Психотерапиядағы арт-терапия



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

1 БӨЛІМ. ПСИХОТЕРАПИЯДАҒЫ АРТ.ТЕРАПИЯҒА ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.1 Арт.терапияның шығу тарихы, негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Арт.терапияны әр түрлі бағыттар бойынша қарастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.3 Арт.терапиядағы диагностика ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.4 Тұлғааралық конфликт және оның шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

2 БӨЛІМ. ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
2.1 Зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
2.2 Зерттелінетін әдістемелердің сипаттамасы мен қолдану аясы ... ... ... ... ... ...33
2.3 Арт.терапиялық тренинг сабақтары және оларды жүргізу жолдары ... ... ... .35
2.4 Эксперименттік зерттеу барысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
2.5 Зертеу мәліметтерінің математикалық.статистикалық өңделуі ... ... ... ... ... .39

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49

ҚОСЫМША
КІРІСПЕ

Казіргі уақытта психотерапияның маңызды салаларының бірі ол арт-терапия болып саналады. Арт-терапия даму үстіндегі психотерапияның әдістердің жаңа түрі болып есептеледі. Қазір Қазақстанда арт-терапия өзінің қалыптасу кезеңінде. Бұл сала Қазақстанда әлі де болса толығымен зерттелмеген деп айтуға толық негіз бар, себебі осы салада елімізде ғылыми жұмысты айтпағанның өзінде бітіру жұмысыда жоқ екендігі дәлел. Сонымен қатар арт-терапия түсінігі біздің елімізде әлі толығымен қалыптаспаған.
Арт-терапиямен айналысу үлкен профессионалды дайындықты, психотерапия аймағында іргелі білімді талап ететін қиын іс-әрекет болып есептеледі. Қазіргі кезде мұндай мамандар жоқтың қасы. Осыған қарамастан арт-терапияны қолдануға деген қызығушылық өте жоғары.
Арт-терапия жөніндегі білімді елімізде дәл қазіргі күнде тек қана психологтарға ғана емес, сонымен қатар педагогтарға, әлеуметтік жұмыскерлерге, қарт адамдар, жасөспірімдер психикалық ауру адамдарға тағы басқа көптеген жерлерде қолдану маңызды және қажет екендігі дәлелденуде.
Алғашқыда арт-терапия түсінігі енгізілген кезде оны тек сырқат ауру немесе демалыс үйіндегі емделушілерге ғана қолданған болса, кейін келе оның қолданыс шеңбері кеңейді. Бұл дегеніміз арт-терапия адамның шығармашылық жағдайын дамытып қана қоймай, адамның бойындағы ресурстарының мүмкіндігін түсініп ашуғада жағдай жасайды деген сөз. Мұнда адамның шығармашылық әрекетіндегі әсемдігі емес,сол кезеңдегі басынан өткен сезімдерді, қобалжуларды бейне арқылы жеткізу болып табылады. Түс көрген адамның сөзі: мен мұны сезініп тұрмын бірақ қалай айтарымды және бейнелерімді білмеймін. Психоаналитикалық бағыттың негізін салушы З.Фрейд айтқандай бұл барлық уақытта оңай емес.Яғни бұдан шығатын қорытынды толығымен сезімдерді жеткізе білгенде ғана, сол кезде арт-терапия өз мақсатына жетіп, эффективті болары сөзсіз. Осы еңбекте арт-терапия жаттығуларының қазақ және орыс студент топтарындағы агрессия, мазасыздану көрсеткіштерін төмендету тәсілі ретінде қолдандым.
Жұмыстың мақсаты: Арт-терапия жаттығуларының студенттер топтарындағы (қазақ, орыс) агрессия және мазасыздану көрсеткіштерін төмендету тәсілі ретіндегі маңызын зерттеу.
Зерттеу пәні: Студент топтарында арт-терапиялық тренинг жаттығуларын өткізу жағдайлары.
Жұмыстың өзектілігі:Қазіргі таңда психотерапияның маңызды салаларының бірі ол арт-терапия. Алғашқыда арт-терапияны тек ауру немесе сырқат адамдарға жүргізген болса казіргі кезде оның қолданыс аясы кеңеюде, яғни бұл терапия адамның щығармашылық жағдайын дамытып қана қоймай, адамның бойындағы ресурстарының мүмкіндігін түсініп ашуғада жағдай жасайды.
Оған қоса арт-терапияны қолдану арқылы белгілі-бір ұлтқа тән ерекшеліктердің айырмашылығын анықтауға болады. Енді ғана дамып келе жатқан сала екендігіне қарамастан осы саланы дамытудың маңызы зор болмақ. Келешекте осы салада кызмет етіп Қазақстандағы арт-терапияны дамытуға өз үлесімді қосқым келеді.
Тәжірбиелік маңыздылығы:Зерттеуден алынған мәліметтер арт-терапияны қолданғанда болатын конфликтілі жағдайды болдырмау мақсатында, арнайы тренингтер және дамыту жаттығуларын құрастыруда қолдану.
Болжамы:Студент топтарында арт-терапиялық тренинг жаттығуларын ұйымдастыру арқылы тұлға аралық конфликтілік көрсеткіштерін төмендетуге болады.
Зерттеу міндеттері:
1. Психотерапиядағы арт-терапия туралы теориялық мәліметтерді талдау
2. Әдістемелермен таңдауларды жүргізу.
3. Әдістемелерді эксперименттік топтарға және бақылау тобына өткізу.
4. Зерттеу нәтижелері бойынша салыстырмалы талдау жасау.
5. Салыстырмалы талдау негізінде қорытынды жасау.
6. Қорытынды негізінде зерттеу болжамын дәлелдеу.
Кілттік сөздер: арт-терапия, психотерапия, психотерапевт, З.Фрейд, К.Юнг, психоанализ бағыты, гуманистік бағыт, Роджерс, конфликт, инцидент
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Рудестам К. Групповая психотерапия. СПб, 1998г.-372с.
2. Психотерапевтическая энциклопедия. Под ред. Б.Д.Карвасарского .СПб, 2000г.-708с.
3. Ирвин Я. Теория и практика групповой психатрии. СПб, 2000г.-515с.
4. Старшенбаум Г.В. Тренинг навыков практического психолога. М, 2006г.-355с.
5. Проективная психология. М, 2000г.-320с.
6. Психокоррекционные группы: теория и практика. Общ. 2001г.-408с.
7. Берн Э. Групповая психотерапия М, 2000г.-423с.
8. Копытин В.И. Руководство по групповой арт-терапии. СПб, 2003г.-438с.
9. Бердібаева С.Қ. «Көркем творчество психологиясындағы этностық мәселелер»//Вестник НАПК, №3. 2005ж.-Б.9-10.
10. Зигмунд Ф. Толкование сновидений. Киев,1991г.-338с.
11. Зигмунд Ф. Введение в психоанализ. 1999г.-450с.
12. Копытин А.И. Практикум по арт-терапии. СПб, 2000г.-410с.
13. Копытин А.И. Теория и практика арт-терапии, СПб, 2002г.330-с.
14. Копытин А.И. Арт-терапия. Хрестоматия. СПб, 2001г.-514с.
15. Бердібаева С.Қ. «Интеллект-адамның творчестволық іс-әрекетінің шарты ретінде»//Хабаршы №2. Алматы, 2006ж.Б.9-10.
16. Мухин Ю.М. Восприятие и воспрозведение пространственных свойств на рисунке. Автореферат. Л, 2005г.-120с.
17. Хоментаускас Г.Т. Отражение межличностных отношений в диагностическом рисунке семьй. М, 1985г.-105с.
18. Янышин П.В. Психосемантические механизмы рисуночный проекций. Москва, 1990г.-310с.
19. Ахмедов Т.И. Введение в общую психотерапию. М, Харков, 2005г.-230с.
20. Дрохов М.Б. «Коррекция детских психоневротических расстройств с помощью игровой интерактивной изотерапии»//Вопросы психологии №1. 2007г.-С.108-110.
21. Никитин В.Н. Энциклопедия тела: психология, психотерапия, педагогика, театр, танец, спорт. М, 2000г.-312с.
22. Зигмунд Ф.Психология бессознательного М, 1996г.-440с.
23. Оглоблина О.Г. «Гравические выражения эмоций студентами, обучающимся разным специальностям»//Вопросы психологии №4. 2006г.-С.132-133.
24. Юнг К. Аналитическая психология. МГУ, 1990г.-122с.
25. Рамицына Е.Е. «Здоровье глазами детей: опыт психологического анализа детских рисунков»//Вопросы психологии №1, 2006г.-С.38-39с.
26. Анцупов А.Я. Шипилов А.И. Конфликтология. М, Юнити, 2004г.-577с.
27. Димитриев А.В. Конфликтология. Москва, 2001г.-315с.
28. Вишнякова Н.Ф. Конфликтология. Минск, 2002г.-279с.
29. Ахметова Л.С. Конфликтология. Алматы, 2003г.-168с.
30. Бородкин Ф.М, Коряк П.М. Внимание конфликт. Издателство, Наук. Сибирское отделение. Новосибирск, 1983г.-548с.
31. Шейнов В.Г. Конфликты в нашей жизни и их разрешение. 1988г.-359с.
32. Скотт Г. Джини Способы разрешение конфликтов. 1991г.-258.
33. Хасан Б.И. «Психотехнические стратегии и прикладной конфликтологии» Бюллетень клуба конфликтов №1, Красноярск, 1991г.-27-28с.
34. Коновалов В.В. Конфликт. Л, 1998г.-347с.
35. Рояк А.А. Психологический конфликт и особенности индивидуального разбития ребенка. М, 1986г.-457с.
36. Түңлікбаева Э.М. Психологиялық зерттеулерде қолданатын негізгі ықтималды-статистикалық әдістер. Алматы, 1999г.-42с.
37. Ежова Н.Н. Рабочая книга практического психолога. Ростов-на-Дону, Феникс, 2005г.-345с.
38. Бурно М.Е. терапия творческим самовыражением. М, 1989г.-245с.
39. Кратохвил С. Биографическая, темантическая и интеракционная ориентация в групповой психотерапии. Л,1976г.-542с.
40. Беляускайте Р.Ф. Рисуночные проба как средство диагностики развития личности ребенка. М,1988г.-248с.
41. Бурковский Г.В и др. Исследование изобразительного творчество в психотерапии. Л, 1982г.-318с.
42. Практическая психология. Под. ред. Тутушкиной М.К. М, 1998г.-248с.
43. Большаков В.Ю. Психотренинг. Социодинамика, игры, упражнения. СПб, 1994г.-380с.
44. Гройсман А.Л. Коллективная психотерапия. М. 1997г.-312с.
45. Исуриена Г.Л. идр. Методы и техники групповой психотерапии. М, 1990г.-348с.
46. Захаров В.П, Хрящев Н.Ю. Социально-психологический тренинг. Учебное пособие. Л, 1989г.-189с.
47. Изен Н.В, Пахомов Ю.В. Психотренинг. Игры и упражнения. М, 1988г.-314с.
48. Столяренко Л.Д. Основы психологии практикум. Ростов-на-Дону, Феникс, 2005г.-721с.
49. Психологические тесты-1. М, 1996г.-204с.
50. Подросток и конфликт. Пособие для волонтеров. Алматы, 2002г.-387с.
51. Тренинг развития жизненных целей. Под ред. Трошихиной. СПб, 2001г.-403с.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1 БӨЛІМ. ПСИХОТЕРАПИЯДАҒЫ АРТ-ТЕРАПИЯҒА ТЕОРИЯЛЫҚ
ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1 Арт-терапияның шығу тарихы,
негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Арт-терапияны әр түрлі бағыттар бойынша қарастыру
... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.3 Арт-терапиядағы
диагностика ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...12
1.4 Тұлғааралық конфликт және оның шешу жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
2 БӨЛІМ. ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ
БӨЛІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..33
2.1 Зерттеудің мақсаты, болжамы мен
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 33
2.2 Зерттелінетін әдістемелердің сипаттамасы мен қолдану
аясы ... ... ... ... ... ...33
2.3 Арт-терапиялық тренинг сабақтары және оларды жүргізу
жолдары ... ... ... .35
2.4 Эксперименттік зерттеу
барысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..36
2.5 Зертеу мәліметтерінің математикалық-статистикалық
өңделуі ... ... ... ... ... .39
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..48
ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..49

ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Казіргі уақытта психотерапияның маңызды салаларының бірі ол арт-
терапия болып саналады. Арт-терапия даму үстіндегі психотерапияның
әдістердің жаңа түрі болып есептеледі. Қазір Қазақстанда арт-терапия өзінің
қалыптасу кезеңінде. Бұл сала Қазақстанда әлі де болса толығымен
зерттелмеген деп айтуға толық негіз бар, себебі осы салада елімізде ғылыми
жұмысты айтпағанның өзінде бітіру жұмысыда жоқ екендігі дәлел. Сонымен
қатар арт-терапия түсінігі біздің елімізде әлі толығымен қалыптаспаған.
Арт-терапиямен айналысу үлкен профессионалды дайындықты, психотерапия
аймағында іргелі білімді талап ететін қиын іс-әрекет болып есептеледі.
Қазіргі кезде мұндай мамандар жоқтың қасы. Осыған қарамастан арт-терапияны
қолдануға деген қызығушылық өте жоғары.
Арт-терапия жөніндегі білімді елімізде дәл қазіргі күнде тек қана
психологтарға ғана емес, сонымен қатар педагогтарға, әлеуметтік
жұмыскерлерге, қарт адамдар, жасөспірімдер психикалық ауру адамдарға тағы
басқа көптеген жерлерде қолдану маңызды және қажет екендігі дәлелденуде.
Алғашқыда арт-терапия түсінігі енгізілген кезде оны тек сырқат ауру
немесе демалыс үйіндегі емделушілерге ғана қолданған болса, кейін келе оның
қолданыс шеңбері кеңейді. Бұл дегеніміз арт-терапия адамның шығармашылық
жағдайын дамытып қана қоймай, адамның бойындағы ресурстарының мүмкіндігін
түсініп ашуғада жағдай жасайды деген сөз. Мұнда адамның шығармашылық
әрекетіндегі әсемдігі емес,сол кезеңдегі басынан өткен сезімдерді,
қобалжуларды бейне арқылы жеткізу болып табылады. Түс көрген адамның сөзі:
мен мұны сезініп тұрмын бірақ қалай айтарымды және бейнелерімді білмеймін.
Психоаналитикалық бағыттың негізін салушы З.Фрейд айтқандай бұл барлық
уақытта оңай емес.Яғни бұдан шығатын қорытынды толығымен сезімдерді жеткізе
білгенде ғана, сол кезде арт-терапия өз мақсатына жетіп, эффективті болары
сөзсіз. Осы еңбекте арт-терапия жаттығуларының қазақ және орыс студент
топтарындағы агрессия, мазасыздану көрсеткіштерін төмендету тәсілі ретінде
қолдандым.
Жұмыстың мақсаты: Арт-терапия жаттығуларының студенттер топтарындағы
(қазақ, орыс) агрессия және мазасыздану көрсеткіштерін төмендету тәсілі
ретіндегі маңызын зерттеу.
Зерттеу пәні: Студент топтарында арт-терапиялық тренинг жаттығуларын
өткізу жағдайлары.
Жұмыстың өзектілігі:Қазіргі таңда психотерапияның маңызды салаларының
бірі ол арт-терапия. Алғашқыда арт-терапияны тек ауру немесе сырқат
адамдарға жүргізген болса казіргі кезде оның қолданыс аясы кеңеюде, яғни
бұл терапия адамның щығармашылық жағдайын дамытып қана қоймай, адамның
бойындағы ресурстарының мүмкіндігін түсініп ашуғада жағдай жасайды.
Оған қоса арт-терапияны қолдану арқылы белгілі-бір ұлтқа тән
ерекшеліктердің айырмашылығын анықтауға болады. Енді ғана дамып келе жатқан
сала екендігіне қарамастан осы саланы дамытудың маңызы зор болмақ.
Келешекте осы салада кызмет етіп Қазақстандағы арт-терапияны дамытуға өз
үлесімді қосқым келеді.
Тәжірбиелік маңыздылығы:Зерттеуден алынған мәліметтер арт-терапияны
қолданғанда болатын конфликтілі жағдайды болдырмау мақсатында, арнайы
тренингтер және дамыту жаттығуларын құрастыруда қолдану.
Болжамы:Студент топтарында арт-терапиялық тренинг жаттығуларын
ұйымдастыру арқылы тұлға аралық конфликтілік көрсеткіштерін төмендетуге
болады.
Зерттеу міндеттері:
1. Психотерапиядағы арт-терапия туралы теориялық мәліметтерді талдау
2. Әдістемелермен таңдауларды жүргізу.
3. Әдістемелерді эксперименттік топтарға және бақылау тобына өткізу.
4. Зерттеу нәтижелері бойынша салыстырмалы талдау жасау.
5. Салыстырмалы талдау негізінде қорытынды жасау.
6. Қорытынды негізінде зерттеу болжамын дәлелдеу.
Кілттік сөздер: арт-терапия, психотерапия, психотерапевт, З.Фрейд,
К.Юнг, психоанализ бағыты, гуманистік бағыт, Роджерс, конфликт, инцидент

1 БӨЛІМ. ПСИХОТЕРАПИЯДАҒЫ АРТ-ТЕРАПИЯҒА ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

1.1 Арт-терапияның шығу тарихы, негіздері

Арт-терапия сөзін қазақшаға тікелей аударғанда өнермен емдеу деген
мағананы білдіреді. Оны ғылымға, жалпы қолданысқа ең алғаш енгізген Адриан
Хилл болды.
Арт-терапияны жүргізу барысында мүшелер саны 15-20 адамнан аспау
керек. Одан көп болған жағдайда, қатысушыларға да, сонымен қатар, сол
жұмысты жүргізушіге яғни психотерапевке де оңайға соқпайды. Топтың
мүшелерінің көп болуы, жұмыс аяқталғасын жасалған жұмыстарға талдау,
қорытынды шығару да қиынға соғады.[1, с.217-219].
Арт-терапияны жеке-дара шығармашылық жұмыс жасау үшін бөлме кең және
ешқандай кедергілері жоқ, әрі жарық болуы қажет. Топ мүшелері өтіп жатқан
арт-терапия жайлы білуіне құқы бар. Жұмыс жасау үшін әр түрлі құралдар
қолданады: атап айтсақ, мысалы, соус, түрлі түсті қарандаштар, әр түрлі
мөлшердегі щеткалар, губка, суы бар құты, политра, түрлі-түсті қағаздар,
қоржын, желім, скотч, қайшы, жіп болмаса арқан және т.б. Кейбір сабақтарда
маталар, батпақ, ермексаз, қамыр, ағаш, үлкен композиция жасау үшін табиғи
жане басқада химиялық заттарды да пайдалануға болады.
Ал театрленген көрініс үшін грим, свеча, костюмдер, музыкалық аспаптар
қажет болуы мүмкін. Ереже бойынша сабақтың тақырыбын психолог (арт-терапия
жүргізуші) таңдайды. Дегенмен де оны топпен ақылдаса, кеңесе отырып,
талдап, талқылап, таңдап алуға болады. [2, с.33-35].
Арт-терапияның тақырыбын таңдауға және топтастыруға болады. Осы
жағдайды ескере отырып, осы салада педагогикалық практикада еңбек сіңірген
М.Либманның классификациясы баршаға және бізге танымал:
— көркемсурет материалдарын игеруге болады;
— топ мүшелерін толқытып, күйзелтіп жүрген мәселе бойынша зерттеу жүргізу;
— мен бейнесі, қарым-қатынас жүйесін зерттеуге байланысты;
— жанұя мүшелерімен топ мүшелері жұптасып жұмыс жасай алуы;
— топ мүшелеріне арналған көркемсуреттік іс-әрекет;
Сонымен қатар кейбір арт-терапиялық жаттығулар (күн мен түн) топ
арасындағы үйлесімді қарым-қатынасқа, әлеуметтік алшақтауды реттейді және
жеке адамның топпен қарым-қатынасын реттейді. Басқа да көптеген көмек
береді. Топ мүшелерінің бірігіп жақсы тақырып таңдауы маңызды сәттердің
бірі болып табылады. Таңдап алынған тақырып егер топ мүшелерінің біреуіне
ұнамаған жағдайда қайта талдауды қажет етеді. Талданып қайта түсініп
алынған оған қоса топ мүшелері келіссе,ол тақырып сол күйінше,ұнамаса қайта
басқа тақырып алу керек. [3, с.453].
Алғашқы кезде арт-терапияны ауруханалармен жүйке жүйесіндегі
бұзылулары бар ауру емдеушілерді емдейтін эмоциялық бұзылулардың көрінісі
бар адамдарға ғана қолданған. Қазіргі кезде арт-терапияның қолданыс аясы
едәуір кеңейді және ол өзінің алғашқы психоаналитикалық негізінен
алыстауда. Негізінен арт-терапияны қолданғанда ең бастысы жұмыс барысында
талантын көрсету емес, спонтанды пайда болған қобалжуларын, қиындықтарын,
бұрынғыдан қалғанелестерін суреттеу арқылы жеткізу.
Сонымен қоса, психотерапевтің шығармашылық жұмыс кезінде топ
мүшелеріне көмек беруді және қажет жағдайда қолдау да көрсетуі керек.
Мұндай топтармен жұмыс жасаушы психолог немесе психотерапевт көптеген
сапаларға ие болуы керек. Атап айтатын болсақ, олар, адамгершілік,
басқаларға қандай жағдай болмасын көмек қолын соза білу, тұрақтылық, барлық
жағдайда түсінушілікпен қарау, сабырлық, кішіпейілділік, төзімдік, адалдық
және тағы осы тұлғалық қасиеттер сияқты көптеген жақсы қасиеттерге ие болуы
тиіс. [4, с.302].

1.2 Арт-терапияны әр түрлі бағыттар бойынша қарастыру

Жүздеген жылдар бойы өнер адамдар үшін ләззат алу көзі болып келді, ал
өнердің көмегімен емдеу салыстырмалы түрде жаңа феномен. Арт-терапия
термині (art-terapy тікелей қазақша баламасы өнермен емдеу деген мағананы
білдіреді) қолданысқа 1938 жылы жоғарыда айтылған Адриан Хилл туберкулезбен
ауырған санаториядағылар мен жұмысында алғаш айтқан. Көп кешікпей бұл сөз
тіркесі ауруханалармен психикалық денсаулық орталықтарында жүргізілген
өнерге қатысты қызметтің барлық түріне қолдана бастады. Бірақ көбнесе бұл
анықтаманы өте кең мағынада әрі нақты емес деп санайды. Өнерді сапалы
терапиялық мақсаттарда қолданудағы құндылығы, символикалық деңгейде әр
түрлі сезімдермен тәжірибе жүргізу арқылы оларға көрініс беру және зерттеу
болып табылады. Сиволдарды іске асыруын алғашқы қауымдық адамдардың
үңгірдегі суреттерінен дейінгі және кейінгілерден байқауымызға болады.
Біздің ертедегі ата-бабаларымыз сиволикалық бейнелерді өздерінің әлемдегі
орны мен адамның күнелтуін айыру үшін қолданған. Өнер қоғамдық құрылыспен
пайда болған қоғамның көрінісі болып табылады. Біздің дәуірімізде бұл
өнердің жаңа стилдерінің пайда болуы моральдік, мәдениеттік құндылықтардың
өзгеруінің дәлелдеуіне себеп болды.[5, с.218].
Көптеген мамандар арт-терапияда өздерінің практикаларында
психодинамикалық көзқараста Фрейд пен Юнгтың символдық формасында бейсаналы
түрде көрінеді дейді. Сонымен қатар, Маргарет Наубургтың ойы бойынша
психокоррекциялық топта олардың мүшелеріне оңай өздерінің қиялдарын,
қорқыныштарын сөз арқылы емес, сурет арқылы көрсетуге болады. Өзінің ішкі
қайғыруының емделуші сурет салу үрдісі арқылы сөзбен айту қабілетін
жинақтайды. Көптеген психокорекциялық топтың жетекшілері қатысушылардың
шығармашылық көркем суретінің нәтежелерін интерпритацияланбайды, тек қана
жабық, тұйық қиялдарын көруге көмектеседі. Осы мақсатпен жетекшілері топта
жылы шырайлы ортаны құрайды, осындай ортада қатысушылардың сынауынан
сақтайды. Сонымен бірге, жетекшілер қатысушылардың еркін ассоцияциясын
бағалауы керек. Ең маңыздысы-қатысушылар ассоцияцияны өз бетімен құрастыруы
керек. Ол өзіндік сананың дамуына ықпал етеді. Кейбір терапевтер
клиенттердің жасаған ассоцияцияларын өздері интерпретациялайды, содан
шыққан қорытындылармен клиентті таныстырады. Мысалы, Бернард Леви айтуы
бойынша қатысушылардың шығармашылық өнімді интерпретациялайтын терапевт
олардың өздерін терең түсінуге мүмкіндік береді. Осыған мысал ретінде, адам
өзін-өзі көру бейнесі арқылы тани алaды. 24 жастағы әйел адам
дипрессиядағы, суретті қара түспен салған өзінің 4 жасында және бірнеше
балетгік аяқ-киімін қолына ұстап алған. Ол әйелдің ассоцияциясында көңіл
бөлген, оның есіне 2 жастағы әпкесі жоғалып кеткенде, осылай тұрғаны және
ол сол күні әпкесі қаза болған. [10, с.124-125].
Терапевтке өзінің есіне түсірген құбылыстар мен оқиғаларды айта
бастағанда оның дипрессиясы төменгі деңгейде болған. Басқа жағдайларда
кенет схематикалық сурет немесе эскиздерді салған кезде оны қобалжытып
жүрген түсі немесе қиялы болуы мүмкін. Еркін ассоцияция қобалжуды
көрсетеді. Саналы деңгейде адам өзінің суреті қандай мағынада берілетініне
қарамастан эмоциялық босаңсуды сезеді. Алайда, мұндай құбылыстар топтағы
мүшелерге терапевт көмектеседі. Символикалықтан нақтыға, бейсаналыдан
саналыға өткен қобалжулардың қайталануы тұлғаның дамуына кедергі жасайды.
Топтық арт-терапияда үнемі қолданатын бірігіп сурет салу болады. Әрбір
қатысушы, ортақ қағазға сурет салады, әлбетте сол мезетте ойына келгенін,
қатысушылар салынған суретті талқылайды. Арт-терапияда психодинамикалык
бағыттардың бір түрі Дж.Вассуллусомның топтық бейнелердің синалактикалық
әдісі. Бұл әдістің бір ерекшелігі катысушылар үйлерінен әрқайсысы бір
сурет салып алып келеді. Барлығы бірігіп дауыс беріп бір суретті таңдайды.
Содан соң сол суреттін авторы өзінде қандай ассоцияцилар бірлескенін
айтады, сол сурет жасау кезіндегі сезімдері туралы айтады, топ мүшелері сол
суретке қарағанда өздерінде пайда болған сезімдері туралы пікірлерін,
ойларын ортаға салады. Ницшидің жүргізген жұмысы, ауруханада жатқан
аурулармен болған, олар әйел адамдар. Олар біраз уақыт өз үйлеріне баруға
рұқсат алғандардың әрқайсында балалары болған. Соның ішіндегі біреуі аю мен
оның қонжығын салған. Бұл суреттің мағынасы біз терапевтерге тәуелдіміз,
бізді олар тамақтандырғанды жөн көреміз, бірақ кей кезде өзіміз аналық
рөлді ойнаймыз. Бұл біз үшін өте қиын. Бұл әйелдердің барлығында бала
тәрбиелеуде ішкі шиеленіс бар. З.Фрейдтің айтуы бойынша, символикалық
суреттер немесе адам қандай түс көріп, соны салса, онда ол бейсаналы
үрдісті көрсетеді. (Синалактикалық әдіс арқылы терапевт ұжымдық
бейнелерді табу мақсат болады, ол тақырып та болады. Сол сеонстың топтағы
қарым-қатынасты, жағымсыз эмоцияны көңіл-күйдің жинақ болу себебін
анықтайды. [11, с.302].
Терапевтердің көбісі З.Фрейдпен К.Юнгтің принциптеріне сүйенбейді,
көпшілігі гуманистік бағытты қолдайды. Оның негізіне қатысушылардың
белсенділігін көрсетеді. Арт-терапия мидың оң жақ бөлігі жақсы дамуына
ықпал етеді. Интуициямен, ориентацияға бағытталған Джейни Райн арт-
терапиядағы гуманистік бағыттың негіздеушісі болады. Оның шарты бойынша
гештальт теорияға сүйенеді, бұл теорияның концепциясы бойынша фигура мен
фонға көңіл бөлуіміз керек. Біздің көріп қабылдауымыз біз не ойлаймыз және
сеземіз соған байланысты. Осындай кезде адам кім екенін, кім бола алатынын
түсінеді. Д.Райн өзінің клиенттеріне өз қабылдауына сенулеріне кеңес
береді. Райн өз тобына әр түрлі материалдар береді, құм, бояу, бор.
Гештальт-терапияның үрдісі кезінде ең алдымен, жетекші қатысушыларға
суретті жабыстыру арқылы, өзіндік идентиорикациямен басталады. Тапсырманы
қарапайым түрде береді, қорқыныш сезімін тудырмауы үшін, саналы және
күтпеген сәтте, өзінің ішкі сезімін білдірулері үшін. Бастапқы кезеңдерде
терапияльщ үрдісте әркім өз бетінше жұмыс істейді. Олардың жұмысы жеке
мінезді көрсетеді, жетекші топқа бағыт бере алады. Мысалы, пластилинмен
өзін қалай қабылдайтын бір фигураны жабыстыру және қандай да фигураны
ұнататын өзінің қиялынан махаббат, сұлулық, еркіндік жайында бейнелеп
бпстайды. Осыны орындағаннан кейін ішкі сезімдерін айтады. Сезімін айтқан
кезде эмоцияның жоғарғы бөлігі ғана көрінуі, кейінірек басқа стадияда топ
мүшелері жұпқа бөлінеді де сурет салады, біреулері келісіп салуы мүмкін,
енді біреулері ойларымен бөлісуі де мүмкін. Альтернативті стратегия
пластилмен фигураны біріктіру болады. Қарым-қатынасты анықтау үшін топ
мүшелеріне көздерін жұмып және бір адам эмоциялық байланысты елестету
керек, ал оны мүлдем агрессияны шығару үшін жойып тастауы да мүмкін. Жұмыс
аяқталғаннан кейін жетекші топ мүшелерінен осы жұмысқа қаншалықты күш
жұысағанын айтады. Басқа да тапсырмалар бар топтың қарым-қатынасын
көрсететін және жабық шиеленісті байқау үшін Райнның ұсынатын жұмысына
жұпка бөлініл, бір-бірінің суретін салу, сол тұлға жайлы мінездеме беру.
Қатысушы өзінің автопортретін салыстыра алады. Мысалы, әйел өзін әдемі деп
ойласа, басқа біреу оның суретінде ернінің формасын үлкен етіп салады, оның
көп артық сөйлемейтінін білдіруі болып табылады. Осындай құбылыс Джейм
Денидің жұмыс істеп жүрген тобында болған өзінің суретін әдемі салған
кезде, басқалар оны керісінше бейнеленген. Арт-терапияның гуманистік бағыты
топта тұлғаны дамыту, интенсивті жеке түрде өту керек. Оның мақсаты саналы
денгейге жетуді терапевт өзі құрады. Клиент өзін-өзі тану ушін өзекті
мәселені де көру керек. Топтың ұйымдасуын ортада қатысушының өзін жаңадан
бағалауы, ішкі қобалжуларын, бұрын байқалмаған сәттерде визуалды бейнеде
көрінген кезде, шығармашылық интениция көріне бастайды. Арт-терапия өзінің
бастауын негізін психоаналитикалық көзқарастардан алады.Осы көзқарастар
бойынша соңғы өнім,көркемдік емделушінің іс-әрекеті ол сурет,картинка
болмаса мүсін,ол бейсаналы психикалық процестердің көрінуі болып саналады.
ХХ ғасырдың 20-ы жылдары осы салада көп зерттеулер жүргізген Принцхорн
(Prinzhorn 1922) өзінің ауруларды емдеудегі шығармашылығын және психикалық,
классикалық зеттеулеріне мынадай қортындыға келеді: өнер ауру адамдардың
көпнесе олардың интенсивті ішкі шиеліністеріне әсер етеді.
АҚШ-та өнерді терапиялық мақсттарда алғаш қолданғандардың бірі
Маргарет Наумбург болды. Бұл саладағы еңбек етуін ол Нью-Иорк штатындағы
психотерапиялық институтында мінез-құлқында мәселесі бар балалармен жұмыс
жасау арқылы бастаған. Кейіннен Маргарет Наумбург Нью-Иорк штатында арт-
терапия саласында мамандар дайындау үшін психоаналитикалық бағдарламаларды
жасайды. Маргарет Наумбург жұмыстары психоанализ бағытының психологиядағы
негізін салушы З.Фрейдің көзқарастарына негізделген: ондағы алғашқы
ойлармен қобалжулар, сандан тыс вербалды емес түрде пайда болады,бейне мен
символдар формасында көрініс береді. Арт-терапия терапевпен емделушінің
арасындағы символикалық деңгейдегі қарым-қатынастың тәсілі ретінде
қолданылады. Көркемдік шығармалардың бейнелерінің барлық түрі бейсаналық
процестер қорқыныш,ішкі шиеленістер,балалық шақтағы елестер, естеліктер,
түс көру және т.б. көріністер, психотерапевтермен З.Фрейдтің бағдарлар
талданады.Ал З.Фрейдтің өзі болса өз емдеу жұмыстарында арт-терапияны
қолданбайды, оған болса да, ол өзіні жоғарғы баға беретіндігі қалады. [22,
с.178-180].
Көру бейнелері көп бөлікте біз түс көру арқылы қобалжыймыз. Түс көруде
сезіммен немесе қобалжулар қатысады, одан ойлар –сонымен бірге,түс көру-ең
басты орында көру бейнелері. Бақытымызға орай түс көруді суреттегенде
қиындықтармен мынадай байланыстар туындайды және олар көбнесе мынадай
сөздерді қолданады. Мысалы: түс көрген адамның сөзі: мен сурет сала
аламын,бірақ мен оны қандай сөзбен жеткізе сипаттай алуды білмеймін. [23,
с.133].
Арт-терапия әдістемесін негізе ала отырып сендіру, адамның ішкі мен-
і көру бейнелерінде, әр кезде сол сурет салғанда және мүсін соққанда өз
еңбектерінде ойланбастан, яғни ол спонтанды пайда болады. Бірақ З.Фрейд
кейіннен мойындағандай, бейсаналылық символдық бейнелерде көрінеді, ол өзі
практикада көркемдік шығармада өзінің емдеушілерін оған қызығушылығын
тудырмаған. Бірақ психологиядағы аналитикалық теорияның негізін қалаушы
К.Юнг болса өзінің емдеушілеріне өзінің түстерін, армандарын және қиялдарын
сурет арқылы бейнелеулерін талап еткен. К.Юнгтің идеялары персональды және
әмбебаптық символдардың бар болуы және қиялдың күшін терапиялық мақсаттарға
қолдану мүмкіндігі бар, қазіргі кезде арт-терапиямен айналысатындарға
тереңінен әсер етті. [24, с.98].
Арт-терапиямен айналысатын мамандар тек қана психологтармен және
психиатрларға қойылған диагнозды нақтылауға немесе емдеу тәсілін таңдап
алуға балалармен немесе стационарлардағы емделіп жатқан үлкендермен
жасалған жұмыстардың талдауларына сүйене отырып,көмектескен.Кейінгі
мазмұнынан көрінетіндей шығармадағы материалды осылай қолдану проективті
тестерде қолданудан айырмашылығы, мысалы, Роршах тесті болмаса, тақырыптық
апперцепциялық тесті жүргізгенде тест тапсырушы адам ерікті формада немесе
суреттегі дақтар жауап қайтаруы керек. Казіргі кезде арт-терапия мамандары
тәжірибе жүзінде мойындалған,тәуелсіз атаққа ие,сонымен бірге жеке тұлғаны
зерттеуге және оны емдеу процестеріне өз үлестерін қоса алады. Бірақ,
мұнымен бәрі бірдей келісе бермейді. Тағы айта кететін жайт, бұл осы
айтылып кеткен амалдың төңірегінде екі бағыт бар. Мына бағытты жақтаушы
мамандарға әлеуметтік реабилитация және еңбек тарапиясы саласындағы
мамандар. Мысалыға алатын болсақ,осы салада көп еңбек сіңірген Эдит Крамер.
Осы бағытты жақтаушылар өнер өзінен-өзі мақсатты іс-әрекетке ие және арт-
терапияны суррогат психотерапия ретінде қарастырады. Бұл бағыттағы
психотерапевтер өнерде өздерінің терапиялық процедураларынан жоғары қояды
және олардың кейбіреулерінен өзінің арсеналынан шығару шығармашылық
процестің стимуляциясына бағытталған дейді.Екінші бағыттың жақтаушыларына
жоғарыда айтылған мысалы, Маргарет Наумбург жатады. Оның жеке көзқарасы
бойынша шығармашылық мақсатқа терапиялық бола түсуге болады деген. Мұндай
психотерапевтер дәрігерлік дайындыққа ие болуы керек. Олар бірақ арт-
терапияны өзіндік қолдануға да болады. Ол көп бөлігі дәстүрлі
психотерапиялық амалға жай ғана қолдану деп санайды. Бірнеше бар
айырмашылыққа қарамастан, екі бағытта таңдамалы өнерде тұлғаның
интеграцияцы және реинтеграциясының құралы ретінде қарастырады. Казіргі
уақытта арт-терапия тек қана аурухана бөлімдерінде ғана қолданыста
емес,оған қоса психокоррекциялық топтан, онда ол таза түрінде сонымен қоса,
көмекші әдістеме ретінде қолданады. Белгілі арт-терапиямен айналысатын
мамандардың көп бөліктері Солтүстік Америкада фредистік болмаса юнгтік
көзқарасқа сүйенеді. Бірақ көбісі гуманистік психологияның әсерін сезінген
және оны дұрыс деп табады, тұлғаның гуманистік теориясы психокоррекциялық
топтармен жұмыс кезінде психоаналитикалық теорияға қарағанда көп келісілген
түбірін тудырады делінген. Жоғарыда айтылғандай арт-терапияның дамуынан
психодиагностикалық бағыттар көп әсер еткен. Ал дамуына үлес қосқан
авторлар ең біріншіден арт-терапия терминін ғылымға енгізген: Адриан
Хиллдан бастаған жөн болар. Сонымен бірге М.Наумбург, З.Фрейд, К.Юнг,
Э.Крамер болып табылады. [25, с.35-39].
Осы арт-терапияның дамуындағы жаңа кезең ХХ ғасырдың 60-шы жылдарының
аяғы мен 70-шы жылдардың басынан басталады. Әсіресе осы жылдардың бас
кезінде арт-терапиялық топтардың жұмысының мынадай формасы, топтық
интереактивті арт-терапияның бастауы қалана бастады. Мұндай топтық арт-
терапияның жұмысының формасы пайда болуына өмірдегі көптеген жағдайлармен
шақырылған,олардың қатарында:
- әлеуметтік-саяси, институтциональды және мәдениеттік контекістердің
өзгеруі;
- клиенттердің психотерапиялық тілектерінің және қажеттіліктерінің
өзгеруімен, эмоциялық-құрылымдық бұзылулары;
- топтық психотерапияның практикада және теориялық тез дамуы және
арттерапиялық іс-әрекетке жетудегі біртіндеп ассимиляциялау;
- арт-терапиялық топ жүргізушілерінің кәсіби өсуімен және арттерапиялық
білім беру жүйесінің дамуымен;
ХХ ғасырдың екінші жартысында алдынғы кезеңдермен салыстырғанда,
техникасының даралануы тым қиын. Айта кететін жайт, арт-терапия
психотерапияның саласы ретінде енді ғана дамуда. Казіргі кезде арт-терапия
өнерге қатысты барлық қызмет түрлерінде психотерапиялық мақсаттарға
қолданылып келеді. Барлық уақытта шығармашылық тұлға, шығармашыл мақсатқа
ұмтылады, ал сыртқы жағдайлар оған кедергі жасайды. Арт-терапия кезінде
шығармашылық процесс жағымды болса онда арт-терапияда өз мақсатына жетеді.
[26, с.108-110].

Арт-терапияны қолдану арқылы қол жеткізуге болатын мақсаттар

Агрессияға болмаса басқада негативті сезімдерге әлеуметтік шығар жолды
табуға мүмкіндік береді. Суреттермен, мүсіндермен жұмыс жасау күштеуді
бәсеңдетудің қауіпсіз түрі болып табылады.
Емдеу процесін жеңілдету. Түсініксіз ішкі шиеленістер және қобалжулар
көбінесе көру бейнелерінің көмегімен вербалды психотерапия кезінде сөзбен
айтқанға қарағанда көрсету оңай. Вербалды емес қарым-қатынас санадан тез
шығады.
Интерпритацияға және диагностикалық қорытындыларға материалдар алуға
болады. Көркем шығарманың өнімі ұзақ уақыттылық, емделуші оның бар екенін
жоққа шығаруы. Терапевтке емделушінің көркем жұмыстың стилі және мазмұны
емделуші туралы ақпарат береді, сол арқылы терапевт өзінің еңбектеріне
интерпритация жасауға болады және жақсы көмектеседі .
Емделушінің басым болуына дағдыланып кеткен ойлары мен сезімдерімен
жұмыс жасау. Кей кездері вербалды емес амал, бірден-бір күшті қобалжулармен
сендірулерді анықтауға,көрсетуге мүмкіндік береді.
Терапевт пен емделушініңарасындағы қарым-қатынасты жақсарту үшін
көркем іс-әрекетке бірлесіп қатысу ол қабілетті қарым-қатынас, эмпатия және
өзара түсінушілік туындауына әкеледі.
Ішкі қадағалау сезімін жоғарылату. Суреттермен картиналардан жұмыс
болмаса мүсін соғу жұмыстарында түстерді және формаларды тәртіпке салу
қарастырылмайды.
Зейінді қабылдауға және сезімдерді шоғырландыру. Таңдамалы өнермен
жұмыстар бай мүмкіндік тәжірибе жасауға кинестетикалық және көру
түйсіктеріне, қабылдау қабілеттіліктерінің дамуына жағдай жасайды.
Көркемдік қабілеттерді дамыту және өзін-өзі бағалауын жоғарылату. Арт-
терапияның соңғы өнімі қанағаттану рахат алу сезімі, ол жасырын таланттың
көрінуінің және олардың дамуының нәтежесі.
Жоғарыда аталған әсерлерден басқа көркем өнерді психокоррекционды
топпен жұмыста қолданудың қосымша нәтежесі, қиялға түрткі және дау-дамайға
топ мүшелерінің қарым-қатынасын дұрыстауға көмектеседі. Өнер қуаныш
әкеледі, бұл ешқандай жағдайға тәуелсіз (өзінен-өзі маңызды), бұл қуаныш
біздің санамыздан тыс пайда болады ма, болмаса ол саналы әрекеттің нәтежесі
ма ол әлі күнге дейін бізге белгісіз. [38,с.105].

1.3 Арт-терапиядағы диагностика

1.Дайындық кезеңі яғни, шығармашылық жұмысқа дайындық. Бұл кезеңнің
міндеті - топ мүшелерінің спонтандық көркемсурет іс-әрекетіне дайын
болулары және топ мүшелерінін өзара тіл табысып, қарым-қатынасқа түсе алуы.
Бұл жерде психологиялық ойындар, қимыл-қозғалыс, билейтін жаттығулар,
бейнелеу өнері кіреді. Осы жаттығуларды орындаған кезде саналы түрде
бақылау жойылады да реалаксация жүреді.Визуалды, аудиалды, кинестетикaлық
сезімдерді дамыту. Бұл жерде әуен және би терапиясының элементтері бар
суретті пайдалануға болады. Көптеген советтік шетелдік ғалымдардын:
(С.С.Корсаков, В.М.Бехтерев, К.Швабе және т.б) айтуынша әуенді терапия
ретінде пайдаланады. Әуен адамның көңіл-күйіне әсер етеді және емдеу
үрдісін көп әсерін тигізе отырып, толық жазылуына мүмкіндік беріп, озінің
ішкі жан-дүниесін білуге, түсінуге мүмкіндік береді. Терапия кезінде сөзі
жоқ әуенді таңдау керек және даусы топ мүшелерінің біреуіне ұнамай қалса
да, басқа әуен қосу керек. Соңын бимен және қимыл-қозғалыс терапиясымен
ұштастыруға бола
2.Жеке дара бейнелеу жұмысымен шұғылдану. Бұл кезең өзінің түйінді
мәселесі мен жан күйзелісін зертгеуге арналған жеке дара бейнелеу жұмысы.
Спонтандық шығармада, яғни бейнелеу жұмысында адамның санадан тыс
процестері (қорқыныш, түс көру, ішкі қарама-қайшылықтар, балалық шақтағы
елестер) көрінеді. Сонымен қатар, арт-терапия адамның ішкі күйін ашуға
көмектеседі. Осының арқасында адам сөзсіз-ақ айта отырып өзінің мәселесі
жайында түсінеді және өзінің бойындағы қасиеттерін тани отырып, талдау
жасап үйренеді. Топ мүшелерінің суреттері арқылы қимыл-қозғалыс,
тәртіптерін білуге болады. Топ мүшелері экспрессияға дайындалу деңгейі
арқылы, арт-терапевтпен қатынасқа және өзінің күйзелістерін ашық айта
алуларынан ерекшеленеді. Кейбір адамдар суретін идеалды, әдемі салуға
тырысады. Бұл кезде оларға суреттің әдемілігі бағаланбайды деп ескерткен
жөн. Керісінше, ең қажеттісі спонтанды шығармашылық үрдіс, сурет салушының
эмоциялық жай-күйі, оның ішкі дүниесі және өзін-өзі көрсетудегі адекватты
заттар. Бұл кезең жанама диагностика болады. Жобалау әдістемелерінің
талдауы бойынша талдауға болады. Сурет салып отырган кезеңде жеке адамның
осында және қазір принципін, күйзелістерін жасыруын, сезімдерін бақылап
отыруын қадағалап қарау керек. Түрлі-түсті бояулар нақты түрде көңіл-күй
мен психикалық күйдің нюанстарын көрсетеді. Өте қатты күйзелісте жүрген
адамға, қорқыныш сезімі бар, агрессиясы адамға пластилиндік материалмен
жұмыс жасаған өте жақсы көмектеседі. Бұл техниканы қолдау арқылы
сенімсіздікті жоюға, жағдайға байланысты үрейді жояға болады.
3.Вербалды және вербалды емес қарым-қатынасты жақсарту. Бұл кезеңнің
міндеті топ ішіндегі қарым--қатынасты жақсартуға жағдай жасау. Топ
мүшелерінің әрқайсысына өз жұмыстарын көрсетіп, бейнелеу жұмысы кезінде
пайда болған байланыстар, ойлар, сезімдер жайлы айтулары керек. Топ
мүшелерінің ашық болуы, ашылуы, сол адамның жеке ерекшеліктеріне, арт-
терапевтке, топ мүшелеріне деген сенімінен айқын көруге болады. Егерде,
белгілі-бір себептермен суреті жайлы айтқысы келмесе, оны қинауға болмайды.
Топ мүшелеріне салған суреттеріне ат қойып, әңгіме айтуларын сұрауға
болады. Мұндай бастама ішкі жан дүниелерін ашуға көмектеседі. Топ
мүшелерінің суретері арқылы барлық маглұмат алуға болады.
4.Кішкентай топтар арасындағы топтық жұмыс. Топ мүшелері кішкентай
қойылымдарды қоюына болады
5.Рефлексиялық талдау. Бұл қортынды кезең болып саналады. Яғни,
өздерін және басқа да топ мүшелерін жақыннан түсінісе бастайды. Арт-терапия
шығармашылық процесс. Арт-терапияда белгілі бір нұсқаулар, талаптар болмауы
керек. Және топ мүшелері берілген тапсырманы қалай орындайды, қандай түспен
бояйды, оны өзі біледі. Сонымен қатар, арт-терапияда басқалармен
салыстырушылық болмауы керек. Суреттің әдмілігі талданбайды, мағынасы
талданады. Арт-терапевт топ мүшелеріне тапсырма бергеннен кейін, олардың
бейнелеу, көркемдік іс-әрекетіне неғұрлым көп араласпаса, соғүрлым эффект
жақсы болады. Арт-терапия сабағында әуенді, әнді, қимыл-қозғалысты, биді,
драманы, поэзияны, шығарманы пайдалануға болады. [39, с.210-215].

Жеке сурет салу
Жеке сурет салу барсында ескерілетін жағдайларға тоқталсақ.
Мақсаты.Бұл тапсырма сабақты бастауға жақсы сәйкес келеді.
Топ мүшелерінің шығармашылығының бастауы сонымен қатар оларға өздерінің
эмоцияларын түсінуге және бір-бірімен танысуға көмектеседі.
Қажетті уақыт. 1сағат.
Қажетті құралдар. Қағаз,түрлі-түсті қаламдар және борлар, бояулар.
Сонымен қатар мүсін соғуға қажетті саз балшықтар.
Дайындық. Қажет етпейді.
Процедура. Топ мүшелері қағаз, түрлі-түсті қаламдардан таршылық
көрмеуі қажет. Әр адам өзімен-өзі жеке қала алатын орынға жайғасады.
2 минуттай уақыт ойларын жинақтауға, сезімдеріне құлақ асуына беріледі.
Оларға алдағы жұмыстың шығармашылық жағын ойлаудың қажеті жоқ.Топ мүшелері
жәй қалам алып сурет салуды бастайды.
Өзінің сезімдерін білдіру үшін сызықтарды, фигураларды түрлі-түстермен
салуғада болады. Бұл жерде сурет салушыға берілетін тапсырма символдық
түрде өзінің сезімдерін, ол сол кезде өзін қалай сезінсе, жоғарыда болмаса
төменде екендігін айқын бейнелеу. Топ мүшелеріне белгілі-бір нәрсені
бейнелеуге күштеудің қажеті жоқ, сол уақытта басына не келсе, соны
бейнелеуге тырысуы қажет. Топ сурет салып аяқтаған соң, басқалардың
жұмыстарынан алған әсерлер туралы пікір алысады, бірақ оларға баға беруге
тырыспауы керек. Өздері бейнелеген суретте, өздерінің сезімдері қалай
көрініс тапқандығы жөнінде айтуларына болады. [40, с.75].
Әр түрлілік үшін, бұл жерде тек ғана түрлі-түсті қаламдармен ғана емес,
сонымен бірге борлар, бояулар және саз балшықты да пайдалануға болады. Бұл
жерде қай кезде болмасын, ең бастысы, өздерінің сезімдеріне ерік беріп, өз
еңбектерінен өздері туралы азда болса, жаңа ақпарат алуға ұмтылу. Әр адам
бұл тапсырманы өздерінің қиялдарын оятып, ішкі қалыптарын бейнелерде көру
үшін қолданады.

Жұптасып сурет салу
Жеке сурет салудан жұптасып сурет салудың өз ерекшелігі де бар. Осыған
мән берсек.
Мақсаты. Бұл тапсырма жеке тұлғалардың арасындағы шиеленісті зерттеуге
жақсы көмектеседі.
Қажетті уақыт. 0,5-1 сағат.
Қажетті құралдар. Қағаздар, түрлі-түсті қаламдар және борлар.
Дайындық. Әдейі ұйымдастырылған дайындықты қажет етпейді.
Процедура. Әрбір топ мүшесі өзіне жұп таңдайды. Ескертетін жайт, ол
өзіне жұп ретінде, кіммен қарым-қатынасы анықталмаған, өзі жақсырақ
танысқысы келетін адамды алады. Екеуінің арасына үлкен қағаз жазады,
әрқайсысы өзіне қажетті көптеген түрлі-түсті борларды алады. Олар қағазды
бірлескен шығармашылығының кеңістігі ретінде қабылдап, жұмысты серіктер бір-
бірінің көзіне тіке қараудан бастауы керек. Осыдан соң, үлкен қағазға
өздерінің үнсіз спонтандық сурет салуда сезімдерін бейнелеуге кіріседі.
Олар қарым-қатынасқа тек фигура және сызықтар, түрлі –түстер арқылы ғана
түседі. Сурет салуды аяқтаған соң, жұптар өздерінде болған әсерлер туралы
пікір алмасады. Олар жұптарының суретіне қарағанда, өздерінде болған
эмоцияналды реакциялар туралы, екеуінің суретіндегі сәйкестіктерге, мінез-
құлық ерекшеліктеріне, авто демонстрация етіп отырған топтағы әр серік
өзінің серігі туралы жаңа бірнәрсе білуге ұмтылуы қажет.[41, с.122].

Топтық сурет салу
Топтық сурет салудың өзіне тән ерекшеліктерін ескерсек, онда жұмыстың
сапалы өңдеуіне өз ықпалын тигізеді.
Мақсаты.Бұл тапсырма топ мүшелерінің шығармашылық жұмысқа әркім өз
үлесін енгізуге болады. Бұл топтағы рөлдік қарым-қатынасты және
қатысушылардың индивидуалді тәжірбиесіне басқалардың әсерін айқындау үшін
күшті тәсіл болып табылады.
Қажетті уақыт. 1сағат.
Қажетті құралдар. Қағаздар, түрлі-түсті қаламдар және борлар.
Дайындық. Басқарушы топтық арт-терапия динамикасы туралы кішкене
болсада елесі болуы керек. Барлығы дөңгеленіп отырып, әр адам не қажет деп
тапса соны бейнелеуді бастайды. Басқарушының сигналына кейін, барлығы
өздері бастаған суреттерін сол жақтағы көршісіне береді де, оң жақтағы
көршісінің бастаған суретін алады. Осыдан кейін, әркім алған суреттерін өз
суреттері сияқты ары қарай жалғастырады, оған өздері қалаған
өзгертулермен, толықтырулар енгізе алады. Келесі сигнал берілгенде, тағы
сол секілді, сол жаққа суретті береді де, оң жақтан алған суретті
жалғастырады. Әр топ мүшесі өзі бастаған суретті алмайынша осылай жалғаса
береді. Қатысушыларға өздері бастаған суреттердің қалай жалғастырылғанын
қарағанда өздерінде пайда болған сезімдерді ұғынуға ұмтылулары керек. Әр
топ мүшесі суретті сол күйінше қалдырады ма жоқ, әлде өзгертулер енгізеді
ме, оны өзі біледі. Топ мүшелері өздері жасаған жұмыстарынан алған
әсерлерді талқылайды. Бірлескен сурет салуда, қарама-қарсы нұсқасы ол
қатысушылар ортақ бір композицияға өздерінің үлестерін қосады. Сонымен
қатар, әрбір қатысушы өздерінің көңіл күйлері туралы топпен бірге ортаға
салады. Әрбір қатысушының топтық тәжірбиеден алынған жұмысқа өзінің жеке
қатынасын білдіру арқылы жұмысты аяқтаймыз. [44, с.125].
Арт-терапиялық жаттығулар: Серуендеу
Мысалы, дәптер бетіндегі "серуендеу" қатысушыларға өздерін жалғыз әріппен
белгілеп, парақтың аумағы мен шекарасынан шығып кетпей, белгіленген
территорияда "серуендеу" ұсынылады. Арт-терапевттің белгісімен барлық
қатысушылар тоқтап қалады. Осыдан кейін кім парақтың қай жерінде
орналасқаны талқыланады. Кейбіреулер кеңістікті жақсы сезбейді және олардың
"әрпі" қай жерде - парақтың басында ма, әлде соңында немесе шетінде
орналасып тұр деген сұраққа жауап берген кезде қателеседі. Мұндай құбылыс
дисграфиямен ауыратын балаларға тән. Жаттығуларды қайталаған кезде
қатысушыларға, яғни "әріптерге" сөзге, есімге бірігуді ұсынуға болады.
Сонымен қатар, оларға сапқа тұруды, дөңгелек, төртбұрыш, т.б. фигураларды
жасауды ұсынуға болады. Осы арқылы арт-терапиялық кеңістік дұрыс игеріліп,
кеңістікте қиялдау жетіледі. "Серуендеу" ерік болуы мүмкін. Жаттығудың
мақсаты - бөлменің белгілі-бір аумағындағы түрлі қимылдар (бірқалыпты және
кенет, ақырын және тез) кезінде өзіне көңіл аударып, өз денесін сезіну.
Ақырындап жаттығу күрделене береді. Мысалы, серуендеп жүріп қатысушылар
вербалды емес тәсілдерді (жест, мимика, күлімдеу) қолдана отырып кездесуді
имитациялау. Келесі тапсырмада әр кездесу ден кейін қозғалыстың бағытын
шұғыл өзгерту керек. Мысалы, арттерапевттің нұсқауымен 90 немесе 180
градусқа бұрылу, отырып тұру, секіру, т.б. Осылайша дайындаушы
жаттығулардың барлығы сезімдерге, эмоциялық күйге назарды шоғырландыруды
жүзеге асырады. Джейн Райнның сөзі бойынша бұл әрбір қатысушыға өзін
айқындаудың бағытын өзі анықтауға мүмкіндік береді. Бастапқы кезде жетекші
сурет салу немесе басқа да шығармашылық іс-әрекетпен айналысу арқылы
қатысушылардың өзін айқындаудың еркіндігіне қол жеткізуге көмектесуі керек.
Автордың көрсетуі бойынша тапсырмалар қорқынышты тудырмауға, сананың
бақылауын әлсіретуге және қатысушыларға өздерінің ішкі күйін көрсетуге
көмектеседі. Көніл күйді, өз қиялынан бір нәрсені немесе махаббат, жек
көру, сұлулық, еркіндік туралы өздерінің түсініктерін бейнелеуді сұрауға
болады. Тапсырманы орындап болған соң қатысушыларға өздерінің қайғыруларын
айтып беру ұсынылады, қиялдағы ойларды бейнелеу кезінде басып отырылған
эмоциялар көрініс табуы мүмкін. Осындай жағдайда топ болып жұмыс істеуге
болады.
"Көңіл-күй бейнесі мен пластикасы"
Пластилинмен және түсті қамырмен жасалатын жұмыс.Қамыр кішкентай
балалар үшін қолайлы әрі қауіпсіз материал болып табылады. Осы жаттығуды
агрессивті эмоциялар, деструктивті мінез-құлық, қорқыныш терапиясында
қолданған пайдалы. Бастапқы кезде белгілі бір түсі бар қамыр немесе
пластилиннен келісті форма жасау ұсынылады. Кейін көңіл-күй түсіне сәйкес
қатысушылар топқа бірігеді. Әркім өз оқиғасын айтып береді. Кейін
индивидуалды жұмыстардан бір түсті ұжымдық композиция жасалады (Тақырыптар:
Менің әлемім, Менің жан дүнием, Пластилиннен жасалған кала,
Пластилинді жұмақ, т.б.). қатысушылар өнімінің тақырыбы мен сюжетін, атын
өздері ойлап тапса дұрыс болады. Материалдардың иілімділігі жұмыска
көптеген өзгерістерді енгізуге, сәйкесінше эмоциялық көңіл-күйді түзетіп
жақсартуға жағдай жасайды. Жағымсыз эмоциялар топтың жағымды, тілектестік
атмосферасында еріп, жоғалып кетуі мүмкін. Осындай мақсатта терапия ұжымдық
форма жасаумен аяқталады, яғни жеке пластилиндік фрагменттерден бір түсті
Көңіл-күй шарын жасау. Осы жаттыудың басқа түріндегі нұсқay нақтырақ
болуы мүмкін: 1.белгілі бір көңіл-күйді бейнелеңіз (немесе өзіңіздің
қиялдарыңызды; бақыт, сұлулық, махаббат, еркіндік, сезім, т.б. туралы
түсініктеріңізді). 2.өзіңіздің мен бейнесін жасаңыз (субтұлғаны).
метафора қолдану арқылы пластилиннен өзіңіздің ұнайтын және ұнамайтын
қасиеттеріңізді бейнелеңіз презентациялаудың кез келген түрін қолдана
отырып пластикалық бейнеде көрініс табатын өзіңіздің қайғыруларыңызды
бейнелеп беріңіз. Пластилиннен, қамырдан, саз балшықтан форма жасау
көркемдік бейненің символдық мәні мен түрін өзгерту! Мүмкін, сондықтан да
ол өзге координат жүйесінде жаңа Мен бейнесін, өнімді қарым-қатынасты,
тұлғаның құндылықтарын модельдеуге көмектесетін тиімді арт-терапиялық
тәсіл болып табылады.
Сезімдерді бояу
Осы жаттығуды екі кезең бойынша өткізген дұрыс. Бастапқыдан
қатысушылар А4 парағына абстракты түрде сызықтар мен формалар арқылы өз
тәжірибесінен белгілі ең жақын сезімдерді жай қаламмен бейнелеуі керек.
Мазасыз және тұйық балалармен жұмыс жасаған кезде АЗ форматын, көркемдік
көмірді немесе сангинаны қолданған дұрыс. Бейнеленген сезімдердің атауы
суреттердің екінші бетіне жазылады. Кейін әр бейнеге сәйкес түсті таңдай
отырып суреттерді бояу қажет. Бұл жаттығу көркем түрде теренде жатқан
сезімдерді бейнелеуге, яғни іштей серпіліске жетуге көмектеседі. Бұл
өздерінің эмоцияларын ұстай алмайтын және агрессия немесе деструкті мінез-
құлыққа бейім субъектілер мен жұмыс жасағанда пайдалы. Психологтың міндеті
өздерінің сезімдерін шынайы білдіруге және басқаларға қатысты сыйластықпен
қарауға түрткі болу. Балаларға сезімдер мен моральді байланыстыра білуді
үйрену керек. Біртіндеп өзінің басым сезімдерін зерттеуге және анализдеуге
қажет құнды тәжірибе мен батылдық жиналады. Осындай сезімдерді үғынуға
көмектесу арт-терапиялық ойындар мен жаттығулардың психотерапиялық қорын
құрайды. Себебі ұғынылған және ұғынылмаған эмоциялардың арасындағы конфликт
невроздардың негізі болып табылады.
Балалық шаққа саяхат
Ерте кездегі еске түсірулердің суреттері автордың оны қоршаған ортамен
өзара байланысының өзінше бір метафорасы ретінде қарастырылады. Балалық
еске түсірулер тұлға аралық қатынастардың символикалық моделі ретінде өзара
әрекеттесудің индивидуалды ерекшеліктерін, коммуникативті қиындықтарды және
оларды шешудің тәсілдерін, бұрынғы және қазіргі кездегі жауап қайтарудың
сипатын бейнелейді деп есептелінеді. Аталған феномен бейнелеу өнерінің
табиғатымен тығыз байланысты және арт-терапиялық диагностика контексінде
үлкен маңызға ие. Балалық еске түсірулердің сөздері мен суреттері
субъектінің ішкі өмірімен байланысты сезімдерді шығармашылық тұрғыдан
айқындауға үлкен түрткі болып табылады. Сондықтан бірнеше терапиялық
сабақтардың тақырыбы мынадай болуы мүмкін: Өзіме бала сияқты ойнауды
рұқсат ете аламын. Тапсырмалардың бірі: жазбайтын қолмен балалық шақтан ең
сүйікті ойынды салып, суретке атау беру керек. Мақсатқа байланысты нұсқау
балалық еске түсірудің эмоциялық бояуын таңдауға еркіндік қалдырады.
Дәлірек айтқанда: -жазбайтын қолмен балалық шақтың белгілі оқиғасын салу;
-жазбайтын қолмен балалық шақтьщ ең жарқын еске түсіруін
салу. Жұмыста жұмсақ бейнелеу құралдарын (балауыздан жасалған борлар,
пастель) және форматы үлкен қағаздарды (АЗ және одан үлкендерін) қолданған
дұрыс. Оң қолмен жазатын адамдар сол қолымен сурет салу кезінде өздерінің
қабілеттерінің шекарасын кеңейтеді, сана бақылауын азайтып, сезімдерге
қарайды, яғни спонтанды бола бастайды. Ол өз суретінің көркемділігі туралы
ойламай, жай сурет сала бастайды. Осындай кезде күшті қайғырулардың,
балалық қорқыныштың көрініс табуы және жарқын шығармашылық бейнелердің
пайда болуы мүмкін. Неліктен осы балалық ойда пайда болғанын талқылаған
дұрыс. Адам бейнелермен жұмыс істеу кезінде өзін қалай сезінді және өзін
қазір қалай сезініп жатыр? Еске түскен оқиғаның азтордың өмірлік
сценариімен, мінезқұлықтың басым жақтарымен қандай байланысы бар? Оның
қазіргі өмірінде қалай көрініс тауып жатыр?. Келесі терапиялардағы балалық
еске түсірулердің тақырыбы мынадай болуы мүмкін: Менің бірінші өтірігім,
Есте қалған оқиға, Мен - кішкентай бала, Мен кішкентай болған кезімде
... , Балалық құпия, т.б. тез өтіп кетеді. (Сөздер мен символдар өзіндік
реттеудің табиғи механизмдерін қосуға қабілетті жарқын әсерлер мен шынайы
сезімдерді оятатыны белгілі.Қорқыныш сезім (эмоциялық компонент) міндетті
түрде қимылдық мазасыздықты (моторлық компонент), адамның ойының өзгеруін
тудыратыны жалпыға белгілі. Демек жағымды бей нені суреттеп қиялдаған кезде
мимика, жест,қимылдар өзіне және басқаларға деген қарым-қатынаста көрініс
табатын рахаттану сезімін бастан өткізуге болады. Сондықтан терапия
мақсатында жағымды тақырыптар пайдалы: "Мен жақсымын", "Балалық шағымның ең
жарқын әсерлері", "Қуаныш". Арт-терапиялық техникалардың нәтижелілігін
қатысушылардың өздерінің пікірлері, олардың тұрақты түрде терапияға
қатысуға деген құлшыныстары, сонымен қатар өзара қapым-қaтынас тaғы жағымды
өзгерістер және басқа да белгілер дәлелдейді. Арт-терапияның тиімділігінің
жалпыланған белгісі болып қатысушылардың көңіл-күйінің әлеуметтік және
психологиялық динамикасының көрсеткіші есептеледі. [46, с.42].

Кемпірқосақтың түстері. (Радуга)
Бұл негізіен кооперпацияға арналған жатгығу. Жатгығу cәтri болу үшін
әр ойыншы бірін-бірі жан тәнімен түсінісуі керек, нәтежиесінде ойынның баяу
жүруіне қарамастан олар бір ритмге және бірдей жағымды көңіл күйде болуы
керек. 1.Ойыншылар шағын 5-6 адамнан тұратын топқа бөлінеді. Әр топ
өздерінің шеңберлерін жасап бір басшы сайлайды және ол жоғары дауыспен үшке
дейін санау керек. Топ басшы 3 деп айтқан cәтre қалғандары бірдей түсті
айтып хормен айту керек. Мысалы: қызыл, қара, көк. Ойынның мақсаты - әр
топтың мүшелері алдын ала келіспей ақ бәрі бірдей түсті айтуында. Осымен
қоса мына шартгарды орындау керек: ойыншылар бір түсті екінші рет
қайталамау керек. 2.Жатгығу барлық ойыншы бірдей түсті айтқанда бітеді.
Жалпы алғанда, ұсынылған жаттығулар жан-жақты болып табылады. Олар айна
секілді шынайы өмірдегі адамның мінез-құлық моделін бейнелейді. [47,
с.177].
Қазіргі кезде қолданылатын топтық арт-терапияаның формалары
Олар төмендегідей:
-студиялық ашық топ
-өзгермелі (аналитикалық) топ
-тақырыптық топ
Бұл топтың атауы, яғни “ашық” сөзі, белгілі –бір құрамы жоқ деген
мағананы білдіреді. Топтың жұмысына қай уақытта болмасын келушілер қосыла
алады. Онымен қоса, мұндай топтың қатысушылар кез-келген уақытта оған
келуін тоқтата алады. Бұл топтың “студиялық”деп аталуының себебі, оған
қатысушылардың көркем жұмысы, шығармашылық студияның жұмысын еске түсіреді.
Студиялық топты құрыстырылмағандеп те атайды.
Студиялық ашық топтарда сабақ әдейі жабдықталған, белгілі-бір орын
саны бар, шығармашылық жұмысқа индивидуалды құралдар жиыны бар, кабинет-
студияларда жүргізіледі. Кабинет-студияларда демалу орындары арнайы
креслолармен, шайға, кофеге арналған орындықтар, мына жағдайларда студияға
келушілер, жұмыс кезінде болатын үзілісте, бір-біріне кедергі келтірмей,
қарым-қатынас жасауы үшін жасалған.
Жұмыс алдында топпен жұмыс жасаушы психотерапевт (немесе осындай
топпен жұмыс жасайтын маман) берілетін тапсырманың жүргізілуінің жалпы
ережесін түсіндіреді. Терең психотерапиялық жұмыс студиялық амалды
қолданғанда келсім-шарттың қортындысы қаралмайды. Сонымен бірге
психотерапевтің көздегені, бұл жұмыстың дәстүрлі шығармашылық студиялардан
айырмашылығы бөліп қарағанда жалпы мақсаты “еркін шығармашылықта өзін
көсету” топ мүшелерінің сезімдерімен ойларын және фантазияларын таңдамалы
іс-әрекеті арқылы көрсету. Кей жағдайларда әсіресе психотерапевт топтың
өкілдерімен индивидуалды раппорт құруды көздегенде және белгілі-бір
интервенциялар мен вербалды кері байланысты, оның ішінде топтық талқылауды,
ол топтың іс-әрекетінің “психотерапиялық бағытын” көрсетуі мүмкін, яғни
студияның келушілерінің көркем шығармашылығы, олардың өздерінің сезімдерін,
ойларын және қиялдарын сурет салу формасында өрнектеуі топ өкілдерінің
психикалық мәселелерінде және эмоциялық қалыптарының тұрақтануына немесе
белгілі-бір емдік әсері болуына әсер етуі мүмкін. Психотерапевт топ
мүшелерінің жүріс-тұрысы туралы жалпы ережені және басқалардың “жеке
кеңістіктерін” сыйлау қажеттілігін айтады. Бұл олар художестволық шығарма
процесіне кедергі жасамауы керек және олардың жұмыстарына баға беруге
тырыспауы қажет, әрине топтық талқылау ұйымдастырылмаған жағдайда дегенді
білдіреді. Сонымен қатар психотерапевт топ мүшелеріне мен сендердің
жандарыңдамын, сендерге қажет жағдайда қандай көмек болсада, беруге даяр
екендігін айта алады. [37, с.218].
Осыдан кейін ол студияға келушілерді жұмыс жасауға шақырады. Қанша
дегенменде олар әртүрлі темпте жұмыс жасағандықтан дайындалу деңгейлерімен
ерекшеленеді “еркін шығармашылықта өзін көрсету” психотерапевт жеткілікті
нәзіктілік көрсетіп, қажет жағдайда топ мүшелеріне жеке көмек олардың іс-
әрекет құрылымынан көрініс табатын, эмоцияналды мәнерлі фасилитация,
эмоцияналды қолдау және т.с.с. Мұның барлығы топ мүшелеріне өздерін
қауіпсіз сезінуге, өздерінде болатын қорқынышпен, сенімсіздікпен куресуге
және көркем жұмысқа өтуге көмектеседі. Әртүрлі ерекше көрсеткіштерді топқа
клиент таңдағанда есепке алады, тапсырма іс-әрекеттің шарттары
ерекшеліктері, мінез-құлық ережелері, жұмыстың дайындық кезеңі,
индивидуалды арт-терапиямен салыстырғанд ұзақтылық өте аз мөлшерде топ
мүшелерінің өз сезімдерін залалсыз ретке келтіру, қажеттіліктерін және
қиялдарын мінез-құлықтарында өте аз деңгейде көрінеді. Психотерапевт топ
мүшелерінің мінез-құлықтарын бақылай отырып, кейбіреулерінде өте күшті
эмоцияналды көріністер, олардың жұмыстарына кедергі жасайтындай болса, ол
адамға ескерту айтылады, кей жағдайда топтан қуылады [39, с.35].
Басқаларының бәрінде, студиялық жұмыс кезінде көздегені, демократиялық
атмосфера және психотерапевтің дерективті емес амалды қолдану. Ол жеке
көркем жұмысқа топ мүшелерінің өте қатты қызығушылығын тудыруға
талпынбайды, кей жағдайда оларға студия атмосферасында кішкене болсада,
көркем іс-әрекетке араласуы өздерін тиімді болады. Осыған қарамастан топ
мүшелерімен вербалды контакт, көркем жұмыс өте аз, ал топ ашық
болғандықтан, сәл уақыттан соң, белгілі-бір мәдениет қалыптасады. Бұл ең
бастысы, символдық деңгейде топ мүшелерінің қарым-қатынасына байланысты,
олардың өздері жасаған бейнелері, вербалды емес мәнерлі үзіліс кезеңінде
болатын қарым-қатынастан айқын көрінеді.
Жүргізілу тазалығы, сессияның ұзақтылығы бұл қолдануда, топтық арт-
терапия формасында сияқты, олардың ұзақтылығы да әртүрлі. Уақытша
нәзіктігінің шекарасы, топтық арт-терапияның формасы, ұзақ мерзімді
жұмыспен оны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арт - терапиялық жаттығулардың бала психикасына әсері
Индивидуалды және топтық психотерапия курсынан қысқаша лекциялар
Арнайы білім берудегі арт-терапия
Психология пәні және оның психологиялық білімдер жүйесінде алатын орны
Топтық психотерапияның қалыптасуы
Психологиялық стресстің формуласы
ПСИХОЭМОЦИЯЛЫҚ САУЛЫҚТЫ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ АРТ-ТЕРАПИЯНЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ПРАКТИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ пәні бойынша СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Психотерапия пәні бойынша дәрістер
Есірткінің ішкі ағзаларға әсері
Пәндер