Қой шешегі кезіндегі қолданылатын биопреапараттар


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірліг
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
БӨЖ
Тақырыбы: Қой шешегі кезіндегі қолданылатын биопреапараттар
Тексерген:Муратбаев. Д. М
Орындаған: Өмірбеков Б.
Семей қаласы
2015-2016 оқу жылы
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Шешек ауруы туралы жалпы сипаттама
- Ажырату
- Емі.
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Малдардың өнімінің сапасын арттырудың негізгі тірегі - ол уақытында өнімді аз бергін көрі малдарды шығыстан шығарып, олардың орнын жоғарғы өнімді дұрыс малдармен толықтырып отыру.
Малдарды күтіп-бағуды жақсылап ұйымдастыру, олардың ауру - сырқаудан аман болуын қадағалау, күтіп-бағылуын дұрыстау, ауру бола қалған жағдайда уақытында емдеу әдістерін қолдану, ауруды болдырмау үшін оның алдын алу шараларын уақытында жүргізу - жалпы мал мамандарынан бастап сол салада істеп жүрген барлық еңбекқерлердің ең негізгі жене күрделі міндеттерінің бірі. Малдар ауруларының арасында түрлі жұқпалы аурулар, иназиялық т. б. аурулары жиі кездеседі. Бұл аурулардын себептері мен даму процестері әртүрлі болып келеді. Сондықтанда бұл жүйелердің негізгі аурулары көп себептері бар аурулардың қатарына жатады.
Шешек интоксикация, безгектену, кілегей қабықтары мен теріде бөртпелердің пайда болу белгілерімен ерекшеленетін аса жұғымтал, жануарлар мен құсқа ортақ вирустық ауру.
Шешек туралы алғашқы деректер б. д. д. 3700 ж бұрын Мысыр, Үндістан, Қытайда белгілі болды. Европа елдеріне бұл ауру Таяу Шығыстан б. д. д. 5-7 ғасырда әкелінді. Оны жұқпалы ауру ретінде Ә. Ибн Сина тұңғыш рет толық сипаттап, қызылшадан (корь) ажыратты. Адамда шешекті қолдан егу ерте заманнан белгілі болса да, бұл әдіс Э. Дженнердің 1976 ж. сиырдан адамға егу жөніндегі тәжірибесінен кейін ғана кеңінен тарап, жалпы жұқпалы ауруларға қарсы жасанды иммундеуге түрткі болды. Қазақстанда қойдың шешек індетін (күл) тез арада тоқтату үшін ауырған малдан сау малға жұқтыру әдісі сол ерте заманнан-ақ қолданылып келген. Шешекпен сүтқоректілер мен құстардың барлық түрлері дерлік ауырады. Індеттенуді талдаған кезде вирустың қай түрінің қандай жануарларды ауруға шалдықтыратынын ескеру қажет. Жануарлардың кейбір түрлері сол түлікке ғана тән шешек вирусына бейім, ал кейбір жануарларда бұл вирустың бірнеше түрлері ауру қоздырады.
Шешек (Vаrіоlа, оспа) - интоксикация, безгектену, кілегей қабықтары мен теріде бөртпелердің пайда болу белгілерімен ерекшеленетін аса жұғымтал, жануарлар мен құсқа ортақ вирустық ауру. Шешекпен адам да ауырады.
Ауру қоздырушысы Ргохvігіdіае тұқымдастығынан 3 түрі бар: Сагрірохvіrus (ешкі мен қойдың табиғи шешегі), Suірохvirus (доңыз шешегі), Аvірохvirus (тауық, көгершін шешегі) .
Шешекті балау. Індет алғаш рет орын алған шаруашылықта аурудың түбегейлі балауы індеттанулық, клиникалық, лабораториялық әдістерді жүйелі түрде қолдану арқылы қойылады.
Індеттанулық талдау жүргізгенде шешектің жануарлар мен құстардағы таралу ерекшеліктеріне мән беріледі. Мысалы, індет сиыр малының арасында байқалса, адамдардың вакцинамен егілгендігі анықталады. Доңыз бен құстың шешегі жәндіктер арқылы тарапатындығы ескеріледі.
Клиникалық белгілері арқылы шешектің классикалық түрін балау көп қиындық тудырмайды. Вирус эпителитропты, ауруға тән белгілер бірнеше сатыда байқалады. Кілегей қабықтары мен теріде алдымен 1-2 күн ішінде 1) розеолдар (қызарған дақтар) ; 1-3 күн аралығында 2) папулалар (қызыл дақтардың түйіндерге айналуы) ; 5-6 күнде сарысуға толған 3) күлдіреуіктер пайда болады (бұл сатыда дененің безгектенуі бәсеңсиді) ; келесі 3 күн ішінде күлдіреуіктегі сарысу іріңге айналады (визикула-пустула сатысы) ; 4) круст - кепкен пустуланың орнына қабыршықтар түзіліп, эпителий қалпына келеді. Ал өте терең жарақаттанғанда тыртық пайда болып, қабыршықтар түседі. Шешектің мұндай сатылары адамда, сиырда, жылқыда айқын байқалады. Ал қой мен доңызда көпшілік жағдайда визикула-папула сатылары байқалмай, бірден қабыршықтанады. Бұл ерекшеліктер қой-ешкі, доңыз шешегін балауды қиындатады [1, 2, 3, 4] .
Індеттен ада шаруашылықтарда шешекке тән болжамдар байқалған жағдайда, аурудың түбегейлі балауы лабораториялық әдістерді қолдану арқылы расталынады.
Лабораториялық зерттеу: вирусскопиядан, биологиялық сынама қоюдан және патологиялық материалды арнайы торшалар өсініне немесе тауықтың эмбрионына жұқтырудан (вирустың түріне байланысты) тұрады.
Патологиялық материалды алу және оны зерттеу әдістемелері. Материал алмас бұрын шешектің әртірлі кезеңіндегі жарақаттардың (везикула папула, пустула) беті спирттелген немесе эфирленген дәкемен сүртіледі. Везикуланың сұйығы, папула мен пустуланың қырындылары Пастер түтігіне алынып, түтіктің аузы қыздырылып дәнекерленеді. Жарақаттардан төсеніш әйнектерге де жағынды дайындалады. Алынған патологиялық материалдар жаз айларында міндетті түрде мұзы бар термоспен жіберілуі қажет.
Гистологиялық зерттеуге алынған материал ішінде 50%-ды глицерин, 10%-ды формалин ерітінділері бар пиала сауытқа салынып жіберіледі.
Патологиялық материалды зерттеуге дайындау тәртібі. Материал шыны келіде келсаппен ұнтақталынады. ұнтақтан физ. ерітіндіде 10%-ды езінді дайындалып, центрифуганың 2500 айн/мин 10-15 минут айналдырады. Тұнбаның бетіне түзілген мелдір сұйық бөлініп алынып, үстіне пеницилин, стрептомицин, нистатин қосылып шайқалып, 4°С 8-12 сағат ұсталынады.
Биологиялық сынама вакцина егілмеген жануарлар мен құстарға ғана қойылады. Оларға жоғарыда көрсетілген тәртіппен дайындалған материял физиологиялық ерітіндіде сұйытылып (1:1) әртүрлі жолмен жұқтырылады. Қой мен ешкінің құйрығының астының тері ішіне, доңыздың бүйіріне енгізеді. Тауық балапандарының бірнеше мамығы жұлынып, орындары щетканың көмегімен дайындалған материалмен ысқыланады.
Сынама 10 күн бақыланады. Материал жұқтырылған тері аймақтарында ауруға тән жарақаттар байқалып, вирусологиялық әдістер оң нәтиже көрсетсе лабораториялық зерттеу доғарылып шешектің нақтылы балауы қойылады.
Қойда (қоздырушысы - Sһеер сарrіорохvirus ) жасырын кезеңі 7-8 күн. Бастапқы клиника алды кезеңінде аз уақытқа дененің ыстығы көтеріліп, селсоқтанып, жемшөпке зауқы болмайды. Көбінесе катарлы конъюнктивит, ринит, тері астындағы шелде жалқақ байқалады. Одан кейін көздің қабактары домбығып, көзі мен танауынан сора ағып, денесінің тақыр жерлерінде, басында шешек шыға бастайды. Алдымен пайда болған розеола қара қошқылданып, өліеттеніп шеті қызарған, ортасы сұрғылт, тығыз келген папулаға айналды. Оның бетіндегі эпидермис сыдырылып, астындағы суланып қабынған қызылшақа тері көрінеді.
Кейде папулалар бір-бірімен қосылып, тобарсыған кезде сыдырылып түскен қабышақтардың орнында ақтаңдақтар пайда болады. Егер терінің астыңғы қабаттары да өліеттенсе, қалың қабыршақтар түзіледі де, 5-6 күн немесе одан да ұзақ уақыт өткен соң ғана барып түседі. Ауру 3-4 аптаға созылады да, зілсіз өткенде негізінен мал жазылып кетеді. Өлім көрсеткіші әдетте 2-3% шамасында. Тұтасқан, әсіресе, қанталаған, шешек кезінде ауырған малдың өлімі 100% дейін жетуі мүмкін. Диагноз қою үшін індеттанулық деректер, клиникалық зерттеулердің, биосынаманың, шешек алғаш шыққан дерттенген немесе биосынама қойғанда вирусты енгізген жерден алынған жағындыны микроскоппен қараулдың нәтижиелері негізге алынады. Зертханалық зерттеуге ойылып, шеті жиектеніп көмкерілген, дененің шешекке тән өзгеріске ұшыраған жерлерінен материал алынады.
Шешек кәдімгідей түрде өткенде оны балау қиын емес. Ауырған малды мұқият тексергенде шешектің әрбір сатысына тән көріністерді табуға болады. Жеке жануардың өзінде шешек әр түрлі сатыда болуы мүмкін. Дененің бір тұсындағы өзгеріс розеола сатысында болса, басқа жерінде папула кездеседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz