Баға және баға жасау жайлы ақпарат


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Инженерлік-технологиялық факультеті
Техникалық физика және жылуэнергетика кафедрасы
СОӨЖ
Тақырыбы: Баға және баға жасау.
Орындаған: Қалиев Е. Е.
Тексерген: Нұралина К. Т.
Семей 2015
Мазмұны
Кіріспе3
Баға туралы ұғым, маңызы, жасау қағидалары5
Баға жасау факторлары8
Баға жасау саясаты11
Баға жасаудың шығынды әдісі16
Баға жасаудың нарықтық әдісі19
Жеке және бөлшек саудада бағаны жасау. 22
Баға жасау және инфляция24
Қорытынды29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі30
Кіріспе
Қаржы теориясының негізгі мәселесі болып қаржының баға, еңбекақы, несие тәрізді экономикалық категорияларымен байланысы және осы категориялардың бөлу процесінде қандай тізбек болуы танылады.
Баға - бөлу үдерісіне бірінші түсіп, ондағы бастапқы пропорцияларды анықтайды. Бағаның құнның жанында ауытқуы қаржының қызмет ету орнын белгілейді. Бағаға құнның барлық құрылымдық бөліктері кіреді, олар кейін бөлініп, қаржылық ресурстар және қорлар ретінде өзінің экономикалық нысандарына ие болады. Тауар өндірісі мен ақша-тауар қатынасының пайда болып, дамуымен бірге баға да пайда болды.
Экономикалық үдерістердің қатаң орталықтандырылған жүйесінде құнның амортизациялық аударымдар, еңбекақы, материальдық және басқа да шығындар, табыс тәрізді бөліктері белгіленеді, ал нарық жағдайында ұсыныс пен сұраныс факторларымен анықталады. Баға қаржының қызмет ету жағдайын дайындайды. Қаражат шаруашылық жүргізуші субъектілерде жинақталса, онда салық көлемі өседі, не қоғамдық өнім өседі, яғни ресурстардың босауына әкеліп соғады, бұл пайда (табыс) нормасы жоғары деңгейгі салаларға ауысатын ресурстардың босауына әкеледі. Қаржы бағада берілген пропорцияларды нақтылайды. Қаржылық бөлудің бағалық бөлуден айырмашылығы - бағалық бөлудің, объектісі болып жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігі ғана танылады. Қаржы жалпы коғамдық өнім құнының барлығын бөледі. Қаржылық бөлу бағалық бөлуге қарағанда екінші ретті болып келеді. Бағалық бөлу былай қарағанда байқаусыз, ол түсімдердің жалпы көлемінде көрінбейді, ал қаржылық бөлу анық көрінеді.
Бағадан кейін қаржылық бөлу процесінде енбекақы қызмет ете бастайды. Қаржы еңбекақы қоры, басқа да еңбек төлемдері қорларының қалыптасуына жағдай жасайды. Осы категориялар ұдайы өндіріс үрдісін бір-бірімен байланыстыра ынталандырып және еңбек күшінің, ұдайы өндірісінің алғы шарттарын айқындай түседі.
Қазіргі кезде экономкалық ғылымда баға құралуы экономикалық теория, маркетинг және менеджмент ғылымдарының бір тарауы ретінде қарастырылады. Дегенменде, оны, өзіндік құралы мен әдісі бар ғылым ретінде жеке қарастыруымыз тиіс.
Баға туралы ұғым, маңызы, жасау қағидалары
Баға және баға жасау нарықтық экономиканың өте маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Баға - күрделі экономикалық категория. Баға негізінде тауарлар өндірісі. өткізілуі, олардың құнын анықтау мәселесі, ұлттық жалпы өнімді шығару, тарату және қолдану және т. с. с. сұрақтар шешіледі.
Бағаның екі негізгі теориясы бар. Бірінші теория бойынша тауар бағасы оның құнын (ұсыныс) айқындайды (бағаның шығынды теориясы) . Негізін қалаушылар Вильям Петти, Адам Смит, Давид Рикардо. Олардың ойларынша тауар құны оны өңдіруге кеткен еңбек мөлшерімен анықталады. Бұл теорияның әрі қарай дамытқан К. Маркс болатын (абстрактты еңбек), оның ойынша тауардың құны және бағасы болады. Құн - қоғамға пайдалы еңбек шығындары (орташа) . Әртүрлі тауарлар құндарының ара-қатысы оларға кеткен абстрактты еңбек мөлшерлерінің ара-қатысы болып табылады. Ал тауар бағасы осы тауар құнының ақшалай көрінісі болып табылады. Ол әртүрлі кездейсоқ нарықтық факторларға байланысты өзгеруі мүмкін.
Басқа теория бойынша тауар бағасы деп өндірістік қорларды ең тиімді пайдалану жағдайында болған ақшалай шығындар мөлшерін айтады. Яғни, бұл жағдайда тауар бағасы өңдірушінің шығындарын сипаттамай, сатып алушының осы тауардың пайдалылығын бағалау деңгейіне (сұраныс) тәуелді болады. Мұнда баға тауар құнынан «босатылады» және оның қажеті жоқ.
Қазіргі заманғы экономикалық теория осы екі теорияны біріктіруге тырысуда.
Қанша айтқанмен, тауарды өңдіруге және өткізуге кеткен шығындарды анықтау объективті қажеттілік ретінде қалды, өйткені кез келген фирма өзінің шығындарын қайтарып, қалыпты пайда алуға мәжбүр.
Тарифтер және сауда бойынша генеральды агентство (ГАТТ) қалыпты құнның анықтамасын келесі түрде береді: қалыпты құн деп сауда арқылы орны толтырылатын тауар пайда болған елдегі тауарға кеткен материалдар және жасау құны мен жалпы шығындар және қалыпты пайда мөлшерінің қосындысын атайды.
Баға жасау деп тауарға бағаны қалыптастыру процесін атайды. Жалпы алғанда баға жасаудың екі жүйесі бар: орталықтандырылған және нарықтық.
Бағаның нарықтағы орны қандай. Нарықтың өзі тауарлы-ақшалай қарым-қатынастарын және құндық категорияларды (қаржы, несие, еңбек ақы, өзіндік құн, пайда, баға) іске асырудың негізгі формасы болып табылады. Егер де сұраныс және ұсыныс бар болса мұнда міндетті түрде нарықтық қарым-қатынас пайда болады. Олардың мүдделері қарама-қайшы болады. Сондықтан да оларды үйлестіретін тек баға ғана болады. Солымен, нарық деп сатушылардың және сатып алушылардың мүдделерін қақтығысу арқылы бағаның пайда болуына мүмкіндік жасайтын экономикалық процесті атайды. Яғни баға нарықтық қарым-қатынастарда орталық орын алады.
Нарықтық экономикада ең маңызды рөлді құн заңы орындаса, жоспарлы орталықтандырылған экономикада жоспарлы даму және орталықтандырылған бөлу заңдары негізінен қолданылады. Құн заңы баға жасау механизмі және сұраныс пен ұсынысты тепе-тең жасау процесіне негізделеді.
Орталықтандырылған экономикада өнім бағасы кейде өндірістің басталуына дейін анықталуы мүмкін, яғни баға негізінде шығындарды есептеу болатын.
1. Нарықтық баға жасаудың ең түбегейлі ерекше белгісі ретінде тауар бағасының өндірісте, тіпті кәсіпорында емес, өткізу өрісінде анықталатынын, яғни сұраныс пен ұсыныстың ықпалына тәуелді болатынын атау қажет. Тауар бағасы және оның пайдалылығы тек нарықта ғана тексеріледі және қалыптасады. Біздің елде, өкінішке орай әлі де болса, тауар бағасы негізінен кәсіпорын шығындарына қарай қалыптасады. Оның себебі ретінде біздің еліміздегі сұраныстың ұсыныстан әлдеқайда көп болуын және монополиялардың бар болуын атауға болады.
2. Нарықтық баға жасаудың келесі белгісі ретінде тауар бағасын оны өңдірген тұлға белгілейтінін атауға болады (яғни мемлекет бұл процеске араласпайды) . Мемлекет тек шектелген тауар түрлеріне ғана бағаның жасалу процесіне реттеу жүргізе алады. Сонымен қатар, мемлекет баға жасаудың жалпыға бірдей ережелер мен қағидаларды іске қоса алады (мысалы, тиімділіктің шекті деңгейін орнату) . Бірақ нақты тауар бағасын бәрібір кәсіпорынның өзі қояды. Сонымен, нарықтық баға жасау мемлекеттік баға реттеу жүйесімен өте икемді үйлесуі керек.
3. Нарықтық экономикада бағалардың динамикасына екі маңызды фактор әсер етеді: стратегиялық және тактикалық. Стратегиялық фактор - бағалар тауарлар құнының негізінде құрылады. Бағалар осы құнның төңірегінде тербеліс жасау мүмкін. Бұл өте күрделі және ұзақ уақытты процесс. Тактикалық фактор - бағалар нарық конънктурасына тәуелді өзгеру мүмкін. Осы екі факторды кез келген кәсіпорын жақсы меңгеріп білу қажет, әйтпесе қосымша шығындарға ұшырау мүмкін. Бірінші фактор өте жақсы ұйымдастырылған фирма, яғни шығындары ең аз кәсіпорын үшін тиімді. Екінші фактор нарық конъюнктурасын әрі тез және икемді қолдана алатын фирмалар үшін тиімді. Мұнда тыңғылықты дайындық және жоғары білікті кадрлардың маңызы зор. Ал ең көп пайданы осы екі факторды пайдалана алатын фирмалар алады.
Осы бағалардың динамикасына және нарық конъюнктурасына мемлекет те экономикалық тұрғыдан әсер ету қажет. Бізде бұл әсер әлі де дұрыс қалыптаспаған.
4. Бәсеке. Ол үшін меншік түрлерінің алуан түрлілігін және заңның бәріне бірдей болуын қамтамасыз ету қажет. (жекешелендіру, мемлекет иелігінен алу мәселесі) . Бәсеке нәтижесінде нарықта тек шын мәнінде өндірісті дұрыс ұйымдастырып, шынайы кәсіби біліктілікті көрсете алатын шаруашылық субъектілердің қалуына негіз болады. Тіпті банкроттықтың өзі ел үшін тиімді бола алады.
Бәсекеде ұтысқа жетудің негізі ретінде икемді өндірісті жасау болып табылады, яғни жаңа қажеттіліктерге тез арада ауыса алатын, көп шығынсыз жаңа өнімді шығаруға бейімделген өндірістер.
Директивті баға жасау мен нарықтық баға жасаудың бәсекені өсіруге ықпалын қарастыру. Негізгі міндет келісімдік (еркін) баға жүйесіне ауысу. Ол үшін келесі шарттарды орындау қажет:
А) кәсіпорындардың іс жүзіндегі шаруашылық дербестігі
Б) тауарлардың дефицитін болдырмау
В) монополияларды жою
Г) экономиканы қайта құру, қару-жарақ өнеркәсібінің конверсиясы
Д) біріңғай экономикалық кеңістікті орнату
Е) тұтынушыларды және жабдықтаушыларды өз еркімен таңдау мүмкіндігі
Үлкен мәселе ретінде бағалардың және тауар құндарының территориальдық бөлінуін зерттеу болады, яғни аймақтық және бүкіл мемлекеттік нарықтарды үйлестіру мәселесі. Сонымен қатар, әлемдік бағалардың қозғалысын және үрдістерін зерттеу қажет.
Баға функциясы деп оның ішкі құрамының (қасиеттерінің) сыртынан көрінісін айтады. Бағаның 5 функциясын атауға болады:
а) есебке алу функциясы - қоғамдық еңбек шығындарын есебке алу және өлшеу. Басқаша айтқанда баға арқылы біз осы тауарға қанша шығын кеткенін анықтай аламыз немесе берілген қажеттілікті қанағаттандыруға арналған тауарға қоғам қанша шығындалғанын көре аламыз. Баға тек шығында ғана емес, сондай-ақ пайда деңгейін де көрсете алады. Әрине шын мәнінде нарықтық баға қалыпты бағадан қатты ауытқуы да мүмкін екенін ұмытпауымыз керек. Берілген функция бойынша баға барлық құндық көрсеткіштерді анықтауға негіз бола алады. Бұл көрсеткіштер сандық және сапалық болып бөлінеді.
Сандық көрсеткіштер - жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс, күрделі салымдар көлемі, тауар айналымы, өнім көлемі, және т. б.
Сапалық көрсеткіштер - пайдалылық (тиімділік, еңбек өнімділігі, қор қайтарылымдылығы және т. б. ) .
б) Ынталандырушы функция. Баға арқылы ҒТП, қорлардың үнемделуін, өнім сапасын көтеруді, өндіріс құрылымын өзгертуді ынталандыруға болады. Баға арқылы сонымен қатар, тұтынушыларды да ынталандыруға болады.
в) Бөлу функциясы. Бағаның көмегімен ұлттық (таза) табысты бөлуге және қайта бөлуге болады: экономика салалары арасында, меншік формалары арасында, ел аймақтары арасында, жинақтау және тұтыну қоры арасында, халықтың әртүрлі әлеуметтік топтары арасында.
Мемлекет бұл функцияны акциз, ҚҚС және т. б. әдістер арқылы орындайды.
г) Сұраныс пен ұсынысты теңестіру функциясы.
д) Өндірісті тиімді орналастыру белгісі ретінде болуға бағытталған бағаның функциясы. Капитал пайда мөлшері әсіресе көп экономика секторына ауысуға тырысады, ал капитал иесі кәсіпорындар және ұйымдар болады.
Осы аталған барлық баға функциялары бір-бірімен байланысады, кейде қарама-қайшы болады.
Баға жасау методологиясы - баға жасау тұжырымдамасын құрастырудың, бағаларды анықтау және дәлелдеудің, бағалар жүйесін қалыптастырудың, баға жасауды басқарудың жалпы ережелерінің, қағидаларының, әдістерінің жиынтығы болып табылады. Методология баға белгілеудің барлық деңгейлеріне бірдей болады. Методология мен әдістемені шатыстырмау керек, өйткені методология бұл баға жасаудың стратегиясы болса, әдістеме нақты баға құрастырудың нақты әдістерін, ұсыныстарын, құралдарын қарастырады. Яғни әдістемелер методологияның құрамдас элементтері болып табылады.
Методологияның екінші құрамдас элементі ретінде баға жасаудың қағидалары болады. Қағидалар мен әдістемелер бір-бірімен тығыз байланыста болады және бірігіп методологияны құрайды. Баға жасау қағидалары деп үздіксіз қызмет ететін негізгі ережелер, бүкіл бағалар жүйесіне тән болып, оның негізінде жатады. Қағидалар: бағаларды ғылыми тұрғыдан дәлелдеу, бағалардың мақсатты бағытталуы, баға жасау процесінің үздіксіздігі, баға жасау процесінің және олардың орындалуына бақылау жүргізудің біріктірілуі. Бақылау мақсаты - баға жасау қағидаларын және ережелерін қолдану деңгейін тексеру. Екі түрі бар: мемлекеттік және қоғамдық. . Баға жасау қағидалары сондай-ақ үш заңдылыққа бағынып бөлінеді: сұраныс, ұсыныс заңдары, елдегі бағаның әлемдік бағамен байланысу заңы, барлық салалардағы бағаның өзгеру бірегейлігін сақтау заңы.
Баға жасау факторларыНарықтық экономикада бағаға әсер ететін бірден бір фактор ретінде нарық конъюнктурасы, яғни сұраныс пен ұсыныстың ара-қатысы болады.
Сұраныс және ұсыныстың анықтамаларын еске түсіру (маркетинг пәнінен) және олардың баға деңгейіне байланысты мөлшерін өзгерту тәуелділігін сипаттау.
Сұраныс пен бағаның тәуелділігін сипаттайтын формула:
мұндағы: Рх - Х тауарының бағасы
Ру, . . . Рz - ауыстырғыш (субститут) және толықтырғыш (комплиментарлы) тауарларының бағалары
І - сатып алушының табысы
W - тұтынушының сатып алушылық қабілеті немесе тұрмыстық жағдайы
Tx - сатып алушылардың жеке тағлымдары, көзқарастары
Ғ - тұтынушылық күтімдер
S - берілген тауар қанағаттандыратын мұқтаждықтың маусымдылығы
q - сатып алушылардың саны
Рх-тен басқасы бағадан басқа факторларға жатады. Олар сұраныстың өзін (қисығын) өзгерте алады.
Ұсыныс пен бағаның тәуелділігін сипаттайтын формула:
мұндағы: Рх - Х тауарының бағасы
Ру, . . . Рz - бәсекелес және осы тауармен қоса шығарылатын тауарлардың бағалары
К - өндіріс технологиясының деңгейі
L - салықтар мен дотациялар
N - өндірістік қорлар үшін төлемдер
q - сатушылардың саны
Икемділік - бір өзгермелі шаманың басқа шаманың өзгерісіне ықпал ету өлшемі.
Икемділік коэффициенті
Егер Ed<1 - икемсіз сұраныс (бірінші қажеттіліктерді қанағаттандыратын тауарлар: тұрғын үй, электрэнергиясы, т. б., ауыстыратын тауар жоқ өнімдер: сүт, нан, дәрі-дәрмек, медицина қызметтері, шамамен аз тұратын тауарлар: тұз, сіріңке, дефицитті (таңдау мүмкіндігі жоқ) тауарлар), Ed>1 - икемді сұраныс.
Бағаның өзгеруіне әсер ететін факторлар:
Бағалардың төмендеуіне көмектесетін факторлар:
Өндірістің өсуі, техникалық прогресс, өндірістің және айналыстың шығындарын төмендету, еңбек өнімділігін өсіру, бәсеке, салықтарды төмендету, тура байланыстарды кеңейту.
Бағалардың өсуін тудыратын факторлар:
Өндірістің төмендеуі, экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы, кәсіпорынның монополиясы, ажиотажды сұраныс, айналыстағы ақшаның өсімі, салықтардың өсуі, еңбек ақының өсуі, кәсіпорын пайдасының өсуі, тауар сапасының өсуі, модаға сәйкес болу, жұмыс күші құнының өсуі, кәсіпорында барлық қорларды дұрыс (тиімді) қолданбау.
Бағаның жасалу процесіне әсер ететін факторлар:
- Қаржы-несие өрісі
- Тұтынушылар (біріншіден сұраныс пен ұсынысқа байланысты, екіншіден тұтынушылардың бағаларға, сатып алуларға қарым-қатынасына байланысты) : соңғы жағдай бойынша 4 түрлі тұтынушы болады: а) тауар таңдағанда оның бағасына, сапасына, ассортиментіне көп көңіл бөледі; б) тауардың «бейнесіне» көп көңіл бөлетін тұтынушылар, сатушылардың қарым-қатынасына, қызмет көрсету дәрежесіне; в) ұсақ фирмаларға демеу жасайтын тұтынушылар (артық бағамен де сатып алуға дайын болады) ; г) тауардың бағасы емес, ол беретін қолайлылықты (комфорт), пайдалылықты көп талап ететін тұтынушылар.
- Мемлекеттік реттеу (заң негізінде баға жасауда әртүрлі заңға, нарық заңдарына қайшы әрекеттер жасатқызбау)
- Тауар қозғаласының қатысушылары
- Бәсеке (нарық, фирма және мемлекет басқаратын бәсеке орталары болады)
Баға жасаудың әртүрлі нарық түрлерінде ерекшеліктері
Нарық құрылымы - бұл нарықтың негізгі және ерекше белгілері: фирмалардың саны, өлшемі, әртүрлі фирмалар шығаратын тауарлардың ұқсастығы, айырмашылықтары, нарыққа жаңа сатушыларға кіру немесе жеңілдігі, нарықтық ақпаратты жинау мүмкіндігі.
Нарықтың әртүрлі модельдері болуы мүмкін: жалпы алғанда 4 түрі бар:
Таза бәсеке, монополиялық бәсеке, олигополия, таза монополия. Біріншісі мен төртіншісі абстрактты болады, өйткені іс жүзінде ондай нарықтар болмайды.
Таза монополист дискриминациялық бағаларды қолдана алады, оның негізгі түрлері: сатып алушылар топтары бойынша, тауарлар, қызметтер варианты бойынша, территория бойынша, уақыт бойынша. Демпинг - бір жерде өз бағамен сатып, екінші бір жерде тауарды өте төмен бағамен сату.
Баға жасау саясатыБаға жасау процесінің негізгі кезеңдері
а) Мақсат қою. Тауар шығару мақсатын, оның нарықтағы орнын анықтау қажет. Жалпы алғанда үш басты мақсат болады: фирманың қызметін сақтау (нарыққа ену бағалары) ; пайданы өсіру (сұраныс пен ұсынысқа қарай) ; нарықтағы орнын сақтау (бағаны бір қалыпты ұстау) .
б) Сұранысты анықтау (бағаның максимальды деңгейін көрсетеді) .
в) Шығындарды талдау (бағаның минимальды деңгейін көрсетеді)
г) Бәсекелестердің бағаларын талдау.
д) баға жасау әдісін таңдау
е) соңғы бағаны анықтау
Баға белгілеудің әсіресе кең таралған әдістеріне келесілер жатады:
- Тауар бағасын өндіріс шығындарына негізделіп анықтау
- Капиталға саналған табыс әдісі
- Сұранысқа бағытталған бағаларды анықтау
- Ағымдағы бағалар деңгейіндегі бағаларды белгілеу
Тауардың әртүрлі өмірлік циклының кезеңдерінде әртүрлі баға саясаты қолданылу мүмкін.
1) Эксперимент фазасындағы баға саясаты. Жаңа өнімге баға деңгейін анықтағанда шекті шығындардың тұрақтылығын атап өту қажет, яғни өндірістің кеңеюіне ешқандай кедергі болмаса, шекті шығындар да өспейді (берілген фаза шектерінде) . Кәсіпкер үшін негізгі мәселе - жаңа тауарға жаңа сұранысты туындату, яғни тұтынушылардың жаңа тауарға сенімін жасау үшін қосымша шығын болуы мүмкін. Тауарға сұраныс өскен сайын олар да кеми бастайды. Бастапқы баға неғұрлым жоғары болған сайын сұранысты туындатуға кеткен шығындар да (шекті шығындар) өседі, яғни бұл жерде сұраныс жасауға кеткен шекті шығындар өнім бағасының функциясына айналады. Кәсіпкердің басты міндеті тауардың бағасын анықтағанда ол түсіретін табыс мөлшері мен сұранысты жасауға кеткен шығындар арасындағы айырманы максимальды етіп жасау. Егер сұраныс жасауға кеткен шығындар табыстан жоғары болса, онда керісінше ең аз айырма беретін (яғни минимальды шығын әкелетін) баға деңгейін қою қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz