Вирустық аурулар туралы мәлімет



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1.Вирустың инфекциялардың спецификалық алдын алу
2.2.Жаңа буынды вакциналарды жасаудың негізгі бағыттары
2.3.Адьюванттар,иммуномодуляторлар
2.4.Құтырық,Аусыл,Шмалленберг,Блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Жұқпалы аурулардың алдын алу профилактикасы енжар (пассивті) және белсенді (активті) иммундау тәсілдерінен тұрады.
Вирустық инфекциялардың профилактикасы індеттерге қарсы қолданылатын өте маңызды шараларға жатады. Оның мәнісі - адам организімінде вирустар қоздыратын жұқпалы ауруларға қарсы жасанды иммунитет қалыптастыру, жасанды жолмен қалыптасқан жүре пайда болатын белсенді және енжар қабылдамаушылықты (иммунитетті) табиғи резистентіліктен ажырата білу керек. Организмге әдейі енгізілген препараттардың (антигендер мен антиденелер) қасиетіне байланысты белсенді және енжар иммундау әдістерін ажыратады.
Белсенді иммунитет организмге вакцина ретінде вирустық АГ- ді енгізгенде қалыптасады. Мұндай иммунитет вакцина енгізген кейін бірнеше аптадан соң пайда болады да, бір жылдан бірнеше жылдарға дейін сақталады.
Енжар иммунитет организмге иммунды антиденелер (иммунды глобулиндер) енгізгенде пайда болады. Пассивті иммундау әдісін организмде жұқпалы аурудың дамуын жедел тоқтату қажет болғанда қолданады. Оған адамдарға ауру жұғу қаупі төнген және активті иммундау уақыты өтіп кеткен жағдайлар жатады. Бұл кезде пайда болатын иммунитет ұзаққа созылмайды (бірнеше аптадан аспайды).
Қалыпты иммундыглобулиндер-адамның қан сарысуынан бөлініп алынған, тазартылған және этил спиртімен өңдеу тәсілімен концентрацияланған иммунды белсенділігі бар ақуыздық фракциялар болып табылады. Иммундыглобулиндер сериясын дайындау үшін 1000- нан кем емес дені сау иммунизацияланбаған донорлардың плазмасын пайдаланады. Ақуыздардың концентрациясы 9,5- нан 10,5%-ға дейін болады. Препараттың құрамында консерванттар және антибиотиктер, адам иммундытапшылық вирустарына (АИВ-1, АИВ-2), гепатит С вирусына, гепатит В- нің беткейлік АГ-не қарсы АД-лер болмауы керек. Адамның қалыпты иммундыглобулиндерінің әсер етуші факторы- белсенділік қабілеттілігі бар полиспецификалық иммундыглобулиндер болып табылады. АД-ің максимальды концентрациясы қанда 24-48 сағаттан кейін байқалады,олардың организмнен жартылай бөлініп шығу мерзімі - 3-4 апта. Препарат организмнің резистенттілігін жоғарылатып, бейспецификалық белсенділік әсерін тигізеді.
1. «Ветеринариялық вирусология» Ш.Б.Мырзабекова;Алматы, «Білім», 2004 ж.
2. Жалпы микробиология (оқу-әдістемелік құрал). Микробиология кафедрасы-ның профессорлары Б.А. Рамазанова, А.Л. Котова, Қ.Қ.Құдайбергенұлы, оқытушылар: Б.М. Хандиллаева, Г.Р. Амзеева, Т.С. Бегадилова, А.М. Бармакова, Д.Ж. Батырбаева. Алматы, 2006 ж.
3. http://zooresurs.ru/bolezni-zhivotnykh/732-
4. bluetongue.htmlhttp://viferon.su/virusnye-infekcii/

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті.

БӨЖ

Тақырыбы: 1. Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу.Вакцина дайындау принциптері.Адьюванттар,иммуномодул яторлар
2.Құтырық,Аусыл,Шмалленберг,Блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары

Орындаған: Онгарова Д.Б
Тобы: ВС-303
Тексерген: Омарбеков Е.О

Семей 2015 ж
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1.Вирустың инфекциялардың спецификалық алдын алу
2.2. Жаңа буынды вакциналарды жасаудың негізгі бағыттары
2.3. Адьюванттар,иммуномодуляторлар
2.4.Құтырық,Аусыл,Шмалленберг,Блюта нг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Вирустың инфекциялардың спецификалық алдын алуда енжар (пассивті) және белсенді (активті) иммундаудың рөлі

Жұқпалы аурулардың алдын алу профилактикасы енжар (пассивті) және белсенді (активті) иммундау тәсілдерінен тұрады.
Вирустық инфекциялардың профилактикасы індеттерге қарсы қолданылатын өте маңызды шараларға жатады. Оның мәнісі - адам организімінде вирустар қоздыратын жұқпалы ауруларға қарсы жасанды иммунитет қалыптастыру, жасанды жолмен қалыптасқан жүре пайда болатын белсенді және енжар қабылдамаушылықты (иммунитетті) табиғи резистентіліктен ажырата білу керек. Организмге әдейі енгізілген препараттардың (антигендер мен антиденелер) қасиетіне байланысты белсенді және енжар иммундау әдістерін ажыратады.
Белсенді иммунитет организмге вакцина ретінде вирустық АГ- ді енгізгенде қалыптасады. Мұндай иммунитет вакцина енгізген кейін бірнеше аптадан соң пайда болады да, бір жылдан бірнеше жылдарға дейін сақталады.
Енжар иммунитет организмге иммунды антиденелер (иммунды глобулиндер) енгізгенде пайда болады. Пассивті иммундау әдісін организмде жұқпалы аурудың дамуын жедел тоқтату қажет болғанда қолданады. Оған адамдарға ауру жұғу қаупі төнген және активті иммундау уақыты өтіп кеткен жағдайлар жатады. Бұл кезде пайда болатын иммунитет ұзаққа созылмайды (бірнеше аптадан аспайды).
Қалыпты иммундыглобулиндер-адамның қан сарысуынан бөлініп алынған, тазартылған және этил спиртімен өңдеу тәсілімен концентрацияланған иммунды белсенділігі бар ақуыздық фракциялар болып табылады. Иммундыглобулиндер сериясын дайындау үшін 1000- нан кем емес дені сау иммунизацияланбаған донорлардың плазмасын пайдаланады. Ақуыздардың концентрациясы 9,5- нан 10,5%-ға дейін болады. Препараттың құрамында консерванттар және антибиотиктер, адам иммундытапшылық вирустарына (АИВ-1, АИВ-2), гепатит С вирусына, гепатит В- нің беткейлік АГ-не қарсы АД-лер болмауы керек. Адамның қалыпты иммундыглобулиндерінің әсер етуші факторы- белсенділік қабілеттілігі бар полиспецификалық иммундыглобулиндер болып табылады. АД-ің максимальды концентрациясы қанда 24-48 сағаттан кейін байқалады,олардың организмнен жартылай бөлініп шығу мерзімі - 3-4 апта. Препарат организмнің резистенттілігін жоғарылатып, бейспецификалық белсенділік әсерін тигізеді.
Спецификалық иммундыглобулин препараттары.Қанда спецификалық АД-ің қажетті қорғаушылық деңгейін қамтамасыз ететін гипериммунды (арнайы) гамма-глобулиндерді бұлшық етке енгізу арқылы бірқатар вирустық инфекциялардың профилактикасы жеткілікті тиімділікпен атқарылады. Спецификалық иммундыглобулиндерді вакцинацияланған немесе жақын арада инфекциядан айыққан донорлардың қан сарысуынан бөліп алады. Мұндай препараттарды стандарттау тиісті қоздырғыштың АГ- не қарсы АД- ің титрын анықтауға негізделген. Олардың әсер ету мерзімі қысқа болатындықтан мүмкіндігінше солармен бірге тиісті вакциналар енгізу тиімді болады
Цитотекті - орган алмастырылған (трансплантация) пациенттерде ЦМВ жұққаннан кейінгі болуы ықтимал асқынудың алдын алу үщін қолданады. Препарат құрамында ЦМВ- қа қарсы спецификалық АД- лер (негізінде Ig G) болады. Цитотект дайындау үшін құрамында АИВ (ВИЧ)-1,-2-ге, гепатит С вирусына , гепатит В вирусының беткейлік АГ-не антиденелер болмайтын, және де бауыр ферментінің (трансаминазаның) деңгейінің жоғарғы шекарасы қалыптан аспайтын дені сау донорлардың плазмасын пайдаланады. Препараттың құрамындағы иммундыглобулиндер мөлшері 95%-дан кем емес, ал ЦМВ- қа қарсы антиденелер -50 E(Е-П.Эрлих институтты препаратының салыстырмалы бірлігі) болуы керек. Препарат, қолданғаннан кейін 6 апта - 3 ай бойы қызамыққа, қызылшаға, эпидемиялық паротитке, жел шешекке қарсы тірі вакциналарды енгізуді ұсынуға болмайды. Цитотект қолданғанда келесі жанама құбылыстар болуы ықтимал: денесі қалтырау, бас ауыруы, температура көтерілуі, лоқсу, құсу, буындардың және арқасының ауыруы, аллергиялық реакциялар.
Антигеп - Ресейде өндірілетін препарат, В гепатитке қарсы егілмеген адамдар арасында кездейсоқ жұқтырып алу қаупі төнгенде (стоматологиялық емшаралар, қан құю, қан алмастыру ж.т.б.), немесе егу курсы аяқталмағандарда, немесе НВs антиденелер титры қорғаныс деңгейінен төмен (10 МЕл-ден аз) немесе белгісіз болғанда, және де егу жүргізуге болмайтын жағдайларда вирустық В гепатиттің алдын алу үшін қолданылады. Инфицирленген материалмен жанасқан пациенттерге бірден спецификалық иммундыглобулин енгізсе 3 ай бойы пассивті иммундық қорғанышты қамтамасыз етеді, яғни аурудың алдын алады,немесе індет ауырлығын азайтады. Антигеп - В гепатитке қарсы егілген дені сау донорлардың плазмасынан этил спиртімен фракциялау әдісімен бөлініп алынған иммудық белсенді ақуыздардың концентрацияланған ертіндісі. Препараттың әсер етуші факторы - В гепатит вирусының беткейлік НВs антигеніне қарсы белсенділігі бар АД (иммундыглобулиндер). Антигепті қолданғанда сирек жағдайда гиперемия және алғашқы тәулікте температура көтерілуі сияқты реакциялар байқалуы, және де әр түрлі аллергиялық реакциялар дамуы мүмкін.
Гепатект-В гепатиттің алдын алу үшін келесі жағдайларда қолданылады:
инфицирленген қауіпті материалдармен( қан, плазма,сарысу ) жанасқанда;
НВs Ад табылған пациенттерден бауыр трансплантантын ауыстырғанда;
В гепатит вирусының беткейлік антигендерін тасымалдаушы аналардан туылған нәрестелерде;
өте жоғары немесе тұрақты жұғу қаупі бар, және де қорғаушы антиденелерді жеткілікті деңгейде өндіру қабілеттілігі жоқ жағдайларда (операция алдында, қайталап трансфузиялау, гемодиализ).

ИМОГАМ РАЖ - құтыру вирусы жұғу қауіпі бар күмәнді адамдарда құтыру ауруының алдын алу үшін қолданылатын иммундыглобулин (адамнан алынған). Әсіресе, бұл препаратты 2-дәрежелі (тістеген кезде тері жабындысының бүтіндігі бұзылмаған, шамалы қан шығып тырналған немесе сызатталған) және 3-дәрежелі (бір немесе бірнеше жерден тістелген, тері жабындысының бүтіндігі бұзылған, шырышты қабаттарға сілекей түскен) зақымданулар болған жағдайда қолданады. 2-дәрежелі зақымдану кезінде антирабикалық (құтыруға қарсы) вакцинаны бірге пайдаланады (егер адамды тістеген жануар он күн бойы сау күйінде болса емдеуді тоқтатады). ИМОГАМ РАЖ - ды тек қана құтыруға қарсы вакцинамен бірге пайдалану қажет. Препаратты антирабикалық вакцинамен бірге (вакцинаның бірінші дозасын енгізгеннен кейін сегіз күннен кешіктірмей), бірақ әрқайсысын дененің әр жеріне және инені жаңалап, тек қана бұлшық ет ішіне енгізеді. Бір рет енгізілетін препараттың дозасы -20 MEкг. Оның дозасын ешқанда арттыруға болмайды, өйткені дозасын көбірек енгізгенде антиденелер өндірілуі біршама басылып қалуы мүмкін. Құтыруға қарсы иммундыглобулин енгізгеннен кейін кейде температураның көтерілуі, терілік реакциялар, қалтырау, сирек жағдайда бас айналу, құсу, гипотензия, тахикардия, аллергиялық реакциялар (анафилактикалық шок) байқалуы мүмкін.
ФСМЕ - БУЛИН - көктемгі жазғы минингоэнцефалиттің (КЖМ -ВЛМ) жедел алдын алу үшін қолданылатын препарат (иммундыглобулин). Бұл препаратты жедел профилактикалық мақсатта келесі жағдайларда пайдаланады:
ФСМЕ - БУЛИН- мен шамалы иммундалған немесе ешқашан иммундалмаған адамдар кенелі энцефалит бойынша табиғи ошақты орманды жерлерде болғанда;
кенелі энцефалитке қарсы вакцинаға сезімталдығы өте жоғары болғанда;
жедел жұқпалы аурулармен науқастанып, температурасы өте жоғары болғанда.
Препарат тез әсер етеді (қорғаушылық әсері 24 сағаттан кейін басталып 4 аптаға дейін созылады) және биологиялық жартылай шығу кезеңінің ұзақтығы 21 тәуліктей. Оны, төзімділігін төмендетпей, қайталап пайдалануға болады. ФСМЕ - БУЛИН енгізгеннен кейін кем дегенде 3 ай өткенше тірі вакциналармен (қызылша, қызамық, мысқылға қарсы) белсенді иммундау жүргізуге болмайды. Бұл препарат іс жүзінде жанама реакциялар қоздырмайды, кейде ине сұққан жерде қышыну және де температурасының шамалы көтерілуі байқалады. Гаммаглобулинемияға шалдыққан адамдарда анафилактикалық реакция пайда болуы ықтимал.
Секрециялық иммундыглобулиндер мукозальды инфекциялардан қорғауда маңызды роль атқарады. Спецификалық секрециялық Ig А патогеннің шырышты қабаттарға алғашқы колонизациялануын тежей алады. Құрамында А класына жататын спецификалық антиденелердің кең спектрі бар сүттен, адамдар мен жануарлардың уызынан алынған иммундыглобулиндерді бактериялық және вирустық инфекциялардың алдын алу және емдеу үшін пайдалануға болады. Уыздың құрамына: иммундыглобулиндердің барлық кластары (IgА ,IgМ, IgG,Ig Д) кіреді, бірақ олардың 90% IgА - ның еншісіне тиеді; цитониндер (интерферон, өсу факторы), лактоферрин (микробтардың көбеюіне кедергі жасайды, фагоцитозды және цитокиндердің белсенділігін күшейтеді), лизоцим, амин қышқылдары (пролин, таурин), жоғары молекулалы ақуыздар, майлар, көмірсулар, витаминдер (А, бета- каротин, Е, В12, Д), минералдар кіреді.
Белсенді (активті) иммундау.Вакциналар бірнеше топқа бөлінеді: тірі, өлі, аралас (комбинацияланған) және рекомбинантты (векторлық). Тірі вакциналарға патогенді қоздырғыштардың аттенуацияланған штамдарынан және қоздырғышқа антигендігі жақын туыстас вирустар штамдарынан дайындалған вакциналар жатады. Инактивацияланған вакциналарды 2 топқа бөлуге болады: корпускулярлық және молекулярлық (пептидтік).
Корпускулярлық вакциналар бүтін вирустық бөлшектерден (бүтін вириондылар) немесе бөлініп алынған антигендік кешендерден (субвириондылар) тұрады.
Пептидті вакциналарда химиялық немесе биологиялық тәсілдермен синтезделген антигендік кешендер молекулалары болады. Қазіргі кезде үдемелі түрде молекулалы генді- инженерлік вакциналар жасалуда. Олар үшін спецификалық микроорганизмдер антигендерін синтездеу қабілеттілігі бар бактериялардың, вирустардың немесе саңырауқұлақтардың рекомбинантты штамдарын дайындау арқылы алады.
Жаңа буынды вакциналарды жасаудың негізгі бағыттары: синтетикалық және жартылай синтетикалық, көп компонентті полиантигенді ассоциациаланған және инъекциясыз қолданылатын мукозальды вакциналар жасап шығару. Синтетикалық және жартылай синтетикалық вакциналар құрамында балласты заттар мен қосылыстар жоқ және тасымалдаушы адъюванттарға сіңірілген антигендерден немесе молекулалы түрдегі антиген детерминанттарынан тұрады. Гендік инженерлік рекомбинантты вакциналар(вирустық полинуклеотидті ДНҚ вакциналары) жасап шығарудың болашағы зор. Қазірдің өзінде құрамында әртүрлі патогендердің антигендерін тасымалдайтын бактериялардың, ашытқы саңырауқұлақтардың, вирустардың 100 - деген рекомбинантты штамдары алынып отыр. Мысалы, шешек вакцина вирусының негізінде В гепатитке, кенелі энцефалитке, құтыру ауруына,АИВ (ВИЧ) инфекцияға және тағы басқа да векторлық вакциналар алынды. В гепатитке қарсы рекомбинантты вакциналары алынды, АИВ инфекцияға қарсы рекомбинантты вакцина клиникалық сынақтан өтіп жатыр. Вакцинаның қорғаушылық әсері -жасушалардың антигенпрезенттеуші белсенділігін арттыратын, жадында сақтаушы жасушалар санын көбейтуші иммундыкомпонентті жасушаларды белсендіретін мүмкіндігін, бірнеше эпитоптарға қарсы Т-хелперлерді Т-цитотоксикалық жасушаларды ынталандыратын, және жадында сақтаушы В-жасушалардың лимфоидты тіндерде ұзақ сақталуын қамтамасыз ететін қабілеттілігіне байланысты. Мұндай вакцина, (әсіресе суббірлік және пептидтік типтегі) вакциналық және жасушалық және мукозальдық иммунитетті айқын стимульдейді. Бұл қорғаныс штам спецификалық болып табылады, және сарысулық антиденелердің түзілуіне байланысты. Интраназальды жолмен енгізілген тірі вакциналар ұзақ мерзімді,тепе-теңдік жауапты ынталандырады: оған СД8, СД4 Т-жасушалық, гуморальдық және жергілікті жауап жатады. Кейбір тірі вакциналар (полиомиелитке қарсы оральды, грипке қарсы интраназальды) әр жүйелі және жергілікті иммунитет дамуын қоздырады. Секрециялық IgА шырышты қабықтың эпителиялық жасушасына вирус енуіне жол бермей, жергілікті тиімді иммунитетті қамтамасыз етеді. Инактивацияланған вакциналарға қарағанда тірі вакциналардың тиімділігі едәуір жоғары. Инактивацияланған вакциналардың иммуногенділігі енгізілетін антигендердің молекулалық мөлшерімен, химиялық құрамы және физикалық жағдайымен байланысты. Молекуласы ірі және күрделі болса иммуногендігі жоғары болады. Иммундық жауапты күшейту үшін адъюванттарды пайдаланады. Адъювант ретінде қоспаларды, микробтық құрылымдарды (ақуыздарды, нуклеин қышқылдарды, монополисохаридтерді), синтетикалық зат тектестерді (жартылай нуклеотидтер, гликопептидтер, полиоксидонийлар), цитокиндерді және пептидтерді қолдануға болады. Дүние жүзінің барлық елдерінде жаппай егу кезінде тек қана алюминий тұздарын, майлы адъюванттар мен полиоксидонийді пайдалануға рұқсат етілген. Алюминий гидроксиді антигенді сіңіріп алып, оны вакцина егілген жерде ұзақ уақыт ұстайды, нәтижесінде вакцинаның спецификалық компоненттерінің презенттеуші жасушалармен өзара жақсы әрекеттесуін қамтамасыз етеді. Минералды адъюванттар негізінде Th 2 - жауапты күшейтеді. Гриптің (Гриппол) және А гепатитінің (Геп-А-ин-ВАС-ПОЛ) алдын алу үшін қолданылатын вакциналарда адъювант ретінде полиоксидоний пайдаланылады, ол Т-тәуелсіз жауаптың түзілуіне мүмкіндік береді. Вакциналардың сапасы олардың тиімділігі, қауіпсіздігі, зиянсыздығы, экономикалық тактикалық - техникалық параметрлері бойынша іс жүзінде кең қолдану мүмкіндігіне қарай анықталады.
Рекомбинанттық вирустар негізінде вакциналар жасап шығаруда жаңа вакцинарды іздестіру және қолданыстағыларды жетілдіру қазіргі кезеңнің ең перспективті бағыты ретінде қарастырылады.Бұл процестің мәнісі - тексерілген қауіпсіз және тиімді вакциналық вирусты пайдалану және олардың геномына қажетті патогендердің иммуногенді ақуыздарын кодтайтын гендерді тіркеу жолымен модификациялау.
Рекомбинанттық вирустар негізінде дайындалатын вакциналардың артықшылығы:
қауіпсіз және тиімді вакциналық вирусты таңдап алу мүмкіндігі;
патогеннің (антигенің) ең қажетті әртүрлі ақуыздарын геномға тіркеу (қосу) мүмкіндігі;
рекомбинантты вирустың иесінің жасушасына жеңіл енуі;
антигенді көп мөлшерде алу мүмкіндігі;
вектор-вирустың ақуыздарының адъюваттық әсер ету қабілетінің болуы;
вектор-вирустың жасушаішілік көбеюі иммундық жүйенің компоненттеріне антигенді тікелей тиімді жеткізуді қамтамасыз ету қабілеттілігі;
гуморальдық және жасушалық иммунитетті қамтамасыз етуі;
олардың кейбіреуін лиофилизациялау және арнайы тоңазатқыш қондырғыларысыз сақтау мүмкіндігі.

Шектеулері (кемшіліктері):
Вирустардың бәрі бірдей генетикалық реконструкциялауға көнбейді, және де олардан алынған рекомбинанттардың иммундық жауап қоздыру қабілеттілігі бойынша үлкен айырмашылығы болады.
Вирустық вектордың өзі антиген болып табылады, және де кейбір вирустар қабыну процестерін қоздырады, яғни реактогенділік қасиеті бар. Бұл процестер олардың типіне, орналасуына және көрінісіне байланысты иммундық жауапты күшейту үшін пайдалы болуы мүмкін, бірақ зиянды әсер етуі де ықтимал.
ДНҚ - ды вакциналар.Бұл бағытта вакцина іздестірудің мақсаты ауқымды - ол тек қана жұқпалы аурулардың алдын алу үшін вакциналар жасаумен қатар, созылмалы жұқпалы ауруларды, қатерлі ісіктерді, аутоиммунды ауруларды, аллергияларды емдеу үшін де препараттар шығаруды қамтиды. Минимальды гендік қосылыс жасаумен плазмидалық шеңберлі ДНҚ-н пайдалану бактериялық және вирустық векторлар негізіндегі вакциналарға тән кемшіліктерден арылу жолдарын қарастыру болып табылады. Жаңа идеяның мәнісі- плазмидалық ДНҚ-ң ақпараттық құрылымын қарапайымдылау және оған патогеннің тек қана қажетті генін (немесе бірнеше гендерін) және жасушада осы гендерді экспрессиялау үшін керекті элементтерді енгізу. Ол иммунизациялау процесін асқындыратын қажетсіз ақуыздардан құтылуға мүмкіндік береді. Плазмидалардың конструкциясын осылай унификациялау әртүрлі патогендерге қарсы жеткілікті мөлшерде бірегей технологиялық вакциналар алуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде зерттеушілердің көбісі осы мәселемен айналысуда.
Жалаң плазмидалардың жасушаға енуі, сонан соң ядросында геннің немесе гендердің транскрипциялануы мүмкін емес деген көзқарасқа байланысты жалаң ДНҚ негізінде вакцина жасау идеясы алғашқыда күмән туғызған болатын.
ДНҚ - вакциналар әртүрлі вирустардың ,бактериялардың паразиттердің, қатерлі ісіктердің ақуыздарына қарсы антиденелер түзілуін қоздырады.ДНҚ- вакцинаның артықшылығына шырышты қабаттың жүйелі иммундық жауабын қосымша индуцирлеу мүмкіндігі жатады. Плазмидалық жолақ ДНҚ-н бұлшық етке гендік зеңбіректің (пушканың) көмегімен енгізу секрециялық мукозды IgА-ның әлсіз өндірілуін туғызады. Катиондық липидтермен немесе монофосфориленген А липидпен комплексті түрде инъекциялау, микробөлшектеп капсулалау, микроагрегирлеу тәсілдерін қолданып бұлшықет ішіне, оральді және интраназальды жолмен енгізгенде плазмидалық ДНҚ-ның шырышты қабаттарда едәуір деңгейде секрециялық Ig А өндіру қабілеттілігінің артатынын көрсетті.
ДНҚ-вакцинациялар бойынша клиникалық мәлеметтер:
● вакцинаны организм жақсы қабылдайды;
● қауіпсіз-иесінің геномына интеграцияланбайды; аутоиммунды емес, иммунды толеранттылық туғызбайды;
● пациенттердің бәрінде (соның ішінде АИВ-инфекция жұқтырғанда) гуморальдық, жасушалық (соның ішінде Т-хелперлік) иммундық жауап қалыптасады.
Мукозальдық вакциналар. Соңғы кезде асқазан-ішек, тыныс алу, несеп-жыныс жолдары немесе кнъюктива арқылы иньекциясыз енгізуге болатын вакциналар шығаруға үлкен көңіл бөлініп отыр.Оларды мукозальдық вакциналар деп атайды. Мукозальды жүйенің ауданы 400м2 - ден көп, және де кейбір параметрлері бойынша лимфоидты жүйенің ерекше айырмашылықтары бар: мукозальды жүйенің лимфоидты тіндерінің массасы тимус,сүйек кемігі, көкбауыр және лимфа түйіндерінің масасынан (бәрін бірге алғандағы) едәуір жоғары; организмнің қартаю процесі барысында мукозальды және лимфоидты тіндердің функкциясы әлсіремейді. Патогендерден қорғайтын мукозальдық факторларға жасушалық тосқауылдар, шырышты қабаттарда орналасқан иммундық жүйенің арнайы жасушалары (CD-4 лимфоциттер, антиген спецификалық CD-8 лимфоциттер), секрециялық А иммунды глобулиндер жатады. Мукозальды вакциналар организмге енгізу жолы бойынша пероральды (оральды, энтеральды), интраназальды, интравагиналды, және перректальды деп бөледі. Мұндай препараттар антигенді керекті мөлшерде тиісті ағзаға жеткізуді қамтамасыз етуі, оны деструктивті процестерден сақтауы, енгізген жерде антиген ұзақ уақыт болуына жағдай жасауы керек. Қазіргі кезде мукозальды вакциналарды егу тәсілі екі бағытта дамып келеді: интраназальды және пероральды иммундау.
Вакцинаны парентеральды жолмен енгізуге қарағанда интраназальды мукозальды тәсілмен иммундаудың артықшылығы бар. Мұрын қуысына енгізу жеңіл және ол жер васкуляризацияланған, көптеген бүрлері (ворсинки) адсорбциялық үрдіс үшін үлкен беткейлік аудан болып табылады.Интраназальды иммундаудан кейін жергілікті әрі жүйелі иммунитет қалыптасуы байқалады.Интраназальды тәсілмен вакцина егу тұрғындардың үлкен тобын иммундауға қолайлы , қымбат емес және пациенттер үшін өте ыңғайлы. Оральды-энтеральды әдіспен вакцина егудін кейбір кемшіліктері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вирустардың өсімдіктерде таралуы
Биотехнология жетістіктерін медицина саласында қолдану
«Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
Паповавирустар. Парвовирустар. Поксвирустар
Вирусты гепатит туралы жалпы мәлімет
Тыныс жолдары арқылы тарайтын ауру қоздырғыштарының биологиясын (грипп, қызылша)
Вирустықгепатиттер
Ауру және ауруға күдікті жануарларға қатысты шаралар
Жылқының вирустық энцефалиті
Бейбіт уақыттағы төтенше жағдай
Пәндер