Шығарманың мазмұны мен пішіні жайлы


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы : « Шығарманың мазмұны мен пішіні. »
Орындаған: Әлиханқызы А.
ПД-305
Тексерген: Секей Ж. С.
Семей қаласы
2015 ж
Жоспар:
1. Көркем шығарма жайлы түсінік.
2. Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні.
1. Көркем шығарма - өнерді осы нақты әлемде көрсетеді. Олар шынайы көркем жаңа мәдениетте өзінің-өнердің біртуар шығармалары тарихымен қатар дами отырады.
Бұл әлемдегі заттардың бәрі өзінің мәніне, мағынасына және баға-құнына тікелей адаммен байланысында ғана ие болады. Бұл дүниеде мүмкіншілігі бар бүкіл болмыс және барлық мән-мағына осы дүниедегі ең биік құндылық әрі жалпы құндылықтар тудырушы - адамның маңайында орналасқан.
Эстетикалық әрекеттің түп-тамыры өнермен байланысты. Көркем шығармашылықтың мәні де адам әлемін тұспалдай, белгілі бір көркем бейнелер арқылы жеткізеді. Көркем туындылар дүниеге деген белгілі бір көзқарастардың, ұжымдық ой-пікірдің, азды-көпті ақпараттың рәмізі болып табылады. Ол - болашақтағы ұрпақтарға үндеу, белгілі бір мәдени-әлеуметтік құрылымның көрінісі.
Көркем туындылар көркем бейнелер арқылы қоғамның қойнауында сырт көзге білінбестей өтіп жатқан өзгерістерге, шиеленістерге сезімталдық танытып, көрнекілейді. Соның нәтижесінде керкем шығармалар әлгі күрделі жағдайлардың ушықпай, ішінара бәсеңдеуіне жәрдемдесетін сауықтыру шарасына да айналады.
Шынайы туындылардың көркем бейнелері тек өз уақытында, яғни өзін қоршаған мәдени-әлеуметтік шындықта ғана өзектілігін танытпайды, ол өзінен кейінгі келер кезеңдердің бәрінде де өміршең болады. Осы тұста орыс мәдениеттанушысы М. Бахтиннің " үлкен уақыт " терминін келтіре кеткен дұрыс сияқты. Шынайы керкем бейнелер " үлкен уақытта " өзінің алғашқы мән-мағынасының негізін өзгертпей барып өзгеріске ұшырайды.
" Үлкен уақытта " көркем бейнелер өз бастауынан ағып шығып, өз арнасын жоғалтпай, бірақ өзен іспеттес жаңа жерлерден, жаңа елдерден табылады. Үлы керкем бейнелер көп түрлі құбылыс, өйткені онда мәндік-мағыналық терең тұңғиық жатыр. Классикалық бейнелерден әр заман өзінің жаңа қыр-сырын тауып, жаңа түсінігін әкеледі. Мысалы, 19 ғасыр Гамлеттің көркем бейнесінен зиялылықты, өзін ой-сана таразысынан өткізген парасатты жанды көрсе, XX ғасыр оны сол заман рухына сай күрескер, жалынды жан деп танытады.
2. Мазмұн мен пішін бірлігі-көркемдік арты. Мазмұн мен пішін-іргелі философиялық ұғым. Бұл екеуі бір-бірінен айрылмас байланыста, бірлікте болады. Көркем шығарманың күллі құны мен қасиеті оның мазмұны мен пішінінің бірлігінде жатыр.
Мазмұн мен пішін жайын сөз еткенде, ескеретн бір нәрсе-бір мамұнының бірнеше пішіні болатыны. Мысыла, Ұлы Отан соғысының сөз өнерінде әр түрлі пішінде суреттелгенін Қ. Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз», Б. Момышұлының «Москва үшін шайқас», Ә. Әбішевтің «Намыс гвардиясы» атты шығармаларынан аңғаруға болады. (поэзия, проза, драматургия) .
Шығарма мазмұнының ұтымдылығы да, оқырманға жетімділігі де оның пішініне байланысты.
Мазмұнға қарағанда, пішін өзгерімпаз болады. Мысалы, махаббат. Бұл-өмірде тұрақты шындық, өнерге мәңгілік тақырып. Бірақ өмірдің осы шындығының өнердег пішіні әр дәуірде әр алуан. Бір мазмұнның өзі әр дәуірде әр түрлі пішінге көшіп отырады. (Қазіргі махаббаты Қыз Жібек пен Төлегеннің сезімдеріндей суретесе, осы дәуірдегі сай келмес еді) . Мазмұн мен пішін жайын сөз еткенде ескеретін тағы бір ерекшелік-мазмұнын мен пішіннің тарихи категория екендігі. Әрбір жаңа дәуірде көне мазмұн тың пішін тауып, жаңғырып, жасарып қана қоймайды, әр дәуір өз шындығын, демек, өз мамұнын ала келеді.
Сонымен, әдебиеттегі мазмұн мен пішіннің бірлігі дегеніміз-өнер туындысының көркемдігі үшін ауадай қажет жағдай. Көркем шығармадағы мазмұн мен пішіннің бірлігі-оның етене бүтіндігі, эстетикалық бағалылығы.
Қорыта айтқанда, шығарманың мазмұны-оның ақиқат шындыққа негізделген тақырыбы мен идеясы да, пішіні-әдеби қаһармандардың өзара қарым-қатынасына, тағдыр тартысын негізделген сюжеті, композициясы және жазушының өмірі өнерге айналдырған ең құралы-суретті сөз, яки көркем шығарманың тілі.
Мазмұн дегеніміз шығарманың өмір шындығын, құбылыстарын бейнелі түрде көрсетіп, ой-сезімге әсер беретін мағыналылығы деуге болады. Шығарманың мазмұны-баяндалған, көрсетілген уақиға, жағдай, өмір құбылыстарының тікелей өзі емес, соның көркемдік крінісі, сөзбен мүсіндеп берілген суреті.
Өмір шындығы әдебиет шығармасындағы көркем шындыққа айналғанда оған жазушының дүниетанымы, көркем ой-сезімі, адамгершілік, азаматтық мұрат-идеалдары келіп қосылады. Шығарманың көркемдік тұлға-пішініне, өрнек-кестесіне, өн бойына қан жүгіртіп, жан беретін, өң нұр беретін идеалық мазмұн-жазушының биік қоғамдық мақсаттарының көрінісі. Әдеби шығарманың көркем түрін (пішінін) оның мазмұн-мағынасынан бөліп қарауға еш болмайды. Шығарманың көркемік сапасы алдымен идеялық мазмұнның тереңдігіне байланысты.
Әдебиеттегі мазмұн мен пішінді белгілі бір көркем шығармадағы затты деректерге көшірсек былай болар еді: шығарманың мазмұны-оның ақиқат шындыққа негізделген тақырыбы мен идеясы да, пішіні-әдеби қаһармандардың өзара қарым-қатынасына, тағдыр тартысына негізделген сюжеті, композициясы және жазушның өмірді өнерге айналдырған ең негізгі құралы-суретті сөз, яки көркем шығарманың тілі.
Сылдырап өңкей келісім, Тас бұлақтың суындай . . . Абайдың осы сөзінде аса терең мағына жатыр. Шын мәнісіндегі өнер туындысының айрықша асыл қасиетін, сыртқы түрі мен ішкі сырының тамаша үндестігін осыдан артық дәл тауып айту қиын. Әдебиеттегі мазмұн мен пішіннің бірлігі дегеннің өзі де осы - көркем шығарманың шынайы сұлулығы, яки «тас бұлақтың суындай сылдыраған өңкей келісімі». Мазмұн мен пішін - күрделі мәселе, іргелі философиялық ұғым. Мазмұн мен пішін - тек өнер ғана емес, өмірдегі ақиқат шындықтағы кез келген затқа және құбылысқа тән нәрсе. Мазмұн мен пішін ең алдымен бір - бірінен айырылмас байланыста, бірлікте; бірінсіз бірі жоқ, яғни мазмұнсыз пішін жоқ, пішінсіз мазмұн жоқ. Пішінді алайық. Пішін дегеніміз-бір нәрсенің пішіні; басқа ережесі жоқ. Осныың енді ішкі қасиеті; анықтамасы бар, ол - мазмұн. Мазмұнды алайық. мазмұн дегеніміз - бір нәрсенің мазмұны; басқа ережесі жоқ. Осының енді сыртқы қасиеті, анықтамасы бар, ол - пішін. Мазмұн мен пішіннің бірлігі осының өзінен - ақ анық көрініп тұрғандай. Мазмұн пішіннің ішкі қасиеті, пішін мазмұнның сыртқы анықтамасы болғанда ғана әрқайсысы өзінен - өзі айқындай алады. Жалғыз - ақ осынау мазмұн мен пішіннің бір - біріне ауысу, көшу процесінің негізінде мазмұн жататынын ұмытпау керек. Қандай жағдайда болсын, әуелі мазмұн туады да, өзін анық айқындау үшін өзіне пішін іздейді. Демек, мазмұн мен пішіннің мызғымас бірлігінің негізінде мазмұнның пішіннен басымдығы (примат) жатады деп ұққан жөн.
Енді осы ұғымды көркем әдебиетке көшіріп көрелік. Әдебиеттегі мазмұн мен пішін деген не? Бұл арада тағы да біз сөз өнерінің қоғамдық санаға қатысын, әдебиеттің объектісі - өмір, предметі - адам екенін, өмір шындығынан тыс, адам тағдырынан сырт өнер туындысы болмайтынын еске түсіреміз. Сана-шындықтың сәулесі болса, адам санасының мазмұны - сол адам таныған шындық екені мәлім. Сонда әдеби шығарманың мазмұны - өз эстетикалық идеалының тұрғысынан суреткер таныған ақиқат өмір де, пішіні - осы шындық тұтастырыла жинақталған көркем образдар жүйесі, яки әдеби қаһармандар өмірі екенін түсіну қиын емес. мәселен, «Ботакөз» романының мазмұны кәдімгі ақиқат өмірде болған келелі шындық - Қазан социалистік революциясының арқасында қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалысының жеңісі нәтижесінде Қазақстанда Совет өкіметінің орнауы. Осы шындықты жазушы өзінің эстетикалық идеалының тұрғысынан суреттеп көрсетті. Бұл жердегі мазмұнның пішіні - Сәбит Мұқанов романында көркем жинақталған әдеби қаһармандардың, дәлірек айтқанда, Асқардың, Ботакөздің, Амантайдың, Кенжетайдың, Кузнецовтың, Темірбектің, Бүркітбайдың, Сағиттың, Асанның, Итбайдың, Байтөбеттің, Кулаковтың, Кошкиннің, Сарбастың, Құзғынбаевтың, Мадиярдың, Базарханның қым-қиғаш күрес пен тартысқа толы қиян-қилы тағдыр тіршілігі. Осынау әр алуан кейіпкерлердің шытырман өмірі - өзара қарым-қатысы, іс-әрекеті, бірін-бірі жақсы көру не жек көру сезімдері арқылы біз Қазан алдындағы қазақ аулының хал-күйін, тұрмыс - тіршілігін, салт - санасын, әдет - ғұрпын, мақсат - мүддесін көзбен көргендей танып, біліп, сол дала қазақтарының революцияға қалайша келгенін, азаттық жолындағы шешуші шайқастарға қалай шыққанын, ақыр аяғында жаңа өмірге қайтіп жеткенін аңғарамыз. Романдағы әр қаһарман өз дәуірінің өзекті оқиғаларына қалай қатысқанын, көркем бейне, қоғамдық характер ретінде қалай қалыптасқанын байқаймыз. Сонда біз автор биік эстетикалық идеал тұрғысынан шынайы, шебер суреттеген қазақ даласындағы дәуірлік шындық - ұлан-асыр күрестер мен тартыстарға толы сегіз жыл (1912 - 1920) ішінде қазақ халқының басынан кешкен аса мәнді һәм күрделі әлеуметтік - саяси оқиғалар шығармадағы кейіпкерлер тағдырымен жіксіз кірігіп, бірігіп, тіпті тұтасып кеткенін көреміз. Дәл осы арада әдеби шығармадағы мазмұнның пішінге көшуі бұлардың айта қалғандай идеалық - көркемдік бірлікке ауысқанын көреміз. Жазушы таңдап тапқан пішін бұл жерде өзінің мазмұнын әрі толық, әрі терең ашып тұр. Шығарманың көлемі де дәл осы тереңіне сай; кейіпкерлер саны да оқиға мөлшеріне лайық; олардың мінез-бітімдері мен қимыл - характтері де тарихи шындыққа сай нанымды, ұтымды, романда суреттелген дәуірдің қоғамдық заңдылықтарын айқын ашып, автордың асыл мұратына мүлтіксіз мегзеп тұр. «Тас бұлақтың суындай сылдыраған өңкей келісім» дегеніміз де, міне, дәл осы еді.
Пішіннің бір тұтастығымен мазмұны көркемдік шығарманың маңызды, көңіл аударарлық заңдылықтары болып саналады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz