Прогресс-см жауапкершілігі шектеулі серіктестестігінің кәсіпкерлік-шаруашылық қызметін талдау


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 104 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

кафедрасы

ҚОРҒАУҒА ЖІБЕРІЛДІ

Кафедра меңгерушісімен

(ғылыми жәрежесі)

«___» 20___ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы

Рецензент: Жетекші

ғылыми дәрежесі ғылыми дәрежесі

«___» 20__ж. «___» 20__ж.

Стандартизация Студент:

бойынша кеңесші Мамандығы: Тобы:

ғылыми дәрежесі

«___» 20__ж.

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе . . . 7

Бөлім-І Шағын кәсіпкерлік және оның Қазақстан Республикасында даму деңгейі . . . 9

1. 1 Шағын кәсіпкерліктің экономикалық мәні және оның экономикадағы алатын орны . . . 9

1. 2 Қазақстан Респуликасында шағын кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау . . . 18

1. 3 Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің қазіргі кездегі даму тенденциясы . . . 29

Бөлім-ІІ «Прогресс-СМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестестігінің кәсіпкерлік-шаруашылық қызметін талдау . . . 34

2. 1 «Прогресс-СМ» ЖШС-ң кәсіпкерлік-ұйымдастырушылық қызметін талдау . . . 34

2. 2 «Прогресс-СМ» ЖШС-ң экономикалық әлеуетін бағалау . . . 47

2. 3 Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдау . . . 67

Бөлім-ІІІ Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің дамуын жетілдіру жолдары . . . 76

3. 1 Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің болашақ даму мәселелері және оны шет ел тәжірибелерін қолдана отырып шешу жолдары . . . 76

3. 2 Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін басқару жүйесі кәсіпкерлік қызметтің тиімділігінің негізгі факторы ретінде . . . 95

Қорытынды . . . 101

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 105

Кіріспе

Мемлекеттің Қазақстан 2030 ұзақ мерзімді стратегиясына және Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы «2005 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары» үндеуіне сәйкес экономика аймағындағы басты міндет ретінде экономикалық өсудің жоғарғы қарқынына қол жеткізу қойылған. Бұл мақсатты іске асыру көбіне шағын кәсіпкерліктің даму деңгейіне байланысты. Себебі ол нарық конъюнктурасының өзгеруіне тез сезіну, айналым қаржыларын жоғары айналымдылығы, халықтың қаржы ресурстарын шоғырландыру прогрессивті жаңа идеяларды жүзеге асыру, мөлшері жағынан аз ғана алғашқы капиталды пайдалану, бәсекелестік ортаны құру тұтынушыларға жақын орналасу және жұмыспен қамту проблемаларын шешуге, ғылыми - техникалық прогресстің дамуына ықпал етуге, өнімді өндіруді және бюджетке түсетін төлемдерді ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар шағын кәсіпкерлік қазіргі қоғамның саяси тұрақтылықтың негізі - орташа топтың пайда болуына әлеуметтік экономикалық алғышарттар құрады.

Шағын кәсіпкерліктің артықшылықтары және Республикамызда оның дамуының жетілмегендігі диплом жұмысының тақырыбының өзектілігін ашады. Республика бойынша, соның ішінде жеке салаларда шағын кәсіпкерліктің дамуын қамтамасыз ететін тиімді механизмінің болмауы оның қызметін тежеді. Бұл механизм басқару, салық, қаржы - несиелік саясатты, кеден заңдарын, инфрақұрылым және т. б. мәселелерді қамтиды. Еліміздің экономикасы шағын кәсіпкерлік дамуының жетілдіру жолдарын қажет етеді.

Зерттеу объектiсi боп “Прогресс- СС” ЖШС таңдалды. “Прогресс-СМ” ЖШС Алматы облысы Үштөбе қаласында орналасқан. Ол “РМЗ” АҚ сегменттелуi нәтижесiнде құрылған. Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылады.

Дипломның жазу мақсаты - Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің даму мәселелерін анықтау және оны “Прогресс-См” ЖШС кәсіпорын мысалында жетілдіру жолдарын ұсыну.

Міндеттері:

  • шағын кәсіпкерліктің даму проблемаларын анықтау;
  • Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің даму тенденциясын қарастыру;
  • шағын кәсіпкерліктің қызмет етуінің шетелдік тәжірибесін қорыту және оны Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайында қолдану мүмкіндіктерін анықтау;
  • кәсiпорын қызметiн талдау және оның қызметін жетілдіру үшін ұсыныстар беру.

Дипломдық жұмысты жазу барысында теориялық және тәжірибелік негіздеме ретінде оқулықтар, заңдар, бюллетендер, Салық кодексі, интернет т. б. ақпарат көздері, Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі Агенттігінің мәлеметтері, «Прогресс - СМ» ЖШС -ң мәліметтері, баяндамалары қолданылды.

Дипломдық жұмыс 108 беттен, соның ішінде кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер көздерінен, қосымша мәліметтерден тұрады.

Дипломдық жұмыстың бірінші тарауында шағын кәсіпкерліктің экономикалық мәні және нарық жағдайындағы алатын орны, мемлекет тарапынан қолдау саясаты, Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің қазіргі кездегі даму тенденциясы қарастырылған. Екінші тарауда шағын кәсіпкерлік қызметті «Прогресс - СМ» ЖШС - ң мысалында талдау берілген. Үшінші тарауда шағын кәсіпкерлік қызметті шетел тәжірибесін қолдана отырып жетілдіру жолдары және кәсіпорын (Прогресс - СМ ЖШС қызметінің тиімділігіне, оның бәсеке қабілеттілігін арттыруға қол жеткізу үшін қандай шараларды жүзеге асыру керектігі жайлы ұсыныстар берілген.

Бөлім-І Шағын кәсіпкерлік және оның Қазақстан Республикасындағы даму деңгейі

  1. Шағын кәсіпкерліктің экономикалық мәні және оның экономикада алатын орны

Қазақстан Республикасы нарықтық қатынастарға өту кезінде шаруашылықтың әртүрлi формаларын ұйымдастыруда оның ең маңызды бөлiгi шағын кәсiпкерлiк болып табылады. Ел экономикасын дамытуда, нарықты қалыптастыруда, ірі өндірушілер монополиясын шектеуде және бәсекелестiктi дамытуда, тауар және қызмет сұранысын қанағаттандыруда, жұмыссыздық мәселесiн тежеуде және жаңа технологияларды енгiзуде шағын және орта бизнес- маңызды роль атқарады. Өйткенi ол қоғамның алѓа жылжуының бiрден-бiр тетігі болып табылатыны сөзсiз. Шағын бизнес iрi бизнеске қарағанда нарыққа тез бейiмдi, өзгермелi жағдайларға байланысты икемдi, жаңадан жұмыс істеп тұрған өндiрiс секторларында жұмыс iстеуге қабілеттi.

Республика Президенті Н. Ә. Назарбаев кәсіпкерлердің оныншы форумында, елде жеке кәсіпкерліктің көпшілікпен мақұлданған анықтамаларының болмауын, орташа және ірі кәсіпкерліктің алдына дейін өңделген сандық және сапалық бағалау өлшемдерінің критерилерінің, шағын кәсіпкерліктің соңына дейін ойластырылған ұғымдық ақпаратының жоқтығын атап өтті. Және шағын кәсіпкерліктің мәнін анықтауда алдымен «кәсіпкерліктің» негізгі түсінігін ашып айқындау, содан кейін ғана «шағын кәсіпкерліктің» негізгі түсінігін нақтылау керек, деді.

Кәсіпкерлік теориясы ғасырлар бойы дамыды, оған классикалық экономикалық теорияға, неоклассикалық теорияға, кейнсианстік, необерализмге және қазіргі заманғы экономикалық ілімдерге негізделген әр түрлі бағыттар тән.

Ғылыми термин түсінігінде «кәсіпкер» экономика теориясына тұңғыш рет VIII ғасырдағы атақты ағылшын экономисті, банкирі Ричард Кантильон енгізді. «Кәсіпкер - бағаның тұрақсыздығы мен сату болашағын болжауға болмайтын жағдайда тауарларды сатып алу мен сату процесстеріне қатысатын, бірақ кірістерінің жалпы сомасын біле бермейтін адамдар. Ең басты ерекшелік - тәуекелділік» - деген.

Кәсіпкерлік ұғымын зертеуге тұңғыш ден қойғандар «саяси экономиканың» ғылым ретінде қалыптасуының іргесін қалаған физиократия мектебінің өкілдері. Негізін салушы Ф. Кенэ (1694-1774) . Ол былай деген : «Жерді жалға алып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші кәсіпкер қоғамдық өнімді өткізуде басты роль атқарады».

ХХ ғасырдың басындағы капиталистік елдер экономикасының шапшаң өсуі және ғасырдың отызыншы, жетпісінші жылдардағы әлемдік дағдарыстар кәсіпкерлікке қатысты жаңа баптардың пайда болуына әкелді. Мұнда әйгілі экономист Йозеф Шумпетерді атап өту керек.

Й. Шумпетер кәсіпкерлер деп әр түрлі комбинацияларда экономикалық жаңашылдықпен айналысатын адамдарды атады. Оның пікірі бойынша, кәсіпкерлік қызмет адамға мәңгілік бекітілмеген, ол оның жеке қасиеттеріне байланысты. .

А. Смит шағын кәсіпкерлік пен кәсiпкер туралы төмендегідей жазған екен: « . . . ол тек өзінің жеке қызығушылығын, өзінің жеке пайдасын ғана ойлайды және де көрінбейтін қол арқылы жоспарланбаған мақсаттарына жетеді. Қоғамға қызмет етемін деп ойлаған кезден гөрі, өзінің жеке пайдасын ойлаған кезде, қоғамға көбірек пайда алып келеді.

Осылайша ғасырлар бойы кәсіпкерліктің теориялық негіздемелері дамып отырды. Сонымен мынадай қорытынды жасауға болады: «Кәсіпкерлік - бұл, табысты алу мақсатымен өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретін және толық экономикалық жауапкершілікке негізделген, қауіптің және белгісіздіктің белгілі үлесімен жанасатын, шаруашылық жүргізуші субъектілердің ынталы, инновациялық қызметіне негізделген өзін - өзі ұйымдастыру және өзін - өзі жаңарту процесі.

Қазіргі таңда кәсіпкерлікті жандандыру процесі экономикалық және инвестициялық дағдарыстармен; білікті мамандардың жоқтығымен; нормативті - құқықтық базаның жетілдіруімен, коррупциямен, тікелей шаруашылық - коммерциялық қызметпен, тұрақты қауіппен; капиталдық тапшылығымен; шаруашылық жүргізуші субъектілердің, моральды және табиғи тозған материалдық базасымен байланысты қиын жағдайларда өтуде.

Кәсіпкерлік қызметтің Қазақстан Республикасында заңдылық негіздері 1990 жылдардан құрала бастады. Бұл бизнес түрінің дамуына заңдар қабылданды, сонымен қатар заңдылық және басқа да нормативті құқық актілері қабылданып, іске асуда. Сонымен қатар кәсіпкерліктің дамуы дамуы туралы түрлі сұрақтар қамтылуда, ол: шаруашылық серіктестерінің дамуы, акционерлік қоғам; тұлғалық кәсіпкерлік; лицензиялау, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығын қорғау және т. б.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік көптеген түрде дамуда. Қызметтің туындауына қарай - өндірістік, коммерциялық, қаржылық, меншік сипатына қарай - жеке меншік, біріккен; ұйымдастыру нысаны бойынша - тұлғалық, ұжымдық (серіктестік, АҚ) ; шаруашылық субъектілері бойынша - ірі, орта және шағын болып бөлінеді. Кәсіпкерлік түрлері 1 суретте берілген.

Өндірістік кәсіпкерлікке - тұтынушылардың кейіннен сатып алуына тиісті өнім өндіру, жұмыстар жүргізу және қызмет көрсету, жинау, өңдеу және ақпарат беру, рухани құндылық жасау т. б. бағытталған қызметтер жатады.

Коммерциялық кәсіпкерлікке - қызмет түрін сипаттайтын, оның мазмұнының мәнін айқындайтын тауар ақша қатынастары, тауар айырбастау

операциялары жатады.

Қаржылық кәсіпкерлік - коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі, сондықтан оның сатып алу, сату айрықшылығы - ақшалар, валюта, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, вексельдер, кепілдіктер және т. б. ) яғни бірдей ақшаларды сату тікелей немесе жанама формада жүргізіледі.

Мемлекеттік кәсіпкерлікті, әсіресе шағын кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау түрі кең ауқымды жүріп жатыр.

Нарықтың әр түрлі аймақтарын жеңіп алу және көптеген елдердегі шағын кәсіпкерліктің әлемдік нарықта өркендеуі, экрномиканың осы сферасының шаруашылық жүргізуші субъектілерін мақсатты түрде мемлекеттік қолдау ұлттық экономикадағы ролі мен орнын анықтауда қызығушылық туғызады.

Шағын кәсіпкерліктің нарық жағдайында алатын орны зор. Мысалы Мәскеу мемлекеттік Университетінің еңбегі сіңген профессоры В. А. Рубе шағын кәсіпкерлік «кәсіпорын иесінің еңбекке және кәсіпорынды басқаруға қатынасымен, оның персоналмен қарым - қатынасқа түсу дәрежесімен анықталады деген. Және оның пікірі бойынша, шағын кәсіпкер бір тұлғада меншік иесі және басқарушы, сонымен бірге өндіріс процессінің тікелей қатысушы, әрі басқа жұмыскерлермен әрқашан байланыста болады. Бұл пікір мен келісуге болады.

Халықаралық банктің мәліметтері бойынша кәсіпорындарды шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызу көрсеткіштерінің саны 50- ден асады. Соның ішінде көп қолданылатыны - жұмыс істейтіндердің орташа саны, жылдық айналым, активтер шамасы. Бірақ барлық дамыған елдерде негізгі көрсеткіш ретінде жұмыс істейтіндер саны алынады.

Құрамына экономикасы жоғары дамыған елдер кіретін халықаралық экономикалық байланыс және даму ұйымы (ОЭСР) саны 19 - ға дейін - «өте шағын», 99 - ға дейін - «шағын» ретінде, 100 ден 499 адамға дейін - «орташа» және 500 - ден аса - «ірі» деп кәсіпорындарды анықтайды.

Қазақстан Республикасының «шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Заңына сәйкес Заңды тұлға құрмайтын жеке адамдар

және қызметкерлернің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын активтердің жалпы саны алпыс мың еселенген есептік көрсеткіштен аспайтын, кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Яғни шағын кәсіпкерлік субъектілері 2 критерий бойынша анықталады: жұмыскерлердің орташа саны және активтердің жалпы құны.

Заңды тұлға құрмайтын жеке кәсіпкерлер, сондай- ақ мынадай ұйымдық- құқықтық нысандардағы заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болуы мүмкін:

- толық серіктестік;

- коммандиттік серіктестік;

- жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

- қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;

- өндірістік кооператив.

Шағын кәсіпорындар 2 түрге бөлінеді: өсу үшін шектелген мүмкіндіктері бар қарапайым кәсіпорындар- иесіне қолайлы өмір деңгейін қамтамасыз етуге қабілетті. Оларға:

  1. кеңес берушілер, гүл дүкендері, пиццериялар жатады.
  2. жаңа тез өсетін кәсіпорындар. Олардың мақсаты- шағын кәсіпкерлік аясынан тезірек шығу. Олар: құрылыс, медициналық қызмет, экологиямен, клиенттерге жеке қызмет көрсетумен байланысты фирмалар.
  3. кеңес берушілер, гүл дүкендері, пиццериялар жатады.
  4. жаңа тез өсетін кәсіпорындар. Олардың мақсаты- шағын кәсіпкерлік аясынан тезірек шығу. Олар: құрылыс, медициналық қызмет, экологиямен, клиенттерге жеке қызмет көрсетумен байланысты фирмалар.

Сурет 1. 1 - Кәсіпкерліктің түрлері

  1. кеңес берушілер, гүл дүкендері, пиццериялар жатады.
  2. жаңа тез өсетін кәсіпорындар. Олардың мақсаты- шағын кәсіпкерлік аясынан тезірек шығу. Олар: құрылыс, медициналық қызмет, экологиямен, клиенттерге жеке қызмет көрсетумен байланысты фирмалар.

Нарықтық жағдайда шағын кәсіпкерліктің орны зор. Қазіргі кезде ірі компаниялардан шағын кәсіпкерлік жетекшілігіне ауысу тенденциясы қарастырылуда. Негізінен 3 тенденция байқалуда:

  1. Компъютерлер мен электронды техникалық енгізілуі шағын кәсіпорындарға ірі кәсіпорын секілді жұмыс жасауға мүмкіндік берді;
  2. Қызметкерлердің көбі ірі фирмаларды тастап, өз кәсіптерін, қызметтерін ашуда;
  3. Шағын кәсіпкерлікте әйелдердің үлкен ағымы.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, шағын кәсіпкерлік әр елдің, соның ішінде дамыған елдердің экономикасында да елеулі роль атқарады. Себебі оған тән артықшылықтар бар:

  • шаруашылықтың жергілікті жағдайларына тез бейімделу;
  • шағын кәсіпкерлік субъектілерінің істі жүргізу тәуелсіздігі;
  • шешімдер қабылдауда және оларды шешудегі иілімділік пен оперативтілік;
  • қызметін іске асыруда шығындардың жоғары болмауы, әсіресе басқаруға жіберілген шығындар;
  • өзінің идеяларын іске асырудағы, қабілеттілігін көрсетудегі жеке адам үшін үлкен мүмкіндіктің бар болуы;
  • алғашқы капиталға төмен қажеттілік және жергілікті нарық талаптарына сай өнімне және өндіріс процесінге тез өзгеріс енгізу қабілеттілігі;
  • меншік капиталының жоғары айналымдылығы.

Сонымен, Халықаралық еңбек бюросының баяндамасында былай

деп берілген: шағын кәсіпорвндар ірі кәсіпорындарға қарағанда әлдеқайда көбірек бәсекелестік артықшылықтарды иеленеді, 1 жұмыскерге есептегенде аз капитал салымдарын қажет етеді, жергілікті материалды және еңбек ресурстарын кең қолданады.

Шағын кәсіпорындар иелері қор жинауға және инвестицияға бейім болып келеді, оларға табыстарға жетуде үнемі жеке ынталандыру, басқаша айтқанда, жеке мотивация жоғары деңгейде болады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері жергілікті нарықтағы сұраныс деңгейін жақсы біледі, тұтынушылардың белгілі тобының тапсырыстары бойынша тауарлар өндіру жиі кездеседі, жалдамалы қызметкерлердің санының жоғары болуына мүмкіндік береді. Ең бастысы, шағын кәсіпкерліктің қызметіне инновациялық бағыт тән. Антибиотиктер, инсуллин, пестицидтер, тік ұшақтар, кондиционерлер, оттегі конвенторлары, целлофан, микрокомпъютерлер тәрізді маңызды жаңалықтарды бірінші болып шағын фирмалар дайындады және игерді.

Шағын кәсіпкерліктің маңыздылығын Елбасымыз Н. А. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арналған соңғы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» жолдауында да атап өтті. Онда былай деген: «Мемлекеттік кәсіпорындар мен мегахолдингтердің, ең алдымен ірі мемлекеттік компаниялар мен монополиялардың өздеріне үйлеспейтін міндеттерін шағын және орта бизнеске беру жөніндегі жұмысты тындыратын сәт туды. Сол арқылы біз бизнеске тың тыныс ашамыз».

Яғни шағын кәсіпкерлік - бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің толық экономикалық жауапкершілігіне, ынталы, инновациялық қызметіне негізделген қаржы қорларының шектелген жағдайларында жұмыс істейтін қауіппен және тәуеклділікпен жанасатын, табыс алу мақсатында өндіріс факторларын қозғалысқа келтіретін және меншік иесінің өндіріс пен басқару процесіне және қатысуын талап

ететін, өзін - өзі ұйымдастыру және өзін - өзі жаңарту процесі.

Шағын кәсіпкерліктің рөлі туралы айтатын болсақ, шет ел тәжірибесіне сүйене отырып, шағын кәсіпкерлік дамуы келесі мәселелерді сәтті шешудің маңызды факторы болып табылады:

- тұрғындардың тауарға (жұмысқа, қызметке) деген қажеттілігін

жақсы қамтамасыз етілуіне әсерін тигізетін бәсекелестік өркениетті нарықтық қатынастар құру;

  • ассортиментті кеңейту мен тауарлар, жұмыстар, қызметтер сапасын көтеру. Тұтынушылар талаптарын қанағаттандыруға талпына отырып, шағын кәсіпкерлік тауарлар сапасының және қызмет көрсету мәдениетінің көтерілуіне септігін тигізеді;
  • тауарлар өндіру мен қызмет көрсетудің нақты тұтынушыларға жақындауы;
  • экономиканың құрылымдық қайта құрылуына себеп болу, шағын кәсіпкерлік экономикаға иілімділік, мобильдік, моневрлік сипат береді;
  • өндірісті дамытуға тұрғындардың өз қаржысын тарту, шағын кәсіпорындарда сыбайластар ірі компанияларға қарағанда іске үлкен қызығушылықпен салады;
  • қосымша жұмыс орындарын құру, жұмыссыздық деңгейін қысқарту;
  • ірі өндіріс белгілі шектеулер қоятын тұрғындардың бөлек топтарын, атап айтқанда зейнеткерлерді, мүгедектер, оқып жүргендер, үйде отырған әйелдерді еңбекке жұмылдыру;
  • ғылыми - техникалық прогресті жетілдіру;
  • жергілікті шикізат көздері мен ірі өндіріс қалдықтарын игеру және пайдалану;
  • ірі кәсіпорындар қызметіне жабдықтаушы ұйымдар, остнаскалар шығару мен қосымша және қызмет көрсететін өндірістер құруға көмектесу;
  • мемлекетті рентабельділігі төмен және шығынды кәсіпорындардан олрды жалға алу мен сатып алу есебімен бастау.

Шағын кәсіпкерліктің осы және тағы басқа экономикалық, әлеуметтік функциялары оның дамуын мемлекеттің маңызды мәселелері қатарына қояды.

Қазіргі кезде шағын кәсіпорындар дамып, экономикадағы позицияларды жеңіп алуда, ірі бизнестің серіктері болды. Бұл инновациялық ұғым - кластерге тән. Сонымен қоса, барлық елдер мемлекеттері шағын кәсіпкерліктің дамуын қолдау мен ынталандыруда.

Экономикасы дамыған және дамушы елдерде шағын кәсіпкерлік ең алдымен экономиканың маңызды сфераларының бірі, ал қоғамда өтетін барлық процестермен кешенді дамуы, орташа және ірі кәсіпкерлікпен тығыз байланысты. Берілген елдер Үкіметі, әр түрлі формаларда және түрлерде көрінетін, шағын кәсіпкерліктің дамуына белсенді қолдау көрсетеді. Елде отандық кәсіпкерліктің тиімді дамуы үшін инновациялық қызметті енгізу мен, өнім экспортымен байланысты. ШКС жеңілдетілген несиелеу сияқты қолдау түрін әрі қарай дамыту және кейбір жағдайларды іске асыру механизмін құру қажет, франчайзинг, венчурлік бизнесті, субмердігерлік және лизингті белсенді қолдау үшін жағдайлар жасау керек. Осындай қолдаудың нәтижесінде шағын кәсіпкерлік ұлттық экономикада елеулі рольді атқара бастайды.

  1. Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау

Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі мақсаты - олардың әлеуметтік - экономикалық қызметін тиімді атқаруына мүмкіндіктер жасап, өмір сүру мерзімінің неғұрлым ұзаруына ықпал ету.

Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жүйесінің құрылымы 3 деңгейде қалыптасады:

  • республикалық;
  • аймақтық;
  • жергілікті. .

Біздің мемлекетімізде, кәсіпкерліктің, шағын бизнестің ролі күннен-күнге арта түсуде. Біздің экономикамызда кәсіпкерліктің мынандай міндеттерін шешу жүктелген:

  • аймақтағы шикізат түрлерін қолдана отырып, аса маңызды капитал салымын үлкейтпей-ақ қызмет, тұтыну тауар өндірісін кеңейту;
  • аса ірі кәсіпорындардан босап қалған жұмысшыларға жаңадан жұмыс орнын құру;
  • ғылыми-техникалық прогрессті жылдамдату;
  • қылмысты бизнес түрлеріне және т. б. оңды альтернатива құру.

Кәсіпкерлік өз қызметінде дамуын баяулайтын көптеген жағдайлармен кездеседі. Қазақстан экономикасының қазіргі кезеңіндегі қандай маңыздылығын ескере отырып, басшылық құрылымы кәсіпкерлікті қолдамауға бара алмайды.

1997 жылы „Мемлекет тарапынан шағын кәсіпкерлікті қолдау” туралы Парламентпен қабылданған Заң Қазақстан Республикасының экономикалық дамуына маңызды бастапқы қадам болды.

Кәсіпкерлік келесідей кепілдіктер алды:

  • кәсіпкердің шаруашылық қызметіне мемлекеттік органның қызметтік тұлғалары дәлелсіз істеріне кірісу құқықтары жоқ.
  • казақстан Республикасының заңында басқа жағы қарастырылмаса, онда мемлекеттік тексеріс органдармен кәсіпкерлердің қаржа-шаруашылық қызметін жылына бір реттен көп тексерілмейді.

Заң қазақстандағы өндірістің, кәсіпкерліктің дамуына ыңғайлы жағдай құрумен қатар, ХХІ ғасырда технологиялық дамудың негізін құрайды.

Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік негізгі бағыттарына мыналар жатады:

  • шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мамандандырылған кадр жүйесін дайындау, қайта дайындауды жоғарылатуды ұйымдастыру;
  • шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қаржы, статистикалық, материалды-техникалық және ақпарат құралдары, сонымен қатар ғылыми-техникалық, технология қолдануда жеңілдіктер жасау;
  • шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекттік тіркеуді, қызметтерін лицензиялау, өнімдерін куәліктендіруді жеңілдете түрде орнату;
  • салық жүйесін, кеден салымдарына жеңілдік салу;
  • шағын кәсіпкерлік субъектілерін инвестиция, шетел инвестицияларын тарту жүйесін құра отырып оны дамыту, қолдау;
  • шағын кәсіпкерлік субъектілердің сыртқы экономикалық қызметін қолдау, сонымен қатар оның сауда, ғылыми-техникалық, өндірістік және басқа да шетел әріптестерімен байланысын қолдау;
  • қаржы көздерін анықтай отырып шағын кәсіпкерлік субъектілерді арнайы программасын құру.

Шағын кәсіпкерлікті дамыту қызмет ұйымының комиссиясы Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдары кіреді. .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестиция саясаты
КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІ
Инвестиция туралы жалпы түсінік
Экономикалық теория қалыптасу кезеңі
Кәсіпорынның банкроттығын диагностикалау және бейдағдарыстық бағдарламаны әзірлеу
Инвестициялар туралы түсінік, олардың жіктелуі
Құрылыс ұйымдарының өзіне түсетін құның төмендету резервтері
Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық - құқықтық нысандары
«Инвестициялық операциялық есебі»
Кәсіпкерлікті дамытудың жалпы сипаттамасы және өзіндік ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz