Операция арасындағы қойма және аралық қойма жайлы


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

“Өнеркәсіп жабдықтары және жобалау негіздері” пәнінен

БӨЖ №2

Тақырыбы: Операция арасындағы қойма және аралық қойма

Орындаған: Шалқарова Ж. Ш.

Оқу тобы: ХН-221

Тексерген: Тілеуғали Е. Т.

Семей

2015 ж

Жоспар

КІРІСПЕ3

1 Қоймалардың жіктелуі4

2 Қоймалардың қызметі7

3 Қоймалық операциясының мінездемесі8

Пайдаланылған әдебиеттер10

КІРІСПЕ

Қойма - бұл өндірістік кешенді ғимарат, ол инженерлік құрылымдардан, көтергіштік көліктік машина мен жабдықтардан, есептік техникалардан және бақылау мен атқарылатын жұмысты басқаратын құрылғылардан тұрады. Қоймалардың құрылымы сақталатын материалдардың физика-химиялық талаптарына сай болып, койма аумағы толығымен пайдалануы тиіс. Қойма жұмыстарын жүргізу барысында барлық қауіпсіздік шараларын орындалуы басты шарт болып табылады. Қоймалардың аумағы сакталатын құндылықтардың максималды мөлшеріне қарай есептеледі. Қойманың жүк тұратын аумағында және өзге жалпы аумағының ішінде есіктер мен өту жолдары, сұрыптау аумақтары және тағы басқа орындар болуы тиіс. Қызмет көрсету саласына қарай қоймалар цехаралық (орталық) (кәсіпорынның барлық бөлімшелерін қамтуға арналған) және цехтік (яғни, дайын өнім сақтайтын қоймалар) болып бөлінеді.

Сақталатын материалды құндылықтар атауларына қарай қоймалар: әмбебап (көп атаулы немесе әр түрлі материалдарды сақтауға арналған) және арнаулы қоймалар (яғни біртекті материалдарды сақтауға арналған) болып белінеді.

Жүктерді сақтау шарттары мен құрылысы бойынша жабық, жартылай ашық (жабық платформалар) және ашық қоймалар болады. Жабық қоймаларға тайлап-бірленген жүктерге арналған қоймалар, тоңазытқыштар, элеваторлар және т. б. жатады. Оларда қоршаған орта температурасының әсерінен немесе атмосфералық жауын-шашын әрекетінен қорғауды қажет ететін жүктерді сақтайды. Жабық қоймалар стансада жабық платформамен бір кешенде немесе жеке құрастырылуы мүмкін. Жартылай ашық қоймаларды (жабық платформалар) атмосфералық жауын-шашыннан қорғауды қажет ететін, бірақ жел, ылғалды ауа әсерінен қорықпайтын аз бағалы (малоценных) жүктерді (профильді сортты болат, газ құбырлары, от қалқандар (огнеупоры) сақтау үшін қолданады. Әдетте оларды сол алаңдарда жабық қоймалардың жалғасы ретінде құрастырады.

Автомобильдік кірме жағындағы жүктік фронтты үлкейту үшін платформада тісті рампілерді орнатады (қималары платформада бойлық бүйірден) . Олар тік бұрышты немесе 30…400 бұрышқа иілген болуы мүмкін. Ашық платформаларда атмосфералық жауын-шашын мен температура ауытқуларынан қорықпайтын жүктерді (кірпіш, автомобильдер, ауыл шаруашылығы жүктері, ауыр салмақты жүктер және т. б. ) сақтайды. Платформалардың ені әдетте 12…18 м. Платформа биіктігі рельс ұшы деңгейінен 1100…1200 мм. Ашық платформалардың темір жол бойымен созылған бүйірлік, және оған перпендикуляр орналасқан қапталдық түрлері болады. Қапталдық платформалар дөңгелекті өздігінен жүретін машиналарды тиеп-түсіруге ыңғайлырақ болып келеді. Ашық қоймаларға контейнерлік алаңдар, кен, құрылыс материалдары, тас көмір қоймалары жатады. Жабық қоймалар бірқабатты және биік (көпқабатты) болуы мүмкін.

Көпқабатты қоймалардың артықшылықтары - ғимаратты тұрғызуға қажетті алаңның көлемі кіші; құрылыс кезіндегі меншікті капиталды шығындар төмен; сыртқы және ішкі қатынас жолдарының ұзыңдығы кіші. Көп қабатты қоймалардың іс жүзіндегі кемшіліктері - сатылық марштардың, жүктерді бір қабаттан екінші қабатқа ауыстыруға арналған көтеру құралдарының құрылғысы қажет; қойманың өзіндегі қатынас жолдары жолдары күрделі жүйелері.

1 Қоймалардың жіктелуі

Қорлардың сақталуы арнайы құрылған орындарда болуының объективті қажеттілігі материалды ағынның қозғалысының кез келген сатысында, шикізаттың біріншілік көзінен соңғы тұтынуына дейін болады. Мұнымен қойма түрінің санының көп болуы түсіндіріледі.

Оларды логистикалық тізбектегі орны мен тауар қозғалысы үрдісініндегі маңызына байланысты келесі топтарға жіктейді:

  • Өндіруші-ұйым өнімінің қоймасы (қамсыздандыру сферасында) ;
  • Тұтынушылар өнімінің қоймасы (өндіріс сферасында) ;
  • Өндіруші фирмалардың қоймалары (тарату сферасында) ;
  • делдал ұйымдардың қоймалары.

Өндіруші-ұйым қоймалары шикізатты, материалды, өнірістік мақсаттағы өнімді сақтауға және өндіруші тұтынушыларды қамсыздандыруды (бірінші кезекте) жүзеге асырады.

Өндірістегі қойма технологиялық үрдіс ағымының тоқтаусыз қызмет атқаруына арналған. Бұл қоймаларда аяқталмаған өндіріс қоры, құрылғылар, құрал-саймандар және құрал-жабдықтар, т. б. сақталады. Өндіріс ұйымдарында өндіріс үрдісіндегі роліне және бағыныштылығына байланысты қоймалар қамсыздандыратын (материалдытеникалық қамсыздандыру бөліміне бағынады), өндірісті материалдармен жабдықтайтын, жинақтаушы өнімдер, сатып алатын жартылай фабрикаттар және т. б. деп жіктеледі; өндірістік (жоспар-өндірістік немесе жоспар-диспетчерлік бөлімге бағынады), өз өндірісінің жартылай фабрикаттарын және сақтауға аранлған; өзіндік өндірілген жартылай фабрикаттарды және технологияық қамсыздандыру заттарын сақтауға арналған; предназначенные для хранения полуфабрикатов собственного производства и технологической оснастки; сатуға жіберілетін материалдық құндылықтарды сақтауға арналған өтім бөлімі (өтім бөліміне бағынады) . Қызмет көрсету сферасына байланысты ұйым қоймалары жалпы зауыттық (орталық), цех бастықтарына бағынатын цех алды (орталық қойма филиалдары) және цехтік болып жіктеледі.

Өтім қоймалары өндіріс саласынан тұтынушыға тауар қозғаласының ұзіліссіздігін қамтамасыз ету үшін арналған. Олардың негізгі қызметі тұтынушыларды үздіксіз қамтамасыз ету мен өндірістік ассортименттің құрылуына негізделген.

Делдал ұйым қоймалары (алдымен транспорттық) материалдық құндылық тасымалымен байланысты уақытша қоймалауға арналған. Бұған жатады: темір жол станциясының қоймалары, автотранспорт жүктік терминалы, өзен және көл порттары, әуе транспортының терминалы. По характеру выполняемых операций грузопереработки они относятся к транспортно-перевалочным. Қойманың бұл топтары қамсыздандыру немесе сол сияқты тарату логистикасында болуы мүмкін.

Барлық қоймалар қызметіне байланысты бес түрге жіктеледі:

  • аралас, комбинацияланған және басқа жүк тасымалдау түрлерін жүзеге асыруда қолданылатын жүкті ауыстырып тиеуге арналған қоймалар;
  • сақтау қоймалары, өндірістің дұрыс қызмет атқаруы үшін қажетті материалдардың концентрациясын және сақталуын қамтамасыз етеді;
  • түзуші қоймалар (комиссионирования), тұтынушының талаптарының спецификалығына байланысты тапсырыстарды түзуге бағытталған қойма;
  • сақтау қоймалары, қоймаланған заттардың тұтастығы мен қорғалуын қамтамасыз ететін қоймалар;
  • арнайы қоймалар(мысалы, кеден қоймасы, уақытша сақтау қоймасы, таралар, қайтарылған заттар және т. б. )

Қоймалар құрылу ерекшеліктеріне байланысты жабық, жартылай жабық (тек шатыры немесе шатыры, бір, екі немесе үш қабырғалары бар) және ашық алаңдар болып бөлінеді.

Қоймалар сақталатын материалдардың спецификасы мен номенклатурасына байланысты әмбебеп және мамандандырылған болып жіктеледі. Әмбебеп қоймаларда кең номенклатуралы материалдар сақталады. Мамандандырылған қоймалар бір текті материалдарды сақтауға арналған (мысалы, чугун қоймасы, лак бояйтын материалдар және т. б. ) .

Қоймалардың механизациялау дәрежесіне байланысты қоймалық қызмет жіктеледі: механикалық емес, механикалық, автоматтандырылған және автоматикалық.

2 Қоймалардың қызметі

Қойманың негізгі қызметіне келесілерді жатқызуға болады:

1. Тұтынушылардың сұранысына сәйкес қажетті ассортиментті құру. Сатып алу және өндірістік логистикада бұл қызмет әртүрлі өндіріс фазасының қажетті материалды-техникалық ресурстарын (саны және сапасы бойынша) қамтамасыз етуге бағытталған. Тарату логистикасында бұл қызметтің маңызы ерекше. Сату қоймасы тұтынушылық өндіріс ассортиментін клиенттің тапсырысына сәйкес жүзеге асуын құрайды. Қоймада қажетті ассортиментті құру тұтынушылардың тасырысын эффективті орындауға және клиентке қажетті көлемде тапсырысты орындауға мүмкіндік береді.

2. Қоймалау және сақтау. Осы функцияның орындалуы шығарылған өнімнің мезгіл арасындағы өзгешелігімен қоса өндірістік процесстің үзіліссіз жұмысы барысында артық мөлшердегі қорларымен тұтынушыны үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Реттегіш жүйе арқылы тауардың сақталуы заттардың маусымдық тұтынылуына байланысты жүргізілуі қажет.

3. Жүктің тасымалдануы мен артылған партияның тиелімі. Көптеген тұтынушылар " қоймадан вагонга қарағанда кем " немесе " трейлерге қарағанда азырақ " партиялары арқылы тапсырыс бергенде, бөгелістер айтарлықтай көбейеді. Мұндай тиелімдерді жеткізуге қатысты көлік шығынын азайту мақсатында қойма тарапынан тұтынушылардың осындай партиялық тапсырыстарын біріктіріп тиеп, толықтай көліктің толуын қамтамасыз ету арқылы жүргізіледі.

4. Қызмет көрсетілуі. Жоғары дәрежелі қызмет көрсету мақсатында қоймадағылар тұтынушыларға көптеген тауарларды сатуға даярлау, өнімді қаттау, өнімге сатылымдық түр беру, транспорттық экспедициялық қызмет көрсету сияқты т. б қызмет түрлерін ұсынады.

3 Қоймалық операциясының мінездемесі

Қоймалық операциясының кешені келесідей тізбектілікті ұсынады:

  • жүкті қабылдау және түсіріп алу;
  • сақтауға орналастыру;
  • топтау және тауардың тиелімі;
  • жүктің қоймаішілік тасымалы.

Жүкті түсіріп алу және қабылдау. Жасалған келісім шарттарда көрсетілген шарттарға сәйкес жүргізіледі. Бұл көрсетілген жұмысты атқару қоймада жүктің түріне (даналық, үгітілген), транспорттық (трейлер, контейнер ) . Сонымен қоса қолданылатын механика түріне байланысты жүргізіледі. Жүктің параметрлері рәсімделген жолдамаға құжат деректерімен ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоймадағы қорлардың есебі
Қоймадағы және бухгалтериядағы материалдық қорлардың есебі
Тауарлы материалдық қорлар есебі
Материалдардың номенклатурасы
Өндірісті басқару мәні
Тауарлы материалдық қорлар есебін қарастыру
Қорлар бойынша синтетикалық шоттар
Жаппай өндіріс цехтары
Станция мен тартым ауданының техникалық – экономикалық сипаттамасы
Бухгалтерлік есептің және аудиттің ақпараттандырылған жүйелерінің қолданыстағы бағыттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz