Жабайы жануарларды сойғаннан кейінгі ішкі ағзалар мен ұшаны зерттеу ерекшеліктері


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
Бөж
Тақырыбы: Жабайы жануарларды сойғаннан кейінгі ішкі ағзалар мен ұшаны зерттеу ерекшеліктері
Орындаған:Даулет Н
Тексерген: Сүйелменов Ш. Қ.
Топ:ВС-203
Семей 2015
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Жабайы жануарлар етінің түрлік ерекшеліктеріне сипаттама
2. Жабайы жануарлар етінің балаусалығын анықтау тәсілдері
3. Жабайы жануарларды сойғаннан кейінгі ішкі ағзалар мен ұшаны зерттеу ерекшеліктері
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
I. Кіріспе
Қазіргі таңда ветеринариялық жарғы, ережелер және нұсқаулар, яғни жабайы жануараларды сойғаннан кейінгі сараптауға өте қатаң талаптар қояды. Сондықтан да сойғаннан кейін сараптауды ауылшаруашылығы саласындағы құқықты мекемелер бекіткен ережелерге сәйкес, тек қана ветеринария дәрігері ғана жүргізе алады.
Сонымен қатар сойыс өнімдерін орындарда арнайы тексеру орындары бекәтіледі. (ветеринариялық тексеру орындары) . Сойылған жабайы жануарлардың ұшалары мен мүшелеріне ветеринариялық- санитариялық сараптаулар жүргізіледі. Сонымен қатар тексерген өнім мөлшерін есепке алып, ұшалар мен мүшелерді жарамсыздыққа шығаруға себепкер болған патологиялық үрдістерді тіркеу журналы болуы қажет.
II. Негізгі бөлім
1. Жабайы жануарлар етінің түрлік ерекшеліктеріне сипаттама
Жабайы жануарлар еті олардың түріне қарай органолептикалық көрсеткіштері, морфологиялық және химиялық құрамына, дәмі мен аспаздық сапасына байланысты бір-бірінен ерекшеленеді. Жас жануар еті ересек жануарлар етіне қарағанда майы аз, борпылдақ дәнекер ұлпасы көп болады. Жабайы жануарларда май тері астында, жамбас қуысында, бүйрек маңында, белде және тек жоғары қоңдылық жағдайында дененің басқа бөліктерінде жиналады. Бір жануарларда ол аз және оларды арық етке жатқызады, ал кейбіреулерде ол ерекше көрінеді (аю, солтүстік бұғысы және т. б) . ет шоғыры мен бұлшықет арасына май жиналу қте сирек кездеседі, сол себепті еттің көлденең кесіндісінде еттің боялуы біртекті және «мәрмәрлану» байқалады.
Жабайы жануарлардың көпшілігінде ет - теріні сыпырған соң қызыл түсті болады. Бірақ 3-4 сағаттан соң олар миоглобиннің оттегімен тотығуынан қоюланады, беткі қабаты көкшіл немесе көкшіл - күлгін түске айналады.
Жабай жануарлар етінің түр ерекшеліктерін көрсеткіштері
Сойғаннан кейінгі сараптауда жабайы жануарлар мен құстарды аулауға байланысты еттегі ерекшеліктерді ескерген жөн. Ұшадағы ондай ерекшеліктердің бірі - нашар қансыздану.
Қансызданудың мұндай түрі қою түс және еттің жоғары ылғалдылығы еттің бракқа шығарылуына негіз бола алмайды, дегенмен жануардың табиғи өліммен немесе аңшылықтың тыйым салынған түрімен ауланғанын шығара білу қажет. (қақпан қолдану, уландыратын заттар, қудалау және т. б) . Мұндай жағдайда өнім адамдарға тағамдық мақсатта пайдалануға келмейді.
2. Жабайы жануарлар етінің балаусалығын анықтау тәсілдері
Жабайы жануарлар еті ауыл шаруашалық малдар етіне қарағанда тез бұзылатын төзімісз болып келеді. Ол дұрыс емес қансыздандырудан болатын ылғалдылықтан, сапасыз ұшалау мен ұшаның тұрып қалуымен, ату кезіндегі асқазан-ішек трактісінің жарақаттанып, еттің әр түрлі микрофлорамен ластануымен түсіндіріледі.
Жабайы жануарлар етінің балаусалығын жалпы қабылданған әдістермен анықтайды. Оның ішінде ең негізгісі - органолептикалық көрсеткішерін анықтау болып табылады. Ол өзіне еттің сыртқы түр-түсі, беткі қабаты мен кескен кездегі көрінісі, концистенциясы мен иісі, сонымен қатар, беткі, ішкі май қабаттарының жағдайы сияқты көрсеткіштерді қамтиды.
Органикалық бағасын берген уақытта еске сала кетер бір жай, жабайы жануарлар етінің ауыл шаруашылығы малдарының етінен ерекше өзіндік иіспен ажыратылуы. Бұл, әсіресе, қайнату сынамасы кезінде негізгі рөл атқарады деуге болады. Қайнату сынамасы тек сорпаның сапасын ғана емес, сонымен қатар, етке тән емес және бөгде немесе жын иісінің бар-жоғын анықтауға көмектеседі.
Органолептикалық баға беру кешеніне бактериоскопия, аммиак, аммоний тұздарын Несслер реакциясы арқылы анықтау да енгізіледі. (П. В. Житенко, 1989)
Аң шаруашылықтарында теңбіл бұғы етінің балаусалығын анықтау үшін органолептикалық бағасын, бактериоскопия, рН мәнін, пероксидаза мен ақуыздардың тұнба түзуіне негізделген реакциялар кешені жүргізіледі. (В. Н. Одинец, 1979) .
Балауса теңбіл бұғы етіне органолептикалық көрсеткіштері жақсы, бактериоскопияда 1-2 немесе ешқандай микрофлоралардың болмауы, рН 5, 7-6, 5 болатын еттер жатады.
Күмәнді етке органолептикалық бағасы орташа, жағындыда беткі және тері қабаттағы көру алаңында 15-20 таяқшалар мен коккалар байқалса, рН 6, 3-6, 5 тең еттер жатқызылады. Мұндай еттерді жедел түрде өндірістік немесе аспаздық өңдеуге жібереді. Егер өте қышқыл, қышқыл немесе әлсіз шірік иісті, көру алаңында 15-20 -дан көп микроорганизмдердің болуы, рН мәні 6, 5 тен жоғары болса, онда ұшаларды балауса емеске санап, тағамдық мақсата қолдануға жібермейді.
Осы әдістер бұлан, жабайы қабан, сайгак, елік, солтүстік бұғысы, марал етіне де қолданылады. Еске ала кетер бір жағдай, рН мәні, пероксидазаға реакция көбінесе, аулану тәсілі, өлер алдындағы жануардың жай-күйіне байланысты болады.
3. Жабайы жануарларды сойғаннан кейінгі ішкі ағзалар мен ұшаны зерттеу ерекшеліктері
Табиғи жағдайда жабайы ауланатын құстарды алдын ала тексеру мүмкін емес, оған себеп бұл маңызды шараның ветеринариялық - санитариялық сараптаудың диагностикалық кешенінен алынып тасталуы болып табылады. Жергілікті жердің эпизоотиялық жағдайын білу кейбір компенсациялық жағдайлардың орнын толтырады деуге болады. Мұндай жағдайда аңшылар арасында алдын ала сұрақ-жауап пен жабайы жануарларды жүйелі түрде бақылау маңызды рөл атқарады. Осы жағдайларға байланысты жабайы жануарлар мен ауланатын құстардың ет пен органдарының сапасын, ветеринариялық - санитариялық жағдайын анықтайтын негізгі әдіс - сойғаннан кейінгі тексеріс болып табылады.
Әкеліеген еттің иесі ветеринариялық- санитариялық сараптауға әкелерде осы ұшаға арналған ветеринариялық куәлікті және құс немесе жануарлар ауланған аймақтың жұқпалы аурулардан таза екендігі туралы анықтаманы және ветеринариялық тексеру нәтижесін көрсетуі тиіс. Егер аң аулау лицензия бойынша жүргізілсе, аң аулауға берілген лицензияны да көрсетеді.
Жабайы жануарлар мен құстар етін ветеринариялық санитариялық тексеру екі жағдайда жүруі мүмкін:
- Егер атылып алынған ұшалар дайындау органдары немесе аң аулау шаруашылықтарынан болса тексеріс сол жердің өзінде жүргізіледі,
- Егер жеке тұлғалармен ауланған ұшаларды базарлар мен жануарлар ауруларымен күрес жүргізетін ветеринариялық станциялардың зертханаларында жүргізіледі.
Ветеринариялық тексеру оларды бөлгеннен кейін жүргізіледі (терісін сыпыру, ішкі органдарынан тазарту) . Ірі жануарлардың ұшалары тексеруге жартылай ұша, ұшаның ¼ түрінде келуі мүмкін және оларды салқындатылған, суытылған және мұздатылған түрде өткізеді. Оны қауырсынмен немесе ішек-қарнынан тазартылған күйінде әкеледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz