Дельфиндер, Теңіз арыстаны, Теңіз пілі


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
БӨЖ
Тақырыбы: Дельфиндер, Теңіз арыстаны, Теңіз пілі
Орындаған: Мұханова М. А
Тобы:БЛ -409
Тексерген:Тугамбаева С. М
Семей 2015
ЖОСПАР
- ЕСКЕКАЯҚТЪІЛАР ОТРЯДЫ
- Итбалықтар тұқымдасы
- Қызыл кітапқа енгізілген түрлері
- Делфиньдерге жалпы сипаттама
- Дельфиндер жайлы қызықты деректер
- Теңіз арыстаны жайлы қызықты деректер
- Теңіз пілдері жалпы сипаттама
- Теңіз пілдері жайлы қызықты ақпараттар
ЕСКЕКАЯҚТЪІЛАР ОТРЯДЫ
Ескекаяқтылар уақытының көпшілігін суда өткізеді. Олар демалу, шағылысу, бала туу және түлеу үшін жағаға шығады. Суда тіршілік етуге бейімделген. Сондықтан да тері астында қалың май қабаты дамыган, аяқтары ескек тәрізді, саусақтарының арасында қалың тері жаргақтары болады. Құрылықта тіршілік ететін жануарлармен салыстырганда, өкпесінін ауа сиымдылығы әлде қайда жогары. Көпшілік түрлері су астында 15 минутқа дейін бола алады. Иіс сезімі жақсы жетілген. Балаларын жағаға шыгып немесе жүзіп жүрген мұздардың үстіне туады. Қорегі - балық, моллюска, шаян тәрізділер. Ескекаяқтылардың үлкен кәсіптік маңызы бар.
Итбалықтар тұқымдасы
Бұл тұқымдасқа жататын аңдардың суда тіршілік етуіне байланысты дене кұрылымында сол ортага бейімшілдіктері бар. Итбалықтың денесі ұзынша кеспелтек тәрізді, терісі қалың, түгі қысқа, шел майы қалың. Мойны денесімен тұтасып біткен, басы айқын бөлектеніп көрінбейді; кұлақ калқаны болмайды, аяқтары түкті, саусақтары тырнақты. Артқы аяқтары жер үстінде және мұз үстінде жүруге бейімделген. Итбалықтың дене тұрқы 1, 2 метрден 6, 5 метрге дейін жетсе, салмағы 50-60 килограмнан 2-3, 5 тоннага дейін тартады. Тіршілігінің көбін суда, мұз үстінде өткізеді. Өкілдері екі жарты шардағы теңіздерде мекендейді.
Қазақстанда бұл тұқымдастың бір туысы, бір-ақ түрі - Каспий итбалығы ғана кездеседі.
Итбалықтар туысы
Бұл туыстың Қазақстанда тек бір ғана түрі кездеседі.
Каспий итбалығы
Тұқымдастардың ішіндегі ең ұсақ өкілі. Еркегімен ұрғашысының дене тұрқы (125-160 см) бірдей, салмағы 65-80 кг. Бір центнер және одан ауыр өкілдері де кездесе береді. Қаралау түсті арқасы теңбіл таңбалармен жабылған; бауыры ақшыл, ешбір теңбілсіз. Каспий итбалығының тұмсыгы ұзарып, сүйірлеу келген. Тіршілігінің көбін суда өткізеді, тек қыс айларында ғана мұз үстіне шығып демалады
Каспий итбалығы.
Каспий итбалығы мұз үстінде
Каспий итбалығы тек Каспий теңізінде гана тіршілік етеді, оқта-текте Еділ мен Жайық өзендерінің төменгі ағыстарында кездесуі мүмкін. Итбалық Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі шығанақтар мен аралдарында көбірек көрінеді. Әсіресе, қысқа қарай көптеп үйірленіп, шоғырланады. Каспий теңізінде мекендейтін итбалықтың жалпы қоры шамамеи 500-600 мыңдай. Оның осы қорын тиімді пайдаланып көбейту үшін, оларды жан-жақты қорғау мәселесін қолға алу керек.
Итбалық тіршілігін суда, мұз үстінде өткізеді. Кейде солтүстіктен оңтүстікке қарай соққан жел әсерінен козғалған сеңдер оларды көктемде және жазда қонысын өзгертуге мәжбүр етеді. Ал, басқа мезгілдерде белгілі бір жерде ғана өмір сүреді. Бұл су жануары балықтармен, шаянтәрізділермен, моллюскалармен және тағы басқа жәндіктермен қоректенеді. Мысалы, Каспий теңізінде балықтың 20 түрі оларға азық болады. Бір рет қоректенгенде итбалық 1, 2-1, 7 кг дейін балыкқ жейді. Ересек аңдар күзге қарай бойына 40-70 кг май жинайды.
Итбалық түлеп шағылысатын және күшіктейтін уақытта мұз үстіне шығады. Мұндай жағдайда бірнешеуі бірігіп, топтанып тіршілік етеді. Шагылысуы ақпанның ортасынан немесе наурыздың алғашқы күндерінен басталады. Бір жыл буаз болып, бір, кейде 2 бала табады. Балаларын өзінің майлы сүтімен 3-4 тәуліктей қоректендіреді. Ақ түсті, жүні үлпілдек болып туатын ұрпақтары тез өсіп, екі-үш айлығында қатты семіреді. Бұл кезде оларды «май итбалықтар» деп атайды. Бір жастағы балаларын «қара итбалық» дейді. Сөйтіп, итбалықтардың алғашқы бір жылдың ішінде терінің реңі бірнеше рет өзгереді. Жаңатуған өсімінің дене тұрқы 60-70 см, салмағы 3-4 кг.
Каспий итбалығы кәсіптік маңызы бар аң. XVIII ғасырдың аяғы - XIX гасырдың басында жыл сайын 160 мыңға тарта итбалық терісі дайындалған. Олардың майы да пайдалы. Жас аң және майлы итбалықтардың терісі өте құнды бағаланган. Қазіргі кезде бұл бағалы аң едәуір мөлшерде ауланып тұрады. Олардың терілерінен әйелдердің ішіктері, бас киімдері тігіледі. Майы мен белогы медицина мен парфюмерияда кеңінен қолданылады. Итбалықтың майын былғары жасау, сабын қайнату, кейде медициналық «балық» майын жасау үшін пайдаланады.
Қызыл кітапқа енгізілген түрлері
Каспий түлені
Каспий түлені - ірі, ұзындығы 1, 5 м, салмағы 50-60 кг, қалақ аяқты сүтқоректі. Денесі судағы өмірге жақсы бейімделген: тегіс ұршықтәрізді денесінен шығып тұратын қалақ тәрізді қысқа аяқтарындағы саусақтарының ортасында жарғақтары болады. Бұл қалақтар оның тек суда жүзуіне қажет, бірақ қорегін ұстауға пайдаланбайды. Денесі созылмалы терімен жабылған. Қалың қабатты тері асты майы жылу сақтау қызметін атқарады. Каспий теңізінде тіршілік ететіндігі атынан - ақ белгілі. Негізгі жатағы - Құлалы аралы. Қаңтар да, қатты аяз болғанда мұз шетіне аналықтары бір аппақ ұрпағын дүниеге әкеледі. Бір айдан асатам сүтпен асырайды. Түлен жазғы уақытта оңтүстікке кетеді, ал қыс ортасында қайтадан солтүстік жатағына оралады. Түлендер ауланбайтын балықтармен қоректенеді. Ал өздері бағалы терісімен майы үшін кәсіптік аулау нысаны болып табылады.
Дельфин - сүтқоректілер класының кит тәрізділер отрядына жататын тісті киттер тобының бір тұқымдасы. Дельфиндер тропиктік және қоңыржай белдеулердің теңіздерінде таралған. Кейбір түрі полюстік белдеу теңіздерінде де кездеседі. Көбіне топ құрып тіршілік етеді. Дельфиндердің жиырма туысының елудей түрі бар. Бұлардың дене пішіні жұмыр, ұзындығы бір - он метр. Көпшілік түрлерінің басы жұмыр және тұмсығы алға қарай шығыңқы келеді. Кей түрлерінің арқасында орақ тәрізді арқа қанаты бар. Жалпақ құйрық қанаты денесімен горизонталь бағытта орналасқан. Алдыңғы аяғының сүйектері қысқарып, саусақ сүйектері тұтасып ескекке айналған. Артқы аяғы мүлдем жойылған. Дельфиндер ескек аяқтарымен суда өте жеңіл әрі жылдам (сағатына елу километрге дейін) жүзеді. Жалғыз танау тесігі төбесінен ашылады, сол арқылы дельфиндер оқтын-оқтын су бетіне көтеріліп, ауамен тыныс алады. Етті еріндері жақсы жетілген. Тістері көп. Терісінде түктері болмайды, терісі өте серпімді келеді. Тері астындағы май қабаты жақсы дамыған. Дельфиннің қанының құрамында гемоглобиннің, бұлшық еттеріндегі ерекше ақуызды зат - миоглобиннің көп болуы денесіндегі газ алмасуға қолайлы жағдай жасап, су астында ұзақ уақыт тыныс алмай тіршілік етуіне септігін тигізеді. Олардың жүйке жүйесі өте жақсы дамыған. Миыүлкен, алдыңғы ми сыңарларының сырты көптеген сайшалар мен иірімдерге бөлінген. Дельфиндерде әр түрлі дыбыс толқындарын шығаратын және қабылдайтын өте күрделі есту жүйесі (эхолокация) жақсы дамыған. Олар өздерінен өте нәзік шығарып, оның кері қайтқан жаңғырығын қабылдай алады. Сол арқылы қорегін ұстайды, өз үйірін табады, судағы әр түрлі кедергілерді алдын ала сезеді. Дельфиндер екі жылда бір-ақ рет ұрпақ береді. Ірі түрлері елу, ұсақтары отыз жылға жуық тіршілік етеді. Қолға тез үйренеді, адам үйреткен жаттығуларды шебер қайталайды. Дельфин туралы жазылған аңыздар, деректер (адамды судан құтқарған, кемелермен қатар жүзіп серуендеген, т. б. ) көп. Ертедегі грек, италия теңгелерінде дельфиннің бейнесі соғылған. Аспандағы жұлдыздардың бірі дельфин аталады. Мұның бәрі дельфин мен адам арасындағы жақын қарым-қатынасты аңғартады. Өзен дельфиндері - жеке бір тұқымдас, оның бес - алты түрі бар. Олар Амазона, Ориноко, Ганг өзендері мен Қытайдағы Дунтинху көлінде кездеседі. Қазір дельфиндерді мұхитариумдарда, дельфинариумдарда қолдан өсіріп, түрлі ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Дельфиннің кейбір түрінің Жапонияда, АҚШ-та, Соломон аралында кәсіптік маңызы бар. Олардың табиғатта санының азаюына байланысты 1966 жылдан аулауға тыйым салынған. Мысалы, Калифорния теңіз доңызы деген түрі Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген.
Назарларыңызға ең әдемі, ең ақылды балық - дельфиндер жайлы қызықты деректер ұсынамыз.
- Дельфиндер жалғыз өмір сүрмейді.
- Жалпы әлемде теңіз дельфиндерінің 32 түрі және 4 өзен дельфиндері бар.
- Ежелгі Грецияда дельфин өлтіргендер ауыр жазаға тартылатын болған. Гректер оларды "әулие балық" деп атайтын болған.
- Плиний, Геродот, Аристотель, Элиан секілді атақты философтар дельфиндердің аяушылығын, достығын және адамгершілігін сипаттаған.
- Түрлі дельфиндердің суреттері теңізден қашық орналасқан Иорданияның Петра қаласында да кездеседі.
- Дельфиндер тістерін тек құрбанын ұстап қалу үшін пайдаланады, алайда қорегін шайнауға қолданбайды. Себебі оларда жақ бұлшық еттері жоқ.
- Кейбір дельфиндер алпыс сөзді ажырата алады. Мұндай мөлшерді сөзден 2000-ға жуық сөйлем құрауға болады.
- 2011 жылғы қантар айында зоолог ғалым Лори Марино дильфиндердің сана сезімі тіл үйренуге қабілетті, олар аса маңызды мәселелерді шешу үшін бір-бірімен ақылдасатындығын дәлелдеген болатын. Сонымен бірге дельфиндердің ата-аналары балаларына ат қояды екен. Зоолог ғалымдар, олар - мұхитта өмір сүретін кәдімгі адамдар деген қорытындыға келді.
- Дельфиннің өкпесіндегі бір шай қасық су оны оп-оңай батырып жібереді.
- Деьфин шығарған ауа жылдамдығы сағатына 160 километрден асады.
- Дельфиндер адам сияқты қорегінің дәмін ажырата алады.
- Дельфиндер сонымен қатар Жер шарының магнит өрісін жол ретінде қолдана алады. Сондыққтан кейбір ғалымдар дельфин меендеген жағалаулардың магниттік өрісі жоғары болу мүмкіндігін айтады.
- Кейде дельфиндер өздерінің тұмсықтарымен акулаларды да өлтіре алады.
- Ғалымдардың пайымдауынша, дельфин даусын дұшпанын қорқыту үшін пайдаланады.
Теңіз арыстаны билеуді үйренді
Би - көңіл-күйді көтерудің жақсы жолы. Дегенмен бұл мүмкіндік тек адамдарға емес, жануарларға да тиесілі. Бұл шешімге Америкадағы Калифорния университетінің ғалымдары келіп отыр. Мамандар бұл ойын үш жастағы теңіз арыстанына билеуді үйреткеннен кейін айтты.
Ғалымдардың айтуынша, олардың жұмысының қарапайым дрессурадан айырмашылығы, олар айналысқан жануарлар арнайы үйретілген музыкаға ғана емес, кез келген әуеннің ырғағына сай билей алады. Төмендегі видеода теңіз арыстанының музыка ритміне қарай қимылының қалай өзгеріп отыратындығын көре аласыздар:
Тәжірибе кезінде биологтар жануарға бәрінен бұрын Backstreet Boys тобының орындауындағы Everybody композициясы ұнайтындығын айтты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz