Вирустар, түрлері және организмге орналасуы



I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1Вирустардың организмге енуі, таралуы, орналасуы
2.2 Инфекция түрлері және оларға сипаттама
2.3 Иммунитеттің механизмдері. Иммунитеттің гуморальдық, жасушалық, жалпы физиологиялық факторлары (температура, гормондар, ингибиторлар, интерферондар)
III.Қорытынды бөлім
IV.Қолданылған әдебиеттер тізімі
Вирус (лат. vīrus - «у») – тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан – кабсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген.
Дүниежүзілік микробиология тарихында орыс ғалымы Д. И. Ивановскийдің алатын орны ерекше. Ол XІX ғасырдың соңында темекі теңбілі ауруын зерттеп, ол аурудың қоздырғыштары бактериялардан да ұсақ тіршілік иесі екенін тапқан. Д. И. Ивановский ауруға шалдыққан жапырақты жуып, ол жуындыны бактерияларды сүзетін сүзгіден өткізгенде одан өтіп кеткен. Осы сұйықтықты темекіге жұқтырғанда, оның жапырағы қайтадан сарғайып, ауруға ұшыраған. Зақымданған темекі жапырағын үлкейткіш құралдармен тексергенде кристалдар байқалған. Кейіннен 1935 жылы америкалық ғалым У. Стенли бұл кристалдардың темекі теңбілі вирустарының шоғырланған жиынтығы екенін тапты. XІX ғасырдың соңында Д. И. Ивановский ашқан өте ұсақ тіршілік иесінің вирустар екендігі дәлелденді.
Вирустардың пішіні әр түрлі (мысалы, таяқша, иілгіш жіпше тәрізді, сфералық, көп қырлы, тағыда басқа). Вирустың клеткадан тыс (вириондар) және клетка ішінде тіршілік ететін топтары бар. Барлық вирустар шартты түрде жай және күрделі болып бөлінеді.
Жай вирустар – нуклеин қышқылдары мен белокты қабықтан (капсид) тұрады; бұларға таяқша, жіп және сфералық формалары жатады. Күрделі вирустар – нуклеин қышқылы мен капсидтен басқа, липопротеидті мембрана, көмірсу және ферменттерден тұрады. Вириондардың мөлшері 15 – 350 нм (кейбір жіптәрізді вирустардың ұзындығы 2000 нм-ге жетеді); негізінен вирустарды тек электрондық микроскоп арқылы көруге болады. Вирус тек бір типті нуклеин қышқылынан (ДНҚ немесе РНҚ) тұрады. ДНҚ-да вирустардың молекулалық саны 106 – 206, ал РНҚ-дағы вирустардікі – 106 – 15-106 болады. Вирустардың көптеген жылдар бойы тіршілік ортасында әрекетсіз жата беру қабілеті бар.
1. Жалпы вирусология. Ш. Мырзабекова. // Алматы. – 1994. – 176 бет.
2. Жалпы және жеке вирусология. А.Ә.Стамқұлова, К.Құдайбергенұлы, Б.А.Рамазанова.// Алматы. – 2010. – 380 б.
3. Булашев А Иммунология, Астана,2002

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СРО
Тақырыбы :
1. Вирустардың организмге енуі, таралуы, орналасуы
2.Инфекция түрлері және оларға сипаттама
3.Иммунитеттің механизмдері. Иммунитеттің гуморальдық, жасушалық, жалпы физиологиялық факторлары (температура, гормондар, ингибиторлар, интерферондар)

Орындаған: Ақпанова Зарина
Тобы: ВМ-305
Тексерген: Омарбеков Е.О.

Семей 2015
Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1 Вирустардың организмге енуі, таралуы, орналасуы
2.2 Инфекция түрлері және оларға сипаттама
2.3 Иммунитеттің механизмдері. Иммунитеттің гуморальдық, жасушалық, жалпы физиологиялық факторлары (температура, гормондар, ингибиторлар, интерферондар)
III.Қорытынды бөлім
IV.Қолданылған әдебиеттер тізімі

ВИРУСТАРДЫҢ ОРГАНИЗМГЕ ЕНУІ, ТАРАЛУЫ, ОРНАЛАСУЫ
Вирус (лат. vīrus - у) - тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан - кабсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген.
Дүниежүзілік микробиология тарихында орыс ғалымы Д. И. Ивановскийдің алатын орны ерекше. Ол XІX ғасырдың соңында темекі теңбілі ауруын зерттеп, ол аурудың қоздырғыштары бактериялардан да ұсақ тіршілік иесі екенін тапқан. Д. И. Ивановский ауруға шалдыққан жапырақты жуып, ол жуындыны бактерияларды сүзетін сүзгіден өткізгенде одан өтіп кеткен. Осы сұйықтықты темекіге жұқтырғанда, оның жапырағы қайтадан сарғайып, ауруға ұшыраған. Зақымданған темекі жапырағын үлкейткіш құралдармен тексергенде кристалдар байқалған. Кейіннен 1935 жылы америкалық ғалым У. Стенли бұл кристалдардың темекі теңбілі вирустарының шоғырланған жиынтығы екенін тапты. XІX ғасырдың соңында Д. И. Ивановский ашқан өте ұсақ тіршілік иесінің вирустар екендігі дәлелденді.
Вирустардың пішіні әр түрлі (мысалы, таяқша, иілгіш жіпше тәрізді, сфералық, көп қырлы, тағыда басқа). Вирустың клеткадан тыс (вириондар) және клетка ішінде тіршілік ететін топтары бар. Барлық вирустар шартты түрде жай және күрделі болып бөлінеді.
Жай вирустар - нуклеин қышқылдары мен белокты қабықтан (капсид) тұрады; бұларға таяқша, жіп және сфералық формалары жатады. Күрделі вирустар - нуклеин қышқылы мен капсидтен басқа, липопротеидті мембрана, көмірсу және ферменттерден тұрады. Вириондардың мөлшері 15 - 350 нм (кейбір жіптәрізді вирустардың ұзындығы 2000 нм-ге жетеді); негізінен вирустарды тек электрондық микроскоп арқылы көруге болады. Вирус тек бір типті нуклеин қышқылынан (ДНҚ немесе РНҚ) тұрады. ДНҚ-да вирустардың молекулалық саны 106 - 206, ал РНҚ-дағы вирустардікі - 106 - 15-106 болады. Вирустардың көптеген жылдар бойы тіршілік ортасында әрекетсіз жата беру қабілеті бар.
Олар дамуына қолайлы жағдай туғанда бірнеше минуттың ішінде көбейіп, өзіне тән қасиеттерін көрсете алады. Адам мен жануарларда жиі кездесетін вирусты көпшілігі 60С-та қыздырғанда тіршілігін немесе ауру қоздырғыштық қасиеттерін жояды. Ал темекі теңбілінің вирусы 10 минут бойы 90С-қа дейін, сары ауру вирусы отыз минут бойы 80С-қа дейін қыздырғанда ғана тіршілігін жояды. Вирус ультракүлгін сәулелер мен химиялық заттарға (қышқыл, сілті) төзімді келеді. Тотықтырғыш заттар вирустың белсенділігін жояды, ал барлық тотықсыздандырғыш заттар олардың тіршілігіне қолайлы келеді. Мысалы, полиомиелит вирусы фенолдың 0,5%, күкірт қышқылы аммонийдың 50%-дық ерітіндісінде сақтала береді. Ал тотықтырғыштарда, мысалы, сутек асқын тотығы немесе марганецқышқыл калий (1%) ерітіндісінде олар тіршілігін тез жояды.
Вирустардың генетикалық ақпаратының ерекшелігі. Құрамында РНҚ және ДНҚ бар вирустар.
Вирустар - клеткасыз организмдер. Олар негiзiн құрайтын ДНҚ немесе РНҚ және оны қоршап тұрған белокты капсидтен тұрады. Вирустар бактериялардан миллион есе кiшi және оны 40000 есе үлкейтетiн электрондық микроскоп арқылы көруге болады. Вирусты сыртынан нәруыз қабаты қаптайды, ішінде ДНҚ немесе РНҚ болады. Басының мөлшері 40 нм, ал құйрығының ұзындығы 20-22 нм-ге тең. Құйрығының ұшы - нәруыз молекуласынан тұратын қуыс түтік.
Вирустардың репродукциялану (лат. reproduce - өзіне ұқсасты өндіру ) циклы келесі сатыдан тұрады:
жасушаға жабысу
жасушаға ену
шешіну
вирустық ДНҚ немесе РНҚ -ның репликациялануы
вирустық геномның транскрипциялануы вирустық ақпараттың РНҚ-ның транслокациялануы вирустық бөлшектердің (вириондардың )бастырылуы вирустың жасушадан шығуы
Адсорбция (жасушаға жабысу) - ол жасушаның вирионмен инфицирленуінің бірінші сатысы, вирион жасушалық беткейлерге жабысады,әрбір вирус жасушаларының бәріне ие,кейбіреулеріне ғана адсорбциялану қабілеттілігі болатыны белгілі.Ол кейбір вирустардың ақуызында "вирустық рецепторлар" деп аталатын тиісті аминқышқылдық реттіліктердің болуымен байланысты. Вирустық рецепторлар "тіркеуші "деп аталатын ақуыздардың құрамында болады, жасушалық рецепторларды танып алу және олармен өзара әрекеттесу қызметін атқарады,капсидтік беткейлік ақуыздарының қатысуымен орындалады.
Вирустың жасушаға енуі вирус жабысуынан кейін келесі жағдайлардың нәтижесінде бірден басталады:ЦПМ арқылы вирустың жасуша ішіне қарай ығысуы, вирустық бөлшектің эндоцитозы, нәтижесінде олар цитоплазмалық вакуольдерде жинақталады, цитоплазмалық мембрананың вирус қабықшасымен бірігуі.
Қосылып - бірігу процесіне қатысатын гликопротеиндердің бәріне ортақ қасиеттері бар:
Олар вирион беткейінде шамамен 100-150 нм көтеріңкі орналасады;
Олигомерлер түзеді және олардың пайда болуы вириондардың жасуша ішінде тасымалдануына елеулі әсер етеді;
Құрылымында біріктіруші пептид болады; Қабықшалы вирустардың шешінуі екі кезеңмен жүреді- жасушалық мембранамен қосылған беткейлік ақуыздардың жойылуы және мембраналық ақуыздармен байланысқан ДНҚ немесе РНҚ-ның босансып шығуы.
Қабықшасыз вирустардың шешінуі бірнеше кезеңдерден тұрады.Бұл процестердің механизмі толық зерттелмеген.
Вирустық нуклеин қышқылдарының репликациялануы.Жаңа жасушалық бөлшектер - ол жұқтырылатын жасушада болмайтын вирустық нуклеин қышқылдарының және вирустық ақуыздардың барлық молекулалардың жиынтығы.
ДНҚ-лы вирустар генетикалық ақпаратты жасушалық геном тәріздес іске асырылады:вирустың геномдық ДНҚ-лы аРНҚ транскрипциялануы вирус ақуызының трансляциялануы.
Оң жіпшелі РНҚ-лы вирустарда (пикорнавирус, флавивирус, тогавирустар) РНҚ-ның қызметін атқаратын геномдары болады.Ол рибосомалармен танылып,трансляцияланады.
Теріс біржіпшелі және екіжіпшелі РНҚ-лы вирустардың геномы (ортомиксовирустарда, парамиксовирустарда, рабдовирустарда) екіжіпшелі (реовирустарда) вирустың нуклеин қышқылымен байланысқан РНҚ-полимеразаның қатысуымен аРНҚ транскибирленетін матрица қызметін атқарады.
Жарылу жолы: жойылушы жасушадан бір уақытта көп мөлшерде вириондардың шығуы,жасушадан жарылу жолымен липопротеинді қабықшасы жоқ ,жай құрастырылған вирустар шығады.
Көптеген зерттеушiлер, вирустарды тiрi организмдер емес, олар тек күрделi құрылысты химиялық заттар деп есептейдi. Бiрақ вирустың ДНҚ молекулалары өзiн-өзi өндiре алады, бұл қасиет ДНҚ тән, сондықтан вирустық РНҚ генетикалық информацияның көзi және РНҚ өзi бола алады. Зақымданған клеткада вирустың нуклеин қышқылдарының бағдарламасы бойынша, иесiнiң рибосомаларында спецификалық вирусты ақуыздар синтезделедi және нуклеин қышқылдарынан жаңа вирустың бөлiмдерi түзiледi.
Осы топтың барлық түрi сияқты қызылша вирусы өзiн-өзi өмiрлiк қажеттiлiкпен қамтамасыз ете алмайды. Ол тiрi организмнiң клеткаларын бағындырып, көптеген вирусты бөлiмдерiн тудырады. Бiрнеше уақыт өткеннен кейiн вирустық клетка өледi де, вирустар басқа жаңа клеткаларды зақымдайды.

ИНФЕКЦИЯ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРҒА СИПАТТАМА
Инфекция - латын тілінен аударғанда жұқтыру деген ұғым береді. Инфекция дегеніміз эволюциялық процесс барысында биологиялық құбылыс ретінде қалыптасқан макро- және микроорганизмдер арасында өзара қарым-қатынасты анықтайтын күрделі процесс.
Инфекциялық процесс патогенді микробтар (ауру тудыратын) әсерінен макроорганизмде туатын күллі процестер мен физиологиялык және патологиялық реакциялардың жинағын сипаттайды. Ол тізбекті түрде дамиды және организмде болатын биохимиялық, цитохимиялық, морфологиялық өзгерістер-дің күрделі жинақ-түйіндерінен құралады. Инфекциялық процестің өзіне тән сипаттамасы болады.
Инфекциялық немесе жұқпалы ауру инфекциялык процестің клиникалық көрінісі ретінде қаралады және бірқатар клиникалық симптомдармен (белгілермен) сипатталады. Бұл аурудың өзіне тән клиникалық белгілері болады.
Инфекцияны екі топқа бөледі:
а) Манифестті инфекция типті, атипті, созылмалы т.б. түрінде өтетін
инфекциялық ауру;
б) Симптомсыз инфекция -- тасылдаушылық, латентті, абортивті, ұйқылы
Инфекцияның негізгі көздері.
Инфекция негізгі үш көзі бар: адам (науқас, реконвалесцент, бактерия тасымалдаушы), жануарлар және сыртқы орта объектілері. Науқас адам немесе жануар сыртқа шығарған продуктілермен бірге шыққан кей патогенді бактерияларына сыртқы орта объектілері олардың тіршілік етуіне табиғи орталар болып келеді. Осыған байланысты жұқпалы аурулар бөлінеді: антропонозды (адам ғана ауырады, мысалы, іш сүзегі, дизентерия, тырысқақ т.б.); зоонозды (жануарлар ауыратын ауру, мысалы, ірі қара малдың обасы, шошқа обасы, т.б.); зооантропонозды (жануарлар ауырады, ал олардан адамдарға жұғады). Зооантропонозды аурулардың 100 түрі анықталған (оба, туляремия, бруцеллез, лептоспироз т.б.), кей түрлерінің -- табиғаттық ошақтары сақталып тұрады. Себебі, ауру қоздырғьшы қансорғыш бунақ аяқтылармен тасымалданып отырады, олар организмінде қоздырғыш ұзақ уақыт сақталуы мүмкін, кей кезде өмір бойы және ұрыққа трансовариалды жолмен беріледі. Осындай табиғи ошақтар, мысалы, кей риккетсиоздар, туляремия, вирустық энцефалиттер т.б. аурулар иксодов, гамазов, қызыл бұзау кенелермен және басқа қансорғыш бунақ аяқтылармен берілетіндер көп елдерде кездеседі. Олардың ұзак уақыт сақталуы қосымша екінші резервуары болуында, ал басқалары бірге өмір сүру кезінде сақталып отырады. Сондықтан, табиғи ошақта қоздырғыштың тұрақты айналымы сақталуы: науқас жануар--қансорғыш бунақ аяқтылар (немесе сыртқы ортаның түрлі факторлары) -- сау жануарлар, көптеген аурулардың табиғи резервуары. Адам осы айналымға тіркелуі, қан сорғыштар шағуы кезінде жұғуы мүмкін немесе науқас жануарға тура және тура емес жолдармен байланысқанда. Осындай табиғи эндемиялық ошақтарға басқа жақтан көшіп келген адамдарға қауіп төнуі мүмкін, себебі бұрыннан тұратындар ертеде ауырып осы ауруларға тұрақты иммуиитет қалыптастырған.
Инфекциялык процестің негізгі факторлар қасиетгері бойынша (яғни коздырғыш пен макроорганизм) инфекцияның негізгі формалары аныкталған:
1. Абортивті форма. Қоздырғыш организмге енеді, бірақ онда ол көбеймейді (организмнің табиғи төзімділігі мұқтаж болғандықтан немесе қоздырғышты тежейтіп пайда болған спепификалы иммунист нәтижесінен). Сондыктан инфекциялық процесс дамымайды, ал коздырғыш ерте немесе кеш уакытта өледі немесе организмнен шығады.
2. Латентті (инаппарантты) форма. Қоздырғыш организмге енеді, онда ол көбейеді, оның салдарына макроорганизм иммунобиологиялык реакция түрінде жауап қаитарып, иммунитет пайда болады және қоздыргыш организмнен шығады. Бірақ организмде инфекциянын клиникалық көріністері байқалмайды, олар корінбей өтеді (латентті). Адамдар жиі латентті түрде полиомиелит, бруцеллез, вирустық гепатиттің кей түрлері және басқа аурулары өтеді.
3. Ұйқылы инфекция. Латентті инфекциядан соң немесе аурудан сауыққан соң қоздырғыш организмде симптомсыз түрінде ұзақ уақыт сақталуы мүмкін. Мысалы, өкпе туберкулезі кезінде. Егер организмнің төзімділігі төмендесе, онда сақталып қалган қоздырғыш активтеніп көбейеді, нәтижесінде ауру немесе рецидиві (қайта қозуы) байқалады. Сондықтан, патогемді микроорганизмдер организмде ұйқылы жағдайда болуы мүмкін. Осындай ұйқылы жағдайда. бірақ патогенді қасиеттері сақталган микроорганизмдер сыртқы ортадан түседі. Егер осы микробтар жергілікті ошақта сақталып қалса және сол жерде ауру тудыратын болса фокальді иифекция термині колданады (мысалы, кариесті тісте тоқтап қалған қабыну процесі, осы жерде - қоздырғыш ұйқылы түрде оған қолайлы жағдай туғанша сақталып қалады).
4. Нақты қоздырғышқа типті инфекция формасы. Қоздырғыш организмге енеді, сол жерде белсенді көбейіп, аурудың клиникалық көріністерін тудырады және циклды түрде отеді.
5. Латентті форма. Қоздырғыш организмге енеді, онда ол белсенді көбейеді, организм оған иммунобиологиялық реакция түрінде жауап береді, нәтижесінде активті иммунитет қалыптасады. Бірақ аурудың клиникалық көріністері айқын көрінбейді, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вирустардың органимге енуі, таралуы, орналасуы. Инфекция түрлері және оларға сипаттама
Инфекция түрлері және оларға сипаттама
Вирустардың организмге енуі, таралуы, орналасуы. Инфекция түрлері және оларға сипаттама. Иммунитеттің механизмдері. Иммунитеттің гуморальдық, клеткалық, жалпы физиологиялық фактролары туралы ақпарат
Иммунитеттің механизмдері. Иммунитеттің гуморальдық, клеткалық, жалпы физиологиялық фактролары
Вирустардың организмге енуі, таралуы, орналасуы туралы ақпарат
Вирусқа қарсы иммунитет
Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы.Инфеция түрлері және оларға сипаттама. Иммунитеттің механизмдері
Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы жайлы
Вирустың организмге енуі,таралуы,орналасуы жайлы мәлімет
Вирустардың организмге таралуы, енуі, орналасуы.Инфекцияның түрлері және оларға сипаттама. Иммунитеттің механизмдері
Пәндер