Астық кептірудің қазіргі технологиясы



1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
а)Астықты кептірудің қазіргі технологиясы
б)Жоғарғы жиіліктегі электромагнит өрісінде кептіру
в)Астық пен тұқымды астық кептіргіштерде кептіру
г)Рециркулярлық астық кептіргіштер.
3.Қорытынды
4.Қолданылған әдебиеттер
Ауылшаруашылық өндірісінің ең негізгі өнімі дәнді-дақыл болып табылады. Дәннен өңделген өнімдерге ұн, жарма, макарон өнімдері жіне ұннан пісірілген тағамдар жатады. Олар адам өмірінде рационында өте маңызды орын алады.
Қазіргі заманғы аграрлық ғылым бірінші кезекте жаңа жиналған астықты қауіпсіз сақтауды қамтамасыз ету және әлемдік нарықта оның бәсекеге қабілеттігін көтеру мәселерлін қарастырады.
Бүгінгі күнге өнімді сапалы жинау нәтижесінде оны ұзақ сақтау мәселесі туындайтыны бәріне мәлім. Көптеген жағдайларда шаруа қожалықтарында дәнді дақылдарды қоймаға орналастыру мен сақтауға арналған үй-жайлардың жеткілікті саны жоқ. Сондықтан фермерлер астықты ұзақ уақыт сақтау үшін бейімделмеген қырмандарды және ашық алаңшаларды пайдалануға мәжбүр. Бұл өз кезегінде астықтың сапасына әсерін тигізеді және шаруа қожалықтарының экономикалық залал шегуіне алып келеді. Астықтың құны өнімді жинау кезінде неғұрлым төмендейді, ал жүкті тасымалдау бағасы керісінше көтеріледі, осыған байланысты астықты элеваторларға шығару мақсатқа сай емес.
Бұған қоса элеваторларда астықты кептіру, тазалау және сақтау қымбат тұрады. Бұл ретте көптеген астық кептіргіш жабдықтары қазіргі таңда табиғи және нақты тозды, олардың төмен тиімділігі автокөліктердің бірнеше сағат бойы тұруына әкеледі.
Дымқыл астықты ысырапсыз және залалсыз сақтау қажеттілігі астықты сақтаудың жаңа тәсілдері мен технологияларын іздестіруге түрткі болып отыр. Осындай технологияның үлгісі астықты сақтаудың ауа кірмейтін тәсілі болып отыр. Аталған тәсіл дымқыл астықты астық кептіргіштерді қолданбастан сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды.
1. О. Нәлеев–Астықсақтаутехнологиясы (оқулық) Алматы, 1993ж
2. Ізтаев Ә., Отыншиев Б. – «Астықтану және диханшылық негіздері» (оқу құралы) Алматы: «Қайнар», 1994ж.
3. Мұсынов Қ.М.,Мұқатова Ш.Қ., Ысқақов М.Ә. – «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу технологиясы». Астана, 2004ж.
4. Щепетков Н.Г., Ысқақов М.Ә., Әрінов Қ.К., КариповР.Х. - «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау, қайта өңдеу және стандарттау технологиясы». Астана, 2001ж.
5. Пунков С.О., Стародубцева А.И. – «Хранение зерна, элеваторно складское хозяйство, зерносушение». 1990 г

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Тамақ өнімдерінің және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясыкафедрасы

БАӨЖ №5
Тақырыбы: Астық кептірудің қазіргі технологиясы

Дайындаған: Акылбекова А ТП-415
Тексерген:Нургазезова А.Н

Семей қаласы , 2015жыл
Астық кептірудің қазіргі технологиясы
Мазмұны:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
а)Астықты кептірудің қазіргі технологиясы
б)Жоғарғы жиіліктегі электромагнит өрісінде кептіру
в)Астық пен тұқымды астық кептіргіштерде кептіру
г)Рециркулярлық астық кептіргіштер.
3.Қорытынды
4.Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Ауылшаруашылық өндірісінің ең негізгі өнімі дәнді-дақыл болып табылады. Дәннен өңделген өнімдерге ұн, жарма, макарон өнімдері жіне ұннан пісірілген тағамдар жатады. Олар адам өмірінде рационында өте маңызды орын алады.
Қазіргі заманғы аграрлық ғылым бірінші кезекте жаңа жиналған астықты қауіпсіз сақтауды қамтамасыз ету және әлемдік нарықта оның бәсекеге қабілеттігін көтеру мәселерлін қарастырады.
Бүгінгі күнге өнімді сапалы жинау нәтижесінде оны ұзақ сақтау мәселесі туындайтыны бәріне мәлім. Көптеген жағдайларда шаруа қожалықтарында дәнді дақылдарды қоймаға орналастыру мен сақтауға арналған үй-жайлардың жеткілікті саны жоқ. Сондықтан фермерлер астықты ұзақ уақыт сақтау үшін бейімделмеген қырмандарды және ашық алаңшаларды пайдалануға мәжбүр. Бұл өз кезегінде астықтың сапасына әсерін тигізеді және шаруа қожалықтарының экономикалық залал шегуіне алып келеді. Астықтың құны өнімді жинау кезінде неғұрлым төмендейді, ал жүкті тасымалдау бағасы керісінше көтеріледі, осыған байланысты астықты элеваторларға шығару мақсатқа сай емес.
Бұған қоса элеваторларда астықты кептіру, тазалау және сақтау қымбат тұрады. Бұл ретте көптеген астық кептіргіш жабдықтары қазіргі таңда табиғи және нақты тозды, олардың төмен тиімділігі автокөліктердің бірнеше сағат бойы тұруына әкеледі.
Дымқыл астықты ысырапсыз және залалсыз сақтау қажеттілігі астықты сақтаудың жаңа тәсілдері мен технологияларын іздестіруге түрткі болып отыр. Осындай технологияның үлгісі астықты сақтаудың ауа кірмейтін тәсілі болып отыр. Аталған тәсіл дымқыл астықты астық кептіргіштерді қолданбастан сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды.
Астықты бунттарда сақтау үшін синтетикалық полимерлік жамылғыларды пайдалану өнімнің сақталуын қамтамасыз ететін тағы бір тәсіл болып табылады. АҚШ, Англия, Германия және Индия сияқты елдер осы технологияны белсенді пайдаланушылар болып отыр.
Мысалы, АҚШ-та құрғақ астықты сақтау үшін арнайы препараттармен өңделген, капронмен бекемделген жамылдығыларды қолданады. Олар кеміргіштерді үркітеді, сонымен қатар зиянды жәндіктерді жояды. Кейінірек осы елде астық қоймалары ретінде винил қаптары да пайдаланылатын болды.
Астықтың сапасын жақсарту үшін қажетті өңдеуден, яғни келесі аталғандардан (кептіру, тазарту, салқындату, т.б.) өткізеді.

Астық кептірудің қазіргі технологиясы
Іс жузінде астық кептірудің бірнеше жолдары, тәсілдері қолданылады. Олар дәнге жылу жеткізу, беру әдісіне, приципіне негізделген.
Қазіргі қондырғыларды көп тараған әдіс дәнге жылуды дән аралық кеңістік арқылы жылжытып өтіп жататын кептіту агенті мен конвекция жолымен беру, бұл тәсіл конвективтік деп аталады.
Дәнге жылу қыздырылған заттармен тікелей тиістірілгенде олардың жылуөткізгіштік қасиетін пайдалану негізінде, кондукция жолымен беріледі.Мұндай тәсіл кондуктивтік деп аталады.
Бұлардан басқа әр түрлі тәжірибе жүзінде қолданылып жүрген күн,инфрақызыл сәулелерінің жылуын пайдалануға негізделген рацияциалық делінетін тәсілдер бар.Жиілігі жоғары және өте жоғары электр тоғын қолдану тәжірибесі де кездеседі.
Дәнді әртүрлі ылғалсіңіргіштік қабілеті жоғары химиялық және де басқа сорбент заттармен араластырып та кептіруге болады; соңғы жылдары вакуум қондырғыларын пайдалану тәжірибесі зерттелуде.Соңғы тәсілдердің артықшылығы дәнді аса жоғары қыздырмай ақткептіруге болатындығында.
Астық қабылдау,өңдеу кәсіпорындарындағы көп тараған жоғары өнімді кептіргіш қондырғылары негізінен конвективтік кептіру тәсілінің әртүрлі әдістеріне негізделген.Бұлардың басым көпшілігінде ауа мен жанған отын өнімдері, газдардың қоспасы кептіру агенті ретінде пайдаланылады.
Дәннің сапасын кептіру барысында сақтауды қамтамасыз етудің кепілі кептіру тәртібін бұлжытпай орындау.Кептіру тәртібі дегеніміз дәннің тегіне,түріне, затына және оны пайдалану мақсатына қарап кептіру процесінің басты басты көрсеткіштерін тиімді таңдау, оптимальды мөлшерлеу.Аталған көрсеткіштерге кептіру агентінің температурасын, ылғалдығын, жылдамдығын, дәннің бастапқы ылғалдығы, оны кептіру ұзақтығын және т.б. жатқызуға болады.
Кептіру агентінің температурасы роцестің ең негізгі көрсеткіштерінің бірі.Кептіру агентінің температурасы жоғары әрі салыстырмалы ылғалдығы төмен болса оның кептіру қабілеті артып, процестің тездетілуін қамтамасыз етеді.Бірақ, температура мөлшері дәннің сапасын сақтау талабымен шектеледі.Әрбір дәндә дақылдың, дәннің өзіне тән температуралық шегі болады.Кептіру агентінің температурасымен дәнді қыздыру температурасы шектері көп жағдайларға байланысты болады.
Солардың ішіндегі ең негізгілерінің бірі дәннің бастапқы ылғалдығы.Неғұрлым дәннің ылғалдығы жоғары болған сайын, соғұрлым оның қыздыру температурасы төмен,яғни,ыстыққа төзімділігі аз болып келеді.Дәнді дақылдардың тегімен,түрімен қатар кептіру тәртібін таңдау астықты азықтық,тұқымдық,жемдік мақсаттарына да тікелей байланысты.Мысал үшін, тұқымдық дәнді кептіру өте мұқият, кептіру агентінің температурасы азықтық,жемдік астықтан әлдеқайда төмен.
Жармалық дақылдардың күріш,тары,қарақұмық сияқты түрлерінің өзіне тән бидайдан өзгеше кептіру ерекшеліктері бар. Кептіру тәртібі дәнді кептіру тәсілі мен кептіргіш қондырғыларының конструкциялық ерекшеліктерімен анықталатындығын да айта кету қажет.
Астық пен тұкымды кептірудің барлық тәсілдері олардың сорбциялық қасиеттеріне негізделген. Егер бу түрінде ылғалдың берілуі жүретін ортаға астық массасын немесе жекелеген дәндер мен тұқымдарды орналастырса, басқаша айтқанда десорбцияға жағдайлар жасалса, онда кебу процесін байқауға болады.
Астық кептіру тәсілдерін үш топқа бөлуге болады:
Химиялықкептіру;
Ауа мен күнкөзіндекептіру;
Астықмассасынәртүрліастықкептіргішт ердіңкөмегіменкептіру.
Астықнемесетұқымдыхимиялықкептіруне гізінен натрий
сульфатыныңкөмегімен (бұршақдақылдарының тұқымдарын) жүргізіледі. Табиғикептірілген кол-теіз минералы мирабилит немесетехникалық натрий сульфаты, жақсы су сіңіргіштікқасиетіменерекшеленеді.К ептіру агент пен тұқымдыкүректінемесеастықтиегіштерд і (артқыштарды) пайдаланып алма-кезекбіркелкіараластырылаотыры п, жүргізіледі. Дымқылдығы 20-24% тұқымдыбүкілкептірукезеңіндеекірет, алоданжоғарыдымқылдыболса кептірудіңалғашқыкезеңіндетәулігіне он рет араластырады. Кептірудіңұзақтығы 5-10 тәулік және ол тұқымның және олтүқымныңалғашқыдымқылдығына, дақылға, сыртқыауаныңкүйінежәне басқафакторларғабайланысты өзгереді. Түқымдымқылдылығынкондициялықкүйгеж еткізуүшінсусызданған натрий сульфатыныңтөмендегідеймөлшерішығын далады (кгт): тұқымдымқылдығы 20 % болғанда - 60; ал 25 % болғанда - 180; 35 % болғанда - 240.
Араластыру қалқалыалаңдардажүргізіледі, өйткенікептіру кезеңіндехимикатқа су қосқандажылубөлініпшығады, соныңсалдарынан қоспаның температурасыжоғарылайды.
Ауа менкүн көзінде кептіру тұқымның азғантай топтарын кептіргенде қолданылады, бұл тәсілде ылғал астық үйіндісінің бетінен ғана буланады. Астық неғұрлым жұқа болса, соғұрлым ол қарқындырақ кептіріледі. Бірақ кептіру қабаты жұқа болғанда астықты орналастыруға үлкен алаң қажет болады. Дәнді дақылдарды бұл тәсілмен кептіргенде мынадай астық үйіндісінің қалыңдығы ұсынылады (см): негізгі астық дақылдары үшін - 10-12; дәнді бұршақ дақылдарына - 10-15; тары үшін - 4-5.
Күн көзіне кептіргендегі негізгі фактор астық массасы жатқан алаңның сипаты. Астықты бетон алаңдарда (егер ол топырақтан оқшауланған болмаса), тікелей немесе жерге төселген брезентте кептіруге болмайды. Тек қана тақтай немесе асфальтты алаңдар ғана астықты төменнен топырақтан ылғалдануға жол бермейді және температура градиентінің мөлшерден тыс ауытқуын болдырмайды. Мұндай алаңдарды жерден жақсылап оқшауландырып қырман аумағында немесе қоймалардың арасында орналастырады, оңтүстік бағытта аздап еңкіш (6°С) болғаны жөн. Мұндай еңкіштікте астық массасы жақсы жылытылады, ал бос алаңдардан жаңбыр суы тезірек ағып кетеді.
Әсіресе, желді ауа райында кептіру тиімді, өйткені үйінді бетінде пайда болған су буы бөгелмей ұшып кетеді. Астық массасын ойдағыдай кептіру үшін, төменгі қабатпен жоғарғы қабатты, алмастырып әлсін-әлсін (әрбір 2-3 сағ. сайын) араластырып отыру керек. Ережені дұрыс қолданғанда жақсы ауа райында астықтың ылғалдылығы тәулігіне 1-3 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Астық ылғалдылығының жіктелуі
Астықты кептірудің тəртіптері
Астық түйірін кептіру
Астық түйірін кептірудің негізгі үрдістері. Астық түйірін кептіру техникасы
Ақшыл уыт өндіретін цех жұмысын ұйымдастыру
Астықты кептіру
Астықты кептірудің технологиялық процесі
Кептіру процесі
Бидайдың тыныс алуы
Ылғал - материал байланысының формалары
Пәндер