу барысы
сипаты ... ..32
2.3 Зерттеу мәліметтерінің сандық және сапалық өңдеу сандық
өңдеу ... ... ...37
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 45
ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...46
ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Қазіргі уақытта Қазақстанда мәденитке, тілге,ұлтқа ұлттық мінез-
құлыққа көп көңіл аударылып жатыр.Сонымен қоса, Қазақстанда поли және моно
ұлт топтары тұрады.Моноға біз бір ұлт адамдарын жатқызамыз олардың салт-
дәстүрі,әдет-ғұрпы,мінез-құлқы,қабі леттері,мәдениттері тағы басқаларды
жатқызамыз.Поли топтарға көптеген ұлттардың қосындысын айтамыз олардың
да,әдет- ғұрпы, салт-дәстүрі мәдениеті тағы басқаларды жатқызамыз
Полиэтникалық жағдайда этникалық толеранттылық мәселесі де мәнді.Басқа
этникалық мәдениеттерді қабылдау,силау үшін ең алдымен өзіңнің
мәдениетіңді қабылдау,силау,оның позитивті құнды екенін ұғыну,оған деген
сенімділік,басқа мәдениетпен жиі байланысқа түсу міне осы жағдайлар мәдени
аралық толеранттылықтың негізін құрайды.Мәдениет адам творчествосының
өнімі. Мәдениет жеке әлеуметтік-экономикалық формацияда
этникалық,ұлттық,таптық,топтық мәдениет ретінде дамиды.Мінез құлықтағы
өзгеріс міндетті түрде мәдениеттегі өзгерісті білдіреді.
Этномәдениеттің сондай-ақ бұл бағыттымен Қазақстанда айналысып жүрген
ғалымдарымыз Б.Ә.Әмірованың этностық жансақ нанымдардың оқыту процесіне
әсер ететіні туралы зерттеулері С.М.Жақыпов, Қ.Б.Жарықбаев А.Т.Малаева,
Л.К.Көмекбаева, ғылыми еңбектерінің маңызы зор.
Біздің зерттеу жұмысымыз поли және моно этностық топтардың мәдени
айырмашылықтарын зерттеу. Біздің елімізде ұлттардың мәдени этникасын
зерттеу кең өріс алған емес, бұл тақырыптағы еңбектер ізденістер де
жеткіліксіз.Зерттеулер өте аз деп айтуға болады.Этникалық мәдениет ең
маңызды факторлардың бірі болып табылады.
Зерттеудің мақсаты:поли және моноэтностық ортадағы мәдениеттің
психологиялық ерекшеліктерін эмпирикалық зерттеу.
Зерттеу пәні:поли және моноэтностық топ өкілдерінің психологиялық
ерекшеліктерінің көріну жағдайлары.
Зерттеу өзектілігі:Жұмыстың өзектілігі, қазіргі уақытта Қазақстан
мәдениетті,әдет-ғұрыпты, мінез-құлықты дамытудан алдыңғы қатарда тұр.Поли
және моноэтностық топтардың ерекшеліктерін анықтау,олардың поли топтар мен
моно топтардың этностық мәдениетін салыстырып олардың айырмашылықтарын көз
жеткізіп,ерекшеліктері табу. Поли және моноэтностық топтардың
мәдениетіндегі ерекшеліктердің бар екенін дәлелдеу.
Тәжірибелік маңыздылығы:Зерттеуден алынған мәдениетке тәрбиелеу және
дамыту мақсатындаарнайы тренингтер және дамыту жаттығуларын қарастыруда
қолдану.
Болжам:Поли және моно этностық ортаның психологиялық ерекшелігі бар
болса, онда осы екі ортадағы этностық өзіндік сананың да ерекшелігі бар.

Зерттеу міндеттері:1.Этнопсихология мәселесіне арналған әдебиттерді
талдау.
2.Әдістемелер мен талдауларды жасау.
3.Әдістемелерді эксперименталды поли және моно топтарға өткізу.
4.Зерттеу нәтижелері бойынша салыстырмалы талдау.
5.Салыстырмалы талдау негізінде қорытынды жасау.
Кілттік сөздер:ұлт,ұлттық мінез,
этоиднтифиация,этноцетризм,бірдейлі к,
таптаурыдар,өзідік сана,ұлттық өзідік сана,этномәдениет.

1 БӨЛІМ. ПОЛИ ЖӘНЕ МОНО ЭТНОСТЫҚ ОРТАДАҒЫ МӘДЕНИЕТТІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

1.1 Этномәдени орта және оның рөлі

Біздің елімізде болып жатқан соңғы жылдардың оқиғалары қоғам
өміріндегі ұлттық факторлардың жоғарғы мәнділікке ие екенін көрсетуде.
Полиэтностық полимәдениет жағдайында өмір сүріп отырған адамның ұлттық
сипатта дамуынна қоғамдық өмірдегі өзгерістер әсер етеді. Қазіргі уақытта
біздің полиэтностық қоғамда өтіп жатқан экономикалық, әлеуметтік-саяси,
мәдени, демографиялық және басқа да процестер елімізде өмір сүріп жатқан
барлық халықтардың ұлттық сана сезімдерінің көтерілуімен түсіндіріледі.
Жеке бір адамның және этностың этностық өзіндік санасының деңгейі, көп
ұлтты қоғамның әлеуметтік-психологиялық және атмосферасын белгілі бір мәнді
дәрежеде анықтайды. Этностық өзіндік сананың құрылымы, этностық
эдентификация, өз менің бастан кешіруі, әсерленуі, өзіндік қатынасты
белсендіру, этнорухани мәдениетке, ұлттық тілге, халық творчествосына,
дініне, әдет-ғұрпына, мәдениетіне деген психологиялық орнықтылық сияқты
белгілермен анықталады. Этнофакторлардың мәнді өсуі этностық өзіндік сананы
күшейтеді. Этностық өзіндік сана индивидуалды қасиеттердің әртүрлі
деңгейдегі ерархиялық байланысын детерминациялайды қасиетердің және
интеграцияланған индивидуалдықтың дамуының жүйелі ұйымдастырушысы
функцияларының орындайды, әрі реттейді. Этностың басты объективті тасушысы
болып табылатын ұлттық мәдениеттің әлсіреуі барысында өтетін этностық
өзіндік сананың күшеюін этникалық парадокс деп айтуға болады. Бұл
парадокстың болу себебі ұлттық өзіндік сананың компенсациялаушы
функциясымен байланысты, соны күшейту және бекіту, этнностық өзіндік
сананың объективті негізі – халықтың, этностың, ұлттың өзіндік қайталанбас
мәдениеттің әлсіреуінде пайда болатын негативті әсерлерді теңестіреді.
Қазіргі жаңа этнопсихологияда өз бетінше дамып жатқан бақтардың бірі –
психофизиологияның, когнитивті процестердің, естің эмоцияның, сөздің
этностық ерекшеліктерін салыстырмалы – мәдени зерттеулері жатады.
Этнопсихологияның методологиясы өте күрделі. Этносты құрайтын индивидтің
қасиеті мен тұтастықты құрайтын ұлттық мәдениет қасиеттері бірдей емес,
мәдениеттің және психологияның зерттеулері арасында этнопсихологияға
байланысты ылғида белгілі бір ажырау болады. Сондай-ақ этностық
ерекшеліктер жайлы бір қорытынды жасау үшін, қандай да бір салыстыру керек
деген ой көлеңкелеп тұрады. Сондықтан да этноцентризм мәселесінен қашу үшін
оны терең түсіну керек. Халықтардың психологиялық ерекшеліктері жайлы
абстарактілі, негізделмеген қорытындылар ұлттық сезімдерді қорлауы мүмкін.
Осы сұрақтарды талдауда пән аралық гуманитарлы ғылымдар атап айтқанда
этномәдениеті бізге көмектеседі. Мұнда индивидуалды сана сезімдер сол
мәдениетте қабылданған адамның жалпы моделінен тәуелді болады және олардың
құндылықты – нормативті аспектілері талданады [1,410-417 бб]. Г.У.Кцоева
этностық өзіндік сананың әлеуметтік топтардың этномәдени болмысқа белгілі
бір қатынасы, әлемді қабылдаудың ерекше тәсілі ретінде қарастырады[2,55-56
бб].Этномәдениет бағыттағы зерттеулер позитивті этностық және мәдени
идентификацияның қалыптасуының психологиялық механизмдерін табумен
айналысады.
Этномәдениетті түсінуге деген алғашқы ықпал социосфера парадигмасында
этностық процестерді зерттеумен байланысты болды.Ол парадигманың бастапқы
алғы шарты этнос әлеуметтік құбылыс, сондықтанда қоғам даму заңдарына
бағыну керек, өзінің меншікті заңдары жоқ деген сеніммен байланысты
болады.Және этнос жүйелілі деген идея біртектілік, идентификация ретінде
түсініліп сана сезімдердің бөлінбес бөлігі деп аныталады.Этностық жүйедегі
мәдениеттің маңызды функциясына-этносты сигнефикативті жүйе ретінде
анықтайтын белгі-символикалық функциясы жатқызылды.Сигнефикативті жүйеге
тіл ғана емес этнос құрылымында коммуникативті рөл атқаратын басқа да
элеметтер жатады.Ұзақ жылдар бойы этномәдени мәселесін дәстүрлі жағдайда
тек фольклор мәнінде карастырды.Оны ұлттық дәстүрлердің рухани және
тұрмыстық аспектілеріне апарады. В.Бромлей осы сұрақты талдай отырып,
мәдениетті этностық аспектісі жайлы айтып, оны өндірістен тыс мәдениет
деп аталады, яғни мәдениет адамдардың күнделікті материалды және рухани
қажеттіліктерін қанағаттандыру сферасында қаралады[3, 351 б].
Шындығында тұрмыстық мәдениет этностық қатынаста дәстүрлі қырларды
көбірек сақтайды. Этномәдениет мәселесін қарастыруда этномәдени реттеу
жүйелеріндегі дінді аттап кетуге болмайды. Этностық тарих этногинез
факторлар жүйесінде діни комплекстердің маңызды ролін көрсетедіт, әсіресе
этномәдени интеграциядағы діни құндылықтар, провославиелік және
мұсылман әлемі сияқты супер этностық тұтастықтар құру сұрағы, сондай-ақ
этностық бірлікті қалыптастыру мен сақтаудағы діннің маңызды ролін
корсетті. Сөйтіп, социосфера ықпалындағы зерттеулер этномәдениеттің көп
функцияларын ашады-рухани, тұрмыстық, материалды өндірістік, саяси-
тәрбиелік, гуманитарлы білім салаларын осы функциялардың біреуін азайту
немесе мойындамау ерте ме кеш пе этностық мәдениеттің тұтастығын бұзуға
әкеледі. Этномәдениет пен этногенезге деген екінші ықпалға Л.Н.Гумилевтің
биосфералық концепциясын айтуға болады.Л.Н.Гумилевтің пікірінше, этностық
мәдениет өз элеметтері мен байланыстарының өзара әрекетін беретін күрделі
көпдеңгейлі құрылу [1, 410-417 бб].
5Этномәдениет ол тұтастай феномен, оны этностық немесе этностық емес
белгілері бар фрагменттерге бөлу дегеніміз, этномәдениеттегі творчествалық
тарнсформацияға деген қабілеттен бас тарту. Ең маңыздысы сол этномәдениетте
архаистік мағыналар мен түсініктер бар, соның арқасында этномәдениет тек
қана кеңістікті ғана емес әрі рухани әсерленуге қолайлы уақыт өлшемдерін де
береді. Этностық тұтастықтың негізгі белгісі ерекше сипаттағы этностық
мәдениет, оны қалыптастыратын элементтер-біріншіден, белгілі этносқа ғана
тән мінез құлықтың ішкі қайталанбас стереотипі (психикалық құрылыс),
екіншіден, обьективті шарттар мен факторларды қалыптастыруға әсер
ететіндер: табиғи (территория, ландшафт, геокосмостық аномалия), әлеуметтік
(жергілікті өндірістік-экономикалық жағдай және өркениеттің деңгейі,
қоршағандар, байланыстар және саяси мұра), этномәдени (күрделілік пен
белсенділік деңгейі, яғни этностардың жасы, көршілер, этнос-субстраттар,
алдыңғы мәдениет, олардың элементтері, тіл, идеялық мұра), антропоморф
(этностардың антропобиологиялық ерекшеліктері). Л.Н.Гумилевтің пікірінше,
мәдениет пен этнос әртүрлі жоспардағы құрлым. Этнос органикалық сфераға
жатса, мәдениет жасанды құрлым, этностар өзінің этногенетикалық
бағдарламасын жасайды.Сондықтанда,техника,жасанды этностық процестердің
индикаторы[4,153-155].
Мәднеиеттің этнос тағдырларындағы рөлі қайшылықты болып отыр.Неге?
Неосфералық концепция бойынша мәдениет тарихында этностық процестердің
жоғарлауы мен құлдырауы болды, бірақ олар фаза бойынша бір-бірімен сәйкес
келмейді [4,153-155]. Бұл сәйкессіздік этногенездің ішкі стимулдарымен
байланысты туындайды,этностың өскенін көрсетеді, әрі мәдениеттің
гүлденгенін білдіреді.Негізгі жұмыс біткен соң енді биосферамен араздық
басталады.Бұл фазада этнос тіршілікпен байланысын жоғалтып,
құлдырайды.Сөйтіп, Л.Н.Гумилев этнос пен мәдениет бір-бірімен кері
пропорционал қатынаста болады дейді.Сондықтанда өздігінен ұйымдасу
прогресстің обьективті қажетті жағы.Біз үшін мәдениеттің этностық,рухани
комплекстерінің әртүрлілігі және этномәдениетін еркін дамыту негізгі
мәселе.
В.К.Шабельниковтың пікірінше өркениет процесі екі құрылымның өзара
әрекетіне байланысты болады-сұйық (Европа; Америка) және қатты (Азия)
әлеуметтік жүйелердің қатты және сұйық құрылымдарымен қарсыласуы қазіргі
әлемдік саясаттың негізгі мазмұнын құрайды. Біз сол қатты әлеуметтік
құрылымның өкілдеріміз. Ол қалай сипатталады? Қатты қоғамдық жүйеде адам
этностың отбасының ажырамас бөлігі. Өндірістің отбасылық рулық типі көп
деңгейлі мықты иерархияны жасайды, онда адам өзінің жасына, жағдайна қарай
іс-әрекет пен мінез құлық мазмұнына ие болады. Еврогенетикалық мәдениет
қатты этнос жүйелерге қуатты қысым көрсетуде. Мәселен, транспорт байланысы,
баспасөз, телеақпараттар арқылы рефлексиялы мәдениет қатты құрылымның
орнықтылығын бұзуға әкелуде. Қазіргі жаңа өркениеттің дамуында қатты
әлеуметтік құрылымдардың әлсіреуі қашып құтыла алмайтыын процесс.
Этномәдениет ортаның өзгеру мәселесі этностың қайта құрылу мәселесінің бір
бөлігі немесе бұрынғы қатты жүйелердің еріп кетуі. Қатты құрылымдардың
еруінің қажетті шартының бірі полиэтникалық және полимәденилік, өз
кезегінде олар сол не басқа мәдени типтерді анықтайды[5,3-17].
ХХ ғасырдың 60-70 жылдарынан бастап әлемдік масштабта халықтардың өз
тұрмыс салтын сақтауға ұмтылу, ерекшше тұрмыстық мәдениеттің мәнін көрсету,
этностық идентификация мәселесіне байланысты процестер қатты белең
алды.Бүгінгі күні этностық қайта өрлеу жаңа замандағы адамзат дамуының
басты факторы болып отыр. Адамдардың өзі түпкі шығу тектеріне көңіл бөлуі
әртүрлі формаларда көрінеді- көне ескі салт дәстүрлерді реанимациялау,
кәсіби мәдениетті фольклоризациялау, өзінің ұлттық мемлекетін құру.
Мәдениет ұғымы психологиялық ұғым ретінде түсінілуде. Этнос пен
мәдениет ұғымының арасындағы байланыс жайлы бірнеше көзқарастар бар.
Мәдениетті психиканың этнос аралық айырмашылығы негізінде жатқан басты
фактор деп анықтайды.Бір қатар этнопсихологиялық мектептер мәдениет пен
психологиялық арасындағы байланысты ең алдымен жек бастық сипаттамалар
негізінде зерттейді. Американдық психолг Г.Триандис этнопсихологияның пәні
ретінде субьективті мәдениет деген ұғымды бөліп көрсетті.Философиялық және
социологиялық концепцияларда репрезентативті мәдениет (Ф.Тренбрук) деген
термин кіргізілді.Ал американдық психолг Д.Матсумото мәдениетті ұрпақтан
ұрпаққа берілетін адамдар тобының, бірақ әр индивид үшін әртүрлі болатын
мінез-құлықтың, сенімнің, құндылықтардың, ішкі ыңғайланулардың жиынтығы деп
түсіндірді. Бұл анықтама топтық және индивидуалды сананың ішкі мазмұнына
қатысты. Мәдени-шарттанған мінез құлық салт жораларда тіркелгендіктен
нәтижесінде (мінез құлықтың жалпы, автоматтанған тәсілдері) адамдар тобын
жалпы мәдени құндылықтарға, мінез құлық нормаларына және қарым қатынасқа
қарай бөлу жүзеге асады. Мәдениет мінез құлық пен қарым қатынасқа әсер
етпейді, құндылықтар, нормалар, рөлдер, әлеуметтік когнитивті және
аффективті процестер, әдет-ғұрыптар арқылы жанама әсе принциптер болып
табылады. Егер сіз өзіңіз жататын мәдениетті түсінгіңіз келсе ең алдымен
оның базалық құндылықтарын түсінуге тырысыңыз: бұл өзіңіздің, адамның мінез
құлықының жасырын мотивтері мен мағыналарын түсіндіретін тура жол [5, 3-17
бб].
Мәдениет элементтерінің ерекше болуы бірнеше факторлармен
түсіндіріледі біз үшін маңыздысы мәдениеттің әртүрлі болуының әлеуметтік-
психологиялық себептері жайлы сұрақтар. Мәдениет- ол бір жиынтық емес,
бірлігі бір бейнемен элементтері өзара байланысқан жүйе. Этнологияда
мәдениет дегеніміз сол этносты құрайтын бірлестік, әлеуметтік тіршілік
салты, тұтастай алған сол қоғамның өзі, сол этнос. Қазіргі жаңа
этнопсихологияда этностық социаллизация және мәдени трансмиссия ұғымдары
қолданылады.Этностық бірлестіктердің психологиясын зерттегенде олардың
мәдениетінде жүзеге асатын көптеген әртүрлі процестерді ескеріп отыру
керек. Этопсихологияда үлкен орын алатын жағдай психология мен мәдениеттің
арақатынасы, оның этностық аспекттілерінің мәні жайлы мәселе. Бүл екі
категория әртүрлі жоспарлы болса да, оларды бөлудің күрделілігі сонда олар
бәрібір бір бірімен сәйкес келіп, жақындасады. Міне осы жағдайда этностық
бірлестіктің психологиясын оның мәдениеті арқылы, ал мәдениетті психикалық
құбылыс арқылы анықтауға мүмкіндік береді [6,17б]. Психиканың тұлға аралық
айырмашылық негізіне мәдениетті жатқызады. Халық психологиясымен оның
мәдениетінің өзара байланысын талдай білу керек. Этностық бірдейлікті оның
мәдениеті арқылы, ал мәдениетті психикалық құрылым негізінде анықтауға
болады. Р. Бенедикт айтқандай, Халықтар психологиясы – ол оның мәдениеті.

Полиэтностық жағдайда этностық толеранттылық мәселесі де мәнді.Басқа
этностық мәдениеттерді қабылдау,силау үшін ең алдымен өзіңнің
мәдениетіңді қабылдау,силау,оның позитивті құнды екенін ұғыну,оған деген
сенімділік,басқа мәдениетпен жиі байланысқа түсу міне осы жағдайлар мәдени
аралық толеранттылықтың негізін құрайды.Мәдениет адам творчествосының
өнімі. Мәдениет жеке әлеуметтік-экономикалық формацияда этностық, ұлттық,
таптық, топтық мәдениет ретінде дамиды.Мінез құлықтағы өзгеріс міндетті
түрде мәдениеттегі өзгерісті білдіреді.Әлемдік экономикалық интеграциямен
халықтың кең мәдени өзара молаю процесінің аясында этностық сана
сезімдердің ренессансы өтуде.Позитивті жоспарда ол халықтардың ұлттық
мұраларында,тарихта, ұлттық мәдениетті сақтау көрнісінде көрінсе, негативті
жоспарда ұлтшылдық, агрессияда көрінеді. Мәдени және этностық
детерминацияланған әлем әрбір индивидтің социализациясының негізі болып
табылады.Этностық мәдениет психологиялық адаптацияға байланысты туындаған
қажеттілікті детерминациялайды.Этнопсихологиядағ ы этника аралық қатынастар
мәселесінде әрбір этностың мәдениеті, тарихы, творчествосы қаралады. Басқа
бір әлеуметтік ортаға келген жеке адам сол ортаның ерекшеліктеріне
бейімделуде белгілі бір қиындықтарды бастан кешіреді. Тіл және мәдени
ерекшіліктердің жиынтығы әлеуметтік қоршаудың ядросы бола отырып, этностық
ерекшіліктерді құрайды, ол адамның социализация процесін жанамалай отырып,
жеке адамның этнопсихологиялық ерекшеліктеріне айналады. Яғни жеке адамның
индивидуалды ерекшіліктері биологиялық (саматикалық және физиологиялық)
факторларымен шарттанған индивидулды ерекшеліктермен қатар, этностық
факторлармен шарттанған индивидуалды ерекшіліктері де болады. Осы екі қатар
факторлар жеке адамның қалыптасу процесінде өзара бір-бірін
детерминациялап, негізгі мазмұнын этностық индивидуалдық ұғымы құрайтын
психологолиялық феномен аясында жатқан жаңа функционалды психофизиологиялық
жүйені туғызады. Этностық ішкі ыңғайлануды позитивті этника аралық
қатынастар контекстінде қарастырған импирикалық зерттеулердің нәтижелері
көрсеткендей, олардың тіректеріне дәстүрлі этностық мәдениет жатады [7,264-
267 бб].
Полимәдениет пен полиэтностық өзара әрекет жағдайында европалық
сананың ерекше типтерін анықтайтын миханизимдер туындайды. Әрбір
мәдениеттердің өзара әрекеті олардың өзара рефлексиясы мен өзара
бейнелеулері үшін жағымды жағдайлар жасайды[5,3-17]. Адамның қоршаған
ортамен қатынасында адамзат бірлестігінің мәдени құндылықтары потенциялы
байқалады. Ол медиатор арқылы (Л. С. Выготский), - белгілі, сөз, символ,
салт жоралар, этномәдени белгілер, олар санада халықтың тіршілік әрекетінің
дамуымен ұйымдастыры тәсілі жайлы білім ретінде белгіленіп болмысты
жалпылап бейнелейтін мәнге айналады. (А.Н.Леонтьев). Солар арқылы ғана
табиғи психикалық формалар идиалды адам қабілетіне айналады. Нәтижесінде
индивид өз мәдениетін меңгереді: мінез құлық мәдениеті (қажеттіліктер,
аффектілер, қарым қатынас, әрекет), рухани мәдениет (ойлау мәдениеті, сөз
мәдениеті): психикалықтың реалды (табиғи) формасы идиалды, мәдени формасы
бола бастайды. Этномәдени парадикмада дамудың базалық процесіне мәдени
белгі- символикалық жанамалауды көп бейнелі формасы жатады [7, 264-267 бб].

Отногенездегі этномәдени даму мәдениетті меңгерудің континумында
өрістейді.Адам нақты мәдени білімдер,ептіліктер дағдыларды орындау
әрекетінің ретімен,тәсілімен,формасымен қамтылады.Адамның этномәдени
дамуының негізіне өз халқының мәдени құрлымдарын меңгеруіне негізделген
мәдени тәжрибені игеруді қалыптастырудағы өзара қатынас,өзара әрекет
тәсілдері жатады.Адамның этномәдени дамуын талдау пәніне мәдени практика,іс-
әрекеттің мәдени формалары,яғни этномәдени әлем контексіндегі адамның
тіршілік әрекет жүйесі жатады.
Біздің зерттеуге негіз болған адамның этномәдени даму мәселесін
этномәдени парадигмада қарастыруға болады.Этномәдени парадигма
субьективтілік пен обьективтіліктің арасындағы,адм табиғаты мен
социумның,индивидуализация мен социализация процестерінің арасындағы
айырмашылықты жеңу барысында жүзеге асады.Дамудың этномәдени парадигмасының
мәселелері этномәдени әлемнің индивидуалдылық әлемге және
индивидуалдылықтың этномәдени обьектігн айналу және азамттық әртүрлі
мәдениет паттерндерін туғызу механизмдерін табу және суреттеу.
Болашақтағы зеттеудің мақсаты этномәдени парадигма міндеттерінің бірі-
адамның этномәдени дамуының психологиялық заңдылықтарын табу,басқаша
айтсақ,оның этностық индивидуалдылығының дамуы оның этномәдени ілемге
қосылу болып табылады.

1.2 Этнопсихологияда кездесетін категориялар

Этнопсихология элементтерінің халықтар өмірінде және олардың басқа
ұлттармен қарым-қатынасында маңызы зор.Оны бүгінгі тарихтан,ұлттар мен
халықтардың мәдени даму кезеңдерінен,олардың өзара қатынасынан байқауға
болады. Шын мәнінде,халық идеалдары, қызығуы, құндылықтары, тусініктері,
сезімдері этностық қауымды біріктіреді.Олардың тарихи үрдістің
суьбектілері деп қарауға болады.Мәдени дамуға және этномәдени қауыммен
қарым-қатынасқа өз ықпалын тигізетінін де осы реттен еске аламыз.
Сондықтан, этнопсихологияның мақсаты мен қызметі гуманитарлық
ғылымдардың қызуғушылығын туғызады.бірақ қаншалықты қызығушылық болғанымен,
этнопсихологияның көрінісі мен мазмұнын әлі де, жан-жақты,жүйелі,жеткілікті
зерттелмеген осыған қарамастан,этнопсихологияның да, өзіндік тарихы,даму
бел-белестері бар [6,17-22 бб].
Этнопсихология өзінің даму жолында көптеген қиындықтарға кездесті.Ол
басқа ғылымдардың арасынан да орын таппай, өткен ғасырдың алғашқы он
жылдығында да белгілі орынға ие бола алмады.Ғылым болмай,жәй пән ғана
ретінде,этнография мен тіл білімдеріне жақын орналасқаны жайлы мәлімет
Е.А.Будилованың еңбегінде жазылған.
Ертеде рухани психологиялық аймақтағы этностық айырмашылық мәселесі
және оның күнделікті тұрмысқа, халықтар мәдениетіне, жалпы оның іс-
әрекетіне әсері көптеген ғалымдарды қызықтырған.Мәселен Гиппократ өзінің “О
воздухах, водах, местностях” (“Ауа ,су тұрғылықты жер туралы”) атты
еңбегінде (б.э.д. шаиамен 424 жылдары) халықтар арасында этностық
айырмашылықтың себебін елдің мекен –жайын, климатыны мен басқа табиғи
факторларына байланыстылығын атап көрсеткен[ 6, 17-22бб].
Этнопсихологияға түбегеилі қызығудың жаңа кезеңі ХХ ғасырдың
ортасынан басталады. Этнопсихологиялық қызықты зерттеулердің бастамасын
Ш.Монтескье, И.Фихте,И.Кант т.б. еңбектерінен кездестіруге болады.
Ш.Монтескьенің гоеографиялық детерминизм принципіне сүйеніп,ұлттық
мінез климаттық жағдайлардың әсерінен өзіндік ерекшелікке ие болатындығын
білдік.Белгілі жағдайда қалыптасатын мінез ұлттық қандай болатынына,оның
тарихының қалай дамуына ықпал ететініне мән берген.
Мінез теориясын жасауға белгілі үлес қосқан ағылшын философы Д.Юм “О
национальных характер” (“ Ұлттық мінез туралы”) атты еңбегінде халық
мінезінің қалыптасуына ықпал етуші негізгі факторларды көрсеткен.Ғалымның
ойынша ,ол физикалық және моральдық факторлар түсінігіне ауа, климат және
басқа өмірдегі табиғи жағдайларды жатқызған.Ал моральдыққа-халықтың
мінезіне әсер етуші факторлар ретінде қоғамдағы әлеуметтік-саяси
қатынастармен байланысты қасиеттерді алған.
Сондай-ақ философ Д.Юм кез-келген ұлт топтарының өз
психологиясы,мінезі, бейімділігі, дағдасы руханияты болатындығы олардың
кәсіби топтардан тұратындығы турулы айтқан.Оның халық психологиясы,сол
халықтың тілі мен рухани өмірі,сондай-ақ басқа да жалпы формасы
қалыптасатыны жайлы пікір.
“Адам қоғамының тарихы табиғаттың даму нәтижесі болып табылады”,-деген
И.Гергер.Ол географиялық жағдайдың ролін жете түсініп,оны “мойындамау-танту
немесе сандырақ”,-деп өз ойын айқындаған.Сонымен қатар ойшыл бірінші болып
халықтардың өмір сүру бейнесін,олардың салт-дәстүрін зерттеген.Ұлттардың
бірлігі климатқа тән екенін,халықтардың арнайы жағдайға бейімделуіне және
экологиялық үйлесімділігіне тоқталған.Оның ойынша,тек қана халық
мінезіне,қоғамдық қатынастарға климат оңтайлы әсері ғана емес,сонымен бірге
кері әсер тигізетіндігі туралы ойыда маңызды [8, 260-264 бб].
И.Канттың ізгі ойлары этнопсихологиялық зерттеулер т арихында үлкен
орын алады.Ғылым өзінің “Прагматикалық тұрғысынан алғандағы көзқарас
антропологиясы” атты еңбегінде “халық” , “ұлт” , “халық мінезі” деген
ұғымдарды қарастырады.Халық өз мінезіне ие екеніне тоқталған.Ол эмоциялық
қобалжуда(аффектацияда),басқа мәдениетті қабылдауда және өзге халықтарға
қатынасында байқалатыны айтқан.
Автор ұлттық мінездің негізгі бағыты басқа халықтарға деген
қатынасқа, мемлекеті мен қоғамын мақтаныш тұтуға байланысты деп санайды.Ол
халықты географиялық орналасу әсерін мойындаса да, халықтардың мінезін
ашатын кілті деп санайды.
Ұлы философтың кейбір еуропалық халықтардың ұлттық мінезіне
салыстырмалы талдау жасауға ұмтылса этностық психологияда ерекше қызығуды
тудырып отыр.Ол осы халықтардың әрбірі оңтайлы және теріс мінезге ие екенін
айтып кеткен.Себебі,ол зерттеулерінде француз, ағылшын, неміс ұлттары
өкілдерінің мінез-құлқының салыстырмалы талдауын жасап,обьективтілік
принципін сақтап отырған.Бұл өз кезеңінде халықтану жүйесінде тағы бір даму
сатысы болады.
Ұлттық мінез туралы білімді дамытуға Г.Гегельдің шығармашылық
көзқарасы”Философия духа” (“Рухани философия”) атты еңбегінде орын алған
.Ғалымның пікірі бойынша,халықтың рухы кейбір анықтылығы бар дүниежүжілік
рухтың даму сатысы ретінде көрсетілген .Халық рухы белгілі қызметті
атқарады.Ол өзіне өмірдің мәдениетін,дінін,салт-дәстүрін құрып, мемлекеттік
құрылысты,оның заңдарын, адамдардың мінез-құлқын анықтап,
қалыптастырған.Ұлт тағдырын,тарихын анықтауда халық іс-әрекетінің негізінде
ұлттық рух жатыр.Барлық халықтар рухты тасмалдаушылар,басқаша айтатын
болсақ,ол дүние жүзінде тарихы дамуы мүмкін емес.Міне осыдан Гегельдің
көпшілік халықтың тарихына елеусіз қарайтын сәттері де байқалады.Оларды бір-
біріне қарсы қойып алуы мүмкін екендігін ескермегендігі аңғарылады.Ғұлама
ғалым көзқарасының шектелгендік көрсеткіші ретінде өркениетті дамудағы
4 кезеңінің ішінен германдық кезеңге ерекше мән берген дәлел.Ол өз
еңбегінде халық мінезін ұлттық қауымның қасиеттері,ал темпераментті
индивидумның қасиеттері деп,осы мәселенің әдіснамалық жағдайын шешуге
тырысқан [9, 230 б].
Жалпы жаңа этнопсихология ғылымының негізін салушылар М.Лацарис пен
Х.Штейнталь болды. Олар 1859 жылы “Халықтар психологиясы және тіл білімі”
атты журнал шығарды .Оның алғашқы номерінде “Халық психоллогиясы туралы
ойлар” деген мақаласында психологияға жаңа ғылым ретінде “Халықтар
психологиясын” кіргізуге болатындығын және оны дамыту қажеттігін айтқан.Бұл
ғылымды бір адамның жан-дүниесі деп қаамай, оны жалпы бүтін орта ретінде
зертеу қажет екенін жазды.Сөйтіп 1860 жылы халықтар психологиясы пән
ретінде дүниеге келді.М.Лацарус пен Х. Штенталь осы жаңа ғылымның негізгі
міндеттерін былай деп анықтаған.
1.Халық рухының психологиялық мәнін тану:
2.Халықтардың өмір сүруі заңдылықтарын ашу;
3.Қандай да бір халықтың пайда болуы,дамуы жоғалып кету ерекшеліктерін
себептер анықтайды.
Ғалымдардың ойынша “Халықтардың психологиясы” ұғымы-жалпы
тілдің,діннің,өнердің,ғылыми заңдардың және басқа да мәдени,рухани
элементтердің психологиялық мәнін түсіндіретін ғылым.
Олардың пікірінше, халықтар психологиясы екі бөліктен тұрады:-бірінші
“Халық рухы деген не?” деген сұраққа жауап беретін абстрактілік бөлек;
-екінші, нақты белгілі халықтардың зерттейтін бөлік.
Авторлар айтқан:” бірінші барлық халықтар үшін қажетті заңдарды
қояды,екінші іс-әрәкеттегі жалпылама заңдардың көрінісі ретінде бөлек
халықтарды бейнелеп сипаттайды.Біріншісі-халықтың-тарих ы психология
болса,екінші психологиялық этнология”.
“Этнопсихология”ұғымы Батыстағы ғылыми әдебиттерде жиі кездесе
бермейді.Ол психологияға В.Вунд еңбектері арқылы енді.Неміс ғалымы сананың
эксперименттік психологиясын құрумен қоса, әлеуметтік психологиялық
білімнің алғашқы түрлері ретінде халық психологиясының негізін қалаған [9,
230 б].
Атақты ғалымның айтуынша,негізгі халық азығына жататын тілді,аңызарды,
салт-дәстүрлерді зерттеу халық рухын жеткілікті түсінуге кепілдік
береді.Жеке психологияда тіл-ақылмен ,аңыз –сезімен,салт-дәстүр-ерікпен
сәкес келетінін анықтаған.
1927 жылы Г.Шпеттің айтқан ойы “Жалпы психологиядағы жетістіктер
,этнопсихологияда орын таба алмай жатқандығы” бүгінгі күнге дейін өзекті
мәселелердің бірі болып отыр.
Л.Н.Гумилевтың этнос және этногенез тұжырмдамысы қызықты.Себебі,ол
өзінің теориясында; “Этнос-адамдардың мінез-құлқында өзіндік ерекшелігі бар
топтауырындармен айрықшаланатын,тарихи уақытта заңды
өзгертетін,тұрақталған,қалыптасқан ұжым”,-деген.Кеменгер ғалым этнос,
әйтеуір ертеме,кеш пе,екі немесе көтеген компонеттерден туады деген пікірін
ұсынды.Осы компонеттер қосылып,бір бүтінді құрайды.Алайда,белгілі ішкі
құрылымы арқылы туындайды деген түсініктемесін ортаға салған.[1,410-417].
Сондай-ақ олар әрбір этностың жеке,ішкі тәжрибесі басқаларда
қайталандайтынын айтқан.Оның құрлымы және мінез-құлық топтауырындары бәрін
көрсеткен негізі идеясы;этноспен географиялық ортаның бір-біріне әсері
болмайды деген түйін жасады.Л.Н.Гулелевтың көзқарасы өте маңызды әсіресе
оның әр ұлт тәжрибесі басқаша қайталанбайтындығы,топтауырындардың
ерекшеліктеріне мән беру қажеттілігі бүгін де мәнді.
1883 жылы “Советская этнография” журналында этнопсихологияның нені
зерттейтіні туралы пікір-талас материалдары жарық көрді.Талқылауға
қатысушылар бір ауыздан этникалық психологияда болашақ ұрпаққа берілетін
салт-дәстүрлер, әдет, ұлттық сезім көңіл-күй және тағы басқаларының назар
аударатынын бідірген.Соның ішінде этностық топтауырындар мен өзіндік
сана, құндылықтары,ерекше көрсетілген [10,280-281 бб].
Этнопсихологиядағы зерттеулердің мәселелерін талқылаған
А.Ф.Дашдамировтың (1983) “Этнопсихологияның міндеті-ұлттық өзіндік сана,
ұлттық сезім және көңіл-күй қалай қалыптасады,әрі қалай көрінеді?-деген
сұрағының мәні зор.
Г.В.Старовойдың пікірі бойынша ,этнопсихология ғылым ретінде жалпы
психологияның бір бөлігіне жатады.Этнопсихологиялық зерттеудің аясын
барлық психикалыфқ функциялардың ерекшеліктері кіреді,әрі олар онтогенез
бен филогенезде қалыптасады.Ал, бұл этнопсихологиялық проблематикаға
психиканың дамуындағы жалпы психологиялық мәселелердің тікелей байланысы
бар екенін көрсетеді [10, 280-281].
А.А. Реаның этнстық психологияны жеке ғылым ретінде қарау керек деген
пікіріне қосыла отырып, оның маңызды этнопсихологиялық зерттеулердің
кеңінене дамыту қажет.
Этнопсихологияның әдіснамалық негізі,психикалық құбылыстарды
зерттеудің іс-әрекеттік жолы болып табылады .Осы бағытты дамытқан
–Л.С.Выготскийдің ,Л.Н. Леонтьевтың мектептері .Ұлттық мінез туралы айтатын
болсақ, оған тұлғанның жүйелік іс-әрекеттік тұжырымдамасы тұрғысынан қарау
керек .
70-80 жылдарда КСРО-дағы этнопсихологиялық ізденіс саласында серпіліс
болған байқаймыз . Мысалы:Б.Ф. Порлиневтің этнопсихологиялық зерттеулерін
зор маңызын атап кетуге болады. Оған ғылым жасаған этнос пен этногнездің
биологиялық , географиялық тұжырымдамасы дәлел
[11,334 б ].
Тұлғаның өміріндегі ұлттық мінездің байқалуіын А.Г. Асмоловтың
тұжырымдамасы ашады.Тұлғаның құрылымдың бірілігінде ұлттық мінез
айқындалады.
Бүгінгі шетел этнопсихологиясы эмперикалық мәліметтерді талдау мен
интерпритация тәсіліне ізін қалдыратын психология,биология
,психотриа,социология,антропология элементтерін қамтыған.Эмперикалық және
теориалық білімдер аралығы дұрыс ажыратылмаған .Ұлттық үрдістерді талдау
әртүрлі бағытта,эмперикалық жолмен жүргізілуде.
Батыс ұлтттық психологиясының дамуында 2фактор бар.
-жеке-тұлғалық тұрғыны көздеп,этикалық ортаның барлық мәселелерін
біріктіруге ұмтылуы;
-зертеушілердің философиялық әдіснамалық серпіліс көрінісінің
басымдылығы.
Шетел этнопсихологтарының алдындағы мәселелер;
-ұлттық мінездің қалыптасу ерекшеліктері;
-әртүрлі мәдениеттегі норма мен патологияның ара қатынасы;
-тұлғаның қалыптасуына жаскезіндегі тәжрибенің мағанасы.
Осы сарындағы зерттеулер ұлттық психологияның дамуындағы бірінші
бағытты айқындайды;
-психоаналитикалық;
-әртүрлі мәдениеттегі тұлғаны зерттеу;
-әлеуметтік психология.
80-ші жылдардың екінші жартысы 90-шы жылдардың басында шектеледі
ұлттық мінез тақырыбы көкейтесті мәселенің біріне айналып,оған деген
қызығушылық артты.Алайда, көпшілік жағдайда осы мәселе тек қана ғылыми
публистикалық түрде талданып жүрді.Тұлғаның этностық-мәдениерекшеліктерін
қолайлы және қолайсыз қасиеттердің қандай да бір түрін ұлттық мінезге
қиыстырудың мүмкіндігі болған жоқ [123, 324 б].
Тұлғаның ішкі дүниесі мен мәдениетінің байланысы туралы түсінікті
американдықтар өз негізіне айналдырған.Солардың бірі-АҚШ-тың мәдени
антропорлгиясының негізін салушы ,Германияда туған-Ф.Боас.
Қазіргі шетелдік этнопсихологтардың зерттеуі бүгінгі біздегі
этнопсихологияның негізгі салаларымен тығыз байланысты.Адам туралы әртүрлі
ғылымдардың өзара эдіснамалық принципі мен зерттеу эдістерін қамтиды.
Ал,енді Қазақстандағы этнопсихологияның даму кезеңіне мән берсек, 18
ғасырдағы қазақтың Төле би,Қазыбек би, Әйтеке би және тағы басқа ұлы
мұрагерлері қалдырған этнопсихологиялық көзқарастары қазіргі уақыттың
өзінде маңызын мағанасын жойған жөн.
Бұлардан бұрын өмір сүрген ғұлама ғалымдарымыз Әбу-Насыр Әл-Фараби
әртүрлі халықтардың тілі,мінезі менэдет-ғұрпы туралы,ал
Ж.Баласұғын,М.Қашқари,С.Сарай халық мінезі туралы жазған.Қазақтың ақын-
жыраулары Асан қайғы, Шал,Қазтуған,Дулат және тағы басқалардың көшпелі
халықтың мінезі жайлы толғау өсиеттерінен кейбір этнопсихологилық
сұрақтардың жауабын табуға болады.Айталық ұстаз қаламгер Ж.Аймаутов 1926
жылы Ташкентте жарық көрген “Псиқология” атты кітабында “төңіректегі
табиғат шарттары оған(адамға) зор сүрең береді.Мәдентеттің өркендеуіне
мейлі күйедей жұғатын нәрсе;жерінің ауасы мен топырағы(құйқасы) егін
салуға,мал өсіруге қолайлы,жерінде темір кені болуы;адам баласының ілгері
басым дамуына зор себептің бірі қатынас жолы.Адам атаулыны тұтас алап
қарасақ,солтүстік жақтағы жұрттар аралас, дәйім қатынасып жатса,оңтүстік
жақта көбнесе бөлек-бөлек бытырап жатады, бірін-бірі білмейді;міне оңтүстік
жақтық халық жетіле алмай кенже қалған себебі сол.Осындай себеппен таулы
,орманды жерлердің халқы да мәдениеттен мешеу қалды.Ал,енді сулы жердің
халқын қарасаңыз,суында кеме жүретін болса мәдениеттің ұйытқысы болғанын
керексіз",-деп жазған.Оның "жағырапия жағдайының адам құлығына сүрең",-деп
атағанынан халықтар табиғаттың адам өмір сүретін ортасына тікелей
байланысын,әсерін аңғарамыз.Осы көзқарасты дәлелдеу мақсатында кейбір
ұлттық ерекшеліктерді зертеушілер өз ізденісінде қолданады [ 13, 180-189
бб].
Ұлы отан соғыс жылдарынан кейін ұлттық мінез,халық психологиясы
мәселелеріне тоқталған,әрі оны терең зеррреген қазақ психологы Т.Тәжібаев
болады.Ол “19 ғасырдың екінші жартысында Қазақстандағы ағарту мен
педагогикалық ойлардың дамуы” атты кітабында халықтың мінез мәселесі
қызықтыда өзекті екендігі,алайда әлі толық зерттелмегендігін
жазады.Философтардың,психологтар,та рихшылар,әдебиетші,этнограф
ізденушілерді күтуде екенін де жазған.
Біздің Республикамызда этнопсихологиялық мәселелер туралы сұрақтар екі
негізгі бағытта қарастырылуда.Жұмыстардың бірінші тобын көптеген
ұрпақтардың шығармашылық даналығының негізі болатын халықтық
психологиялық тәжрибесін зерттен құрайды.Осы тәжрибені ғылыми тұрғыда
зерттеудегі маңызды қадам ретінде Ш.Уалихановтың,Ж.Аймауытовтың,
Т.Тәжібаевтың еңбектерін атауға болады.Бүгінгі таңда осы дәстүрді
Қ.Б.Жарықбаев,С.М.Жакыпов,Л.К.Көмек баева т.б. қарастырады.Сонмен қатар
,этнопсихологияның әртүрлі мәселелерін көтеріп,оны жан-жақты терең
зерттеген пофессорлар;Қ.Жарықбаев,С.М.Жақыпов ,Н.Елікбаева т.б. болып
табылады.
70-жылдардан бастап еліміздің бірталай ғалымдарының-профессор
Н.Жандельдиннің “Ұлттық психологияның табиғаты”, профессор Н.Елікбаевтың
“Ұлттық психология” еңбегінде бүгінгі этностық психологияның кейбір
теориялық және әдіснамалық мәселелері қамтылған.Сонымен қатар,аталған
ғалымдар көптеген ғылыми конфернцияларда этностық психология тақырыбына
байланысты мақалалармен қалың көпшілікке ой салуда [13, 180-189 бб].
Бүгінгі этнопсихологиядағы міндеттерді айта отырып,В.К.Шабельников
халықтардың өткен кезеңдегі психикалық тұрпат,өзгерістерін зерттеп қана
қоймай,болашақ кезеңдегісіне де алдын-ала болжау жасау қажет екенін
атағаны мәлім.Бұл әрине,сананың детерминация механизімдері
менгеобиодетерминацияны қосып,бүтін аймақ деңгейіндегі сана танымының
детерминациясын зерттеп білгенде ғана мүмкіндігі бар.Ғалым Қазақстанның
айрықша аймақтық—биосфералық жағдайына сәкестенетін ұлттық дәстүрлер мен
тектік өмірдің өзін психологиялық жаңа формаларымен салыстыруда жете
түйсінуге тоқталған [ 13, 180-189 бб].
Б.А.Әмірованың этностық жаңсақ танымдарының оқыту процесіне әсер
етеді,этнопсихологиялық эксперименталды жұмыс болып
табылатын.А.Т.Малаеваның еңбектерінгің де ерекшеліктері бар. Ізденіс көз
қарастары да мәнді.
Біздің еліміздегі этнопсихологияның жалпы жағдайын алып қарайтын
болсақ,маңызды теориялық материалдар және тәжірибелік этнопсихологиялық
өңдеулер жеткіліксіз. Пән аралық ынтымастықтың көмегімен этнопсихологиялық
сипаттамасы бар мақалалар енді ғана жарыққа шығуда. Әдістемелік құралдардың
тапшылығыда көп кедергі келтіруде. Келешекте бұл бағытта ілгері ізденіс,
кешенді зерттеулер аса қажетті. Бұл уақыт талабы.
Этнопсихологияда кездесетін категорияларды төмендегідей 6 түрін
қарастырамыз.

Этнопсихологиядағы негізгі категориялардың бірі өзіндік сана
Этнопсихологияның көптеген мәселелерін тұлганың өзіндік санасы
сондайақ әлеуметтік және этностық топтар сана сезімі жайлы ғылыми
көзқарастарды ескере отырып түсіндіруге болады.
Тұлганың ішкі әлемі,оның өзіндік санасы әрқашанда зерттеушілердің
назарында болып келді.Сондықтанда сана сазімге байлапнысты әр зерттеуші әр
түрлі анықтама берген.Өзіндік сана мәселесін зерттеген отандық
зерттеушілердің бірі В.В.Столин адамның психикалық ұйымындағы өзіндік
санасының орнын талдай келіп,жалпы барлық өзіндік сана жөніндегі
зерттеулерді екі сұрақ төңірегіне топтастырды. Б.Г.Ананевтің
Л.С.Рубенштейннің, А.Н.Леоньтевтің т.б. еңбектерінде тұлғанның даму
мәселесінің жалпы контектіндегі өзіндік сананың қалыптасу сұрағы жалпы
теориялық және әдістемелік аспектіде талдаған.Басқа бір топ зерттеушілері
ең алдымен, адамның өзін-өзі бағалау мәселесі мен оның қоршаған ортаның
бағалауымен байланысына қатысты мәселелерге көңіл аударады.Өзіндік сана
феноменін зерттеушілердің бірі И.С.Конның дәлелдеуінше индивидтің өзін іс-
әрекетін субьектісі ретінде ұғынуына ықпал ететін психикалық үрдістердің
жиынтығы өзіндік сана деп аталадыда,ал онаң өзі туралы көқарастары,
елестетулері белгілі “Мен”бейнесінде қалыптасады.[14, 69-75 бб ]
Өзіндік сананың табиғаты жайлы,оның қалыптасуы,қызметі мен
механизімдері жайында А.Н.Леонтев қарастырған .Оның айтуынша,өзіндік
сананың белгілі бір қырларының немесе (қаситтерінің )мөлшері олардің
жағдайды эмоцаналды-когнетивті түрде жалпылай алу жолында жүзеге
асады.Г.А.Урунтаеваның айтуы бойынша өзіндік сана дененіміз бұл-адамның
өзінің жеке дара және тұлғалық қасиеттеріне, бастан кешіргендері мен
ойларына саналы, ұғынымды түрдегі қатынасы.
С.Л.Рубинштейн сана мәселесін зерттей келе ,өзіндік сана дамуының
бірнеше кезеңдерін бөледі.Бастапқысы өзінің денесін меңгеруі мен ырықты
қозғалыстардың пайда бола бастауымен байланысты, ал екіншісі – басқа
адамдармен қатынасындағы өзіндік еркінің көрінуімен, қоршаған ортадан өзін
бөле алуымен байланысты.Осы кезден тұлғаның өзіндік санасы қалыптаса
бастайды,алғашқы рет өзінің Мені туралы көзқарасы туындайды.Сондай-ақ
С.Л. Рубинштейннің ескертуінше, тұлғаның Мен бейнесі оның басқа
тұлғаларға деген қатынасының туындауына себепші болып табылады.Осы
қатынастар тұлғаның сыртқы жоспарына ене отырып, тұрақты қарым-қатынас
нормасының белгілі бір деңгейіне ие болады.Қарым-қатынас үрдісінде басқа
адамды қабылдауы өзі туралы елестетулерімен байланысты болады
[ 14, 69-75 бб].
Өзіндік сана өзіне сырт жақтан, яғни басқа адамның көзімен қарай ашу
іскерлігімен, өзінің әреккеттерін белсенді іс-әректтің ішкі логикасы
тұрғысында бақылай алу іскерлігімен анықталады.Өзіндік сана сана мен
еріктің бірлігі ретінде балада белгілі бір даму кезеңінде пайда болады.
Өзіндік сана көптеген құрылымдық бірліктерден тұратын өте күрделі
психикалық құрылымболып табылады.Өзіндік сананың құрылымына кіретін
компоненттерді салыстырғанда зерттеушілердің пікірі бір ортадан шықпай
жатады.
В.С. Мерлин өзіндік сананың құрылымын 4 компонентке бөледі:
-өзінің ұқсастығының санасы
-өзінің Менінің санасы
-өзінің психикалық қасиеттерін ұғынуы
-өзінің әлеуметті-құлықтылық бағалауының белгілі бір жүйесі.
И.И. Чеснокова өзіндік сана құрылымындағы өзара байланысты 3
компонентке бөледі:
-өзін-өзі тану
-өзіне деген эмоционалды-құндылықты қатынас
-тұлғаның мінез-құлқын өзіндік реттеу
Бұл аталған компоненттер И.С. Конның өзіндік сана құрылымындағы көрсеткен
компоненттеріне ұқсас келеді.Оның пікірінше, Мен бейнесі –бұл
көзқарастар және ұғымдар формасындағы жай ғана бейне болса, ал әлеуметтік
нұсқаулар тұлғаның өзіне деген қатынасы болғандықтан,3 компоненттен тұрады:
1 танымдық (когнитивті)
2 эмоцианалды (өзінің қасиеттерін бағалау)
3 мінез құлықтық (өзіне деген практикалық қатынасы)
Басқалардың еңбектерінде де дәл осы компоненттер
кездескенімен,біреулерінде олар форма ретінде, немесе тәсіл ретінде
қарастырылған.(В.Джеймс, В.М. Бехтеров, В.А. Ядов және т.б)
Өзіндік сананың басты қызметі-адамға өз әрекеттерінің мотиві мен
нәтижелеріне қол жеткізу, өзін-өзі бағалауына, өзінің кім екенін
түсінуінемүмкіндік беру. Егер бағалаулары өз көңілінен шықпаса, онда өзін-
өзі жетілдіру мен айналысуға болады, немесе қорғаныс механизмдері арқылы
жағымсыз жайттарды ығыстырып, көзіндегі конфликтініболдырмауға көмектеседі.
Өзіндік сана - бұл адамға тән бастапқы немесе алғашқы мәлімет емес,
ол дамудың өнімі.
Адамның өмірлік тәжірибесі жинауына қарай оны өмір жайлы қайта
ойландырады. Осы қайта ойлану үрдісі адамның барлық өмірінде жүре
отырып,адамның өмірде шешетін тапсырмаларының ішкі мазмұны мен іс-әрекет
мотивін анықтайтын ішкі дүниесінің негізгі мазмұнын қалыптастырады [15,
303].
Адамның қоғамдағы, еңбектегі, жеке өміріндегі кез-келген өзгеріс тек
оның іс-әрекетін өзгертіп қана қоймай, сондай-ақ өзіне деген қатынасын, сол
жағдайдың субъектісі ретінде де өзгертеді.Өзін ұғыну дегеніміз ол тек өзін
психо-физикалық тіршілік иесі ретінде ғана ұғыну емес, ол ең алдымен өзін
әке ретінде, тәрбиеші,ұжымның мүшесі ретінде сезінуі болып табылады.

Этностық идентификация мәселесі
Этностық идентификация-әр адамның этностық топтағы басқа бір адаммен
бірігудеге эмоциялық қатынастың процссі.Мұнда сол этностың тарихына,
мәдениетіне,ұлттық салтына,әдет-ғұрпына,олардың мұраттарына,сезімі мен
фольклоры мекендейтін аймағы мен оның менталитетіне деген жағымды
көзқарастары арқылы теңдестіру.Этностық идентификация адамның өзін сол
немесе басқа этносқа жатқызып қоюы ғана емес, сондай-ақ өз халқы
туралы,оның өзгеше қасиеттріне мәденитіне,тіліне,тарихи өткен өміріне тән
біз бейнесінің көрінісі.
Этностық идентификация тұлғаның ішкі психологиялық қайшылықтарға
қарым-қатынаста өз этномәдениетін жатсыну мен оған жаулық сезімін
туғызатын конфликтілерге,әртүрлі әлеуметтік фрустрацияға әкеледі (ұлттық
нигилизм,мәңгүрттену)-деген ойды Қ.Б.Жарықбаев пен Ж.С.Нүкежановтар
тұжырымдаған әрине бұл пікірдің түбірі этностық иднтификацияны жан-жақты
зерттеп,оның ерекшеліктерін ашуға ізденіс жасауға ой салды.[13,180-189 бб
].
Этностық идентификация үдерісі мен оның нәтижесі жеке және топтың
құндылықты қабылдау негізінде тұлғаның этностық топтағы мүшелері мен қауым
туралы пікірдің бөлінуіне байланысты болады.Осы идентификация түрі
адамның өз этностық қауымымен байланысын және оның басқалармен
салыстырғанда анықталатын этностық бірігушілік пен этностық шектің
белгілері туралы ойдың жиынтығынан тұрады.
Психологияда иднтификация ұғымын З.Фрейд енгізді.Ол
идентификацияны,үлгі бойынша саналы нмс парықсыз әрекетке тырысатын
маңызды тұлғалардың адамның өзіндік теңестіру ретінде
қараған.Идентификация тұжырымдамаларын Э.Эриксон, Э.Горман, Р.Линтон, Т.
Пирсон т.б. зерттеген.
Д.Ранопорт идентификация ұғымын мен субъектінің өзіндік дамуына
қабілетін қарастырудың орталық механизмі ретінде ұққан.
Идентификация әр түрлі деңгейде:ең алдымен,адам идентификациясы туралы
айтатын болсақ, өмірдегі жеткілікті түрде маңызы бар.Мысалы: Біріншіден
ата-анасымен.
Екіншден, топпен идентификациясы (референтті топпен) ал ең соңғы
деңгейде,әлеуметтік құбылыстың кең шеңберінде,басқаша айтсақ,этностық
қалуыммен болуы мүмкін.
Бүгінгі психологияда идентификация ұғымы психикалық ақиқаттың қиылысатын
үш бөлігін қамтиды.
- біріншіден идентификация-ол эмоциялық байланысты құру негізінде
субъектінің өзін басқа индивиттрмен немесе топпен біріктіру
үдерісі,сондай-ақ жеке нормалар,құндылықтар,үлгілер ретінде өзінің
ішкі дүниесін қосып қабылдау.
- екіншіден идентификация-басқа адам субъектісін өзін-өз
жалғастырушы ретінде көз алдына елестетуі көруі.
- үшіншіден идентификация-ол субъект өзінің басқаның орнына қою
механизмі.Идентификация тиістілік сезіммен байланысты,оның көмегімен адам
сол топпен өзін теңестіреді,оның (адамның) ойыша өзі сол топқа тиісті
болып есептеледі.
Сонымен бірге идентификация көпшіліктің мәдениетімен ассимиляция ретінде
бағаланса,әрі көп ұлттық қоғамдағы жеке топпен күшті идентификация болса,
ол сонда ғана-сенаратизм (бөліну, оқшаулануға ұмтылу) туралы екен деп
О.Л.Романова санаған.

Этностық бірдейлік этностық өзіндік сананың құрамдас бөлігі
Дифференциация идентификацияның біртұтас процесі әлеуметтік
ұқсастықты қалыптастырады. Тәшфелдің анықтамасы бойынша, әлеуметтік
ұқсастық- бұл индивидтің белгілі бір әлеуметтік топ мүшесі екендігін,
сезініп
сол мүшеге тән құндылықтары мен эмоционалды мәнділіктерін ұғындыратын
Мен концепциясының бөлігі болып табылады.Сондай-ақ жалпы мағынасында
әлеуметтік ұқсастық – бұл өзінің тобын басқа әлеуметтік қауымдармен
салыстыру процесінің нәтижесі.
Этностық ұқсастық – тұлғаның әлеуметтік ұқсастығының құрамды бөлігі,
психологиялық категория тұрғысында белгілі бір этностық қауымға жататынын
ұғындыру болады. Осы орайда этностық ұқсастық пен этностық ұғымдарын
ажыратып алған жөн.Этностық этносқа тән объективті белгілерін анықтауға
бағытталған әлеуметтік категория.Мысалы: ата-ананың белгілі бір этносқа
жатуы, туған жерінің , тілінің, мәдениетінің сол этносқа тән болуы[16, 355-
359 бб ].
Этностық (этничностъ) аскритивті (қоғамға тән) сипатқа ие болса,
этностық ұқсастық – этностық негізінде әлеуметтік шындықты құрау
процесіндегі индивидтің қол жеткен жетістігі болып табылады.Шынайы өмірде
субъективті ұқсастық пен әлеуметтік белгіленген этностық екеуі көп жағдайда
сәйкес келмейді. Сондай-ақ этностық ұқсастық өзін этностық қауым қатарында
санайтын декламацияланған ұқсастықпен де сәйкес келмеуі мүмкін. Күнделікті
өмірде адам өзіне тән ұқсастықтарды қозғалмастан басқа этностық кодтарға
қосылуды тиімді пайдалануы мүмкін. Мысалы: мемлекеттік және тұрмыстық
антисемитизммен сипатталатын советтік кезеңде еврейлер қайда, қашан және
кіммен еврей болуды күнделікті таңдап отыруға тура келген. Этностық
ұқсастықты идентификация дифференциясының біртұтас когнитивті үрдісінің
нәтижесі ретінде қарауға болмайды, ол индивидтің әлеуметтік кеңістіктегі
көптеген этностар ішінен өзін - өзі анықтауының когнитивті – эмоциялық
үрдісінің нәтижесі. Бұл сондай-ақ тек ұғыну ғана емес, бағалау, өзінің
этносқа жататындығын ойлануы әсерленуі ( переживания)[20,355-359 бб ].
Осы түсініктерді дәл бейнелейтін әсерленушілік термині десек болады,
бұл терминді ресейдің әйгілі ойшылдары Г.Г. Шпет пен Выготский өз
еңбектерінде қолданған.
Шпет ұжымдық әсерленушілік ұғымын енгізсе, осы ұғымға ұқсас түсінікті
Выготский ұсынған. Выготский ол әсерленушілік ұғымын қоғамдағы тұлғаны
зерттеу үшін қажет бірлік ретінде қарастырған. Екі ойшылдың да берген
анықтамаларында сәйкестік бар.Шпеттің ойынша ұжымдық әсерленушілік
(переживание) оның мүшелерінің мәдениетіне деген қатынасы болса,
Выготскийде әсерленушілік баланың адам ретіндегі белгілі бір шынайылық
жағдайына деген ішкі қатынасытұрғысында қарастырылады.
Этностық ұқсастықты әлеуметтік ұқсастықтың құрамды бөлігі ретінде
қарастыра отырып, зерттеушілер оның өзіне тән ерекшеліктерін көрсетуге
тырысады. Мысалы, американдық мәдениантраполог Дж. Девос этностық
ұқсастықты мәдени салт-дәстүрге ұштасқан өткен мұраға бағытталған ұқсастық
формасы ретінде қарастырады. Г.У. Солдатовамен де келісуге болады, ол
этностық ұқсастықтың ерекшелігін –аңыздан көреді, себебі , оның басты
тірегі –жалпы мәдениет, шығу тегі, тарихы туралы аңыздар мен ой- пікірлер
болып табылады. Этностық ұқсастықтың әлеуметтік ұқсастықтың қандайда бір
құрамдас бөлігінен айырмашылығын жекелеген ерекшеліктерінен іздемеу
керек, оны сол немесе басқа да әлеуметтік контекстегі белгілі бір халық
өкілдерінің құрылымдық қатыстарынан іздестірген жөн [17, 296-341 бб].
Этностық ұқсастық құрылымында екі негізгі компонентті бөліп
көрсетеді:
-когнитивті (өз тобының ерекшеліктерін білу, әрі жекелеген белгілерінің
негізінде өзін сол этностың мүшесі екенін ұғынуы)
-аффективті (өз тобының қасиеттерін бағалауы, ондағы мүшелерге деген
қатынасы)
Әр түрлі зерттешілер ұсынған модельде этностық ұқсастықтың когнитивті
компонентінің құрамдас бөліктерін анықтауда көптеген терминдер қолданылады:
этностық бағдарлану, тотық концепциялар және т.б. Ең маңыздысы ретінде өз
тобы мен басқалар арасындағы ,тарихы мен дәстүрі арасындағы айырмашылық
туралы объективті білімдер мен субъективті әлеуметтік ойлардан тұратын
этностық мәліметтілікті және этностық өзіндік ұқсастықты атауға болады.
Бірақ этностық ұқсастық-бұл тек өзінің этностық қауыммен ұқсастығын
ұғып , сезіну ғана емес, ол сондай-ақ оны бағалауы, оған мүшелікте болудың
мәнділігі, этностық сезімдерді бөлісу. Жетістік, өркөкіректік, реніш,
қуаныш сезімдері этнос аралық салыстырудың маңызды критериі болып
табылады. Бұл сезімдер этностық қауыммен терең эмоциялық байланысқа
негізделеді [17, 296-341 бб ].
Өзінің этностық қауымына деген қатынас этностық аттитюдерде
көрінеді.Позитивті аттиюдтер этностық қауым мүшелеріне көңіл толуынан, өз
халқының жетістігіне қуануынан байқалады.
Керісінше, топқа қатынасына байланысты негативті аттитюдтардың көп
болуы өзінің этностық ұқсастығын мойындамау, төмен сезіну сезімінің болуы,
референті ретінде басқа топқа бет алуы т. б. болады.Солдатованың
зерттеулерінде Ресей республикасында өмір сүретін орыстар өзінің этностық
тобына деген қызығушылығы төмендегідей анықталған.
Соңғы жылдары бұлар өз тарихи тағдырына байланысты көптеген
нәрселерден көңілдері қалған.
Тұтастай өз халхына деген ұят сезімдерін өркөкіректік сезіміне
алмастырудан орыстардың ішінде өз этностық тобынан бөтенсіні, бөлектену
үрдістері көбейе бастағанын бейнелейді.
Кейбір авторлар этностық ұқсастықтың мінез-құлықтың компонентін де
ерекшелеп, оны белгілі бір топ мүшесі екенін ұғынып, өзін көрсете білуі деп
түсіндіреді.Бірақ этностық ұқсастықтағы этностық мінез-құлықты бөліп
көрсету бұл ұғым аясын одан да кеңейтіп жібереді.Этностық топтың
әлеуметтік өмірі мен мәдени практикасына қызығушылық таныту индивидтің
этностық ұқсауының индикаторы ретінде қарастырылады.Дегенмен, адамның өзі
туралы ойлары мен шынайы өмірдегі әрекеттері , яғни этностық өзін ұқсату
мен этностық қызығушылық таныту арасындағы тұрақты байланыс мәселесі әзірге
дейін ойландыруда[17,296-341].
Көптеген зерттеулердің нәтижесінің көрсетуінше, өзін этностық топ
мүшесі ретінде санауымен өзіне тән типтік мінез-құлықты қолдану секілді екі
өлшеуіштің арасындағы тәуелсіздігі байқалған. Кейбір жағдайда ұқсастылық
пен (идентичностъ) этностық тәжірбиенің кейбір түрлерін қалау арасындағы
байланыс мойындалмай жатады. Мысалы, адам басқа этностық қауымның тілі мен
дәстүрлерін сақтауға деген ниеті болмаса да, ол қауымға идентификациялануы
мүмкін.
Сонымен қатар, шынайы өмірде пайдалануға, үлгілеуге боларлықтай
өзінің этностық прототипін немесе үлгісі бар этностық мәдениет нұсқауын
ажырату қажет. Мысалы, ұлттық мектепте оқитын мәскеулік еврей
жасөспірімдерінен сауалнама алғанда, олардың еврей мәдениетіне деген
қызығушылығының төмен екендігі байқалған: 11,7% респондент айына бір рет
немесе одан жиірек синагогада болады екен, ал 39,5% ол жерде мүлде
болмайды, 60,2% ұлттық газеттерді мүлде оқымайды, 76,7%ұлттық қоғамдарда
жұмыс істемейді екен.Сондай болғанменде респонденттер еврей мәдениетіне
бағытталатындықтарын жария етіп, нұсқауларының деңгейі құштарлықтарынанда
екі есе жоғары екендіктерін көрсетті [17, 296-341 бб].
Басқа сөзбен айтқанда, этностық ұқсастықтың (идентичности) мінез-
құлық компонентін бөлмеген дұрыс, ал тек индивидтен іс - әреккетің ұжымдық
формасын топтық мақсатқа жетуге деген талпынысын бөлген жөн.Бұл тек әрекет
барысында жүзеге аса бермейтін дайындығы ғана.
Сонымен, қазіргі кезде этностық ұқсастық топпен өзара әрекеттесуді
әрқашан болжай бермейді.Дегенмен, дәстүрлі қоғамда этностық топтың
әлеуметтік өмірі мен мәдени практикасына қатынасу этностық ұқсастықтың
құрылуы мен қалыптасуының маңызды компонентті екенін ескерген жөн.

Эгоцентризм ұғымына түсінік
Эгоцентризм-айналадағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Поли және моноэтностық ортадағы мәдениеттің психологиялық ерекшеліктерін эмпирикалық зерттеу
Поли және моноэтностық топтарға арналған әдебиеттерді талдау
Этностық өзіндік сананың дамуы
Тұлғаның әлеуметтік - мәдени идентификациясы
Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың әдістемесі
Жеткіншектерде этномәдени құндылықтарды қалыптастыру
Жеткіншектерде этномәдени құндылықтарды қалыптастыру туралы
Азаматтық бірегейлік мәселелерін зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері
Полиэтностық ортадағы студенттердің танымдық іс-әрекетінің даму ерекшеліктері
Этнопсихологиядағы эксперименталды және кроссмәдени зерттеулер: тарих және қазіргі заман тарихы
Пәндер