ИСО 14001:2004 "Экологиялық менеджмент жүйелері. Талаптар және қолдану бойынша нұсқаулық жайлы


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

БАӨЖ

Тақырыбы: ИСО 14001:2004 "Экологиялық менеджмент жүйелері. Талаптар және қолдану бойынша нұсқаулық".

Орындаған: Орынбай М.

Тексерген: Толеубекова С. С.

Семей2015

Мазмұны:

  1. Кіріспе.
  2. Қолдану саласы.
  3. Терминдер мен анықтамалар.
  4. Экологиялық менеджмент жүйесіне қойылатын талаптар.
  5. Заңнамалық жəне басқа талаптар.
  6. Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

  1. Кіріспе.

Әр түрлі ұйымдар өзінің экологиялық саясаты мен экологиялық мақсаттарын есепке ала отырып қоршаған ортаға қызметінің, өнімінің жəне қызмет көрсетуінің нəтижелерінің əсер етуін бақылау арқылы экологиялық тиімділікке қол жеткізуге жəне оны көрсетуге барынша мүдделі бола бастады. Бұл заңнаманы қатаңдандыру, экономикалық саясат пен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған басқа да шараларды дамыту, сондай-ақ қоршаған орта мəселелеріне мүдделі тараптардың назарының көтеріңкі болу жəне тұрақты даму шарттарымен жүзеге асырылады.

Көптеген ұйымдар экологиялық тиімділігін бағалау үшін экологиялық «талдау» немесе «аудиттер» жүргізеді. Дегенмен өздігінен осы «талдаулар» мен «аудиттер» ұйымның өзінің экологиялық тиімділігі заңнамада қарастырылған талаптар мен экологиялық саясатына жауап беріп қана қоймай, болашақта оларға сəйкес келетініне сенімділікпен қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз. Тиімділігін қамтамасыз ету үшін «талдаулар» мен «аудиттер» менеджмент жүйесі аясында жүргізілуі жəне ұйымның жалпы əкімшілік қызметімен біртұтас бірігуі тиіс.

Экологиялық менеджментке таратылатын халықаралық стандарттар экологиялық жəне экономикалық мақсаттарға қол жеткізуде ұйымдарға көмектесу үшін менеджменттің басқа элементтерімен біріктіріле алатын экологиялық менеджменттің тиімді жүйесінің элементтерімен ұйымдарды қамтамасыз етуге арналған.

Осы стандарттар басқа халықаралық стандарттар сияқты саудадағы тарифсіз кедергілерді жасау мақсатында пайдалагуға не ұйымның құқықтық міндеттемелерін қатаңдандыруға немесе өзгертуге арналмаған.

Осы стандарт ұйымның заңнамалық талаптарды жəне маңызды экологиялық аспектілер туралы ақпаратты ескеретін экологиялық саясат пен мақсаттарды əзірлей жəне енгізе алуы үшін экологиялық менеджмент жүйесіне қойылатын талаптарды белгілейді. Оны географиялық жағдайы, мəдени жəне əлеуметтік ерекшеліктері əр түрлі, барлық түрдегі жəне көлемдегі ұйымдар қолдана алады.

Жүйенің табысты болуы барлық деңгейдегі жəне ұйымның барлық бөлімдері, əсіресе, жоғарғы басшылық өзіне алған міндеттемелеріне байланысты. Осы типті жүйе ұйымға экологиялық саясатты қалыптастыруға, экологиялық саясатта қарастырылған міндеттемелерді орындау үшін мақсаттар мен процестерді белгілеуге, сондай-ақ экологиялық менеджмент жүйесінің тиімділігін жақсарту үшін қажетті əрекеттерді қабылдауға жəне аталған жүйенің осы стандарт талаптарына сəйкестігін көрсетуге мүмкіндік береді. Осы стандарттың негізгі мақсаты - қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жəне əлеуметтік экономикалық қажеттіліктермен балансты сақтау кезінде оның ласталуының алдын алу. Осы стандарт талаптарының көпшілігін кез келген уақытта қарауға немесе қайта қарауға болатыны еске сақтау керек.

Стандарттың жаңа нұсқасында бірінші басылымның түсіндірілуіне
көңіл аударылды жəне пайдаланушылардың мүдделеріне байланысты екі
стандарттың үйлесімділігін арттыру үшін Исо 9001 ережелеріне ерекше
көңіл аударылады.

Осы стандартың 4-тарауындағы жəне А қосымшасындағы тараушалардың нөмірлері қарапайым пайдалану үшін біріктірілген. Мысалы, 4. 3. 3 жəне А. 3. 3 тармақтары мақсаттарға, міндеттерге жəне бағдарламаға(ларға) қатысты, ал 4. 5. 5 жəне А. 5. 5 тармақтары ішкі аудитке қатысты. Бұдан басқа, В қосымшасы ИСО 14001 :2004 жəне ИСО 9001 :2000 арасындағы байланысты белгілейді жəне керісінше.

  1. Қолдану саласы.

Осы стандарт ұйымға таратылатын заңнамалық талаптар мен басқа да талаптарды жəне маңызды экологиялық аспектілер туралы ақпараттарды есепке ала отырып, ұйымдарға экологиялық саясаты мен мақсаттарын əзірлеуде жəне іске асыруда көмек көрсету мақсатында экологиялық менеджмент жүйесіне қойылатын талаптарды белгілейді. Ол ұйымның өзі бақылай алатын жəне оларға əсер ете алатын аспектілер ретінде анықтайтын экологиялық аспектілерге қолданылады. Стандарт экологиялық тиімділігінің нақты критерийлерін белгілемейді.

Осы стандартты:

  • экологиялық менеджмент жүйесін əзірлегісі, енгізгісі, жұмыс

жағдайында ұстағысы жəне жақсартқысы;

  • b) белгіленген экологиялық саясатқа өзінің сəйкестігін растағысы;
  • c) осы стандартқа сəйкестігін:

1) өзін-өзі бағалау жəне өз-өзін декларациялау жүргізу;

2) берілген ұйымның қызметіне мүдделі тараптардың, мысалы, тапсырыс берушілердің оның сəйкестігін растауын алу;

3) сыртқы тараптың оның өзін-өзі декларациялағанын растауы алу;

4) сыртқы тараптың оның экологиялық менеджмент жүйесін сертификатауы/тіркеуі арқылы көрсеткісі келетін кез келген ұйым қолдануға болады.

Осы стандарттың барлық талаптары экологиялық менеджменттің кез келген жүйесіне қосуға арналған. Оларды қолдану дəрежесі ұйымның экологиялық саясаты, қызметінің, өнімінің жəне қызмет көрсетуінің сипаты, сондай-ақ ол жұмыс істейтін орналасқан жері, шарттары сияқты факторларға байланысты. А қосымшасында осы стандартқа оны қолдану жөнінде анықтамалық басшылық берілген.

  1. Терминдер мен анықтамалар.
  1. Үнемі жақсарту (continual improvement) : Ұйымның экологиялық

саясатына сəйкес экологиялық тиімділікті жақсарту мақсатында экологиялық менеджмент жүйесін жетілдіруді қайталайтын процесс емес.

  1. Түзету əрекеті (corrective action) : Анықталған сəйкессіздіктің

себептерін жою үшін қабылданған əрекет.

  1. Қоршаған орта (environment) : Ауаны, суды, жерді, табиғи ресурстарды,

флораны, фаунаны, адамды жəне олардың өзара əрекетін қоса, ұйым жұмыс істейтін сыртқы орта.

  1. Экологиялық аспект (environmental aspect) : Қоршаған ортаға əсер ете

алатын ұйымның қызметінің, оның өнімінің немесе қызмет көрсетуі элементтері.

  1. Қоршаған ортаға əсер ету (environmental impact) : Ұйымның

экологиялық аспектілерінің толық немесе жартылай нəтижесі болып табылатын қоршаған ортаға жасалған кез келген кері немесе оң өзгеріс.

  1. Экологиялық менеджмент жүйесі (environmental management system) :

Экологиялық саясатын əзірлеу жəне жүзеге асыру жəне оны экологиялық аспектілермен басқару үшін пайдаланылатын, ұйымның менеджменті жүйесінің бөлігі.

  1. Экологиялық мақсат (environmental objective) : Ұйым ұмтылатын

экологиялық саясатқа сүйене отырып белгіленген қоршаған орта саласындағы жалпы мақсат.

  1. Экологиялық тиімділік (environmental performance) : Экологиялық

аспектілерімен бірге ұйым менеджментінің өлшенетін нəтижелері.

  1. Экологиялық саясат (environmental policy) : Жоғарғы басшылық ресми

білдірген жалпы тілектері жəне экологиялық тиімділігіне қатысты ұйымның
принциптері.

  1. Экологиялық міндет (environmental target) : Экологиялық мақсаттардан

шыққан жəне мақсатқа қол жеткізу үшін белгіленуі жəне орындалуы тиіс, ұйым немесе оның құрылымдық бөлімшелері ұсынған, тиімділікке қатысты бөлшектелген талаптар.

  1. Мүдделі тарап (interested party) : Ұйымның экологиялық тиімділігіне

мүдделі жеке тұлға немесе тұлғалар тобы.

  1. Ішкі аудит (internal audit) : Ұйымның белгілеген экологиялық

менеджменті жүйесінің аудиті критерийлеріне сəйкестік дəрежесін анықтау

үшін жан-жақты алынған

  1. Ұйым (organization) : Өзінің жеке қызметін атқаратын жəне өзінің жеке

əкімшілігі бар акционерлік немесе акционерлік емес, мемлекеттік немесе жеке компания, бірлестік, фирма, кəсіпорын, билік органы немесе мекеме не олардың бір бөлігі немесе қосындысы.

  1. Алдын алу əрекеті (preventive action) : Əлеуеттік сəйкессіздік

себептерін жою үшін қабылданған əрекет.

  1. Ластаудың алдын алу (prevention ofpollution) : Қошаған ортаға əсерін

азайту мақсатында ластаудың немесе қалдықтардың кез келген типінің құрылуын, тасталуын немесе жойылуын (жеке немесе қосып) болдырмауға, азайтуға немесе бақылауға мүмкіндік беретін процестерді, практикалық əдістерді, материалдарды, өнімдерді, қызмет көрсетуді немесе энергияны пайдалану.

  1. Экологиялық менеджмент жүйесіне қойылатын талаптар.

Ұйым осы стандарттың талаптарына сəйкес экологиялық менеджмент жүйесін əзірлеугеқұжаттауға, енгізуге, жұмыс қалпында ұстауға жəне үнемі жақсартуға тиіс жəне осы талаптарды орындау тəсілдерін анықтауы тиіс.

Ұйым экологиялық менеджмент жүйесінің қолданылуы саласын анықтауы жəне құжаттауы тиіс.

Экологиялық саясат

Жоғарғы басшылық ұйымның экологиялық саясатын анықтауы жəне осы саясат экологиялық менеджмент жүйесін қолданудың белгілі бір саласы аясында:
а) ұйым қызметінің, өнімнің немесе қызмет көрсетудің сипатына, масштабына жəне қоршаған ортаға əсер етуіне сəйкес келуі;

b) қоршаған ортаның жай-күйін үнемі жақсарту жəне оның ластануының алдын алу жөнінде міндет кіруі;

с) сəйкесті заңнамалық талаптарды жəне ұйымға таратылатын, оның экологиялық аспектілерімен байланысты басқа талаптарды орындау міндеті кіруі;

d) экологиялық мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін негізді қамтамасыз етуі;

e) құжатпен ресімделуі, енгізілуі, жұмыс жағдайында тұруы;

f) ұйымға немесе оның атынан жұмыс істейтін барлық тұлғалардың барлығы
мағлұматталуы;

g) қоғамдық көпшілік үшін қол жетімді болуы үшін қамтамасыз етуі тиіс.

  1. Заңнамалық жəне басқа талаптар.

а) қолданыстағы заңнамалық талаптарға жəне ұйымға таратылатын, оның
экологиялық аспектілерімен байланысты басқа талаптарға қол жеткізуді сəйкестендіру жəне алу;

b) осы талаптардың ұйымның өзінің экологиялық аспектілеріне қалай

қолданылады, сонны анықтау процедураларын белгілеуі, енгізуі жəне жұмыс

қалпында ұстап тұруы тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Райымбек Агро» ЖШС-те СМЖ және қаупсіздік жүйесін дайындау
Исо 14001:2004 "экологиялық менеджмент жүйелері. талаптар және қолдану бойынша нұсқаулық"
ИСО 14001 2004 Экологиялық менеджмент жүйелері. Талаптар және қолдану бойынша нұсқаулық туралы ақпарат
Кәсіпорынның экологиялық менеджменті
Менеджмент жүйелері
OHSAS менеджмент жүйесіне қойылатын талаптар
Сапа менеджмент жүйесін сертификаттау
«Стандарттың ISO 9001:2015 жаңа нұсқасын ISO 9001:2008 нұсқасымен салыстыру»
Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің ұйымдық сұлбасы
Сапа менеджментінің жүйелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz