Рахманқұл Бердібай - фольклор зерттеуші


Диплом жұмысының тақырыбы
Рахманқұл Бердібай - фольклор зерттеуші
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . . . 5 - 7
І тарау
Фольклортану ғылымы және Р. Бердібай . . . … . . . 8 - 28
ІІ тарау
Р. Бердібай - халық өнерінің жанашыры . . . 29 - 42
ІІІ тарау
Р. Бердібайдың фольклортану ғылымына қосқан үлесі . . . 43 - 52
Қорытынды . . . 53 - 55
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 56 - 58
Кіріспе
Рахманқұл Бердібайдың есімі бүгінде анықтаманы қажет етпейді. Ғұлама ғалымның биік тұлғасы, энциклопедиялық зердесі, азаматтық келбеті өзінің лайықты бағасын алған. Қазақ әдебиеті ғылымына ғана емес, түрік дүниесінің руханиятына өлшеусіз үлес қосқан ғұламаның ұлт мүддесін қорғаған батыл үні сонау елуінші жылдары естіле бастаған болатын. Ұлт мүддесін мәңгілік серігі еткен ғалым кеңестік кезең саясатына қайшы көзқарастары үшін аз қиындық көрген жоқ. Осы қудалаулар мен қиындықтар ғалымның журналистикадан бастау алып, әдеби өмірдің ұлы майданына, руханияттың асқақ әлеміне ұласқан шығармашылық жолын көктей өтіп жатты.
Р. Бердібай өзінің өнімді еңбек жылдарында 32 кітап, мыңнан астам мақала шығарды.
Исі түркі халқы пір тұтатын Маулананың мынадай сөздері бар: «Жел соққан сайын солқылдақ шыбықтай иіле берсең, асқар тау болсаң да, шыбық құрлы құның болмайды». Р. Бердібай иілуді білмеген асқақ рухтың иесі. «Рухы биік адам қоғам рухын көтереді» деген нақыл сөз осы Р. Бердібай секілді асқақ рухты адамдарға арналған тәрізді.
Р. Бердібай тарихи ақиқаттарды бүркемелеу немесе бұрмалай көрсету белең алған тоқырау жылдарының өзінде ұлтының шыңдалу процесін ашып көрсетіп, оның рухын асқақтататын мәселелерді көтеріп, соларды нақты жүзеге асыруға арналған істердің басында болды.
Ғалымның фольклортанушылық қызметін талдау бағытында алған жұмысымыз зерттеушінің бұл саладағы еңбегіне жаңаша көзқарастық тууы мен аңыз әдебиетімізді басқаша қырынан жол тануымызға мүмкіндік береді.
Диплом жұмысының өзектілігі:
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың биылғы жылғы Қазақстан халқына арналған жолдауында «Біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз», - /1/ деп дамып келе жатқан мемлекеттің рухани құндылықтарына ерекше көңіл аударды. Сол себепті біз білім мен ғылымды дамытуға өз үлесімізді қосуға міндеттіміз.
Бүгінде көптеген зерттеу еңбектерінің авторы атанған Р. Бердібай қазақ халық ауыз әдебиетін зерттеуде тыңға түрен салып, соны сүрлеуді қалыптастырды. Эпостанушылық қызметі өз алдына бір төбе. Жұмыста ғалымның фольклорды жаңаша стильде қарастыру реті, қазақ музыкасы мен тарихи мұраларын қалпына келтірудегі зор еңбегі тұжырымдалды.
Диплом жұмысының мақсаты:
- Р. Бердібайдың фольклортанушылық қызметіне шолу;
- Ғалымның қазақ фольклортануында алатын орнын айқындау;
- Р. Бердібайдың қоғамдық қайраткерлігіне шолу.
Бұл мақсаттарды орындау үшін мына төмендегі міндеттер жүзеге асырылды:
- Р. Бердібайға қатысты материалдар мен деректер жинақталды;
- Ғалымның зерттеу еңбектері талқыланып, сарапталды;
- Ғалым туралы жазылған пікірлерге талдау жасалып, ой қорытындысы түйінделді.
Диплом жұмысын жазу барысында талдау, ой қорыту, жүйелеу, салыстыру сияқты зерттеу әдістері пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
Жұмыстың басты нысанасы «Р. Бердібай - фольклор зерттеуші» болғандықтан қазақ фольклоры туралы зерттеулері жүйелі түрде зерттеліп, ғалымның халық арасындағы өнерлерді жинау, жариялау зерттеудегі ерекше жанқиярлық еңбекқорлық үлесі айқындалды. Р. Бердібайдың фольклортануға қосқан үлесі жан-жақты атқарылған іс-әрекеттерімен, берген сыни бағаларымен, тұжырымды ой түйіндерімен көрсетілді.
Диплом жұмысының әдістемелік және теориялық негіздері:
Жұмысты жазу әрі алға қойылған мақсаттардың үдесінен шығу үшін Р. Бердібайдың өз еңбектері мен оның ғалымдық қырына едәуір тоқталған ХҚТУ хабаршысы пайдаланылды. Сондай-ақ мерзімді баспасөз материалдары да дерек көздері ретінде алынды.
І тарау
Фольклортану ғылымы және Р. Бердібай.
Рахманқұл Бердібай - Қазақстандағы аса ірі фольклортанушы. Оның «Жыршылық дәстүр» (1983), «Қазақ эпосы» (1982), «Сарқылмас қазына» (1983), «Эпос мұраты» (1997), «Айтыс әлемі» (2000) сияқты ғылыми монографиялары қазақ фольклорын зерттеудің тынысын кеңейтіп, жаңа биікке шығарды. «Қазақ фольклористикасының тарихы» атты ұжымдық еңбектің жетекшісі, әрі авторларының бірі ретінде оған Шоқан Уәлиханов атындағы бірінші дәрежелі сыйлық берілді. Әдеби жұртшылық Рахманқұл Бердібайды қазақтың ең көрнекті әдеби сыншыларының бірі деп таниды. Бұған оның мерзімді баспасөзде жарық көрген жүздеген мақалалары мен «Әдебиет және өмір», «Социалистік реализм туралы», «Қазіргі қазақ прозасындағы замандас бейнесі», «Роман және заман», «Дәстүр тағлымы» сияқты кітаптары толық дәлел.
Қазақ халық ауыз әдебиетін зерттеу саласына ғалым 1970 жылдары келді. Бұл тақырыпқа кеш келсе де, фольклордың бүкіл ерекшеліктерін тез меңгерген ғалым халық ауыз әдебиеті шығармаларын жаңа методология тұрғысынан зерттеу үлгілерін ұсынды. Бұл ұсыныс күйінде ғана қалып қойған жоқ, ғалым оны әрі қарай меңгеріп, таныту тұрғысына да көп еңбек сіңіріп үлгерді. Бұрын фольклор дүниелерін әдебиет туындысы үлгісімен талдау көбірек орын алып келсе, Рахманқұл Бердібай ауыз әдебиетінің жазба шығармадан бөлек, дара, ерекше құбылыс екенін таныта зерттеуді бастады. Ол фольклорлық шығармаларды тақырыптық жағынан ғана талдап келген бұрынғы принциптен бас тартып, олардың ішкі ерекшеліктерін, даму сипатын, типологиясын, тарихпен қарым-қатынасын, өзіндік поэтикасын, көне формаларын зерттеуді ұйымдастырды және соған басшылық етті, фольклорды зерттеудің тарихын жазды. Бұл тұрғыда М. О. Әуезов институтында жарық көрген «Қазақ фольклорының типологиясы», «Қазақ фольклорының тарихилығы», «Қазақ фольклорының поэтикасы», «Қазақтың архаикалық фольклоры», «Қазақ фольклористикасының тарихы» атты зерттеулерді атаған дұрыс. Р. Бердібайдың осы жылдарда өз қаламынан туған еңбектерінде қазақ эпосы жанрлық-стадиялық тұрғыдан тексеріліп, адамзат дамуының жалпы заңдылықтарына сәйкес өзара жіктеледі, адамзаттың алғашқы қауымы кезеңінің дүние танымын ашатын мифтік, ертегілік, әпсаналық фабулаларға құрылған жыр, аңыздаулар, мемлекеттік құрылымдар пайда болған дәуірдің қаһармандық эпосы, ғашықтық эпос пен нақты оқиғалар мен қаһармандар тағдырына құрылған жырлар архаикалық (көне), классикалық (қаһармандық), ғашықтық (романдық) және нақты тарихи эпос боп бөлінеді. Эпосты бұлай жіктеу қазір фольклор жіктеушілерінің қолдауына ие болып, жоғары мектептің оқу бағдарламасына кірді.
Р. Бердібай ұзақ жылдар бойы халықтық мұра сапынан шығып қалған қазақ-ноғайлы жырларын қайта зерттеп, қатарға қосуға зор күш жұмсады. Ол ғылыми мақалалары мен баяндамаларында «Едіге батыр», «Орақ-Мамай», «Қарасай-Қази», «Шора батыр», «Ер Сайын» жырларын жариялау мен зерттеуді жүйелі түрде ұсынды.
Ғалым ауыз әдебиетін зерттегенде өзінен бұрынғы зерттеушілер Ш. Уәлиханов пен В. В. Радловтан бастап, бүгіндегі С. Қасқабасов пен Е. Тұрсыновқа дейінгі ондаған фольклоршылар еңбектеріне қысқаша шолулар жасап, мазмұнды түйіндеулер жасайды. Яғни өз зерттеу еңбектерінің тақыр жерде пайда бола салмай, белгілі бір негіз аңғарында дүниеге келгенін көрсетеді. Әрбір фольклортанушы ғалым туралы Р. Бердібай сөзге сараңдық жасамай, өз ойындағысын ашық ортаға салады. Мәселен, Мәлік Ғабдуллин туралы: «Өз басы асқан құрметке бөленген, өмірі мен ерлігі жыр, аңызға айналған Мәлік Ғабдуллин қазақтың ауыз әдебиетінің, соның ішінде эпостың көрнекті маманы еді. Ол бала жастан ауыз әдебиетінің інжу-маржандарын, қайталанбас көркем ескерткіштерін естіп, жаттап өседі. Есейе келе оның фольклор зерттеуге білек сыбанып кірісуінде табиғи заңдылық бар. Ғалым еңбектерінің кітабияты (библиографиясы) оның өзі қалаған бағыт пен тақырыпты әуел бастан дұрыс белгілеп, көздеген мақсатына қарай үздіксіз ілгерілеп отырғанын көрсетеді» дей келіп, оның ғылыми еңбектерін қысқаша талдағаннан кейінгі ой ұшығын «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» оқулығына тірейді. Түйіні де берік. Мұнда ол өзіне дейінгі ғалымдар зерттеулері мен байқауларын кең түрде қорытып, солардың нәрі мен дәнін жинақтай алған, бұл автордың мол білімін, бай тәжірибесін, алғыр ойлылығын танытатын күрделі кесек туынды. «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» республика фольклортану ғылымының белгілі бір кезеңін әйгілейтін ескерткіш есебінде оқушы мен зерттеуші назарын өзіне тарта бермек». /2. 63. /
Көпшілігі көшпенділікпен күн кешкен қазақ халқының материалдық байлығы аз болғаны анық. Оқтын-оқтын шапқыншылыққа ұшырап, талдау-тонауға түскен қалаларының кейбіреулері қирап-бүлініп, жер бетінде үйінділері, ел есінде аттары ғана қалған. Енді біреулері қалт-құлт өмір сүріп, адамзат көшінен көп кейін қалып қойған. Соған орай өнер-білімнің де дамуы өкінішті кенжелеп, ғылыми таланттарының туып, өсіп, төңірегіне танылуына кедергі жасаған. Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин айтқандай «адамды құстай ұшыратын», арба-шананы «көліксіз жүргізіп», қол күшімен істелетін көп жұмысты «от пен судың» мойнына артатын білгір мамандарды балаң халық өз ортасынан даярлап шығара алмаған. Қисапсыз көп алтын мен күміс, темір мен мыс, басқа да толып жатқан асыл тастар кең жердің қойнында, сонылаған малдың аяғының астында қала берген.
Бір жақсысы; балаң да сезімтал, дарынды халық алтын, күмісім аз, асыл тастарым тапшы деп қынжылмаған. Дүниеқоңыз болып азбаған да тозбаған. Адамшылықты, адалдықты, бауырмалдықты жоғары бағалаған да, сол қастерлі қасиеттерін асқақтата жырлаған. Ерлік, елдік жайындағы жырларын, ән-күй, ертегі-аңыздарын, шешендік сөздерін, тереңнен толғайтын ақылды термелерін жадында сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа асыл мұра қалдырған. Суырып салма ақындары шаршы топ алдында сөз маржандарын тізіп, тыңдаушыларын тамсандырған. Өзара айтысқа түсіп, жақсылықты жұртқа жайған. Жаманның жаман қылықтарын тайсалмай бетке басып, ел-жұртын ондайдан жирендіруге қызмет еткен. Рухани байлық жылдан-жылға молыға түскен. Ойын-тойларда, үлкенді-кішілі жиындардың бәрінде жырау, термешілерді тыңдау, ақындар айтыстарын тамашалау, олардан өмірлік, тәрбиелік сабақ алу халқымыздың игі дәстүріне айналған. Бір сөзбен айтқанда, рухани дамуында елеулі роль атқарған.
Көп жылдар бойы шұқшия зерттеп, талдап, түйіндеп жазу нәтижесінде Р. Бердібайдың қазақ ауыз әдебиеті мәселелеріне арналған зерттеулер мен мақалаларының жаңа жинағы - «Сарқылмас қазына» 1983 жылы жарық көрді. Кітаптың бірінші бөлімінің бірінші тарауында ғалым қазақ халқына сүйікті жыршылық өнеріне, оның тарихына тоқталып, дәстүрдің қалыптасып, даму процестерін кеңінен толғап, тартымды баяндаған. Ал, екінші тарау ақындық айтыстың табиғатын аша отырып, оның замана ағымындағы жақсылыққа жаршылық, кем-кетікке сыншылық, шын мағынасындағы тәрбиешілік ролін көрсетуге арналған. Жинақтың екінші бөлімінде ауыз әдебиеті жанрларының сыры, дамуы, түр мен мазмұн бірлестігі, қазіргі көркем мәдениеттегі орны жайында салмақты ойлар қорытылған. «Жыршылық дәстүр» зерттеуінде ол жыршылық еңбектің төрт түрін саралаған. «Біріншіден, жыр нұсқаларын көп өзгеріске түсірмей, дәстүрлі поэтикалық көркемдеу құралдарын сақтай отырып айтушылық… Екіншіден, жыршылардың репертуарындағы айырмашылық мәселелесі. Әрбір, өлке, өңірдің бұрынан келе жатқан эпикалық дәстүріне қарай, айтушылардың жыр құрамы да өзгеленіп келеді… Үшіншіден, жыршылардың орындаушылық шеберлігінің түрліше болушылығы… Төртіншіден, эпос дастандарды алғашқы түп негізінен күрделі өзгеріске түсіріп айтушылық дәстүрі». / 3. 3-9. / Осы бөлімнің ақындық айтысқа арналған тарауында халық поэзиясының сол бір жауынгер жанрын бұдан әрі дамытуға ақындарды ынталандыру үшін қажетті шарттың бірі есебінде мынадай бір ұтымды ұсыныс жасайды: «Нақтылы өлең жарысында озып шыққан жүйріктерге лауреаттық атақ белгілеу, түрлі дәрежеде сыйлықтар беру айтыс ақындарын жаңа серпіліске түсірмек. Төкпе ақындықтың теңдесі жоқ ұстасы болған Жамбыл Жабаев атындағы сыйлықтың лауреаты деген атақты айтыс жеңімпаздары зор мәртебе көріп, алып жүрер еді». / 3. 113. /
Профессионал әдебиет тақырда пайда болған жоқ, фольклор атты құнарлы топырақтан өсіп шықты. Оның мәуелі бұтақтары жер бетіне көрік беріп, тәтті де нәрлі жемістерін адам қоғам игілігіне жаратуда. Р. Бердібай кітабы екінші бөлімнің «Сарқылмас байлық» аталатын соңғы тарауында осы мәселеге баса назар аударылған. Фольклор жасаған көркемдік бейнелер мәңгілік. Олар ұдайы ауысып, жаңарып отыратын қоғамдық формациялар талабына сай әр қырынан қайта көрініп, келер ұрпақтар мүддесіне талап ете береді. Фольклорлық бейнелер, талантты жазушының құдіретті қаламына іліксе, ол ертегілердегіден гөрі күшейе сомдалып шығады, және олар көркемсөз шеберлерінің шығармаларынан лайықты орын алып жүр. Осы жайға толығырақ тоқтала келіп, ғалым былай дейді:
«Ғасырдан да ұзақ күн» романында Ш. Айтматов халық арасында айтылып келген тағы да бір аңызды өте ұтымды түрде пайдаланып, зор көркемдік жинақтау жасады. Романдағы Мәңгүрт бейнесі жан шошырлық, себебі мен салдары қорқынышты. Мағынасы терең, ескертерлігі елеулі бейне дәрежесіне көтерілген. Бір заманда мейірімсіз отаршылар қолға түскен тұрғындардың басын терімен қаптап, ақыл-есінен тандырып, тірі мақұлыққа айналдырғаны, ондай жандар қайдан келгенін, кімнен туғанын білмейтін мәңгүртке айналатыны туралы аңыз мына шығармада тарихтың бір қасіретті сабағы ретінде еске түсірілген. Мәңгүрт тағдырының сұмдық тәжірибесін айта отырып, суреткер тарихты, елдің өткенін білмеу дүниедегі ең үлкен сорлылық екенін мысал еткісі келген. /2. 64. / Қазақтық совет зиялыларының ғасырлар бойы жиналып, қорланған рухани қазынамызды жалықпай насихаттап, оның таңдаулы шығармаларын пайдалану жөнінде жүргізген зор жұмыстары өзінің оң нәтижелерін беріп келеді.
Ғалымның сан-салалы ғылыми жұмыстарының ішінде ең көзге көбірек түсетіні - фольклортанушылығы.
Берісі қазақ фольклорының, әрісі әлемдік фольклордың тереңіне бойлауға жол көрсететін оның еңбектері авторына деген қызығушылықты тудырмай қоймайды. Фольклортанушылық - оның ғылым есігін ашқаннан-ақ жалына жармасқан саласы емес екенін де танымның сатылай жолы арқылы білдік. Ол ұстаздық қызметтен әдеби сынға, әдеби сыннан әдебиет тарихына, одан кейін барып фольклортанушылыққа келген екен. Келгенде де көне сүрлеумен емес, соны соқпақпен келіп, бұл салаға соқталы олжа салған.
Р. Бердібайдың 1982 жылы «Ғылым» баспасынан жарық көрген «Қазақ эпосы» атты монографиясы қазақ фольклортануына үлкен жаңалық әкелді. Осыған дейін «эпос» термині қаһармандық жырларды ғана атауға қолданылып келсе, ғалым бұл сөзді әдеби тек мағынасында жұмсалатын әлемдік әдебиеттану мен фольклортанудағы мәніне жақындатты. Ол көне ертегілік, қаһармандық, ғашықтық, тарихи жырлардың барлығын осы «эпос» ұғымының аясында, біртұтас дүние ретінде қарастырған. Ғалым қоғамдық сана мен формациялардың өзгеруіне орай фольклорлық жанрлардың бірінен екіншісіне бөлініп шығатынын, жаңа ескісін толық жоққа шығармай, онымен қатар өмір сүре беретінін, соның нәтижесінде синхрондық тұрғыдан (статикалық қалыпта) қарағанда өз алдына дербес тұрған жанрларға диахрондық (эволюциялық кезең аясында) жағынан үңілсек, олардың бір түбірден тараған бұтақтар сияқты құбылыс екенін ғылыми жолмен дәлелдеп берді. Ғылыми тілмен нақтылап айтар болсақ, қазақ эпосының туыстас түркі-моңғол халықтарының эпикалық мұраларымен ортақ типологиялық белгілері, эпикалық жинақтау негізінде пайда болған көп қабатты ерекшеліктері мысалында олардың жанрлық түрлерінің кезеңдік құрылыс екендігі дәлелденген. Бір таңданарлығы - әдетте ғалымдар мұндай тың жаңалыққа толы монографиялық еңбегін докторлық диссертациясы негізінде жариялайтын.
Ал Р. Бердібай 20 жыл бұрын «Қазақ романдарының негізгі теориялық мәселелері» деген тақыпта докторлық диссертация қорғап болған соң, мұндай еңбек жазып жариялауын «фидайилық» / 4. 106. / деген орынды.
«Қазақ эпосы» 80 жылдары белең алған қазақ фольклор-тануындағы тың үрдістің бастамасы болды десек қателеспейміз. Ол үрдіс фольклорлық туындының жазба әдебиет шеңберіне сыймайтын өзгешеліктерін есепке алған зерттеу әдістемесіне негізделген еді. Осыған дейін фольклорды әдебиеттің бір саласы ретінде қарастырып келген қазақ фольклортанымындағы дәстүр әлі де жалғасын тауып келеді. Бірақ қазіргі кезде Н. Смирнова сияқты ғалымның шәкірттері жалғастырған орыс, еуропа фольклортануындағы озық әдістемені басшылыққа алған зерттеулердің басымдық танытып отырғаны ақиқат.
Р. Бердібайдың фольклортанушылық еңбегі эпос жанрымен шектелген жоқ. Оның жалпы фольклор туындыларының басты ерекшеліктері, атап айтсақ, көпқабаттылығы, көпнұсқалылығы, көп қырлылығы (синкреттілігі), халық тұрмысымен байланыстылығы, дәстүрлілігі, образ жасау жолдары жөніндегі мақалаларының ғылыми ғана емес, публицистикалық мәні де зор. Көпшілік қауым бұл мақалалардан «фольклор - әдебиеттің кәрі әжесі» деген сияқты біржақты көзқарастар жетегінде кетпейтіндей тағылым алады. Жоғарғы оқу орындарының филология факультеттерінде «Халық ауыз әдебиеті» пәнін бүгінгі фольклортану жетістіктері деңгейінде оқытуға мүмкіндік беретін оқулық қат болып тұрған қазіргі кезде бұл жоқтың орнын толтырған да ғалымның «Ғасырлар толғауы» (1977), «Сарқылмас қазына» (1983), «Кәусар бұлақ» (1989), «Эпос - ел қазынасы» (1995), «Эпос мұраты» (1997), «Ел боламыз десек» (2000) сияқты ғылыми еңбектері фольклор туындыларының осындай көп қырлы сипаттарын ашып көрсететін сенімді құрал десек, артық айтқандық болмас еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz