Пысықтауыш


МАЗМҰНЫ.
Кіріспе . . . 3-6
І. Пысықтауышты оқыту . . . 7-8
1. 1. Бастауыш мектептерде оқытылатын грамматиканы меңгертудің әдіс-
тәсілдері . . . 9-23
1. 2. Пысықтауыштың мағыналық түрлері . . . . 24-26
II. Пысықтауыштың стильдік түрлері және олардың жұмсалуы . . . 27-29
- Грамматика сабақтарының түрлері . . . 30-35
- Грамматика сабақтарында қолданылатын көрнекіліктер . . . 36-44
Қорытынды . . . 45-49
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 50
Кіріспе.
Грамматиканы оқып үйренуде тілдің сан қылы сырларына канығамыз. Тілдің түрлі құбылыстары тіл ғылымының әр саласында қарастырылады. Мәселен, тілдегі сөздер, олардың барлығының жиынтығы - лексикология саласында, тілдің дыбыстық жүйесі фонетика саласында, сөздердің формалары морфология, ал сөз тіркестерімен сөйлем синтаксис саласында қарастырылады. Қазақ тілі әдістемесі қазақ тілін зерттейтін тіл ғылыми деректеріне сүйенеді. Сондықтан тілдің әдістемесі тіл ғылымымен, ғылыми грамматикамен өте тығыз байланысты.
Оқушылар бастауыш сыныпта грамматика жөнінде қарапайым ғана мағлұматтар алады. Әріне бұл мағлұматтар ғылыми жағынан толық дәлелденген деректер.
Мектепке келумен байланысты бастауыш сынып оқушылары грамматиканы жүйелі түрде оқып үйренуге кіріседі, қазақ тілінің әдеби нормасымен таныса бастайды.
Бұл жұмыстарды ұйымдастыру - барысында осы жастағы балалардың дүниетаным ерекшеліктерін де естен шығаруға болмайды. Мысалы:
- Грамматикада берілетін түсініктер балалар ұғымына сай келе қалмайды. «Зат, сын, қимыл» т. бт. с. с. сөздер олар үшін дерексіз (абстракты) болады. Сондықтан ондай ұғымдарды әлсін - әлсін нақтылап түсіндіріп отырғандағана оқушылар ол сөздердің мағынасын меңгере бастайды. Немесебастауыш сынып оқушыларына «ұйықтау, қайғыру, ойлау» сияқтысоздерді етістіктер деп түсіндіру де оңайға түспейді.
- Бастауыш сынып балалары сөздердің тек нақты лексикалық мағынасынмүлде елемейді. Ал грамматикада сөздердін ең әуелі грамматикалықмағынасы ескеріледі.
Грамматикалық мағына грамматикалық формалар арқылы беріледі. Сөздік грамматикалық мағынасы мен грамматикалық формасы бір-бірімен тығыз байланыста, бірлікте болады. Мысалы, жақсылық, адамгершілік деген сөздер заттың сапасын, соған тән белгіні білдіреді.
Грамматикалық жағынан алып талдағанда бұл сөздер дерексіз ұғымдарды білдіреді де, зат есімге жатады. Осы сияқты сөздердің өз мағынасы мен грамматикалық мағыналарының арасында кездесетін қайшылықтарды оқыту барасында жойып, бір-бірін нақтылай, саралап, айқындай түсетіндей, әдіс-тәсілдер тауып қолдану қажет. Мұндай әдіс-тәсілдер және оны қандай жағдайларда, қалайша қолдану жолдарын грамматикалық әдістемесі белгілейді. Мұнда грамматикалық әдістемесі психология ғылымының деректеріне сүйенеді.
Сонымен қатар бастауыш сынып оқушылары жазу барысында өздері оқып үйренген ережелерін пайдалана білмейді, олар бір орфографиялық құбылысты екіншімен шатастырады. Психологтар бұл фактілерді зерттеу арқылы анықтай отырып, балалардың ақыл - ой әрекетіне үйрету қажеттігі жөнінде мәселе көтеруде. Ақыл-ой әрекеті баларға бір құбылыстан екінші құбылысты ажырата білуге және жалпылай білуге көмектеседі.
Зерттеу жұмысының көкейтестілігі.
Республикада оқыту мазмұны жаңартылып, жаңа буын оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар бастауыш мектептің жаңа жүйеге көшуін, әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін, (мұғалімнен) батыл шығармашылық ізденісін, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығының арттыруды талап етеді; сондықтан бастауыш сыныптарда берілетін грамматикалық білімдердің саласы - сөйлем синтаксисі маңызды рөл атқарады. Сөйлем құрауда оқушылардың логикалық ойлау кабилетін қалыптастыруға, сөздік қорын дамытуға назар аударылады.
Ал бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу икемділіктерін дамытуда сөйлем мүшелерін білу - кажетті мәселе.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті.
Әрбір анықтаманы оқушылар саналы меңгеру қажет. Синтаксистік қателіктерді болдырмау үшін белгілі сөздерден сөз тіркестерін жасату және олардан сөйлемдер құрату;
аяқталмаған сөйлемдерді аяқтау және сөздерді алмастырып көру;
бір ойды білдіру үшін вариант пен сөйлемдер құрату;
сөйлемдегі сөздерінің орнын ауыстырып көру, ондағы ауысуын қадағалау;
сөйлемдердегі сөйлем мүшелерінің орнын анықтау, оны ауыстырып байқау;
өлеңмен жазылған сюжетті көркем шығармаларды ауызша және жазбаша мазмұндату.
Демек, оқушылар бастауыш сыныпта пысықтауыш жөнінде қарапайым ғана мағлұматтар алады. Әріне бұл мағлұматтар ғылыми жағынан толық дәлелденген деректер.
Зерттеу жұмысының нысаны.
Грамматикалық материалдарымен оқушыларды таныстыру барысында балалар әрбір жаңа материалдардың негізгі басты ой түйінін ұғына алатындай болу керек. Сөйлем туралы түсінікті қорытындылау мақсатында оқушылардың көңілін тек анықтамада көрсетілген белгіге ғана аударып қою жеткіліксіз, сонымен қатар, сөйлем жөнінде олардың алған мағлұматтарын толық жинақтап нақтылау бала ұғымының айқындала түсуіне мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысының теориялық қолданылымы.
Қазіргі заман талабына сай әр мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, түрлендіруге ұмтылдырады. Мұғалімдердің көп ізденісі, біліктілігі сабақты түрлендіріп өтуі оқушылардың сабаққа деген кызығушылығын арттырып кана қоймай, олардың өз бетінше білім алу қажеттілігін тудырады. Осы орайда грамматикалық жағын оқытудың басты мақсатты сөйлесімдерінің грамматикалық тұрғыдан дұрыс өңделуін қамтамасыз ететін грамматикалық дағдыға қалыптастыру. Екіншіден грамматиканы оқытуда синтаксистік дағдыларды яғни сөйлемдегі сөздердың орын тәртібін сақтау, құрамдас компоненттерін дұрыс орналастыру дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Сондықтан грамматикалық материалмен атқарылатын бүкіл жұмыс осы мақсатта жетуге бағытталуы тиіс.
Зерттеу жұмысының практикалық қолданылымы.
Грамматиканы оқытудың айрықша маңызды мәселесі - грамматикалық минимумды таңдау, яғни белгілі бір шеңберде тіл меңгеруге қажетті және жеткілікті тілдің грамматикалық элементердің мөлшерін белгілеу.
Грамматикалық минимумды анықтау үшін, грамматиканың лингвистикалық және әдістемелік анықтау жүйелері арасында айырмашылықты ажырату керек. Бастауыш мектеп білімдердің жүйесі мазмұны жағынан өте күрделі әрі комплексті болып келеді. Білім беру жүйесі бастауыш мектеп оқушыларында өмір туралы дұрыс ой қалыптастырып, қоршаған дүниеге көзқарасын біртұтас жүйеге бағыттайды.
І. Пысықтауышты оқыту
Грамматиканың әдістемесі тіл білімі және психология ғылымдарына сүйенумен қатар, педагогика ғылымының принциптерін басшылыққа алады. Совет дидактикасының негізгі принциптері бойынша оқу материалы оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай, ұғымына сай болуы керек.
Тілді жүйелі түрде оқуға енді ғана кірісе бастанған 7-10 жастағы бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін еске алсақ, бұларді, тілге үйрету нақтылау жақтарына көбірек көңіл аудару қажеттігі туады. Мұнда көрнекіліктің орасан зор пайда келтіретіні мәлім. Сондықтан дидактиканың көрнекілік принципі негізінде көрнекі құрал іріктеледі.
Дидактика талабының бірі оқытудың саналылығы, яғни оқушылардың сабаққа саналы түрде қарауы, материалды саналы меңгеруі болып табылады. Бұл үшін мұғалім грамматиканы оқыту барысында балаларды қызықтырып, өзіне тартып, өз ойының барысын байқауға, бақылауға, салыстыруға, бірі мен екіншінің арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табуға, қорытынды жасауға, жалпылауға үйретуі тиіс.
Оқытудың міндеті жаңа тақырыпта түсіндіруді қамтамасыз етіп қою ғана емес, сонымен қатар негізгі фактілерді, анықтамалары, ережелерді балалардың есіне берік сақтап, тұрақтындыру дағдыларын қалыптастыру болып саналады. Егер оқушы тілдің қандай да болмасын бір құбылысына немесе жазу заңдығылына түсінбесе, онда ол сол мәселеге арналған анықтаманы не ережені (тіпті болмаса терминді) жаттап алуға мәжбүр болады.
Дидактика талабы түрғасынан алғанда оқушыларға тіл үйретуге олардың зейін қою, есте сақтау, ойлау белсенділігін тудыратын әдістемелік әдіс-тәсілдерінің тиімділігі көрсетіледі. Оқушы тек мұғалімнің айтқанын немесе оқулықтағы дайын материалды ғана меңгеріп қоймауы керек, сонымен қатар, өз күшінен, өздігінен бақылау арқылы қорытынды ереже шығара алатындай, берілген тапсырмаларды өз бетімен орындайтындай болуға тиіс.
Дидактиканың күрделі бір шарты - мектептегі оқытудың жүйелігі мен сабақтастығы. Заттармен кұбылыстарды анық түсіну үшін оны басқа заттармен байланыстарын қарау керек, яғни бөліп алып қарамай, басқа заттар мен құбылыстар ішінде, солармен байланысты, сабастас түрде карастырған жөн.
Грамматика мен емле сабақтары үшін іріктеліп алынатын материалдар оқушыларға тәрбие беру жағынан да маңызды, бағалы болуға тиіс. Ал сабақ жүргізу процесінде қолданылатын әдістемелік әдіс - тәсілдер тақырыпта оқушылар жақсы түсіну үшін жағдай жасап қана қоймайды, соған сәйкес, балалардың жан - жақты дамуына да әсер ететіндей болғаны жөн. Біліктілік пен дағды әрдайым жаттықтыру жұмыстарын талап етеді, мұғалім балалардың алдарына белгілі бір мақсат қатып; соған жету жолдарын қарастырады; күрделі жұмыстарды бөлшектей отырып, қандай да болмасын бір әрекетті орындаудың тәсілдерін көрсетеді. Балалар мұғалімнің тапсырмасын орындау барысында анық айтқан, көрсеткен тәсілдерін біліктілікпен қолдануға үйренеді, дағдылана түседі.
Грамматика мен жазудың әдістемесінде қазіргі кезде мектепте сабақ беріп жүрген озат мұғалімдердің білікті қолданған әдіс - тәсілдері де ескеріледі. Мектепте үлгермеушілікке қарсы күрес барасында көптеген мұғалімдер тиімді әдістемелік жүйе жасады. Бірқатар мұғалімдер қазақ тілін үйрету саласында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Міне, сондай жұмыс нәтижелері әдістемені дамытуға қосқан үлес болып табылады да грамматика мен емле әдістемесін жоғары сатыға көтере түседі.
1. 1. Бастауыш мектептерде оқытылатын грамматиканы меңгертудің
әдіс - тәсілдері.
Бастауыш мектептерде оқытылатын қазақ тілі пәнінің басты бөлімінің бірі -грамматика. Грамматика сабақтары оқушыларға тілдің грамматикалық құрылысын меңгерту, грамматикалық заңдарды білгізу мүддесіне бағындырылады. Өйткені оқушылардың жалпы білімін, ой - өрісін сауаттылығын, тіл мәдениетін арттыруда грамматиканы жүйелі оқытудың маңызы ерекше болып табылады.
Жалпы білім беретін бастауыш мектептердегі грамматика курсының алға қоятын ең басты мақсаты - оқушыларға ана тілінің заңдылықтарын, грамматикалық құрылу ерекшеліктерін білгізу, оның байланыстарын меңгерту болып табылады. Әрине, бұл мақсат толығымен бастауыш мектепке орындала қоймайды, өйткені грамматика бастауыш мектептерде ғана оқытылып қоймайды. Оның өрісі кең, жоғары сыныптарда да, жоғары оқу орындарының арнаулы факультеттерінде де оқылады.
Балалар бастауыш сыныптарда ана тілінің негізгі нормасын меңгереді. Грамматика курсы балаларды тілдік құбылыстарды бақалауға, талдауға, салыстыруға, топтауға, жүйелеуге, қорытынды жасауға, дәлелдеуге дағдыландырады.
Оқушылар бұл курсты оқу барысында бірқатар грамматикалық мағлұмат алады: фонетика саласынан дыбыс пен әріпті, дауысты, дауыссыздарды, жуан, жіңішке дауыстыларды, қатақ, ұяң, үнді дауыссыздарды, буынды, тасымалды ажыратады және оқуға, жазуға үйренеді, дұрыс, саналы, мәнерлеп, шапшаң оқуға, сауатты жазуға дағдыландырады. Морфология саласынан сөздердің жасалуын, морфологиялық құрылысын, сөз таптарын және олардың негізгі формаларын айыра алады. Синтаксистен сөздердің арасындағы байланыстарды, жай сөйлемдерді ажыратып, өздері де сөйлем құрастырады.
Бағдарламаның «түсінік хатында» грамматика мен жазу сабақтарының міндеті мен жалпы әдістемелік принциптері белгіленген. Бағдарламаны талдап қарағанда бастауыш сыныптардағы қазақ тілінің бастапқы курсы өзінің қысқалығына, қарапайымдылығына қарамастан, келесі сыныптарда грамматикалық мағлұматтарды және сөйлем біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыратын материалдарды, сондай-ақ орфография және пунктуация бойынша оқушылардың біліктілігі мен дағдысын дамытатындай материалдарды қамтитындағы байқалады.
Бастауыш мектептегі әдістеме тарихында 1932 жылғы 25 тамызда қабылданған «Бастауыш және орта мектептің режимі мен оқу программалары туралы» қаулысында оқытудың негізгі мына әдістері атап көрсетілген:
- Мұғалімнің оқу материалдарын ауызша мазмұндау әдісі.
- Оқулықты және басқа кітаптарды пайдалана білу әдісі.
- Оқу шеберханасында, кабинет пен лабораторияда оқыту әдісі.
Онан кейінгі кездерде дидактик-ғалымдар мектептерде оқытудың алуан түрлі әдістерін ұсынады. Біз осы кітаптың 14-бетінде көрсетілгендей, оқыту әдістерін Ю. К. Бабанскийше топтау қолайлы деп есептейміз.
Өйткені, I топтағы әдістердің өзі қабылдау, есте сақтау, ойлауға негізделетін сөздік, көрнекілік, практикалық, хабарлау, әңгіме, салыстыру, жинақтау, жалпылау, топтау, тақтылау, дерексіздендіру, ассоциациялық, аналогия әдістері мен ойша қорытудың индуктивтік, дедуктивтік т. б. с. көптеген әдісті қамтиды.
- топтағы «оқу-таным әрекеттеріне қозғау салу (мотивация) » сезімгенегізделетін әдістерді: оқушылардың зейінін жинақтау, қызығу мүддесін тұғызу, жауапкершілігін күшейту т. с. с. қамтиды.
- топтағы қиялға, ерікке негізделетін әдістер мұғалімнің көмегімен немесеоқушылар мүлде өздіктерінен орындайтын жұмыстарда пайдаланылады.
Бұл көрсетілгеннен басқа тіл сабақтарында коммуникативтік әдістер қолданылады.
Осы әдістердің кейбіреулерінің қолданылуы жолына мысал келтіретін болсақ, былайша көрсетеміз.
Хабарлау әдісі бойынша мысалы, грамматика сабактарында керекті мәліметтерді мұғалімнің өзі баяндап айтып береді. Мұндай әдіс оқушылардың жақсы ұғынуларын қамтамасыз өтетін түрлі құралдар қолданылады.
Материалды түсіндіруде мұғалім өтіліп отырған құбылыстың мәнді белгілерін анық, жүйені ашық көрсетуге тырысады: айталық, түбірлес сөздік белгілері, зат есімнің септелуі т. б. Дайын материалдар (мысалы, жеке сөздер, сөйлемдер) беріп, олардың бақылау әрекеттеріне басшылық ете отырып, бірте - бірте қорытындыны балалардың өздері шығаруға жағдай жасайды. Мұнда оқушылардың бұрыннан алған білімдерін қайта жаңғыртады, сұрақтар қояды т. с. с. тәсілдер арқылы балаларды жаңа материалға белсенді араластырып отырады.
Мұғалімнің материалды баяндау ұзақтығы 3-5 минуттан артық болмауға тиіс, өйткені бастауыш сынып оқушыларының зейіні ауытқығыш болғандықтан, олар тақырыпты түсіндіргенде ұзақ тыңдап отыра алмайды. Осының салдарынан бұл әдіс таза күйінде бастауыш сыныптарда сиректеу қолданылады. Бастауыш сыныптарда оқушыларды грамматика мен жазуға үйретуге кеңінен қолданылатын әңгіме әдісі болып табылады.
Әңгіме әдісі немесе сұрақ - жауап әдісі, ал кейде эвристикалық (грек сөзі -«эврика» - таным) әдіс деп те аталады. Мұғалім сұрақ қояды, оқушылар оқулықтардан оқып немесе өз білгендері бойынша жауап қайтарады. Бұл әдіс балаларды ойландырады, өздіктерінен пікір айтуға итермелейді, олардың белсенділіктерін күшейтеді, зейіндерін сабаққа аударуды қамтамасыз етеді.
Эвристикалық әдіс кейде проблемалық әдіспен ұштасады. Әңгіме кезінде оқушылардың алдына белгілі бір міндет немесе проблема қайылады, оны оқышылар өздері иілмеуге тиіс. Мысалы, оларға бақылауға бірнеше сөз немесе сөйлем беріледі, соның ішінде мағынасы жағынан бір сұраққа (мысалы, қайда сұрағына жауап беретін, әр түрлі жалғауда тұрған зат есімдерді (мысалы, қалаға, қалады т. б. табу керек. )
Міндет - сол зат есімнің қай септікте тұрғанын шешу және өз шешімінің дұрыстығын дәлелдеу. Бірақ бастауыш мектептерде мұндай проблемалық ситуациялар мүмкіндік болған жағдайларда ғана (балалардың білімі, тәжірбесі, дайындығы, бағдарламалық талаптар, уақыттың болуы) қойылады.
Оқушылардың өздіктерінен істейтін жұмысы олардың түрлі тапсырмаларды, жаттығуларды ешкімнің көмегінсіз орындаулары. Мысалы, мұғалім граматикалық талдау жасауға сөз, сөйлем немесе мәтін береді. Жоспар жасатады (әуелі ауызша, сонан соң жазуша жоспар жасатады) . Мұндай жаттығуларды балалар өздіктерінен орындағанымен, оның қалай орындалатыны көрсетіліп, алдын ала дайындық жұмыстары жүргізіледі. Балалар бір тапсырмадан кейін екіншісін орындайды, ол жұмыстарын өздіктерінен тексереді, қалай орындағандарын мұғалімге айтады.
Оқушылардың өздіктерінен істейтін жұмыстары бастауыш сыныптарды ұзақ болмауы керек және көлемі жағын, мазмұны оңай болуға тиіс. II - сыныпта 3-5 минут, III - сыныпта 5-10 минут, IV - сыныпта 10-15 минуттық тапсырмалар беріледі. Кейбір жағдайларда тапсырмалар бөліктерге бөлінеді: әуелі сөз табына қарай талданады, сонан соң септік жалғаулары анықталады т. б.
Оқушыларға өздіктерінен жұмыс істету тек білімді бекіту үшін ғана емес, жаңа материалды түсіндіруде де колданылады. Мысалы, мұғалім оқулықтан тиісті материалды оқытады, онда не айтылғанын, қалай корытылуға болатынын ойлануда тапсырады немесе белгілі бір ережені оқытып, мысалдарды талдауға осы ережені қолдануды тапсырады.
Көрсетілген әдістердің қайсысы болмасын, балалардың ақыл - ойын дамыту мақсатын көздейді. Бір жағдайда оқушылар анализ жасаса, екіншіде оны синтездейді. Мысалы, грамматикалық талдауда фонетикалық немесе фонетика - графикалық (дыбыстық - әріптік), морфолоргиялық, синтаксистык, орфографиялық, пунктуациялық анализ жасайды. Сонымен қатар берілген әріптерден сөз, сөздерден сөйлем, сөйлемдерден мәтін құрастырылып, синтез жасайды.
Синтез балалардың алған білімдерін байланыстырып жинақтауда да іске асады. Мысалы, зат есімнің белгілерінің қандай екенін (заттың атын білдіреді, кім? не? сүрақтарына жауап береді, септемді, жіктеледі, тәуелденеді) санамалап айтып шыққаннан кейін, зат есім дегеннің не екені жөнінде анықтама құрастырылады.
Әдетте анализ немесе синтез бөлек қолданылмайды. Мысалы, оқушылар зат есімді талдайды, тұлғаларын көрсетеді, анықтамасын айтып, мысалдар келтіріп, айтқандарын дәлелдейді, сөздерден сөйлем құрастырады, бір сөзді екіншісімен салыстырады (зат есімді сан есіммен, етістікпен немесе керісінше т. с. с) . Міне мұнда анализ де синтез де қолданылады. Жұмыстың мүндай тәсілдері талдау - жинақтау (аналитико - синтетикалық) әдісі деп аталады.
Грамматика сабақтарында өтіліп отырған материалға оқушылардың ой жүгіртуіне, пікір айтуына қарай, индуктивтік немесе дедуктивтік әдістер қолданылады. Мұғалім бірде (индуктивтік жағдайда), тіл құбылыстарын жеке - жеке түсіндіріп, сонан жалпы қорытынды шығартады; бұл жолда екінші жағдайда (дедуктивті әдісте) анықтаманы немесе ережені хабарлап, сонан соң оны нақты материалға қолдануды (берілген сөздерді, сөйлемдерді немесе мәтінді талдау) ұсынады, өздеріне мысал келтіріледі. Мұндай жолмен ұйымдастырылған жұмыста қолданылатын әдіс дедуктивті әдіс деп аталады. Мысалы, «Үстеу» тақырыбын индуктивті әдіспен түсіндіргенде, балалар ішінде үстеу бар сөйлемді талдайды, үстеу сөзді өзгертуге тырысады, оның өзгермейтініне көздері жетеді. Сонан соң «үстеу» сөз табының өзгермейтін түрі деген қорытынды шығарады. Онан әрі үстеудің сөйлемде негізінен сан есіммен, етістікпен байланысын келетінін айтады.
Ал осы тақырыпты дедуктивтік әдіспен түсіндіргенде: әуелі үстеудің белгілері немесе анықтамасы айтылады. Сонан соң дайын мәтіннен үстеудің табу немесе мысалдар келтіру ұсынылады.
Сөйтіп, балаларды грамматика мен жазуға үйретуде индукция мен дедукция әдістері де қолданылады.
Грамматикалық материалдармен оқушыларды таныстыру барысында балалар әрбір жаңа материалдың негізгі, басты ой түйінен ұғына алатындай болуы керек. Ол үшін алдымен тақырыпқа «зат есім», «сан есім», «жалпы есім» және жекеше, көпше т. б. болып бөлінеді. Бұл тақырып, тақырыпшалардың әрқайсысының неліктен бұлай аталуынің мәні себебі бар. Оқушылар әрбір тақырыпшаны аңғарып, сол әрбір абзацтағы айтылған мәселелердің негізгі ойы тақырыпшаны, әр тақырыпшаның барлығына ортақ негізгі ойдың тақырыпты құрастырып тұрғанын айыра алатындай болу керек. Олай болса, әрбір материалды пайдалануға соның басты белгілерін, яғни беріліп отырған ұғымның мазмұнын қандай белгілер құрыстырып тұр, сол тілдік құбылыстың табиғаты неден көрінеді, басқа құбылыстардың қалай ерекшеленеді -осылар ашық көрсетілуге тиіс.
Мысалы, «зат есім» ұғымының мазмұнын ашу үшін «есім» деген сөздің өзінің мағынасы, ал зат есім деген затқа қойылған ат, яғни заттын атын білдіретін сөздер екені айтып түсіндіріледі. «Зат есім», «сан есім» деп аталатын сөздердің неліктен есімдер тобына жататыны, олардың өзара ұқсас, ортақ белгілері, басқа сөз топтарынан айырмашылығы т. б. балаларға ұғындырылады. Грамматикалық ережелердің көпшілігі оқулықттарды анықтама ретінде беріледі («Заттың санын білдіретін сөздерді сан есім дейміз», «сөздің өзгермейтін бөлшегін түбір дейміз» т. б. ) . Оқушыларға осы сияқты анықтамалардың әрқайсысын сол анықтама күйінде жаттатпай, оларды талдап, таратып түсіндірген жөн. Мысалы, сыныптағы бір оқушыға: - сенің атың кім? - менің атым Қайрат . . . - Ал «атың» дегенді сол сияқты басқа қандай сөзбен айтуға болар еді?
Есімің кім? деуге болады.
Ия, сенің есімің кім? деп сұрауға да болады.
Міне, сонда зат есім дегеніміз «заттың аты»да тен ұғым екен - ал енді қоршаған мына дүниеде, айналада қандай заттар бар? Әдемі, осы сыныпта қандай заттар бар, солардың аттарын атайық? - мынау - парта, мынау - терезе, мынау -тақта т. б.
- Ал енді далаға қараңдар. Онда қандай заттар көрінеді? Аттарын атаңдар!Машина, ағаш, үй т. б.
- Ал далада, өрісте нелер жайылып жүр?
- Мал жайылып жүр. - Олардың аттары қалай?Сиыр, қой, түйе, жылқы, т. б.
... жалғасыЖерде жыбырлап жүретін жәндіктердің аттары қалай? - құрт, құмырсқа, жылан, қоңыз, т. б.
- Ал ұшып жүретін нелер? Олардың қандай түрлері болады? Аттарын
атаңдар . . .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz