Жабайы ауланатын құстар еттінің тағмдық құндылығы мен ветеринариялық –санитариялық бағасы



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1.1 Қазакстан Республикасында аңшылық нысаны болып келетін жабайы құстар
1.2 Жабайы ауланатын құс еттері
1.3 Жабайы ауланатын құс етін сақтау
1.4 Жабайы құс еттерінің тағамдық құндылығы және биологиялық құндылығы және қауіпсіздігі
1.5 Жабайы ауланатын кұстар етіне ветеринариялық. санитариялық баға беру
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Халықты азық –түлікпен қамтамасыз ету кез келген мемлекеттің маңызды міндеті екендігі белгілі ,өйткені дүние жүзінде миллиардқа жақын адамдар аштықта өмір сүруде. Осы мәселені шешуде әлемдік ғалымдар тынбай еңбек етіп, зерттеулер жүргізуде. Сондықтан кез келген жануарлар мен өсімдік тектес өнімдерді пайдалана отырып,халықты азықпен қанағаттандырып қана қоймай ,неше түрлі азықтар өнімдерін ойлап тауып ,азық –түлік қауіпсіздігене көңіл бөлу қажет. Өр Алтайдан сонау Еділге дейінгі кең байтақ даланы алып жатқан Қазақстандағы аңшылық алқаптары осы мәселені шешуде өз үлесін қосары сөзсіз. Сондықтан осы алқапты мекендейтін аң мен құстардың өнімдерін пайдалану азық –түлікпен халықты қамтамасыз етудің проблемасын шешуге көп қолғабыс тигізіеді. Сонау атам заманнан бері жабай аң мен құс етін ,өнімін пайдалану әр халықта бар болған. Олардың еті азық ,майы- дәрілік, терісі киімге қолданылған.
1. Дүйсенбаев С.Т «Ветеринариялық – санитарлық сараптау» Алматы 2013жыл
2.Нұрғалиев Б.Е « Мал және құс өнімдерін ветеринарлық – санитарлық сараптау» ,Алматы 2007жыл
3.Г.Тилеуғали , С.Қырықбайұлы «Мал дәрігерлік – санитарлық сараптау» оқу құралы , Алматы 2005 жыл
4.С.А Қойшыбаев , А.Б Маханбетова « Жабайы аңдар мен құстардың өнімдері және оларды өңдеу технологиясы» оқу құралы,Алматы ,2010

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрілігінің
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік Университеті

БӨЖ
Тақырыбы: Жабайы ауланатын құстар еттінің тағмдық құндылығы мен ветеринариялық - санитариялық бағасы

Орындаған: Талапқанқызы М
Тексерген: Серікова А.Т
Топ: ВС-203

Семей 2015
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Қазакстан Республикасында аңшылық нысаны болып келетін жабайы құстар
2.2 Жабайы ауланатын құс еттері
2.3 Жабайы ауланатын құс етін сақтау
2.4 Жабайы құс еттерінің тағамдық құндылығы және биологиялық құндылығы және қауіпсіздігі
2.5 Жабайы ауланатын кұстар етіне ветеринариялық- санитариялық баға беру
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Халықты азық - түлікпен қамтамасыз ету кез келген мемлекеттің маңызды міндеті екендігі белгілі ,өйткені дүние жүзінде миллиардқа жақын адамдар аштықта өмір сүруде. Осы мәселені шешуде әлемдік ғалымдар тынбай еңбек етіп, зерттеулер жүргізуде. Сондықтан кез келген жануарлар мен өсімдік тектес өнімдерді пайдалана отырып,халықты азықпен қанағаттандырып қана қоймай ,неше түрлі азықтар өнімдерін ойлап тауып ,азық - түлік қауіпсіздігене көңіл бөлу қажет. Өр Алтайдан сонау Еділге дейінгі кең байтақ даланы алып жатқан Қазақстандағы аңшылық алқаптары осы мәселені шешуде өз үлесін қосары сөзсіз. Сондықтан осы алқапты мекендейтін аң мен құстардың өнімдерін пайдалану азық - түлікпен халықты қамтамасыз етудің проблемасын шешуге көп қолғабыс тигізіеді. Сонау атам заманнан бері жабай аң мен құс етін ,өнімін пайдалану әр халықта бар болған. Олардың еті азық ,майы- дәрілік, терісі киімге қолданылған.

Қазакстан Республикасында аңшылық нысаны болып келетін жабайы құстар

Кұр тұқымдастары

Тұрақты кұстар жылына 1 рет көбейеді. Спорттық аңшылық нысаналары болып келеді.
Ақ шіл - республиканың солтүстік аумағында мекен етеді. Мекен ететін ортасы - ағаш - бұталы өсімдіктер даласында. Жоғары таулы бұталы аймақ.
Тундра шілі - Алтай және Сауырда ұялайды. Каспийдің жағалауында тасты жерлерде ұя салады.
Құр - Солтүстік Қазақстанда және Орал, Наурызымда ұя салады. Алтай, Тарбағатай, Жоңгар Алатауы, Солтүстік Тянь-Шянның орманды жерлерінде кездеседі.
Меңіреу құр - таулы орманда ұя салады. Алтай, Күнгей Алтай және Көкшетау жоталарында ұя салады.

Қырғауыл тұқымдастары
Гималай ұлары - Сауыр, Жоңғар Алатауы, Тянь-Шяньнның жоғарғы жазықтарында ұя салады.
Кекілік -- Маңғышлақ, Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Сауыр және Тарбағатай, Калбин Алтайында ұя салады. Биік таулар және аласа жоталарлардың құздарында кейде ұя салады.
Шөл шілі - Үстірте және Орталық қызыл кұмда кездеседі. Шөлді таулардың төменгі белдеуінде мекен етеді.
Сұр шіл - Барлық жерлерде ұялайды, тек шөлде және майда шөлейттерде кездеседі. Мекені жарыкта, өзен жағасындағы алқаптар бұталы өсімдіктер өсетін тауларда.
Бөдене - Қазақстанның барлық территориясында кездессді. Тек Сырдарияның шөлінде кездеспейді. Бұталы және биік өсетін өсімдік алқабында және өзендердің жағалаулары мен жоталарда кездеседі.
Қырғауыл -- су қоймаларының камысты қалың жерлерінде ұя салады. Жапыракты, орманды тауларда (Оңтүстік Қазакстан, Сырдария. Алакөл ойпаттарында).
Суда жүзетін жабайы құстар

Бізде кездесетін аңшылық маңызы бар кұстар біздің елімізден ұшып өтетін құстар. Олар Оңтүстік Евразия, Солтүстік Африка, Солтүстік Америкадан қоныс аударады. Спорттық аңшылық нысаналары бар.

Үйрек тәрізділер

Қара қаз - Қазақстанның Зайсан, Селеті, Наурызым, Алматыға жақын алқаптың үстінен немесе су қоймасының үстінен ұшып өтеді.
Сұр қаз - ұшып өтетін кұс. Тянь-Шаньның сусыз аумақтарынан ұшып өтіп сазды, сулы жерлерге ұя салады.
Ақ маңдай қаз - ұшып өтегін құс. Қоныс аудару кезінде Орал және Каспий жағалауынан Семей, Зайсан, Шымкентте кездеседі.
Шақылдак каз - ұшып өтетін кұс. Қазақстанның сулы, сазды алқаптарында жиі кездеседі. Орал, Семей, Қарағанды, Түркестанға дейін таралған.
Ақ қаз - бізге ұшып келетін құс. Қазакстанның Орда, Зайсан ойпаттарының сазды, сулы алқаптарында кездеседі.
Сары ала қаз - Ұшып өтетін құс. Таулы және жазық алқаптарда ұя салады. Іленің ортаңғы ағысында, Жаркент, Шарын және Шымкенттің оңтүстігінде қыстайды. Барсакелместе қыстайды.
Итала қаз - ұшып өтетін құс. Қазақстанның жазық алқаптарында ұя салады. Арыс және Келсс ойпаттарында және Сырдарьяда қыстайды .
Барылдауық үйрек - ұшып өтетін құс, кейбір жерлерде қыстайды. Бүкіл Қазакстан бойыиша ұя салады. Оңтүстікте және оңтүстік шығыста қыстайды. Негізінен мұз қатпайтын көлдердің жағасында қыстайды.
Жалпақ тұмсықты үйрек - ұшып өтетін ісүс. Казақстаның жазык жерлерінің барлық жерлерінде кездеседі. Тек, Маңғышлақ үстіртінде, Онтүстік Алтайда кездеспейді. Кейде Келес және Сырдарья ойпаттарында қыстайды.
Қызыл тұмсық сүңгуір - үшып өтетін кұс. Казақстаның оңтүстік алқаптарыда кездеседі. Қамыс Самарск, Ілек, Қостанай , Көкшетау, Семей және кара Ертіске дейін кездеседі. Ұшып бара жатып, Түркістанның оңтүстігінде қыстап қалады.
Көк сүңгуір - ұшып өтетін кұс. Қазақстанның солтүстігінде Қамьс- Сарасы, Торғай, Зайсанға дейін кездеседі. Кейде Іле, Сырдарияға дейінгі аймақтарда, ұшып бара жатып республиканың оңтүстігінде кездесуі мүмкін.
Алакөз сүңгуір - ұшып өтетін құс. Негізінен Қазақстаннын оңтүстігінде ұя салады. Шымкент және Шарынан оңтүстікке қарай ұшып бара жатып кездесуі мүмкін.
Айдарлы сүңгуір - ұшыл өтетін құс. Казақстанның солтүстігінде Үзелей, Ырғыз, Торғай, Кенгүр, Өскемен, Марқакөлге дейін кездеседі. Ұшып өтіп бара жатып Іле және Келес өзінің жағасында жазық алқаптарында сирек кездеседі.
Ұшқыр үйрек - ұшып өтетін кұс. Қазақстанның батысынла Петропавлға дейінгі Көкшетау, Қорғалжын, Түркісган, сирек Шарыи су қоймасына' деііім кездеседі.
Кәдімгі Үйрек - ұшып өтетін құс. Кей жерлерде кыстай калады. Орал, Ілек, Көкшетау, Семей, Қара Ертіс, , Оңтүстік Алтай алқаптарында ұя салады. Ұшып өтіп бара жатқанда Қазақстанның оңтүстігінде кездесуі мүмкін. Барсакелместеде кездеседі.
Мамыққаз - ұшып келетін құс. Оралда кездеседі.
Қара тұрпак - ұшып өтетін кұс. Ұшып өтіп бара жатып, Қазакстанның сотүстігінде кездеседі. Қостанай, Павлодар облыстарыида, Шу және Сырдариядада кездеседі.
Қызыл жемсаулы мамаққаз ұшып өтетін құс. Қазақстанның батыс аймақтарында ұшып өтеді. Сирек, Сырдария да кездеседі.

Маймақ қаздар тұқымдасы

Қызыл жемсаулы мамық қаз - ұшып өтетін құс. Қазақстанның батыс аймақтарында ұшып өтеді. Сирек, Сырдария,Телекөлде кездеседі.
Қаратұмсық маймақ қаз - ұшып өтетін құс. Қазақстанның шығыс және орталық аймақтарында кездеседі. Оңтүстігінде Торғай ,Балқаш ,Алакөл өзендерінде кездеседі. Алтайдың өзендерінде қыстайды. Қазақстанның басқа алқаптарында қоныс аударғанда кездеседі.

Су құзғындар тұқымдасы

Үлкен су құзғын - ұшып өтетін құс. Балқаш,Алакөл , Зайсанда кездеседі.Сирегірек Торғай ,Науырызым, Қорғалжын өзендерінде кездеседі. Қоныс аударуы сирек , Оңтүстік Алтайда кездеседі.
Кішкене су құзғын - ұшып өтетін құс ,республиканың оңтүстігінде қыстайды.
Сутартарлар тұқымдасы

Қасқалдақ - ұшып өтетін құс, кей жерлерде ұялайды.Таулы және шөлді жерлерде кездеспейді. Басқа жерлердің барлығында кездеседі. Республиканың оңтүстігінде қыстайды.

Жабайы ауланатын құс еттері

Құр еті. Ұшасының бұлшық еттері жақсы дамыған, май тек тері астьнда- қолтық, төс, мойын және кұйрық жағында орналаскан. Олардын мөлшері аң аулау мерзіміне байланысты. Күзде ұша майы, қыста ол жоқтың қасы. Бұлшык ет қышыл немесе күңгірт-қызыл түстес. Кеуде бұлшық етін көлденең кессе екі түсті кабат көрінеді (сыртқы-қалын, күңгірт-қызыл, ішкі - жұкалау ашық-қызыл түсті). Бұлшық еті қалың талшықтан кұралған, ал дәнекер ұлпалар әлсіз жетілген. Дәмі мен иісі жақсы дамыған.
Меңіреу құр еті. Қалыңдау, дәмі мен иісі жақсы жетілген. Май қабаттары әлсіз, кейдс жоқ . Жас кұстар мен ұрғашысысының еттері өте нәзік, талшықты емес, ашықтау түсті.
Шіл еті. Нәзік, өзіндік иісі мен дәмімен ерекшеленеді. Майы ақ немесе сәл сары түсті, жұмсақ. Бұлшык ет - ашық қызғылттау, төсінде ашықтау. Аяғындағы еті жұқа талшықты, көлденең кескенде майда дәмді болып көрінеді.
Ақ шіл еті (тундра құры). Еті күңгірт-қызыл түсті, өте нәзіктеу, майы аздау. Бұлшык етін көлденең кескенде майда дәмді сияқты. Өзіндік дәмі мен иісі бар.
Сүр шіл, кекілік еті. Қызғылттау түсті, қанағаттандырарлық майы бар, ұсак дәмді, нәзіктеу, иісі мен дәмі әлсіздеу жетілген.
Қырғауыл еті. Ашык-қызгылттау түсті, нәзік консистенциясы, бұлшық ет арасындағы дәнекер ұлпалары әлсіз дамыған, майда дәмді. Құнды диеталық тағам қатарына жаткызылады.
Бөдене еті. Ұшасы кішкене келеді, еті өте нәзік, әлсіз-қызғылт түсті майлары бүкіл ұшаны жауып тұрады.

Барылдауық үйрек еті. Күңгірт-қызыл түсті, майлары бүкіл ұша бойына жене тсрі астында орналасады. Еті нәзік, жүка талшықты, дәнекер ұлпалары онша жок.
Жабайы ауланатын құс етін сақтау

Ауланған жабайы ауланатын құстарды өңдеу бірнеше тәсілмен жүргізіледі. Жабайы құстарды атын немесе аулап алғаннан кейін іліп қояды. Ілетін жер табылмаса жерге қаз-қатар орналастырып, суытып қояды. Сосын жабайы құстарды жартылай аршиды (жұлады). Кұс ұшасынын артқы тесігі (клоака) жағынан пышақпен тіліп, қол саусақтары мен етпен ішек- қарнын алып тастайды. Тауық және кептер тәрізді кұстардың тамағын кесіп, жемсауын (зоб) алады. Суықтау ауада құстарды жартылай аршуды кештеу жүргізуге болады, ал қыста тіпті керегі жок, үйге келгеннен кейін жүргізуге болады. Жартылай аршылған, бірақ жұлынбаған жабайы кұстарды + 5 + 10 С температурада ет өңдеу тәсілінсіз 7 күнге дейін сақгаута болады . Қыста атып алынған құстардың ұшасынан мұздатудың алдындғ. ішек пен жемсауын алып тастау керек. Қысқа мерзімге консервілеу үшін жартылай аршылған құстың ұшасына артқы тесік арқылы балауса шырша, арша және қарағайдың майда бұтактарын тығпп қойса, + 20 - 22 "С температурада сақтауға болады. Кейде жабайы кұс еттерін ас тұзы арқылы консервілейді. Ол үшін құрсақтың ішіне тұзбен сылап қояды. Мысалы: кұрдың ұшасына 1-2 ас қасық ас тұзы кетсе, кекілік сияқты майда кұстарды 1 шай қасык тұзбен сылап тастайды. Сосын кұс еттерін аяғынан 1-2 сағат іліп қояды. Су құстарының еттерін де осынай тәсілмен де консервілейді, кейде ұшаның ішіне асханалқ сірке суына малынған шүберек тығып қояды. Ұнтағын қолданса жақсы нәтиже береді. Ұнтақты ұшаның, тұмсық, көзіне және кан шыққан жерлеріне сеуіп қояды. Осылайша себілген құс ұшасы бір аптаға дейін сақталады. Кейде ас тұзын қыша мен қосып ұшаға себеді. Қосымша кейде пиязды да қосады.
Ұзақ сақтау үшін құс ұшаларын жабайы аң егтері сияқты тұздайды, ыстайды және қақтайды.
Кейбір құс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жабайы кәсіби жануарлар және ауланатын құстар еті ветеринариялық - санитариялық сараптау
Жабайы жануарлар етін ветеринариялық - санитариялық сараптау кезіндегі ұйымдастыру жұмыстары
Жабайы жануарларды сойғаннан кейінгі ішкі ағзалар мен ұшаны зерттеу ерекшеліктері
Жабайы жануарларды инфекциялық аурулар кезінде санитариялық сараптау және бағалау
Жабайы жануарлардың ұшасы мен мүшелерін тексерудің ерекшеліктері
Жабайы қабан, аю, борсық еттерінің тағамдық құндылығы
Сазқұндызды сою технологиясы
Саз құндыз жабайы жануар етінің құндылығы және індетті, инвазиялық, жұқпайтын ауруларына ветеринариялық-санитариялық сараптау
Жабайы жануарлар мен құстар етөнімдерінветеринариялық - санитариялық сараптау
Мал тұқымы
Пәндер