Мектеп педагогикалық жүйе, ғылыми басқару нысаны ретінде


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ
СӨЖ
Тақырыбы: Мектеп педагогикалық жүйе және ғылыми басқару нысаны ретінде. Педагогикалық менеджмент субъекті қызметінің мақсаты
ОРЫНДАҒАН:Мухамедьярова Д
ТЕКСЕРГЕН:Жумашбекова С. К
Семей 2015
І Кіріспе
1. 1 Мектеп - педагогикалық жүйе ретінде
ІІ Негізгі бөлім
2. 1 Мектептің әлеуметтендіру институты ретіндегі мәні мен мүмкіндіктері
2. 2Мектептің баланы әлеуметтендірушілік қызметі
2. 3 Әлеуметтiк бағдарланған мектептердiң қызметiнiң жетекшi бағыты мен типтері
2. 4 Мектептегі баланы әлеуметтендіру шараларының ұйымдастырылу ерекшеліктері
2. 5 Педагогикалық менеджмент субъекті қызметінің мақсаты
ІІІ Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Күрделі педагогикалық жүйе ретінде танылған осы заман мектебін басқару əрбір басшыдан біртұтас басқару жүйесін түзіп, оны даму жолына бағыттауда жоғары ғылыми дайындықты талап етеді. Бұл үшін түрлі деңгейдегі мектеп жетекшілері төмендегілерді білуі міндетті:
- мектеп түрі мен мақсаты;
- ақпараттық жабдықталуы( оқушылар қызығулары мен мүмкіндіктері, ата-аналар тапсырыстары) ;
- мамандар, материалдық-техникалық, психологиялық жағдайлар (анықталған қажеттіктерді қамтамасыз ету үшін) ;
- оқу жоспарының мектептік баламасы;
- оқу жүйесі жеке-дара, сынып-сабақтық, дəрісбаян-тəжірибелік, мектептің əрқилы сатылары мен оқушы топтарына арналған циклды-ағымдық жəне т. б. ) ;
- оқу-тəрбие жұмыстарын ұйымдастырудың мерзімдік тəртібі (бес-алты күндік, апта, түске дейінгі не күннің екінші жартысында) ;
- мектептің белгілеген мақсаттарға жетудегі басты шарттары (мамандар, материалды-техникалық, қаржылық, ғылыми-əдістемелік, əлеуметтік-психологиялық) .
Педагогикалық жүйе ретінде мектепті басқару барысында, бір жағынан, оның тұтастығын сақтауға, екінші жағынан- ондағы жүйе бірліктерінің əрекеттеріне ықпал жасаумен оларды өзгертіп, реттеуге мүмкіндік беруі қажет. Педагогикалық жүйенің өзіндік қызметтері қоғам қажетінен туындаған мақсаттардың дəл мезетінде орындалып баруына бағытталуы қажет. Мақсаттар мектептің педагогикалық жүйесінің мазмұнын айқындайды, ал сол мазмұнның іске асырылуы, өз кезегінде көптеген, əрқилы əдістер мен формаларды ойластыруды керек етеді.
Мектептегі педагогикалық жүйенің негізгі құрылымдық бірліктерін анықтайтын жағдаяттар - педагогикалық ұжым жəне оның басшыларының қызметтік іс-əрекеттері (В. А. Сластенин) . Мектептердің көбі төрт деңгейлі басқару құрылымын қолдануда:
Бірінші деңгей- мемлекеттік орган бекіткен не ұжым сайлаған мектеп директоры; мектеп кеңесі, оқушылар комитеті, қоғамдық бірлестіктер басшылары. Бұл деңгейде мектептің стратегиялық даму бағыты анықталады.
Екінші деңгей- мектеп директорының орынбасарлары, мектеп психологы; əлеуметтік педагог, қоғамдық пайдалы еңбек ұйымдастыруға жауапкер, əкімшілік-шаруашылық бойынша директор көмекшісі; өзіндік басқаруға қатысты органдар мен бірлестіктер басшылары.
Үшінші деңгей- оқу барысында жəне оқудан тыс білім-тəрбие жұмыстарына байланысты оқушыларға басшылық қызметтерді атқарушы мұғалімдер, тəрбиешілер, сынып жетекшілері. Бұл деңгейге қоғамдық басқару органдары мен өзіндік басқару, қосымша білім беру мекемелерімен байланыс жүргізуші педагогтарды да енгізуге болады.
Төртінші деңгей- сыныптық жəне жалпы мектептік өзіндік басқару қызметтері тапсырылған оқушылар. Бұл деңгейдің назарға алынуы мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қатынастың «субъект-субъектті» сипатын баса танытады. Мұндай қатынаста оқушы өзара ықпал нысаны болумен бірге өз дамуының қозғаушы күші - субъект ролін де атқарады.
Сатысына қарай əрбір басқару субъекті бір уақытта жоғары деңгейлі басқарудың объекті - нысаны болып есептеледі.
Басқарымды жүйеде оқушылар ұжымы маңызды орынға ие. Бұл ұжымда басқару екі деңгейде жүргізіледі: біріншісі- жалпы мектептік жəне сынып ұжымы; екіншісі- оқушылардың қоғамдық ұйымдары, спорттық бөлімдер, шығармашыл бірлестіктер, үйірмелер, оқу-үйрену топтары (бригадалары) жəне т. б. Педагогикалық жəне оқушылар ұжымдарының өзара бірлестік іс-əрекеттері Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы мен жалпы білім беруші мекемелер Жарғысы негізінде реттеліп барады.
2. Басқару қызметтері, əдістері жəне формалары
Басқару іс-əрекеттері процесінде төмендегідей қызметтер орындалады:
- мақсаттар айқындау (бүкіл жүйенің, сонымен бірге əр кезеңінің соңғы нəтижесін болжастырып, ой-санада нақтылау) ;
- жоспарлау (мектеп жұмыстарының барша бағыттары бойынша ұзақты болашақ пен əр жылға жоспар түзу) ;
- ұйымдастыру (қызметтік міндеттерді сауатты бөлістіру жəне бағыну мен жауапкершілік жүйесін қалыптастыру) ;
- реттеу (қабылданған шешімдерді іске асыру мақсатында əрқилы бағыттағы түрлі қызмет жүйелерінің іс-əрекеттерін үйлестіру) ;
- ынталандыру (шығармашылық істерге, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, инновациялық жобаларға қатыстыру үшін жағдайлар жасау; мұғалімдердің рухани бірлік сезімін қалыптастыру, олардың əлеуметтік белсенділігіне дем беру; жетістіктеріне орай бағалау жəне мадақтау) ;
- қадағалау (талдау жəне жаңа міндеттерді белгілеу үшін көзделген жоспарлардың орындалуы жөнінде уақтылы ақпараттар алып тұру) ;
- педагогикалық талдау (оқу процесін, тəрбие жұмыстарын, білім мекемесінің материалдық қорын, қаржы-экономикалық жағдайын педагогикалық мамандар мен тəрбиеленушілер құрамын жетілдіруге байланысты зерттеулер жəне талдаулар, нақты қорытындылар жасап, ұсыныстар беру) .
Жоғарыда аталған қызметтер жөнін талдау арқылы басқару мазмұнын екі жікке келтіруге болады: 1) ұйымдастыру- бақылау жұмыстары (басқарымдағылардың іс-əрекеттеріне жетекшілік: тапсырма беру, талаптар қою, күштерін біріктіру, жұмыс барысын қадағалау, марапаттау жəне т. б. ) жəне 2) басқарушылар іс-əрекеттері (мақсаттар айқындау, ынталандыру, қаржы көздерін табу, ұжым құрылымын жүйелеу, іс-əрекеттердің технологиялық негізін қалау) .
Педагогикалық басқару əдістері көзделген мақсаттарға жету жəне басқару қызметтерін іске асыру құралдары ретінде қарастырылады. Басқару əдістерінің негізгі топтары төмендегідей:
- педагогикалық қызметкерлерді экономикалық тұрғыдан қызықтыру (еңбек саны жəне сапасына орай, категориялары мен атақ-дəрежелеріне сəйкес жалақы беру) ;
- əкімшілік - ұйымдастыру əдістері (орындаушылар қызметтерінің шек-өлшемін белгілеу, көрсетпелер, нұсқаулар, бұйрықтар беру жəне т. б. ) ;
- психологиялық - педагогикалық ықпал жасау (кеңес, өтініш, тілек білдіру, алғыстар жариялау) жəне əсерлендіру (шуақты психологиялық климат қалыптастыру, шығармашылық пен ынталылық сезімдерін көтеру, білім мекемесінің əлеуметтік даму болашағы жөніндегі болжамдармен таныстыру) ;
- қоғамдық ықпалдарды пайдалану (педагогтар мен оқушыларды білім мекемесін басқаруға араластыру) ;
- қоғамдық əсер əдістері (ұжымда демократияны нығайтып, басқалармен қатынаста шыдамдылық сақтау, мекеме қызметкерлерінің беделі мен мəртебесін ұлықтау) .
Соңғы жылдары мектепте психологиялық қызметтің қалыптасуымен жаңа басқару əдістері пайда бола бастады. Оқу-тəрбие ақпараттарымен жұмыс жүргізуші қызметкер оларды жинау, өңдеу, сақтау жəне пайдалану тəсілдерін жақсы білгені жөн. Мектеп басшысы, менеджер өз қызметінде бақылау, анкетті сауалнама жүргізу, тестілеу, нұсқау жəне əдістемелік материалдармен жұмыс жасау əдістерін белсенді қолдана білуі шарт. Мектеп əкімшілігінің күш-қуаты басқарудың мектепішілік ақпараттық технологиясын нақтылап, тəжірибеге ендіруге жұмсалуы тиіс. Бұл технологиялар басшыларға да, əр мұғалімге де таныс болуы міндетті.
Басқаруды ұйымдастыру формалары əрқилы құрылым жəне бағыттарда болуы мүмкін: нұсқау-əдістемелік, теориялық семинар, оқушылар ұжымының отырыстары, педагогикалық кеңестер, əдістемелік бірлестіктер, ұстаздық, мектеп конференциялары, педагогикалық оқулар, ата-аналарды педагогикалық жаппай сауаттандыру. Əлеуметтік -психологиялық əдістерді іске асыру формалары мектептің ішкі тəртіп Ережелерінде көрсетіледі немесе мектеп Жарғысына ендіріледі.
Сонымен, мектеп басқарымын ұйымдастырудағы маңызды жағдай - педагогикалық басқару жүйесінің қалыпты күйге келіп, əрекетшеңдік жағдайында болуы жəне оны іске асыру жолдарын əрбір басшының жіті білуі.
Педагогикалық менеджменттің субъектері қызметінің нәтижесі
Теория, әдістеме және педагогикалық менеджменттің тәжірибесінің негізгі ұғымдары. Оқушылар білімінің сапасы. Элементарлық білік және дағды, түсіну, есте сақтау ажырата білу тасымалдау - бұлар оқытудағы біртіндеп көрсеткіш дәрежелері. Балдық бағаның мазмұны. Жоғары деңгейдегі талап. Орта деңгейдегі талап. Төменгі деңгейдегі талап.
1. Педагогикалық менеджмент басқару заңдарына негізделеді, сондай-ақ психология және педагогика ғылымдары заңдылықтарына да арқа сүйейді, яғни ғылыми негіздемесі бар
2. Білім беру ісінің менеджері қызметін тиімді ұйымдастыру - оның жеке мінездері мен педагогикалық шеберлігімен, басқару қабілеттілігімен де сипатталады.
З. Ғылыми негізде басқару, психологиялық және жеке адамгершілік касиеттер білім беру менеджеріне оны оқу тәрбие жұмысына қолдануға, көшіруге толық мүмкіндік береді. Бұл педагогикалық менеджменттің әрі ғылым, әрі өнер екендігін дәлелдейді.
-Кәсіптік мектеп менеджері, өз карамағындағыларымен кикілжіңсіз. әрі тиімді істей алуы үшін оның кажетті білім коры болуы керек.
-Кәсіптік мектеп менеджері жоғары білікті педагог болуы қажет
БІЛІМ САПАСЫ- білім түрлерінің (заңдар, теориялар, қолданбалы, әдіснамалық, бағалау білімдері) білім мазмұны элементтерімен және меңгеру деңгейлерінің арақатынасы.
Әрбір-білім оны қолдану тәсілімен потенциалды түрде байланысқандықтан ол шығармашылық процеске қатсып қандай да бір маңызға ие болғандықтан мұндай арақатынасты белгілеу қажет.
Білім сапасы адамның білімді меңгеруімен тҥрлі іс-әрекетте қолданудың көп жақты талдауы нәтижесінде айқындалады және толықтық, тереңдік, жүйелілік, шапшандық, икемділік, нақтылық, түйіндеу сипатына ие болады.
Сол сияқты ол түйінделу және өрістелу, сапалылық және беріктігімен сипатталады. Білімнің барлық сапасы өзара байланысты және өзінше дербес, себебі бірін-бірі алмастырмайды.
БІЛІМ САПАСЫН БАҒАЛАУДЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖҮЙЕСІ (БСБҰЖ) -білім сапасының білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына, жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекет сұранысына сәйкестігін анықтау тәсілдерінің, түрлерінің, рәсімдері мен институционалдық құрылымдарының жиынтығы.
Мақсаты- отандық білім жүйесімен Қазақстан Республикасы мамандарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін халықаралық білім кеңістігі мен еңбек нарығында білім сапасына қол жеткізу.
Негізгі міндеттері:
-барлық деңгейдегі білім сапасын институционалды бағалау;
-барлық білім деңгейінде оқушылардың оқу жетістігін сыртқы бағалау;
-мұғалімдер мен оқушылардың қызметін бағалау; оқыту және үйрету процесін жетілдіру;
-білім беру ұйымдарының білім беру қызметінің сапасын жүйелі және салыстырмалы
зерделеу, білім жүйесінің тұрақты дамуын қолдау;
-мемлекет азаматтарының сапалы білім алуға деген конституциялық құқығын қамтамасыз
етуге қажетті білім беру жүйесінің жағдайы туралы объективті ақпарат алу;
-айқындыққа қол жеткізу үшін қоғамды ақпараттандыру;
-үздіксіз білім беру жүйесінің сатылары арасында бағалау нәтижелерінің сабақтастығын
қамтамасыз ету;
-ұлттық мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарын халықаралық стандарттармен
салыстыру үшін халықаралық зерттеу аясында, оқушылардың оқу жетістіктеріне салыстырмалы мониторинг жасау.
Білім беру менеджерінің кәсіби еңбек тиімділігін арттырудың негізгі өлшемі
мына төмендегілер:
-оңтайландыру (қажеттілік пен жеткіліктілік) дегеніміз мақсатка жету
жолында күш - жігердің жеткіліктіболуы, сондай-ак құралдар мен тиісті мерзімнің
шешімді орындауда мүмкіндіктің мейлінше жасалуы, ол істі оң шешуге әсерін тигізеді;
- субъектінің қызмет тәсілдері мен әдістерінің тиімділігі, олардың біртұтас азара байланысты болуы;
- менеджмент субъектісінің іс-қимылының нақты жолына жұмсалуы. Багдарлама мен жүйелі басқару ісінің үйлесімділігі
- атқарылатын жұмыстың перспективалық бағыттылығы
-барлық қимыл іс-әрекеттің қойылған мақсаттар мен міндеттерге Байланысты өзектілігі (көкейкестілігі) ;
-оқу-танымдык процесте оқушылар кызметінің белсенділігі мен дербестігі.
Осы өлшемдерге сәйкес білім беру менеджерінің кызметін мына төмендегі 5 деңгейге бөлмекпіз.
І. Репродуктивті деңгей. Мұнда басшы педагогтар жұмысы туралы ақпар жинап оны ұжымға хабарлаумен ғана шектсліп кәсіби оқу-тәрбие жұмысының кейбір түрін ғана атап өте алады.
2. Икемделген - басшы педагогтың кейбір істеріндегі мәнді сәттерді ғана анықтауға қабілеті жетеді, соны ұжымға икемдеп, таратуға тырысады.
3 Оқшауланған үлгі - басшы мұнда педагогикалык қызметтің кейбір аспектілерін ғана үлгі етіп алуға қабілетті, оны педагогтармен оқу - тәрбие процесінің бір бөлігінде ғана пайдалана алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz