Cоғыс уақытындағы қауіптер


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы : Соғыс кезіндегі қауіпті жағдайлар. Химиялық қарудың зақымдаушы факторлары, олардың адам организміне әсері. Атом қаруының зақымдаушы факторлары, олардың адам организміне әсері. Бактериологиялық қаруының зақымдаушы факторлары, олардың адам организміне әсері.

Орындаған : Өтепбергенова Ұ. Ғ.

Тобы : БЖ-415

Қабылдаған: Бейсебаев Ш. Т.

Семей, 2015 жыл

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

1) Cоғыс уақытындағы қауіптер

2) Химиялық қару

3) Ядролық қару

4) Бактериологиялық (биологиялық) қару

Қорытынды бөлім

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Cоғыс уақытындағы қауіптер

Төтенше жағдай - мемлекетке төнген түрлі қауіпке байланысты елбасы немесе парламент жариялайтын уақытша режим. Ол табиғат апаты, соғыс қаупі, техногендік апат, халық ішіндегі толқу, т. б. жағдайларда жарияланады. Мұндай уақытта азаматтардың құқықтары мен бостандықтары саналы түрде шектеледі, бейбіт кездегі заңдар күшін тоқтатып, төтенше заңдар шығарылады. Төтенше жағдай жариялай отырып мемлекет басшысы өзіне көптеген абсолютті өкілдіктер алады. Түрлі мемлекеттік органдар өз қызметтерін өзгертеді. Олар жаңа заңдық кеңістікте қатаң тәртіпке бағына отырып қызмет жасауға мәжбүр болады. Төтенше жағдай жариялау уақыты, мерзімі, сол кездегі билікке берілетін өкілеттіктер дәрежесі ел Конституциясында анықталады.

Қауіптің пайда болу жағынан -табиғи, техногенді, экологиялық, биологиялық, антропогендік болып бөлінеді.

Табиғи сипаттағы қауіп - дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын қауіпті жағдайлар.

Техногендік сипаттағы қауіп- өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған қауіпті жағдай.

Химиялық қару . Химиялық қаруды қолдану қағидалары.
Шетел армиясының әскери мамандарының көзқарасы бойынша химиялық қарудың неғұрлым басты қағидаларына шабуылдың тұтқиылдығы мен химиялық соққының жаппай қолданылуы жатады.
Тұтқиылдыққа жетудің басты шарттарына мыналар жатады: басшылықтың химиялық қаруды қолдану туралы ойын құпияда ұстау; оны қолдануға дайындықтың жасырын жүргізілуі; оперативті бүркемелеу, қарсыласқа жалған ақпар беру шараларын жүзеге асыру; химиялық қару қолдануға дайындық мерзімін қысқарту, қарсылас күтпейтін және қорғанысқа дайын емес кезінде химиялық соққы беру үшін уақытты таңдау.
Химиялық соққылардың бүркемеленуі дегеніміз - басты бағыттарда мейлінше маңызды аудандар мен объектілерге химиялық соққы беру үшін күш-құралдардың көп бөлігін шоғырландыру және оны ұрыс қимылдарының барысына елеулі ықпал ететін нәтижелерге жету мақсатында ұрыстың шешуші кезінде қолдану.
Шетел армиясындағы әскери мамандардың пікірі бойынша химиялық қаруды мақсатына сай жеткізудің мынандай тәсілдері болуы мүмкін:
- атыс шабуылы және артиллерия мен минаатардың әдістемелік әдісі;
- реактивті артиллерия дүркіні;
- «Жер-Жер» және «Әуе-Жер» класындағы ракеталардың дербес және топтық жіберілуі;
- авиациямен химиялық бомбалар және бомбалық кассеттерді топтық қолдану;
- ұшу аппараттардың кассеталық қондырғылардан аз габаритті бомбалармен ату;
- авиациялық суғару аспаптарынан фитотоксиканттар және УЗ-мен суғару;
- авиациялық ыдырату аспаптарынан токсиндер және УЗ-ды ыдырату;
- химиялық фугастар өрісін жару;
- аэрозольді генераторлар көмегімен УЗ-ды шығару;
- гранаттарды және патрондарды гранататқыш көмегімен немесе қолмен лақтыру.
НАТО құрамындағы мемлекеттер армиясында химиялық қаруды мақсатына сай жеткізу тәсілдері келесі төрт тапсырма топтарының шешімін қарастырады:
- тірі күшті зақымдау;
- адамдардың зорығуы;
- қарсыластың маневр жасауы мен ұрыс әрекеті түрлерін қиындату мақсатында жергілікті жер мен түрлі объектілерді улағыш заттармен зақымдау;
- тыл жұмыстарын тарату.
Аталған міндеттердің дамуы жоғары токсинді УЗ мен токсиндердің, жаңа типті оқ-дәрілердің пайда болуына және қару-жарақ тиімділігі мен сапасы деңгейінің өсуіне байланысты жаңа сапаға ие болды.
Тірі күштің химиялық қарумен зақымдануы қарсыластың ұрыстық мүмкіндіктерін төмендету немесе қызметін тоқтату мақсатында оны қатардан тікелей шығаруды білдіреді.
Адамдардың зорығуы - бұл қарсыластың тірі күшін қорғану құралдары және бойтасамен ұзақ уақыт пайдалануға мәжбүр ету және оның улағыш заттармен зақымдануы.
Жергілікті жер учаскелерінің УЗ-мен зақымдануы қарсылас әскерлерінің онда әрекет жасауына және қару-жарақ пен әскери техниканы қауіпсіз пайдалануға қиыншылық тудырды.
Тыл жұмыстарын таратудың мақсаты - әскерлердің оқ-дәрілермен, тамақ өнімдері және басқа материалдық құралдармен жабдықтау жүйесін қиындату; қарсылас әскерлерінің бекітілген өміршеңдігін бұзу.
Әскерлердің бүркемелену және қорғану жағдайын бағалау кезінде қорғаныштықтың үш дәрежесі болады - жоғары, орташа және әлсіз, олар келесі сапалы белгілермен сипатталады:
Жоғары - жеке құрам қорғану құралдарын пайдалануға жақсы үйретілген; жеке құрамның едәуір бөлігін бүркемелеу үшін паналар жабдықталған; газтұмылдырықтың алдыңғы жағының түзулігі мен қорғану құралдардың жағдайы жүйелі бақыланады; жеке құрамның жай-күйі жақсы;
Орташа - жеке құрам қорғану құралдарын пайдалануға қанағаттанарлық дайындықта; оның едәуір бөлігі қайта жабылған траншеяларда орналасқан; газтұмылдырықтың алдыңғы жағының түзулігі және қорғану құралдарының жағдайын бақылау екі-үш тәулікте бір өткізіледі; жеке құрамның жалпы жағдайы қанағаттанарлық;
Әлсіз - жеке құрамның қорғану құралдарын пайдалану дайындығы төмен; газтұмылдырық алдыңғы жағының түзулігі мен қорғану құралдарының жөндемділігін бақылау бірнеше тәуліктік өткізілмеді; жеке құрамның орналасуы - ашық жерде немесе ашық траншеяларда; жеке құрамның қатты шаршағаны білінеді.

Ядролық қару - жаппай қырып-жою қаруы.

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/7/7d/Mk17_bomb.jpg/220px-Mk17_bomb.jpg

Дүние жүзіндегі ең бірінші атом бомбаларының бірі, салмағы 20т (1950 жылдар)

Атом бомбасы ( Атомная бомба ) - авиациялық ядролық бомбаның алғашқы атауы. Оның әрекеті жарылғыш тізбекті ядролық бөлінуі реакциясына негізделген. Термоядролық синтез реакциясына негізделген сутек бомбаның пайда болуымен жалпы "ядролық бомба" деген термин орнықты. [1]

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/c/c4/Nuclear_Weapons_Center.png/160px-Nuclear_Weapons_Center.png

Ядролық қару орталығы

Ядролық қарудың өзінен, оны жеткізетін құралдардан (зымыран, торпедо, ұшақ, артиллериялық атыс), сондай-ақ қарудың нысанаға дәл тиюін қамтамасыз ететін әр түрлі басқару құралдарынан тұрады. Ол - ядролық және термоядролық болып бөлінеді.

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/c/c2/Fat_man.jpg/160px-Fat_man.jpg

Ядролық қару

Ядролық қару жаппай қырып-жою құралы ретінде қысқа мерзім ішінде әкімшілік орталықтарды, өнеркәсіп және әскери нысандарды, әскерлер тобын, флот күштерін талқандау, қоршаған ортаны радиоактивтік ластандыру, жаппай бүлдіру, суға батыру, т. б. мақсаттар үшін қолданылады. Ядролық қару адамдарға күшті моральдық және психологиялық әсер етеді. Оның қуаттылығы тротилдік эквивалентпен бағаланады. Қазіргі заманғы бұл қарудың қуаты ондаған тротилден бірнеше ондаған млн. тротилге дейін жетеді. Арнайы әдебиеттерде ядролық қарудың қуаты килотоннамен (кт) және мегатоннамен (мт) де көрсетіледі. Бұл қаруды қарулы күштердің барлық түрлері қолдана алады. Ядролық қару қуаттылығы бойынша стратегиялық, оперативті-тактикалық және тактикалық болып бөлінеді. Ядролық қару жарылған кезде: екпінді толқын, жарықтық сәулелену, өтпелі радиация, радиоактивті зақы0мдану мен электр-магниттік импульс сияқты зақымданушы факторлар пайда болады.

Бактериологиялық (биологиялық) қару (орыс. бактериологическое (биологическое) оружие ) - жаппай зақымдаушы қару. Оның әсер етуі адамдарда, жануарлар мен өсімдіктерде жаппай әр түрлі ауру туғызатын микроорганизмдер мен уларды пайдалануға негізделген. Бактериологиялық қарудың негізі ауру туғызатын микроорганизмдер мен улардан тұрады: вирустар, бактериялар, риккетсиялар, саңырауқұлақтар, ботулизм уы, т. б. Адамдарды зақымдайтын микроорганизмдер:обаның, тырысқақтың, түйнеме, туляремия, бөртпе және іш сүзегінің, пситтакозаның қоздырғыштары т. б. Малдарды зақымдау үшін түйнеме

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық қорғаныс— жалпымемлекеттік шаралар жүйесінін құрамдас бөлігі
ТЖ кезіндегі құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу
Азаматтық қорғаныстың міндеттері мен қолданатын шаралары
Төтенше жағдайларда халықты қорғау
АҚШ тарихындағы ең танымал тұлға Джордж Вашингтон
Жансүгіров поэзиясындағы тілдік бірліктердің қатысымдық және танымдық мәні, мазмұны
Торғай көтерілісі
Қазақстан Республикасындағы Азаматтық қорғаныс жүйесі туралы
Жедел – іздестіру туралы ақпарат
Халық көтерілістерінің әдебиетте бейнеленуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz