Радиодискурсының тілдік ерекшелігі мен стильдік құралдары


Қазақстан республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы
Диплом жұмысы
Тақырыбы: «Радиодискурсының тілдік ерекшелігі мен стильдік құралдары»
Ғылыми жетекшісі:
Орындаған:
Жоспар
1. Кіріспе
І - тарау. Қазақ әдеби тіл және оның стильдік тармақтары.
ІІ - тарау. Публицистикалық стильдің ерекшелігі.
ІІІ - тарау. Радиодискурсының стильдік, тілдік құралдары.
ІV Қорытынды
Кіріспе
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Қазіргі заманда телевизия, радионың аудиторияға тигізер ықпалы ерекше. Әсіресе телевизия, радио хабарлардың бұқаралық сипаты мен жеделдігі қарқын ала түсуде. Мемлекеттің ішкі, сыртқы саясаты жөнінде, ел ішіндегі, әлемдегі маңызды уақиғалар мен жаңалықтар, жөнінде қалың жұртшылыққа дер кезінде хабар-ашар таратып отыру бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуметтік мәнділігін одан сайын күшейтіп отыр. Оның үстіне қазіргі таңда инжинерлік технологияның даму қарқынымен байланысты, бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдері оқуға, тыңдауға, көруге жағымдылығы артып келеді. Алайда, техникалық құрал жетіле түскенімен, БАҚ-ның тілі аса қиын жағдайда қалды : радио, телеэфирден естілер сөздің мәдениеті тым төмендеп кетті. Бұрын Әнуарбек Байжанбаев, Ләзиза Аймашева, Сауық Жақанова сынды және өзге де радио, телеқайраткерлердің сөзді дыбыстау нақышы, сөйлеу сазы халыққа үлгі болатын.
Радио, - телешешендердің сөз саптауы радио қабылдағыш пен телеэкран алдындағы былайғы жұртшылыққа эталон ипетті деп танылып, олардың сөйлеген сөздеріне жұрттың айызы қанатын. Қазір мұндай « үлгі », « эталондар » жоқтың қасы.
Сонымен теле, - радиошешен жай ғана ақпарат тасымалдаушы, хабар жеткізуші ғана емес. Олар, ең алдымен мемлекеттің ішкі, сыртқы саясаты, елімізде, әлемде болып жатқан уақиға, жаңалықтарды қалың жұртшылыққа жеткізе отырып, олар жайында жеке өзінің, редакциялық ұжымның, әлеуметтік жіктің немесе саяси партияның көзқарасын, бағасын беретін, қоғамдық ойға қозғау салатын, пікір қалыптастыратын публицист.
Әрине, қоғамдық пікір қалыптастыру арқылы бұқараға ықпал ету оңай- оспақ шаруа емес, мысалы, профессор студенттер аудиториясына логикалық қысынымен ой- санаға әсер етсе, радио, - телешешеннің жағдайы күрделілеу. Эфирдегі шешендік, ең алдымен, эмоция тудыру арқылы санаға әсер ету ең алдымен тілдік құралдарды, оның амал-тәсілдерін дұрыс пайдалану, орынды жұмсау, шебер қолдануымен байланысты. Тіл мәселесіне келгенде журналист білуге міндетті жайттар аз емес. Алдымен, теле, - радио шығармашылық қызыметкерлерінің халық тілі, әдеби тіл, әдеби тілдің нормалары, әдеби тілдің стилдік тармақтары және сөз мәдениеті, эмоционалды экспресивті сөздер т. б. жайында белгілі бір көлемде білімі болуға тиіс.
Тақырыптың теориялық қолданылымы. Ғұмыр жасы жүздеген жылмен өлшенетін, заман өзгеріп жатса да, байырғы қалпын бұзбайтын құрылымдар тіл жүйесінің дыбыс, лексика, морфема, ситаксис деңгейлерінде ерекше орын алады. сондай - ақ тілде өзгерте беруді қаламайтын ежелден қалыптасқан стеоретиптер, этикеттік формуларлар, эталондар т. б. орнықты сөз орамдары болады. сонымен бірге оларды өзгерте бермей орынды жұмсау аса қажет.
Ауызша сөздің шебері үнемі өзінің сөйлеу аппаратын жаттықтырып, оның қызметінің мүмкіндіктерін, икемділік қабілетін дамытып отыру керек. Сөйлеу аппараты екі бөлімнен тұрады: орталық және шеткері (периферический) . Орталық бөлімге ми мен жұлын жатады. Сөйлеуді басқарып реттеудің қызметті бастың сол жақ жарты шарындағы ми бөлгіт атқарады. Сөйлеу аппаратының шеткері бөлімінің үш бөлігі бар: 1) дыбыс жасаушы немесе артикуляциялық жүйе - ауыз, көмей, мұрын қуысы, тіл, тілшік, тандай, тіс, жақ; 2) тыныстау жүйесӀ - өкпе, кеңірдек және т. б; 3) дауыс жасаушы аппарат - көмей мен дауыс шымылдығы. Осы үш бөліктің қызметіне қарай сөйлеу техникасы үш компоненттен құралады: 1) дыбыстау (дикция) ; 2) тыныстау; 3) дауыстау.
Дыбыстау (дикция) . Дұрыс дыбыстау дегеніміз әр бір дауысты және дауыссыз дыбыстарды таза әрі анық естілетіндей нық айту. Дыбыстау мынадай жағдайларда бұзылады: 1) дауысты не дауыссыз дыбыстарды анық айтпағанда; 2) тілде қандай да ақаулар болғанда (сақаулық және т. б. ) ; 3) тым бос, баяу сөйлегенде; 4) немесе керісінше тым жылдам, асығыс сөйлегенде; 5) сөздердің басын не соңын жұтып қойғанда және т. б.
Тыныстау. Тыныстау әдетте автоматты, бейсанат түрде жүзеге асады. Ал қандай да бір дыбыстау (сөйлеу, ән айту) кеезінде ол саналы түрде орындалады.
Фонациялық тыныстау. Кезінде өкпеден келген ауаны кинетикалық энергиясы артикуляциялық энергияға айналып сөз күйінде сыртқа шығады.
Дауыстау. Әдетте шет тілін үйренушілерге сөйлеу техникасын меңгертуде дыбыстау мен тыныстауға қатысты жаттығулардан кейін дауыстауды үйретеді. Себебі тіл дыбыстарының жасалым (артикуляция) базасы мен тыныстау процесін үйлестіре алғанда ғана дауысты басқара білудің дағдысын қалыптастыруға болады. Дұрыс дауыстау дегеніміз сөйлеу барысындағы дауыс ағымын мейлінше табиғи естілетіндей етіп, оның физикалық сипатын (дауыс көлемі, күші, қаттылығын) әртүрлі сөйлеу мақсатына қарай түрлендіре алу.
Дауыс диапазоны. Қарапайым түсінігі бойынша әуеннің кеңдігін білдіреді. Диапазон неғұрлым кең болса және бұл қасиет сөйлеу барысында толық сақталып тұрса, соғұрлым ауызша сөздің құлаққа естілуі әуенді, жағымды болады.
Дауыс регистірі. Бір дыбыстау механизмінде жасал ған бір диапазондағы біртекті дыбыстар қатары, регистрдің белгілі үш түрі бар: жоғары, төмен, аралас.
Жұмыстың практикалық қолданылымы. Тілдік бірліктері беолгілі бір стильге негізделіп құрылған мәтіннің дыбысталғандығы интонациялық ұйыида суындада өзіндік ерекшелік болады екен. Мысалы, сөйлеу стилінде сөз соңына дейін қарқынның тұрақты ал дауыс қаттылығы мен әуеннің бірқалыпты сақталуы сирек кездеседі, сөйлеу барысында сөз ағымының бір бөліктері жылдам, бір бөліктері баяу, әуен мен дайыс қаттылығы құбылып айтылып олардың бір қалпынан екінші қалыпқа бірден ауысып отыруы сөйлеушінің еркін қарым-қатынас жағдаятында дайындықсыз, стихиялы түрде сөйлеп жатқанын аңғартады. Фмәтіндердің интонациялық безендірілуінің стилдік белгілері қазақ тіл білімінде толық зерттеліәп болған жоқ. дегенменде әр стильге тән жалпы интонациялық сипат - айқын. Публицистикалық мәтін тыңдарманға қандай-да бір ақпарат жеткізіп қана қоймай, оның еркіне, санасына әсер етуді көздейді. Ол үшін мұндай мәтінде нық дыбысталып, ондағы барлық сөздер анық естілуі шарт, сондай-ақ бағалауыш мәнді тірек сөздерді мәтін бойынша интонациялық құралдар (ой екпіні, баяу қарқын және т. б. ) арқылы ерекшелеп отырған дұрыс. Сонымен бірге қарқынды өзгертіп отыруға, әуезді құбылтуға да әбден болады. бірақұ дауысты тым ойнағышты, бір сарыннан (регистрден) екінші бір сарынға күрт ауысып отыру тыңдарманды шаршатып, қабылдауын қиындатып жібереді. Ой екпіні сен айтылған тірек сөздерде дауыс қаттылығын жоғарылатып, бірақ оны тым үлкен мәндермен емес орта мәндермен берген дұрыс. Тиісті жерінде эмоциялық паузаларды қолданған әсерлі. Дегенмен оларды шектен тыс көп қолданса, сөз мәнері болмайды.
Зерттеудің мақсаты. Қазіргі БАҚ тілінің сөз бедері қандай? Сөзге бедер салатын тілдік құралдар дұрыс жұмсалып жүр ме? Дайын, үйреншікті бедерлеуіш амал тәсілдермен бірге тыңнан табылған үлгілер бар ма?
Осындай сұраулардың төңірегінде азды көпті сөз сабақтауға болады. БАҚ-тың сөз бедері, тіл нақышы ең алдымен ой сезімге әсер ететіндей эмоционалды, экспрессивті, бағалауыш сөздерден өрнектеледі. Стилдік нышаны бар мұндай сөздер ең алдымен автордың шығармашылық ұжымның (редакцияның), әлеуметтік жіктің, саяси партияның нәрсеге, құбылысқа, уақиғаға бағасын, көзқарасын (қоштау, ұнату, ұнатпау т. б. ) білдіре отырып, олар жайында қоғамдық пікір қалыптастыру үшін аса қажет. Осындай стильдік нышаны бар тілдік құралдар арқылы коммуникант адресаттың эмоциясына әсер, ықпал етіп, қоғамдық пікір туғызады.
Зерттеудің міндеті. Сөз мәдениеті деген терминдік ұғым тек сөз дұрыстығымен шектеліп қоймайды, яғни сөзді дұрыс айтса, жазсақ, мәдениеттің биігіне көтеріліп, шыңына шықтық деуге болмайды. Өйткені сөз мәдениеті «дұрыстық» қана емес сөзді бедерлі жұмсау деген ұғымды да қамтиды. Сөзді дұрыс жұмсағанымызбен нақыш бедерін дәл тауып, ақтан тигізіп айта алмасақ, діттеген межеден көріндік деуге болмайды. Өйткені БАҚ түрлі хабарды (құрғақ) ақпарат түрінде беріп қоймайды. Радио, телешешеннің тыңдарман мен көрермендерге ықпал етіп, олардың қоғамдық пікір туралы белсенділігін де көтеруге тырысады. Микрофон ұстаған, я болмаса жұртшылық алдына шығып, мінбеге көтерілген адам сөйлемес бұрын алдымен тілдік қарым - қатынастың түрін мақсатын айқындап алуға тиіс.
- Тілдік қатынас ресми ме, бей ресми ме?
Сөздің адресаты кім? Жеке адам ба, көпшілікпе?
Тілдік қатынас бір жақты ма, әлде екі жақты ма?
Міне осы айтылған тілдік емес жайттарға көңіл бөлінсе, тыңдаған сөздің, ондаған тілдік амал тәсілді ішінен қарым - қатынастың міндетіне, түріне сай келетін ең лайықтысын талғап ала білудің мүмкіндігі арта түседі. Осы мақсаттың үдесінен шыға білу сөз бедері деп аталады.
Зерттеудің әдістері. Алға қойған міндеттерді шешу үшін мынадай әдістер қолданылады: теориялық әдіс, салыстырмалы әдіс, эксперимент әдісі.
І тарау. Қазақ әдеби тіл және оның стильдік тармақтары.
Әдеби тілдің тарихын баяндамас бұрын «әдеби тіл» деген категорияның өзі туралы түсінікті анықтап алу қажет. Өйткені «әдеби тіл» дегеннің мазмұны, сипаты жөнінде тек қазақ тіл білімінде емес, жалпы тіл білімінде анық, айқын, үзілді-кесілді айтылған тұрақты пікір жоқ.
Бірқатар ғалымдар әдеби тіл дегеніміз жалпыхалықтық тілдің өңделіп, қырланған түрі деп таныса, енді бірсыпырасы жалпы хатқа түскен дүниелердің тілі әдеби деп табады. Сондықтан орыс әдеби тілінің тарихын сөз еткен бірқатар мамандар жазусыз әдеби тілдің болуы мүмкін емес деп санайды. «Әдеби тіл дегеніміз - жалпыхалықтық тілдің хатқа түскен, белгілі бір дәрежеде өңделген ерекше түрі ». « Әдеби тілдің тарихы- жазба ескерткіштердің тарихы ». « Әдетте, жазусыз әдеби тіл болуы мүмкін емес ». «жазу- әдеби тілдің ең маңызды және қайткенде де болуға тиісті белгісі. Тіл білімі тарапынан алғанда « әдеби тіл » деп тек көркем әдебиет емес, ғылыми зерттеулердің тілін, қысқасы, жазба тілді атаймыз. Көне ескі жазулары болған халықтардың тілдері, олардың тарихын зерттеуге қажет обьектілердің (жазба ескерткіштердің) сипаты, сөз жоқ, жоғарғы пікірлерді айтқызуға мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде « әдеби тіл » деген термин « жазба тіл » дегеннің баламасы ретінде ұсынылады.
Зерттеушілердің көпшілігі « әдеби тіл » ұғымы тарихи жағынан құбылмалы деп таниды.
Қазақ тіл білімінде де «әдеби тіл» деген ұғымға тиянақты бір анықтама берілмей әдеби тілі, « қазақ жазба әдеби тілі », « қазақ ауыз әдебиеті тілі », « қазақтың жалпыхалықтық тілі », деген категориялар бір-бірінен ажыратылып, әрқайсысы нақты анықтамаға ие болған жоқ емес.
Бізде де әдеби тіл статусын жазумен ғана байланыстыру идеясы жоқ емес.
М. Балақаев: « Әдеби тіл- жазба тіл. Жазба әдебиет арқылы тіл байлықтары, оның құрылысы сымбатты қалыпқа түсіп, екшеледі. Жазушы болмаған халықтың тілі әдеби тіл дәрежесіне көтеріле алмайды », - деп жазады. Дәл осындай тұжырымды Ғ. Мұсабаев та айтады : « әдеби тіл ең әуелі-ақ жазуға сүйенеді. Жазу стильінсіз әдеби тіл болмақ емес » - дейді. Енді бірқатар зерттеушілер қазақтың әдеби тілін ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталады деп, мұны ұлы ағартушы - демократтар Абай мен Ыбырайдың есімдерімен байланыстырады.
Қазақ әдеби тілін біз қазақ халқының ұлт болып қалыптаса бастағанға дейінгі түрі және ұлттық түрі деп бөліп қараймыз. Бұл екі кезеңнің аралық тұсы - өткен ғасырдың екінші жартысы, яғни қазақтың ұлттық әдеби тілі ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап қалыптасты деген тұжырымға келеміз.
Әдеби тіл дегеннің ең басты белгісі- оның өңделген, сұрыпталған, нормаланған тіл болуы, бұл-бір қызыметі жағынан сол халықтың өмірінде ұйымдастырушы, қоғам мүшелерінің басын қосушы сипаты, яғни жалпыға ортақтық қасиеті болуға тиіс, бірақ әдеби тілдердің бір кезеңдердегі жазба түрлерінде әрдайым соңғы белгінің болуы шарт емес. Әр нәрсенің, құбылыстың заты, салыстыру арқылы, өзге құбылыстардың қарама-қарсысына қою арқылы таныла түседі. Әдеби тілді тану үшін оның қарама-қарсысына қойылатын басты құбылыс- ауызекі сөйлеу тілі. Бұл үшінші шарт. Әдеби тіл қолданылу тәжірибесінде қоғам сынынан өткен, нормаларын қоғам санасы дұрыс деп қабылдаған және ол нормалар барша үлгілерге ортақ болуы шарт. Бұл әдеби тілдің төртінші сипаты. Осы сипат- белгілерді нысанаға алып қарасақ, қазақтың тіл қолдану тәжірибесінде « әдеби » деген атрибут- сапаны ұлттық дәуірге дейін де бөлуге болатын уәждер бар.
Әдеби тіл жайын арнайы сөз еткен М. Әуезов : « Қазақтың әдеби тілін Абайдан басталады дейтін тілшілерге дау айтамыз. Абайдың алдындағы қазақ халқының көп ғасырдан келе жатқан мол эпостарындағы, жырларындағы көркем өлең үлгілеріндегі тілдерді ұмытуға бола ма? Бұхар, Махамбеттерде қазақ әдеби тілінің үлгі- өрнектері жоқ деуге бола ма ? »-дейді. Осыған үндес пікірді І. Кеңесбаев та айтты : Абайға дейін де қазақ әдеби тілінің ұрығы себілген болатын . . . Олар жаңа туа бастаған жазба әдебиеттің кейбір уәкілдерінің ( М. Өтемісов, Ы. Алтынсарин сияқты ) шығармаларынан табылады », - деп жазады.
Сөйтіп, әдеби тіл деген категорияны қазақ тіліне қалайша қатыстыруға болады? Қазақтың жазба әдеби тілінің жаңа кезеңі басталғанға дейін яғни ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін қазақта әдеби тіл болды ма ? - деген сияқты сұрақтарға жауап беру керек.
« Әдеби тіл » деген ұғым қазақ тілі үшін де тарихи, құбылмалы түсінік. Қазіргі қазақ тілі үшін оның жазба түрінің болуы, сан салалы стильдерге тарамдалуы, қоғам өмірінің барша саласына түгел қызымет етуі - заңды шарттар.
Тіл мәдениетінің шын жанашыры, доцент Дариға Тұранқұлова «әдеби тіл» туралы мынадай тұжырым айтады: «Әдеби тіл ұлт тілінің ең жоғарғы типі оның өңделген, қырланған, жөнделген, үлгілі саласы». Әдеби тіл - жалпы халықтық тіл маржанын жинақтап, сұрыпталған, екшелген қызметке бай әлеуметтік сипаты мен стильдік ерекшеліктері мол сала.
Әдеби тіл жазба тіл негізінде қалыптасып, орнығып, халық арасына кең тарағаннан кейін, ол тек жазба түрінде ғана емес, ауызекі сөйлеу тілі арқылы да іске асып отырады. Әдеби тіл тұтас ұлттық тілден мейлінше бөлек жатқан дүние емес, ол солардың өңделген жоғарғы сатысы. Әдеби тіл де тарихи құбылыс сондықтан ондағы өңдеу іріктеп қолдану дегендердің дәрежесі барлық тілдерде және барлық дәуірде бірдей болмақ емес. Оларда төменгі дәрежеден жоғары сатыға біртіндеп көтерілмек, әдетте тілдің дәрежесі, қоғамдық қызметі - стильдік тармақтардың саралануы қандай екеніне қарай айқындалады. Осы үрдістер әрдайым халық тілімен әдеби тілдің қарым - қатынасын күшейте түсуге негізделеді. Әдеби тіл халықтың сөйлеу тілінің байлықтарын сұрыптап, таңдап пайдалану арқылы дамыса, сөйлеу тілі әдеби тіл нормаларын бойына сіңіріп, шыңдала түсуде. Әдеби тіл - қоғамдық күрделі құбылыс. Оның тарихы әдебиеттің ғана емес халықтың басқада рухани байлықтары мен сана сезімі жетілуі тарихымен тығыз байланысты. сондықтан әр тұстағы әдеби тілдің дәрежесі де, қоғамдық қызмсеті де тілдік сипаттамалары да әрқилы. Қазақ әдеби тілі тарихының бір ұшы халық әдебиеті мұраларында жатса, бір ұшы ертедегі қазақ рулары қатысқан тайпалар бірлестіктеріне, хандық қауым орталықтарына тән әдебиеттерге саяды. Әдеби тілдің өзіндік нормасы, сол нормаға негізделген әртүрлі стильдік ерекшеліктері болады. Әдеби тіл нормасы тілдік жүйемен де халықтық тілді қолдануда тілдік дәстүрмен де байланысты.
Жалпы халықтық тілдің де, әдеби тілдің де нормасының негізі - тілдік жүйе. Жүйе - тілдің құрылымдық мүмкіндігі, дерексіз схемасы деп түсінілсе де, норма сол дерексіз құрылым, жүйе мүмкіндіктерінің тілдік мәтін жасау тәжірибесінде көрінуі, сөйлеу үрдісінің күйі. Норма - тілдік жйүеде бар тұоғалардың тіл қызметінде, тілді қолдану тәжірибесінде орныққан, заңға, дәстүрге айналған, іріктеліп, ерекшеленген тілдік ұжым қабылдаған, жалпы халықтық, әлеуметтік мәнге ие болу жиынтығы.
Тіл - адамзат қоғамында қатынас, сөйлесіп пікір алысудың құралы. Тіл мен қоғам өзара тығыз байланысты, біріншіден, тілсіз қоғам өмір сүре алмайды. Екіншіден, қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам тілдің өцмір сүруінің шарты. Тіл тек қатынас құралы ғана болып қоймайды, сонымен бірге ол логикалық ойлауды дамыту құралы болып табылады. Өйткені сөз дарындылығының өрлеуі ойлау логикасымен тығыз байланысты. Өз заманында «Логикалық ойлау - логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны - логикалық сөйлеуді отандық тіл ұстазы дамытуға тиіс», - деп көрсеткен ұлы педагог К. Д. Ущинский.
Тіл қарым-қатынас құралы болып табылса, сөйлеу деп тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді айтамыз. Сөйлеу - пікір алысу процесінде жеке адамның тіл пайдалануы. Адамға тән сөйлеу әрекетінде екі сипат бар. бұларсыз сөйлеу өзінің қызметін дұрыстап атқара алмайды. Бірінші сөйлеудің мазмұндылығы, екіншісі оның мәнерлілігі. Айтылатын сөзде мазмұн болмаса ол өзіндік мәнін жояды. Ал сөздің мазмұндылғы дегеніміз - сөз болып отырған айналадағы зат не құбылыстың немесе іс - әрекеттің мәнді белгілерін сөз етуді айтамыз. Өйткені айтылатын ойға негіз болып отырған зат не құбылыстың негізгі белгісі қасиеттері оның басты мазмұнын құрайды.
Тіл мәдениетінің мақсаты мен міндеті: әдеби тіл нормаларын сақтаумен қатар, айтайын деген ойдың мәнерлі де әсерлі болуын талап ету; студенттердің ана тілі мен әдебиеттен алған білімдері мен икем-дағдыларын теориялық және практикалық жағынан дамытып, ауызекі және жазбаша сөйлеу тілінің ерекшеліктерін, шеберлігін, қазақ халқының шешендік сөз өнерінің тәлімдік сипаттарын таныту.
Тіл мәдениеті әдеби тілдің даму деңгейімен тығыз байланысты. Бүгінгі әдеби тіл жан-жакты дамыған, тілдік нормалары қалыптасқан тіл десек, тіл мәдениетінің негізгі мақсаты мен міндеті де қалыптасқан жүйені сақтау, қабылданған нормадан ауьггқуға болмайтыны белгілі. Тіл мәдениеті тілдік нормамен тығыз байланысты. Олай дейтініміз, тілдік норма сөзді орфоэпиялық нормаларға сай дұрыс айту, сөзді орфографиялық ережелерге сай жазу, сөзді өз мағынасына сай колдану, сөйлем құрауда грамматикалық нормаларды сактау болса, тіл мәдениеті осы талап-ережелердің орындалуын, бұрмаланбауын қадағалайды.
Тілдік норма дегеніміз әдеби деген ұғыммен бірдей деңгейде айтылады. Әдеби тілге сіңіскен, орныққан тіл байлығы тілдік норма дегенге саяды. Әдеби тіл нормасы - сөзді дұрыс қолданудың, грамматикалық амал-тәсілдерді дұрыс пайдаланудың көпшілік таныған, тіл тәжірибесінде сыннан өткен қағидалары. Тілдік норма - әдебиет тіл туралы ұғымның ең бір өзекті элементі. Сөйлеуде, жазуда тіл амалдарын дұрыс қолдана білу әдеби тіл нормасын сақтау дегенді білдіреді.
Тілдік норма алғаш сөз бола бастаған тұста ол алдымен, тілдік жүйемен салыстырыла қарастырылады.
Лексикалық норма. Халық тілінде бар сөздердің көпшілігі көркем әдебиетте жиі қолданылып жалпы халықтық нормаға айналады да, бір қатары қолданудан қалып қояды немесе өте сирек пайдаланылады. Ауызекі тілде бар біраз сөздер әдебиетте кездескенімен, әдеби нормаға жатпайды. Мысалы: шаһар, кент, әм, әтеш, бойлай, жүдә сездері кейбір сөз зергерлерінің туындыларында кездескенімен, бірақ олар әдеби тіл нормасына жатпайды. Олардың орнына қала, және, қораз, өте сөздері әдеби болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz