Әлемдегі ең бай актер-бизнесмен Ален Делон


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы : Әлемдегі ең бай актер-бизнесмен Ален Делон
Орындаған : Сахарбекова Ә. Б
Тобы : БЖ-415
Тексерген : Есенбекова Ж. З
Семей 2015 жыл
ЖоспарКіріспе
Негізгі бөлім
Өмірбаяны 2) Байлық құпиясыҚорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Әлемдегі ең бай актер-бизнесмен Ален Делон
Кріспе
Ален Делон:
Әйгілі француз киноактері, продюсер, режиссер және кәсіпкер. «Адель продюксъон» кинокомпаниясының қожайыны. Миллиардтар мен жылжымайтын мүліктердің иесі. Шампан, көзілдірік, ерлер киімі, парфюмерия және косметика өнімдерін шығарып сататын өндірістердің құрушысы және қожасы. Асыл тұқымды жылқы зауытының негізін қалаушы. Живопис, қару басқа да искусство құралдарының коллекционері.
Бірнеше буын кино жалпы көрерменнің сүйіктісіне айналған, әлемдегі сұлу адамдардың бірі Ален Делон өте күшті тұлға. Кино өнерінде ол нағыз ер азататтың бейнесін аз сомдаған жоқ, кейде бақайесепшіл, суыққанды да болатын. Бір жағынан қарағанда ол экранда өзін-өзі сомдаған сияқты- актер ретінде бас айналдырар жетістікке жеткен, ал бизнесмен ретінде қатал мінезі, кез-келген жағдайдан шебер шыға алатын қасиетінің арқасында бай-бағландардың алғашқы көшіне іліккен адам.
Өмірбаяны
Мұндай қасиеттер адамның бойында ауыр өмір жолын өткенде ғана пайда болады. Делонның өмірбаяны ащы басталды, күтпеген оқиғалар жиі орын алатын. Ален 1935 жылы 8 қарашада Париждің іргесіндегі елде дүниеге келген. Ата-анасының некесі бақыт әкелмеді. Кішігірім кинозалдың қожасы болған әкес Фабьен Делонның мінезі тік болатын, отбасын атстап кетті. Анасы, Эдит Арнольд дәріханада жұмыс істеді, отбасын асырау үшін базарға барып сауда жасайтын. Күйеуінен ажырасқаннан соң ұлымен бірге «Флен» түрмесінің қарама-қарсы үйге қоныс аударды. Кішкентай Ален терезден тек түрменің темір торын көретін. Ауылға барып туыстарыныкінде де тұрып келді. Кейін шешесі ет сатушы Пол Булонға тұрмысқа шықты да анасы Аленді қайта қасына алды. Өгей әкесі оған азаннан кешке дейін шұжық турататын. Ол Аленді бірбет мінезіне қарай «қиын бала» деп атайтын. Бұған негізе бар еді. Болашақ актер-кәсіпкер сабақты оңдырып оқымайтын, мектептен жиі қашып кетіп жүрді. Кейін көп жылдар өткен соң Ален өзінің қанша мектепте оқығанын есіне түсіре алмай дал болғаны бар. Оны барлық мектеп қиын мінезі мен сабақта жиі болмағаны, бұзықтығы үшін қуып жіберіп отырды. Оқудың орнына ол велосипед айдады, боксқа барды, төбелесті, өзімен қару алып жүретінді шығарды. Бұл оның әке-шешесінің керек қылмағандығына көрсеткен қарсылығы еді. Сондықтан да ол кейін әлемге белгілі болған жылдарында балалық шағын еске алып отырып өзіне ; «Қиын бала- өте бақытсыз бала» деп баға берді.
Ален өсе келе өгей әкесі оған мал бауыздатып, еттерін бөлгізетін. Осыдан кейін жасөспірім бал қаннан қорықпайтын болды, аяушылық сезімі қалмай, қатыгездене түсті. Отбасындағы таусылмайтын ұрыс-керіс 17 жасар Аленді Вьетнамға соғысқа кетуге итермеледі. Францияның отарынан айрылғысы келмей тұрған уақыты. Ата-анасы қарсылық көрсетпеді, ұлдарының өлім құшып қалуы мүмкін екеніне де алаңдамады. Ол өзіне есеп беретіндей жағдайда, жаста емес еді.
Байлық құпиясы
Кинодан тыс бизнестегі алғашқы қадамын Ален асыл тұқымды жылқымен айналысатын, өзінің ат қорасы бар Габеннің көмегімен бастады. Аукциондардың бірінде ол өзінен үлкен жолдасына ахалтеке атты түркмен пародасына айырбастауға көмектеседі. Осыдан кейін ол ахалтеке аттарын сатумен айналысуды бастайды. Бұл ісі қазірге дейін қарқынмен дамып, қожайынына табыс әкеліп отыр. Ален бұл ісінен пайда ғана көрмейді, жанына рахат табады. Ол Бурларен мен туған жері Содағы ат қораларын ерекше жобамен салдырды. Бұл жерден сүліктей сұлу сәйгүліктерді арабтың шейхтары келіп сатып алып кетіп жатады. Атқұмар сәйгүліктерді Элистадан алады, француздар осы жердің ахалтеке аттарын жоғары бағалайды.
Делон жылдам ойлауы мен тәуекелшілдігі арқасында жұрт байқамағанды байқайды, көрмегенді көреді. Рио-де-Жанейрода болғанда ол күн қағатын көзілдіріктердің біртектес екеніне назар аударады. Және олар ауыр әрі сұрықсыздау еді. Қолайлы әрі сәнді көзілдіріктер бразиялықтар үшін ғана емес, басқалар үшін де керек қой деген ой жетелеген ол іске бірден кірісті. Парижге келе сала достарымен кеңесті де шешімге келді. Зауыт Францияда болады, әйнекті Швейцариядан әкеледі, енді күнқағар көзілдіріктердің пішіні мен жаңа конструкциясын жасайтын зертхана қажет. Осылай іс жүрді де кетті. «Ален Делон» таңбасы қойылып, әдемі қорапқа салынға сәнді күнқағар көзілдіріктердің алғашқы партиясы сенсация туғызды. Ең бастысы бұл өнімдер басқалардан арзан болатын Бірден мыңдаған тұтынушыларын тауып кетуінің бір себебі осында жатыр.
Ерлер киімін дайындауда әрекеті осыған ұқсас болды. Ол шығарған киімдер Франция ғана емес басқа елдерде де сатыла бастады, дүкендер жүйесі осылай кеңея берді. Ол тек қана қымбат киімдер емес, арзан киімдер де шығарды. Бірақ бәрі сапалы, ыңғайлы, сәнді болатын. Ал, сән үлгісімен бүтіндей бір дизайнерлердің армиясы жұмыс істейді. Олар Еуропадағы ең сәнқой азаматтың, қожайындарының ғана идеясын жүзеге саырумен айналысады.
Бүгінгі ер азамат имиджін қалыптастыруда иіссудың да орны ерекше. Ален осылай деп есептейді. Сондықтанда бірнеше француз парфюмер зауыттарын сатып алып немістің жаңа құрал-жабдығымен жарақтандырды. Алғашқы иіссу «Кешкі сәуле» деп аталатын. Бірақ бұл иіс оған салғаннан -ақ ұнаған жоқ, ол өзіне ұнайтын иісті тапқанша жұмыс істей берді, иіссуға лаванда, тағы да басқа құрамдарды қоса берді. Иіссудың құтысы мен қорабына да көп көңіл бөлді.
Бәрі ойындағыдай шыққаннан кейін ғана жарнамамен айналыса бастады. Тұсаукесерлерде ол «Делоннан» маркалы костюмді киіп, өзі шығаратын иіссуды сеуіп кіріп келетін. Келісімнің нүктесін осылай қоятын. Көп өтпей-ақ 93 ел «Ален Делон» ерлер косметикасына
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz