Психикалық аурулар туралы ақпарат



1. Психикалық аурулар
2. Психикалық ауру түрлері және олардың сипаты
3. Психикалық ауру симптомдары (белгілері)
Психикалық аурулар. Психикалық аурулар ұғымын анықтау психиатрияның даму дәрежесіне орай үнемі өзгеріске ұшырауда.Психикалық аурулардың баламасы ретінде психоздар деген сөз де алынады. Бұл сездің тү-сінігінде қызметі төмендегідей өзгеріске ұшырайды: психикалық реакция ақиқат қарым-қатынастарға шұғыл, дөрекі қарама-қайшы келеді, мұның өзі ақиқат дүниені бейнелеудің бұзылуынан және мінез-құлықтың өзгеріске ұшырауынан байқалады. Психоз кезінде психикалық қызмет сыртқы дүниемен қатыста өзгеріске ұшырайды, осының әсерінен ішкі жағдайлар, өзгереді — мидың рефлекстік қызметі бұзылады немесе ми қызметі әлсірейді, бұрмаланады, тіпті толық істен шығады. Соның салдарынан көңіл күй, уайымдау, шешім қабылдау іштей болады. Ал дені сау адамда шешім қабылдау, пайымдау, сезім (meentis alienatio — ақылсыз, жынды) сыртқы әсерлер себебінен туып, ақиқат дүниемен үйлесімді байланыста болып келеді.
Мидың патологиялық жай-күйі психиканың жеңіл, болмашы өзгерістеріне де әкеп соқтыруы мүмкін. Бұл жағдайда ақиқат дүниені бейнелеу бұзылмайды да, мінез-құлық та елеулі өзгеріске ұшырай қоймайды. Мұндай психикалық ауруларға невроз, психопатия (психикалық дисгармония) жатады. Психоздар мен басқа да психикалық аурулардың арасындағы айырмашылықты белгілеудің теориялық жағынан ғана емес, практикалық жағынан да маңызы бар. Психоз басталғанда аурудың қабілетсіздігі байқалады. Қоғамға қауіпті әрекет жасағанда ондай ауруға сот жауапкершілік жүктемейді, медициналық шаралармен қорғауды қажет етеді. Сонымен бірге мұндай аурулар мемлекеттік және қоғамдық органдарға сайлауға қатыспайды, өздері де сайлана алмайды. Алайда мұндай айырмашылық үнемі бола бермейді. Көптеген психоздардың дамуының алғашқы кезеңінде олардың барысы қолайлы өткен кезде немесе ремиссия уақытында ақиқат дүниені бейнелеудің бұзылуы бола бермейді, сана-сезім мен мінез-құлық елеулі дәрежеде бұзылмайды.
Ақиқат дүниені бейнелеу әр түрлі психикалық аурулар кезінде әр қилы дәрежеде зақымданады. Кейбір аурулар кезінде сезімдік таным, яғни заттар мен құбылыстарды тікелей бейнелеу елеулі түрде өзгермейді. Керісінше, ойлаудың неғұрлым күрделі формалары — абстрактілі, логикалық таным, заттар мен құбылыстардың ішкі байланыстарын бейнелеу бұзылады. Басқа аурулар кезінде сезімдік танымның жоғарғы да, бастапқы да формалары бұзылады. Айталық, параноя деп аталатын психозда сезімдік таным аз бұзылады. Ауру адамдар затты, құбылысты дұрыс қабылдайды, қоршаған жағдайға дұрыс бағдар жасап, өздерін күнделікті өмірде дұрыс алып жүреді. Алайда, оларда құбылыстар мен заттар арасындағы ішкі, неғұрлым терең қарым-қатынастардың бейнеленуі бұрмаланған болып келеді. Аурулар физиканың қалыптасқан заңдылықтарына қарамастан, ғылыми деректерді бұрмалап, мәңгілік двигатель ойлап шығарады, бүкіл әлемдік тартылыстын жаңа заңын аштық- деп дәлелдейді, т. б.
1. Б.В.Зейгарник, Введение в патопсихологию, изд.Московского университета,1969года.
2.П.Б.Ганнушкин, Клиника психопатий, М.,1994.
3. В.В.Николаева, Влияние хронической болезни на психику,М.,1987г.
4. Хрестоматия по патопсихологии /Под ред. Б.В.Зейгарник, В.В.Николаевой, А.П.Корнилова/ М.,1981.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Психикалық аурулар сипаттамасы, ерешеліктері

Тексерген:Тезекбаева М.Ж.
Орындаған: Меңдіғалиева А.
ПХ-315

Семей-2015ж

Жоспар:
Психикалық аурулар
Психикалық ауру түрлері және олардың сипаты
Психикалық ауру симптомдары (белгілері)

Психикалық аурулар. Психикалық аурулар ұғымын анықтау психиатрияның даму дәрежесіне орай үнемі өзгеріске ұшырауда.Психикалық аурулардың баламасы ретінде психоздар деген сөз де алынады. Бұл сездің тү-сінігінде қызметі төмендегідей өзгеріске ұшырайды: психикалық реакция ақиқат қарым-қатынастарға шұғыл, дөрекі қарама-қайшы келеді, мұның өзі ақиқат дүниені бейнелеудің бұзылуынан және мінез-құлықтың өзгеріске ұшырауынан байқалады. Психоз кезінде психикалық қызмет сыртқы дүниемен қатыста өзгеріске ұшырайды, осының әсерінен ішкі жағдайлар, өзгереді -- мидың рефлекстік қызметі бұзылады немесе ми қызметі әлсірейді, бұрмаланады, тіпті толық істен шығады. Соның салдарынан көңіл күй, уайымдау, шешім қабылдау іштей болады. Ал дені сау адамда шешім қабылдау, пайымдау, сезім (meentis alienatio -- ақылсыз, жынды) сыртқы әсерлер себебінен туып, ақиқат дүниемен үйлесімді байланыста болып келеді.
Мидың патологиялық жай-күйі психиканың жеңіл, болмашы өзгерістеріне де әкеп соқтыруы мүмкін. Бұл жағдайда ақиқат дүниені бейнелеу бұзылмайды да, мінез-құлық та елеулі өзгеріске ұшырай қоймайды. Мұндай психикалық ауруларға невроз, психопатия (психикалық дисгармония) жатады. Психоздар мен басқа да психикалық аурулардың арасындағы айырмашылықты белгілеудің теориялық жағынан ғана емес, практикалық жағынан да маңызы бар. Психоз басталғанда аурудың қабілетсіздігі байқалады. Қоғамға қауіпті әрекет жасағанда ондай ауруға сот жауапкершілік жүктемейді, медициналық шаралармен қорғауды қажет етеді. Сонымен бірге мұндай аурулар мемлекеттік және қоғамдық органдарға сайлауға қатыспайды, өздері де сайлана алмайды. Алайда мұндай айырмашылық үнемі бола бермейді. Көптеген психоздардың дамуының алғашқы кезеңінде олардың барысы қолайлы өткен кезде немесе ремиссия уақытында ақиқат дүниені бейнелеудің бұзылуы бола бермейді, сана-сезім мен мінез-құлық елеулі дәрежеде бұзылмайды.
Ақиқат дүниені бейнелеу әр түрлі психикалық аурулар кезінде әр қилы дәрежеде зақымданады. Кейбір аурулар кезінде сезімдік таным, яғни заттар мен құбылыстарды тікелей бейнелеу елеулі түрде өзгермейді. Керісінше, ойлаудың неғұрлым күрделі формалары -- абстрактілі, логикалық таным, заттар мен құбылыстардың ішкі байланыстарын бейнелеу бұзылады. Басқа аурулар кезінде сезімдік танымның жоғарғы да, бастапқы да формалары бұзылады. Айталық, параноя деп аталатын психозда сезімдік таным аз бұзылады. Ауру адамдар затты, құбылысты дұрыс қабылдайды, қоршаған жағдайға дұрыс бағдар жасап, өздерін күнделікті өмірде дұрыс алып жүреді. Алайда, оларда құбылыстар мен заттар арасындағы ішкі, неғұрлым терең қарым-қатынастардың бейнеленуі бұрмаланған болып келеді. Аурулар физиканың қалыптасқан заңдылықтарына қарамастан, ғылыми деректерді бұрмалап, мәңгілік двигатель ойлап шығарады, бүкіл әлемдік тартылыстын жаңа заңын аштық- деп дәлелдейді, т. б. Сананың тұмандануы қоса қабат жүретін психикалық аурулар кезінде ақиқат дүниені ұтымды әрі сезімдік бейнелеу бірыңғай дәрежеде бұзылады. Санасы тұманданған кезде аурулар маңайындағы адамдардың бет келбетін танымайды, заттарды бұрмалап қабылдайды, олардың ойлауы байланыссыз, мінез-құлықтары ретсіз, бейберекет мазасыз қимылға бейім келеді.
Танымдық қызметтің бұзылуындағы мұндай айырмашылықтарды бүтіндей бір оқшау өзгеріс ретінде түсінуге болмайды. Бұл жерде әңгіме танымның белгілі бір дәрежеде, елеулі түрде зақымдануы туралы болып отыр. Танымның белгілі бір түрі зақымданған кез-келген жағдайда оның басқа түрі де белгілі дәрежеде зақымдалады.
Психикалық аурулар көрінісі психикалық процестердің әр алуан өзгеріске ұшырауынан байқалады. Бұл жағдайларда нақты қабылдау бұзылады, ой ағымы өзгереді, пайымдау бұрмаланады, ес әлсірейді, объективтік сылтаусыз-ақ көңіл-күй езгереді, дәлелденбеген іс-қылықтар жасалып, сана тұмандана түседі.
Ауру психикалық кызметті өзгертеді, ал кейде әлсіретіп, тіпті мүлде жоқ қылып та жібереді. Сондықтан да психикалық ауруларды жеке адамының аурулары ретінде айтамыз. Мұның себебі, еңбек процесі мен қоғамдық өмірде пайда болған адам психикасы -- мидың айрықша қызметінің, оның өмірлік қызметінің нәтижесі болып саналады. Мұның бәрі мидан тыс өмір сүре алмайды. Ми-психикалық қызметтің органы, сыртқы дүние -- оның қайнар көзі. Мидың рефлекстік қызметі сонымен бірге, бұл -- нервтің де, психиканың да қызметі, сол сияқты бейнелеу де мидың қызметі. Психикалық қызмет (түйсіну, қабылдау, елестету, ойлау) рефлекстік қызмет процесінде пайда болады, оның барысында өзіндік сапалық өзгешеліктері бар психикалық құбылыстардың пайда болуы заңды жүріп жатады. Психикалық кызметтің рефлектік табиғатына сәйкес психикалық аурудың кез кел-ген көрінісі ол қаншалықты күрделі болғанымен, жоғарғы нерв қызметі бұзылуының нәтижесінде пайда болады.
Психикалық аурулар кезінде жоғарғы нерв қызметінің бұзылуы -- негізгі ми процестеріндегі әр алуан зақымданудың ара салмақтарына -- қозу мен тежелуге, бірінші және екінші сигнальдық жүйелердің, ми қыртысы мен қыртыс астының өзара қарым-қатынасына, мидың жүйелі қызметінің зақымдалуына байланысты..
Қазіргі кезде әр түрлі психикалық аурулар кезінде жоғарғы нерв қызметі кеселденуінің ерекшеліктері өте шектеулі мөлшерде, кейбір жағдайларда жалпылама белгілері тұрғысынан ғана зерттелген. Кейбір психикалық бұзылулар жануарлардың белгілі бір түрлерінің жоғарғы нерв қызметін кеселге шалдықтыру арқылы бірнеше мәрте тәжірибе жасау арқылы алынды. Көп жағдайда мұндай бұзылулар жоғарғы нерв қызметі кеселінің сипатын білуге сүйенген арнайы емдеу әдістерінің нәтижесіне негізделіп, таралып отырылды. Зерттеудің мұндай түрі жекелеген психикалық аурулар кезінде жоғарғы нерв қызметі кеселдерінің кейбір ерекшеліктерін ашып көрсетеді. Алайда зерттеудің бұл әдісін барлық психикалық ауруларға қолдану мүмкін емес. Жануарларға жоғары нерв қызметінің ең бір қарапайым бұзылулары ғана байқау түрінде ғана жүргізіледі. Мұндағы патофизиологиялық заңдылықтар адамға шартты түрде ғана қолданылады. Көптеген психикалық ауруларда жоғарғы нерв қызметі бұзылуының ерекшеліктері әлі де нақты зерттелген жоқ. Өйткені мұндағы міндет күрделі әрі аса көп, қиын еңбекті талап ететін зерттеулерді қажет етуде.
Психикалық аурулар кезіндегі патология ми қызметімен шектелмейді, ол бүкіл ағза қызметінің бұзылуынан байқалады. Психикалық аурулар -- көбіне ми зақымға ұшырайтын бүкіл ағзаның аурулары. Ми алғаш рет зақымға ұшырағанда (мысалы, жарақаттанғанда) оның қызметі ғана емес, сондай-ақ көптеген жүйелер мен мүшелердің қызметі де бұзылады. Әр түрлі жалпы аурулар да мидың екінші рет зақымдануын туғызады (мысалы, улану нәтижесінде).
Осы айтылғандарға сәйкес психикалық аурулар патогенезін зерттеу жоғарғы нерв қызметі бұзылуларының ерекшеліктерін белгілеуді ғана қамтымайды, сондай-ақ төменгі нерв қызметін зерттеуге, оның бұзылуының жоғарғы нерв жүйесімен өзара байланысына да негізделеді. Сол сияқты бұл мәселеге биохимиялық, биофизикалық және морфологиялық зерттеулер де енеді.
Қояншық (эпилепсия) -- (грек. epіlambano - шап беріп ұстаймын, шабуыл жасаймын), қояншық - жиі кездесетін ұстамалы аурулардың бір түрі. Эпилепсияны белгілеріне қарай ұзақ уақыт идиопат. (генуинді) және симптомат. деп бөлген. Эпилепсия туралы алғашқы деректер Гиппократ еңбектерінде "қасиетті ауру" деген атпен, әр түрлі себептермен туындайтын бас миының ауруы ретінде айтылған. Әбу Әли ибн Сина ұстамалы аурудың клиник. көріністері мен емін толық сипаттап жазған. Эпилепсия белгілі бір мерзімде қайталанып, науқас есінен танады, кейде тұнжырап, мінезі өзгеріп, ой-қабілеті төмендейді. Эпилепсия ауруының себебі әлі толық анықталмаған. Көбінесе, сәби құрсақта жатқанда не туылғаннан кейін миында ісік болуынан, ми шайқалғаннан немесе қабынуынан, мидың әр түрлі ауруларынан (менингит, арахноидит, арахноэнцефалит), т.б. жағдайлардан болады. Сондай-ақ әке-шешесі маскүнем болса, олардың балаларының да Эпилепсияға шалдығуы мүмкін. Кейде бұл ауру тұқым қуалайды. Эпилепсия 10 - 15 жастағы балаларда байқалады. Ауру ұстар алдында адамның басы ауырып, мең-зең болады, қолы дірілдеп, көзі қарауытады, бір жерді шыр айналып, айқайлап, есінен танып құлайды. Аузынан көбігі ағады, басын соғып, тілін шайнайды. Денесі сіресіп, көгеріп қатып қалады да, бірнеше секундтан кейін басын соққылап, селкілдей бастайды. Бұдан кейін науқас адам біразға дейін есін жия алмай, ұйықтап кетеді. Оянғанда не істеп, не қойғанын білмейді. Кейде ауру жеңіл ұстап, селкілдемей-ақ есінен танып құлайды, ұстама тез басылады. Эпилепсияның қайталап ұстауы көбіне ешбір себепсіз болады. Кейде қорыққанда, бір нәрсеге ашуланғанда, шаршағанда жиілеуі мүмкін. Эпилепсияның ұзақ уақыт ұстайтын түрі де болады. Мұндай кезде науқас адам селкілдеп құламайды. Бірақ псих. әрекеті өзгеріп, мінез-құлқы бұзылады. Науқас тұнжырап, айналасында болып жатқан жағдайға көңіл бөлмей, өзіне қойылған сұраққа жауап бермейді. Оның көз алдына әр түрлі зат елестейді, дыбыс естіледі, әр жерден бірдеңе іздеп әуреге түседі. Қасындағы адамға ретсіз тиісіп, ұрысады, үйден шығып кетуі де мүмкін. Кейде өзін-өзі жұлып, бетін тырнайды, қолына түскен затты сындырады, айқайлап, жылап, қатты күйзеледі. Ұстама біткеннен кейін осы істегендерінің біреуін де есіне ала алмайды. Эпилепсия асқынған сайын жиі ұстап, науқас адамның мінезі, жүріс-тұрысы, ой-өрісі өзгеріп, ойын дұрыстап жеткізе алмайтын болады. Ұмытшақ болып, сәл нәрсеге ренжіп қалады. Өзін ренжіткен адамға өшігіп, ол адамды ешқашан ұмытпайды. Емі аурудың түрі, себебі және ағымына қарай тағайындалады. Аурудың белгісі білінісімен емдеуді ерте бастаған тиімді болады. Ең алдымен Эпилепсияға не себеп болғанын анықтап алады. Ауру ұстаған кезде оны тарқататын препараттармен қатар, науқасқа организмін әлдендіріп, иммунитетін көтеретін дәрі-дәрмек беріледі. Ауру адамға дұрыс тамақтану, мезгілімен ұйықтау, диета сақтау, отбасындағы және еңбек ұжымдағы жағымды жайлардың маңызы зор.

Невроз - өмірдегі жағымсыз жағдайларға тұлғаның реакциясы. Осы реакция нәтижесінде тұлға бұзылысы, сана және ес бұзылысы туындайды. Невроздардың келесі түрлері бар: неврастения, есіріктік невроз, жабыспалы қалып күй неврозы. Балалар неврозының этиологиясы: психикалық травма, биологиялық факторлар, психикалық факторлар, әлеуметтік факторлар. Невроз аурулары психогенияныд ең көп тараған түрі болып табылады. Невроздың ең бір елеулі ерекшелігі әдетте өзгеше дөрекі психозға, бейнелеуші, танымдық әрекеттің айқын бұзылуына соқтырмайтын, демек, мінез-кұлыктың айқын білінетін дұрыс емес күйлерін өзімен бірге тудырмайтын аурулы күйдің пайда болуы саналады. Дегенмен, бұл ауруда ағзаның үйреншікті қызметі едәуір қиындайды. Қоршаған ортаның өзгеруіне байланысты оның әдеттегі нәзік тепе-теңдігі қиындайды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психикалық бұзылыстар жіктелуі
АҚЫЛ ОЙ КЕМІСТІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу
Пациент пен мейіргерлердің қауіпсіздігіне әсер ететін факторларды талдау
Денсаулықтың гигиеналық негіздері
Психосоматикалық аурулармен ауыратын пациенттердің ерекшеліктері туралы ақпарат
Түрлі клиникалық жағдайлардағы этикалық мәселелерді тиімді және тиімсіз шешу жолдары
Жастарға ғасыр індетінің психологиялық – педагогикалық әсер ету аспектілері
Әлеуметтік медицинаның пәні. Қазіргі заман әлеуметтік медицинаның негізгі бөлімдері
Эпилепсия ауруының жалпылама сипаттамасы
Пәндер