Сепсис. Некробактериоз


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
БӨЖ
Тақырыбы: Сепсис. Некробактериоз.
Орындаған: Советов Жандос
Тобы: ВМ- 201
Тексерген: Жумабеков. Х. С
Семей қаласы 2015 жыл.
Жоспар:
1. Сепсиске анықтама
1. 2. Сепсистің дамуы.
2. Некробактериозға (Сарып) анықтама.
3. Маңызды пат- анатомияялық өзгерістер.
4. Қолданылған әдебиеттер.
Сепсис (лат. sepsіs - шіру, іріңдеу) - ірің микробтарымен залалданған қаннан дамитын ауру. Сепсистің негізгі қоздырғыштарына стафилакокк, стрептококк, менингококк, т. б. іріңдеткіш микроорганизмдер жатады.
Сепсистің дамуы. Макроорганизмнің денесіне енген қоздырғыштарға қарсы әсері және ағзадагы жалпы өзгерістер. Макроорганизмге қоздырғыштардың енуі сатылы кезеңдерде өтеді. Терінің бүлінген жеріне қоздырғыштар келіп түскенде - ластану кезеңі болса, олар сол жерде бейімделе бастаса оны инфект кезеңі деп атайды. Олар сол жерде өлі торшалармен қоректеніп өсіп-өне бастағанда микрофлора кезеңі басталады. Макроорганизм қоздырғыштарға тосқауыл қойғанда - инфекция аталады. Қабыну процесін іріндетумен тынатын микробтар денеге енгенде жергілікті реакциямен бірге, осы микробтарға қарсы тосқауыл қоятын бүкіл ағза түгел қатысып, жалпы реакциямен жауап береді. Ағзаның жалпы реакциясының мелшері оның қарсыласу күшіне байланысты және денеге енген микробтардьщ түріне, уыттылық күшіне байланысты. Уыттылық қабілеті күшті микробтар денеге көптеп енсе, ағзаның қарсыласу белгілері тез арада білінеді. Осындай жағдайға үшыраған жануар күнделікті қызуы көтеріліп, қалтырап, ми қызметі бүзылып тіпті есінен де танып қалады. Ондай жануарды мұқият зерттеген кезде, қан тамырларының жиі соғуын, торшаларда және қан құрамында айтарлықтай биохимиялық өзгерістер барын, бүйрек, бауыр қызметтері өзгеріп, нашарлап кеткенін байқауға болады .
Микробтардың улы заттарды көптен шығарып, ағзаны уландырып жібергенін қан құрамындағы белоктық фракциялардың өзгеруінен білуте болады. Ағза іріңмен, улы заттармен қатты уланғанда қан құрамындағы жалпы белоктың мөлшері кетеді. Улану неғүрлым күшейген сайын қан құрамындағы альбумин белогының саны азайып, глобулин белоктарының көрсеткіштері көбейе түседі. Жануардың дене қызуы 41С градусқа дейін көтеріледі. Стафилококк микробы кесірінен оның таңертеңгі дене қызуы қалыпты мелшерде болады да, ал кешке қарай қайтадан 41 градусқа жетеді. Сонда дене қызуының таңертеңгі және кешкі көрсеткіштерінің айырмашылығы 3-4 градус арасында ауытқып отырмақ. Бұл ауытқудың ертелі-кешкі айырмашылығы кейде тіпті жарты немесе 1 градустан (39-40°) аспайды. Егер осындай жануардың қанын зерттер болсақ, онда қанның қызыл түйіршіктерінің (эритроцит) мөлшері азайып, гемоглобин көрсеткіштері төмендеп ал ақ түйіршіктері (лейкоциттер) айтарлықтай көбейеді. Ондай жануардың төбеті азыққа тартпайды. Тексеріп қарағанда белоктың қалыптан ауытқығанын, цилиндрлер пайда болғаны байқалады. Ағзадағы ірің, микдобтардьщ уыты қан жасау қызметін атқарып мүшелерге зиянды әсер етіп, анемияға душар етеді, қан құрамында әлі кемеліне келмеген жас эритроциттердің неше түрлісі кездеседі. Ал лейкоцитарлық формуланың көрсеткіштері солға қарай жылжып, қанның құрамында сегмент ядролық торшалар азаяды, оның орнына таяқша ядролық нейтрофильдер көбейіп кетеді. Іріңді ауру байқалған кезден бастап, жануардың қанындағы эритроциттердің түну жылдамдығының (ЭТЖ) көрсеткіші жоғары деңгейге жетіп, ауру бәсеңсіп, беті қайтып, жануар ауруынан айыққан күннің өзінде көрсеткіш деңгейі бәрібір жоғары болып қала береді.
Сарып , некробактериоз (Necrobakterіosіs) , ветеринарияда - үй және жабайы жануарлар мен құстардың жұқпалы ауруы. Қоздырушысы Вakterіum necrophorum бактериясы. Табиғи жағдайда ауру бір аймақты түгел қамтуы мүмкін. Мүйізді ірі қара малдың жыныс мүшелерін де қамтуы ықтимал. Сарып болған малдың терісі қызарып, темп-расы 40°С-қа дейін көтеріледі. Сарып асқынғанда тері астына сасық ірің жиналады, тұяғы түседі, сирақтың сіңірі зақымданады. Сарып бактериясы ауырған малдың ішек-қарын жолдарына өтіп, нәжіспен сыртқа шығады да сау малға (лас қора, жайылым, суат арқылы) жұғады. Зақымданған теріге және кілегей қабатына бактерия түссе, алғашында теріні зақымдап, кейіннен ішкі ағзаларын (бауыр, бүйрек, өкпе, жүрек, ми) жарақаттайды. Аурудың тез таралып, дамуына малды едені сыз қораларда ұстау, дымқыл жайылымға жаю, қансорғыштардың жаппай ұшып өтуі септігін тигізеді.
Қоздырушысы мен оның морфологиясы және биологиясы Fusobacterium necrophorum Қоздырушы жағынды жасап қарағанда ұзындығы әртүрлі ұзындығы 1, 5-3, 0 мкм, көбінесе 30-дан 400 мкм-ге дейін жіпшелер түзетін, ені 0, 5-1, 5 мкм жіңішке таяқшалар. Жіпшелері кейде шатасып жатады. Қозғалмайды, спора, капсула түзбейді. Балауса өсінділерінде, өліеттенген ошақтардан жасалған жағындыда дәншелі-дақты боялған ұзын жіп тәріздес болады. Ол жіпшелердің ұзына бойынан колба тәрізді қалыңдаған, үрілген шар сияқты жуандаған тұстарын көруге болады. Жағындыны зақымдалған ұлпа мен сау ұлпаның шектескен жерінен алынған материалдан жасаған жөн.
Патогендігі және жұғу жолдары . Некробактериозбен табиғи жағдайда жануарлардың көптеген түрлері (жылқы, мүйізді ірі қара мал, буйвол, марал, қой-ешкі, шошқа, мысықтар, сонымен қатар жабайы аңдар -суыр, борсық,
зебра, бегемот, антилопа, арқар, бұғы т. б. ) ауырады. Fusobacterium necrophorum сау жануарлардың ішегінде мекендейді, сондықтан ауру барлық жерде кездеседі. Қимен бірге бөліне отырып микроб қоршаған ортаны ластайды. Дегенмен инфекцияның негізгі жұқтырушы көзі ауру жануарлар (негізінен өліеттенген жаралардан бөлінетін секреттер арқылы) . Қоздырушымен зарарлану тек барлық жерде кездесетін микроб арқылы ғана емес, ең бастысы қоршаған ортаның әр түрлі жағымсыз факторлары салдарынан дененің қорғаныс кедергілері мен тұтастай организмнің әлсіреуінен туындайды. Зарарлану зақымдалған тері немесе кілегей қабық арқылы жарақаттық инфекция сипатында жүзеге асады. Ал көп жағдайда бұған антисанитарлық жағдай мен жануарлардың ауруға қарсы тұрушылық қабілетін әлсірететін басқа жағымсыз факторлар (азықтандыру, күтімге байланысты) өз үлесін қоспай қалмайды. Қойларды ылғалды, қиы тазаланбаған қора-жайларда немесе ылғалды, батпақты жайлымдарда ұстап- бағу аяқтарының төменгі бөлігіндегі тері жабыны мен тұяқ мүйізінің жұмсарып, болбырауына, нәтижесінде оңай жарақаттанып, қоздырушының денеге енуіне жол ашады. Сондай-ақ жайлымдағы тікенді шөптермен детерінің, әсіресе тұяқ арасындағы қуыстың жарақаттануы заралануға әкеп соғады. Сарыппен барлық жастағы мал ауырады, дегенмен төлдер мен одан сәл ересектері жиі шалдығады. Қыста энзоотия тынышталғанымен, жазда қайтадан өршиді.
Ауру ағымы және клиникалық белгілері. Бұзауларда сарып некротикалық стоматит деп аталатын ауыз қуысының зақымдалуымен сипатталатын ауру түрінде өтеді. Ауру жітілеу түрде өтеді. Азықтандырылуы, күтімі және емі жақсы болған жағдайда көбінесе жазылып кетеді. Жазылу уақыты әдетте 2-3 аптаға созылады. Керісінше күтімі мен азықтандырылуы нашар болып, емдеу шаралары жүргізілмеген жағдайда бұзаулар 7-10 күнде, кейде одан да ұзақ уақыттан кейін өледі. Қойда сарып созылмалы түрде өтеді. Ауру апталарға, айларға созылуы мүмкін. Ауру кесірінен ақсай бастаған мал мейілінше жайылудан қалады. Оның үстіне организм қоздырушы уларынан 132 улана бастайды. Осының барлығы жануардың азып-тозуына әкеп соқтырады. Егер аяғы мардымсыз зақымдалған болса және ем-дом дұрыс жүргізілсе мал біртіндеп сауығуға бет бұрады. Қозыларда сарыпнекротикалық стоматит түрінде өтуі мүмкін, кейде ол ішкі ағзаларға (бауыр, өкпе т. б. ) метастаз береді, ондай жағдайда ауру өлімге ұшыраумен аяқталады. Жақтардың, еріндердің, кейде таңдайдың, жұтқыншақтың, тілдің кілегей қабықтары ара-тұра қызарып домбығады және ауырсынғыш болады. Артынша осы жерлердің астында тереңге кеткен жаралары бар көршілес ұлпаларға кірігіп тұратын ақ-сұр немесе ақ-сары түсті қабыршықтар пайда болады. Егер ол жақтардың кілегей қабығында орналасатын болса онда сыртынан тері арқылы тығыз, ауырсынғыш ісінуді басып көруге болады. Осының бәрі азықты шайнап, жұтына алмай, аузынан сілекей шұбыруға ұласады. Сілекейінен аса жағымсыз иіс шығады, ішінде өліеттенген ұлпалардың үзінділері жүреді. Ары қарай ауыздағы өліттенген жерлердегі ұлпалар түбірімен жұлынады да орнында қоңыр-қызыл түсті, оңай қанайтын, шеттері тегіс емес болбыр жаралар түзіледі. Жаралар бірте-бірте бітіп, жазыла бастайды, бұзаудың тәбеті қалпына келіп, сауығып кетеді. Ауру асқынған жағдайда жаралар жұтқыншақ, кеңірдек және танау қуысына жайылады немесе паренхиматозды ағзаларда ішінде ауа толған эмболиялық ошақтар пайда болады. Бұл кезде температурасы жоғарылап, жөтел немесе іш өту пайда болады да жануар көп ұзамай өледі. Аурудың өтуіне байланысты қойлар сәл ақсауы немесе мүлдем тұра алмай қалуы мүмкін. Тұяқтарының арасындағы қуыс, тұяқтың ішкі жұмсақ жерлерін (тұяқ жұлығы, майөкше) қарағанда қызарып кеткен тығыз, қызулы және өте ауырсынғыш домбығуды байқауға болады. Біраз уақыттан кейін домбыққан жер жабысқақ сарғыш жалқаяқпен суланады да ол кеуіп, қабыршаққа айналады. Кейде іріңді көпіршіктер пайда болып орнында жаралар түзіледі. Артынша ірің құрғайды да жараны жауып тұрған қабыршыққа айналады. Қалай болғанда да өліеттену құбылысы ұлпаларға жайылып, дендей береді. Терінің өліеттенген жерлері жұлынып, терң, аса ауырсынғыш жаралар пайда болады. Некроз теріден біртіндеп тереңде жатқан ұлпаларға, сіңірлерге, байламдарға, тіпті сүйекке дейін өтеді. Бұл кезде тұяқтарының арасындағы қуыс, тұяқ жұлығы, майөкшесі күрт домбығып, ірің ағып тұратын қуыстар 133(іріңді фистула) пайда болады. Қой аяққа тұрудан қалады. Іріңді-өліеттену құбылысы тұяқтың мүйізді қабығы астындағы теріге тарап, тұяғы түсіп қалады. Оған қоса сепсис және ішкі ағзаларға қоздырушының метастазы дамиды. Осылардың барлығы, әсіресе сепсис безгекке, күйзелуге, азықтан мүлдем бас тартуға әкеп соқтырады. Ересек қойларда аяқтарынан басқа кейде еріндерінің терісі мен кілегей қабығы зақымдалады. Мұны еріннің паршасы деп атайды. Ол ауру аяғын жалап-жұқтау салдарынан пайда болады. Еріндерінде пайда болған іріңді көпіршіктер жарылып, қабыршақпен көмкерілген жаралар түзеді. Ол ары қарай ауыз қуысының ішіне де ендеуі мүмкін. Қозыларда
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz