Электр және сәуле жарақаттары кезіндегі алғашқы ветеринариялық көмек жайлы мәлімет


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Электр және сәуле жарақаттары кезіндегі алғашқы ветеринариялық көмек
Орындаған: Мұқанова А. Е.
Тексерген: Ахметжанов О. Н.
Семей, 2015 жыл
ЖОСПАР:
І. КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- Электр тоғының организмге әсері
- Электр жарақаты кезіндегі алғашқы ветеринарлық көмек
- Ионды сәулелердің организмге әсері
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
IV. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
І. КІРІСПЕ
Электр энергиясы организмге жанасқанда немесе атмосфералық электр разряды (найзағай түскенде) зиянды әрекет етеді.
Электр тоғының немесе найзағайдың атмосфералық электр түйісінің әсерінен болатын зақым электр жарақаты деп аталады. Электр тоғының немесе найзағайдың электр ұшқынының организм арқылы өтуі жергілікті және ортақ бұзушылықты туғызады.
Тоқтың соғуы - организмге термиялық, электрлік және механикалық әсерден туындайтын күрделі химиялық-физикалық құбылыс.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1. Электр тоғының организге әсері
Электр энергиясы организмге жанасқанда немесе атмосфералық электр разряды (найзағай түскенде) зиянды әрекет етеді. Әр түрлі электр энергиясы көздерінің организмге әсер етуінен болатын патологиялық өзгерістер бір-біріне ұқсас келеді. Оның өзі бірқатар жағдайға, ең алдымен электр тогының қасиетіне, организмнің және ондағы тканьдердің реактивтілігіне, сондай-ақ бірқатар жекелей сәттерге байланысты.
Тоқ қасиеті оның бағытымен, кернеуімен, күшімен, әсер ету ұзақтығымен, тоқ кернеуі неғұрлым жоғары болса, әсері соғұрлым күшті. Тұрақты тоқ тез әсер етсе, айнымалы тоқ қауіптірек. Жүрек арқылы өтетін тоқ өмірге өте қауіпті. Мұндай жағдайда баяу және қайтымсыз жүрек параличі басталып, жүрек қарыншаларының ырғақты қимылы бұзылып, жүрек қимылының босаған сәтінде (диастола) жүрек тоқтайды.
Электр тогының организмге жалпы әсері нерв және жүрек қан тамырлары жүйесінің зақымдалуымен көрінеді. Мұндайда малда қалтырау басталып, тыныс алу параличінен (талаурауынан) өледі. Электр тоғы онша қатерлі әсер етпегенде нерв жүйесі ауыр зақымданып, бұлшық еті параличке ұшырайды, ішегінде, қуығында, бүйрегінде патологиялық өзгерістер болып, тамырлары түйіледі (спазма), ісініп шеменге айналады.
Электр тоғының немесе найзағайдың - атмосфералық электр түйісінің әсерінен болатын зақым - электр жарақаты деп аталады. Электр тоғының немесе найзағайдың электр ұшқынының организм арқылы өтуі жергілікті және ортақ бұзушылықты туғызады.
Жергілікті зақымдау электр тоғы кіріп шыққан жерлердегі ұлпалардың күйуінен көрінеді. Тоқтың соғуы - организмге термиялық, электрлік және механикалық әсерден туындайтын күрделі химиялық-физикалық құбылыс.
Электр тоғы өткен кезде зардап алған малдың жеке түйсінулері әртүрлі: жеңіл соққы, дененің күйіп ашуы, бұлшық еттің құрысуы, дірілдеу.
Белгілері:
- тері жамылғыларының ағаруы, сілекейдің көп бөлінуі, құсықтың келуі, жүрек төңірігінің сырқырауы;
- тоқтың әсерінін жойғаннан кейін организм шаршауды, бүкіл денесіндегі ауырлықты, еңсесін басуды немесе қозуды сезінеді.
Электр жарақаты кезіндегі жүйке жүйесіне электр тоғының әсері нәтижесінде пайда болған ортақ құбылыстар аса қауіпті. Тоқ соққан адам бірден есінен айырылады, бұлшық еттің қысқаруынан кейде зардап шегушіні электр тоғы бар өткізгіштен ажырату өте қиынға түседі.
Жүйке клеткаларының зақымдалуының нәтижесінде тоқпен жараланған мал ауыр күйге түседі. Естен айырылу, дене температурасын төмендеуі, тыныс алуының тоқтауы, жүрек қызметінің әлсіреуі, дененнің құрысуы.
Тоқтың денеге кіретін нүктесінен шығатын жеріне дейінгі жолы «тоқ ілгегі» деп аталады. Ол төменгі және жоғары толық ілгек болып бөлінеді:
- Төменгі ілгек - аяқтан-аяққа (онша қауіпті емес) ;
- Жоғарғы ілгек - қолдан-қолға (қауіптірек) ;
- Толық ілгек - өте қауіпті. Бұл жағдайда тоқ міндетті түрде аяқ-қол мен жүрек арқылы өтеді, нәтижесінде жүрек қызметі бұзылуы мүмкін.
Электр жарақаты ІV дәрежеге бөлінеді:
- I-дәрежеде - зардап шеккен мал есінен айырылмайды, тек бұлшық етінің дірілін сезінеді;
- II-дәрежеде - бұлшық еті дірілдеп, артынша есінен айырылады;
- III-дәрежеде - есінен айырылумен қатар, жүрек қызметі мен тыныс алуы бұзылады;
- IV-дәрежеде - клиникалық өлім жағдайында болады. Электр жарақаты кезіндегі алғашқы ветеринарлық көмек
Алғашқы көмек көрсеткен кездегі басты сәттердің бірі - электр тоғынан тез босату, бірақ өкінішке орай босатқанның өзінде мал көп жағдайда өліп кетеді. Мұны қауіпсіздік тәртіптерін сақтай отырып, өте мұқият жасаған жөн. Тоқтан ажыратуға бүкіл тізбектен тоқты ажырату, рубильникті, қосқышты, тығынды ажырату, өткізгіштерді кесу, денесінен электр өткізгіштерді құрғақ таяқпен алып тастау арқылы қол жеткізіледі. Егерде мал тірі қалса онда оған мынадай көмек көрсетіледі: термиялық күйік кезіндегі сияқты емдеу шаралары жасалып, таңғышпен жабады.
Жылыту, жасанды демалдыру, жүректі жабық сылау - өз уақытында организмді құтқарудың бірден-бір ықтимал нұсқасы болып табылады.
- Ионды сәулелердің организмге әсері
Ионды сәулелену дегеніміз - организмде иондардың пайда болуына ықпал ететін сәуле энергиялары. Мал патологиясы үшін ионды сәулеленудің мынадай түрлерінің айрықша мәні бар: рентген сәулесі және гамма-сәуле - бұл - бұлар бейтарап бөлшектер ағыны болып саналады, протондар - оң ядро бөлшектерінің ағыны, фотондар немесе кванттар энергиясы, нейтрондар - ядродан шығатын бейтарап бөлшектер ағыны болып саналады, бета-сәуле - теріс заряты электрондар ағыны және альфа-cәуле - екі электр зарядын ілестіретін гелий ядросының ағыны.
Сәулелендіру ретінде гамма-сәулелендіру мен рентген сәулесі үшін рентгенмен анықталатын шама қабылданған. Рентген - 1мм 3 құрғақ ауаға 2. 08. 10 9 иондар жұбын тудыратын энергия шамасы. Ауада иондардың бір жұбы пайда болуы үшін 32, 5 электрон-вольт энергия қажет екендігі анықталған.
Әр түрлі сәуле энергиясының патогенетикалық әсерінің ерекшеліктері көп жағдайда олардың ену қабілетіне байланысты. Энергия бірдей мөлшерде жұтылғанда әр түрлі сәуле энергиясында биологиялық әсер түрліше болады екен.
Мұндайда иондаушы радиация сәуле ауруына ұшыратады не тері бетін зақымдайды.
Рентген сәулесінен мал терісі зақымданғаның байқауға болады, ондайда иондаушы радиацияның бөлшектенген шағын дозасы әсер етеді. Сәуле ауруы өндірісте болған апаттан, радиоактивті изотоптармен дұрыс істей алмаудан, атом бомбасының жарылуынан, пайда болуы мүмкін.
Сәуле ауруы жіті және созылмалы формалар түрінде өтеді. Жіті сәуле ауруының клиникалық белгісі мен ауырлығы сәулеленген беттің аумағына, сәулеленуге сезімтал дене бетіне, сондай-ақ сәулелену дозасын қабылдау шамасына байланысты.
Жіті сәуле ауруының 4 формасы болады:
- кенет;
- өте ауыр
- ауыр;
- жеңіл.
Сәуле ауруының созылмалы формасы иондық сәулелендірудің шамалы, дозасы ұзақ уақыт бойы қайталап әсер етуден пайда болады. Мұндайда нерв жүйесінің фукциясы мен қан айналысы бұзылады. Лейкоциттер мен тромбоциттер мөлшері кемиді, қанда лейкопения түріндегі елеулі өзгерістер пайда болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz