Бизнес аңыздары(әлемнің бай адамдары) жайлы



I.Кіріспе
1. Бизнес аңызы. Джон Дэвисон Рокфеллер(Әлем тарихындағы ең бай адам)
2. Джон Рокфеллердің өмірбаяны
II.Негізгі бөлім
3. Өмірде атқарған қызметтері мен жетістіктері:
3.1. Есепші ретінде
3.2. Кәсіби серіктес ретінде
3.3. Мұнай кәсіпкерлігінің негізін салушы ретінде
4. Қанатты сөздері(Цитаталары)
III.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Бизнес аңызы- Джон Дэвисон Рокфеллер(Әлем тарихындағы ең бай адам)
Рокфеллер Джон Дэвисон (1839-1937) — америкалық магнат-кәсіпкер әрі филантроп. АҚШ мұнай индустриясында үстемдік құрған әрі ең алғашқы ірі тресттердің бірі Standard Oil компаниясының негізін қалаушылардың бірі. Компания шарықтау шегіне келген кезде бүкіл өндірістің 90% бақылап отырған. Ол мұнай индустриясына революциялық өзгерістер енгізді, сонымен қатар Эндрю Карнеги сынды алдыңғы қатарлы өндірісшілермен бірге қазіргі заманғы филонтропия жүйесін құрды. 1870 жылы өзі негізін салған Standard Oil компаниясында 1897 жылы зейнетке шыққанға дейін қызмет атқарды.Рокфеллер бұл компанияны бауыры Уильям, сонымен қоса Генри Флаглер, Джабез А. Бостуик, химик Сэмьюэл Эндрюс және дауыс бере алмайтын Стефан Харкенстермен бірге Огайо штатында серіктестік ретінде құрды. Керосин мен бензиннің бағалығы артқан сайын оның да байлығы көбейе түсіп, әлемдегі ең бай адам және алғашқы «долларлық» миллиардер атанады. Ол қайтыс болған 1937 жылғы оның байлығы $336 млрд (инфляцияны қосқандағы 2007-жылғы эквивалент) немесе АҚШ ІЖӨ-нің 1,54% құрады. Тарихтағы ең бай адам тізімінде 1-орын тиесілі.Өмірінің соңғы 40 жылын Кикуиттегі (Уэстчестер графтығы, Нью-Йорк) иелігінде зейнетте өткізді. Оның байлығы негізінен жүйелі әрі бағытталған филонтропияға жұмсалды: медицина, білім беру және ғылыми зерттеулерді (соның ішінде амарилезз және анкилистомозға қарсы) қолдайтын қорлар ашты.
1. «Психология успеха»электронды оқулығы,2006 жыл
2. «Бизнес.Цитаты» электронды оқулығы,2014 жыл

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СРО
Тақырыбы: Бизнес аңыздары(Әлемнің бай адамдары)

Орындаған:Қанафия.Е. ТО-411
Тексерген: Есенбекова З.Ж.

I.Кіріспе
1. Бизнес аңызы- Джон Дэвисон Рокфеллер(Әлем тарихындағы ең бай адам)
2. Джон Рокфеллердің өмірбаяны
II.Негізгі бөлім
3. Өмірде атқарған қызметтері мен жетістіктері:
3.1. Есепші ретінде
3.2. Кәсіби серіктес ретінде
3.3. Мұнай кәсіпкерлігінің негізін салушы ретінде
4. Қанатты сөздері(Цитаталары)
III.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
1. Бизнес аңызы- Джон Дэвисон Рокфеллер(Әлем тарихындағы ең бай адам)
Рокфеллер Джон Дэвисон (1839-1937) -- америкалық магнат-кәсіпкер әрі филантроп. АҚШ мұнай индустриясында үстемдік құрған әрі ең алғашқы ірі тресттердің бірі Standard Oil компаниясының негізін қалаушылардың бірі. Компания шарықтау шегіне келген кезде бүкіл өндірістің 90% бақылап отырған. Ол мұнай индустриясына революциялық өзгерістер енгізді, сонымен қатар Эндрю Карнеги сынды алдыңғы қатарлы өндірісшілермен бірге қазіргі заманғы филонтропия жүйесін құрды. 1870 жылы өзі негізін салған Standard Oil компаниясында 1897 жылы зейнетке шыққанға дейін қызмет атқарды.Рокфеллер бұл компанияны бауыры Уильям, сонымен қоса Генри Флаглер, Джабез А. Бостуик, химик Сэмьюэл Эндрюс және дауыс бере алмайтын Стефан Харкенстермен бірге Огайо штатында серіктестік ретінде құрды. Керосин мен бензиннің бағалығы артқан сайын оның да байлығы көбейе түсіп, әлемдегі ең бай адам және алғашқы долларлық миллиардер атанады. Ол қайтыс болған 1937 жылғы оның байлығы $336 млрд (инфляцияны қосқандағы 2007-жылғы эквивалент) немесе АҚШ ІЖӨ-нің 1,54% құрады. Тарихтағы ең бай адам тізімінде 1-орын тиесілі.Өмірінің соңғы 40 жылын Кикуиттегі (Уэстчестер графтығы, Нью-Йорк) иелігінде зейнетте өткізді. Оның байлығы негізінен жүйелі әрі бағытталған филонтропияға жұмсалды: медицина, білім беру және ғылыми зерттеулерді (соның ішінде амарилезз және анкилистомозға қарсы) қолдайтын қорлар ашты.
Сонымен қатар, Чикаго және Рокфеллер университеттерінің негізін қалап, Орталық Филиппин Университетінің құрылысын қаржыландырды. Салауатты өмір салтын ұстанып, табак және алкогольге толықтай қарсы болған. Солтүстік Баптисттерінің қатарында болғандықтан бұл шіркеулерге қаржылай қолдау көрсеткен. Баптисттік Миссияның Эри-Стрит Шіркеуінде жексенбілік мектепте сабақ берген, оның сенімді әрі діни тұлғасы, тіпті кейде аула сыпырушысына дейін болған. Дін оның өмірінде үлкен рөл атқарды және Рокфеллер дінді өз жетістіктерінің негізі деп білді. Ол социал-дарвинизмге негізделген капитализмді қолдады және "Ірі бизнестің дамуы-жай ғана, күштілердің тірі қалуы" деген сөздерді үнемі айтатын болған.

2.Джон Рокфеллердің өмірбаяны
Алаяқ Уильям Эйвери "Билл" Рокфеллер (13-қараша 1810 - 11-мамыр 1906) және Элайза Дэвисонның (12-қыркүйек 1813 - 28-наурыз 1889) отбасындағы екінші сәби және бірінші ұл. Одан бөлек Люси (1838-1878), Кіші Уильям (1841-1922), Мария (1843-1925), егіздер-Франклин (Фрэнк) (1845-1917) және Фрэнсис (1845-1847) сынды бауырлары болған. Әкесі жағынан ағылшын және неміс, анасы жағынан шотланд және ирланд қаны тарайды. Билл ең алдымен ағаш кесуші, сосын шағын алып-сатарлықпен айналысқан. Алайда өзін "ботаникалық дәрігермін" деп атап эликсирлер сатқан. Жергілікті халық мінезі бір түрлі, бірақ көңілді жүретін оны "Үлкен Билл" не "Шайтан Билл" деп атаған. Көпшілік оны қоғамдық моральға көнбейтін, қаңғыбастық өмір кешетін, үйіне сирек қонатын адам ретінде білген. Бүкіл өмірінде көлеңкелі істермен атағы шыққан. Джонның туылуынан 1 жыл бұрын өз үйіндегі экономкасыкөңілдесі Нэнси Брауннан Клоринда есімді (1838-?, жастай өлген) және 1 жылдан кейін Корнелия (ш. 1840-?) есімді қыздары болады.Үй шаруашылығын мойнына алған иманды баптист Элайза күйеуі ұзақ уақытқа жоғалып кеткен кездерде үйдің тұрақтылығын сақтауға тырысып оның екінші әйелі мен сансыз "жүрістеріне" де көнеді. Тумысынан үнемшіл Элайза ұлына "Әдейі жасалған шығын қажеттілік болып оралады" деп айтатын болған. Жас Рокфеллер өз ақшасын күнделікті үй шаруаларын жасаумен, сондай-ақ күркетауық бағып, картоп және кәмпит сатып, ең соңында көршісіне азғантай ақшаны несиеге беру арқылы табады. Ол әкесінің "ыдысы бос адамға тамақ сат" деген кеңесіне еріп, үнемі келісімді өз пайдасына шешіп отырды. Бірде Билл "Мен кез келген сәтті пайдаланып балаларымды алдауға тырысамын. Себебі олардың есепшіл болғанын қалаймын." деп мақтаныпты.Оның кішкентай кезінде, отбасы Моравияға (Нью-Йорк), ал 1851-жылы Овегоға көшеді. Сол жерде Рокфеллер Овего Академиясында оқиды. 1853-жылы оның отбасы Кливлендтің жанындағы Стронгсвильге көшіп келгеннен кейін Кливленд Орталық Орта Мектебінде оқиды. Артынан Фолсом Коммерциялық Колледжінің 10 апталық бизнес-курсында есепшілік негіздерін үйренеді.Әкесінің алыстығына және жиі көшулерге қарамастан жас Джон өзін сабырлы, тәрбиелі ұстады, сабаққа құлшынысы мол болды. Замандастары оны тұйық, айтқанынан қайтпайтын, иманды, істерін жүйелі атқаратын, ақылды жігіт ретінде сипаттайды. Ол өте жақсы пікірталасшы болды және өз ойын тіке айтатын. Сондай-ақ ол музыканы қатты сүйді және болашақта музыкант болу мүмкіндігін де қарастырды. Ертерек ол аналитикалық қасиеттері мен бухгалтерлік есепке жүйріктігін анық көрсетті.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
3.Өмірде атқарған қызметтері мен жетістіктері
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
3.1.Есепші ретінде
1855 жылы Қыркүйек айында 16 жасар Рокфеллер өзінің ең алғашқы жұмысын кішкентай Hewitt & Tuttle фирмасында есепшінің көмекшісі ретінде бастады. Ол күніне ұзақ уақыт жұмыс істеп, және кейін өзі еске алғандай, "кеңседегі барлық әдістер мен жүйелерді" үйреніп алғанына қатты қуанады. Әсіресе кейінгі мансабына көп көмегін тигізген транспорттық шығындардың есебін жетік меңгерді. Алғашқы 3 ай жұмысынан $50 (күніне 50 центтен) табады. Жас кезінде Рокфеллердің ең ірі амбициялары $100,000 тауып 100 жасқа дейін жету болыпты.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
3.2. Кәсіби серіктес ретінде
1859-жылы серіктесі Морис Б. Кларк екеуі $4000 капиталмен өндіріс делдалдығын бастады. Осы кезден бастап Рокфеллер мансабы жыл сайын жоғарылай береді. Азық-түлік тауарларының көтерме саудасынан кейін 1863-жылы серіктестер Кливлендтің дамып келе жатқан "The Flats" өндірістік аймағында мұнай өндеу зауытын (МӨЗ) салады. Зауытты Рокфеллер, Кларк және оның 2 бауыры, химик Эндрюстен тұратын Andrews, Clark & Company тікелей иеленді. Коммерциялық мұнай өндірісі енді ғана пайда болған кез еді. Кит майы қарапайым халық үшін тым қымбат болды, сондықтан жалпы қажеттіліктерге арналған арзан жағармай қажет етілді.Інісі Фрэнк Азамат Соғысында жүргенде, Рокфеллер кәсібін жалғастырып, ауысқан сарбаздарды жұмысқа алды. Соғысқа бармаған Солтүстік байлары секілді ол да Одаққа ақша берді. Құлдықты жою қозғалысының мүшесі болғандықтан Авраам Линкольнге дауыс берді және сол кезде жаңа құрылған Республикалық Партияны қолдады. Ол "ақшаны маған Құдайдың өзі берді" дейді, және Джон Уэслидің "Қолыңнан келгенше жина, қолыңнан келгенше сақта және қолыңнан келгенше бер" деген сөздерін негізге алып ақшаға келгенде өзін жеңіл сезінді.1865-жылдың Ақпанында, кейін мұнай өндірісі тарихшысы Дэниель Ерген "түбегейлі өзгеріс әкелген іс" атаған, Рокфеллердің аукционда $72,500 төлеп ағайынды Кларктердің үлесін сатып алуы өтті. Компания атауы Rockefeller & Andrews болып өзгертілді. Өзі "Бұл менің болашақ мансабымды анықтаған күн еді" деп мойындайды. Ол соғыстан кейінгі экономикалық өсімді, теміржол және мұнай арқылы жүргізілген батысқа бағытталған ұлы дамуды жақсы пайдалана білді. Ол табыстың көп бөлігін реинвестициялауға жұмсады, тез өзгергіш нарыққа жақсы бейімделді және жақсы дамып келе жатқан өндірістерге бақылаушылар қойды.

3.3. Мұнай кәсіпкерлігінің негізін салушы ретінде
1866-жылы інісі Кіші Уильям Рокфеллер Кливлендте басқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бизнес аңыздары - Генри Форд жайлы мәлімет
Бизнес аңыздары - Билл Гейтс
Бизнес аңыздары Әлемнің бай адамдары - Билл Гейтс
Билл Гейтс - Бизнес аңыздары
Бизнес аңыздары (алемніңең бай адамдары)
Бизнес аңыздары (әлемнің бай адамдары) туралы
Бизнес аңыздары (әлемнің бай адамдары) туралы мәлімет
Бизнес аңыздары жайлы мәлімет
Бизнес аңыздары. Әлемнің бай адамдары жайлы ақпарат
Бизнес аңыздары (Әлемнің ауқатты адамдары)
Пәндер