Басқарудың Азиаттық түрі



1. Басқарудың жалпы Азиаттық үлгісі
2. Жапондық компанияларда қолданылатын шешім қабылдау тәсілдері
3. Пайдаланылған әдебиеттер
Азиаттық басқару стилінің Еуропалық басқару стилінен айырмашылығы. Жапондық менеджмент стилінің шаралары. Жапондық менеджмент стилінің кеңінен таралған принциптері.
Персоналды басқарудың жапондық стильін анық елестетіп, жақсы түсіну үшін нақты, көрнекті түрде көрсететін мысал қажет. Бұл мақсат үшін «Мацусита дэнки» фирмасы дәл келеді, өйткені оның басқару жүйесін эталон деп санауға болады.
«Мацусита дэнки» электротехникалық фирмасы капиталисттік әлемнің 50 ірі өндірістік компанияларының қатарын кіреді. Оның өнімдері бүгінгі күні дүние жүзінің түкпір-түкпірінде қолданылып жатыр. «Мацусита дэнки» сөзінің аталуы ғана жапондық бизнесмендерде қызғаныштық сезімін, ал «Мацусита басқаруының тәсілдері» деп аталатынның барлығына таңдана қызығушылықты тудырады.
Фирманың негізін салушы Конскэ Мацусита. Оның жалпы еңбек қызметі кішкентай велосипедтік шеберханада басталған, өзінің өнертапқыштық қасиетімен қатар ойлап тапқан құрылғыларын шығаратын шеберханаларды ұйымдастырды, жеке кәсібін ашып оны дамытты. Кейіннен ол нарыққа өзінің бірінші бұйымын шығарды. Аталған бұйым жетілдірілген электрлік розетка болды, розетка электропатронға бұралып кигізілетіндей жасалды. Бұл 1918 жылы болды, ал он жылдан кейін «Мацусита дэнки» компаниясы жапондық өндірістің жаңа саласында өз екпінін белгілейтін болды. Ол сексен жастан асқан кезінде де компанияның тікелей басқаруын жүргізді. Өзінің өндірістік қызметінде К.Мацусита оған жоғары табыс әкелуін қамтамасыз ететін бірқатар басқарушылық принциптерді ұсынды. Соның ішінде негізгісі – персоналды білікті басқару принципі болды.
30-жылдардың өзінде фирмадағы жұмысшылар саны 1600 жуық болғанда Мацусита жапондық кәсіпкерлердің назарын адам факторына аударған. Оның идеяларының арқасында жапондық басқару жүйесінде приоритеттердің қатаң иерархиялық үштігі (триада) қалыптасты – адам, қаржылар, технология. Қарапайым бақылаушы жапондық фирмаға алғаш келгенде, ең алдымен технологияға көңіл бөледі. Ол технологияда сәттіліктің алғаш себептерін қарастырады. Дегенмен ол алдамшы әсер, бірақ әрине, қазіргі жағдайда жоғары дәрежелі техника мен технологиясыз жұмыс істеу мүмкін емес. Технология бағынышты орынды алады, ал бірінші орында – персонал. Осылай Мацусита персоналдың рольін әрдайым бағалады, оны қызір барлық жапондық кәсіпкерлер бағалайды.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

CӨЖ

Тақырыбы:Басқарудың Азиаттық түрі

Тексерген: Самиева Г.Т
Орындаған:Мухамадияров Е

Семей, 2015 ж

ЖОСПАР:
1. Басқарудың жалпы Азиаттық үлгісі
2. Жапондық компанияларда қолданылатын шешім қабылдау тәсілдері
3. Пайдаланылған әдебиеттер

1. Басқарудың жалпы Азиаттық үлгісі
Азиаттық басқару стилінің Еуропалық басқару стилінен айырмашылығы. Жапондық менеджмент стилінің шаралары. Жапондық менеджмент стилінің кеңінен таралған принциптері.
Персоналды басқарудың жапондық стильін анық елестетіп, жақсы түсіну үшін нақты, көрнекті түрде көрсететін мысал қажет. Бұл мақсат үшін Мацусита дэнки фирмасы дәл келеді, өйткені оның басқару жүйесін эталон деп санауға болады.
Мацусита дэнки электротехникалық фирмасы капиталисттік әлемнің 50 ірі өндірістік компанияларының қатарын кіреді. Оның өнімдері бүгінгі күні дүние жүзінің түкпір-түкпірінде қолданылып жатыр. Мацусита дэнки сөзінің аталуы ғана жапондық бизнесмендерде қызғаныштық сезімін, ал Мацусита басқаруының тәсілдері деп аталатынның барлығына таңдана қызығушылықты тудырады.
Фирманың негізін салушы Конскэ Мацусита. Оның жалпы еңбек қызметі кішкентай велосипедтік шеберханада басталған, өзінің өнертапқыштық қасиетімен қатар ойлап тапқан құрылғыларын шығаратын шеберханаларды ұйымдастырды, жеке кәсібін ашып оны дамытты. Кейіннен ол нарыққа өзінің бірінші бұйымын шығарды. Аталған бұйым жетілдірілген электрлік розетка болды, розетка электропатронға бұралып кигізілетіндей жасалды. Бұл 1918 жылы болды, ал он жылдан кейін Мацусита дэнки компаниясы жапондық өндірістің жаңа саласында өз екпінін белгілейтін болды. Ол сексен жастан асқан кезінде де компанияның тікелей басқаруын жүргізді. Өзінің өндірістік қызметінде К.Мацусита оған жоғары табыс әкелуін қамтамасыз ететін бірқатар басқарушылық принциптерді ұсынды. Соның ішінде негізгісі - персоналды білікті басқару принципі болды.
30-жылдардың өзінде фирмадағы жұмысшылар саны 1600 жуық болғанда Мацусита жапондық кәсіпкерлердің назарын адам факторына аударған. Оның идеяларының арқасында жапондық басқару жүйесінде приоритеттердің қатаң иерархиялық үштігі (триада) қалыптасты - адам, қаржылар, технология. Қарапайым бақылаушы жапондық фирмаға алғаш келгенде, ең алдымен технологияға көңіл бөледі. Ол технологияда сәттіліктің алғаш себептерін қарастырады. Дегенмен ол алдамшы әсер, бірақ әрине, қазіргі жағдайда жоғары дәрежелі техника мен технологиясыз жұмыс істеу мүмкін емес. Технология бағынышты орынды алады, ал бірінші орында - персонал. Осылай Мацусита персоналдың рольін әрдайым бағалады, оны қызір барлық жапондық кәсіпкерлер бағалайды.
К.Мацуситаның басқару стилін айқын сипаттайтын белгілері қандай екен?
Біріншіден, бұл фирманың барлық бөлімшелерінің (оның барлық қызметтерінің функционалдануымен) жағдайымен танысудағы белсенділік. Құжаттамамен жете танысу, тұрақты кездесулер мен телефондық келіссөздер Мацуситаға әрдайым оқиғалар пульсында қолын ұстап отыруға мүмкіндік берді. Президенттің ақпаратқа тойымсыз қажеттілігі менеджерлердің кабинеттік жұмысшыларға айналуынан сенімді сақтады, оларды өндірістің ыстық нүктелерінде өздерінің болуына ниеттендірді. Міне оның менеджер арнап құрастырған тұжырымы: Егер сенің қол астында 100 адам болса, сен әрдайым олардың арасында жүруің керек, егер 1000 адам болса, центрде орын алуыңа болады, ал егер сен 10 000 адамды басқарсаң, шеткері тұр, бірақ бұл жерден барлығы көрінетіндей болу керек.
Оның стильінің екінші белгісі - жұмысшыларын өз мамандық шеберлігін дамытуға табанды түрде құлшындыру.
К. Мацуситаның үшінші белгісі жұмысшылардың ынтасын жігерлі мадақтау, көтермелеу болып келеді. К. Мацусита ынтасыз қазіргі күнгі жағдайларда өндірісті басқаруға болмайды деп санаған.
Және де төртінші белгісі - алға қойылатын ықтималды шешімдерден ең дұрысын іздеу тақырыбында жүргізетін менеджерлер арасындағы дискуссияларды барынша мадақтау. Солай бола тұра К.Мацусита дискуссиялардың жапондық жанұялық этикалары нормасын бұзбауын қадағалап отырды: Күйеу мен Әйелі ажырасу үшін дауласпайды, жақындасудың мүмкінше көбірек нүктелерін табу үшін дауласады.
Мацусита өзінің фирмасына жұмысшылардың рухани байлықтарын тәрбиелеудің спецификалық философиясын енгізген деген ой-тұжырым туындайды, бұл философия бүкіл елге тарады. Негізінен бұл Мацусита философиясының мазмұны бойынша терең ұлттық болуына байланысты, сонымен қатар ол салттық діни және идеологиялық жүйелермен тығыз байланысты болып келеді. Онда жапондықтардың жалпы ұлттық мақсат-мүдделерге қатыстылығын түсінуге ниеттендіретін идеялар енгізілген.
Ма - цу - си - та дэн - ки компаниясындағы жұмысшыларды дайындау жүйесі біріншіден, мамандық оқытудан, екіншіден, мінез-құлықтың фирмалық кодексін меңгеруден құралады. Өзін ұстаудың фирмалық кодексін игере отырып жаңадан кірген жұмысшылар арнайы сабақтарға қатысады, онда оларды Егер сен бір кездейсоқ қателік істесең, фирма сені кешіреді. Ал егер сен фирманың моральдік кодексінен шығып кетсең, саған кешіру жоқ дегенге сендіреді.
Міне бұл кодекс: Біздің принциптер. Біздің қоғамның прогресі мен әулиеттігін көтеру ісінде өзіңнің жауапкершілігіңді түсіну. Өзіңді әлемдік цивилизацияның одан арғы дамуына арнау.
Біздің кредо. Цивилизация прогресі - бұл абстракция емес. Біз барлығымыз біріккен күш-жігерімізбен оған үлесімізді қосамыз. Әрбіреуіміз оны әрдайым есте сақтауымыз керек. Фирмаға барынша адал болу - сәттілікке жетудің кілті.
Біздің рухани байлықтарымыз: 1) Өндірісті дамыту жолымен ұлтқа қызмет ету; 2) адалдық; 3) үйлесім және қызметтестік; 4) сапа үшін күрес; 5) мәртебе және бағыну; 6) фирмамен идентификациялау; 7) фирмаға алғыс.
Мінез-құлық кодексі біріншіден жұмысшының психологиялық көз қарасы үшін арналған. Мацусита барлық буын менеджерлері оның мағынасын өздері түсініп қана қоймай, ой-тұжырымдарды бағыныштыларға да меңгерту ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғы шарттар және жағдайлар
Меншік. Сұраныс пен ұсыныс. Икемділік ұғымы. Тұтынушылық мінез-құлық. Бәсеке
Экономикалық жүйелер, ұғымы, типтері және салыстырмалы сипаттамасы. Сұраныс және ұсыныс икемділігі оның түрлері
Экономикалық жүйелердің негізгі үлгілері
Аралас экономика: қалыптасу негіздері және қызмет ету заңдылықтары
Қазақстан аралас экономика кезеңінде
Мемлекет ұғымына түсінік және оның белгілері
Шағын және орта бизнес кәсіпорындарында қаржылық ресурстарды басқару механизмі
Мемлекет түсінігі мен нысаны
Үндістан экономикалық модернизациясының теориялық-концептуалды негіздері
Пәндер