Оттегімен емдеу жайлы мәлімет


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
АГРАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ «ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ МЕДИЦИНА» КАФЕДРАСЫ
БӨЖ
Тақырыбы: « Оттегімен емдеу»
Орындаған :Акимжанова Марал
Тобы : ВС-303
Тексерген : Ахметжанов О. Н.
2015ж
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Оттегімен емдеудің қысқаша тарихы.
2. 2. Оттегімен емдеу - ветеринарияда.
2. 3. Оттегін венаның ішіне жіберу әдісі
2. 4Оттегін терінің астына жіберу әдісі.
2. 5Оттегін құрсак қуысына жіберу арқылы емдеу әдісі.
2. 6 Оттегімен дем алдыру арқылы емдеу әдісі.
2. 7Оттегімек байытылған ортадағы дәрілердің үсақ бөлшектерімен малдарды дем алдырып емдеу әдісі - оксигенозолетерапия.
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Мал организмінде көбінесе тыныс алу жүйесінің қызметтері мен қан айналу процессі бұзылғанда газдың алмасуы нашарлап, оттегінің жетіспеушілігі дамиды. Міне осындай жағдайларда организмге оттегін жеткізу жақсы көмектеседі. Сол себепті оттегімен емдеудің әр түрлі әдістері ветеринариялық медицинада жан жақты қарастырылған.
2. 1. Оттегімен емдеудің қысқаша тарихы.
Оттегінің тірі организмге тигізетін жағымды әсері туралы 1776 жылғы Пристли мен Лавуазьенің еңбектерінде кездестіруге болады. Бірақ ғылыми тұрғыдан негізделген тексерулер тек 100 жыл өткеннен кейін ғана жарық көре бастады.
1870-71 жылдары П. И. Успенский жүйке жүйесінің ауруларында оттегін қолданғаны туралы хабарлады.
- жылы Н. А. Афанасьев оттегімен дем алдырудың өкпе мен плевраның қабынуларындағы пайдалы әсерлері туралы өз еңбегін жарыққа шығарды.
- жылы С. Анановтың өкпе, қан айналысы, жүйке жүйелерінің ауруларында оттегінің пайдасы туралы жазылған диссертациясы жарық көрді.
1873-75 жылдары И. М. Догель оттегінің қанға және қан айналу жүйесіне әсері туралы бірнеше мақалалар жазды.
XIX ғасырдың 70-ші жылдары В. В. Пашутин Қазан, Петербург университеттерінде, өзінің оқушыларымен біріге отырып, оттегінің организмде жүретін газдың алмасуындағы ролі туралы көптеген ғылыми жұмыстар жүргізді.
Тек 1895 жылғы Леви, Клод Бернар, Греган және т. б. еңбектерінде оттегінің қанға сіңуі және организмнің оттегін пайдалану сатылары жөнінде ғылыми негіздегі мақалаларды кездестіреміз.
Клод Бернардың еңбегінде таза оттегімен дем алған малдың қанында жай атмосфералық ауамен дем алған малдың қанына қарағанда оттегінің көп болатыны, вена қанының артерия қанына ұқсайтындығы, қан айналу процесінің жақсаратыны және бұлшық еттердің жирылуының күшейетіні дәлелденген.
Міне, осы ғылыми еңбектер оттегінің кейбір патологиялық процестердегі жағымды әсерін дәлелдеуге арналған бірінші талпыныстар болды.
2. 2. Оттегімен емдеу - ветеринарияда.
Мал ауруларын оттегімен емдеу туралы бірінпгі өрекеттер XX ғасырдың 30-шы жылдарына хатады.
Оттегін малдың терісінің астына жіберіп емдеудің қарапайым, қауіпсіз және оңай орындауға болатыны жөнінде 1935 жылы ВАХриньков жазды. Ол оттегін басқа да дәрілермен бірге малдардың өкпе ауруларында және улануларда қолданып, жақсы нәтиже алды. Сонымен қатар, автор, шұғыл шара ретінде, ауру кенеттен пайда болып, малдың өміріне қауіп-қатер төнген кезде оттегін венаға жіберуді де ұсынды. Осы жылы Н. И. Комаров оттегінің жеткіліксіздігі пайда болатын ауруларда және организмде улы заттар шоғырланған жағдайларда оттегін венаға немесе терінің астына жіберіп емдеу керектігін жариялады. 1940 жылғы Б. А. Агранович пен В. П. Гедиминдердің еңбектеріне қарағанда малдың экспериментңі өкпе ісінулерін оттегімен емдеу арқылы ол аурудан малдардың өлімін екі есе кемітуге болатындығы дәлелденген. Авторлардың айтуынша ең қолайлы әдіс - оттегін терінің астына жіберіп емдеу.
1958 жылғы И. В. Анисимовтың қабарлауынша организмде оттегінің жеткіліксіздігі дамыған ауруларды оттегімен емдеуді дер кезінде тағайындағанда - ол дәрігердің қолындағы таптырмайтын қару. Автор оттегін дем алдыру (инголяция) және терінің астына жіберу әдістерін бірдей қолдануды ұсынды.
1959-63 жылдары В. П. Падерин жылқылардың асқынған микробронхит, альвеолярлық эмфизема және өкпенің крупозды қабыну ауруларын оттегін терінің астына жіберіл емдеген. Ауру малдарды бір жұмадай, күніне 1 рет, терінің астына 6-8 л таза оттегін жіберіп емдегеннен жақсы нәтиже алған.
XX ғасырдың 60-шы жылдарындағы Г. Х. Габидуллиннің еңбектерінде бұзаулардың бронхопневмония ауруын оттегімен дем алдыру арқылы емдегенде өкпедегі газдың алмасуының қалыптасатындығы, оттегінің сіңуі мен көмірқьппқыл газының бөлінуінің жақсаратыны, организмдегі оттегінің жеткіліксіздігінің жойылатындығы келтірілген. Автордың ойынша гипоксия құбылысын жою арқылы организмнің жалпы резистентілігін жоғарлатуға және өмірге ең қажетті ағзалардың қызметтерінің жақсаруына жағдай туғызуға болатыны туралы болжам жасалған. Сондықтан да оттегімен емдеу патогенетикалық емдеу әдісіне жатады және басқа емдеу әдістерімен кешенді түрде жүргізілуі керек делінген.
2. 3. Оттегін венаның ішіне жіберу әдісі
Оттегін венаның ішіне жіберу әдісі дәрігерден өте сақ болуды, ұқыптылық пен ептілікті талап етеді. Венаға 2 литрден артық оттегін жіберуге болмайды.
В. А. Гриньковтың айтуынша (1935) жіберу жылдамдығы малдың 1 кг салмағына есептегенде минутына 0, 6-0, 7 куб см-ден аспауы керек. Осы талаптарды орьшдамау, нсмесс тііггі аздап қана ауытку, мал өміріне қауіпті жағдай туғызуы мүмкін. Сондықтан да бүл өдісті төжірибе жүзінде мал дөрігерлері қолданбайды дссе де болады.
2. 4Оттегін терінің астына жіберу әдісі.
Отгегін терінің астына малдың мойын, кеуде қуысының тұстарына жібереді. Жіберу жылдамдыгы 1 минутына 1, 0-1, 5 л. Ірі малдарға - 6-10 л, ұсақ малдарға - 3-4 л., 2-3 күннен кейін қайталап жібереді. Терінің оттегі жіберілетін жерінің жүнін қырқып, залалсыздандырады. Процедурадан кейін ол жерді коллодиймен ылғылданған ватамен жапсырып қояды.
Оттегін терінің астына жіберетін аспапты қолдан жасап алуға да болады. Ол үшін сиымдылықтары бірдей 8-10 л болатын екі шыны бөтелке алып, олардың бірсуін жогарырақ, ал екіншісін төмен орналастырады. Біреуін ара қашықтығы 0, 5 л болатындай етіп бөліп, белгілейді. Екі бөтелкені резінке түтікше арқылы бір-бірімсн қосады. Белгілснген бөтелкені сумей толтырады да, оған оттегін жібереді. Ондағы су келесі бөтелкеге өтеді жөнс ол бөтелке оттегіне толады. Оттегінің резсрвуарымсн (баллон, оттегінің жастығы) қосыльш түрған рсзінке түтікшені суырып алып, тері астына ещізілген инсмсн қосады.
Осыдан кейін суға толып түрған бөтелкеге Ричардсонның шары арқылы ауа толтыра бастайды. Сонда су оттегі бар бөтелкеге түсіл ондағы оттегін ығыстырып резінке түтікшс және ине арқылы терінің астына еңгізеді.
Сау мадцың терісінң астына жіберілген отгегі 5-7 куннің ішінде организмге сіңеді, ал ауру малдарда одан жылдамырақ, бірнеше сағаттың ішінде де сіңуі мүмкін.
2. 5Оттегін құрсак қуысына жіберу арқылы емдеу әдісі.
Оттегін құрсақ қуысына жіберуге ең қолайлы және қауіпсіз жер малдың оң жақ аш қарнының шұңқырының ортасы, дәлірек айтқанда, соңғы қабырғаның ортасы мен сербекті (маклокты) қосатын сызықтың орта нүктесі деп анықталды.
Операциялық орын дайындалғаннан кейін үлгі аздап доғалданған инені (ине ішекті тесіп кетпес үпгін) өте сақтықпен, жоғарыдан төмен, алдыңғы сол жақ шынтақ сүйегінің денесіне бағыттап кіргізеді. Мұндай операцияны тұрған малға жасаған қолайлы. Малдың терісі мен ет қабатгарынан өткен иненің үлгі болар- болмас кедергіге тап болады. Ол иненің үші құрсақ қуысының іш пердесіне тірелді деген сөз. Тәжірибелі мамандар ине іш пердені тесіп өткенде әлсіз ғана «сырт» еткен дыбысты саусақтарымен сезінеді. Осыдан кейін иненің өзегінде қанның бар-жоғына, тығьп орналасқанына көз жеткізеді де отгегін жібереді.
Отгегін құрсақ қуысына жіберу үшін аса күрделі аспаптың қажеті жоқ. Бұл үшін біз қолданған аспап 200- 250 мл сиымдылығы бар Жанэ шприцінен, 3 тесікті Агали шүмегінен, сиымдылығы 250 мл шыны ыдыстан, үші доғалданған инеден және осыларды бір-бірімен жалғастыратын резінке түтікшелерден тұрды.
Шыны ыдысқа 0, 5-1 %-ды риванолдың ертіндісін құйып, аузын екі тесікті тығынмен бекітеді. Екі тесікке екі шыны түтікше еңгізіледі. Оның біреуі риванол ертіндісіне батып тұруы қажет. Сол шыны түтікше резінке түтігі арқылы оттегі толтырылған жастықпен жалғастырылады. Жастықтағы отгегі Риванол ертіндісі, Агали шүмегі арқылы өтіп Жанэ пптриціне сорылады.
Ендігі жерде Агали шүмегі арқылы Жанэ шприцін инемен қосып, шприцтегі отгегін құрсақ қуысына жібереді. Бұл жерде риванол ертіндісі отгегін дымқылдап, оның тітіркендіруін өлсіретеді, ал Жанэ шприці жіберілетін оттегінің мөлшерін анықтау үшін қажет.
Мұндай операцияны мал маманы бір кісінің көмегімен еш қиындықсыз жүргізе алады. Тек төменде келтірілген жұмыс ретін сақтау керек:
1. Аспапты құрастыру, герметикалық жағдайын тексеру;
2. Оттегін отгегі жастығына толтыру;
3. Малды станокқа орналастыру;
4. Ине кіргізетін орын дайындау;
5. Таза инені малдың құрсақ қуысына ещізу;
6 . Аспапты резінке түтігі арқылы инемен қосу;
7. Агали шүмегі арқылы оттегі жастығы мен Жанэ шприцін қосу;
8. Жанэ шприціне оттегін сорып алу;
9. Агали шүмегі арқылы Жанэ шприці мен инені Қосу;
10. Жанэ шприціндегі оттегін малдың құрсақ қуысына жіберу;
11. Агали шүмеіі арқылы оттегі жастығы мен Жанэ шприцін қайта қосу т. с. с.
7, 8, 9, 10, 11 реттері малдың құрсақ қуысына оттегінің анықталған мөлшері толық жіберілгенше қайталанып отырады.
2. 6 Оттегімен дем алдыру арқылы емдеу әдісі.
Малдар өкпе аруларына шалдыққан кезде өкпе альвеоллаларындағы оттегінің парциалдық қысымы азаяды. Ол өкпе альвеоллаларының қабырғалары арқылы оттегінің қанға өту процесінің бұзылуына апарып соғады. Міне, организмде осындай жағдай туған кезде, өкпе альвеоллаларындағы оттегінің парциалдық қысымын қалыпты жағдайда ұстау үшін, дем алатын ауаның құрамындағы оттегінің мөлшерін көбейту керек. Мұндай ауаның қоспасын кәдцімгі атмосфералық ауаны өндірісте шығарылатын таза медициналық оттегімен байыту (араластыту) арқылы алуға болады. Ал таза оттегімен дем алдыру малдың тыныс жолдарын тітіркендіріп, жүйке жүйесінің қалыпты жүмысына зиянын тигізеді.
Егер резервуардың сиымдылығы 1000 литр деп алсақ, онда 500 л ауада 100 л (20x5) оттегі болады. Оған таза 500 л оттегін қостық. Сонда 1000 л қоспада 600 л (100+500) оттегі болды. 1-2 айлық бұзаулардың терең тыныс алу көрсеткіші 250 мл болса, оңда 1 минутга 30 рет дем алған бұзау 1 сағатта 450 л ауамен дем алады екен (250x30x60) . Олай болса біз ұсынып отырған резервуар 1 сағаттан дем алдыру үшін 2 бұзауға жетуі тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz