Тірек-қимыл жүйесі,жас ерекшелігі.Баланың аяқ киіміне қойылатын гигиеналық талаптар


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Тақырыбы: Тірек-қимыл жүйесі, жас ерекшелігі. Баланың аяқ киіміне қойылатын гигиеналық талаптар
Орындаған: Разина А. С. П-409
Тексерген: Құнанбаева Г. Н.
Семей 2014
Жоспар:
І . Кіріспе
- Баланың сүйектерінің ерекшелігі
- Баланың тірек-қимыл жүйесі
- Балалардың аяқ киімдеріне қойылатын гигиеналық талаптар
ІІ. Негізгі бөлім
- Қаңқа
- Аяқ, қол сүйектері
- Гигиеналық тұрғыдан аяқ киім
ІІІ . Қортынды
- Жеке бас гигиенасы түсінігі
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Баланың сүйектерінің ерекшелігі. Жалпы алғанда балалар мен жас өспірімдердің сүйектері серпімді, жұмсақ, оңай өзгергіш келеді. Сондықтан гигиеналық талаптарды дұрыс орындамағанда сүйектері тез бүзылып, ден саулығына зиян болады. Әсіресе мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларының сүйектері өте серпімді болады. Олардың сүйектері еркін қатпағандықтан үйде, балалар бақшасында, мектепте дене еңбегі мен спорт ойындарын ұйымдастыруға деген гигиеналық талаптарды, үстелде дұрыс отыру ережелері, баланың үйықтайтын төсегіне арналған талаптар сақталмаған жағдайда сүйектері тез ерекшеленіп жетіледі.
Сүйектердің дұрыс өсіп жетілуіне, мезгілінде қатаюына тамақтың құрамындағы минерал заттарының, витаминдердің әсері көп. Әсіресе алғашқы жылы тамақтану және далаға шығып ауа жұту талаптары бұзылғанда мешел ауруы туып, жілік сүйектері, көкірек қуысы мен омыртка сүйектері дұрыс қалыптаспайды. Бұл түрғыдан алғанда кішкентай баланы далаға шығарып, күннің ультракүлгін сәулелері әсер етуіне мүмкіндік тудырудың маңызы зор. Себебі ол сәулелердің әсерінен баланың денесінде Д витамині түзіледі де, минерал заттарының алмасуы дұрыс реттеледі. Әсіресе сүйектің құрамындағы кальций, фосфор тұздары ның алмасуы жөнделеді, ал күннің ультракүлгін сәулелері терезенің шынысынан өтпейді, сондықтан үйден шықпаған баланың сүйегі дұрыс жетілмейді. Ауа райына қарамай баланы далаға шығарып отырса, тіпті өте қалың киімнен де сәуле өтіп, бала дұрыс өседі.
Баланың тірек-қимыл жүйесі. Кеңістікте қозғалып жүру, денені тік қалыпта үстау, теңдікті сақтау қабілеттері адамның сүйек-ет жүйесінің қасиеттері мен қызметіне байланысты. Сүйек-ет жүйесіне, яғни тірек-қимыл аппаратына адамның қаңқасы мен бұлшық еттері жатады.
Қаңқа (скелет) екі жүзден астам сүйектерден тұратын адамның негізгі қатты түлғасы. Олардың көбі бір-бірімен буын арқылы жалғасып, қозғалмалы келеді. Қаңқаға бұлшық еттер бекітілген. Ет пен сүйек адамның негізгі тірегі және оның қозғалуы, еңбек етуі осы сүйек-ет жүйесінің қызметіне байланысты. Ол жүлынның, мидың және көптеген ішкі мүшелердің сауыты болғандықтан, қорғану қызметін де атқарады, яғни жұмсақ мүшелерді (жүрек, бауыр, өкпе, ішек-қарын, бүйрек т. б) соққыдан және басқа да түрлі жағымсыз әсерлерден қорғайды. Зат алмасуына, әсіресе минерал заттарының мөлшерін бір деңгейде сақтауға қатысады.
Еттердің негізгі қызметі - сүйектерді қозғау. Сол арқылы адамның еңбек етуін, күрделі жұмыс тарды орындауын қамтамасыз етеді.
Қаңқа -бұлшықет жүйесі негізінен тірек, қимыл-қозғалыс, қорғаныс, тұздардың алмасуына қатысу арқылы адам организмінде өте маңызды орын алады.
Баланың дамуына қимыл-қозғалыстардың әсер етуі. Адамның денесі мен қимыл-ойының дамуына қозғалыс күшті өсер етеді. Нәрестенің қозғалыс белсенділігіне бөгет жасағанда оның жалпы дамуы нашарлайды және кешігеді. Күнделікті тіршілікте орындалатын қимылдардың қосындысын адамның қозғалыс белсенділігі деп атайды.
Гиподинамия деп бұлшық еттердің қозгалыс белсенділігінің төмендеуін айтады. Бұл көбінесе бала аз қимылдағанда пайда болады. Қозғалыс белсенділігі тиімді мөлшерден асып кеткенде, мысалы, ауыр жұмыс, мөлшерсіз еңбекпен шұғылданғанда, гиподинамия пайда болады. Гиподинамия организмнің қызметін, қалыпты жағдайын бұзады. Себебі нерв-ет, жүрек-қан тамырлары, тыныс т. б. жүйелердің қызметі осы шектен тыс қозғалыс барысында қалпына келіп үлгермейді де, олардың зорығу белгілері байқалады. Сондықтан балалардың қозғалыс белсенділігін гигиеналық талапқа сәйкес жасына лайықтап ұйымдастырған жөн. Бүгуге қатысатын бұлшық еттері әлсіз болғандықтан және олардың қозғалыс нейрондарының еңбек қабілеті төмен болғандықтан мектепке дейінгі жастағы балалар сурет сабағында немесе басқа сабақта 4-5 минөттен кейін-ақ жиырылатын бұлшық еттері босайды да, мазасыздана бастайды: дұрыс отырмайды, сондықтан омыртқалары қисайып кетуі мүмкін. Әсіресе ұзақ түрегеліп тұра алмайды. Осыған байланысты балаларды 2-3 минөттен артық тік түрғызуға болмайды.
Тірек-қимыл жүйесінің бұзылуының алдын алу гигиенасы және оның маңызы. Баланың жататын төсегі, тамақ ішкенде, сурет салғанда отыратын үстелі мен орындығы, еңбек мөлшері, киімі гигиеналық талап бойынша жасына сәйкес болуы керек. Баланы дұрыс отыруға (партада отыру ережесін қараңыз), төсекте дұрыс жатуға дағдыландыру қажет. Үстелде дұрыс отыруға дағдыланса, арқа еттері күшейіп, омыртқа жотасының дұрыс өсуіне мүмкіндік туады. Физиологиялық және гигиеналық тұрғыдан қарағанда бала үстелде тік дұрыс отырып дағдыланғанда омыртқа сүйектері қисаймай, дұрыс өседі, бұлшық еттері шынығады. Ірі қан тамырлары мен жүрегінің қызметі жақсы жетіледі. Ал дұрыс отырмаса, сүйектері қисайып, қан тамырлары қысылып, бұлшық еттері шынықпай бала тез шаршайды.
Буыны қатпаған баланың омыртқа жотасында сколиоз, кифоз бен лордоздың патологиялық түрлері қалыптасады. Ондай баланың жалпы денсаулығы нашар болады.
Балалардың аяқ киімдеріне қойылатын гигиеналық талаптар
Киім мен аяқ киімге деген гигиеналық талаптар ауа райы жағдайлары мен спорт түріне байланысты қойылады. Киім мен аяқ киім жеңіл, қозғалғанда қоспайтын, ағзаны жылуды мөлшерден тыс шығындаудан, жауын-шашыннан қорғайтындай ыңғайлы болуы керек. Киім тігілген мата жылу өткізгіш, ауа өткізгіш, терді, жақсы сіңіретін және тез кептіретін болуы тиіс. Киім мұқият күтімді керек етеді: кірлеген киім тері ауруларын тудырады, ал инфекция түссе, оны тарату қызметін атқарады. Спорт киімін тек оқу-жаттықтыру сабақтарында ғана киіп, әр жаттықтыру мен жарыстан соң жуып, үтіктеу керек.
Аяқ киім табан құрылысына лайық, қыспайтын болуы тиіс: тар аяқ киім табанның құрылысын қысып, қан айналымды ауырлатады, терлетіп, аяқтардың басын үнемі салқын қалдырады.
Аяқ киім мен шұлық әрдайым кұрғақ және таза болуын қадағалау керек.
Аяқ киім - киім комплектісінің негізгі бөлігі болып табылады. Ол организмдерді салқын тиюден, ыстық өтуден қорғайды, табанды механикалық жарақат алудан сақтайды, аяқтың бұлшық еттері мен буындарына табан құрамын дұрыс ұстау үшін көмектесу арқылы аяқтардың рессорлық, амортизаторлық функциясын атқаруға жағдай жасайды. Аяқ киім жүрудің дұрыстығына, балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігіне әсер етеді, табанның көптеген ауруларының және деформациясының себебі болып табылады. Балаларға арналып әр түрлі аяқ киімдер шығарылады: жыл бойы киюге болатын, жаздық, қыстық, көктем-күздік. Сонымен қатар күнделікті киетін, сәндік, үйде киіп жүретін, жолға киетін, ұлттық, спорттық т. б.
Гигиеналық тұрғыдан аяқ киім - бала организмін метеорологиялық қолайсыз әсерлерден және механикалық жарақаттанудан сақтауы керек; бала организмінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне (әсіресе табанның) сәйкес болуы керек; табанға қажетті қолайлы микроклимат қалыптастырып, қоршаған ортаның микроклиматтық жағдайларына қарамастан, қажетті температуралық-ылғалдылық тәртібін сақтауға жағдай жасауы керек.
Балалар мен жасөспірімдердің аяқ киімдеріне арналған гигиеналық талаптар өсу кезеңіндегі табан құрылысының ерекшеліктерімен анықталатын аяқ киім конструкциясына қойылатын талаптардан және аяқ киім жасалатын материалдарға қойылатын талаптардан тұрады.
Балалардың табаны бақайларының басы өте кеңейіп келетін, доғалдау формамен сипатталады. Балалар табанының, өкше мен аяқтың басына қарай алынған қатынас ересектердікіне қарағанда басқаша, яғни, өкше жағы ұзындау болып келетіні, аяқ киімін жасаған кезде (әсіресе балалар аяқ киімі үшін қалыптар жасағанда) ескерілуі керек. Балалардың табанының қаңқа сүйектері, негізінен шеміршектен тұрады. Сүйектенуі бой өсуінің жетілуіне қарай аяқталатындықтан, баланың табанына берілетін механикалық әсерлер оны жылдам деформацияға ұшыратуы мүмкін. Сондықтан, аяқ киімнің қалыңдығын, иілгіштігін, сапасы мен жылу сақтау қасиетін гигиеналық нормаландыру қажеттігі туады.
Балаларға арналған аяқ киімдер табан ұзындығына сәйкес анықталатын өлшем арқылы (өкшенің ең дөңестеу келген шетінен бастап, ең ұзын бақайдың басына дейінгі аралық) алынады Өлшем бірлігі ретінде миллиметр алынған, нөмірлер арасындағы айырмашылық 5мм болуы мүмкін.
Аяқ киімнің негізгі элементіне аяқ киімнің үсті (басы, қонышы, балтыры) және асты (табаны, ұлтарағы, өкшесі) жатады. Балалар аяқ киімнің бас жағы, бақайларға дейінгі буындардан кеңірек болуы керек. Табанының (ұлтарақ, табан, өкшелері) қаттылығы дұрыс деңгейде болуы керек, қарсыласуы (килограммен алынған) І және Ү- бақайға дейінгі сүйектерді қосатын иілу сызығы бойынша пайда болған бұрыш, 250 - қа дейін жетуі керек.
Ұлтарақ - аяқ киімнің табан терісімен тығыз байланыста болатын және аяқ киім ішіндегі температуралық-ылғалдық комфорттың сақталуына жағдай жасайтын ішкі бөлігі болып табылады. Ол жұмсақтау иілгіш, жылу, және ылғалдан қорғау, гигироскопиялығы және желдету қасиеті сақталатындықтан тек табиғи теріден жасалуы керек.
Табан - аяқ киімнің төменгі бөлігінің негізгі элементі болып табылады және оның иілгіштігі, қалыңдығы, массасы және жылу сақтау қасиеттері өте жақсы болуы қажет. Аяқ киімнің иілгіштігі регламенттеледі және сәбилерге арналған аяқ киімдерге - 7H/см, мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған аяқ киімдерге - 10H/см, ұл балаларға арналған мектептік аяқ киімдерге - 9-13H/см, қыз балалардың мектептік аяқ киіміне 8-10H/см есебінен алынады. Табанның қалыңдығы пайдаланылған материалдар мен аяқ киім түріне байланысты алынады. (25 кесте) .
Балалар аяқ киімдерін бекіту үшін, бас жағының улкен иілгіштігін, жеңілдігін, аяқ киімнің ішкі аралығының ауа өткізгіштігі мен желдетілуін қамтамасыз ету үшін арнаулы жіптерді және аралас тәсілдерді қолдануға болады.
Кеуекті резеңке, полиуретан және басқа материалдарды қолданған кезде бекітудің желімдеу және біртұтас құю тәсілдерін қолдануға болады.
Табан материалдарының жылу сақтағыш қасиеті олардың жылу өткізгіштігіне байланысты болады. Материалдардың жылу өткізгіштігі төмен болған сайын, олардың жылу сақтағыштық қасиеті жоғары болады. Қазіргі кездерде қолданылып жүрген материалдардың ішінде кеуекті резеңке жылусақтағыштық қасиеті бойынша табиғи тері мен кеуексіз құйма резеңкеден жоғары. Мұнда қоршаған ортаның ылғалдылығы жоғарылаған сайын табиғи тері мен жүннің (пималар) жылу жоғалту қасиеті жоғарылайды, ал кеуекті резеңкенің жылусақтағыштық қасиеті өзгермейді. Бұл жағдай тек жылусақтағыштық қасиеті үшін ғана емес, сонымен қатар қажетті қалыңдықты, иілгіштікті және аяқ киімнің тайғанақтауына қарсы қасиеті болғандықтан да, балалар аяқ киімінің табанын кеуекті резеңкеден жасауы дұрыс.
Өкше - табанның артқы жағын жасанды түрде көтереді, оның рессорлығын жоғарылата отырып, өкшенің жерге соғылып ауыруынан сақтайды және аяқ киімнің жылдам тозбауына жағдай жасайды. Тек ерте жастағы сәбилердің аяқ киімнің өкшесі(пинеткалар) болмайды.
Өкшенің биіктігі: мектепке дейінгі жастардағы балалар үшін - 5-10мм, 8-10 жастағыларға - 20мм жоғары емес, 13-17 жастардағы ұл балалар үшін - 30мм, 13-17 жастардағы қыз балалар үшін - 40мм дейін жасалуы керек. Бой жеткен қыз балаларға күнделікті биік өкшелі (4см-ден жоғары) аяқ киім киіп жүру, ауырлық орталығын алдыға қарай ауыстырып, жүруді қиындататындықтан, зиянды болып табылады. Өйткені, мұндай жағдайда бел омыртқасының иіні ұлғайып, жамбас аймағының орналасуы өзгеріске ұшырауы мүмкін. Биік өкшемен жүргенде тұрақтылық орнықты болмай, өкше алдыға қарай жылжиды, аяқ басындағы бақайларға жүктеме түсетіндіктен жұмылып, табан жалпақтынып, бақайлар деформацияланады.
Аяқ киім табанды қысып, қан және лимфоайналуын бұзып, аяқтың табиғи дамуына кедергі келтірмеуі керек. Аяқ киімнің биіктігі оның түріне байланысты нормаланады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz