Жасанды талшық материалдан жасалған киімдердің гигиеналық қасиеті



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
1. Жасанды былғары.
2. Гидратцеллюлозды талшықтар.
3. Вискозды талшықтар, құрылымы.
4. Ақуызды химиялық талшықтар.
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Адамды қоршаған ортаның қолайсыз әсерінен қорғайды, терінің бетін механикалық зақымданудан, ластанудан сақтайды. Киім арқылы, адам денесінің айналасында қоршаған орта климатынан біршама айырмашылығы бар, жасанды, киім астындағы микроклимат қалыптасады. Оның температурасы 280С- 340С мөлшерінде, салыстырмалы ылғалдылығы 20-40%, ауа қозғалысы өте төмен 0,006-0,097% мөлшерінде болып келеді. Киімдер киім асты микроклиматын қалыптастыра отырып, организмнің жылу жоғалтуын біршама төмендетіп, дене температурасының тұрақтылығының сақталуына жағдай жасайды, терінің термореттеу қызметін жеңілдетіп, тері арқылы газ алмасу процессін қамтамасыз етеді.
Үтіктелмеген, дақ түскен, кей жерлері майланып кеткен киімдерді, жағасы мен жеңі кірлеп, қыртыстанған жейдені киюге болмайды. Түймелердің дұрыс және берік қадалуын, киімдегі тесілген, жыртылған жерлерді жамап, тігіп отыруды ұмытпау қажет. Синтетикалық киімді киюдің кажеті жоқ, әсіресе жазды күні. Өйткені адам денесінің терлеуіне байланысты тер киімге сіңбей тері үстінде болып бірнеше жұқпалы ауру тарататыны микробтардың ұясына айналуы мүмкін.
Маусым ауысқан кезде бұйымдарды жуып, тазалап, үтіктеп, күйеден сақтайтын препараттарды сеуіп, келесі маусымға дейін сақтап қояды.[1]
1 Гигиенические требования к одежде детей (методические указания), Минздрав СССР, 2005.
2 Методические указания по формированию рациональных пакетов теплозащитной одежды с учетом физиолого-гигиенических требований. М.:
ЦНИИТЭИлегпром, 2006.
3 Н.Гущина К.Г., Беляева С.А., Командрикова Е.Я. и др. Эксплуатационные свойства материалов для одежды и методы оценки их качества. М.: Легпромбытиздат, 2005.
4 Кощеев B.C. Физиология и гигиена индивидуальной защиты человека от холода. М.: Медицина, 2010.
5 Кощеев B.C., Кузнец. Е.А. Физиология и гигиена индивидуальной защиты человека в условиях высоких температур. М.: Медицина, 2008.
6 Склянников В.П., Афанасьева Р.Ф., Машкова Е.Н. Гигиеническая оценка материалов одежды. М., 2009.
7 Стельмашенко В.И. Практикум по материалам для одежды и конфекционированию. М.: Форум: ИНФРА – 2011, 2008 г.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Тамақ өнімдерінің және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы кафедрасы

БАӨЖ
Тақырыбы: Жасанды талшық материалдан жасалған киімдердің гигиеналық қасиеті

Орындаған: Бейсембекова А.
ТК-321
Тексерген: Нұрымхан Г.Н

2015 жыл
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
1. Жасанды былғары.
2. Гидратцеллюлозды талшықтар.
3. Вискозды талшықтар, құрылымы.
4. Ақуызды химиялық талшықтар.
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Адамды қоршаған ортаның қолайсыз әсерінен қорғайды, терінің бетін механикалық зақымданудан, ластанудан сақтайды. Киім арқылы, адам денесінің айналасында қоршаған орта климатынан біршама айырмашылығы бар, жасанды, киім астындағы микроклимат қалыптасады. Оның температурасы 280С- 340С мөлшерінде, салыстырмалы ылғалдылығы 20-40%, ауа қозғалысы өте төмен 0,006-0,097% мөлшерінде болып келеді. Киімдер киім асты микроклиматын қалыптастыра отырып, организмнің жылу жоғалтуын біршама төмендетіп, дене температурасының тұрақтылығының сақталуына жағдай жасайды, терінің термореттеу қызметін жеңілдетіп, тері арқылы газ алмасу процессін қамтамасыз етеді.
Үтіктелмеген, дақ түскен, кей жерлері майланып кеткен киімдерді, жағасы мен жеңі кірлеп, қыртыстанған жейдені киюге болмайды. Түймелердің дұрыс және берік қадалуын, киімдегі тесілген, жыртылған жерлерді жамап, тігіп отыруды ұмытпау қажет. Синтетикалық киімді киюдің кажеті жоқ, әсіресе жазды күні. Өйткені адам денесінің терлеуіне байланысты тер киімге сіңбей тері үстінде болып бірнеше жұқпалы ауру тарататыны микробтардың ұясына айналуы мүмкін.
Маусым ауысқан кезде бұйымдарды жуып, тазалап, үтіктеп, күйеден сақтайтын препараттарды сеуіп, келесі маусымға дейін сақтап қояды.[1]

1. Жасанды былғары.
Жасанды талшық -- табиғи органикалық полимерлерден синтездеу арқылы алынатын химиялық талшық. Жасанды талшық ең алғаш өнеркәсіптік масштабта 1891 жылы Францияда целлюлоза нитратынан өндірілді. Жасанды талшыққа вискозалы, мыс-аммиакты, ацетатты, белоктық жасанды талшықтар жатады. Вискозалы, мыс-аммиакты және ацетатты талшықтарды целлюлозадан алады; мыс-аммиакты және ацетатты талшықтарды алуға, көбінесе, мақта целлюлозасы пайдаланылады. Белоктық талшықты алуға өсімдіктекті және жануартекті (мысалы, казеин) ақуызды қолданады. Жасанды талшықты полимер ерітінділерінен құрғақ немесе ылғал әдіспен қалыптап, тоқыма не арқан жіп ретінде шығарады. Жасанды талшықтың кемшілігі -- гигиеналық және гигроскопиялық қасиеттерінің төмендігі. Алайда берік, төзімді әрі арзан болғандықтан жасанды талшық өндіру артуда.
2. Гидратцеллюлозды талшықтар.
Гидратцеллюлозды талшықтар (һугігаіегі сеііиіояе ІіЬгея). Гидратцеллюлозды жасанды талшықтар өндірісіне шикізат ретінде шыршаның, қарағайдың, самырсынның, шамшаттың, мақта мамығынан алынатын құрамында 90-98% а-целлюлозасы бар табиғи целлюлоза қызмет етеді. Жіптерді қалыптастыру құрамында күкіртті қышқыл және басқа реагенттері бар, бір немесе екі былаулы тәсілмен тұнба былауында табиғи целлюлозаның сілтілі (вискозды талшықтар) немесе мысты-аммиакты (мысты-аммиакты талшықтар) ерітіндіндісінде іске асырылады. Талшықтарды қалыптастыру кезінде целлюлозаның ерітіндісі бұзылады, гидратцеллюлозаның макромолеулалары пайда болады және өседі.
Химиялық құрамы бойынша гидратцеллюлоза табиғи целлюлозаға ұқсас, бірақ физикалық құрылымы бойынша табиғи целлюлозаға қарағанда (300-800 тұрады), гидратцеллюлозаның полимеризациялау деңгейі аз болады, макромолекулаларындағы звеноларының орналасуы өзгеше, молекула үсті құрылымындағы макромолекулаларының орналасуы және бағытталуы, қаптау формасы ерекше болады. Гидратцеллюлозды талшықтардың криссталдану деңгейі 40-50 %. Гидратцеллюлозды талшықтардың қасиеттерінің табиғи целлюлозды талшықтардың қасиеттерінен айырмашылығы, ол борпылдақ, қалыптаспаған құрылымды болады.[1]

3. Вискозды талшықтар, құрылымы.
Вискозды талшықтар (уІ8С08а) бір мезетте тартумен бір былаулы тәсілімен алады, бұл талшықтың құрылымының біркелкі болмауына әсер етеді. Вискозды талшықтардың қалыптасу үдерісінің уақыты: ұзын макромолекулалары өсетін, ерітінді ағымының сыртқы қабығында целлюлозаның қалпына келтіру үдерісінің бастапқы кезеңінде ғана жүргізіледі; ішкі қабығында целлюлозаның қайта қалпына келтірілуі ақырын жүргізіледі, сондықтан макромолекулалары қалыптаспаған жәнеөте қысқа болып шығады. Қалыптасу мөлшеріне қарай талшық көлемі азаяды, бұл үстіңгі қабатының деформациялануын туғызады және көлденеңі қатты кесілген формадан тұрады. Сыртқы қабаты ядромен салыстырғанда макромолекулаларының орналасуы тығыз және бағытталған, көлденең қимасының бетінің 35-50 % құрайды және талшықтың мықты бөлшегі болып табылады. Вискозды талшықтардың гигроскопиялық, жарыққа төзімділік, жұмсақтыққа және жууға төзімділік қасиеттері жоғары. Бірақ, олардың кемшілігі, бірқалыпты емес, жұмсақ және аз реттелген құрылымына байланысты. Вискозды талшықтар ылғалдау кезінде қаттыісініп, тоқыма материалдардың отыруын жоғарылатады (50%-ға дейін), созылу кезіндегі беріктік шегін және қажалуға тұрақтылығын айтарлықтай жоғалтады. Кемшіліктерін азайту үшін вискозды материалдардың арнайы әрлеуі қолданылады. Вискозды талшықтардың химиялық реагенттермен байланысы табиғи целлюлозды талшықтармен бірдей, бірақ борпылдақ құрылымына және қол жетімділігіне байланысты вискоза талшықтарының тұрақтылығы аз. Бұл талшықтарға температураның, сәулелі ауа-райының және микроорганизмдердің әсері мақта мен зығыр әсеріне ұқсас. Жогары модульді вискозды талшық (тогіаі) бұл талшық түрленген вискозды тәсілмен алынады. Жіптер жәй жіптерге қарағанда аз жылдамдықта созылады және термобелгілеумен қалыптасады, мұндай тәсіл жоғары бағытталған бір тегіс, тығыз және бір салмақты құрылым алуға көмектеседі.[3]
Вискозды талшықтардың құрылымы. Вискозды талшықтарды микроскоп арқылы қарағанда бетінде бойлық штрихтер, талшықтардың кесекөлденең ені қабырғалы дұрыс емес формада болып келеді. Мұндай құрылым қалыптасу үдерісінде сыртқы және ішкі талшықтар қабатының бір мезгілде қатпағанын көрсетеді. Ішкі қабаты қата бастаған кезде қысылу жүретіндіктен беткі қабаты қыжымдалады және талшықта бойлық түйіршіктер пайда болады.Талшықтың қабырғалы формасына қарамастан вискозды талшықтар қатты жылтырмен қамтамасыз ететін, жақсы тегістері бар. ал маталардың - жіптерінің сырғанақтығы, жылжымалылығы және сетінегіштік қасиеті жоғары.Вискозды талшықтардың химиялық құрамы. Вискозды талшықтар, табиғи целлюлозадан молекулярлы тізбектің ұзындығының және талшықтағы макромолекулалар бағытталуының аздығымен ерекшеленетін гидратцеллюлозаны көрсетеді.Вискозды талшықтардың қасиеттері. Вискозды талшықтар жақсы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызмет жұмысшыларына арналған ерлер комбинезонының гигиеналық қасиеттерін негіздеу
Табиғи талшықтар мен маталар классификациясы
Аяқ киім гигиенасы жайында
Спорттық аяқ киімдерге гигиеналық талаптар
Тоқыма материалдарының қасиеттері
Киімге қойылатын талаптар
Синтетикалық талшықтардың құрамын, жасалу жолын және артықшылықтары мен кемшіліктерің қарастыру
Химиялық талшықтар
Синтетикалық талшықтар өндірісі
Балаларға арналған киімдер
Пәндер