С.Торайғыров өмірі және шығармашылығы


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым минстрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: : 1. С. Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы (ғылыми баяндама) . 2. Міржақып пен Көкбайдың айтысы.
Орындаған: Риза Қ. Е
Тексерген: Еспенбетов А. С.
Семей 2015жыл.
Жоспар:
Кіріспе
С. Торайғыров өмірі және шығармашылығы
Негізгі бөлім
- Торайғыровтың қызмет жолы
2. З. Ахметовтың зерттеуінде - Торайғыров шығармашылығы
3. Міржақып пен Көкбайдың айтысы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Өмірі және шығармашылығыСұлтанмахмұт - ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетін жаңа биікке көтеріп, заманының қайшылықты шындығын шығармаларында жан-жақты бейнелеген, көркем сөздің халықтық мән-мағынасын көтеріп, жаңа жанрларда ізденістер жасаған ол туған халқын отаршылдық пен ұлттық егзінің екі жақты қанауынан азат етуге, ел бостандығына үн қосты.
«Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып күн болам,
Қараңғылықтың көгіне
Күн болмағанда кім болам?
Мұздаған елдің жүрегін,
Жылытуға мен кірермін». [4-188б]
«Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуға» ұмтылды. Қоғамдық шыңдық пен әділет жолын талмай іздеп, туындыларына арқау еткен ақын көп жабының бірі болып қалмай, от боп жанды, құйрықты жұлдыздай ағып өтті.
Сұлтанмахмұг 1893 жылдын 28 қазанында туған. Шешесі қайтыс болғаннан кейін, болашақ ақын алты жасқа дейін әжесінің тәрбиесінде болады. Содан кейін Шоқпыт екі баласын алып туған жері - Баянауылдағы ата қонысына көшеді. Торайғыр көліне таяу жерден қыстау салады. Сұлтанмахмұттың балалық шағы осы жерде өтеді. «Баян тауы Қозы Көрпештің Баян сұлуы туған тау деседі. Аспанмен тілдескен асқар шың, тік жартас, түпсіз күз, таудың ұшар басынан етегіне дейін сыңсыған сыпсың қарағай, ақ қайың, барғын, мойыл, киядан ойға, ойдан орманға сүңгіп, сыбдырлап, бұраңдаған бура бұлақ, шеккен алыптай асқар Баянның оң қолтығында айнадай жарқыраған Сабындыкөл, сол қолтығында түндей түнерген Шойындыкөл (Жасыбай көлі бұрын солай аталған деседі), жамбасында тас аралды, көк құрақты Торайғыр көлі, жаз болса көкорай шалғын, көк балауса, жасыл жапырақ жеміс, тау іші ың-шың аң, бұта толған жыршы құс. Міне, сол секілді зәулім жаратылыстың бауырында бала Махмұт балдырғандай балалық шағын өткізеді» - деп жазған Жүсіпбек Аймауытов.
Сұлтанмахмұттың аталары - Торайғыр, Шоң деген кісілер қазақ даласына аттары кеңінен таныс, атақты би, батырлар болған. Шоң би есімі Қалмұқан Исабаевтың осы аттас романынан белгілі. Ал Торайғыр - елін сыртқы, ішкі жаудан қорғаған, белгілі батыр әрі би. Баян тауының бауырында Торайғыр есімімен аталған үлкен көл бар. Ақынның өз әкесі Әбубәкір момын, кедей адам болған. Шаруасы күйсіз, үнемі малшы киімінде жүретін оны замандастары Шоқпыт атандырған. Күнкөріс қамымен Шоқпыт сол кездегі Омбы уезінің Шағрай болысына қарасты Қарауыл Шабар ауылында (Кейін Көкшетау облысының Қызылту ауданына қараған) бай жездесі - Шабар баласы Қанапияны паналап, соның малын баққан. Сол жақта үйленген. Жездесі сүйек жаңғыртпақ болып Шаншарұлы Жабайдың Зуфнүн деген қызын әпереді.
Шоқпыт кедей болғанмен, жаны жомарт, кайратты, ескіше сауаты бар адам болған. Ол Сұлтанмахмұтты үйде оқытып, алғашқы сауатын ашады да, ауыл молдасына береді. Болашақ ақын Әлі, Тортай, Мұқан деген молдалардан сабақ салады.
Әкемнен әліп, биді үйде окыдым.
Үйреніп намаз, сабақ, жат тоқыдым.
Әлі молда алдында дәл екі жыл,
Әртүрлі ескі кітапты бір шоқыдым.
Тортайдан екі жылдай сабақ алдым,
Ол байғүс аяған жоқ ойда барын.
Ғылымның орны бас пен көкіректе,
Бүйір шығып, қампия тоймас қарын.
Мұқаннан екінші жыл сабақ алам.
Ұйықтасам да көңілім окуға алаң.
Лепес қып өзі бастап ақын бол деп,
Дұғасын ықыласпен берді маған, -
деп жазған Сұлтанмахмұт алғашкы өлендерінін бірінде.
Сұлтанмахмұт бұл молдалардың ішінен ақындық жолға батасын берген деп, Мұқан молданы ерекше атайды. Мұқан өзі де өлеңге үйір, ескі шығыс сюжеттерін өлең етіп жазатын, біреуді мақтап, біреуді мазақ етіп жанынан шығаратыны бар адам болған. Ол шәкірттерін өлеңге қызықтырып, халық ауыз әдебиетімен, араб, парсы үлгілерімен таныстырып отырған. Жоғарғы өленді де ақын 1907 жылы «Секілді өмір қысқа жарты тұтам» деген атпен Мұқан ықпалымен жазғанға ұқсайды.
1908 жылы Баянауылда Әбдірахман деген молда медресе ашып, Сұлтанмахмұг соған оқуға барады. Онда екі жылдай оқыған болашақ ақын оқуын бітірмей кетіп қалуға мәжбүр болады. Өз үйінде жатып оқыған баланы молда малай орнына жұмсайды, оның үстіне қатал ұстап, әр түрлі сылтаулармен ұрып-соғатын болады. Молданың надандығын, қаталдығын айтып, Сұлтанмахмұт сықақ өлендер шығарады. Молда баланы одан әрі жазалап, өлең жазуына тыйым салады. Жасынан әр түрлі молда алдын көріп, олардан жарытымды білім ала алмаған Сұлтанмахмұттың дін мен молда жайлы көзқарасы осы кезден қалыптаса бастағанға ұқсайды. Ол молдалардың надандығын, ескі діни мектептің балаға ешнәрсе үйрете алмайтын схоластикасы мен қатал тәртібін алғашқы өлеңдерінің өзінде-ақ («Орнымыз медр
1911 жылы Сұлтанмахмұт бір қыс бойы Нұрғали деген мұғалімнен сабақ алады. Ол жаңаша окыған адам екен, оқушыларын пән негіздерімен таныстырып, олардың білімге деген ынтасын ұштайды. Нұрғалидың көмегімен Сұлтанмахмұт қазақ, татар тілдерінде шығатын көркем әдебиет кітаптары мен газет, журналдарды оқуға дағдыланады. Болашақ ақын одан әрі оқуды армандайды.
Осы мақсатпен Сұлтанмахмұт 1912 жылы Троицк қаласына барады. Онда Ахун Рахманқұли деген татардың медресесіне түседі. Бірақ Сұлтанмахмұт мұнда да ұзақ оқи алмайды. Тұрарға үй таппай, әрі қаражаты болмай көп қиыншылық көрген ол өкпе ауруына шалдығады. Медреседе қыс бойы ғана оқып, жазғытұрым Троицк маңындағы бір ауылға бала оқытуға кетеді. Ондағы ойы - бала оқыта жүріп, денсаулығын көтеріп, қаражат жинап алып, қайта оқу іздеу болады. Мектептен бос кезінде ол өзі ізденіп оқиды, өлеңдер жазады.
Күзге қарай Троицкіге қайта оралған Сұлтанмахмұт тағы да оқудың ретін келтіре алмай, сонда шығатын «Айқап» журналына жауапты хатшы болып қызметке кіреді. Қыс бойы журнал редакциясында белсенді жұмыс жасаған ол 1914 жылдың көктемінде жұмыстан шығады. «Айқап» хатшысы Сұлтанмахмұт Торайғыров хатшылықтан шықты. Мұнан былай оның «Айқаппен» ешбір қатынасы болмайды» - делінген хабар журналда жарияланады.
«Айқапта» жемісті қызмет істеп, бірқатар шығармаларын бастырған, ақындыққа бет бұруына жол ашылған шағында, Сұлтанмахмұттың журналдан қызметтен кетуі - оның еркінен тыс болған оқиға. Оны өзі де «Мен өз пікірімді дүниеге шығаруда кісі бетіне қарамадым. Махмұт кайбір адамның көңіліне қарайтын адам? Сондықтан келісе алмадым . . . «Айқапта» тұрған минуттарда бүкіл ғаламға өзім ие болғандай көтерілдім. Ойлап қарағанда, ақымақтық болмаса, көтерілетін не бар еді?» - деп мойындап жазған.
Кейбір мәліметтерге қарағанда, сол кездегі «Айқап» пен «Қазақ» газетінің арасындағы пікір таластары Сұлтанмахмұттың тағдырына әсер еткен сияқты.
«Айқаптың» күзден бергі номерлерінде «Қазақтың», иә «Қазаққа» жазушылардың аты аталмаса, журнал мақсатына жете алмайтындай боп келеді. Бас қосу мәселесіңде де «Қазақ» айыпты, жер мәселесінде де «Қазақ» айыпты, партия ісіне де себепші болып тұрған «Қазақ», «Айқапта» түс көрген өлеңші де «Қазақты» жырлайды, циркке барып балуан көргендердің есінен де «Қазақ» қалмайды, басқармадан біреуге жауап жазылса да, баяғы «Қазақ», қазаққа алалық қайдан келгенін жазғанда да аяғы келіп тағы да «Қазаққа» соғады, үлкен кісілерді де тіршілігінде «Қазақтың» пікірін қуаттағаны үшін сөгеді» - деп жазыпты Міржақып Дулатов «Айқап» пен «Қазақ» арасындағы тартыс туралы. Осы сөздің ұшығы Сұлтанмахмұтқа тиіп жатқаны даусыз. Ондағы «Қазаққа» тиіп жатқан «Кешегі түнгі түс, бүгінгі іс» («Айқап», 1913, №20), «Бір балуанға қарап» (1913, №21) деген өлеңдер Сұлтанмахмұттыкі. Оның үстіне Сұлтанмахмұттың «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан» («Айқап», 1913, №19, 20, 22-23), «Жаңа кітап» (Сонда, 1913, №17) атты мақалаларында М. Дулатов кітаптары сыналатынын ескерсек, «Қазақ» газетінің Сұтанмахмұтты тікелей көздегені расқа шығады. Пікірін «дүниеге шығаруда кісі бетіне қарамайтын» ақын «Қазақтағы» ағаларын ренжітіп алғанға ұқсайды. Өз шығармаларына қоса «Айқап» бетінде басылған «Қазақ» газеті және ұстанымы туралы пікірлер де ұйымдастырушы есебінде Сұлтанмахмұттың «кінәсі» саналған. Сондықтан «Қазақ» газетінің басындағылар «Айқаптың» шығарушысы М. Сералинге ықпал етіп, Сұлтанмахмұтты журналдан кетіруі әбден мүмкін. Редакцияның Сұлтанмахмұттың кеткенін хабарлап, енді оның журналмен «ешбір қатынасы болмайды» деп жазуының өзі де «Қазақ» алдындағы ақталу сияқты.
«Айқаптан» кеткеннен кейін, 1914 жылдың жазында Сұлтанмахмұг өз еліне - Баянауылға барады. Аулында біраз уақыт бала оқытып, қаражат жинап алып, үлкен қалалардың біріне оқуға кетуді ойлайды. Ел жастарын оқуға, білім жолына тартатын мәдени-ағарту ұйымын құруға талап жасайды. Өзі «Шоң серіктігі» деп атаған осы ұйымның алдына тұрмысы нашар, кедей оқушыларға көмектесу, оқуына қаражат беру, ел ішіне газет-журналдар алдырып, кітапханалар ашу, оған хат білетін адамдарды тарту, ақын-жазушылардың шығармаларын бастыру міндеттерін қояды. «Серіктіктің» мақсаты ақынның «Шоң серіктігін» ашарда «Шоң серіктігі» туралы көпке істеген баяндаманың басы», «Бұл баяндаманың арты мынадай сөздермен тынады» деген өлеңдерінде де айтылған. Алайда, ақынның ойы іске аспайды. Не «Шоң серіктігіне», не өзінің оқуына қаражат жинай алмайды. Көмектесер деген үмітпен барған адамдары ықылас-пейіл танытпайды. Тағдырына наразылық білдірген біраз өлеңдерді («Күнделік дәптерінен», «Қос үй», «Бір адамға») ақын осы кездегі көңіл күйі әсерімен жазған. 1914 жылдың күзінде Сұтанмахмұт Семей қаласына келеді. Бірақ төменгі дәрежедегі оқудан жасы асып кетіп, жоғарғы Дәрежедегі оқуға білімі сәйкес келмей, орналаса алмайды. Өз бетімен кісі жалдап оқуға қаражаты болмайды.
Бұл жағдайлар тағы да Сұлтанмахмұттың көңіл күйін бұзады. Ақын ойының іске аспағанына, мақсатына жете алмағанына күйініп, жан дағдарысын бейнелейтін біраз өлендер («Ләнет бұлты шатырлап», «Алты аяқ», т. б. ) жазады. Ақырында басқа амалы таусылған ол Алтай бойына (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданына) жалданып бала оқытуға кетеді. Онымен Семейде кездескен Өр Алтайдағы Қаратай елінің болысы Әбдікәрім Ережепұлы Шыңғыстай аулынан төрт кластық мектеп ашқан екен. Соған орысша, қазақша оқытатын мұғалімдер тартқан. Сұлтанмахмұг қазақша бала оқытып, орыс мұғалімінен орысша сабақ алуды да ойлайды. Сөйтіп Әбдікәрім болысқа еріп Қатонқарағайға кетеді. «Қатонқарағайға кеткенім, - деп жазды күнделігіне ақын, - ызаға шыдамай, ең шыны күн көру үшін. Қолымдағы қаражатым Семейде бір-ақ ай тұруға жарайтын болды. Семей - қанша айтқанмен қалалы, сынды жер ғой, арасында кем көрініп жүргенше, парықсыз қазақ арасына кетейін деп ойладым».
Қатонқарағайда бірер жылдай істеген Сұлтанмахмұт кейін Зайсанға ауысады. Оған Әбдікәрімнің Бағила деген қызына ғашық болуы, мұғалімнің ниетін білген болыстың қызын тездетіп, айттырған жеріне ұзатып жіберуі себеп болады. Сұлтанмахмұт осы тақырыпқа жаңа шығарма жаза бастайды да, «Әжібай болыс» («Кім жазықты?») атты өлеңмен жазылған романын Зайсанда аяқтайды. Оны «Қазақ» газеті жариялаған (Есенғұл Мамановтың қаржысы) роман бәйгесіне жібереді. Бірақ қолжазба жоғалып кетеді. Қазіргі қолда бар нұсқа - ақынның өзінде қалған, толық емес қолжазбасы.
1916 жылдың жазында патшаның қазақтардан солдат алу туралы жарлығының шығуына байланысты ел ішінде қобалжу басталады да, Алтай, Тарбағатай бойындағы ел Қытайға ауа бастайды. Сұлтанмахмұт осы кезде Семейге қайтады. Бірақ онда көп тұрақтамайды. Еліне барады. Содан күзде оқу іздеп Томск қаласына жол тартады. Онда Томск Технология институтыны студенті Әлімхан Ермековтің (кейін математика процессоры болған, репрессияға ұшыраған) көмегімен даярлық курсына түсіп орысша оқиды. Әрі емделеді. Тұрмыс қиыншылығына қарамай, орысша білім алуға жол ашылғанын ол қуаныш етеді. Сол кездегі күнделігіне: «Жұмасына екі ғана обед етем (ет татам) . Құр шай мен нан. Киім алғаным жоқ. Киноға, вечерлерге бір мәртебе болсын барғаным жоқ. Күні-түні айналдырғаным - ала қағаздың беті . . . Халім осы. Сонда да қайғырмаймын. Бір тиыным қалғанша оқимын. Сонан соң тұрмыс қандай жүк салса да, көтерем. Бірақ көңілім оқуда болмақ», - деп жазады. «Ол бір қыстың ішінде орыс тілі грамматикасын, әсіресе, синтаксисі мен этимологиясын жете меңгеріп алды. Орысша жақсы сөйлемегенімен, жазуға, ұғынуға келгенде, өте жетік болып шықты. Ол менің үйімнен Л. Толстойдың, Руссоның, т. б. саяси брошюра кітаптарын оқып жүрді және оны терең түсінетін еді» - дейді Ә. Ермеков.
1917 жылдың ақпанында Ресейде буржуазиялық-демократиялық төңкеріс жеңіп, патшаның тақтан түскені мәлім. Патша отаршылдығы мен қоғамдык әділетсіздікке қарсы күрескен
Сұлтанмахмұт «Мұндай заманда қазақ оқығандарынын қазақ ішінде болмауы иттік» деп, 1917 жылдың 10 наурызында Семейге келеді. Семейде ұйымдасқан Қазақ комитетінің жұмысына қатысады. 1917 жылдың жазында Алаш партиясының құрылуын, Ұлттық автономия ұйымдастыру талабын қолдап «Алаш ұраны», «Таныстыру» сияқты шығармалар жазады. «Сарыарқа» газетінде өлеңдер мен мақалалар жариялайды. 1917 жылдың қазанында Семейге келген Әлихан Бөкейхановты қарсы алушылар ішінде болып, «Әлиханның Семейге келуі» («Сарыарқа», 1917, 30 қазан, 13 қараша) атты мақаласын бастырады. Онда ұлт көсемінің халықтық еңбегі мен оны қарсы алушылардың сезімі көтеріңкі күйде суреттеледі. Осындай қарбаласта жүріп Сұлтанмахмұг денсаулығын нашарлатып алады. Қыс бойы Тобықты ішіне барып, қысыр сауғызып қымыз ішіп емделеді. Бірақ мендеген ауру бой бермейді. Қайтып келіп көрінген Семей дәрігерлері де жарытымды кеңес бере алмайды. Содан ол туған еліне - Баянауылға кетуге мәжбүр болады. Бұл кезде жаңа құрылған кеңес өкіметінін ықпалы ел ішінде тарай бастаған еді. Ол Керекудегі революциялық комитет жұмысына қатысып, елдің кедей шаруаларына ара түседі, дау-жанжалдарды әділ шешуге араласады. Елде ол қоғам дамуының жолы, таптар тартысы мен күресі жайында көп ойланады. Саяси-философиялық әдебиетке көбірек көңіл бөліп, К. Маркстің, Г. В. Плехановтың, Н. Г. Чернышевскийдің, В. И. Лениннің шығармаларын оқиды. «Адасқан өмір», «Кедей», «Айтыс» сияқты поэмалар мен «Осы да әділдік пе?», «Өң бе, түс пе?», «Дауылдағы әбігер», «Ғайса кім?» деген өлеңдер жазады. 1920 жылы 21 мамыр күні ұзаққа созылған аурудан Сұлтанмахмұт қайтыс болады.
Сұлтанмахмұт поэзиясы - ақындық шеберліктің, ұлтжандылықтың, азаматтықтың мектебі. Шынайы ақындарымыздың бәрі де мың бейнелі классиктердің ізбасарлары екені де даусыз. Қайталама басылымы қарымсыз әрі тым сирек, насихатталуы да мардымсыз, зерттелуі ауыз жарытпастай аз болса да Сұлтанмахмұт мұрасына деген халық құштарлығы қашанда биік! Жастай жабысқан дерт - сырқаттық, жоқшылық пен тапшылықтың қасіретінен діңкелеп жүрсе де, мойымай қыруар білім теріп, өнер ізденіп, өлең шыңдап, өзіне дейінгілер көтерілген өр асқарларға құлаш ұрып, қыз бұрымындай қысқа ғұмырында тыңнан сөз асылдарын жасап үлгеру - ерлік емес пе?!
Сұлтанмахмұт өз заманының рухын мейлінше кең көрсете білген классик ақын. Қазақтың классикалық поэзиясының ардақты өкілі. Біз ұлы ақынның есіміне бас иеміз. Осындай дана ақынымыз болғанына мақтанамыз.
Азамат ақын қазақ халқының бақытты, мәдениетті ел болуын өмірлік арман етіп еді. Сол үшін де, ол өзіне «қараңғылықтың көгіне күн болмағанда кім болам» деп өршіл мақсат қойған болатын. Халықтың ғазиз ұлының сол арманы қазір орындалды. Қазақ халқы мәдениетті, азат ел болды.
[2-131-133б] есе оқып жатқан», «Дін», «Соқыр сопы», т. б. ) қатты сынға алады.
Сұлтанмахмұт - алдына биік мақсаттар қойған ақын. «Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып күн болам, Қараңғылықтың кегіне, Күн болмағанда, кім болам» деп тегін айтпаған ғой. Шындығында, күн болуға тырысқан ақын. Қазақ поэзиясының сөнбес, жарық күні бола алды да. Бірақ тұрпайы социологиялық пайымдаулар сол кезде Сұлтанмахмұттың шын мәнінде ұлы ақын екендігін айтқызбады. Тек 1993 жылы Сұлтанмахмұттың 100 жылдық мерейтойы кезінде ғана біз Сұлтанмахмұт ұлы тұлға, ұлы ақын деген сөзді алғаш айта бастадық. Әйтпесе цензурадан өткізбей, сызып тастап отырды.
Ол 1917 жылы Том қаласында дайындық курсында оқыған. Сол Томда жүргенінде Сұлтанмахмұтқа қолдау көрсеткен адамның бірі - Алаштың азаматы, жоғары оқу орындарына арнап «Ұлы математика курсы» деген еңбек жазған Әлімхан Ермеков. Өзі технологиялық интситутта оқып жүріп, жоғары оқу орындарына түсетін талапкерлер үшін дайындық курсын ашқан. Сұлтанмахмұт сол курста білім алған. Десе де, Ермеков екеуі кейде келіспей де қалып отырған. Сұлтанмахмұт Әлімханға «Тегін неге оқытпайсың? Неге ақша аласың?» дейді. Әлімхан Сұлтанмахмұтты Томдағы мықты дәрігерлерге де қаратқан.
Бірақ, Сұлтанмахмұт 1917 жылдың ақпанындағы төңкеріс кезінде «Мынадай ақ патша тақтан тайып, ақ түйенің қарны ақтарылып жатқан қуанышты заманда біздің елде болмауымыз иттік» деп оқуын тастап Семейге кетеді. Ол жеке ел боламыз деп елдің дүрлігіп тұрған кезі ғой. Сол қызумен Сұлтанмахмұт «Алаш туы астында күн сөнгенше сөнбейміз» деп басталатын «Алаш ұраны» деген өлеңі мен «Таныстыру» деп аталатын поэмасын жазады. «Таныстыруда» жаңа заман туды, қазақты кім жаңа жолға бастайды, кім қазаққа жол көрсете алады деген мәселені қозғайды. Әлихан, Шәкерім, Мағжан, Міржақыптан бастап жиырма шақты Алаштың азаматтарына мінездеме береді. Кейбіреуіне сын да айтады. Осындай шығармаларының кесірінен кейіннен Сұлтанмахмұт байшыл, ұлтшыл, буржуазияшыл ақын атанды.
Міржақып пен Көкпай айтысы. Абай шәкірттері іргесін қалаған білім ошақтары сан ұрпақты тәрбиелеп, қазақ жастарының заманына сай білім алуына жағдай жасаған сол кездегі санаулы мектеп-медресе еді. Кеңес үкіметі орнай салысымен 1917 жылы Әріптің Жыландыдағы (қазіргі Жарма ауданы Еңірекей тауының бауыры Б. Е. ) мектебі жабылып, 1921 жылы Көкбай да медресесінен кетеді. Міржақып Дулатұлының Көкбайдың мешіт-медреседен кеткенін, істің байыбына барып алмай ақынның жеке басын кінәлап, «Алаш партиясына қосылмаған ақынға» деген өлең арнап, сынап жіберетіні бар. Көкбай қарсы жауабында медресе ашып, бала оқытудың машақатын айта келіп:
Үй бердім, баласына тамақ бердім
Ақы алмай барлығына сабақ бердім.
Аяғында солардың көбі қашты
Бірлі-жарым болмаса талапкердің. 207-55бет. -деген қиналысы өкімет ауысқан шақтағы аумалы-төкпелі заманның зардабын аңғартады. Жаңа заманның жақсы ісін құп алған Көкбай ақын медересесін Кеңес мұғаліміне өткізеді.
Замана замандасқа жағын дейді
Күнбе-күнгі тағдырға бағын дейді, - деген сөз астарында медрсесе қасындағы мешітті еріксіз жапқан шарасыз жанның іштей мойынсұнуы да жоқ емес. Көкпайдың Міржақыпқа берген жауабы әділ де өтімді еді. Асығыс айтқанын Міржақып мойнына алып:
Көке аға, осы күнде мен жаспын ғой,
Жай күйіңді біле алмай адастым ғой
Көп жылдар мешеу қалған халқым үшін
«Алаш» деп, «большевик» деп таластым ғой. 207 56-бет дейтіні содан.
Кеңес өкіметінің орнауы қазақ ақындарын қақ жарып екі лагерьге бөліп жібергені белгілі. Алаш өкіметінің белді өкілдерінің бірі болған Міржақып Дулатұлы мен кеңестік өкіметтің болашағына иланған қарт ақындар. Көкпай, Әріп сынды әдебиет өкілдерінің арасындағы келіспеушілікті сол кездегі саяси ауалдың шеңберінде ғана түсіне аламыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz