Б.Кенжебаев-әдебиет сыншысы. М.Қаратаев-әдебиет сыншысы.Тоқырау жылдарындағы әдеби сын. Қазақ әдебиетіндегі ақтаңдақтардың игерілуі



1. Б.Кенжебаев.әдебиет сыншысы.
2. М.Қаратаев.әдебиет сыншысы.
3. Тоқырау жылдарындағы әдеби сын.
4. Қазақ әдебиетіндегі ақтаңдақтардың игерілуі.
Б. Кенжебаевтың сыншылық-ғалымдық жолы сонау 1925 жылы Шығыс еңбекшілері коммунистік университетінде оқып жүргенде «Еңбекші қазақ» газетінің 359-360 нөмірлерінде жарияланған «Абай – қазақтың ұлы ақыны» атты мақаласынан басталады. Кейіннен бұл тақырып орыс және қазақ тілдерінде М. Әуезовпен бірігіп жазған «Абай қазақ халқының реалистік әдебиетінің негізін салушы» деген сияқты күрделі еңбектерге ұласқаны белгілі. Ол 1946 жылы «Сұлтанмахмұттың ақындығы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. Б. Кенжебаев – қазақ әдебиеті тарихын көне дәуірлерден бастау керектігін қырқыншы, алпысыншы жылдарда әр қырынан келіп алғаш айтқан ғалым. Ол - «Асау жүрек», «Шұғылалы күндер суреті» атты деректі көркем шығармалар жазған жазушы да. Сондай-ақ, ол – аудармашы да. Мәселен, Д. Панфиловтың «Бейбітшілік үшін күрес», Б. Полевойдың «Нағыз адам туралы аңыз», Ф. Гладковтың «Балалық шақ», Мальцевтің «Шын жүректен» секілді шығармаларын әлем жазушыларының көптеген әңгіме, новеллаларын қазақ тіліне аударып, жоғары баға алған.
Жалпы, Б. Кенжебаев оқырманымен алғаш рет ел өмірінен жазған хабарларымен көріне бастаған. Осыған орай оның «Еңбекші қазақ» газеті редакторының орынбасары, Павлодар облыстық «Кеңес туы» газетінің редакторы міндеттерін атқарған. Міне, осы кезде «Социалистік Қазақстан» газеттерінің беттерінде ұлт тілі жайында біраз айтыс-тартыс болған. Осыған орай 1933 жылы ол өзінің «Қазақ тілі туралы» деген екі мақаласын баспасөз бетінде жариялатады. Б. Кенжебаевтың алғашқы ғылыми-зерттеу еңбегі-«Сұлтанмахмұттың ақындығы» деп аталады. Осы тұрғыда оның Сұлтанмахмұт Торайғыровтың әдеби мұрасын зерттеу жолындағы бастан кешкен қиындықтарына тоқталмай кетуге болмайды. Алдымен ол жоғарыда аталған еңбегі үшін Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысына ілікті. Одан соң «Б. Кенжебаевтың С. Торайғыров
шығармашылығын зерттеудегі қателіктері» деген арнайы мақала да жазылды. Бұл туралы ғалым өзінің күнделігінде «Мен өзімнің әлеуметтік өмірімде сынға, талқыға көп түстім. Әсіресе, қырқыншы, елунші жылдары жиырма жыл бойында дерлік үздіксіз орынды, орынсыз сыналып, айыпталып соққы көріп жүрдім» деп жазды. Мысалы, «Социалистік Қазақстан» газеті 1952 жылы наурыз айында жарияланған «Б. Кенжебаевтың өрескел қателері» деген мақаласында былай деп жазды: «Б. Кенжебаев өзінің бұл ұлтшылдық бағыттағы өрескел қателері талай рет қайталанып көрсетілсе де, ол баспасөз бетіндегі мұндай пікірлерге күні бүгінге дейін құлақ аспай, қателіктерін түзеуге тырыспай келеді.
1.Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы, «Санат». 2000
2.Әуезов М: Әдебиет тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1994.
3.Кәкішов.Т. Жанр жайлауы. –Алматы, Қазақ әдебиеті, 2007.
4.Кеңбейіл, М. Замандастар заңғары: Әдеби-танымдық, сыни, зерттеу еңбектер. – Алматы: Арыс, 2007.
5.Қирабаев, С. Әдебиетті қайта оқу: әдебиеттік, зерттеулер мен мақалалар. – Алматы: Балаус0, 2010.
6. 5.3.8 Смағұлов Ж. Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы. – Алматы: Қазақ университеті, 2000.
7.Майтанов Б. Сөз сыны. – Алматы: Ғылым, 2002.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СОБӨЖ
Тақырыбы: Б.Кенжебаев-әдебиет сыншысы. М.Қаратаев-әдебиет сыншысы.Тоқырау жылдарындағы әдеби сын. Қазақ әдебиетіндегі ақтаңдақтардың игерілуі.

Тексерген:Құрмамбаева Қ.С.
Орындаған:Нұрғалиева А.О.
Топ: КЯ-409 (с)

Семей, 2015 жыл
Б.Кенжебаев-әдебиет сыншысы. М.Қаратаев-әдебиет сыншысы.Тоқырау жылдарындағы әдеби сын. Қазақ әдебиетіндегі ақтаңдақтардың игерілуі
Жоспар:
1. Б.Кенжебаев-әдебиет сыншысы.
2. М.Қаратаев-әдебиет сыншысы.
3. Тоқырау жылдарындағы әдеби сын.
4. Қазақ әдебиетіндегі ақтаңдақтардың игерілуі.
Б. Кенжебаевтың сыншылық-ғалымдық жолы сонау 1925 жылы Шығыс еңбекшілері коммунистік университетінде оқып жүргенде Еңбекші қазақ газетінің 359-360 нөмірлерінде жарияланған Абай - қазақтың ұлы ақыны атты мақаласынан басталады. Кейіннен бұл тақырып орыс және қазақ тілдерінде М. Әуезовпен бірігіп жазған Абай қазақ халқының реалистік әдебиетінің негізін салушы деген сияқты күрделі еңбектерге ұласқаны белгілі. Ол 1946 жылы Сұлтанмахмұттың ақындығы деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. Б. Кенжебаев - қазақ әдебиеті тарихын көне дәуірлерден бастау керектігін қырқыншы, алпысыншы жылдарда әр қырынан келіп алғаш айтқан ғалым. Ол - Асау жүрек, Шұғылалы күндер суреті атты деректі көркем шығармалар жазған жазушы да. Сондай-ақ, ол - аудармашы да. Мәселен, Д. Панфиловтың Бейбітшілік үшін күрес, Б. Полевойдың Нағыз адам туралы аңыз, Ф. Гладковтың Балалық шақ, Мальцевтің Шын жүректен секілді шығармаларын әлем жазушыларының көптеген әңгіме, новеллаларын қазақ тіліне аударып, жоғары баға алған.
Жалпы, Б. Кенжебаев оқырманымен алғаш рет ел өмірінен жазған хабарларымен көріне бастаған. Осыған орай оның Еңбекші қазақ газеті редакторының орынбасары, Павлодар облыстық Кеңес туы газетінің редакторы міндеттерін атқарған. Міне, осы кезде Социалистік Қазақстан газеттерінің беттерінде ұлт тілі жайында біраз айтыс-тартыс болған. Осыған орай 1933 жылы ол өзінің Қазақ тілі туралы деген екі мақаласын баспасөз бетінде жариялатады. Б. Кенжебаевтың алғашқы ғылыми-зерттеу еңбегі-Сұлтанмахмұттың ақындығы деп аталады. Осы тұрғыда оның Сұлтанмахмұт Торайғыровтың әдеби мұрасын зерттеу жолындағы бастан кешкен қиындықтарына тоқталмай кетуге болмайды. Алдымен ол жоғарыда аталған еңбегі үшін Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысына ілікті. Одан соң Б. Кенжебаевтың С. Торайғыров
шығармашылығын зерттеудегі қателіктері деген арнайы мақала да жазылды. Бұл туралы ғалым өзінің күнделігінде Мен өзімнің әлеуметтік өмірімде сынға, талқыға көп түстім. Әсіресе, қырқыншы, елунші жылдары жиырма жыл бойында дерлік үздіксіз орынды, орынсыз сыналып, айыпталып соққы көріп жүрдім деп жазды. Мысалы, Социалистік Қазақстан газеті 1952 жылы наурыз айында жарияланған Б. Кенжебаевтың өрескел қателері деген мақаласында былай деп жазды: Б. Кенжебаев өзінің бұл ұлтшылдық бағыттағы өрескел қателері талай рет қайталанып көрсетілсе де, ол баспасөз бетіндегі мұндай пікірлерге күні бүгінге дейін құлақ аспай, қателіктерін түзеуге тырыспай келеді. Тіпті қателіктерін мойындауды қажетсінбейді. Бірақ оның мұндай орынсыз қайсарлығына Совет жұртшылығы төзе бермейді. Бір жылдан кейін 1953 жылы наурыз айында аудандық, қалалық партия комитеттері мені партия қатарынан шығарды. Қазақтың мемлекеттік университеті қызметтен босатты. Осыдан мен тоғыз ай қызметсіз отырдым, жау деп ешбір мекеме қызметке алмады, ешбір газет-журнал жазғандарымды баспады. Бірқатар жолдастар маған жоламай кетті,-деп жазады. Социалистік Қазақстан газетінің 1951 жылғы 17 қарашадағы санында Б. Қорқытов пен Ә. Досбаевтың Қазақ баспасөзінің тарихын зерттеудегі өрескел қателер атты көлемді мақалалары жарияланды. Бұл материалда Қ. Бекхожиннің Дала уалаяты - қазақтың тұңғыш газеті деген кандидаттық диссертациясын және Б. Кенжебаевтың Қазақ баспасөзінің тарихынан атты кітабын сынайды. Б. Кенжебаев буржуазиялық ұлтшыл бағыттағы газеттер (Қазақ, Серке, тағы басқалары) жөнінде құлшына баяндайды, алашордашылардың 13 газетінің атын тізеді (24-25 беттер). Бұл бұл ма, автор алашордашылардың орталық органы Сарыарқа газетінің совет өкіметіне, оның ұлт саясатына қарсы жазған контрреволюциялық, жалақорлық мақаласынан бір құлаш цитатты келтіреді. Сөйтіп контрреволюциялық идеяға трибуна береді. Авторлар одан әрі Б. Кенжебаевтың Айқап журналы төңірегінде қозғаған мәселелеріне тоқталады. Яғни, Айқап журналының мазмұнын, ұстаған бағытын, идеясын баяндауында, оны халықты ұйқысынан оятты, шаруашылығы мен мәдениетін дамытты. Саяси белсенділігін көтерді (16 бет),-деп асыра баға береді, журналдың таптық бағытын марксистік тұрғыдан ашып көрсетпейді, оның керісінше, бұл журнал қазақтың кедейлері мен жарлы-жақыбайларының пікірін білдірді, мүддесін көздеді деп Айқап журналының идеялық мазмұны жөнінде жұртшылықты шатастыратын, тарихи шындыққа жатпайтын қорытынды жасайды,-деп сынады. Алайда, осының барлығына қарамастан Б. Кенжебаевтың сол кездің өзінде-ақ Айқап журналы туралы өте бір білгірлікпен жазған төмендегі пікіріне күні бүгінге дейін ешкімнің таласы болмауы керек. Айқап 1911 жылғы 6-санындағы Бізге не істеу керек деген бас мақаласында ашық айтты: 1. Отырықшы болып, қала салу, жерден қол үзіп қалмау. 2. Мектеп, медресе салып, оқу, мәдениетке жетілу керек. 3. Дін жұмысын өз қолымызға алу-мүфти сайлау керек. 4. Мемлекет думасында мүддемізді айтып, сөзімізді жеткізіп отыратын депутаттарымыз болу керек. 5. Петербурда өкіліміз болу керек, ол сонда біздің ісімізді жүргізіп, өткізіп отыру керек деді. Сондай-ақ, Айқап журналы қазақ арасындағы бектік-феодалдық қоғам қалдықтарына, ескі ғұрып-әдеттерге, жалқаулыққа, надандыққа, партиягершілікке қарсы күресті. Жаңаны, жақсыны дәріптеді, орыс халқының мәдениетін үлгі етті.
Бұдан соң Б. Кенжебаев Журналист Мұхаметжан Сералин деген еңбек жазды. Оған енді сол кездегі жас ғалым Т. Қожакеев Журналист туралы кітапша атты мақаласын арнайды. Мақалада автор Б. Кенжебаевтың Мұхаметжан Сералиннің, әсіресе, қазан төңкерісінен кейінгі қызметіне, одан кейін әртүрлі жауапты қызметтер атқарғандығын, оның әдеби шығармаларына көбірек тоқталғандығын айта келіп, мынадай сыни пікір де айтады. Мұхаметжан Сералиннің журналистік қабілеті Қазан төңкерісінен кейін ғана жақсы қырынан көрінетіндігін, оның Айқап журналында небары қырық шақты ғана материал жарияланғандығын, ал Ауыл газетінің он бір нөмірінде он бес мақаласы басылғанын, яғни М. Сералиннің журналистік қызметіне толығырақ, молырақ тоқталу керектігін, осы кезеңнің кітапшада үстірт жазылғандығына тоқталады. Және де сол кезде жазған публицистикалық шығармаларына кеңірек талдау жасап, олардың сипатын, сыр, мазмұнын оқушыға тереңірек аңғартқаны жөн еді-дейді. Ал келтірілген деректерге сүйенетін болсақ, одан әрі Б. Кенжебаевтың Мұхамеджанның Ауыл газетінде жарияланған екі-үш мақаласына пікір айтылғандығы, оның Ұшқын, Еңбекші қазақ газеттеріндегі жазғандары тіпті сөз болмағанын, келешекте публицистік қызметінің осы кезеңі тереңірек зерттелу керектігін тілге тиек етеді. Ал, Б. Кенжебаевтың Жылдар жемісі деп аталатын екінші бір кітабы болса, әр жылдары жазған сын мақалалары мен очерктері енген жинақ екі бөлімнен тұрады. Шығарма шырайы аталған бірінші бөлімде қазақ әдебиетінің қалыптасып, дамуында өзіндік рөл атқарған Қалың мал, Тар жол, тайғақ кешу сияқты туындылар сөз болады. Ал, Қаламдастар, замандастар бөлімінде өзі көзі көрген, қызметтес, пікірлес болған
әдебиетіміздің ірі қайраткерлері туралы естеліктер айтылады. Әуелі Б. Кенжебаев қазақ әдебиетінің қалыптасыунда кеңірек сөз болған қазақтың тұңғыш романы деп келген Спандияр Көпеевтің Қалың мал романына зерттеу жүргізеді. Алайда, сол кезде белең алған шолақ үрдіске қарамай, С. Көпеевтің романы қазақ тілінде, яғни, халықтың сөз мәдениетін, сөзді әшекейлеу, сөздік қорды тереңірек пайдаланғанын тілге тиек етеді. Сондай-ақ, Көпеевтің қазақтың мақал-мәтелдерін шығармада орынды қолданғанын келтіреді. Ат сатсаң ауылыңмен, Бәтуамен кескен бармақ ауырмайды, Ит жегенше иесі жесін, Сөз сөзден туады, Бітер істің басына, жақсы келер қасына, Орамал тонға жарамайды, жолға жарайды деген сияқты тағы басқа нақыл сөздерге жүгінетінін айта келіп, оқушы сүйсініп оқитындығын айтады. Сонан соң, Спандияр Көпеевтің бірді-екілі мақалды дұрыс, халық аузында айтылған қалпында келтірмегендігін қынжыла баяндайды. Оны мына мысалдан көруге болады. Іш қазандай қайнайды, күресуге дәрмен жоқ деген мақалды Күш қазандай қайнайды, күресуге дәрмен жоқ деп келтіреді. Күші қазандай қайнаса, күресуге дәрмені-күші болады ғой. Ал, мақал іші қазандай қайнап, күресуге дәрмен күші болмағанды айтады. Сонымен қатар, шығармада жергілікті кәсіптік сөздер мен сөйлемдерді біраз кірістіргендігін баяндайды. Олар Мазақ, Тіске сызды болғандай, Бие бауда, Кімді қоюдың өзі бір сүре болды, Сенек, Әптер-тәптер, Кібіт тағы басқалар. Осы сөздердің орынсыз қолданғандығын, оның оқушының жаңылыстыратындығын айтады.
Жалпы, Бейсенбай Кенжебаев бұл шығарманы зерттеуде жоғарыдағыдай бірді-еілі кемшіліктері болғанымен, Қалың мал романы қазақтың сол замандағы көптеген жастарына, ұлдары мен қыздарына зор әсер еткендігін, ой-санасын оятып, ескілікке, ескі ғұрып-әдетке, дәстүрге қарсы күреске (кешегі кеңес саясаты осылай жаздырушы еді ғой) құлшындыратындығын әсерлі жазған. Бұдан біз зерттеушінің қай шығарманы болсын терең таңдап, зерделі оймен оқушы қауымға ой айтатындығын, қаламының ұшқырлығын байқаймыз.
Қазақ әдебиетін дамытуда Сәкен Сейфуллиннің Тар жол, тайғақ кешуінің тарихи маңызы зор екендігін жұртшылық танығаны ақиқат. Солай бола тұрса да, бір өкінішті нәрсе, кейбір еңбектердегі жалпылама сипаттамалар болмаса Тар жол, тайғақ кешу туралы арнайы монография, ғылыми терең, жан-жақты зерттелген еңбек әлі жазылмаған деген пікір айтады Б. Кенжебаев жоғарыдағы Жылдар жемісі деп аталатын кітабында.
Тар жол, тайғақ кешудің дейді ол, көркем әдебиетінің қай жанрына жататынын әңгімелеуде үлкен негіз бар. Себебі, бұл туынды роман ба, әлде тарихи еңбек пе, соны осы шығарма жөніндегі әдеби зерттеулер тап басып, дәл айтпайды. Ал онсыз шығарманың тарихи орнын белгілеу қиын.
Сәкен - шығармашылығын көбірек зерттегендер - академик, жазушы Сәбит Мұқанов пен филология ғылымдарының докторы, профессор Есмағамбет Ысмайылов, профессор Тұрсынбек Кәкішев. Олардың сын зерттеу еңбектерінде Сәкен Сейфуллиннің революциялық қызметі мен шығармашылығы, оның қазақ әдебиетінің ірге тасын қалауындағы рөлі дұрыс бағаланады. Ал, Тар жол, тайғақ кешудің жанрын анықтауға келгенде тап баспайды,-дейді автор. Содан кейін, Сәкен кітабында өзінің бүкіл өмірбаянын қамтымайды, тек бір дәуірде ғана басынан өткендерін баяндайды. Және ол өзі тікелей қатынаспаған оқиғаларды да суреттейді. Қазақстанда 1916-1919 жылдары болған бірсыпыра тарихи оқиғалар туралы сөз етеді, пікір-тұжырым айтады. Сәкен өзі қатынасқан оқиғаларды болсын, өзі қатынаспаған оқиғаларды болсын жалаң мемуар, мақала стилінде суреттемей, көркем шығарма стилінде суреттейді, оның кітабының көп жері фактіні көрікті етіп баяндау болып келеді. Сондықтан, біздіңше, - дейді Б. Кенжебаев - Тар жол, тайғақ кешу роман да емес, мемуар да емес, Қазақстанда сол кезде Совет өкіметін орнату жолындағы күрес туралы жазылған очерк кітабы деген дұрыс: Тар жол, тайғақ кешу - көркем очерктер циклі, - дегенді айтады. Алайда, бұл мәселенің сәкентанушы ғалымдардың үлгісіне тиетіндігін ұмытпауымыз керек. Ал, Б. Кенжебаев болса, бұл тұрғыда Тар жол, тайғақ кешу - мемуарлық шығарма болсын, мейлі очерк болсын әдебиетіміздің алтын топшасы болып есептелетін шығарма екенін ұмытпау керектігін ескертеді.
1959 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясы Әдеби мұра және оны зерттеу деп аталатын ғылыми теориялық конференция өткізді. Б.Кенжебаев онда екі мәселе бойынша: әдебиетіміздің көне тарихы және жиырмасыншы ғасыр басындағы қазақ әдебиеті жөнінде баяндама жасайды.
Қай мәселені болсын, зер сала зерттеп, топшылауын терең ойлап айтатын ғалымның сол жолғы ұсынысының бірі - қазақ әдебиетінің тарихын түркі тектес халықтарға ортақ ерте дәуірлерден, тіпті Орхон-Енисей тас жазбаларынан бастайық дегенді айтады. Демократтық бағыттағы қаламгерлер М.Сералин, Ә.Тәңірбергенов, С.Торайғыров, С.Дөнентаев, С.Көпеевтің өмірі, білім алған ортасы, шығармаларының жазылу тарихы, олардың басылуы, зерттелуі - осылар секілді мәселелерге зерттеуші ғылыми байламдар жасаған. Сол секілді С. Торайғыров мұрасын зерттеуде Б. Кенжебаев көп еңбек етті. Ол Сұлтанмахмұт мұрасын елу жылға жуық тынбай зерттеп, қорғап шықты. Бұған куә - оның ақын өмірінен жазған Асау жүрек атты әңгімелер жинағы. 1966 жылы Б. Кенжебаевтың Шындық және шеберлік деп аталатын кітабы басылып шыққан. Еңбектің аты айтып тұрғандай-ақ мұнда негізінен сын мақалалар жинақталған. Атап айтқанда, жиырмасыншы жылдардағы әдеби сын, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірінен, айтулы ақын Ілияс Жансүгіров, Абай жолы, Ғалидың ақындығы, Фельетон туралы, Әдеби сын жайында деген тақырыптарға қалам тартады.
Сонымен, қысқа қайырып айтар болсақ, ұлы Мұхтар Әуезов Әдебиетіміздің еңбек торысы деп есімін сүйсіне еске алатын Бейсенбай Кенжебаев айдалып кетпесе де өмір бойы дерлік кеңес идеологтарының ылғи қыспағында өмір сүріп, құлашын кеңге сермей алмай өткен ғажайып ғалым еді. Қазақ әдеби сынын ғана емес, қазақ мәдениетінің, қазақ журналистикасының тарихын да Бейсенбай Кенжебаевсыз көзге елестету мүмкін емес. Өйткені, кешегі аумалы-төкпелі қысылтаяң шақтың өзінде қалпын бұзбай халқына қалтқысыз қызмет еткен аяулы есімдердің алдыңғы легінде Бейсенбай Кенжебаевтың аты да тұрары шүбәсіз.
М.Қаратаев-әдеби сында өнімді еңбек етіп,академиктік дәрежеге көтерілген профессионал сыншы.Сыншылық қызметін Сәкеннің "Қызыл ат "Тартыс" шығармаларына пікір білдіруден бастаған ол отыздан астам сын зерттеу кітаптарын шығарып,қазақ сынының тарихында елеулі із қалдырды.Өз ойыңды дәлелдеу үшін бар білгеніңді үйіп төгуде,жұрт көзінде білгіш атануда емес,әдебиетші қауым алдында өзіңнің бар қару жарағыңды танытуда,айтқан ой пікіріңнің тереңнен нәр алып жатқанын ұғындыра білуде екенін М.Қаратаев қатаң қадағалаған.1937жылы Қазақстан жазушыларының бірінші пленумында "Қазақ әдебиетіндегі сынның міндеттері" арнайы қаралды.Пленум материалдары Қазақ әдебиеті газетінің осы жылғы үш санында жарияланып,сын жөніндегі ой пікірлердің әбден
толысқандығын,шығармашылық проблемаларға іштен еніп,келелі тұжырымдар жасалғандығын көрсетті.М.Қаратаев жасаған баяндамада сынның басып өткен жолы,алған асуы,шығармашылық проблемалары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиет тарихын қай дәуірден, кімнен бастау керек деген мәселеде
ХХ ғасыр басындағы әдебиет тарихы
М.қаратаев - әдебиет сыншысы
Әдеби портрет ұғымының әдебиетте қолданылуы
Елші Нәзір Төреқұлов
Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы
Қазақ тілі газеті
Д. Ысқақұлы әдебиет сыншысы
Қазақ әдеби сынының зерттелу тарихы
Зейнолла Серікқалиевтің публицистикасы
Пәндер