Өнім сапасын арттырудың шетелдік тәжірибесі туралы ақпарат


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: « Өнім сапасын арттырудың шетелдік тәжірибесі »
Орындаған:Турсумбекова З.
Топ: БТ-201
Тексерген: Нуралина Қ. Т
Семей-2015ж
Мазмұны
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Өнім сапасын арттырудың шетелдік тәжірибесі
- Өнім сапасын басқару жөніндегі американдық тәжірибесі
- Сапаны басқарудың жапондық әдісі
- Сапаны бақылау бойынша Еуропалық ұйым (СБЕҰ) .
- Қорытынды
- Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Өнімнің сапасы - бұл белгілі мұқтаждылықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі. Өнімнің сапалылығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты. Егер де тұтыну құны - бұл жалпы алғанда тауардың пайдалылығы болса, ал онімнің сапалылығы - бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейіндегі көрінуі.
Өнімнің сапасын басқару - бұл белгілеу, камтамасыз ету және сапаның қажетті деңгейін қолдау мақсатындағы құру және пайдалану немесе өнімді тұтыну кетіндегі жүргізілетін іс-әрекет.
Ғылыми-техникалық жетістіктердің дамуы өнім сапасының ұлттық экономикасының дамуы ретінде қарастырылып келеді. Әлемнің дамыған мемлекеттерінде өнім сапасын арттыру және бәсекеге қабілеттілігін жақсарту мәселелерін шешу шаралары белсенді жүргізіліп келеді. Өндіріс дамуының мақсаты - ресурстарды ұтымды қолдану қағидасы болып табылады. Фирманың өндірістік қызметі: максималды арнайылық, монополизацияға әкелетін факторларды ескермеу, шығындарды үнемдеу сияқты элементтермен сипатталады. Нарықтық экономика жағдайында нақты ортаның бар болуы сапа себептеріне көп көңіл бөлуді білдіреді.
Соңғы жылдары көптеген кәсіпорынның жетекшілері бәсекеге қабілет- тілікті жоғарылату құралы ретінде сапаны басқару қажеттілігін түсініп келеді[1] .
Өнім сапасын арттырудың шетелдік тәжірибесі
Қазақстандық кәсіпорындар мен ұйымдардың әлемдік нарықтағы отандық өнеркәсіптердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында, нарықтық экономикасы дамыған шет елдердің тәжірбиесін қарастырған жөн. Нарықтық экономикаға өту жоғарғы сапаға жеткен әлемнің жетекші фирмаларының тәжірбиесін зерттеу қажеттілігін негіздейді. Нарықтық экономикасы дамыған елдердің жетекші фирмалары сапаға жету үшін барлық қызмет алға қойылған белгілі бір мақсатқа бағытталуы керек деп есептейді. Сапаны арттырудағы негізгі рөлді тұтынушылардың талаптары мен тұтынушының бағалауларындағы қателіктері ақпараттар алады.
Еуропа, Америка және Жапонияның өнеркәсіптік кәсіпорындарда келесідей екі тұжырымдама неғұрлым кеңінен таралған. TQC тұжырымдамасы (Total Qualiti Control) және CWQC (Company Wide Qualiti Control) . TQC тұжырымдамасы сапа мәселесіне мамандандырылған құрылымдық функционалды бөлімшелерді дұрыс құруды ұсынады. Өнім сапасының жауапкершілігі фирманың жетекшілігінің жоғары деңгейіне ұсынылады. SWQC тұжырымдамасы басқару функциясының орталықсыздандыруға негізделген және сапаны басқаруға кәсіпорынның барлық қызметкерлерінің қатысуын ұсынады.
Бұл ыңғай тұтынушының талаптарын жан жақты қанағаттандырумен байланысты. Жүйелі ыңғайға негізделе отырып, сапаны басқаруға негізгі акцент сапаның тұрақты деңгейінен өлшемді өндіруге кепілдік беретін шараларды жүзеге асырумен араласады, осылайша сапаны қамтамасыз ету кәсіпкерлердің басты стратегиялық міндеті ретінде қарастырылады. Бұл қағида сериясы ИСО стандартты тұжырымдамасымен жүзеге асты[2] .
1980 жылдың соңында нарықтық экономикасы дамыған елдер сапа менеждментін сертификациялау және ендіру, талқылаумен айналысты. Сапа менеджментіне жүйелі ыңғай қалыптасты. Өнім сапасына ғана емес көрсетілетін қызмет сапасына көңіл аударылды. АҚШ пен Жапония модельдерін жүзеге асырудың басты ерекшелігі олардың тұтынушыға бағытталуы. Американдық компанияларда өнім сапасының қалыптасуындағы негізгі элементі - тұтынушының талаптарын талдау болып табылады. Сапаны реттеу процесінің соңғы элементі де тұтынушының талабы болады, осылайша кері байланыс жүйесі құрылады. таңдап алынған сапа көрсеткіштері жоспарланған өз мәніне өндіріс процесінде жетеді. Эксплуатация, техникалық қызмет көрсету, жөндеуге кепілдік беру, сол өнім түріне қажеттілікті қанағаттандыру деңгейі жөнінде қосымша ақпараттар береді[1] .
Өнім сапасын басқару жөніндегі американдық тәжірибесі
АҚШ-тың өнеркәсіптік фирмалары шығарылатын өнімнің жоғары сапасына сапаны басқаруда ұйымдастыру мен әдістерін жетілдіру арқылы қол жеткізген. 70-ші жылдардан бастап сапаны басқару бойынша барлық әрекеттердің басты мақсаты тұтынушыларға қажетті сапаны фирма үшін ең аз шығынмен қамтамасыз ету болды. Жоғары жағына сапа «құнының» мөлшері мен өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне және кірісіне сапа деңгейінің әсері қойылды. Бұл жағдайда өнімнің ғана емес, тұтынушыларға қызмет ететін бүкіл ұйым ақаусыз болуы керек деген бағдарлама қойылған.
Сапаны басқарудың қазіргі жүйелері тұтынушылар талабына және өндірушінің шығындарын ең аз мөлшерге теңестіруге бағдарланған. Егер бірінші шарт ұйымның техникалық сипаттағы әрекеттерімен байланысты болса, ал екінші шарт сапалы өнім өндіруге шыққан жиынтық шығындардың ақталуымен байланысты. Осының негізінде сапаны бақылаудың жалпы тұжырымдамасы қалыптасты. Бұл бұйымдарды кейін пайдалану мен толық жетілдіру, тұтынушыларға қызмет ету едәуір үнемді болуы үшін жоспарлардың сапасын қамтамасыз ету фирманың әртүрлі ұйымдық бөлімдерінің талпыныстарын шоғырландыратын тиімді жүйе деп түсіндірілді [3] .
Өнім сапасын басқару мен тұтынушыларға қызмет көрсету аумағына фирмалардың ұйымдық құрылымдарының бүкіл негізгі тізбектерінің басқарушылары тартылып, нарықты зерттеу мен жаңа өнімді жоспарлау жобасын анықтау кезеңінен бастап, тұтынушылардың өнім шығаруда техникалық қызмет көрсетуімен аяқтап, өнім жасау процесіне мақсатты бағытталған іс-шаралар арқылы жақсы нәтижелерге қол жеткізілді.
Жабдықтаушы фирмаларда шығарылатын өнімнің сапасын жақсартуда басты жауапкершілік ең алдымен зауыт басқарушыларына жүктелген. Ал тікелей бақылау мен жұмыскерлердің өнімдерін тексерумен инспекторлар айналысады. Сапаны басқаруды сапаны бақылау бойынша инспекторлар мен инженерлер жүзеге асыра отырып, кәсіпорында ақаулы өнім шығаруды қажеттілігіне қарай тоқтатуға құқы бар.
Соңғы он жылдықта өнім сапасын басқару жүйесіндегі жетекші және жоспарлаушы тізбектің арнайы коорпоративті штатын құру тұжырымдалды.
Сапаның коорпоративті қызметтеріне өнім сапасын қамтамасыз етудің жиынтық бағдарламаларын жоспарлау мәселесі мен оларды фирманың бүкіл бөлімдеріне жеткізу жүктеледі. Бұл бағдарламаларда өнімді шығарудың әрбір кезеңінде сапаға қойылатын талаптар қалыптасып, жеке құрылымды бөлімдердің мәселелері нақтыланады. Техникалық стандарттар тұтынушылар талаптарына сәйкес зерттеуші, өндіруші, жоспарлаушы және барлық құрылымды басқарушыларға түсінікті тілге аударып жеткізеді .
Сапаны басқарудың қазіргі бағдарламалары өзінің іске асырылуының бірқатар кезеңдерін алдын-ала қарастырады. Алдымен нарық жайлы, соның ішінде нақты тауардың сапасына тұтынушылардың қоятын жалпы талаптары қарастырылады, содан соң өндіріске жұмсалатын шығындар анықталады. Осы кезеңдегі жұмыстың нәтижесі сапа деңгейін, оның техникалық параметрлері мен сипаттамаларын бекіту және өндіріс пен жобалық құрылыстық жұмыстардың кезеңдерінде қажетті сапаны қамтуға мүмкіндік беру, ал бірқатар жағдайларда өнімді сақтайтын, әрі тұтынушыларға жеткізетін техникалық шарттардың бүкіл жиынтығын тұжырымдау болып табылады. Аталған талаптар тұжырымдалып, фирманың ішінде өнімді тікелей шығарушыларға жеткізгеннен кейін келесі кезең басталады. Бұл кезеңде жұмыстардың көп көлемі сапаның бекітілген деңгейін сақтау үшін барлық қажетті жағдайларды қамтумен байланысты. Сырттан сатып алынатын материалдарды жабдықтаушы фирмалардан жеткізудің маңызы зор.
Жоғарыда қарастырылған АҚШ өнеркәсіптік корпорацияларының өнім сапасын басқаруды ұйымдастыру түрлері біршама кеш болса да капиталистік елдердің өнеркәсіп өндірістерінде тарала бастады. Мұндағы маңызды канал американдық фирмалардың еуропалық филиалдары құрылды [4] .
Қазіргі өндіріс пен өнімнің үздіксіз техникалық жетілдірілуі жан-жақты өсіп келе жатқан талаптардың жартылай фабрикаттары мен материалдарына ұсынылады. Олардың алға қойған жұмыс жоспарлары жабдықтаушы фирмалар мен тұтынушы фирмалардың біріккен түрдегі іс-әрекеттері арқылы қол жеткізіледі. Бұл аумақтағы серіктестіктің өркендеуі кейінгі онжылдықта жартылай фабрикаттар мен материалдардың сапасын бақылаудың қарқындау көрінісіне ие болды. Материалдар мен бөлшектердің стандарттарын сақтау маңыздылығы көтерілді. Өнімдерді жеткізу нақты келісімдермен қарастырылды. Тұтынушы фирмалардың өнеркәсіптеріне олардың келіп түсуіне дейін жабдықтаушы фирмаларда материалдар мен жартылай фабрикаттарды инспекциялау қатайды.
Сапаны жаппай басқару - басқару практикасы мен сапаға ұмтылуға негізделген кәсіпорын философиясы. Ендеше, сапа - кәсіпорын өзегі. Сапаны жаппай басқару кез-келген кәсіпорынның басқарудағы жаңа жолы, яғни сапаға бағытталған, кәсіпорынның барлық мүшелеріне негізделген және тұтынушы талабын қанағаттандыру мақсатына негізделген. Қазіргі кезде сапаны жаппай басқару қоғамда күн сайынидиологияға айналып бара жатыр, яғни бізге қиындықтан шығу үшін және бәсекеге қабілетті елге айналу үшін керек. Сапаны жаппай басқару жақын арада үлкен және кіші кәсіпорын басшыларына керекті болады [3] .
TQM (Total Qualiti Management) - бұл концепция әрекеттердің барлык аймақтарында - зерттеп дайындаудан бастап сатудан кейінгі қызмет көрсетуге дейін басқару жүйелері мен тәсілдерін жан-жақты және жақсы үйлестірілген түрде қолдануды қарастырады.
Сапаны жаппай басқарудың негізгі мақсаттары:
- кәсіпкердің тұтынушы талаптарын қанағаттандыруға бағытталған саясаты;
- кәсіпкерлік сапаны мақсатқа айналдыру;
- кәсіпорынның барлық ресурстарын қолдану.
TQM-нің ең негізгі басты элементтері:
- жоғарғы басшылықтың қатысуы: ұжымда сапаның стратегиясына қатысты тұрақты, үзіліссіз және жоғарғы басшылықтың персоналды қатысуын қамтамасыз ету. Бұл TQM-ді енгізудегі табысқа жеткізер шарттарының негізгілерінің бірі.
- Тұтынушыға акцент жасау: компанияның барлық қабілетін ішкі тұтынушының талабы сияқты сыртқы тұтынушының қажетіне үлкен назар аудару.
- Жұмысқа барлық қызметкерлердің қатысуы: негізгі мақсатқа жету үрдісіне барлық қызметкерлердің қатысуын қамтамасыз ету - тұтынушылардың сұранысын қамтамасыз ету.
- Үрдістерге назар аудару: үрдістерге (оларды басты мақсатқа жетуге бағытталған оптималды жүйе ретінде қарастырып) үлкен назар аудару -тұтынушы үшін өнім сапасын максимизациялау және оның бағасын тұтынушыға да, өндірушіге де минимизациялау.
- Тұрақты түрде жақсару: тұрақты түрде және үзіліссіз өнімнің сапасын жақсарту.
- Шешімдердің фактілерге негізделуі: компанияның барлық шешімдерін интуиция немесе қызметкерлердің тәжірибесіне емес, тек фактілерге ғана негіздеу [5] .
Сапаны басқару - жедел дамып келе жатқан концепция. Бүгінгі күнде TQM-нің бірнеше негізгі мектептері бар (жапондық, америкалық, европалық) . TQM негізделетін бірыңғай принциптердің қалыптасуының нақты көзқарастың болмауы осыдан да шығар. Алайда қазір негізгі болып келесі 8 принцип анықталған:
- кәсіпорынның тұтынушыға ыңғайлануы
- басшылықтың ролі
- қызметкерлерді тарту
- үрдістік көзқарас
- басқаруға жүйелі көзқарас
- тұрақты түрде жетілдіру
- фактілерге негізделген шешімдерді қабылдау
- тауар әкелушілермен өзара пайдалы қатынас[4] .
Сапаны басқарудың жапондық әдісі
Сапаны басқарудың Жапондық жүйесінің қызмет етуінің ерекшелігі бұл кәсіпорын қызметкерлерін технологияны сақтауды қатаң бақылау, өнім сапасын басқаруға жұмыскерлерді тарту әдістері арқылы жан жақты оқыту болып табылады.
Жапонияда барлық кәсіпорындарда бірыңғай жүйені қалыптастырған жалпы бақылау принципі бойынша жұмыс істейтін сапаны басқарудың үлкен базасы қалыптасты, бұл процесс президенттен бастап қарапайым қызметкерлерге дейінгі барлық персоналмен жүзеге асырылды.
Жапонияда істі, өндірісті және басқаруды ұйымдастырудың жоғары деңгейі кімді де болса қайран қалдырады. Жапония - өндірістік қатынасты, сонымен қоса, басқару сипатын айқындайтын монополистік капитализм мемлекеті. Франциямен және Голландиямен қоса, Жапония экономиканы программалайтын капиталистік мемлекеттердің бірі. Талдаудың көрсеткеніндей қазіргі жапондық басқару жүйесі едәуір икемді, әрі тиімді механизм, оның өзі соғыстан кейінгі кезеңде, қазіргі ірі ауқымды өндірісті дамыту жағдайында қалыптасты. Бұл механизм ұдайы жетілдіру үстінде [3] .
Жапон экономикасының жетістігі басқарудағы әлеуметтік - кәсіптік саланың қызметіне негізделген. Мұны менеджерлер деп атайды. «Менеджер» ұғымы алуан саладағы басшылардың тілектес адамдар тобын құрайды.
Қазіргі кезде менеджерлер мәртебесі ерекше артты, менеджерлердің жеке басындағы жетістіктеріне, олардың белсенділігіне, батылдығына, күнделікті істегі творчестволық қабілетіне, қырағылығына, алдығыны ойлай білетіндігіне т. б. талап қоя бастады.
Сонымен қоса Жапонияда менеджерлер тобын жинақтау практикасы көп жағдайда ұлттық сипатының ерекшеліктеріне негізделген, мұнда топтық психология басты рөл атқарады. Жапондықтар адамдар арасындағы салқын көзқарасқа қатты күйзеледі. Сол себептенде менеджерлер арасында «ГАКУБАУХ» деп аталатын кландар болады, яғни белгілі бір университетті бітірген кландар.
Нағыз жапондық фирма пирамида түрінде ұйымдастырылған. Оның құрылымында үш деңгей болады: жоғары әкімшілік (КЭЙЭЙСЯ) орта басқару буыны (КАНРИСЯ), бұған бөлімше меңгерушісі БУТЕ жатады; әрі қарай - басқармадағы қарапайым жұмыскерлер (ИППАНСИЯ) . Синетизы жүйесінің талабына сәйкес университетті бітірушілер фирмаға жұмысқа орналасқаннан кейін жеті жылдан соң, яғни 30 жасқа толған кезде секция бөлімшесіне басшылық ете алады. Қырық жасыңда оған секция меңгерушісіне, 50 жасында - бөлімше меңгерушісіне және әрі қарай директорлық қызметіне дейін жоғарылай алады.
Менеджер неғұрлым тәуелсіз болса, ол соғұрлым еркін әрекет етеді, оған балама шешімдерді таңдауға неғұрлым көп мүмкіндік берсе, онда өндірісті ғылыми ұйымдастыру теоретиктерінің пікірінше - қоршаған ортадағы қолайсыз жағдайларға соғұрлым шамалы көңіл бөледі. Мұндай көзқарас Жапониядағы басқарудың ерекше стилін көрсетеді.
Жапония өз экономикасын басқарудың бірегей жүйесі арқасында дамытты. Басқарудың табанды принциптері нәтижесінде көздеген мақсатына жетіп отырды. Жапон қоғамын футурологтар қоғамы деп атайды (топтағы адамдар қанағаттанғанда, жеке адамдар да өзін қанағаттандым деп есептейді) .
Тұтастай алғанда экономикалық стратегия төрт негізге сүйенеді: экономикалық ресурстарды жинау және консервілеу; елдің бәсекелесу қабілеттілігін жоғары деңгейде ұстау; адамдарды ғылыми-техникалық прогрестің талаптарына бейімделетіндей етіп баулу және соңғысы, ғылыми зерттеулер мен ізденістерді интенсивтендіру.
Нағыз жапондық фирмалар үш деңгейлік негізде ұйымдасқан; жапондықтардың пікірнше, үш деңгейлік құрылым неғұрлым икемді, әрі бюрократтық қауіпке онша ұшырай қоймайды[6] .
Сапаны бақылау бойынша Еуропалық ұйым (СБЕҰ) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz