М.Қалтаевтың шығармашылық мұрасы. Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар жайлы



I. Мақыш Қалтайұлының шығармашылығы
1.1. Мақыш Қалтайұлының әдеби мұрасындағы дүниетанымдық көзқарасы
1.2. Мақыш Қалтаев шығармашылығында діншілдік сарынның басымдығы.
II. Қазақ әдебиетіндегі ағартушылық.демократтық бағыттағы ақын.жазушылар

2.1 Ұлттық әдебиеттің өзіндік ерекшелігі
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Артына елеулі әдеби мұра қалдырып өзіндік таным-талғамымен ерекшеленетін кез-келген ақын-жазушының шығармашылық мұратын
айқындап, дүниетанымдық көзқарасына әсер ететін рухани нәр алған қайнар
көзі болатыны даусыз. Кезінде М.Әуезовтің алғаш рет ғылыми тұрғыда жүйелі пікір қозғап, Абай нәр алған үш бұлағы мен асқаралы поэзиясының
бастауларын бөліп атауы Абаймен тұстас, одан кейінгі ақындар мұрасын
зерттеушілерге де үлкен ой сала отырып, қаламгер шығармашылығының
табиғатын тануға бағыт сілтейтіні сөзсіз. Абай нәр алған рухани үш бұлақтың бірі шығыс мәдениетіне қатысын зерттеген М.Мырзахметовтың: «М.Әуезов Абайға шығыстан келген бұйымдардың басы ислам діні деп көрсеткенде бұл пікірдің түп-төркінінде үлкен тарихи шындық жатқанын ескертіп барып айтқан» [1,39 ], деген пікірі ХХ ғасыр басындағы діни-
ағартушы ақындар шығармашылығына да тән екенін айтуға болады.
Мақыш Қалтайұлының әдеби мұрасының жай-жапсарын байымдап,
дүниетанымдық көзқарасына байланысты пікір білдірген Б.Кенжебаев:
«Мақыш молда ақын. Оның дүниетануы, көзқарасы діни. Мәселені түсіндіру, талдау әдісі шариғатша. Мысалдары, дәлелдері шариғаттан, діни кітаптардан. Бірақ Мақыш қазақ даласына капиталистік қарым-қатынастың жайылуы әсерімен капитализмнің рулық-ақсақалдық, ортағасырлық қалдығына қарсы күресу сарыны әсерімен оянған молда, сол сарында жырлаған ақын» [1,78 ],деп Мақыш шығармашылығының негізгі тірегі исламиятқа қатысты екенін атап көрсеткен болатын.
Негізінен Мақыш Қалтайұлының ақындық өнерінің айқындалып, әлеуметтік-саяси көзқарасының қалыптасуына сол кездегі Ресей империясы
құрамындағы мұсылман зиялыларының ағартушылық, жаңашылдық (жәдидизм –Ә.Ә.) ой-пікірлері әсер етіп, бодандық бұғауына қарсы әрекет еткен «діни оянушылықтың» ықпалы болды. Ақын өз заманының көкейкесті мәселелерін сөз еткенде исламның қасиетті кітабы Құранға, шариғат заңдарына сүйеніп, діни талап-талғам тұрғысынан түсіндіреді.
М.Қалтайұлы шығармашылығы негізгі үш саладан: поэзия, аударма,
публицистикадан (әзірге екі мақаласы белгілі –Ә.Ә.) тұрады десек, соның
ішіндегі ең сүбелі саласы ақынның поэзиясы. Бүгінгі күн тұрғысынан алып
бағалағанда Мақыш өлеңдерінің идеялық-тақырыптық ауқымы кең, өзіне тән
ерекшелігімен қайшылығы бар мол мұра. Негізгі мотиві –қазақ қоғамы, оның
әр алуан тұрмыс-тіршілігі, адамдары, олардың арасындағы қоғамдық
қатынастар, адал еңбек, адамгершілік-имандылық секілді сан түрлі өмірлік
мәселелер. Дәлірек айтқанда, өзі өмір сүрген қоғамдық ортаның қат-қабатсырларын өлеңдеріне арқау еткен.
1. Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. – Алматы: Білім,
1995.– 288 б.
2. Кәкішев Т. Дәуір дидары. А, 1985
3. Кекілбаев Ә. Дәуірмен бетпе –бет. А, 1972
4. Қабдолов З. Жебе. А, 1977
5. Қабдолов З. Арна. А, 1988
6. Кенжебаев Б. Жылдар жемісі. А, 1984
7. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. – А, 1995
8. Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. – Астана, 2002.
9. Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. – Алматы, 2001.
10. Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. 6-том. – Алматы: Қазақпарат,
2006.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: М.Қалтаевтың шығармашылық мұрасы. Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар.

Орындаған: Байдильданова А.Б.
Тексерген: Еспенбетов А.С.
Тобы: КЯ-313

Семей 2015

Жоспаы:

I. Мақыш Қалтайұлының шығармашылығы
1.1. Мақыш Қалтайұлының әдеби мұрасындағы дүниетанымдық көзқарасы
1.2. Мақыш Қалтаев шығармашылығында діншілдік сарынның басымдығы.
II. Қазақ әдебиетіндегі ағартушылық-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар

2.1 Ұлттық әдебиеттің өзіндік ерекшелігі
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

I. Мақыш Қалтайұлының шығармашылығы

Артына елеулі әдеби мұра қалдырып өзіндік таным-талғамымен ерекшеленетін кез-келген ақын-жазушының шығармашылық мұратын
айқындап, дүниетанымдық көзқарасына әсер ететін рухани нәр алған қайнар
көзі болатыны даусыз. Кезінде М.Әуезовтің алғаш рет ғылыми тұрғыда жүйелі пікір қозғап, Абай нәр алған үш бұлағы мен асқаралы поэзиясының
бастауларын бөліп атауы Абаймен тұстас, одан кейінгі ақындар мұрасын
зерттеушілерге де үлкен ой сала отырып, қаламгер шығармашылығының
табиғатын тануға бағыт сілтейтіні сөзсіз. Абай нәр алған рухани үш бұлақтың бірі шығыс мәдениетіне қатысын зерттеген М.Мырзахметовтың: М.Әуезов Абайға шығыстан келген бұйымдардың басы ислам діні деп көрсеткенде бұл пікірдің түп-төркінінде үлкен тарихи шындық жатқанын ескертіп барып айтқан [1,39 ], деген пікірі ХХ ғасыр басындағы діни-
ағартушы ақындар шығармашылығына да тән екенін айтуға болады.
Мақыш Қалтайұлының әдеби мұрасының жай-жапсарын байымдап,
дүниетанымдық көзқарасына байланысты пікір білдірген Б.Кенжебаев:
Мақыш молда ақын. Оның дүниетануы, көзқарасы діни. Мәселені түсіндіру, талдау әдісі шариғатша. Мысалдары, дәлелдері шариғаттан, діни кітаптардан. Бірақ Мақыш қазақ даласына капиталистік қарым-қатынастың жайылуы әсерімен капитализмнің рулық-ақсақалдық, ортағасырлық қалдығына қарсы күресу сарыны әсерімен оянған молда, сол сарында жырлаған ақын [1,78 ],деп Мақыш шығармашылығының негізгі тірегі исламиятқа қатысты екенін атап көрсеткен болатын.
Негізінен Мақыш Қалтайұлының ақындық өнерінің айқындалып, әлеуметтік-саяси көзқарасының қалыптасуына сол кездегі Ресей империясы
құрамындағы мұсылман зиялыларының ағартушылық, жаңашылдық (жәдидизм - Ә.Ә.) ой-пікірлері әсер етіп, бодандық бұғауына қарсы әрекет еткен діни оянушылықтың ықпалы болды. Ақын өз заманының көкейкесті мәселелерін сөз еткенде исламның қасиетті кітабы Құранға, шариғат заңдарына сүйеніп, діни талап-талғам тұрғысынан түсіндіреді.
М.Қалтайұлы шығармашылығы негізгі үш саладан: поэзия, аударма,
публицистикадан (әзірге екі мақаласы белгілі - Ә.Ә.) тұрады десек, соның
ішіндегі ең сүбелі саласы ақынның поэзиясы. Бүгінгі күн тұрғысынан алып
бағалағанда Мақыш өлеңдерінің идеялық-тақырыптық ауқымы кең, өзіне тән
ерекшелігімен қайшылығы бар мол мұра. Негізгі мотиві - қазақ қоғамы, оның
әр алуан тұрмыс-тіршілігі, адамдары, олардың арасындағы қоғамдық
қатынастар, адал еңбек, адамгершілік-имандылық секілді сан түрлі өмірлік
мәселелер. Дәлірек айтқанда, өзі өмір сүрген қоғамдық ортаның қат-қабатсырларын өлеңдеріне арқау еткен.
Жалпы алғанда Мақыштың ізгілік, ағартушылық, демократтық пікірі
басым, дейді Б.Кенжебаев.қазақтың Қазан төңкерісінен бұрынғы молда
ақын-жазушыларынан қазақ өмірінің бірталай күрделі мәселелерін қозғаған,
реалистік бағытта бірталай көтерілген, сыншыл реализмге жақын келген осы-
Мақыш Қалтаев [1,51]. Ғалымның бұл пікірі ақын өлеңдерін нақты
саралаудан туған баға деп білеміз.Шындығында да Мақыш өлеңдерінде сыншыл реализмге тән сыр-сипаттар аса мол.Айнадай көрсетемін жұрттың мінін,Қорқып ішке жимаймын сөздің шынын.Жақын -алыс, дос, дұшпан бәрі бірдей,Сөйлеймін жалтақтамай хақтың құлын.Немесе:
Ауыруға ащыдан дуа қылар,
Табиғаты көрсе де қанша салтын.
Ащы айтты деп ашуы келгендердің,
Бола қалмас қасында жүзім жарқын.
Қисығын көре тұрып ішке сақтап,
Басылмас сөйлеп алмай біздің қарқын [2,50], деген өлең жолдарынан ақынның өз ортасын, қоғамдық құбылыстарды сөз еткенде, заманның ащы мәнін ашуда ешкімнен тайсалмай әр оқиғаға өзіндік бағасын айта білетін шыншылдығын байқаймыз. Қоғам өмірі кез-келген ақынды үнемі толғандырып, шығармашылық табиғатын айқындайтын маңызды тақырыптардың бірі. Өйткені ақынды өсіретін жағдай -
қоғам тіршілігі. Оның ой-пікірінің қазығы - сол тіршілік [3,302 ].
Әдеби процесске ат салысқан қандай ақын-жазушы болмасын қоғамды,
өмірді, адамдық қатынастарды сөз еткенде сол қоғам тіршілігін өзінше көру,
жырлау ниеттерін білдіргені ақиқат. Мақыш Қалтайұлының да қоғам өмірін жырлаған өлеңдерінде өзіндік көзқарасы, мақсат-мүддесі айқын көрінеді.
Қазақ өмірін Мақыш таңырқап, қызықтап, дәріптеп баяндамайды. Көбінесе
сын көзімен қарап,қоғамдық даму тұрғысынан шенеп-мінеп баяндайды
[3,147]. Шығармашылығының тұтас тұрқымен діни ағартушылыққа бейім
ақын тұрмыс пен санада, ел билеу тәртібі мен әдет-ғұрыпта көп жағдайдың
ескіріп, енді олардың жаңаруы, өзгеруі өмірдің өзінен ілгерлеу қарқынымен
туып отырғанын көре білді. Қоғамның дамуына ескі атаулының кедергі бола
бастағанын шындық күйінде суреттейді. Мақыш Қалтаев өзі өмір сүрген қоғам тіршілігін сөз еткенде оны сырттай ғана бақылап сараламай, бар нәрсенің қай-қайсысына да діни талап тұрғысынан терең мән беріп, шариғаттың мақұл көрген істерін уағыздап, теріс әрекеттерін
өткір сынға алады. Өз дәуірінің ақыны ретінде ол халықтың, бүкіл қоғамның
басындағы кемшілік-кеселдердің тамырына балта шабудың жолын іздеді. Ақын қоғам дертін Алланың көрсеткен хақ жолымен емдеуге болады деп осы
жолдағы барлық ой-пайымдарын өлеңдеріне арқау етті. Осыдан келіп оның
Екеу-екеу отырып ойын қылар.
Таң атқанша бірігіп бірге қонар,
Ләззат алар қыз жігіт ойынынан.
Құшақтасып отырар мойынынан,
Ұстайтығын жігіттің уәзифасы
Емшек деген ағзаны қойынынан.
Жастардың мұндай жат пиғылына жиіркене қарап және оның барша
сорақы сипаттарын ақтара суреттеуі ақынның діни-имандылық, адамгершілік
мұраттарымен сабақтас. Ол малын бағып, марғау тіршілікпен өткізген ештеңеден хабары жоқ халқын оятуды мақсат етті. Ол үшін болашақ иесі жастардың көкірек көзін ашу қажет деп санайды. Сондықтан ақын жастардың уақытын зая етіп, өмірін тек ойын-сауықпен өткізіп жүргеніне назаланып олардың зинақорлық сияқты небір қиянпұрыс тірліктері оның ашу-ызасын тудырады. Ақын олардың ішкі арам пиғылдарын іс-әрекет,қимыл-қозғалыстары арқылы көрсете отырып суреттейді.
Қылжақтап бір қалжың бас тыстан келіп,
Отырар етігімен төрге шығып.
Қисайып жата кетер келген есер,
Қыз-келіншек отырса әзілдесер.
Әзілі шын жарасқан жеңге болса,
Алып соғып дамбалдың бауын шешер,-деген жолдарды оқығанда аман-сәлемі жоқ, есіктен ыржалақтап кіріп келіп етігін шешпестен төрге ұмтылған есерсоқ қылжақбастың сиқын көресің, әзілдегенболып істеген дөрекі әрекеттерінің де ішкі есебін танисың; қалжыңның астарында арам нәпсі жатыр. Жалпы алғанда Мақыш өлеңдерінде адамның ішкі пиғылын іс-
әрекеттері арқылы сырттай суреттеу жағы басым
болып келеді.Ақынның осы өлеңінде Абаймен үндестігі бай
қалады. Абай ақын Заман ақыр жастары өлеңінде жастардың мінез-
құлықтарын сипаттай отырып:
Күлміңдеп келер көздері,
Қалжыңбас келер сөздері.
Кекектеп секек етем деп,
Шошқа туар сөздері [4,129 ],деп тоғышарлық жолға түскен жастарды аяусыз сынға алса, Мақыш өлеңдерінде осы сыншылдық жалғасын табады.
Ақын зинақорлық сияқты қоғамның кесел дертін сөз етіп, жастардың
тіршілігін сынағанда әйел-еркек деп жынысына қарап бөліп-жармайды. Екеуін бірдей айыптайды, екеуіне де үкімін бірдей шығарады. Қарттан қашу-жасқа жақындасу өлеңінде қыз-келіншектердің байларынан жасырынып, жігіттермен әзіл-қалжыңын жарастырып ойнап-күліп жүрген қылықтарын әшкерелейді.
Қатын-қызы қарттардан жасырынып,
Жастарға жалтаңдасып таңданыпты.
Келіншектер жастармен әзілдесер,
Жеңгеміз деп дамбалдың бауын шешер.
Қарттан қашып жастарға жақындасқан,
Болмай ма шын ойласаң анық есер [4,11 ].
Байының көзінше әдепсініп, сырт айналғанда айуандық істерге баратын
қыз-келіншектердің мұндай дөрекіліктерін ақын айлакерлік қана емес, шектен шыққан есерлік, жолсыздық деп санайды.
Өмірін де, өлеңін де ағартуға арнаған, көкірегі иманды молла ақын үшін
жастардың мақсатсыз тіршілігінің бәрі сорақы көрініс. Оларды ақын шариғат
негіздеріне сүйене отырып айыптайды. Шариғат заңында зинақорлық адам өлтірумен бірдей күстаналатын күнә болып табылады. Зина жасағандардың тартар жазасы да қатты, өйткені ондай іс қылған адамда адамгершілік қасиетте болмайды. Ақынның:
Милләтті шарапатты қылатұғын,
Мал-дәулет, әскер болмас белгілі әні.
Білге дейін кәмілге себеп болған,
Үй жамағат деуіміз дұрыс жауап [5,11 ],
деп өзі айтқандай, ұлтты көркейтетін отбасы, жанұя болса, осыдан келіп өмір
сүріп жатқан орта-қоғам қалыптасады. Зинақорлық сол отбасына қол сұғу,
қоғамды мансұқтау, ұлттың ар-намысын аяққа таптау. Ондай адамдардың
бойынан иманы қашып, ұятсыздық, өтірік, мейірімсіздік пен қылмысқа жол
ашылады. Оларға Алла тағаланың мейірімі түспейді. Құранда бұл туралы өте
жиі ескертіледі. Зина - муминдер үшін харам етілген іс (Нұр, 3);
Зинақорлықтан аулақ болыңдар. Ол - масқаралық, бұзықтық (Исра, 32).
Иманды мүсілімдер осыны әркез есте ұстап, шектен шықпаған.
Адамдар бойында кездесетін кемшіліктер қай заманда болмасын
халқының ар-намысын ойлаған ақындарды толғандырумен болған. Мақыш сол кемшіліктерді көріп қана қоймай (Адаммын азғындықты көретұғын), ол кеселдерді жұртқа жариялап (Немене көрсетпесем әрбіріңе, ихтиярым
болмайды тәмамдарға), оларға өз үкімін айтады. (Доңыздың дайусилік даңқы шындық), Зина мен таһметті жеңіл көріп жүрген жастарды ақылсыз мақұлық доңызғатеңей отырып ақын:
Ғафифаны сеп қылған адамдарды,
Жазалар имам сексен қамшы ұрып ,
деп бұ дүниедегі жазасын шариғат бұйрығымен кесіп, о дүниедегі тозақ отына күйетін жазасын айтып лағынеттейді.
Жан дүниесі жамандықты сүймейтін өзі діндар ақын жастардың
жаман әдеттерге бой ұрып бұзылғанына күйінеді. Осындай надандық белгілерін сынай отырып оны қоғамнан аластатып, түбірімен жоюға халықты шақыра отырып:
Сағбаттың хақын білмес жастарымыз,
Ағарған сафсатамен шаштарымыз.
Қатасын іші біліп тұрса дағы,
Ғұрпынанаса алмайды бастарымыз ,
деп көпшіліктің әдет-ғұрыптан аса алмайтынын, жалғыз өзінің шарасыз екенін айтып күйзеледі.
Мақыштың осыған үндес, мазмұндас келетін енді бір өлеңі Халалын
қызғанбау хақында деп аталады. Бұл өлеңінде ақын жастардың қымыз сату
кәсібіндегі келеңсіздіктерді сөз етеді.
Бір қарағанда қазақтың қымызында өлеңге арқау болатындай ешқандай
сонылық жоқ болып көрінседе, оның терең астарлы мәніне үңіліп, сөз қозғаған бірталай ақындарымыз бар. Мәселен, Абай өзінің Осы қымыз қазаққа... деп басталатын өлеңінде:
Осы қымыз қазаққа,
Мақтаның ба, асың ба?
Қымыз, семіз дегенің,
Бір мақтан ғой жасырма [6,244 ],
деп қымызды мақтан көріп лепіріп жүрген қазақтың даңғойлығын көрсетеді.
Шат-бұт не қылсаң да сөзің дәмді,
Кісі жоқ бұ жиһанда сенен сәнді.
Қымызсыз маған салсаң, Аплатон бол,
Көрмессің сөзің тыңдар ешбір жанды [6,82 ].
Бұл - Сұлтанмахмұттың Қымыз өлеңі. Ақынның түсінігінше, қымыз -
үстемдік құралы. Қымыз - әлеуметтік теңсіздік белгісі [6,89 ]. Сондай-ақ
Ахмет Байтұрсынов Ақын інімеөлеңінде қаламдас інісіне әзіл-қалжыңмен
кеңес бере отырып:
Аузымен орақ орып бәрін де етер,
Қымызды шара-шара сапыр, інім.
Ет пенен қымыз беріп сөйлеп көрсең,
Айтқаның жұртқа балдай татыр, інім.
Ақылың Аплатондай болса дағы,
Қымыз бен етің жоқ құр татыр білім [6,40 ],деп қымыз арқылы мысқылмен астарлы ой бере отырып өлеңін тұжырымдайды.
Яғни, ақындар қымызды өлеңдеріне арқау ете отырып, өздері өмір сүрген
қоғамның қатпар-қатпар сырын ашып көрсеткен. Сол арқылы
шығармашылығының ұлттық сипатын айқындады.
Мақыш Қалтайұлы да бұл тақырыпты өз таным-түсінігімен толғайды.
Жалпы ақынның шығармашылық табиғатының ерекшелігі оның күнделікті
өмірде елеп-ескерілмей көпшілік арасында өтіп жататын нәрсенің өзіне терең
мән беруінен аңғарылады. Мәселен, жастардың қымыз сатып пайда тауып
жүргенінде не тұр? Ақын осыны өлеңдерінде үлкен проблема қылып көрсеткен. Бұл кәсіп қоғам өзгеруімен қазақ тұрмысында пайда болған жаңалықтардың бірі. Экономика тілімен айтқанда жекеменшіктік сауда.
Ақынның пікірінше қоғамның дамуы барысында халық тұрмысына енген
жаңалықтардың бәрі бірдей оңтайлы жағдай туғыза бермейді, керісінше сол
қоғамдағы адамдар өміріне, тұрмысына кері әсерін де тигізеді.Осының бәрін
ақындық зердесімен саралай келіп:
Бұл қалада қазақта бір кәсіп бар,
Қылмас еді бар
десе таңда махшар.
Бойжеткен қыз, жас қатын қымыз сатар,
Жас жігіттер отырар қатар-қатар.
Қымыз ішіп қызулап алғаннан соң,
Не түрлі бұзық сөзді айтып шатар [6,13 ],деп ақын қазақ тұрмысына жаңалық боп салтқа кіре бастаған сауда капитализмі кейбір элементтерінің жастар тәрбиесіне, мінез-құлқына зиянын тигізетін кесапатын меңзейді. Сондай жаңалықтардың бірі қымыз сатуды кәсіп етіп жүрген жас қыз-келіншектердің сорақы тірліктері ақынның ашу-ызасын туғызады. Олардың бұзықтық істерін аяусыз әшкерелейді.
Ұят-әдеп бұлардан сәпсем қашқан,
Күні-түні на махрам бірге жүріп,
Фасадтың неше түрлі жолын ашқан.
Көз алдында ерінің ойнап күлер,
Жасырынбақ жұмысын құдай білер.
Сөзбенен күз көңілді көтерген соң,
Нәпсі шіркін басқаны және тілер .
Ақын өз елінде көрген жаңалықтың жай-күйін осылай суреттейді.Расында да, ақын адам құлқын аздыратын кертартпа әдет, даңғазаға
дағды біткенге мейлінше наразы болды. Ол үгіт-насихат өлеңдерінде халықты өнер-білімге, мәдениетке үндейді. Халалын қызғанбау деп өлеңінің атында аңдатып отырғандай адал кәсіппен (Мүнәсіп кәсіп берер ықтияр ет, Ниетіңді дұрыстап кәсіп етіп) еңбек етуге шақырады. Жамандықтан бездіріп, жақсылықтың жаршысы болды. Ақын өзі толғаған мәселелерді діни-тағылымдық тұрғыдан байыптады. Оны сынағанда да осы тұрғыдан сынады. Бұл - оның шығармашылығына тән идеялық-көркемдік ерекшелік. Негізінен оның реалистік тәсілінің басты сипаттары да осыған саяды. Сондықтан да Мақыштың жоғарыдағыдай сыншыл өлеңдеріне қарап оны жаңалық атаулының бәрін құбыжық етіп көрсеткен ескідегі еркін де
тыныш заманды аңсаған [7,31] кертартпа ақын деген пікірді құптамаймыз. Бұл - ақын шығармаларын нақты сараптаудан тумай сыңар жақты айтылған пікір деп білеміз.
Мақыш өз ортасын, қоғамды бейнелегенде әр құбылыстың мәніне терең
үңіліп сыншыл суреткер ретінде көрінеді. Әр оқиғаға өзінің бағасын ашық айта білетін, әр кімге тиесілі анықтамасын бере алатын шыншылдығын танытады. Ақын сыншылдығының ең басты критериі айналасындағы кемшіліктерді діни-имандылық, адамгершілік тұрғысынан сынау. Бұл оның шығармашылығының негізгі имандылық нысанасы. Сондықтан ол заман шындығын көрсеткен өлеңдерінде басты тұлға адам образын пайдаланады. Оларды бай, кедей деп бөліп қарамайды. Қоғам қайшылықтарын сөз еткенде ел билеуші әкім-болыстардан бастап, руханилыққа тәрбиелейтін қожа-молда, тағдырына риза емес пақырларға дейін бәрі бірдей кінәлі болып табылады.
Адамдар бойындағы имансыздық, нәпсіқұмарлық сияқты тағы басқа жаман-жақсы қасиеттердің жиынтығы қоғам қайшылықтарын көрсеткен
бірден-бір фактор деп түсіндіреді.Қазақ хәкімдері, Ишандар хақында, Бай молла садақа алу хақында сияқты т.б. өлеңдерінде ақын парақор әкім, болыстар, дүмше, надан қожа-62молдаларды қатты сынға алады. Әсіресе, Мақыштың Қазақ хәкімдері өлеңінде сол кездегі қазақ қоғамының реалистік суреті бар.
Заманадан хабарсыз біздің халық,
Болыс боларынша мың ақша салып.
Ел қарату үшін де ақша беріп,
Онысын қайта жияр пара алып.
Мұнысының үш-ақ жыл ақыр шегі,
Орысша пәс дәрежеде қазақ бегі.
Партия себебімен дау-жанжал боп,
Үш жылға да жетпейді мұның көбі [7, 25],деп суреттейді ақын көзімен көріп отырған нақты жағдайды. Әкім-болыстарды парақор опасыз сұмдар ретінде көрсете отырып, билікке қолдары жеткен соң өз жұртын тонап, бұқара көпшілікке тигізіп отырған зияндықтарын айыптайды. Олардың парақорлығын батыл әшкерелейді.
Қалайша хәкім қылсын жемей жемін,
Алған жоқ бұл мансапты өзі тегін.
Әуелде көп расходпен өзі болды,
Толтырмаса бола ма мұның кемін.
Шариғат, низамменен болмас ісі,
Мақсаты езу болар жетсе күші.
Бірталай адам хақын жұқалап қалар,
Басынан ұшқан шақта дәулет құсы,деп қара бұқараның басына түсіп отырған ауыртпалыққа осылар кінәлы екенін
ашық айтады.Бұл жерде ақын қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті таптық тұрғыдан көрсетіп отыр деуден аулақпыз. Дегенмен де, ол өз заманының ақыны болғандықтан қоғам қайшылығын өзінше көре білді. Соған өзіндік таным-түсінігімен үн қосты. Соны жоюды аңсаған ағартушы ақын.
Ақын парақор атқамінерлердің сұрқия тірлігін аяусыз әшкерелей отырып,
билікке таласудағы партияшыл надандықтарына жиіркене қарайды. Қоғамдағы бұндай келеңсіздіктерден арылудың жолын іздейді. Халықтың қамын жеп, елінің жоғын жоқтай білетін әкім болу үшін дүнияуй, ухрауй ғылымдардан хабардар, көкірек көзі ашық, иманы кәміл, дін жолына қызмет ететін адамдар ел билеу керек деп соны уағыздайды.
Сахаба заманынан бар таласу,
Олардың мақсаты емес жұрттан асу.
Олардың таласудан мақсаттары,
Пайғамбар шариғатын жұртқа шашу.
Бұлай болса ғылым шарт әкімдерге,
Қазақша шарт емес, мал мен теңге.
Билікке таласу да жарар еді,
Дін үшін қызмет болса мақсаты елге.
Яғни, ақын тарих дөңгелегін кері бұрып, ислам діні таралуының бастапқы
кезіндегі сахабалардың (Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әли) ел басқаруын үлгі
тұтады. Олардың дін жолында ұлттың өркендеуі үшін халықтың қамын ойлаған әділ басшылар еді, деп, соларды мадақтайды. Бұл жерде ақын исламдық өткен дәуірді аңсап, сол заманды қайтып оралмайтын арман етіп торығуға салынып отырған жоқ. Ислам тарихын жақсы білетін Мақыштың оларды үлгі тұтып мадақтауы діни-пәлсапалық көзқарасынан туып отыр. Шындығында да, мұсылман жазбаларында алғашқы төрт халифтың әділ билеушілер болғандығы туралы мағлұматтар көп жазылған. Мәселен, Әбу Бәкір (572634) - билікке құмарлағы жоқ, өте биязы мінезді адам етіп суреттеледі. Ол мемлекеттік саясатқа ислам дінін негіз етуді алғаш енгізген адам [7,28 ].
Омар бин әл-Хаттабтты (585-644) суниттік тарих дәстүрі асқан әділетті
билеуші етіп көрсетеді; ол тақуа мұсылмандарға адал, жауына рақымсыз,
халифалармен салыстырғанда өте қарапайым, сыпайы болған [7,142 ].
Осман бин Аффан (575-656) өз заманында әдептілігімен аты шыққан үшінші тақуа халиф [7,143 ].
Сондықтан да, Мақыштың осындай ағартушылық идеяларын құптап,
халық үшін қам жеген ақын деп бағалауымыз керек.Ақын билікті мал мен теңгеге сатып алған әкімдердің дін, шариғатты білмейтін надандығын
бетіне басып, оларды имансыз, адамгершіліктен ада болған ел билеушілер деп шеней отырып:
Хәкімдері осындай надан болса,
Миләттің қалайшадан атсын таңы [7,25], дейді.
Яғни, көкірегінде иманы жоқ адамдар билікке жету үшін ар-ұяттың бәрін
аяққа таптап, адамгершіліктен ада болып, надандыққа ұрынады. Надандықпен өмір сүрген бұлар үшін арын да, ұятын да ақшаға, малға сатып жіберу түк емес. Иманы жоқ мұндай адамдар ел билеп те оңдырмайды.Ұлттың іргелі елдер қатарынан қалып өркендемей отырғаны да осындай надандардың басқаруынан деп тұжырымдайды ақын. Замана жайын өзінше толғаған Мақыш өзі өмір сүрген қоғамның қатпарлы, көлеңкелі тұстарын барынша батыл сынады, патша чиновниктерінің,
би-болыстардың қарапайым халыққа жасап отырған озбырлығын қатты шенеді. Сөйте тұрып ақын, өмір құбылыстарын, қоғам болмыстарын түйіп бақылауда бірқатар қайшылықтарға да ұрынды. Қайшылық деп жазушының өмірге көзқарасында жағымды, жағымсыз қарама-қарсы екі пікірдің түйісуін айтамыз, дейді профессор Қажым Жұмалиев.Бір алуан өмір құбылыстарын шындық тұрғысында ұғынып, бұлжытпай сол қалпында суреттеп, дұрыс қорытынды шығарса, екінші бір құбылыстарды теріс түсініп жалған топшылаулар жасап және осының екеуі де ақын творчествосынан бірдей табылып отырса, біз ондай ақын-жазушыларды қайшылығы мол ақындар қатарында қараймыз [7,56 ].
Осындай қайшылықтар Мақыш Қалтайұлы шығармашылығында да бар.
Мақыш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М.Қалтаевтың шығармашылық мұрасы
М.Қалтаевтың шығармашылық мұрасы. Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар
Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар
Мақыш қалтайұлы жайлы
М.Қалтаевтың шығармашылық мұрасы жайлы
М. Қалтаев - ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар
Мақыш Қалтайұлы туралы
ХХ ғасырдың басындағы діни-ағартушылық бағыт
Б.КЕНЖЕБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мақыш қалтайұлының өмірі мен мақыштану мәселелері
Пәндер