Күйіктер және ветеринариялық алғашқы көмек


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік Университеті
БӨЖ
Тақырыбы: «Күйіктер және алғашқы ветеринариялық көмек»
Орындаған : Биязбаев Е.
Тексерген: Ахметжанов О. Н.
Семей 2015
Жоспар
- Күйіктер
- Алғашқы ветеринариялық көмек
Күйік деп ыстық сұйықтықтар, қышқыл-сілті, жалынның шарпуы, сәулелі ыстық, қатты ысыған заттар, электр тогы немесе электромагниттік радиацияның әсерімен теріге және одан төмен жатқан адам денесінің ұлпаларына жасалған зиянды әрекетті айтады. 50°С температураға шалдыққан теріні 5 минуттан кейін күйік шалады.
Термиялық күйік - денеге жалын, қайнаған су, жанып тұрған және ыстық сұйықтық пен газ, қызған және балқыған металдардың тікелей әсерінен пайда болады. Зақымданудың ауырлығы әсер еткен температураның жоғарылығына, әсер етудің ұзақтығына, зақымданудың көлемі мен жайылуына байланысты. Қатты күйіктер әсіресе жалын мен қысымда тұрған будың әсерінен пайда болады. Аяқ-қол, көз, дененің басқа мүшелеріне қарағанда күйікке жиі ұшырайды.
Химиялық күйік -
денеге жинақталған қышқылдардың (тұз, күкірт, азот, карбол) және сілтілердің (күйдіргіш калий мен күйдіргіш натрий, мүсәтір спирті, сөндірілмеген әк), фосфордың және ауыр металдардың кейбір тұздарының (хлорлы мырыш) әсерінен пайда болады.
Зақымдалудың ауырлығы мен тереңдігі химиялық заттың түрі мен жинақталуына, әсер ету созымдылығына, қай жер екендігіне байланысты. Химиялық заттардың әсеріне кілегейлі қабықша, тері жамылғысы мен мойын төтеп бере алмайды. Ал табан мен алақан мейлінше төзімдірек.
Сәулелік күю -
ядролық жарылыстың жарық сәулесінен рентген мен күн сәулесінен пайда болады, сәулелік күйіктің сырттай алғашқы белгілері зақымдау дәрежесіне сәйкес келмейді. Зақымдау дәрежесі біршама кейінірек анықталады.
Күйіктің дәрежелері:
Күлдіреп іспейтін шамалы ғана күйіктер -1 дәрежедегі күйік
Күйіктен кеп зардап болдырмау және ауырғанын жеңілдету үшін күйік шалған жерді дереу салқын суға малу. Басқадай ешбір ем-дом жасаудың қажеті жоқ, керек болған жағдайда ауырғанды жеңілдететін дәрілер енгізу.
Күлдіреп ісетін күйіктер - 2-ші дәрежедегі күйік
Күлдіреген жерді тесуге болмайды. Егер күлдіреген жер жарылып кетсе, сол жерді қайнатып салқындатылған сумен сабындап жуымыз. Вазелинді қайнатып стерилдейміз де, оны стерилдеген дәкеге жағып, күйік шалған жерге салымыз. Егер вазелин жоқ болса, күйікті ашық күйде үстаңыз. Күйік шалған жерге ешуақытта тоң май немесе басқадай майларды жағуға болмайды.
Күйген жерді мейлінше таза ұстаған өте маңызды. Оны шаңнан, ластан, шыбын-шіркейден сақтаңыз. Инфекция түскендіктің белгілері - ірің, жағымсыз иіс, қызу көтерілу немесе без шошу сияқты белгілері біліне бастағаннан-ақ жылы тұзды сумен (1 шәй қасық түзды 1 литр суға езіп) күніге 3 рет компресс жасаңыз (мүмкіндігіңіз жетсе түзды суға 2 ас қасық хлорлы әк үнтағын қосып жіберіңіз) . Таңып, байлауға тазалап жууға пайдаланылатын шүберекті де, суды да қайнатып алыңыз. Күйік салдарынан тері мен тәннің өлген ағза, қабыршақтарын мейлінше сақтықпен алып тастаңыз. Жарақатқа жеңілдеп қана неоспорин тәрізді антибиотикті мазь жағып қоюға болады, ауыр жағдайларда күйіктің ауыр түрлерінде пенициллин не ампициллин тәріздес антибиотиктерді пайдалануға болады.
Терең күйік жарақаттары - 3-ші дәрежедегі күйік
Теріні бүлдіріп, дененің ішкі ағзаларын жалаңаштайтын және терінің едәуір бөлігін қамтитын мұндай күйік жарақаттары өте қауіпті болып келеді. Зардап шеккенді сол бойда емдеу орнына жеткізу қажет. Оны ем көрсетілетін жерге жеткізгенше күйік шалған жерді ете таза шүберекпен немесе орамалмен жауып қойған жөн. Дәрігерлік білікті көмек көрсетіле алмаған жағдайда күйген жерді жоғарыда айтылғандай тәсілмен тазалап, ем жасаңыз. Егер вазелин болмаса, күйік шалған жарақаттың бетін ашық тастап оған шаң түсіп, шыбын қонбас үшін шыт орамалмен немесе ақжаймамен жеңіл ғана бүркеп қойыңыз. Пайдаланған шүберегіңіздің таза болуын үнемі қадағалап отырыңыз, егер ол күйік жарақаттың аузынан аққан қан мен қан аралас сұйықтан ластанғандай болса, алмастырыңыз. Күйген жерге ешуақытта малдың майын, тоң май, тері, кофе, шөп с жағушы болмаңыз.
Өте қауіпті қатты күйік алған кездегі айырықша сақтық шаралары.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz