Халықаралық экономка



1. Халықаралық еңбек бөлінісі.
2. Халықаралық интеграция.
3. Халықаралық сауда.
4. Халықаралық қаржылық несиелік ұйымдар.
5. Халықтар еңбек миграциясы.
6. Халықаралық қаржылық валюталық қатынастар.
7. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Халықаралық еңбек бөлінісі — қоғамдық еңбек бөлінісі дамуының жоғары сатысы; әлемдік өндірістің даму сатысы.
Ол бір ел шеңберінде ғана емес, сонымен бірге мемлекетаралық, аумақтық еңбек бөлінісіне негізделеді. Еңбек бөлінісінің бұл сатысында мемлекеттер шикізаттың, тауарлардың жекелеген түрлерін өндіруге, қызметтердің жекелеген түрлерін көрсетуге, яғни жекелеген елдер өнімнің осы елдер айырбастайтын белгілі бір түрлерін өндіруге маманданады. Халықаралық еңбек бөлінісі халықарлық сауда мен әлемдік нарықтың белсенді түрі және тұрақты дамуының аса маңызды факторы болып табылады. Халықаралық еңбек бөлінісінің даму дәрежесі әлемдік қоғамдастықтың жекелеген елдерінің өндіргіш күштерінің дамуымен айқындалады. Жекелеген елдердің табиғат және климат жағдайларындағы айырмашылық, олардың аумақтарында түрлі пайдалы қазбалардың, өсімдіктер дүниесі мен жануарлар дүниесінің болуы, тауарлардың белгілі бір түрлерін жергілікті шикізатты пайдалану негізінде өндіру Халықаралық еңбек бөлінісінің пайда болып, дамуы үшін объективті негіз болып табылады. Халықаралық капитал еңбек бөлінісі халықаралық нарықтың және елдер арасындағы экономикалық қатынастардың басқа да нысандарының негізіне алынады, олардың ұлттық шаруашылықтарын дүниежүзілік шаруашылыққа біріктіру факторы ретінде пайдалынылады. Фирмааралық кооперация, осы елдердің біріктірілген топтарының құрылуы да елдер арасындағы еңбек бөлінісінің тереңдеуіне септігін тигізеді. Қазіргі елдердің, әдетте толып жатқан халықаралық мамандану бағыттары болады, олар осы бағыттар үшін бір-бірімен жиі бәсекеге түседі. Мыс., дамыған бірқатар елдер радио, бейне, аудиотехниканы өткізу нарығы үшін өзара күресуде (АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, т.б.). Кейбір шағын елдер өз тауарларын барынша жетілдіріп, халықар. нарықтардан өзіне кішкене саңылау табады. Мәселен, кішкентай елге жататын Люксембург жоғары сапалы жасанды тіс өндіруге маманданған, Швейцария ұзақ уақыт бойына сағат өндіруге маманданды. Нарық үшін, әсіресе, өтімді немесе қымбат тауарлар нарығы үшін күрес барысында халықар. монополиялар мен ұлтаралық корпорациялар құрылады, олар нарыққа ықпал ету аясын бір-бірімен бөліседі, өз талаптарын әлсіздеу елдерге және елдер тобына күштеп таңып, олардың дамуын тежейді.
1."Қазақ Энциклопедиясы" 9 том
2. Жалпы экономикалық теория (2030)
3. Темірбекова А.Б. «Экономикалық теория негіздері».

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырбы;Халықаралық экономка

Тексерген: Габдуллина Л.Б.

Орындаған: Айгерим.А

Топ:Е-415

Семей 2015

Жоспары :

1. Халықаралық еңбек бөлінісі.

2. Халықаралық интеграция.

3. Халықаралық сауда.

4. Халықаралық қаржылық несиелік ұйымдар.

5. Халықтар еңбек миграциясы.

6. Халықаралық қаржылық валюталық қатынастар.

7. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1. Халықаралық еңбек бөлінісі.
Халықаралық еңбек бөлінісі — қоғамдық еңбек бөлінісі дамуының жоғары
сатысы; әлемдік өндірістің даму сатысы.
Ол бір ел шеңберінде ғана емес, сонымен бірге мемлекетаралық, аумақтық
еңбек бөлінісіне негізделеді. Еңбек бөлінісінің бұл сатысында мемлекеттер
шикізаттың, тауарлардың жекелеген түрлерін өндіруге, қызметтердің жекелеген
түрлерін көрсетуге, яғни жекелеген елдер өнімнің осы елдер айырбастайтын
белгілі бір түрлерін өндіруге маманданады. Халықаралық еңбек бөлінісі
халықарлық сауда мен әлемдік нарықтың белсенді түрі және тұрақты дамуының
аса маңызды факторы болып табылады. Халықаралық еңбек бөлінісінің даму
дәрежесі әлемдік қоғамдастықтың жекелеген елдерінің өндіргіш күштерінің
дамуымен айқындалады. Жекелеген елдердің табиғат және климат
жағдайларындағы айырмашылық, олардың аумақтарында түрлі пайдалы
қазбалардың, өсімдіктер дүниесі мен жануарлар дүниесінің болуы, тауарлардың
белгілі бір түрлерін жергілікті шикізатты пайдалану негізінде өндіру
Халықаралық еңбек бөлінісінің пайда болып, дамуы үшін объективті негіз
болып табылады. Халықаралық капитал еңбек бөлінісі халықаралық нарықтың
және елдер арасындағы экономикалық қатынастардың басқа да нысандарының
негізіне алынады, олардың ұлттық шаруашылықтарын дүниежүзілік шаруашылыққа
біріктіру факторы ретінде пайдалынылады. Фирмааралық кооперация, осы
елдердің біріктірілген топтарының құрылуы да елдер арасындағы еңбек
бөлінісінің тереңдеуіне септігін тигізеді. Қазіргі елдердің, әдетте толып
жатқан халықаралық мамандану бағыттары болады, олар осы бағыттар үшін бір-
бірімен жиі бәсекеге түседі. Мыс., дамыған бірқатар елдер радио, бейне,
аудиотехниканы өткізу нарығы үшін өзара күресуде (АҚШ, Жапония, Оңтүстік
Корея, т.б.). Кейбір шағын елдер өз тауарларын барынша жетілдіріп, халықар.
нарықтардан өзіне кішкене саңылау табады. Мәселен, кішкентай елге жататын
Люксембург жоғары сапалы жасанды тіс өндіруге маманданған, Швейцария ұзақ
уақыт бойына сағат өндіруге маманданды. Нарық үшін, әсіресе, өтімді немесе
қымбат тауарлар нарығы үшін күрес барысында халықар. монополиялар мен
ұлтаралық корпорациялар құрылады, олар нарыққа ықпал ету аясын бір-бірімен
бөліседі, өз талаптарын әлсіздеу елдерге және елдер тобына күштеп таңып,
олардың дамуын тежейді.

2. Халықаралық интеграция.
Қазіргі экономикалық сөздік анықтамасы бойынша, интеграция (латын
тілінен integer — толық) – экономикалық тұлғалардың бірігуі,олардың өзара
әрекеттесуінің тереңдеуі, өзара байланыстардың дамуы. Экономикалық
интеграция жеке елдердің ұлттық шаруашылығы деңгейінде және де
кәсіпорындар, фирмалар, корпорациялар, компаниялар арасында да жүреді.
Экономикалық интеграция өндірістік–технологиялық байланыстарын кеңейту мен
тереңдетуді, ресурстарды бірлесе пайдалану, капиталдар бірігуі, сол сияқты,
бір-біріне қолайлы жағдай жасау арқылы экономикалық іс-әрекеттерге өзара
кедергілерді жою бағыттарында айқын көрінеді.
Тарихи интеграция эволюциялық дамитын бірнеше негізгі сатылардан
тұрады және оның әрқайсысы интеграцияның жетілу дәрежесінің көрсеткіші
болып есептеледі.
Бірінші деңгейде мемлекеттер өзара жақындасудың алғашқы қадамы ретінде
преференциалдық сауда келісімдерін жасайды. Бұл келісім жеке мемлекеттер
арасында екі жақтылық негізінде немесе қалыптасқан интеграциялық топ пен
мемлекет не мемлекеттер тобының арасында жасалуы мүмкін.
Келісімге сәйкес мемлекеттер бір-біріне үшінші мемлекеттерге қарағанда
қолайлырақ режим ұсынады. Бұл интеграцялық процестің дайындық кезеңі.
Интеграцияның екінші деңгейінде мемлекеттер екі жақты саудада кедендік
тарифтерді жай ғана қысқартуды емес, оны мүлдем алып тастауды көздейтін
еркін сауда аймағын (ЕСА) құруға көшеді, бірақ үшінші елдермен қатынаста
ұлттық кедендік тарифтер өзгертілмейді. Басым көпшілік жағдайда еркін сауда
аумағының шарттары ауыл шаруашылық өнімдерінен басқа барлық тауарларға
қолднылады.
Интеграцияның үшінші деңгейі кедендік одақ (КО) құруға негізделген.
Бұл ұлттық кедендік тарифтер тобын келісімді түрде алып тастап, үшінші
мемлекеттерге қатысты сауданы реттеуде ортақ кедендік тарифті енгізу және
біріңғай тарифтік емес жүйесін қолдану болып табылады.
 Әдетте кедендік одақ үйлестірілген сыртқы сауда саясатын қалыптастыратын
мемлекетаралық органдардың дамыған жүйесін құруды талап етеді.
Интеграциялық процестің төртінші деңгейі –ортақ нарыққа жеткенде
интеграцияланатын  мемлекеттер тек тауарлар мен қызметтердің ғана емес,
өндіріс факторларының – капитал және жұмыс күші – қозғалысының еркіндігі
туралы келісім жасайды. Бұл экономикалық саясатты үйлестіру кезеңі.
Ең жоғарғы бесінші деңгейде интеграция ортақ кедендік тариф және
тауарлар мен өндіріс факторлар қозғалысының еркіндігімен қатар,
макроэкономикалық саясатты, валюта, бюджет, ақша сияқты негізгі салаларда
үйлестіруді, заң шығарушылықты үйлестіруді көздейтін экономикалық одаққа
айналады. Үкіметтер келісілген түрде өз қызметтерінің біршама бөлігінен бас
тартады, яғни мемлекттік суверенитеттің бір бөлігін мемлекеттер үстіндегі
органдар пайдасына береді. Бұндай қызметтерге ие болған мемлекеттер
үстіндегі органдар бірлестікке қатысты мәселелерді мүше-мемлекеттер
үкіметтерінің келісімінсіз шешуге құқы бар. Мысалы, ЕО – ғы (Еуропа одағы)
шеңберінде – бұл ЕО комиссиясы.
Интеграцияның алтыншы деңгейінің де болуы мүмкін – бұл Саяси одақ
(СО). Ол ұлттық үкіметтердің үшінші елдермен қатынасын қамтитын
қызметтерінің басым көпшілігін мемлекеттер үстіндегі органдарға беруді
көздейді. Іс жүзінде бұл жеке мемлекеттердің егемендігін жоғалтып,
халықаралық конфедерация құруды талап етеді.
Бірақ интеграциялық топтардың бірде-біреуі дамудың бұл деңгейіне
жеткен жоқ, тіпті өз алдына бұндай мақсаттар қойған жоқ.
ЕО, НАФТА –ға кіретін Солтүстік Америка елдері, белгілі дәрежеде Латын
Америка елдерінің регионалдық интеграция тәжірибесін қорыта келе,
экономикалық интеграцияның кейбір заңдылықтарын шығаруға болады.           

Біріншіден, бұл эволюциялық жол. Біртіндеп, интеграция кезеңдерін
аттамай, өндірушілер үшін де, тұтынушылар үшін де серіктестерді таңдау
еркіндігін беріп, әкімшілік шектеулер мен тосқауылдарды алып тастау үшін
жағдай жасап, сауда-экономикалық ынтымақтастық бірқалыпты (тұрақты) әрекет
ететін нарықтық орта құру қажет.
Екіншіден, бұл интеграциялық міндеттемелерді біртіндеп, кезеңді түрде
шешу. Ол үшін мүше-елдердің ассоциациялары көмегімен еркін сауда аймағы,
кедендік одақ, капитал, тауар мен қызмет, еңбектің орта нарығын және
біртұтас экономикалық кеңестіктің негізін қалау қажет.
Үшіншіден, бұл біртекті экономикалық орта құру, нарықтық қайта құрудың
қарқыны мен деңгейін жақындастыру қажеттілігі.
   Төртіншіден, интеграциялық процестің барлық мүшелерінің тең құқықтық
серіктестігі, дискриминациясыз іс-әрекет етуі.

3. Халықаралық сауда.
Халықаралық сауда — әртүрлі мемлекеттердің ұлттық шаруашылықт-арының
арасында жүретін тауар мен қызмет айырбасы. Халықаралық сауданың негізі –
халықаралық еңбек бөлінісі. Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің
мамандандырылуын сақтайды. Олардағы өндіріс қызметінің әртүрлі саласын
белгілі түрге мамандандырады нәтижесінде өндіріс нәтижесін, ғылыми-
техникалық қызметтер тауарлармен айырбастау жағдай туғызып, халықаралық
сауда дами түседі.
Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің тауар өндіруге қалыптасқан
дұрыс жағдайларымен түсіндіріледі. Халықаралық еңбек бөлінісімен тауар
айырбасын ынталандыратын төрт негізгі факторларды атап өтуге болады.
1.     Әлеуметтік жағрапиялық факторлар – жағрапиялық орналасу, халықтың
құрылымы саны, және де олардың шаруашылық тәжірибесі, білімі, әдет-ғұрпы
бойынша жеке елдердің арасындағы айырмашылық.
2.     Табиғи экономикалық факторлар – табиғи климаттық жағдайлар, жер
шаруашылығы құралдары, табиғи кен байлықтары, су және басқа да ресурстармен
қамтамасыз етілу жағынан жеке елдердің арасындағы айырмашылық.
3.     Техникалық экономикалық факторлар – жеке елдердің экономикалық және
ғылыми техникалық даму деңгейі әр түрлі болуымен анықталады.
4.     Ғылыми техникалық процесс. Халықаралық еңбек бөлінісі өнімдердің
тұрақты түрде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнеркәсіп төңкерісінің басталуы
Мұғалімнің сабаққа дайындығы
Ұлттық экономика туралы
Бюджеттің экономикалық мәні
Қаржы нарығы мен қор биржасының дамуы
АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДАҒЫ SMART CITY ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Бірлестіктер экологиясы
Қазақстан Республикасы өнеркәсібінде инновациялық процестерді дамыту
Франция мемлекеті
Әлемдік қаржы нарығы
Пәндер