Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар жайлы мәлімет



1. Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар.
2. Ерекше қорылатын табиғи территориялар . қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі.
3. Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау . биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы.
Экологиялық білім береуге деген қжеттілік адамның өміріне қажет қолайлы ортаны қамтамасыз етумен байланысты . Қоршаған ортаның сапасы адамның негізгі құқығының бірі –денсаулықты және дамудың негізгі мақсатын анықтайды . Экологиялық білім беру табиғатқа адамгершілік қатынасты қалыптастыру , табиғатты өзгертудің шекті мөлшерін анықтау үшін , адамның одан әрі өмір сүруі мен дамуына мүмкіндік беретін мінез-құлқының арнайы әлеуметтік- табиғи заңдылықтарын меңгеру үшін қажет .
Экологиялық білім берудің негізгі мақсаты – табиғатқа деген жауапкершілік қатынасты қамтамасыз ету . Экологилық білім беру дегенде әрбір адамның жалпы экологиялық мәдениеттілігін қалыптастыруға бағытталған үздіксіз білім , тірбие беру және даму процестерін түсінеміз .
Экологиялық білім беру дегеніміз – әр түрлі деңгейдегі экологиялық білімдерді меңгеру . Экологиялық білім берудің екі негізгі бағыты бар: қоршаған ортаны қорғудың жалпы ілімі негізінде тәрбиелеу және табиғат пен антропогенді экожүйелердің өзара қатынасының жалпы заңдылықтары туралы арнай білім беру.
Білім беру жүйесін экологизациялау- экологиялық ойлардың, ұғымдар, принцптер мен қөзқарастардың басқа пәндерге енгізу және экологиялық білімді әр түрлі салаларының мамандарын дайындау.
Экологиялық білім мен тәрбиенің мақсаты үш деңгейде жүзеге асырылады:
а) табиғатты қорғау және оған қамқорлықпен қарау рухындағы тәрбие мен білім (бұл міндет мектепке дейінгі мекемелер мен орта мектептерге жүктеледі);
б) арнайы экологиялық білім (арнаулы және жоғары оқу орындарының міндеті);
в) қосымша экологиялық білім (әртүрлі салаларда қызмет ететін адамдарды жұмысына сай экологиялық біліммен қамтамасыз етуді көздейді).
Сөйтіп, экологиялық білім мен тәрбие берудің үздіксіздігі қамтамасыз етіледі.
1) «Жалпы экология» А.Т. Қуатбаев. Алматы,2012
2) «Экология» Г. С. Оспанова, Г. Т. Бозшатаева.
3) «Экология: Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы» А.Ж.Ақбасова, Г.Ә.Саинова
4) «Экология негіздері» Г.Қ.Сағымбаев

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.

СӨЖ

Тақырыбы: Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар.
Ерекше қорылатын табиғи территориялар – қоршаған ортаны қорғау шараларының
бір түрі. Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың
ғылыми негіздерін жасау – биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті
сатысы.

Орындаған: Бекенов Мирас
Тексерген: Мурзалимова А. К

2015 жыл.
Жоспар

1. Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар.
2. Ерекше қорылатын табиғи территориялар – қоршаған ортаны қорғау
шараларының бір түрі.
3. Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми
негіздерін жасау – биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы.

Экологиялық білім және тәрбие

Экологиялық білім береуге деген қжеттілік адамның өміріне қажет
қолайлы ортаны қамтамасыз етумен байланысты . Қоршаған ортаның сапасы
адамның негізгі құқығының бірі –денсаулықты және дамудың негізгі мақсатын
анықтайды . Экологиялық білім беру табиғатқа адамгершілік қатынасты
қалыптастыру , табиғатты өзгертудің шекті мөлшерін анықтау үшін , адамның
одан әрі өмір сүруі мен дамуына мүмкіндік беретін мінез-құлқының арнайы
әлеуметтік- табиғи заңдылықтарын меңгеру үшін қажет .
Экологиялық білім берудің негізгі мақсаты – табиғатқа деген
жауапкершілік қатынасты қамтамасыз ету . Экологилық білім беру дегенде
әрбір адамның жалпы экологиялық мәдениеттілігін қалыптастыруға бағытталған
үздіксіз білім , тірбие беру және даму процестерін түсінеміз .
Экологиялық білім беру дегеніміз – әр түрлі деңгейдегі экологиялық
білімдерді меңгеру . Экологиялық білім берудің екі негізгі бағыты бар:
қоршаған ортаны қорғудың жалпы ілімі негізінде тәрбиелеу және табиғат пен
антропогенді экожүйелердің өзара қатынасының жалпы заңдылықтары туралы
арнай білім беру.
Білім беру жүйесін экологизациялау- экологиялық ойлардың, ұғымдар,
принцптер мен қөзқарастардың басқа пәндерге енгізу және экологиялық білімді
әр түрлі салаларының мамандарын дайындау.
Экологиялық білім мен тәрбиенің мақсаты үш деңгейде жүзеге асырылады:
а) табиғатты қорғау және оған қамқорлықпен қарау рухындағы тәрбие мен
білім (бұл міндет мектепке дейінгі мекемелер мен орта мектептерге
жүктеледі);
б) арнайы экологиялық білім (арнаулы және жоғары оқу орындарының
міндеті);
в) қосымша экологиялық білім (әртүрлі салаларда қызмет ететін
адамдарды жұмысына сай экологиялық біліммен қамтамасыз етуді көздейді).
Сөйтіп, экологиялық білім мен тәрбие берудің үздіксіздігі қамтамасыз
етіледі.

Ерекше қорғалатын табиғи территориялар

Ерекше қорғалатын табиғи территориялар (ЕҚТТ) дегеніміз – белгілі
бір аймаққа тән табиғи кешенді халық игілігіне жарату мақсатымен мемлекет
тарапынан қорғалатын, ғылыми, тарихи, мәдени және эстетикалық мәні бар
табиғат нысандары. Қазіргі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы дамыған кезеңде
түрлі шаруашылық әрекетін болжау үшін табиғатты эволюциялық және
биологиялық заңдарды білу керек. Бұнда ерекше қорғалатын табиғи
территориялық ұйымдардың маңызы зор .
Қазақстан Республикасының Ерекше қорғалатын табиғи территориялар
туралы Заңына (1997 жыл) сәйкес мақсаттарына, қорғау режимдеріне және
пайдалану ерекшеліктеріне қарай ЕҚТТ келесідей түрлерге бөлінеді:
мемлекеттік табиғи қорықтар, табиғи қорықшалар, ұлттық табиғи парктер,
табиғи парктер, табиғи ескерткіштер, дендрологиялық парктер және басқалар.
ЕҚТТ нысандардың құндылығына қарай жергілікті және республикалық маңызы бар
деп бөлінеді. Қазіргі күні Қазақстанда республикалық деңгейде 10
мемлекеттік табиғи қорық, 57 қорықша, 10 ұлттық табиғи парк, 26 табиғи
ескерткіштер, 7 мемлекеттік ботаникалық бақ, 3 мемлекеттік зоологиялық парк
бар.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың картасы

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар:

• Қорықтар
• Ұлттық парктер
• Резерваттар
• Табиғат ескерткiштерi
• Қаумалдар
• Қорықшалар

Қорық – аумағында барлық табиғи кешен толығымен шаруашылыққа
пайдаланудан алынған және өкімет қорғауында болатын жер немесе су
кеңістігі, сондай-ақ типтік, сирек кездесетін және бірегей табиғи
кешендерді бүкіл компоненттер жиынтығымен қоса сол қалпында сақтауға
арналған, арнайы қорғау режимі бекітілген ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Қорықтың негізгі міндеті–табиғат кешенін (этолондық табиғи экожүйелерді),
осы аумаққа тән организмдердің гендік қорын сақтау және қалпына келтіру,
табиғи құрылыстардың даму заңдылықтарын ғылыми тұрғыда кеңінен зерттеу.
Қорық аумағын шаруашылық мақсатта пайдалануға болмайды. Қорық–қорғалатын
аумақ ғана емес, сонымен қатар табиғатты қорғау жөніндегі мемлекеттік
ғылыми мекеме болып табылады. Мұнда жабайы хайуанаттарға санақ жүргізу
әдістері, оларға әсер ететін факторлар анықталып, саны сиреп бара жатқан
жануарлар мен қоры азайып кеткен өсімдіктердің түрлерін қалпына келтіру
мәселесі терең зерттеледі. Қорықта табиғи ресурстарды сақтаудың жолдары
белгіленеді. Қорықтарда ғылыми зерттеу жұмыстары жылдар бойы жүргізіледі.
Табиғаттың қорғалатын бұл аймағы – ауа райы, топырағы, өсімдіктер мен
жануарлар дүниесі арасында бірнеше жылдар бойы қалыптасқан биологиялық
байланыстарды сақтайды3. Қорықтар–табиғат эталоны. Мұндағы орман-тоғай,
жайқалған шабындық, аң-құс, айдын көлдер мүмкіндігінше сол бұрынғы әсем
қалпында сақталуы тиіс. Біздің елімізде қорықтарды ұйымдастыру ісінің
негізі өзінің арнасын 1921 жылы 16қыркүйекте В.И.Ленин қол қойған
Ескерткіштерді, бау–бақшаны және парктерді қорғау туралы деректен алды.

❖ Ақсу-Жабағылы
❖ Алакөл
❖ Алматы
❖ Барсакелмес
❖ Батыс Алтай
❖ Қаратау
❖ Қорғалжын
❖ Марқакөл
❖ Наурызым
❖ Үстірт

Ұлттық парктер деп – ЕҚТТ категориясын және аз бұзылған табиғи
комплекстер мен экологиялық, ғылыми, рекреациялық құндылығы бар табиғи,
тарихи-мәдени обьектерді айтамыз. Ұлттық табиғи парктер негізінен
рекреациялық мақсатта, әсіресе, аз уақытты демалыс пен танымдық туризмде
пайдалану қатаң бақыланады. Қорғау режимі – құрастырылған,
дифференциональды болып келеді. Қазақстанда ұлттық табиғи парктер мен
табиғи парктердің дамуы тек соңғы 10 жылдықта басталды. Бірінші ұлттық
парк 1986 жылы құрылды.
2005-2006 жылдары тағы 2 ұлттық парк Жоңғар (567,4 мың га)
және Көлсай көлі (161,7 мың га) сияқты ұлттық парктер құрылады деген
болжам бар. Елдегі ерекше қорғалатын территориялардың бұл түрі негізінен
елдің шығысы мен оңтүстік–шығысындағы таулы аудандарда және Орталық пен
Солтүстік Қазақстанның таулы–орманды экожүйелерінде шоғырланған.

❖ Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
❖ Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
❖ Алтынемел мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
❖ Көкшетау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар туралы ақпарат
Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудегі ырым тыйымдардың тәрбиелік мәні
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар және ерекше қорылатын табиғи территориялар
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар. Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау – биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар туралы мәлімет
Экологиялық білім берудегі этикалық, эстетикалық проблемалар
Экология есептерін компьютерлік модельдеу
Экологиялық білім беру туралы
Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау
Пәндер